Æàðàìñûç äåï òàáûëñûí "Алтын белгi"



жүктеу 316.38 Kb.

бет1/3
Дата14.09.2017
өлшемі316.38 Kb.
  1   2   3

5-қыркүйек  2015 жыл

8

Ò¼ëåáè òóû

Æàðàìñûç äåï òàáûëñûí

“Алтын белгi”

журналы жары° к¼рдi

¥îñò¼áåäå áàñ °îñòû

Жатты°тырушылар

б´секелестi

Б¾лдiршiндер

мерекенi тойлады



Телефондар: Бас редактор 6-20-14,

факс (725-47) 6-20-14, бас редактордың

орынбасары 6-19-52, секретариат 6-19-99,

бөлімдер: қоғамдық-саяси өмір, мəдениет,

тұрмыс жəне хаттар, аграрлық, тілшілер,

бухгалтерия   6-19-52, 

белгісі қойылған мақалаларға 

жарияланым ақысы төленген. 



Газеттің осы нөміріне жауапты 

кезекші Орынбасар СҮТТІБАЕВ.

Газет редакцияның компьютер орталығында теріліп,

«АР - принт» ЖШС-нің баспаханасында басылды.

Баспахананың мекен-жайы:

Шымкент қаласы, Тəшенов көшесі, №24 үй.

Газетке жазылу индексі 66744

Таралымы  4913  Тапсырыс № 

Р

Біздің мекен-жайымыз: 161100, Қазақстан

Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы,

Леңгер қаласы, Төле би көшесі, 294 үй.

Ãàçåò ¥àçà°ñòàí Ðåñïóáëèêàñû Ì´äåíèåò æәíå à°ïàðàò ìèíèñòðëiãiíäå 2013 æûëμû 20 ìàóñûìäà òiðêåëiï, ¹13693-à êó´ëiãi áåðiëãåí.

Ãàçåò ñåíái ê¾íi øûμàäû. Ðåäàêöèÿ ìàòåðèàëäàðäàμû ôàêòiëåðäiº ä½ðûñòûμûíà àâòîð æàóàïòû åêåíií åñêåðòåäi.

Æàðíàìàëàð ìåí õàáàðëàíäûðóëàðäûº ìàçì½íû ¾øií ðåäàêöèÿ æàóàï áåðìåéäi.

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» аудандық қоғамдық-саяси  

газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ЖШС директоры

— бас редактор

РАХМАНҚҰЛОВ

Əбдімəлік

Түймебекұлы

Кулатаев Гали Балкыбековичтің меншігіндегі Lada

21144 110-42 маркалы автокөліктің 477 FSA 13

мемлекеттік

тіркеу

номері


(артқы) жоғалуына

байланысты жарамсыз деп табылсын.

* * * 

Мулдеков Ержигит Курбанбековичке 2010 жылғы



16 қыркүйекте ҚР ƏМ берген №030588601 жеке

куəлік жоғалуына байланысты жарамсыз деп

табылсын.

* * * 


Багитова Кундыз Козбакаровнаға 2014 жылғы 26

тамызда ҚР ІІМ берген №036899665 жеке куəлік

жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

* * * 


Балтабаев Шахрияр Рустамбекұлына 2013 жылғы

12 маусымда ҚР ІІМ берген №034835165 жеке куəлік

жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

* * * 


Умаров Аслан Эльмурзаевичке 2008 жылғы 13

маусымда ҚР ƏМ берген №022283335 жеке куəлік

жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

* * * 


Алдабергенова Абибу Пухарбекқызына 2014 жылы

23 қаңтарда ҚР ƏМ берген №035936829 жеке куəлік

жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

Шлакоблок сатылады

Тел.: 8-778-101-07-47, 8-771-140-21-46.

Ынтымақ шағын жинақты жалпы орта мектебінің

ұжымы осы мектептің техникалық қызметкерлері

Бейсебаев Қайратқа анасы, Бейсебаева Гүлмираға

енесі

ДƏМЕШТІҢ

қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, қайғысына

ортақтасады.

Көксəйектегі арнайы негізгі орта мектеп ұжымы осы

мектептің техникалық қызметкері Қаратаева Ажарға

күйеу баласы



НҰРЛАННЫҢ

мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтып,

қайғысына ортақтасады.

Білім алушыларды өзбетінше ҰБТ-ға дайындалу

бағытында ізденуге, сауаттылыққа, ұқыптылыққа бау-

литын Қазақстандағы бірегей басылым «Алтын белгі»

журналы жарық көрді. Оқушыға мамандық таңдауға

ықпал ететін бұл құнды басылым 2015—2016 оқу

жылының қыркүйек -- сəуір айларында 32 рет шығады.

Тест тапсырмаларымен, лекцияларымен, керекті

кеңестерімен 64 сабақ күткен нəтижелеріңізге қол

жеткізеді. «Алтын белгі» журналын қолданудың 7

маңызды нəтижесі: 1. Барлық пəн бойынша білім дең-

гейінің анағұрлым өсуі. 2. Еліміздегі ЖОО-на грант

бойынша түсуге жоғары мүмкіндік. 3. Оқушының өзін

өзі бақылауын жетілдіру. 4. Мамандығын дұрыс таңдау

мүмкіндігі. 5. Жаттанды оқудан жүйелі оқуға көшу.

6. ҰбТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайын болу.

7. Пəндер бойынша қосымша білім алу. 

Бұл журналда дəстүрлі тест тапсырмаларымен

қатар, күрделі тест тапсырмаларының үлгісі берілген:

жауаптардың 8 нұсқасы, мəтіндік жəне сəйкестендіру

тестері. 2015 жылдың ҰБТ нұсқалары пайдаланылған.

Қолжетімді баға. Тест тапсырмаларымен қоса берілген

бір сабақтың бағасы небəрі 35 теңгені құрайды.

Жоғары кəсіби авторлық құрам. Оның ішінде еліміздегі

тест сұрақтарын құрастыруда тəжірибесі мол,

оқытудың жаңа əдістерін шығарған, жоғары санатты

ұстаздар жұмыс атқарған. ҚР Білім жəне ғылым

министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім

академиясымен келісілген ҰБТ-ға арналған тест

спецификасы басшылыққа алынған. Республикадағы

ЖОО жайлы толық ақпараттар, ҰБТ-ға дұрыс

дайындалу туралы мамандардан кеңес алуға болады. 

Сапасы жоғары, бағасы төмен «Алтын белгі»

журналына «ERNUR-press» бөлімшесінің аудандық

филиалына тапсырыс беруге болады. Жұмыс

телефонымыз: 6-13-77 немесе 87011835993;

87713072804 Бибігүл апай.

Аудандағы мəдениет қызметкерлері

Қаратөбе ауылдық округінің Қостөбе

ауылында бас қосып, «Өнер – ұлтты

біріктіретін рухани күш» деген

тақырыпта жылжымалы семинар-кеңес

өткізді.  Бұл басқосуға осы округке

қарасты елдімекен тұрғындары, ба-

лалар бақшасы тəрбиешілері жəне

барлық ауылдардағы мəдениет меке-

мелері қызметкерлері қатысты.

Семинарға келгендер Қостөбе ауыл-

дық клубында атқарылған жұмыстар-

мен танысып, үйірме мүшелерінің

концерттік бағдарламасын тамашалап,

ауыл өнерпаздарының өнеріне қол

соқты.

Қостөбе ауылдық клубының меңгеру-



шісі Керімжан Есқараев 2015 жылы

атқарылған жұмыстары жөнінде есеп

беріп, алға қойған міндеттері жөнінде

əңгімеледі.

Семинар-кеңесте аудандық мəде-

ниет үйінің режиссері С.Зиябеков,

Кемеқалған ауылдық клубының əдіс-

кері Т.Халметов, Жеңіс ауылдық мəдениет үйінің

əдіскері Л.Мазманов, Қайнар ауылдық клубы-

ның меңгерушісі Ж.Сытышев жарыссөзге шы-

ғып, өз ойлары мен пікірлерін білдірді, атқарыл-

ған жұмыстарға қанағаттанарлық баға берді.

Мəдениет қызметкерлері семинарын аудан-

дық мəдениет үйінің директоры Б.Оразымбетов

қорытындылады. Ол ауыл клубындағы мəдени-

көпшілік шараларға жергілікті тұрғындарды

барынша көбірек тарту, өнерлі жастардың,

халық таланттарының талантын ұштай түсу, өзге

де ең басты мəселелерді сөз етті.

А.ТАТЫБАЕВА,

аудандық мəдениет үйінің əдіскері.

Суреттерде: семинар-кеңеске қатысушы-

лар; Қостөбе ауылдық клубының əдіскері  Ораз

Дəулетовтың сүйемелдеуімен Шымкенттегі

саз колледжінің студенті, осы ауылдың

тумасы Мəдина Асқарова əн шырқауда. 

Жақында көрші Сайрам ауданының Сайрам

ауылында облыстағы шахмат жаттықтырушылары

арасында блиц турнир өтті. Жарысқа қатысушы əр

шахматшыға барлық кездесуде (партияда) бар

болғаны 5 минуттан ғана уақыт берілді. Бұл айтулы

бəсекеде біздің ауданның намысын шахматтан спорт

шеберлігіне кандиат,  леңгерлік Сергей Садовский

қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша ол екінші

орын алып,  медальмен жəне «Эрудит» оқу

орталығының екінші дəрежелі дипломымен, ақшалай

сыйлықпен наградталды.



«Төлеби-ақпарат».

● 

СПОРТ

Қыркүйектіің алғашқы күні бүкіл елімізге көл-көсір

қуаныш сыйлап, ұстаздар қауымы, олардың шəкірттері,

ата-аналар ғана емес, барша қауым «Білім күнін»

мерекеледі. Мектептерде алғашқы қоңырау сыңғыр

қақты. Балдырғандарымыз тарыдай болып мектеп

табалдырығын аттады. 

«Қарлығаш» балабақша-гимназиясының жоғары

топтағы тəрбиеленушілері де биыл жылдағыдай  тəтті

күндерімен қоштасып, білім еліне сапарға аттанды. 

Əдеттегідей, «Білім күні» мерекесін біздің балабақша

тəрбиешілері мен балғындары қуанышпен қарсы алды.

Бұл шараға алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізді.

Мерекелік шараны балабақша меңгерушісі Ұлжан

Жансейітова ашып, тəрбиешілер мен балаларды

мейрамымен құттықтады. 

Көздің жауын алатындай етіп безендірілген залды

жоғары топтағы балалар тəрбиешілері Зəуреш

Оралбаева мен Қарлығаш Оспанованың

қамқорлығындағы бүлдіршіндер шаттыққа бөледі.

Олар əн шырқап, би биледі, оқу мен білім туралы

тақпақтарын жатқа оқыды.

Еліміздің  əнұранымен басталған мереке балабақша

бүлдіршіндері қосыла шырқаған хормен аяқталды.

Балалар  «Балабақша бағында» əнін нəшіне келтіре

шырқады.

Мерекелік шараға ата-аналар да қатысып,

қуанышымызды бөлісті.

Г. БЕКІШЕВА,

«Қарлығаш» балабақша-гимназиясының

музыка жетекшісі.


7

5-қыркүйек  2015 жыл

Ò¼ëåáè òóû

Менде бір əдет бар (“Ауру қалса да əдет қалмайды”

деген) түрлі газеттерден, брошюра-кітапшалардан көзге

ілініп, көңілді түрткен небір тарихи да ғылыми

мақалаларды, ақиқат пен аңызға толы қилы-қилы, қым-

қиғаш деректерді, кезінде бір жарияланып қалып, кейін

көмескі тартқан суреттерді, тағысын-тағыларды қиып

аламын да делоға (скоросшиватель) тіге беремін. 1989

жылдан бастаған осы дүниелер қалың-қалың екі дело

(327 материал) болыпты. Тағы қаншасы тігілерін көбі

кетіп, азы қалған өмір көрсетер...

“Ақымақ па, бұдан өзге ермек табылмай қалып па? Ас

қайнатып, үй жылытар отынға жарамаса, малдың алты

ай қыс жем-шөбіне жарамаса, не қыла береді оның

бəрін?” деп күліп-күстаналайтындар болса, бір мысқал

да реніш-өкпем жоқ. Өзіме жақсы. Қолдың қалт еткен

уақыт-мезгілдерінде ақтарып, қайта қарап қойып

отырамын. Есті жаңартып-жаңғыртады, ойға ой қосып,

ақиқатқа жетелейді, шаршау басып, көңіл сергітеді...

* * * 

Жақында “Қазпошта” АҚ-ның төрағасы Бағдат Мусин



əңгіме барысында ай сайын қолына тиетін жалақысы 1,2

миллион теңге екенін жасырмапты. Ал ауыл аралап,

көше кезіп, газет-журнал, зейнетақы, хат-хабар таситын

қатардағы жай пошташылардың айлық жалақысы 15 --

20 мың теңгеге жетер-жетпес екенін ескермепті де. “Иə,

жалақым жоғары. Менің айлығымды директорлар кеңесі

бекітеді. Біздер тіпті жалақымызды қысқартуды да

өтінгенбіз. Əйтсе де, олар біздің жалақымызды

қысқартып, бюджетті үнемдеу мүмкін еместiгін айтты”,

депті (“Жас Алаш” -- 7.07). Суреті де тұр, жап-жас

бозбала-жігіт. Жүзінде жымысқы-жыми күлкі бар.

Қаймана қазақта бұрыннан келе жатқан, сөзіне

сенбегенде, бетіне айтатын “Жаның шықсын!” деген сөз

болушы еді... Өткенде ғана Үкіметтің кеңейтілген

отырысында Президенттің қаржыны үнемдеу

мəселесіне байланысты айтқандарын елемейтін,

елемек тұрмақ, мəдениет сақтап айтқанда, құлағына да

қыстырмайтын қандай ғана директорлар кеңесі ол?..

* * * 

Өткенде газетте жарияланған “Өнер мен əдеп” деген



мақаламда (11.07): “Қазіргі эстрадалық өнердегі желікпе

сөз, басы артық қылықты қимыл, жартылай

жалаңаштық, құбылма-құбыл бет-жүз мимикалары,

тежеусіз ыржақай күлкі, көз бен тəн ойнақылығы

жетілер-жетілмес, ауыспалы-аумалы жастағы

(переходной возраст) ұл-қыздардың эротикалық

сезімдерін ерте оятуы бек мүмкін. Осы бір жаманатты

да зиянды, өкініші мол жағдаяттардың зардабын

көрудей-ақ көріп, татудай-ақ татып келеміз. Цифрлы

дəлелдермен жарияланып жатқан мағлұматтарды еске

түсірудің өзі азап пен ақырет” деген сөздер жазылған

еді.


Соның аймандай айғағы ретінде “Жас Алашта” (21.07)

“Денсаулық сақтау басқармасының мəліметіне сəйкес,

жасы 12-ге енді толған, бірақ 17-ге толмаған 350-ден аса

жүкті қыздың есепте тұрғаны анықталды” деген хабар

жарияланыпты. 2011 жылы ауданымызда өткен “Ырыс

алды -- ынтымақ” форумында облыс басшысы осы

іспетті цифрларды ашына айта келіп: “Біз сонда кімдерді

тəрбиелеп жатырмыз?” деген еді. Айта берейін десең,

ұяты бетке ұрып, жан түршігеді, айтпайын десең, ауруын

жасырған өледі...

* * * 

Радио тыңдау да жақсы машықтың бірі. Жаңалықтар,



келелі əлеуметтік-саяси, ғылыми танымдық ой-пікірлер,

концерттер, сазды сəлем-құттықтаулар, тікелей қатысуға

болатын тамаша радио ойындар беріліп жатады.

Солардың ара-араларында сағат сайын қысқа да нұсқа

эфиграфтық идея, пафостық сезім шаттықтары,

астамшыл қанатты сөздер қайталана айтылып жатады.

Кешелер “Бабалардың күреспен өткен ғұмыры,

дұшпандарының тізесін дірілдеткен тұлпарының дүбірі”

деген сөз көп уақыттар айтылып келді. Көңілде

“Астамшылық емес пе?” деген күдік ұялағанмен, елі мен

жерін қорғаған бабаларымыздың ақтабан-шұбырынды

қиын-қыстау шақтардағы өрлігі мен ерлігіне жарасатын

сөздер ретінде ұғынылатын...

Өткенде оны біраз уақыттар “Жүрегіме... жүрегіме

көрдің бе, күн қонақтап, қыран ұя салыпты” деген сөздер

ауыстырды. “Апыр-ай!.. деп барып, тілде сүйек

болмайтынын сезінгендей боласың. Енді күнде, əр

сағатта “Қазаққа ұқсайды зəу-мұзарт, асқақ шың

бұлтпенен таласқан, сол шыңнан биіктеу дүниеде

жалғыз-ақ шаңырақ көк аспан!” деген сөз əуелей

қалықтайтын болып жүр...

Жақсы сөздің жарым ырыс екені рас қой. Дегенмен,

“Тəуба” деп айтып, тəубаға келер күннің де қажеттігі

ақиқат-ау!” деген де оймақтай ой келеді...



А.СЫПАТАЙҰЛЫ.

éìà°òàé


é ë à ð

Î

Аудандық газетте «Ақсақалдың айтары



бар» деген айдармен қариялардың

ойлары мен пікірлері, өмірден көріп

түйгендері, кейінгілерге берер өнегесі жиі

жарияланып жүр. Мұны мен толық

қолдаймын. Бұл игі іс алдағы уақытта да

жалғаса түседі деген нық сенімдемін. 

Менің қатарластарым сияқты көп жыл

бұрын зейнеткерлер қатарын толтыр-

ғандарды толғандырар мəселе

аз емес. Біздің ата-аналарымыз

қатарлас бұрынғы қарттарымыз

өмірге келгеннен  бастап тір-

шіліктің барлық ауыртпалығын бастан

өткерді. Кеңес дəуірінің билікке келуіне,

ашаршылық  пен Ұлы Отан соғысы

жылдарындағы қайғы мен қасіретке куə

болды. Олар сол аласапыран жылдардан

аман қалып, ұрпақ өрбіткеніне бақытты

еді. Сондықтан болар, бұрынғы қарт-

тарды байлық пен мансап, шен мен

шекпен онша қызықтыра қойған жоқ.

Адалдықтың ала жібін аттамай, бəрінен

бұрын адамгершіліктің асыл қасиеттерін

жоғары қойды. Бес саусақтың бірдей

болмайтынындай, ол замандарда да

елдің қанын кенедей сорғандар, билік

тұтқасын пайдаланып, момын жұрттың

жон арқасына қамшысын үйіргендер

болды. Алайда, олар халықтың  алғы-

сына емес, қарғысына ұшырады, соңы

жақсы болмады. Жазықсыз жапа шеккен

айтулы азаматтарымыз да тым кеш

ақталды.

Мұның бəрін еске түсіріп отырғандағы

себебім, сол қиындықты көп көрген қарт-

тарымыздың қазақы қанымызға сіңген

ерекше қасиеттерінен айнымағандығы,

ұрпақ тəрбиесіне ерекше қарағандығы.

Кімнің де болсын бала кезі жадында

ұмытылмастай жатталып қалады. Мен

сол балалық шағымды қимастықпен еске

аламын.


Біздің үйге ғана емес, ауылдағы əр

шаңыраққа қонақ көп келетін. Есіктің

алдына да оншақты ат байланып

тұратын. Қонақтардың аттарына жем,

шөп салу біздің мойнымызда болатын.

Қой сойылып, ағайын-туыстар қонақтарға

қызмет көрсетуге кірісіп кететін. Екі

иығынан дем алып сары самаурын

қайнап тұратын. Қонақасыда есік жаққа

қарай біз де жайғасатынбыз. Кіші

інілерімізге қойдың құлағы тисе, біз де өз

сыбағамыздан құр қалмайтынбыз. Тамақ-

тан соң дастарханға шай əкелініп, тамақ

үстінде басталған əңгіме қыза түсетін.

Қариялардың небір ғажап əңгімелерін

аузымыздың суы құрып отырып тың-

дайтынбыз. Ара-арасында қатарлас

қариялардың бір-біріне айтқан əзілі мен

қалжыңы да жарасып жататын. Бізді

дастархан басынан ешкім де қумайтын.

Мен ол кезде өзіміздің ауылдың ғана

емес, алыс-жақын ауылдардың қария-

ларын да жақсы танитын едiм. Тіпті

есімдері де осы уақытқа дейін жадымда

жатталып қалыпты.

Көкпарлы той болса да шеттен келген

қонақтарды ауылдың бар үйі бөліп алып,

құдасы келгендей арқа-жарқа болып

қарсы алатын.  Бұл қонақ күтісте де

дастархан басынан балаларды ешкім де

қумайтын. Осылайша біз бала кезден

үлкендердің əңгімесін тыңдап, олардан

үлкен өнеге алып өстік, өмірлік адаспас

жолымызды таңдадық.

Қазақтың шаңырағынан бүгіндері де

қонақ арылмайды. Өкінішке орай, сол көп

қонақта балаларын дастархан басына

жақындатпайды. Тіпті қонақтың қолына су

да құйдырмайды. Себебі, əр үйде

мейманыңызға су құятын «орыс келін»

бар. Ал енді бүгіндері дастархан басында

не айтылмайды десеңізші. Ауылдан

бастап, ауданды, облысты түгендеп

алып,  мемлекет басшысына барып бір-

ақ тіреледі. Бəрі де шетінен саясатшыл,

көреген. Ішіп қойған, жеп қойған,

алданған, арбалған… неше түрлі

таусылмайтын тақырыптар бірінен соң

бірі өрбіп кете береді. Арасында

біреулердің, тіпті өздері көріп-білмеген

адамдардың  сыртынан өсек-аяң да

жүреді. Онсыз əңгіме қалай қызықты

болсын. Ал енді осының бəрін

қонақтармен бірге отырып тыңдаған жас

бала олардан қандай өнеге мен тəрбие

алады. Бір жағынан мұндай ортада

балалардың үлкендердің сөзін тыңдап

отырмағаны қандай жақсы, деп те

ойлайсың.

Ал енді отбасындағы байлықтан,

барлықтан теріс жолға түсіп жүрген бүгінгі

отбасы балалары да жоқ емес. Осын-

дайда «Тоқтық не дегізбейді, жоқтық не

жегізбейді» деген бұрынғылардан қалған

сөз еріксіз еске түседі.

Бүгіндері тəрбиеден шет қалған ұл-

қыздарымызды кінəлайтын болып алдық.

Өрескел əрекет жасаған жастарды

сынағанда алдымызға жан салмаймыз.

Бірақ ешкім де бұған ұл-қыз емес, ең

алдымен оларға дұрыс тəрбие беріп, жөн

сілтей алмаған ата-анасы, сосын

ұстаздары кінəлі деп айыптайды. Айтқан

күнде де одан шығып жатқан оңды

қорытынды жоқ. Мейлі, қалада немесе

далада болсын, отбасында бірлік пен

ынтымақ орнамаған отбасының бала-

лары теріс жолға түсуге біртабан жақын

келеді. Мұны бəріңіз де күнделікті

өмірден көріп жүрсіздер.

Аллаға шүкір, қазір бəрі де жеткілікті.

Еңбек еткен адам аш қалмайды. Алайда,

бүгіндері баланы ес білгеннен бастап

еңбекке тəрбиелеуді де ұмыта баста-

ғандаймыз. Ауылдың баласы малға

қарайды. Бұдан да басқа күнделікті

шаруасы жетіп артылады. Солай десек

те, ауылдың өзінде балалары да, өздері

де əбден жалқаулыққа салынған

отбасылар бар десем, қателесе қоймас-

пын. Қалада бірнеше қабатты тас үйде

тұратын отбасы балаларына да жұмыс

жетіп артылады. Үй ішінің, ыдыс-аяқтың

тазалығын сақтаудың өзі балаларға көп

жауапкершілікті сезіндіреді.

Атамыз қазақ «Не ексең, соны орасың»

деп құп айтып кеткен. Баламыз қуантса

да, ренжітсе де ол өз еңбегіміздің жемісі.

Осыны əсте ұмытпауымыз керек.

Біздің Төңкеріс ауылының өзінде

жүзден астам шаңырақ тұрады. Өкінішке

орай, сонау қиын-қыстау жылдары

болған пошташы бүгінде ауылда жоқ.

Қарапайым халық газет пен журнал дер

кезінде жеткізілмегендіктен жазыла

бермейді. Рас, бүгіндері елдегі, əлемдегі

жаңалықтардың бəрін теледидар арқылы

күнде есітіп отырамыз. Тіпті бір емес,

бірнеше арнаны көруге мүм-

кіндігіміз бар. Алайда, асықпай

отырып газет пен журнал па-

рақтағанға не жетсін. Мен

аудандық газетті үнемі жаздырып алып

оқитынмын. Бүгіндері осындай себеп-

термен дер кезінде ала алмайтын

болдым. Сондықтан іздеп тауып оқуыма

тура келіп жүр. Осы мəселені біржақты

етіп шешуге болмас па екен. Ата Заңы-

мыздың өзінде  «Мемлекеттік биліктің

бірден-бір бастауы – халық» деп жазыл-

ған, тіпті оның ең басты байлығы халқы

екендігі де айтылған. Сонда деймін ғой,

халық үшін ең бірінші кезектегі қажет --

пошта байланысы қызметін осы уақытқа

дейін бір жүйеге, қалыпқа келтіре алмай

отырғандығымыз қапаландырады да.

Мен бұл мəселені де жайдан жай көте-

ріп отырған жоқпын. Бұл пробле-маның

да əбден толғағы жеткен сияқты. Мектеп-

тегі балаңыз да күнделікті шығатын газет

пен журналды парақтауы тиіс. Одан алар

тəрбиесі мен өнегесі көп. Бүгіндері

интернет жүйесі дегенді, ол арқылы өзіңе

қажетті хабарламаның бəрін алуға

болатынын да есітіп жүрміз. Ол рас та

болар, бірақ, меніңше, бала үшін газет

пен журналдың, əдеби кітаптардың

орнын ештеңе алмастыра алмайды.

Бүгінгінің атасы мен əжелері ертегі

білмейтінін, білсе де немерелерін  халық

ауыз əдебиетімен сусындатпайтынын

айтып жүргендер де бар. Ол да рас.

Жалғастыра берсек, бүгінгінің көкірегі ояу

қарттарының айтатыны таусылмайтын-

дай көрінеді маған. Соның бəрін тыңдар

құлақ болса, əрине.

Ақсақалдарымыз айтарын айтар-ау,

осы тақырыптағы əңгімелерге бүгінгінің

ата-аналары, жастары да араласып,

пікірлерін білдіріп жатса, біздің сөзіміз

орта жолда қалмас еді.

Жалпы ұрпақ тəрбиесі жөнінде айтар

əңгіме көп. Ең бастысы, əр ата мен ана,

əже мен ата балаларына өздері жақсы

өнеге көрсете алса, ата салтымыздан

аттамасақ, əр шаңырақ қуанышқа, бақыт-

қа тола беретіні сөзсіз, деп ойлаймын.

Т.ҚАЛЫҚҰЛОВ,

зейнеткер,

Төңкеріс ауылы,

Қаратөбе ауылдық округі.

● 

Ақсақалдың айтары бар

“Íå åêñåº, ñîíû îðàñûº”


5-қыркүйек  2015 жыл

6

Ò¼ëåáè òóû

Àóûë ´óåíäåði

(топтама)

Жерлесіміз, Қазақстан

жазушылар одағының

мүшесі Мергенбай Әбуов

жырсүйер қауымға

«Түркілер-түбірің»,

«Құшағымда күншуақ», «Ай

бетінде кіршік бар» жыр

жинақтарын тарту етті.

Бүгін біз оның жаңа жыр

кітабына енген өлеңдерін

оқырман  назарына ұсынуды жөн көрдік.

Ñèûðûìíûº ê¾òiï æ¾ðìií

òîðïàμûí

Анау деген, өкпе де жоқ ғасырға,

(Тастақ жолда жүріп жатам тосырқап).

Қайсыбірім, болмаса егер əлсізге,

Əлімжеттік əлеуетін асырған.

Мендейлерге толы бүгін үйірге,

(Үйреніп те қалдың осы үйірге).

Кей бардамым, болмаса егер басынып,

Əлсізіме еріндерін шүйірген.

Біздің тірлік кіріп-шығып, зеріккен,

(Қазына жоқ. кететіндей, дер үптеп).

Жөн білетін пысықайлау кей қулар,

Мұнайыма, боп жүр дейді серіктес.

Анау дейтін, ештеңе жоқ қорқатын,

(Болмай қалып кейде дəмі сорпаның).

Келер жылы бір кəдеге жарар деп,

Сиырымның күтіп жүрмін торпағын…

Åñåêòi äå °îñûï æ¾ðìiç

°àòàðμà 

Қалтаң-құлтаң қария деп аталған,

(Сонымыздан болып жүрміз бата алған).

Ес болсын деп есегіме кейін кез,

Есекті де қосып алдық қатарға.

Осы заман біртүрлілеу десек те,

(Жарып жүрміз, пайдасы мол өсекке).

Ұйқышылдау қырсызды да, шаруама,

Еркек деген алып жүрміз есепке.

Бізде-дағы ашылар деп кең есік,

(Көріпкелмен жүрміз жиі кеңесіп).

Жаңа ғасыр, сенімдіміз, соңында,

Қалаңызға қалармыз да теңесіп.

Тынысымды тазарар деп ластанған,

(Аяғымды əлі ертелеу асқанға).

Тиын қосып қалып едік марқайып,

Баға шіркін, кетті қайта аспандап!

Êåïiëäiêêå æàðàìàé ò½ð

ì¾éiçäiì

Несиені алғанменен нешелеп,

(Шай ішуге тəбет те жоқ кеселеп).

Төлемнің де жайы болмай мендегі,

Пайызың да кетті білем еселеп.

Пайдасын да көрмедік деп мандатып,

(Ұйқы келмей, уайыммен таң күтіп).

Банкіңіз де жетіп келіп бір күні,

Жіберер деп күтіп жүрмін қаңғытып.

Жүргенім жоқ, осы күні күй іздеп,

(Ең ақыры, баса алмадық киіз де).

Қораңдағы қойың түгіл, ешкің де,

Кепілдікке жарамай тұр мүйіздім.

Босап қалған секілді енді алды-артым,

(Ешкімім де қалмағандай қолдар түк).

Үйді өткізіп несиеге планым,

Қалаңызға кетсем бе екен, жол тартып!

Ìåíåí á½ðûí °àðñû àëàäû

ê¼ê ê¾øiê

Ауылдамыз, алыстамыз біз деген,

(Біздің мекен көрінбейді тізбеден).

Ілкіде бір жолың түссе, желемік,

Тезек исін таныстырар сізбенен.

Адамымыз жатса бүгін көкке ұшып,

(Кейде бізде жетіспейді ток күші).

Ілкіде бір келе қалсаң аулыма,

Бізден бұрын қарсы алады көк күшік.

Қалалықтан үлгі алып қалмақ па,

(Атамыз да қалар біраз жалбақтап!

Түліктер де жатсына ма үркектеп,

Өз Алашын кеше ғана мал баққан.

Оған жаттау, талас, тартыс, ырдуым,

(Біз жақта да өсіп жатыр бір буын).

Қарбаласта біздің өмір қайсы бір,

Сіздегідей, оңар дейсің, жыр туып!

Ê´ñò¼ìiºå °àëàð àíû° °è

ñiºiï

Ақындардың бəрі бүгін қалалық.,



(Есте де емес, ақын деген далалық).

Тепе-теңдік қағидатын ұмытқан,

Табиғат та танытқан ба, алалық!

Анау-мынау, алыс жүрер бүліктен,

(Мен емес ем, назарыңа іліккен).

Қала барсам, сонда кіммін бауырым,

Қорамдағы қарайласар түлікке?

Асфальтыңды жүре алатын, нық басып,

(Қала деген тамаша ғой, ықтасын).

Ауылыма, асықпағай,ақыным,

Сырқаттанып, тынар едің, шық басып.

Саяхаттың келе бермес қисыны,

(Көшеміздің шаңы да рас, қисығы).

Ауылыма қызықпаған шайырым,

Кəстөміңе, қалар анық қи сіңіп.

Æàçûëàð äåï °îÿì äiìê´ñiì

Төтесінен кетті деме, сіз маған!

(Айдалдан, таптырмайтын із бағам).

Қарап қойып, пешенеде сызбаға,

Жырларыма өкпелеймін қызбаған.

Тереземнен құстар əні естіліп,

(Мал-жаныма, қарайладық, кешкілік).

Мына заман, тудырмайды еш күдік,

Паналадық, содан барып пеш түбін.

Бүгін сізге жүрмейтіндей ырымдар,

(Неғып сірə, байқамағам бұрындар).

Даламызды ен жайлаған елімнің,

Кеудесінде бір азырақ сырыл бар.

Тағдырынан құтылар ма, кім қашып?

(Арқамызды қыздырады, күн қасып).

Жадыларым тазарар деп бір күндер,

Жазылар деп ойлап қоям дімкəсім.

Æàëμàí äåðåê àéòûëμàíìåí

áiç æàéëû...

Ілкіде бір боп қалмаса сауығым,

(Бізде ерте басталады сауыным).

Бірте-бірте тауығымыз көбейіп,

Даламыз да келе жатыр сауығып.

Аракідік той жасасам шашылып,

(Оған бола, жүргенім жоқ ашынып).

Ұл-қызымның қинайтыны сол бір-ақ,

Иінінің қалатыны ашылып.

Айтыңызшы, шынтуайтын құрбы сіз,

(Кімнің нашар келер дейсіз тұрғысы).

Несиеге зат алып ем, көп-көрім,

Қос бүйірден пайыз құрғыр тұр қысып.

Болмаса егер, кеткен аздап тынышым,

(Жүрміз есен, күн жебелеп, күн ішіп).

Жалған дерек көп айтылар біз жайлы,

Талға терек жалғап жүрміз күн үшін.

Áàéμûçûìíûº æàéñûç ¾íi

áîëìàñà


Жұлдыздар да қалды білем тыңайып,

(Тізеге алып, тербетеді түн Айды).

Тірілерге наразы ма, кім білген,

Мендегі мұң, біразырақ мұңайды.

Бір жайсыздық сезетіндей бұлтымнан,

(Желемік те тына қалды тың тыңдап).

Той  аңдыған əлденендей түс көріп,

Оянғалы жатыр менің ұлтым да.

Ойы сергек, ұлтымның да бұл күні,

(Тиятындай біразырақ күлкіні).

Оғаш қылық танытпайды құстар да,

Ағаштар да оянулы сілкініп.

Тыныштықта таңды күтіп келесі,

(Ақшыл түспен түн бояды денесін).

Байғызымның жайсыз үні болмаса,

Əлде не деп шақыратын «енесін».                      



Мергенбай ӘБУОВ.

a=0/2 0%L ›R!“еì

›=0“/ =2Cе…

Жақсы айтқан жылы сөзіңе,

Садағаң болып кетейін.

Ісіңде болса өнеге, 

Риза боп саған өтейін.

Қырсық та қыңыр жаманға,

Жазылмас дерт кез келер.

Талаптанған ақынға,

Шабытпен сұлу сөз келер.

Танылар жанның сөзінен,

Мінезіңді тез берер.

Жақсылық, жаман өзіңнен,

Бұйырғанын көз көрер.

Өмірдің өзі жұмбақ іс,

Сезімді қойған перделеп.

Көңілді ұқпау құмдық із.

Шыға ма шындық өрмелеп.

Арманға мен де жетейін,

Көздеген ізгі мақсатпен.

Өмірдің беріп өтеуін,

Бақыт қой жүрсем жақсы атпен.

jwGië “/!/

Сүйген соң қайтіп күйейін,

Күйінсем қалай сүйейін.

Өмірді сүйсем қалайша,

Жамандық ойды түйейін.

Өзімдей көріп сендерді,

Көңілге таза дем бердім.

Сенсем де болар, сенбесем,

Жанымды жырмен емдермін.

Ақкөңіл едім, аңқылдақ,

Кеңпейіл ашық жарқылдақ.

Нақақтан күйіп жазалы,

Жылаған жаным шырқырап.

Түсінген адам кезінде,

Бөленер жаны сезімге.

Тəрбие, тəлім əр қилы,

Кім келер қарсы төзімге.

Кіршіксіз, адал, өрімді,

Періште жандар көңілді.

Болашақ үшін ертеңгі,

Жасайтын мəнді өмірді.

Кім ұғар көңіл сырымды,

Кім жалғар өмір жырымды.

Ақындық жомарт жүрекпен,

Шашатын мендік нұрымды.

Ақындық көңіл аңсайды,

Ұқпаса  өмір ақсайды.

Білмесең əділ мəн-жайды,

Айтпа сөз ағат мен жайлы.

Уақыт емші, дəрігер,

Жаныма шипа дəрі бер.

Жаңғыртып, жар сап шырқайын,

Жалынды жастық əнді бер.

Сүйген соң қайтіп күйейін, 

Күйінсем қалай сүйейін?

Көңілдің ашып сырларын,

Өмірлік ойды түйейін.

Өзімді болсын, өзгені,

Жырыма бөлеп жүрейін.



Әбумүтəліп ҚОНЫСБАЕВ.

¦дебиет бетi



Ата-бабаларымыз «Бірінші байлық денсаулық...» деп

айтып кеткеніндей, басымыз ауырып, балтырымыз

сыздамағанда төрт құбыламыз түгелдей көрінеді.

Адамның денсаулығы ең алдымен, əрқайсымыздың

жеке басымызға тікелей байланысты. Денсаулықтың

қадірін сырқаттанғанда барып білеміз, ауырмаудың

жолын іздей бермейміз. Жасыратыны жоқ, арамызда

ауруы əбден асқынып, меңдегенде барып дəрігердің

алдына келетіндер бар. Мұндай жағдайда дəрігерлерге

оны сырқатынан жуық арада айықтыру оңайға түсе

қоймайды. Қандай да болсын дерттің алдын алу

мақсатында жүйелі, жоспарлы түрде жұмыстар жүргізіп

келеміз. Оның оңды

нəтижесі де жоқ емес.

Жоспар демекші,

біздің алға қойған ең

басты мақсатымыз --

халыққа медициналық

қызмет көрсету

сапасын бұрынғыдан

да арттыра түсу, мемлекет тарапынан

бөлінген қаражатты, мақсатты, тиімді

пайдалану, штатты нормативке

сəйкестендіру, дəрігерлер мен мен орта

буын медициналық қызметкерлердің

біліктілігін көтеру, бір жасқа дейінгі

балаларды, жүкті, босанған əйелдерді

күнделікті бақылау, мониторинг жүргізу

сияқты жұмыстарды жүйелі жүзеге

асыру. Сондай-ақ, медициналық

мекемелерде  ИВБДВ бағдарламасының

енгізілуінің емханалық индикаторларына

күнделікті, емхана бойынша апталық

мониторинг жүргізіп, профилактикалық

жəне скринингтік тексеру сапасын көтеру

болып отыр.

Аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын

қалыптастыруға бағытталған жұмыстар күн тəртібінен

ешқашан түспейді. Бүгінгі таңда мемлекеттің ғана емес,

жұмыс берушінің жəне əрбір азаматтың  денсаулық

сақтауға деген ортақ жауапкершілігін арттыру да аса

маңызды. Оңтүстік Қазақтан облысы денсаулық сақтау

басқармасының медициналық ұйымдар арасындағы

2014 -- 2015 жылдарға арналған меморандумының

типтік нысанын жəне аудандық емхана бойынша  2011 -

- 2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы бойынша

нысаналы индикаторлардың  жоспарын жүйелі түрде

орындауға ұмтылудамыз.

Бүгінгі таңда медицина саласында да жетістікке

жетуде материалдық-техникалық базаны жетілдіре

түсудің мəні зор. Біздің ауданда бұрынғы жылдармен

салыстырғанда осы бағыттағы жұмыстарымызда  алға

басушылық бар. 2014 жылы Бірінші Мамыр ауылдық

округіндегі Əлішер Науайы ауылында дəрігерлік

амбулатория құрылысы аяқталып, жергілікті тұрғындар

игілігіне берілсе, Бейнеткеш, Алатау, Тасарық

ауылдарындағы медициналық нысан ғимараттарына

күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал биылғы

жылдың маусым айында Кемеқалған ауылдық округінің

Абай ауылындағы дəрігерлік амбулаторияға күрделі

жөндеу жұмыстарын жүргізу қолға алынды. Осы

мақсатқа 52 843, 93 мың теңге қаржы аударылды.

Инвестициялық бюджеттен қарастырылған қаржыға

атқарылатын бұл шаруаны аяқтау үстіміздегі жылдың

қыркүйек айының соңына жоспарланған.

Биылғы жылы Қаратөбе, Киелітас, Керегетас

ауылдарындағы медициналық мекеме ғимараттарына

күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді көздеген

болатынбыз.  Қажетті құжаттардың бəрі дайындалып,

тиісті орындарға ұсынылғанымен, жобалау жұмыстары

кешеуілдеп кетті. Бұл жобалар келер жылы іске асады

деген үміттеміз.

Аудандық емхананың медициналық техникамен

жабдықталуы 51,36. Ал медициналық құралдармен,

қажеттермен қамтамасыз етілуі 31,6 пайызды құрайды.

Біз ауданның демографиялық көрсеткішін ешқашан

назардан тыс қалдыра алмаймыз. Аудан бойынша

аудандық емханаға  73015 адам тіркелген. Бір жасқа

дейінгі балалар  саны 2250, бір жастан 5 жасқа

дейінгілер 10439, ал 14 жасқа дейінгі балалар 29050,

жасөспірімдер 5304  болып отыр.  Туу  қабілеті бар

жастағы əйелдер саны 15536 адам болса, 18 жастан

жоғарғылардың саны 38661 адамға жетті.

Өткен жылдың жеті айында 1229 сəби өмірге келсе,

биылғы жылғы осы мерзімде 1300 бөбек жарық дүние

есігін ашты. Былтыр да, биыл да түрлі себептермен 19

сəбидің шетінеуіне жол берілді. Өткен жылдың осы

кезеңімен салыстырғанда   өлім-жітім анағұрлым

азайды. Ана өліміне жол берілген жоқ. Аудан

тұрғындарының табиғи өсімі былтыр 11,8, биыл 15

пайызды құрап отыр. Осы көрсеткіштердің өзі ауданның

медицина саласында алға басушылық бар екендігін

аңғартады.

Бүгіндері аудандық емханаға қарасты  9 дəрігерлік

амбулатория (Бірінші Мамыр, Алатау, Достық, Абай,

Кемеқалған, Əлішер Науайы, Қаратөбе, Зертас,

Жоғарғы Ақсу), 16 медициналық , 19 фельдшерлік-

акушерлік пункт, жедел жəрдем көрсету мақсатында 1

дəрігерлік, 4 фельдшерлік бригада жергілікті

тұрғындарға қызмет көрсетуде. Барлығы 65 орында

күндізгі стационар жерлестерімізге медициналық қызмет

көрсетеді.

Стационарлық көмекті нығайта түсу мақсатында

күндізгі стационарлар 6 дəрігерлік амбулаторияда жəне

аудандық емханада науқастарды қабылдайды. Қазіргі

кезде күндізгі стационарда 65 төсек орын

пайдаланылуда. Үстіміздегі жылдың 7 айында 1196

науқас емделіп шықты. Үй

жағдайындағы 4 стационарда осы

мерізім ішінде 342 науқас ем

қабылдады.

Аудан аумағында жергілікті тұр-

ғындарға медициналық көмек көрсету

сапасын арттыра түсуде ең алдымен,

кадрлық құрам маңызды орын алады.

Қазіргі кезеңде аудандық емханада  91

дəрігер жəне 358 орта буын медицина

қызметкерлері халық денсаулығын

күзетуде.

Дəрігерлердің 46,1 пайызының, орта

буынды қызметкерлердің 60 пайызының

санаты, ал өзгелерінің маман сер-

тификаты бар.  Аудан бойынша биыл 3

жас маманды ауылдық жерге жұмысқа қабылдадық.

Шындыққа келсек, ауданда білікті дəрігерлер қажеттігі

бүгінге дейін сезіліп жүр. Емдеу орындарына  лор

дəрігер, кардиолог, окулист, невропатолог, эндокринолог,

фармаколог, эксперт мамандар қажет. Өкінішке орай,

жоғары оқу орнын бітіріп келген кейбір жас дəрігерлердің

ауылдық жерлерде тұрақтай бермейтіндері де бар.

Бүгіндері бізде еңбек өтіліне үш жыл толмаған 17 дəрігер

жұмыс істейді. Бəрі де елді мекендерде тұрақтап қалса

екен дейміз. Баршасына қолдан келгенше көмек

көрсетудеміз. Жас мамандар арасында ауылдарда 5 --

6 жыл жұмыс істеп, біліктілігін арттырып, тəжірибе

жинақтағаннан  кейін қалаға кетуге дайын тұратындары

да бар. Оның түрлі себептері де болады. Ең бастысы,

жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету оңды шешімін

таппай жүргенін жасыра алмаймыз. Жас мамандардың

тұрақтай бермеуінің бір себебі де осында. 

Жергілікті тұрғындар арасында жұқпалы аурулар жыл

сайын болып тұрады. Былтырғы жылы  7 айда сары

аурумен ауырған 1 адам болса, биылғы жылы

сырқаттанғандар тіркелген жоқ. Ішек, сарып, туберкулез

ауруына шалдықандар да бар. Алайда, былтырғы

жылмен салыстырғанда  жұқпалы дерт саны анағұрлым

кеміді.

Онкологиялық  аурулардың асқынған түрлерімен



ауырған (биылғы жылдың 7 айында) 292 науқас есепке

алынды. Былтырғы жылы 341 науқас тіркелген болатын.

Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу,

болдырмау мақсатында облыстық  СЭҚБ-сының

кураторлары аудандық емхана дəрігерлерімен, орта

буын мамандармен семинар өткізді. Бұл бас қосуға

біздің ауданнан 86 медициналық қызметкер қатысты.

Сонымен қатар, аудандық тұтынушылар құқықтарын

қорғау басқармасы  маманы, облыстық кураторлардың

қатысумен медициналық конференциялар, 6 семинар

ұйымдастырылды.

Аудан тұрғындары арасында конго-қырым қанды

қызбасы 

ауруының алдын алу үшін емдеу-

профилактикалық мекемелерде санитарлық-əдістемелік

сабақтар, аттестациядан өткізу ұйымдастырылды. Осы

істі жүзеге асыру үшін  аудандық тұтынушылар құқын

қорғау басқармасымен (СЭҚБ) бірлескен бұйрық

шығарылып, кестеге сəйкес 447 медициналық

қызметкер аттестациядан өткізілді.

Үстіміздегі жылдың наурыз айының 1-ші жұлдызынан

бастап аса қауіпті жұқпалы ауруларды болдырмау

мақсатында барлық ауылдық округтерге қарасты елді

мекендерде аула аралау жұмыстары жүргізіліп,  бұл

шара шілде айының соңына дейін 5 рет жүзеге

асырылды. Барлығы 53561 адам қамтылып, кене шақты

деген шағыммен келген 84 адам диспансерлік

бақылауға алынып, дəрігерлер назарына алынды. Олар

14 күн бойы қадағалауда болып, кейін есептен

шығарылды.

Өткен жылмен салыстырғанда кене шаққан адамдар

саны аз.  Дегенмен, мұндай алдын алу шараларына

үнемі жете назар аудару қажет. 

Аудан тұрғындары негізінен, мал шаруашылығымен

айналысатындықтан кенеден ғана емес, малдан, оның

шикі өнімдерінен жұғатын жұқпалы аурулар кездесіп

қалуы əбден мүмкін. Біздер алдағы уақытта аудандағы

мал дəрігерлерімен де үнемі бірлесіп жұмыс істеуіміз

керек. Сонда ғана ісіміз оңға басып, өз жемісін беретіні

анық. Биылғы жылдың өзінде жұқпалы ауруларға қарсы

күресте жергілікті тұрғындармен кездесулер

ұйымдастырылып, 2449 дана ақпараттық əдебиеттер

таратылды.

Қай салада немесе қайсыбір мамандық иесі болсын

жұмыс барысында қателікке, кемшілікке жол беріп алуы

мүмкін. Сол қателігін кеш те болса біліп, қайта түзетуге

əбден мүмкіндігі бар. Ал дəрігерге, орта буын

медициналық

қызметкерлерге аз да

болса қателікке жол

беруге əсте болмайды.

Сол болмашы кем-

шілігіміздің өзі орны

толмас өкінішке соқ-

тыруы əбден мүмкін.

Себебі, біздің қолымызда адам тағдыры тұрғанын

ешқашан ұмытпауымыз керек. Ақ желең киген мамандар

білімділігімен, біліктілігімен ғана емес, адами асыл

қасиеттерімен, мейірбандылығымен, жан жылуымен

ерекшеленгені жөн. Солай десек те, өмірде қанша адам

болса, сонша мінез, дүниетаным бар. Сол үшін де

шыдамдылық, мəдениеттілік танытуға, ашуды ақылға

жеңдіруге тура келеді. Бойынан ізгі қасиеттер

табылмаған жандар нағыз дəрігер бола алмайды.

Аудандық емхана мамандары арасында тəртіпке біз

бірінші кезекте назар аударамыз. Биылдың өзінде

жұмыс барысында 11 дəрігерге ескерту жасалып, 12-

сіне сөгіс берілді. Орта буын медициналық

қызметкерлер арасында  9 адам ескерту алып, 30-ына

сөгіс жарияланды. Олардың бəрі ескерту мен сыннан,

сөгістен дұрыс қорытынды шығарады деген үміттеміз.

Биылғы жылы аудандағы науқастарды тегін дəрі-

дəрмекпен қамтамасыз етуге 48 миллион теңге қаражат

бөлінген болатын. Өткен жеті айда бұл қаржының 77

пайызы игерілді.

Дəрі-дəрмектердің тиімділігі мен дəрілік қажеттердің

есебін жүргізудің, медициналық құрал-жабдықтарды

пайдаланудың ережесі бекітіліп, жұмыс комиссиялары

құрылып, үнемі қадағалау жасайды.

Күз айлары да келіп қалды. Қыс қыр астында тұр.

Аудандық емхана мен дəрігерлік амбулаторияларға,

фельдшерлік-акушерлік пункттерге,  медициналық

тіректерге қажетті 1157 тонна көмір жеткізілді. Ал табиғи

газбен жылытылатын мекемелер үшін 546 мың теңге

қаралды. Қазандықтар, жылыту жүйелері ретке

келтіріліп, пештер тазартылды. Аудандық емханаға

қарасты мекемелердің бəрі де алдағы қыстан қысылмай

шығатын болады.

Бас дəрігер ретінде  ауданның медицина саласында

қалыптасып отырған бүгінгі жағдай жөнінде біршама

болса да хабардар еттім. Бізде де жергілікті билік

өкілдерімен, көпшілікпен ақылдасып, ойласып шешетін

шаруаларымыз баршылық. Оның бəрі де рет-ретімен

жүзеге асады деген үміттеміз.

Қандай  да бір қызмет саласында болсын құрмет пен

бедел еңбексүйгіштіктің, көпшілікпен ортақ тіл табыса

білудің, адамгершілік асыл қасиеттің, адалдықтың

арқасында ғана келеді. Адам еңбектен, сүйікті кəсібінен

лəззат алып, бақыт табады, қуанышқа кенеледі.

Аудандық емхана мен оған қарасты емдеу

мекемелерінде көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп,

алғыс арқалап жүрген дəрігерлеріміз, орта буын

мамандарымыз аз емес. Оларды мақтан тұтамыз. Атап

айтқанда: аудандық емхананың бөлімше меңгерушісі

Меңзада Ибраева, лор дəрігер Нарəлі Əсілбеков,

дəрігерлер Күнсұлу Ералиева, емхана лаборанты Айжан

Егембердиева, бас медбике Дүйсекүл Елшібаева,

Алатау дəрігерлік амбулаториясынан Жұлдыз

Қозыбағарова, Бірінші Мамырдан Жазира Ташқұлова,

Кемеқалғаннан Салтанат Рысбекова, Достықтан

Қаламқас Қарабаева, Қасқасудан Ербол Тоғысбаев,

Əлішер Науайыдан Ақмарал Қарабаева, Зертастан

Тимур Байдуллаев, Қаратөбеден Қайрат Батырбеков

жəне басқалар жерлестеріміздің ыстық ықыласына,

сүйіспеншілігіне бөленуде. Олардың бəрі де

жұртшылықтың ризалығын алып, марапаттауларға да ие

болып жүр.

Жоғарыда айтып өткенімдей, адам баласына

денсаулықтан артық байлық жоқ. Баршаңыздың бай,

сау-саламат болғандарыңызды қалаймын. «Ауырып ем

іздегенше, ауырмаудың жолын іздейік», құрметті

жерлестер!



Д.АЙТБАЕВ, 

аудандық емхананың бас дəрігері,

аудандық мəслихаттың депутаты.

5-қыркүйек  2015 жыл


  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал