Бюллетень мамыр маусым 2010 жыл 1 Сіздердің назарларыңызға Орталық Азия елдеріндегі



жүктеу 0.65 Mb.

бет1/5
Дата16.02.2017
өлшемі0.65 Mb.
  1   2   3   4   5

Åóðîïàëû? 

êîìèññèÿ


Ñî?ûñ æ?íå áåéá³òø³ë³êò³ 

æàðèÿëàó æ?í³íäåã³ Èíñòèòóò



Тоқсандық ақпараттық-сараптамалық бюллетень

мамыр - маусым 2010 жыл

1

Сіздердің назарларыңызға Орталық Азия елдеріндегі 



адам  құқығы  саласындағы  өзекті  тақырыптарды 

көтеретін ақпараттық-сараптамалық бюллетеніміздің 

кезекті алтыншы жарияланымын ұсынамыз. 

Үстіміздегі  жылдың  сәуір  айынан  бастап  әлем 

Қырғызстанда  болып  жатқан  оқиғаларға  ыждаһат-

тылықпен  қарауда,  осы  жылдың  маусымында  бұл 

елдің оңтүстігінде 90-жылдардағы Ош қақтығысынан 

кейін  болмаған  қайғылы  оқиғалар  орын  алды. 

Маусымның 10-нан 11-не қараған түні Ош қаласында 

қарулы  қақтығыстар  басталды,  кейін  ол  Жала-

абад  қаласын  да  шарпыды.  ҚР  денсаулық  сақтау 

Министрлігінің  6  шілде  күнгі  соңғы  мәліметтері  бой-

ынша  осы  күндері  309  адам  қаза  тапқан.  «Коммер-

сант» газетіне берген сұхбатында ҚР басшысы Роза 

Отунбаева  айтып  кеткендей  ресми  мәліметтер  аса 

төмендетіліп  көрсетілуі  мүмкін.  БҰҰ-ның  босқындар 

ісі  бойынша  Жоғарғы  комиссариатының  (UNHCR) 

бағалауынша,  шамамен  400  мыңға  жуық  адам 

үйлерін тастап қашқан. Өзбекстан ресми түрде өзіне 

45 мың адамды қабылдады, ал іс жүзінде босқындар 

саны  одан  көп  болған  еді.  Жағдай  тұрақталған  соң 

олар ҚР қайта бастады.  

Осы оқиғалар басталған соң-ақ аймақта комендаттық 

сағат  орнатылды.  Мәселен,  Ош  облысында  ол  10 

тамызға дейін созылады. ҚР Уақытша үкіметі «ұлттық 

негізде  жоспарланған»  деп  атаған  қақтығыстар 

түрлі  ұлт  өкілдерінің  зардап  шегуіне  әкеліп  соқты: 

көптеген  адам  баспанасынан,  туыстарынан  ай-

рылды.  Ел  оңтүстігінде  болған  бұл  оқиғалардың 

ұйымдастырылуына  үшінші  бір  ішкі  және  сыртқы 

күштердің қатысы бар екендігі жайлы болжасдар ай-

тылуда.  

Билік  жолыққан  мәселелердің  бірі  жапа  шеккендер-

ге  гуманитарлық  көмекті  бөліп  тарату  болды.  Жергі-

лікті халықты қайтару мен зардап көргендерге психо-

логиялық  көмек  беру,  сонымен  қатар  қақтығыстар 

салдарынан  қираған  оңтүстік  қалаларының  инфра-

құрылымын  қалпына  келтіру  мәселелері  де  маңыз-

ды мәселе болып тұр. Осы сұрақтардың бәрін 27 ма

усымда  болған  бүкілхалықтық  референдумда  сай-

ланған  Қырғызстанның  жаңа  билігіне  жауап  табуға 

тура келеді. 

Ал  Қазақстан  Республикасының  Президетінің  бас 

тартқанына  қарамастан  13  мамыр  күні  Нұрсұлтан 

Назарбаевқа  елбасы  статусын  беретін  конститу-

циялық  өзгеріс  қабылданып  кетті,  ол  ел  басшысы-

на  саяси  ықпалын  сақтауға  және  заңдық  тұрғыдан 

жауапқа тартылмауға мүмкіндік береді. 

Орталық  Азия  аймағының  құқыққорғаушылары  да-

был қағып, ЕҚЫҰ төрағасы болып отырған Қазақстан 

билігін  өзбекстандық  босқындарға  назар  аударып 

қарауды  сұрап  отыр.  Бюллетеннің  осы  нөмірі  Сізге 

Орталық Азияда болып жатқан саяси және әлеуметтік 

оқиғалармен танысуға мүмкіндік береді. 

Ал  біз  бюллетеннің  «Орта  Азия  мемлекеттеріндегі 

құқыққорғау білімі мен адам құқығын қорғау» жобасының 

аясында,  Соғыс  пен  бейбітшілікті  жариялау  жөніндегі 

британдық  институт  (IWPR)  арқылы  жүзеге  асырылып, 

Еуро Комиссияның қолдауымен басылғанын естеріңізге 

сала кетеміз. Орта Азия мемлекеттеріндегі адам құқығын 

қорғау  саласындағы  қоғамның  ақпаратпен  қамтамасыз 

етуінің деңгейін көтеру жобаның негізгі мақсаттарының 

бірі болып есептеледі. 

Бүгінгі күні жоба Қырғызстандағы балалардың білімге 

қол  жеткізу  туралы  сұрақтарын,  Тәжікстандағы  өз 

өзіне қол жұмсаушылықтың көбейіп кетуіне байланы-

сты мәселелердің, Қазақстандағы сөз бостандығына 

қатысты мәселелерге қатысты диалогтық байланысқа 

қатысты  сұрақтарды  шешіп,  қамтамасыз  етіп  отыр. 

Жобаның  келесі  бағыты  үкіметтік  емес  ұйымның 

мүшелерін қоғаммен байланысқа, бұқаралық ақпарат 

құралдарымен  қарым-қатынас  құруға  және  адам 

құқығына  қатысты  халықаралық  стандарттар  мен 

сол саладағы ұлттық заңнама туралы журналистерге 

арналған тренингтер өткізеді.

IWPR  бүгінгі  таңда  Еуропада,  Ауғанстанда,  Иран-

да, Иракта, Сирияда, Филиппинде, Уганда, Солтүстік 

Африкада,  Зимбабведе,  Кавказда  және  Орта  Азия 

мемлекеттерінде өз қызметін жүзеге асырып келеді. 

Орта Азиялық аймақта IWPR-дың сәтті қызметі 1999 

жылдан  бастау  алған.  Осы  уақыт  аралығында  Ин-

ститут  мемлекеттік  органдармен,  үкіметтік  емес 

ұйымдармен  (ҮЕҰ)  және  медиа  құрылымдармен 

конструктивті 

қарым-қатынас 

орнатты. 

IWPR 

алғашқылардың  бірі  болып  жергілікті  журнали-



стермен  қарым-қатынас  құрып,  оларға  шетелдегі 

әріптестерімен байланыстарын дамытуға көмектесті.

Уақыт  өте  келе  серіктестік  тығыз  қарым-қатынастар 

түріне айналды. 

Мұндай  тәсіл  жаңа  байланыстардың  кеңеюін, 

идеялардың,  білімнің  және  машықтармен  алмасуды 

қамтамасыз етті. Тілдік тосқауыл мен көзқарастардың 

әр  түрлі  болуына  қарамастан,  www.iwpr.net  сай-

тында  көптеген  мақалалар  жарық  көруі,  жемісті 

жұмыстың  қорытындысы  болып  есептеледі.  Осын-

дай жұмыстың арқасында IWPR адам құқығына бай-

ланысты, демократия мен басқа да қақтығыс тудыра-

тын  тақырыптарды,  сұрақтарды  баяндауға  қатысты 

едәуір үлесін қосты. 

Бюллетеннің  әр  нөмірінде  біз  сіздерді  жобаның 

қызметімен,  Қазақстандағы,  Қырғызстандағы,  Тәжік-

стандағы  және  Өзбекстандағы  адам  құқығын  бұзуға 

қатысты  әр  түрлі  жағдайлармен  таныстыруға,  соны-

мен қатар, біздің аймақтағы мемлекеттердің шынайы 

жағдайын объективті түрде баяндауға тырысамыз.



Құрметті оҚырмандар!

Тоқсандық ақпараттық-сараптамалық бюллетень

мамыр - маусым 2010 жыл

2

Өзекті сұхбат:

Зариф Ализодпен сұхбат: Тәжікстандық омбудсмен: 

«Біз арызды бәрінен бірдей қабылдаймыз»



арнайы репортаж:

ЖҚТБ санының артуына байланысты Орталық Азия 

елдерінің халқы алаңдаушылық білдіріп отыр

Гуантанамо түрмесінің екі бұрынғы тұтқынының ісін 

қайта қарауға шақыру 

ҚазаҚстан:

Қоғамдық қарсылық білдіру санының өсуі

Қазақстан Президентіне елбасы статусы берілді

Қырғызстан:

Бұрынғы шахтерлердің өтемақы алуға деген 

үміті күн өткен сайын азаюда 

Оштағы ойран   

Қырғызстандағы топты жеңген бағаланбаған 

қаһармандар



тәжікстан

Табиғи апаттан кейінгі Тәжікстан көмек сұрауда

Тәжікстанда ұялы телефон пайдалануға 

байланысты пікір қайшылықтары 



түркіменстан

Жергілікті билік құзыры оңтайландырылды

Түркіменстандағы жасанды энтузиазм  

Өзбекстан

ЕҚЫҰ-ға төраға мемлекет құқыққорғаушылардың 

сөзіне құлақ аса ма?

Өзбекстан құқыққорғаушылары спорт 

журналистін босату үшін күресуде

7

9

14

16

19

23

26

28

27

29

25

17

20

22

жоба жаҢаЛыҚтары:

осы нӨмірде:

11-12 маусым күні Алматыда «Орталық Азиядағы 

адам  құқығы  мен  құқықтық  білімді  БАҚ  арқылы 

қорғау»  жобасының  аясында  екікүндік  «Ақпарат 

іздеу,  тақырып  іздеу,  БАҚ-ның  құқықтық  сау-

аттылығы»  тренингі  болып  өтті,  тренингті 

Қазақстандағы IWPR өкілдігі ұйымдастырды.  

Тренингті Қазақстандағы белгілі құқыққорғаушы және 

журналист  Андрей  Гришин  өткізді.  Тренингке  Шым-

кент,  Тараз  және  Алматы  қаласының  журналистері 

қатысты.  Тренер  азаматтар  құқығының  бұзылуының 

маңызды  деген  тұстарына  тоқталып  өтті,  ол:  Бейбіт 

жиналыстар  өткізу  еркіндігі  (саяси  және  әлеуметтік 

қарсылық  көрсету  акциялары),  Дін  (дәстүрлі  емес 

діни  топтарды  қудалау  жалғасуда).  Тренингтің  негізгі 

мақсаты  журналистердің  құқықтық  сауаттылығының 

деңгейін  арттыру  мен  құқықтық  ақпаратпен  жұмыс 

жасауда  журналистиканың  үздік  мысалдарының 

негізінде  маңызды  әдістер  мен  жұмыс  түрін  үйрету 

болды. 


Гришин қатысушылардың назарын журналистиканың 

бұрыс мысалдары мен материал ұсынудың сауатсыз 

жолдарын ашып көрсетті. 

Журналистер  тренинг  тақырыбының  өзектілігін  атап 

көрсетті. Николай Цой біздің кезде адам құқығы жайлы 

айту  керек  екендігіне  тоқтала  отырып,  тренердің  ау-

диториямен жұмысына көңілі толатындығын жеткізді. 

«Құқықтық  қорғау  мен  ол  жайлы  ақпарат  таратуға 

көбірек  тоқталса  жақсы  болар  еді.  Материалдарды 

көзбен көру және түрлі ойындар өткізу орынды болды. 

Аталған  тақырыпты  бұдан  да  көбірек  ашып  көрсету, 

тереңдетіп беру дұрыс болар еді», – дейді журналист 

ойымен бөлісіп. 

Шымкенттік  тәуелсіз  журналист  Татьяна  Мухина 

ұсынылған  материалдардың  маңыздылығы  мен  қол-

жетімділігі жайлы айтып кетті.



жоба жаҢаЛыҚтары 

Тоқсандық ақпараттық-сараптамалық бюллетень

мамыр - маусым 2010 жыл

3

«Таратпа материал тамаша болды. 



Халықаралық  журналистикада  жұ-

мыс істегісі келгендерге таптырмай-

тын  тақырып.  Қызықтырып  жүрген 

сұрақтар  мен  тақырыптардың  бәрі 

талқыланды.  Бәрі  орынды  болды, 

практика мен теория ұштасып жат-

ты, ойындар да өз үлесін қосты», – 

дейді ол.

Тренинг қатысушыларына сертифи-

кат берілді.



Мемлекеттік баспасөз қызметі 

қызметкерлері дағдарысқа қар-

сы PR негіздерін оқыптаныды

28-29  мамыр  күндері  Бішкек 

баспасөз  клубында  (BPC)  мемле-

кеттік  баспасөз  қызметі  қызмет-

керлеріне  арналған  «Дағдарыстық 

жағдайдағы  БАҚ-мен  жұмыс.  Дағ-

дарысқа  қарсы  PR»  семинар-

практикумы болып өтті.  Семинарға 

сонымен  қатар  қоғамдық  ұйым 

өкілдері  де  қатысты.  Шараны 

ұйымдастыруға Тәуелсіз тренерлік-

кеңесші  топ,  «Сорос-Қырғызстан» 

Қоры  және  Қырғызстандағы  Соғыс 

және  бейбітшілікті  жариялау  жө-

ніндегі  Институт  (IWPR)  өкілдігі 

(Еурокомиссия  мен  Норвегияның 

сыртқы істер Министрлігі қолдайтын 

IWPR-дың  «Орталық  Азиядағы 

адам  құқығы  мен  құқықтық  білімді 

БАҚ арқылы қорғау» жобасы аясын-

да) қатысты. 

Тренер  ретінде  екікүндік  семинарға 

конфликтология,  әлеуметтік  психо-

логия  және  әлеуметтік  менеджмент 

бойынша  мамандар  «Egalité»  ҚҚ-

нан Татьяна Выговская мен Иван Ка-

менко  және  PR-маман,  маркетолог 

«APRA  Group»  медиаконсалтингтік 

компаниядан  Екатерина  Филиппова 

келді. 


Семинар-практикумда  мемлекеттік 

баспасөз  қызметі  қызметкерлеріне 

ведомстволардан  келіп  түскен 

ақпараттың ішкі саяси жүйеде қалай 

айналысқа  түсетінін  сараптап  беру 

ұсыныслды.  Жеке  назарға  саяси 

жауаптың ақпаратқа деген эмоцио-

налды жағы ілікті. 

Сонымен  қатар,  семинарда  дағда-

рыстық жағдайда БАҚ-мен баспасөз 

мәслихаттарын ұйымдастыру, бас-

пасөз  баянын  тарату  және  басқа 

да  жолдар  арқылы  байланысты 

жақсартуға  арналған  практикалық 

ұсыныстар  берілді.  Мысалдар-

ды  талдай  отырып  қатысушылар 

ақпаратты  алушы  жақтың  еш-

қандай  дау-дамайға  жол  бермей 

алатындай  қылып  ұсынуға  тыры-

сты.


Семинар-практикумда  орын  алған 

ұсыныстардың  бірі  БАҚ-мен  жеке 

басты  қарым-қатынас  орнату  бол-

ды.  Тренер-кеңесшілер  сонымен 

қатар  ведомстволардағы  ішкі  бай-

ланысты ұйымның сыртқы беделінің 

артуы мен болашақта ықпал етуіне 

байланысты  жақсаруының  маңыз-

дылығын атап өтті. 

«Соңғы  оқиғалар  мемлекеттік  ме-

кемелер мен БАҚ-ның қаншалықты 

жақын  екендігін  және  қоғам 

пікіріне  біздің  әсер  ете  алатыны-

мызды  көрсетті.  Бұл  семинарда 

мен  БАҚ-пен  байланыс  орнатуды, 

ақпаратты  дұрыс  беруді  және  жур-

налистермен  өзімді  қалай  дұрыс 

ұстауды үйрендім», – дейді Қырғыз 

Республикасының  денсаулық  сақ-

тау Министрлігінің баспасөз хатшы-

сы Светлана Байтикова. 

«Бұрын  біз  өз  қызметіміз  жай-

лы  баспасөз  баянын  жіберетінбіз, 

бірақ  үн  қатқандар  аз  болатын.  

Енді мен шын мәнінде көрсеткішке 

қол  жеткізу  үшін,  ақпаратқа  басқа-

ша қарау керек екендігіне, яғни ақ-

паратты  тек  таратып  қана  қоймай, 

оны  ұсына  білу  қажеттілігі  жай-

лы  білдім»,  –  дейді  ішкі  мигрант-

тар  жұмысына  мамандандырылған 

«Арыш»  Қоғамдық  бірлестігінің 

әлеуметтік бөлімінің менеджері Ну-

рия Темирова. 

Семинар-практикумның  үйлестіру-

шісі  Елена  Воронинаның  пікірінше 

мұндай  оқыту  шараларын  мемле-

кеттік  баспасөз  қызметі  қызмет-

керлеріне  арнап  өткізу  уақытында 

болды,  себебі  ресми  құрылымдар-

дың  баспасөз  қызметтерінің  рөлі 

өсу үстінде. 

«Уақыт өзгеруде. Көптеген баспасөз 

қызметтері,  сонымен  қатар  журна-

листер  және  жалпы  біздің  қоғам 

жағдайға дайын болмады. Мен бұл 

семинар  бұдан  кейін  болатын  осы 

бағыттағы  шаралардың  басы  деп 

білемін.  Бүгін  дағдарысқа  қарсы 

байланыс  пен  осындай  жағдайда 

жұмыс  істеу  тәсілдері  қоғамдағы 

басқа да мемлекеттік ведомство ту-

ралы  пікір  қалыптастыратын  бас-

пасөз қызметі қызметкерлеріне де

өзге  де  медиакеңістік  қатысушы-

ларына  да  қажет»,  –  дейді  Елена 

Воронина. 

«Құқыққорғаушы ҮЕ-на арналған 

ақпараттық-ағартушы қызмет» 

тренингі  (Public Outreach) 

4-5  маусым  күні  Ош  қаласында, 

ал  11-12  маусым  күндері  Бішкек 

қаласында құқыққорғаушыларға ар-

налған 

ақпараттық-ағартушылық 



кампанияларды жоспарлау мен құ-

қыққорғау  қызметінде  әлеуметтік 

маркетинг әдістерін қолдану бойын-

ша тренингтер өтті. 

Тренингтің  негізгі  мақсаты  құқық-

қорғаушы  ҮЕҰ  қызметкерлерін  өз 

аудиториясының  қажеттілігін  еске-

ре  отырып  медиастратегияны  қа-

лай  құру  және  осы  қажеттіліктерге 

болашақта  қалай  оңтайлануды 

үйрету болды. 

Практикалық  интерактивті  тапсыр-

малар барысында ҮЕҰ жұмысында 

әлеуметтік маркетинг әдістерін қол-

дану,  медиакампанияларды  жос-

парлауда рөлдерді бөліп қарастыру, 

баспасөз баяндарының мәтінін дай-

ындау игерілді. 

Тренер  ретінде  байланыс  саласы-

ның  тренер-кеңесшісі,  «КУТ-Кон-

салт»  ҚҚ-ның  даму  бойынша 

менеджері,  Қырғыз-Ресей  Славян 

Университетінің  халықаралық  жур-

налистика  кафедрасының  оқы-

тушысы  және  IWPR-дың  «Орталық 

Азиядағы  адам  құқығы  мен  құ-

қықтық білімді БАҚ арқылы қорғау» 

жобасының  үйлестірушісі,  “public 

relations”  саласында  5  жылдан  ас-

там  еңбек  еткен  Айгүл  Болотова 

келді

Тренер  Ирины  Чистякованың  пікі-



рінше  ҮЕҰ-дың  көптеген  жұмыс-

шыларына  бизнес-құрылғы  білімі 

жетіспей жатады. «Әлеуметтік мар-

кетингтің  басты  мақсаты  нарықтық 

құралдарды  пайдалана  отырып 

нысанаға алған топтармен жұмысты 

жақсарту.  Тауарды  дамытқан  кез-

де кез келген бизнес аудиторияның 

қажеттіліктеріне баса назар аудара-

ды. Медиа алаңды емес аудитория-



Тоқсандық ақпараттық-сараптамалық бюллетень

мамыр - маусым 2010 жыл

4

мен бетпе-бет жұмыс жасайтын ҮЕҰ 



үшін үлкен шығынды қажет етпейтін 

BTL-маркетинг, партизандық марке-

тинг,  акйиялар  секілді  маркетингтік 

құралдар қажет», - дейді Ирина Чи-

стякова. 

«Тренинг  барысында  менде  біздің 

ұйымның  акцияларын  өткізуге  бай-

ланысты  көптеген  идеялар  пайда

болды»,  –  дейді  тренинг  қатысу-

шысы,  «Эгль»  ҚҚ-ның  құқықтық 

бағдарламасының 

үйлестірушісі 

Алмаз  уулу  Атай.  Ол  тренинг 

өзіне  маркентинг  бойынша  білім 

шеңберін  кеңейтіп,  бұқаралық  ақ-

парат  құралдарының  қызметі  жай-

лы білуге көмектескенін айтады. 

Қызметі  ауыл  жастарына  ақпарат 

беріп  отыру  болып  табылатын  ОО 

«Келечек доору» ҚҚ өкілі Нагима Аб-

дылдаева  тренингте  жірналистерді 

өз  ұйымының  қызметін  қалай  қы-

зықтыру  жайлы  бағалы  кеңестер 

алғанын айтты. 

«Мен  қолымызда  бар  журналис-

термен  байланысты  дұрыс  пай-

даланбайтындығымызды  түсіндім, 

ал дұрыс ұйымдастырған жағдайда 

қосымша шығынсыз-ақ екі жаққа да 

пайдалы  қарым-қатынас  орна-туға 

болады.  Жақын  арада  біз  Ысты-

қкөл  жағлауын  тазалауға  байла-

нысты  экологиялық  акция  ұйым-

дастырмақпыз,  ол  жерде  осы  тре-

нингте  үйренген  BTL-әдістерін 

қолданамыз»,  –  дейді  Нагима  Аб-

дылдаева. Сонымен қатар ол әлеу-

меттік  маркентинг  бойынша  ал-ған 

білімімен  аймақтағы  ұйым  қызмет-

керлерімен бөлісетінін жеткізді. 

«Кылым  Шамы»ҚҚ-ның  Жалал-

Абад  қаласындағы  бөлімшесінің 

өкілі  Абдуназар  Маматисламов 

айтып кеткендей ұсынылған марке-

тингтік  технологиялар  қазіргі  кезде 

өте  пайдалы,  оларды  құқыққорғау 

бағытында  да  тиімді  әрі  тең  түрде 

пайдалануға болады это. 

«Осы  тренингтің  арқасында  мен 

өзімнің журналист ретінде де, құқық-

қорғаушы  ретінде  де  ақпараттық-

ағартушылық  бағыттағы  кемшілік-

терімді  көре  алдым.  Болашақта 

дұрыс жоспарлау адам құқықтарын 

бұзудың  алдын-алуға  көмектеседі 

деп  ойлаймын»,  –  дейді  «Бала  құ-

қығын  қорғаушылар  лигасы»  же-

лісінің  өкілі,  «Open.kg»  журналисті 

Музаффар Турсунов.   

Тренинг  қатысушылары  ұйымдар-

дың  акцияларының,  BTL-шарала-

рының  және  БАҚ-мен  жұмыс  жа-

саудың  құқықтық  негізінің  құқықтық 

жағын  қозғайтын  тренингтер  жиі 

өткізіліп тұрса деп ниет білдірді. 

Қырғызстан  мен  АҚШ  сарапшыла-

ры  ҚР  болған  саяси  жағдайды  ви-

деоконференция форматында тал-

қылады 

2010  жылдың  23  маусымында 



Қырғызстандағы  Соғыс  және  бей-

бітшілікті  жариялау  жөніндегі  Ин-

ститут  (IWPR)  өкілдігінде  «Рефе-

рендум қарсаңындағы Қырғызстан» 

видеоконференциясы  өтті.  Виде-

оконференцияны  IWPR  Карнеги 

Қорымен (Вашингтон) біріге отырып 

өткізді. 

Талқылауға  Қырғызстан  жағынан 

сарапшылар  Ишенбай  Абдураза-

ков, Валентин Богатырев, Тамерлан 

Ибраимов,  Марс  Сариев,  Эльми-

ра  Ногойбаева  және  Кадыр  Мали-

ков,  АҚШ  тарапынан  Халықаралық 

әлем  үшін  Карнеги  Қорының, 

АҚШ  Мемдепартаменті,  ЮСАИД, 

халықаралық  діни  бостандық  бой-

ынша  АҚШ  Комиссиясы  (USCIRF) 

өкілдері және тәуелсіз зерттеушілер 

қатысты.


Видеоконференция барысында екі 

жақ  белсенді  түрде  жағдай  бойын-

ша  мәселелерді  талқылап,  Қыр-

ғызстанның 

болашағы 

жайлы 


сөз  қозғады.  Талқылау  референ-

дум  Қырғызстанға  не  береді  деген 

бағытта  өрбіді.  Елдегі  жалпы  сая-

си  жағдайға  аймақтағы  ішкі  және 

сыртқы  мүдделі  топтарды  есеп-

ке ала отырып сиепаттама берілді. 

Сонымен  қатар  сарапшылар  ел 

оңтүстігінде  қалыптасқан  жағдай, 

оның  асқынуының  себептері  мен 

жағдайдың  тұрақталуы  туралы  өз 

көзқарастарын білдірді. 

«Референдум  барысында  Вашинг-

тондағы әріптестермен болған Қыр-

ғызстандағы  саяси  жағдайды  тал-

қылау  жемісті  болды.  Видеокон-

ференция – пікір алмасудың тиімді 

және  қызықты  түрі»,  -  деді  қыр-

ғызстандық  қатысушылардың  бірі, 

саясаттанушы Марс Сариев. 

Марс  Сариевтің  пікірінше  маусым 

оқиғасы  кезінде  Қырғызстанның 

оңтүстігінде  біз  ақпараттың  алаң-

ның  үлкен  ықпалға  тап  болған-

дығын,  соның  салдарынан  «әлем 

Қырғызстанда  болып  жатқан  оқи-

ғалар туралы біржақты хабар алып 

отырғандығын» көреміз. 

Сарапшылар  кез  келген  ұлтқа  қа-

тысты дау-жанжал тез өршиді және 

бүгінгі күні де жағдай тұрақталудан 

алыс тұр дейді. 

«Қазіргі  күні  оңтүстікте  қоғам 

өздігінен  ұйымдасып  жатыр,  ақса-

қалдардың  бейбітшілікке  шақы-

ратын топтары пайда болуда, алай-

да  басқа  тенденцияға  сәйкес  өз 

өмірі  мен  мүлкін  сақтап  қалу  үшін 

адамдар  қару  қолдануға  дайын»,  - 

дейді  «Дін,  құқық,  саясат»  тәуелсіз 

сараптамалық  орталығынң  дирек-

торы Кадыр Маликов. 

 

Американдық  видеоконференция 



қатысушылары қырғызстандық әріп-

тестерінен  Қырғызстанда  болып 

жатқан  оқиғаларға  көршілес  ел-

дердің  қалай  үн  қатқаны,  елдің 

негізгі  заңын  өзгертуге  байланы-

сты елдің хабардар болу-болмауы, 

босқындардың  мәселесі  мен  жан-

жалды  шешудегі  халықаралық 

қауымдастықтың  алатын  рөлі  жай-

лы сұрады. 

Қырғызстандық  сарапшылар  Қыр-

ғызстан азаматтары үшін референ-

дум  «тұрақтылық,  қауіпсіздік,  және 

Уақытша үкіметке сенім білдіру» бо-

латындыын айтты. 

Өзгерістердің  негізгі  мағынасын 

халықтың басым бөлігі түсінеді деп 

санайды  қырғызстандық  саясатта-

нушылар.  «Перспектива»  сарап-

тамалық консорциумының жетекшісі 



Тоқсандық ақпараттық-сараптамалық бюллетень

мамыр - маусым 2010 жыл

5

Валентин  Богатырев  атап  өтіп  кет-



кендей, ҚР жаңа Конституциясында 

бір  негізгі  өзгеріс  бар,  ол:  үкіметке 

билік  жүргізу  президенттен  парла-

ментке  өтеді.  Богатыревтің  сөзіне 

қарағанда, мұны ішкі де, сыртқы да 

ойыншылар түсінеді. 

Кездесуде  сонымен  қатар  мемле-

кеттің  үйлестірушілік  қабілетімен 

байланыстағы Қырғызстандағы пар-

ламенттік  құрылымның  ерекше-

ліктері  сөз  болды.  Сарапшылар 

партиялардың  ұлттық  және  діни 

негізде  бөлініп,  аймақтағы  жағ-

дайдың ерекшелігін ескере отырып 

сепаратистік  қозғалыстарға  ауып 

кетуі мүмкін екеніне назар аударды.

Сарапшылар  сонымен  қатар  бола-

шақ билікті ұйымдастырудағы шар-

ттарды талқылады, парламент сай-

лауының  қалай  өтетіндігіне  және 

билік  институттарының  болашақта 

қалыптасуына болжам жасады. 

«Қазір жағдай 2005 жылға қарағанда 

жақсырақ,  ол  билікте  бәсекелес 

партиялардың  барлығынан  және 

олардың  көпшілігінің  сайлауға  қа-

тысатындығынан  көрініп  тұр.  Олар

халықаралық  бақылаушылармен 

қатар сайлауда әкімішілік ресурстың 

пайдаланып  кетуіне  жол  бермейді. 

Тіпті  осы  бағыттағы  азғантай  тал-

пыныстың  өзі  жарылысқа  әкелуі 

мүмкін» дегенге саятын пікірлер ай-

тылды. 


Сонымен  қатар  сарапшылар  пар-

ламенттік  сайлаудан  кейін  бо-

латын  елі  реформалау  оңайға 

соқпайтынын  айтты.  Бірқатар  са-

рапшылардың  пікірінше  қазіргі  са-

яси  жағдайға  байланысты  Қыр-

ғызстан  парламентінде  бірде-бір 

көпгілік  дауысқа  ие  болған  пар-

тия  болмайды.  Мұндай  жағдайда 

үкімет  құрамы  мен  үкімет  басшы-

сы  жайлы  келісу  оңайға  соқпайды. 

Жаңа  конституция  бойынша  үкі-

метті  жасақтауға  үш  әрекет  бар, 

алайда  осы  уақыт  ішінде  келісім 

бола  қояды  деу  қиын.  Олай  бол-

са  парламенттік  таратылуы  не-

месе  үкіметте  жаңа  адамдардың 

пайда  болуы  әбден  мүмкін.  «Тіпті 

қалыптасқан күннің өзінде, ол құрақ 

парламент  болады»  деп  атап  өтіп 

кетті қырғызстандық сарапшылар.  

Сараптамалық  келіссөз  өте  ма-

ңызды. Шетелдік сарапшылар Қыр-

ғызстандағы  жағдайға  басқаша 

қарайды.  Оларда  Орталық  Азияға 

тұрақты түрде келіп тұру мүмкіндігі 

болмағандықтан,  видеоконферен-

ция арқылы жергілікті ойды сезі-ніп, 

аймақтағы  сараптамалық  орта-лық 

мамандары,  әріптестерінің  көме-

гімен  елде  болып  жатқан  процес-

терді түсіне алады. 

Тиімді пікір, тәжірибе және көзқарас 

алмасу Қырғызстанның оңтүстігінде 

маусым  айында  болған  секілді 

жағдайлардың алдын-алуға мүмкін-

дік береді. Сондықтан түрлі елдер-

ден келген әріптестермен біріге от-

ырып  дұрыс  шешім  қабылдауға 

мұнда мүмкіндік бар. 

«Сараптамалық  келіссөздер  түрлі 

елдегі әріптестермен неғұрлым жиі 

өткізіліп  тұрса,  қойылған  сұрақ-

тардың ауқымы неғұрлым кең бол-

са,  қатысушылар  үшін  де,  елдегі 

оқиғаларды дұрыс түсіне білу үшін 

де, мемлекеттер арасындағы саяси 

қатынастарды  тану  үшін  де  соғұр-

лым  пайдалы  болар  еді»,  –  дейді 

видеоконференция  қорытындысы 

бойынша 

қоғамдық 

қайраткер 

Ишенбай Абдуразаков. 

«Тәжікстандағы  қыз  балалардың 

орта білімге қол жеткізуі» қоғамдық 

дәрісі

24 мамыр күні Душанбеде, С. Айни 



атындағы  Тәжікстан  мемлекеттік 

педагогикалық университетінде «Тә-

жікстандағы  қыз  балалардың  орта 

білімге  қол  жеткізуі»  тақырыбында 

ашық қоғамдық дәріс өтті. 

Дәріс  Еуропалық  Одақ  қаржылан-

дыратын  Соғыс  және  бейбітшілікті 

жариялау  жөніндегі  Институттың 

(IWPR)    «Орталық  Азиядағы  адам 

құқығы  мен  құқықтық  білімді  БАҚ 

арқылы қорғау» жобасының аясын-

да өтті. 

Дәріс беруші «Жоғары білімді әйел-

дер»  қоғамдық  ұйымының  төрайы-

мы,  ЮНЕСКО  кафедрасының  оқы-

тушысы    Гулджахон  Бобосадыкова 

болды. 

«Үстіміздегі  жыл  Тәжікстанда  бі-



лім  жылы  болып  жарияланды, 

осыған байланысты біздің тақырып 

өзектілікке  ие  болып  отыр.  Ген-

дерлік  теңдік  туралы  заңдар  мен 

Тәжікстан  қол  қойған  халықаралық 

адам  құқығы  туралы  құжаттарға 

қарамастан  ұл  балалар  мен  қыз 

балалардың білім алуға қол жеткізуі 

түрлі деңгейде қалып отыр», – деді 

дәріскер  ТМПУ-нің  50-ден  астам 

студентәне.  

Г.  Бобосадыкованың  сөзіне  қара-

ғанда  бұған  елдің  өмір  сүру  дең-

гейінің төмендігі, отбасындағы әйел 

рөлі  жайлы  дәстүрлі  түсінік,  білім 

сапасының төмендеуі әсер етуде. 

«Мұнда  көп  дүние  мұғалімге  бай-

ланысты.  Сіздер  болашақ  ұстаз 

ретінде  қыз  бала  оқушыларыңызға 

абай  қарау  керексіздер,  себебі 

оларды  елемеу  қыз  балалардың 

мектепке  баруына  кедергі  болып 

отырған дүниенің бірі», – дейді ол. 

Студенттердің пікірінше дәріс кезін-

де көтерілген тақырып шын мәнінде 

өте өзекті. 

«Өте  қызықты  дәріс  болды,  мен 

оқытушы  болып  істеген  кезде  жұ-

мыс  барысында  осы  кеңестерді 

қолданамын.  Ол  мысалы  мұғалі-

мнің  оқытушы  ата-анасымен  және 

оқушының  өзімен  мектепте  жұмыс 

істеуіне  байланысты»,  –  деді  сту-

денттердің бірі. 

«Мемлекеттік  органдар  баспасөз 

қызметінің  БАҚ-мен  қарым-қаты-

насы» тақырыбына арналған семи-

нарлар


28 және 30 маусым күндері Душан-

бе  мен  Худжнадта  «Мемлекеттік 

органдар баспасөз қызметінің БАҚ-

пен  қарым-қатынасы»  тақырыбына 

арналған  семинарлар  сериясы  бо-

лып өтті. 

Шараны  Тәжікстандағы  Соғыс  жә-

не  бейбітшілікті  жариялау  жөнін-

дегі  Институтының  (IWPR)  өкіл-

дігінің  Еуропалық  Комиссия  қар-

жыландыратын «Орталық Азиядағы 

адам  құқығы  мен  құқықтық  білімді 

БАҚ  арқылы  қорғау»  жобасының 

аясында  Тәжікстанның  Тәуелсіз 

БАҚ  ұлттық  ассоциациясы  USAID 


Тоқсандық ақпараттық-сараптамалық бюллетень

мамыр - маусым 2010 жыл

6

қаржысына  Интерньюстың  қолда-



уымен ұйымдастырды. 

Бұл  семинарлардың  мақсаты  рес-

ми  ақпарат  көздеріне  қол  жеткізуді 

оңтайландыру мен мемлекеттік ор-

гандар баспасөз қызметі, ҮЕҰ, БАҚ 

арасында тиімді қарым-қатынас ор-

натуды жақсарту жолдарын дамыту 

болды. 


Тәжікстанның  сыртқы  істер  Минис-

трлігінің  ақпарат  департаментінің 

жетекшісі  Давлат  Назаровтың  пікі-

рінше  мұндай  шараларды  өткізуге 

деген  қажеттілік  әрқашан  өзект. 

«Бұл жағдайды дұрыс бағалап, БАқ 

пен  ақпарат  көзінің  арасындағы 

қатынасты  дамытуға  жол  табу»,  – 

дейді ол. 

Душанбеде  өткен  семинардың  өз-

ге  бір  қатысушысы,  ТР  БАҚ  бой-

ынша  кеңес  төрағасы,  профессор 

Иброхим  Усмонов  кездесу  бойын-

ша жақсы нәтижелер күтуде. «Егер 

ең  болмағанда  бірнеше  қатысушы 

біздің  ақыл,  кеңесімізді  болашақ 

жұмысында  пайдаланса,  онда  біз 

нәтижені сеземіз», – деді ол. 

Худжандта  шара  одан  да  өткен 

үлкен  әсер  қалдырды.  Семинар-

да  аша  келе  ТТБАҚҰА  төрағасы 

Нуриддин  Каршибоев  БАҚ-на  рес-

ми  ақпарат  берудегі  және  мем-

лекеттік  билік  органдарының  қыз-

метінің  ашықтығын  арттырудағы 

мемлекеттік  органдар  баспасөз 

қызметінің рөлін ерекше атап өтті. 

Өз  кезегінде  Худжанд  қаласының 

төрағасының  бірінші  орынбаса-

ры Иброхимджон Иброхимов бас-

пасөз қызметі қызметкерлерін жур-

налистермен  және  БАҚ-пен  ты-

ңыз байланыста болуды ұсынды.

 

Семинарға қатысушы басқа да ма-



мандар мұндай кездесулердің тиім-

ділігін атап өтті:

«Осындай  кездесулерді  жиі  ұйым-

дастырып  отыру  қажет.  Осы  жер-

де  ресми  құрылымдар  мен  жур-

налистер  арасында  пайда  бола-

тын  даулы  мәселелерді  талқылап, 

оны  шешу  жолдарын  қарастыра 

аламыз»,  –  дейді  тәуелсіз  «Азия» 

телерадиокомпаниясының директо-

ры Азамхон Акбаров. 

«Вароруд» агенттігінің бас директо-

ры Ильхом Джамолиннің пікірінше 

осындай  шаралар  өткізуге  деген 

қажеттілік баяғыда-ақ туындаған. 

«Облыс  деңейіндегі  мемлекеттік 

билік  органдарында  баспасөз  қыз-

меттері  бар,  алайда  көптеген 

қызметкерлердің  БАҚ-мен  жұмыс 

істеу тәжірибесі жоқ, олар тіпті жай 

журналистермен  байланыста  бол-

майды,  ал  бұл  семинар  оларға 

үлкен  тәжірибе  болды.  Тренингтің 

мақсаты  –  билік  органдары  мен 

журналистердің арасындағы қарым-

қатынасты  жақсарту  болды,  бұл 

екі  жақтың  қызығушылығын  туды-

рып отыр. Болашақта бұл жұмыста 

жалғастыру  керек  деп  ойлаймын», 

– дейді ол. 



Тоқсандық ақпараттық-сараптамалық бюллетень

мамыр - маусым 2010 жыл

7



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал