Cуреттеме жанрының көркем-публицистикалық қыры



жүктеу 67.71 Kb.

Дата11.03.2017
өлшемі67.71 Kb.

М.Б.Шындалиева 

Филология ғылымдарының докторы, профессор 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан 

 

Cуреттеме жанрының көркем-публицистикалық қыры 

                                                                  

Ғаламтор  мен  ақпараттық  технологиялар  дамыған  дәуірде  материал 

ұсынудың  жылдамдығы  мен  сенсациялығы,  сонымен  қатар,  баспагер  мен 

құрылтайшылардың  газеттерді  батысқа,  әсіресе,  америкалық  басылымдарға 

ұқсату  талпынысы  қазақ  газеттерінің  жанрлық  палитрасының  тапшы 

болуына  әкелді.  Одан  әрі,  жанрларды,  олардың  ішкі  заңдылықтарын  білмеу 

журналистік  әдістердің,  атап  айтқанда,  дерек  жинау  әдісі,  журналистің 

материалды  ұсынуы  жанрға  айналуына  алып  келді.  Бұл  баспасӛздегі 

жанрлардың сапалы ӛзгеруіне қызмет етпейді, керісінше, жарияланымдардың 

жаңа  «суррогаттық»  пішіндері  пайда  болуына  әкеледі.  Бұл  жанрлардың  ең 

басты  айырмашылығы  деректерді  ұсынуында.    Кӛркем-публицистикалық 

жанрда  деректің  құжаттылығы  мен  нақтылығы  екінші  орынға  шығады.  

Бірінші  орында  автордың  деректен  алған  әсері,  оған  берген  бағасы  мен 

авторлық пікірі болады. Оның негізгі жанрлары – қоғамның жақсы жақтарын 

жеткізетін очерк, суреттеме,  сатиралық жанрлар: фельетон мен памфлет т.б. 

жатады.  

Суреттемеде  ақпараттық  пен  кӛркем-публицистикалық  жанрлар,  жедел 

газет жанрлары мен очерктің бір түрі – этюд белгілері ішінара байланысады.   

Суреттеме  болған  оқиға  туралы  маңызды  ақпаратты  хабарламайды,  бірақ, 

оны кӛрнекті,  анық,  қызықты  етіп  бейнелейді.   Очеркте болса  бір  құбылыс, 

оқиға суреттеледі.  Суреттеме сюжетті немесе сюжетсіз, даулы немесе даусыз 

бола береді.  

XІХ-XX ғасырдағы қазақтың мерзімді баспасӛзінде суреттеме деген атқа 

ие болған жанр қалыптасты. Бұл сӛздің терминологиялық мағынасы «сурет», 

«сурет салу» дегенді білдіреді. Суреттеме – бұл адам портретінің, оқиғаның, 

ӛмірдегі  құбылыстардың  әдеби-кӛркем  құралдармен  суреттелуі.  Суреттеме 

жанры  қазақ  және кеңес  журналистикасында  кездеседі.  Суреттеме  жанрдың 

ізашары болып табылған. 

 Суреттеме  жанрдың  кіші  пішіні  ретінде  танылған.  Ол  нақты  және  ӛз 

мағынасы  жағынан  салыстырмалы  түрде  жергілікті  оқиғаға  арналады: 

ӛндірістік,  не  мәдени  объектінің  іске  қосылуы,  цех,  не  бригаданың  еңбек 

күні,  оқу  жылының  басталуы,  оқушылар  мен  студенттердің  еңбек  жазының 

жұмыс  күндері,  спорттық  сайыстар,  туристердің  слеті  және  т.б. 

тақырыптарды  қамтуы  мүмкін.  Қазақ  баспасӛзінде  суреттеме  ең  ұнамды 

жанр  болған.  Жанр  эталоны  болып  табылатын  суреттемелер  Ғабит 

Мүсірепов,  Ғабиден  Мұстафин,  Қапан  Сатыбалдин,    Зейін  Шашкиннің  

шығармаларында кездеседі. 

Суреттеме  –  бұл  кӛркем-публицистикалық  және  репортаждық  тәсілдер 

үйлесетін  аралық  жанр.  Публицистикашылдық,  бейнелілік,  әдеби-стильді 


тәсілдердің байлығы суреттемені очеркке ұқсатып, суреттемені очерктің кіші 

пішіні ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Суреттеме жанрын зерттеушісі, 

профессор  В.П.Владимирцев  газет  жолдарында  кездесетін  суреттеменің 

алуан түрлерін былай бӛледі: 

 

Портреттік суреттеме. 



 

Оқиғалық немесе репортаждық суреттеме. 



 

Табиғат суреттемесі [1,62-б]. 



Осы  тұста  біздің  ойымызша,  суреттеме  түрлерінің  бірнешеуін  атап 

кӛрсетуге болады. Соның ішінде: 

 

Табиғат туралы этюдтер. 



 

Портреттік суреттемелер. 



 

Публицистикалық суреттемелер. 



Табиғат  туралы  этюдтар  дегеніміз  -  ландшафттарды,  табиғи 

объектілерді,  табиғаттағы  кез  келген  құбылыстарды  сипаттау.  Табиғат 

туралы  этюдтар  әдетте  пейзаждық  сипаттаудың  ықшамды  түрін  және 

суреттеліп  отырған  құбылыс,  не  оқиғаға  автордың  қатынасын  кӛрсетеді. 

Табиғат  туралы  этюдтар  жарық  лиризмге  боялып,  нақты  және  шағын 

сипаттауға  ие  болады.  Табиғат  туралы  этюд  жазудың  шебері,  орыс 

жазушысы  Михаил  Пришвин    шығармашылығындағы  «Незабудки», 

«Фацелия» кітаптарына кірген қойын дәптер мен күнделіктен алынған заттың  

суреттемелері  нақтылығымен,  ықшамдылығымен  құнды  және  терең 

философиялық идеяларымен таң қалдырады.  

Суреттемеде  публицист  алдындағы  мақсат  кӛбінде  мәселенің  басын 

ашатын  ӛмірдің  кӛріністеріне    кӛңіл  аударуды  талап  етеді.  Журналист 

суретші  секілді  белгілі  бір  нүктені  тауып  алып  суреттейді,  егер  жазушы 

дұрыс бағытта жүріп, шығармашылық қиялы бай болса, ол ӛмір шындығын 

білуге,  құбылыстарға  әлеуметтік  мағына  беруге  қол  жеткізеді.  Бірақ,  мұнда 

да  тақырыптың  тың,  ӛзекті  болуы  бірінші  орында,  ал  олай  болмаған 

жағдайда,  сурет  ӛзінің  танымдық,  тәрбиелік  мәнін  жоғалтады.  Публицистің 

ӛмірге қаншалықты бейім екендігін осыдан байқауға болады.  

Суреттемеде  портретті  очерктегідей  жазушының  бір  ғана  кейіпкерге 

тоқталуы  болмайды,  мұнда  беллетристикалық  очерктегідей  кейіпкерлер 

соқтығыспайды,  сюжет  жоқ.  Басты  кейіпкер  міндетін  кӛбінде  ұжым 

атқарады. Ӛмір динамикасын дұрыс жеткізу үшін, шығарма тақырыбын анық 

ашу  үшін,  суреттеме  ӛзгеше  орналасады.  Әрбір  суреттеу  М.Пришвин 

пікірінше бұл: « ...қиын бір нәрсені ерітуге» тырысу. Онда очеркші «ӛз ойын 

физикалық  түрде  іске  асырады»  [2,11-13-б],-  дейді.  Басқа  да    публицистика 

түрлерімен  қатар,  суреттеме  де  ӛз  тарихына  ие.  Бүгінгі  күнге  дейін  ӛзінің  

танымдық  мәнін  жоғалтпаған  тамаша  кӛркем  құжаттардың  ішінде 

С.Аксаковтың «Орынбор аңшысының суреттемелері», И.Тургеневтің «Орман 

мен  дала»    шығармалары  жатады.  Қазақ  әдебиетінде  де  суреттемелер  ХХ 

ғасырда үлкен мәнге ие болып дамыды. 

Ұлы  Отан  соғысы  кезінде    газеттер  мен  журналдарға  суреттемелерді 

жиілетіп  бере  бастаған.  Дәл  осы  кезеңде  суреттеме  әдебиеттің  маңызды  бір 



бӛлшегіне  айналған  деуге  болады.  Суреттеме  ұғымының  ӛзінде  кӛркемдеу 

мағынасы  жатыр,  яғни,  суретпен  ойлау,  сӛзбен  кӛркемдеу,  ӛмірдің  әр  түрлі 

құбылыстарын  оқырманға  ұсыну.  Алайда,  очеркші  деректерді  жауынгер 

ретінде  қолданады.  Бейнелеу  ӛнеріндегідей  зат  бітімін  суреттеменің  ӛзі 

философиялық  ой-толғауға  әкеп  тірейді.  Осыдан  барып  бақылау  сананың 

жетістігіне  айналады  да,  алғашқы  ой-пікірді  жалпыға  ауыстыратын  сәттер 

жалғасады,  мұнда  тәжірибе,  ассоциация,  автор  білімі  ұштасады.  Очеркші 

суреттемеде  дүниеге  кӛзқарасына  сай  ӛмірдің  белгілі  бір  жағын  кӛрсетеді. 

Материал қаншалықты кӛркем болса да, автор кӛздеген мақсатты эпизодтар 

кӛмегімен  шебер  бере  алмаса,  суреттеме  сәтсіз  шығады.  Суреттемеде 

тақырыппен  байланысқан  бір  топ  адамды  кӛреміз.  Бұл  материалдың 

формальді  бірлігі  емес,  автор  ойын  бейнелеп  жеткізуге  арналған  бейнелер 

жүйесі. Суреттеменің сәттілігі жиналған деректердің санында емес, оқырман 

ойы  мен  сезіміне  қалай  әсер  ететіндігінде.  Суреттеме  авторы  үшін  әртүрлі 

пішінде  беріледі:  суреттеме,  заметка,  эпизодтар  сериясы,  куәгер  әңгімелері, 

сұхбаттасу мен хат түрлері т.б. Соның ӛзінде журналист  алдында таңдалған 

объектіге  дәл  бақылау  жасау,  дұрыс  кӛзқарас  қалыптастыру  талабы 

қойылады. 

Жазушы  Шерхан  Мұртазаның  суреттемесі  “Нұқ  пайғамбардың  кемесі” 

деп аталады. Мұнда негізінен кейіпкер де, характер де жоқ, сюжетсіз очерк, 

яғни  этюд  түріне  жатады.  Шығарманың  кӛтерген  негізгі  тақырыбы  –  Адам 

баласының  бүгінгі  ӛмірі.  Жердің  жағасын  жыртып,  кӛйлегін  айырып,  әбден 

абыройсыз  халге  жетіп,  азып-тозып  бара  жатқанын  жазушы  қынжыла 

отырып айтады. 

“... Павлодар облысында тұтас бір аудан Ермак атымен аталып, сол аттас 

қалада  Ермакқа  орасан  ескерткіш  орнатылар  ма  еді?  Және  оның  тұғырына: 

“Ермакқа  дән  риза  ұрпақтарынан!”  деп  тасқа  қашап  жазылар  ма  еді?  Ал 

“ұрпақтары”  –  кешегі  тың  игерушілер  ғой.  Бірақ  олардың  ұраны:  “Тыңды 

игерейік !” емес, “Тыңды бағындырайық !” болды. Тың дегеніміз – жер. Жер 

дегеніміз – Ана. Ал анасын бағындыратын адам бола ма екен? [3,247],- деп, 

тың  игеру  кезінде  жіберілген  асыра  сілтеушілікке  сын  айтып,  олқылықтың 

жіберілу  себептерін  аша  отырып,  “Тың  эпопеясы”  деген  даурықпа  кезеңде 

бетегелі  белдер,  кӛделі  жерлер,  мың-миллион  шүйгін  жайылымнан  қазақ 

халқы айырылып қалғанына ӛкініш сезімін ӛзек еткен. 

Бұл  суреттемеде  тек  қазақтың  жер  мәселесі  ғана  емес,  сол  “Тың 

эпопеясы”  тұсында  жүздеген  қазақ  мектептері  жабылғаны,  жергілікті  қазақ 

халқының  әдет-ғұрып,  салт-санасы,  ұлттық  қасиеті  де  топырақтың  құнары 

кеткен  сияқты  қақырап  бара  жатқанын  жазушы  нақты  мысалдармен 

жеткізеді. 

Семей  маңында  қырық  жыл  бойы  атом  бомбасы  жарылып  келгені, 

Аралдың құрып бара жатқаны, адамдардың астамдығының, тасыраңдығының 

нәтижесі екенін қаламы қарымды публицист кесек пайымдаулармен баяндап,  



сүбелі тақырыптарды кӛркем түйіндеп, ӛмір ақиқатын жинақтап, қорытудың 

үлгісін жоғарыдағы суреттемесінде кӛрсетеді. 

Портреттік  суреттеме  –  бұл  адамды  ғана  сипаттайтын  материал  емес, 

сонымен қатар, адамның ішкі жан-дүниесін, оның ерекшеліктерін зерттейді. 

Портреттік  суреттеменің  асқан  шеберлеріне  М.Әуезов,  С.Мұқанов, 

Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин шығармаларында кӛп кездеседі. 

Публицистикалық  суреттеме  –  бұл  журналист  арқылы  ұғынған 

болмыстың,  деректің,  оқиғаның,  құбылыстың  адамгершілдік,  эмоционалды 

түрде  түсіну.  Суреттеменің  бұл  түрінде  жоғарыда  аты  аталған 

жазушылардың публицистикалық суреттемелерін айтуға болады. Бүгінгі күні 

публицистикалық суреттемелер кең таралуда, ӛйткені, суреттеме - қоғамдық-

саяси ӛмірдегі құбылысқа, не оқиғаға шағын түрде жедел үн қатуға, бүгінгі 

замандастарымыз,  олардың  қызығушылығы,  істері,  ойлары  туралы  айтуға 

мүмкіндік  беретін  берекелі  жанр.  Зерттеуші  В.П  Владимирцев  бұл  жанр 

туралы: 

«Суреттеменің 

жанрлық 

жүйедегі 

бұқаралық 

ақпарат 


құралдарындағы  орны  қарапайым  болып  кӛрінеді.  Негізінен,  суреттемелік 

миниатюралар  (материалдар)  БАҚ-тың  жанрлар  иерархиясында  маңызды 

мағынаға  ие:  публицистикалық  (ақпараттық)  шығарманың  байланысын 

кӛркем  мәтін  заңдары  арқылы  ӛңделген  сӛз  эстетикасымен  қоса  ӛзінің 

кӛркем-сӛйлеу  әдеби  негіз  болатын  ұстаныммен  белгілейді  (таңбалайды). 

Суреттеме  журналистика  мен  әдебиет  музалары  арасындағы  тарихи 

қалыптасқан табиғи дәнекершінің рӛлін атқарады. Бұл қос стандарт пен қос 

бағынудың  «шағын»  газеттік  жанры.  Бір  жағынан,  фактографиялық 

құжаттылық,  мекен-жайлылық, айқын ақпараттық  себеп белгілері бойынша, 

суреттеме  қалыпты  ақпаратттық  журналистикаға  қатысты  болып,  хабар-

ошар,  корреспонденция,  репортажбен  туыстас  болады»[1,12-б],-деп  жазады. 

Бірақ  сӛйлеу  мен бейне  экспрессиясы,  ақынжандылық  пен  лиризм белгілері 

бойынша,  суреттеме  кӛркем  әдебиет  пен  беллетристикаға  жақын.  Демек, 

суреттеменің  ерекшелігі  туралы оның  табиғи бірлігі  аясында бағалау  керек. 

Берілген  шығарма  қаншалықты  журналистиканың  қазіргі  қажеттілік 

талаптарына жауап береді, дәл сол уақытта оның ақпараттық тапсырмасының 

сӛйлеу  кӛрінісі,  танымдық  пен  публицистикалық  жүктемесі  қаншалықты 

поэтикалық  пен  бейнелік  болып  табылады.  Сонымен,  қазір  жанр  шекарасы 

бұзылды.  Суреттеме  ӛз  бойына  ақпараттық,  сараптамалық,  кӛркем-

публицистикалық  жанрлардың  белгілері  мен  ерекшеліктерін  топтастырды. 

Бұл ретте жанрлық және стильдік белгілер түрленіп, материал дайындайтын 

автордың ой-пікірі тақырып пен міндеттеріне байланысты ӛзгереді.  Бірақ әр 

дербес  жағдайда  суреттеме  әдетте  үлкен  публицистикалық  жүкті, 

эмоционалдық, мағыналы қызулықты, авторлық бағаны, авторлық ой-пікірді 

туғызады.  Суреттеме  жанрын  кейде  демократияшыл  деп  атайды.  Суреттеме 

жазу  сӛз  ӛнерін  меңгерген  және  газеттік  қызметте  біраз  тәжірибесі  бар 

журналистің  қолынан  келеді.  Суреттеме  –  бұл  адамдар,  істер,  табиғат 

құбылыстары  туралы  жылы,  шын  жүректен  шыққан  сенімді  әңгіме.  Ол  кез 

келген  оқырманға  түсінікті,  кез  келген  талғамға  бағытталған.  Суреттеме 

қазақ журналистикасында бұрыннан кездесетін қызықты, әрі мазмұнды жанр. 



Телесуреттеме - бұл  бейнелілік пен ақпараттықтан басым болатын жанр. 

Очеркке  қарағанда  суреттемеге  композициялық  тиянақтылық,  тереңдік, 

логикалық ой қажет емес.  Теледидарда суреттемені әдетте түрлік түсірілім, 

бір-бірімен байланысты кадрлардың бірлігі деп атайды  

 Суреттеменің  нақты  айқындалған  оқиғалық  себебі  жоқ,  бірақ 

операторлық  жұмыстың  әрбір  кадрдың  қатаң  таңдалған  композициясынан, 

ракурстың  тыңғылықты  таңдалуынан,  айшықты  жарық  үндестігінен  кӛрініс  

табатын  жоғарғы  кӛркемдігі  бар  жанр.  Кадрдан  тыс  мәтінге  ерекше  талап 

қойылады.  Онда  автор  құрғақ  ақпараттықтан,  хаттамалықтан  бас  тартып 

әртүрлі тілдік құралдарды пайдалануы тиіс.  

  Әдетте теледидарлық суреттеме жанры құрылымына журналистік мәтін 

мүлдем кірмейді, барлығы бейнемен білдіріледі. Егер де газеттік суреттемеде 

автор, кӛргендерінің толық бейнесін беру үшін  ӛзі алған әсерін бейнелі және 

кӛркем әңгімелейтін болса, ӛз кӛріп-білгендерін айтып, жағдайды суреттесе, 

теледидарда  бұл  функцияның  барлығын  камера  атқарады.  Тілші  түсірілім 

нысанын  алдын-ала  таңдап  режиссермен  оның  барысын,  эпизодтар 

ұзақтығын талқылап, сонымен бірге операторға белгілі үндестікті тапсырады. 

Ол  үндестік  тиісті  материалға  түсірілім  барысында  ғана  емес  кадрларды 

таңдау  және  монтаж  кезінде  қажет  болады.  Суреттемеде  музыкалық  және 

табиғи  шумен  безендіру  кеңінен  қолданылады.    Бұл  жанр  шеберлерімен 

жинақталған 

тәжірбие 

жарнамалық 

және 


музыкалық 

бейнебаян 

түсірушілеріне ӛте қажет.  Алайда  қазіргі  күнде  теледидардағы суреттеме ӛз 

орнын  жоғалтқан  жоқ,  тыңғылықты  шығармашылық  жұмысты  талап  ететін 

ең қызық жанрлардың бірі болып қала береді.  

Әдебиеттер: 

1  Владимировцев  А.  Массовая  информация:  стратегия  производства  и 

тактика потребления. - М.: 1996. 

2 Пришвин М. Соч. Т.4. - М.: Советский писатель. – С. 11-12. 

3 Мұртазаев Ш. Не жетпейді? – Алматы: Жазушы, 1990. 

 

 



 

 

 



 

 

Заявка на участие в конференции 

1  


Ф.И.О. участника (полностью) 

Меңдігүл Бұрханқызы Шындалиева 

Ученая степень, звание 



 Филология ғылымдарының докторы, профессор 

Место работы  



 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 



университеті 

Должность 



Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің профессоры 

Секция 


Духовно-нравственное воспитание в Казахстане и 

за рубежом (исторический аспект). 

Тема доклада 



Cуреттеме жанрының кӛркем-публицистикалық 

қыры 


Е-mЕ-mail  

 Mendigul@list.ru 

Контактные телефоны 



 8-701-552-30-13 

Потребность в аудио, видео -



аппаратуре  

                                                          



 

Түйіндеме 

 

Бұл мақалада публицистиканың суреттеме жанрының кӛркем-публицистикалық қыры 

жан-жақты  зерделенген.  Телерадиосуреттемеде    бейнелілік  пен  ақпараттық  жағы  басым 

болатыны,    репортаждық  тәсілдер  үйлесетін  аралық  жанр  екендігі  нақты  мысалдармен 

дәлелденген. 

   


 

Резюме 

 

В  этой  статье  обсуждается  художественно-публицистическая  сторона  жанра 



описания. В описании теле-радио возобладает образность и  информационная сторона, у 

которого  сходятся  репортажные  способы,  что  точными  примерами  доказывает 

интервальный жанр. 

 

 



    S

ummary

 

 

This article discusses the art - publicistic side of the genre description. In the description of 



TV  and  radio  will  prevail  imagery  and  information  side,  which  converge  reportage  ways  that 

proves accurate examples of the genre interval.



 

 

 

 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал