Бюллетень 20-шы шығарылуы, 2015/2016 жж. ҚЫсы



жүктеу 482.32 Kb.

бет1/5
Дата14.09.2017
өлшемі482.32 Kb.
түріБюллетень
  1   2   3   4   5

1

Saiga News

 

| 2015/2016 жж. 20-шы шығарылуы, қысы



 

SAIGA 


NEWS

Бюллетень 

20-ШЫ ШЫҒАРЫЛУЫ, 2015/2016 ЖЖ. ҚЫСЫ | «SAIGA NEWS» 10-ЖЫЛДЫҚ ЮБИЛЕЙІН АТАП ӨТУДЕ!

Қолдауларымен 

шығады: 


Қосымша 

қолдау:


© А. Гилё в, К. Каренина

– Ақбөкеннің экологиясы мен қорғау мəселелері жөнінде 

мəліметтер алмасу үшін 6 тілде шығады

2

Ақбөкенді сақтау Альянсы

МАЗМҰНЫ

Редакциядан

«Saiga News» 10-жылдық юбилейін атап өтуде!



Жаңалақтар

Наталья Якушева Ақбөкенді сақтау шараларын күшейту: ақбөкенді сақтау жөніндегі өзара түсінісу 

меморандумына қол қойылған елдердің 3-ші конференциясы



Э.Дж. Милнер-Гулланд Ақбөкенді сақтау жөніндегі мамандар Ташкентте кездесті

Штеффен Цутер Ақбөкендердің бетпақдала популяциясының 2015 ж. мамыр айында жаппай 

өлім – жітімге ұшырауы



Мария Воронцова Отпен сынау

Евгения Самтанова, Наталья Шивалдова «Қорғауға алынған аралдар достарының» қозғалысы 

шекарасыз



Баспасөздерден

Якутиядан көне дəуірдегі ақбөкеннің бас сүйегі табылған

Ақбөкен мүйіздерінің заңсыз мөлшері (трафигі) Қырғызстан арқылы өтуде

Қазақстанда ақбөкенге аңшылық ұйымдасқан қылмыс формасына айналды

Ақбөкен Ресейдің қызыл кітабына енетін болады

Мақалалар

Кристина Рысава Жер бетіндегі мониторингтың маңызы: оқиғаның болған жерінде ақбөкендер 

туралы əңгіме



Андрей Гилёв, Карина Каренина «Степной» қорықшасы территориясында (Астрахань облысы) 

ақбөкендер тіршілігі үшін артезиан скважиналарының маңызы 



Лаура Кор жəне басқалар. Устірт қыратының өзбек бөлігінде ақбөкен өнімдерін заңсыз 

пайдаланудың негізгі факторлары



Софи Эллиот Жастар армандары: Қазақстанда табиғатты қорғау жөніндегі жастардың жаңа 

инициативтерін, ұмтылыстарын қалай пайдалануға болады?



Чжиган Цзян  Дəстүрлі қытай медицинасында (ТКМ), қолданылатын ДНК штрихтік кодирования  

технологиясы көмегімен ақбөкендер мүйіздерінің диагностикасын анықтау 



Жаңа басылымдар

Урсула Ратайчак жəне басқалар.  Ақбөкендердің бас сүйектері Шығыс Еуропа мен Сібірдің 

төрттік дəуірінен: Saiga borealis жəне Saiga tatarica – бір түр ме немесе екі түр ме?  

Хабарландыру

Ақбөкен жөніндегі Ресурстық Орталық беттерінде қандай жаңалықтар бар



Ақбөкенді сақтау – олардың өмірлік ісі

Юрий Арылов; Ресей



Редакция алқасы. Ұлыбритания: проф. Э.Дж. Милнер-Гулланд [редактор-консультант], Оксфорд 

университеті (

ej.milner-gulland@zoo.ox.ac.uk

); Қазақстан: Ю. Грачев, проф. А. Бекенов, Зоология 

институты (

teriologi@mail.ru

); A. Чухатина, ACБK (

alyona.chukhatina@acbk.kz

); Қытай: Айли 

Канг (


akang@wcs.org

) жəне Фенглиан Ли (

fli@wcs.org

), WCS-Қытай; Моңғолия: Б. Лхагвасурен 

(

lkhagvazeer@gmail.com



) жəне Б. Чимеддорж (

chimeddorj@ wwf.mn

), WWF- Моңғолия; Ресей: 

А. Лущекина, Экология жəне Эволюция проблемасы Институты (

saigak@hotmail.com

) жəне 


Ю. Арылов, Қалмақия Республикасының жабайы жануарлар Орталығы (

saiga-center@mail.ru

); 

Өзбекстан: Е. Быкова [жауапты редактор] жəне А. Есипов, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі 



генофонд Институты (

esipov@xnet.uz; ebykova67@mail.ru

); дизайн Weaseldance Design (

hello@


weaseldancedesign.com

), А. Ганиева (

Alfiya_71@mail.ru

).

Сіздерді алты тілдердің біріне материалдар жіберулеріңізді сұраймыз. Оларды мына адреске жіберулеріңізге болады: 



ebykova67@mail.

ru; esipov@xnet.uz

 немесе редакторлардың біріне. Бюллетень жылына екі рет шығады. Авторлар үшін ағылшын жəне орыс тілдеріндегі 

номерлерде ережені табуға болады 

www.saiga-conservation.com

 немесе сұраныш бойынша редакторлардан алуға болады. Егерде 

сіздерде қандай-да бір сұрақтар туса, өз еліңіздегі Saiga News редакторымен хабарласуға болады немесе жауапты редактор - Елена 

Быковамен (

ebykova67@mail.ru; esipov@xnet.uz

) хабарласыңыз.

Бұл басылым онлайнда

 www.saiga-conservation.com, http://saigak.biodiversity.ru/publications.html

 немесе банта түріндегі 

кземплярды ағылшын, қазақ, қытай, моңғол, орыс жəне өзбек тілдерінде редакторлардан сұрау бойынша алуға болады.



3

Saiga News

 

| 2015/2016 жж. 20-шы шығарылуы, қысы



 

«Saiga News» өзінің 10-жылдық юбилейін 

атап өтуде!

2004-2005 ж.ж. ақбөкен халықаралық деңгейде 

жоғарғы негізгі түр болды, ал 2006 ж. ақбөкенді 

сақтау жөнінде қоныс аударатын түрлер 

Конвенциясының өзаратүсінісу Меморандумы 

күшіне енді. Міне осындай халықаралық 

мойындауға қарамастан, сол кезде түрдің 

экологиясы мен оны сақтау мəселелері жөнінде 

мəліметтер алмасу механизмі болмады, бұл 

туралы əрекеттер – ақбөкенді зерттеу мен 

сақтау оның ареалындағы жеке елдерде, 

сондай-ақ халықаралық деңгейде жүзеге аса 

бастады.  Тамаша үлкен жұмыстар – табиғат 

қорғау саласында ғалымдар мен мамандар 

атқарып жатқан жұмыстар, тілдер кедергілеріне 

байланысты еске алынбай қалды, сондай-ақ 

бұл жұмыстардың нəтижелерін жариялауға 

мүмкіндіктерде болмады жəне оларды 

жұртшылық қауымға жеткізуде қиынға соқты.

Сөйтіп, 2005 ж. «Saiga News»–тің бірінші номері 

жарық көрді – бюллетень барлық қауым үшін, онда 

жаңалықтар, ғылыми мақалалар, баспасөздер 

материалдары, хабарландыру жарияланып тұрды. 

Бюллетень шығып тұрған жылдары - «Saiga 

News» беттерінде ақбөкен таралған барлық 

елдерде жұмыс істейтін ғалымдар мен мамандар 

ақбөкенді зерттеулері мен сақтау жөніндегі 

жұмыстарын жариялап тұрды, сонымен бірге 

бюллетень беттерінен мұғалімдер, мемлекеттік 

қызметкерлер, табиғат қорғау ұйымдарының 

қызметкерлері өз жұмыстарының нəтижелерін 

жариялауға мүмкіндік алды. Бюллетеньды алыс 

поселкаларда, министерлер кабинеттерінде, 

университеттерде, халықаралық үкіметтік емес 

ұйымдардың бас мекемелерінде оқиды. Солар 

арқылы бюллетеннің маңызы ашылды. Онда 

табиғатқа қамқорлықпен қарайтын адамдардың 

қауымдастығы ұйымдастырылды. Олардың біздің 

мақтанышымыз екендігі туралы «Saiga News» 

редколлегия мүшелері əңгіме етеді (төменнен 

қара). 

Елена Быкова (жауапты редактор) 

жəне  Э.Дж. Милнер-Гулланд (редактор-

консультант)

Анна Лущекина: 

Бұл 10 жылда, əрбір 

жаңа номерді дайындауға байланысты, 

маған коллегалармен үнемі танысуға 

мүмкіндік туды, олардың көбі кейіннен біздің 

бюллетеннің тұрақты авторлары болды. 

Сондай-ақ əрбір келесі номерлерде мен 

көптеген жаңалықтарды, қызық жəне маңызды 

ақбөкендер туралы мəліметтерді оның таралу 

ареалдарының əрбір бөлігінен, өткен кездердегі 

бұл түрдің тағдырын, қазіргі қиындықтары мен 

келешекке үмітпен қарау мүмкіндіктерін білдім. 



Буяна Чимеддорж: 

Редколлегия мүшесі ретінде, 

мен «Saiga News»-ті оқығаныма қуанамын 

жəне əртүрлі елдерде жергілікті жұртшылықтың 

жұмыстарына негізделген ақбөкенді сақтау 

тəжрибелерін үйренуге тырысамын. Бұл, 

сонымен бірге, əртүрлі облыстарда прогрестің 

дамуына жəрдемдеседі. «Saiga News» əртүрлі 

мəдениеттің өкілдерінің бірігуіне, көзқарастары 

мен дəстүрлерінің ақбөкенді сақтау үшін бір 

команда болып қалыптасуына көмектеседі. Бізге 

ойлану керек, əртүрлі мақсаттағы группалардың 

оқырмандары үшін бюллетеннің электрондық 

вариантын ұйымдастыру қажет.



Дэвид Маллон: 

«Saiga News» өзінің өмір 

сүргеннен бастап ақбөкенге байланысты 

барлық бағыттағы мақалаларды үнемі 

жариялайды, бұл үшін жоғары стандарты 

редакциялауды пайдаланады. Мұндағы ерекше 

көзге түсетін ерекшелік, «Saiga News» ақбөкен 

таралған елдердің тілдерінде мақалаларды 

жариялайды, сондықтан да «Saiga News» 

жаңаша шығармашылық; бюллетень ақбөкенді 

сақтау ісінде басты элемент болып табылады.

Лхагвасурен Бадамжав:

 Мен өте ризамын 

«Saiga News»-ке жəне бұл тамаша əрі маңызды 

бюллетеннің редакция алқасының мүшесі 

болғаныма мақтанамын; ақбөкенді сақтау 

мен зерттеу мəселелері жəне бұл салаларда 

халықаралық байланыстардың дамуы кеңінен 

баяндалады. «Saiga News» ерекше уникалды 

басылым, онда ақбөкенмен жұмыс істейтін 

барлық мамандар мен эксперттерді біріктірген; 

сонымен бірге ол шешім қабылдайтын 

адамдар үшін халықаралық инструмент болып 

есептеледі, жəне түрдің глобальды жəне 

ұлттық деңгейлерде тіршілік етуге байланысты 

мəселелерді шешу үшін халықаралық 

конвенция қабылдауда шешуші роль атқарады. 

Редакциядан



4

Ақбөкенді сақтау Альянсы



Айли Канг: 

Мен үшін «Saiga News» бұл тек 

ақбөкен туралы өзінің жұмыстарын жариялауға 

мүмкіндік беретін басылым ғана емес, сонымен 

бірге ол кейбір жаңалықтарды талдап, олардың 

ішінен өмірде қолдануға болатын анықтау алаңы 

да болып табылады. Соңғы ақбөкенмен болған 

катастрофа (апат) біздің үнемі алға ұмтылу 

керектігін көрсететін сигнал, сонымен бірге бұл 

«Saiga News»-ке келешекте қосымша қандай 

жұмыстар атқару керектігін ойлағанда орынды.

Штеффен Цутер:

  «Saiga News» 10 жылдай 

жарияланып келеді жəне ерекше түр – ақбөкенді 

сақтау туралы мəліметтермен алмасу үшін 

таптырмайтын құрал есебінде өзін жақсы көрсетті. 

Ақбөкенмен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін 

маңызды роль атқаратын басылым жəне бұл 

түрмен жұмыс істеуге қызығатындар үшін бірінші 

мəліметтер алудың көзі.

Фенглиан Ли:

 Біріншіден, «Saiga News» 

автор ретінде өзінің зерттеу материалдарын 

жариялауға мүмкіндік береді; сондай-ақ мен 

басқа елдердегі ақбөкен туралы өте көп 

мəліметтерді аламын. Екіншіден, мен, редактор 

ретінде, Қытайдан түскен матералдармен 

жұмыс істеймін жəне бюллетеньде қытай 

тілінде шыққан материалдарменде; сондықтан 

да, Қытайда көптеген адамдардың ақбөкен 

жөнінде мəліметтер алуға мүмкіндіктері бар. 

Мен ойлаймын, міне осында тұр міндеттері 

«Saiga News»-тың.

Юрий Грачев:

 «Saiga News» бюллетенін 

шығару туралы идеяны 10 жыл бұрын 

ақбөкенді сақтау Альянсы құрылған кезде Э. 

Дж. Милнер-Гулланд айтқан. Айта кеткен жөн, 

бізде сол кезде бұл ойдың жүзеге асуы мен 

оның тиімділігі жөнінде бірқатар күмəн болған, 

бірақ олар тез-ақ таралып кетті. Бюллетеннің 

бірінші шығарылуынан-ақ кең жұртшылық 

оны қызығушылықпен қабылдады. Одан əрі 

басылымның тақырыбы мен авторлар тобы 

кеңейді; бірақ басылымның өзінен-ақ ақбөкен 

туралы барлық елдерде оның таралу ареалынан 

мəліметтердің барлық түрлерін алуға мүмкіндік 

туды жəне бұған белгілі жүйеде əрекет етуге 

болады. Басылымның негізгі мақсаты – 

«ақбөкеннің экологиясы мен қорғау мəселелері 

жөнінде информация алмасу» толықтай 

орындалуда; «Saiga News» номерлерін, сөзсіз, 

шығаруды жалғастыра беру керек.



Александр Есипов:

 Нəтиже менің барлық 

ойлағанымнан асып түсті. Қаржы табылды 

жəне идеялар таусылар емес. Ақбөкенмен 

жұмыс істейтіндердің барлығы да жақсы жұмыс 

инструментін алды. Өте жақсы, сеттерде 

барлық жарық көрген номерлер бар, олар 6 

тілде жарияланған. Сенімдемін, келешекте де 

бюллетенге сұраныш көп болады; сондықтан 

да оны шығаруды жалғастыра беру керек.  Тіпті 

жиналған материалдар негізінде кітап жазуды 

ойластырған орынды. Бұл іске қатысқандарға 

үлкен Рахмет!

© А. Гилё в., К. Каренина


5

Saiga News

 

| 2015/2016 жж. 20-шы шығарылуы, қысы



 

2015 ж. 26-29 қазан айында күн сəулелі 

Ташкент ақбөкенді сақтау (MOS3) жөніндегі 

өзаратүсінісу (МоВ) меморандумының (қоныс 

аударатын түрлер конвенциясы – CMS) 3-ші 

конференциясына (CoP) қатысушыларды 

қабылдады. Қазақстанда, Моңғолияда, 

Ресейде, Туркменстанда жəне Өзбекстанда 

ақбөкен популяциясын қалпына келтірудің 

бірқатар шараларын талқылау үшін жетпістен 

аса үкіметтік құрылым жəне халықаралық 

үкіметтік емес ұйымдар мен ғылыми 

мекемелердің өкілдері осында кездесті. 

MOS3 төңірегінде ақбөкенді зерттеу жөнінде 

мамандар үшін техникалық семинар өтті жəне 

аяқталған соң – ақбөкенді сақтау Альянсы 

мүшелерінің жылсайынғы жиналысы болды. 

Онда кенеттен туатын ауруларды жан-жақты 

зерттеу, инфрақұрылымның əсері, заңсыз сауда 

(жасырын) жəне жергілікті жерде ақбөкендерді 

қорғау шараларын жүргізу фундаменті  

қаланды.


Конференцияны өткізер алдында қатысушылар 

2015 ж. жоспарланған жұмыстарды қарауға 

тиіс еді, өйткені ақбөкенді сақтауға арналған 

бірқатар, шараларды өткізудің алдыңғы 

ортамерзімді халықаралық программасы 

бітуге жақын еді. Бірақ 2015 ж. көктемінде 

болған өзінің масштабы жағынан ақбөкеннің 

үлкен апатқа ұшырағаннан кейін, ол кезде 

Қазақстанда 150 000 ақбөкен өлген еді, 

сондықтан да мұндай кездесуді тезірек өткізу 

керектігі күн тəртібінде тұрды. Бұл теңдессіз 

оқиға – ақбөкеннің жаппай қырылуы бүкіл дүние 

жүзінде, СМИ жағынан, бұл түрді сақтап қалу 

проблемасын үлкен көңіл бөлінді жəне MOS3 

өткізу үшін қаржылай көмек алуға біркатар 

жеңілдіктер туғызды. Сонымен қатар, ақбөкенді 

сақтаудың маңыздылығын түсіну əдеттегі 

үкіметтік жəне табиғат қорғау құрылымдарынан 

тыс шыққанын көрсетті. Деседе, бірқатар 

кемшіліктеріне (логистика жəне методология 

жағынан) қарамастан конференция табысты 

өтті жəне оның қатысушылары ақбөкенді сақтау 

үшін байыпты шаралар қолдануға келісті.

 Ақбөкенді сақтауды өзаратүсінісу 

Меморандумына (МоВ CMS) бұл түр 

таралған бес ел (Қазақстан, Моңғолия, Ресей, 

Түркменстан мен Өзбекстан) қол қойған, сондай-

ақ ақбөкенді сақтау саласында жұмыс істейтін 

тоғыз партнер-ұйымдарда қол қойған жəне ол 

2006 ж. күшіне енген. Үкіметтік құрылымдар мен 

басқа да ұйымдардың жəне жеке  адамдардың 

ақбөкенді сақтау саласында атқарған 

бірлескен іс-əрекеттері барлық, оның таралған 

ареалдарында бұл жануарлар санының едəуір 

өскендігін байқатты, оның саны 2000-шы 

жылдың басында  21000-ға дейін қысқарған 

еді.  Бірақ қазірде бұрынғы проблемалар – 

Жаңалықтар

 

Ақбөкенді сақтау шараларын күшейту: ақбөкенді сақтау жөніндегі өзаратүсінісу 

меморандумына қол қойғандардың 3-ші конференциясы

Наталья Якушева, CMS секрияты,

 

natalya.yakusheva@cms.int



Ташкент конференциясына қатысушылар. (© А.Есипов)

6

Ақбөкенді сақтау Альянсы

браконьерлік жəне жасырын саудамен бірге 

жаңа қиындықтар – аурулардың лап етуі жəне 

инфрақұрылымның жедел дамуы туды. Соңғы 

проблема екі мемлекеттің (Өзбекстан мен 

Қазақстан) территориясында мекендейтін 

трансшекаралық Үстірт популяциясына ерекше 

əсер етті. Популяция құрып кету қауіпінде, 

өйткені екі мемлекетті бөлетін мемлекеттік 

шекара бойы тікенек сымдармен қоршалған 

жəне жануарлардың қоныс аудару жолдарын 

бөгейтін темір жол өтеді. 

 CMS меморандумы ерекше сақтандыруды 

қарайды да, егерде басқа да халықаралық 

келісімдер қол қою жағдайы туа қалса, негізгі 

бағыттарды ескере жəне іс-əрекеттерге 

координея жасай отырып жасалуы керек. 

Бірақ нақты іске асатындай шаралар жəне 

олардың нəтижелері бұл дала символын 

сақтауға ынталы əр адамды жолын ұстау, 

қызықтыру мен қатыстыру əрекеттер 

деңгейіне байланысты болады. Ташкентте 

өткен конференция тағы да мынаны көрсетті: 

«ақбөкен қауымы» жаңа міндеттерді шешуге 

жəне жаңа шақыруларды жеңіп шығуға дайын. 

Бұл жағымды нəтижелерді ұзақ күттірмей-ақ 

көруге болатынын көрсетеді.

CoP туралы жəне оның документтері түралы 

толық мəліметтерді ала аласыздар, http://

www.cms.int/saiga/en/meeting/third-meeting-

signatories-saiga-mou-mos3

Ақбөкенді сақтаудың өзаратүсінісу 

Меморандумына қол қойған жақтардың 

жақында өткен конференциясы (26-29 қазан 

2015 ж.) қоныс аударатын түрлерді сақтау 

конвенциясы (CMS) секретариатының, оның 

ақбөкенді сақтау Альянсының техникалық 

консультанттарының жəне МСОП-тың 

антилопалар жөніндегі группа мамандарының, 

сондай-ақ Өзбекстан мамандарының (кездесу 

өткен ел) көп айлық жұмыстарының шарықтау 

шегі болды. Сонымен бірге, конференция 

қоршаған ортаны қорғау мамандарына жəне 

ғалымдарға соңғы бірнеше жыл жинақталған 

жұмыстарының нəтижелерін баяндауға тамаша 

мүмкіндік тудырды жəне коллегалармен 

таласты сұрақтарды талдауға мүмкін болды, 

сондай-ақ идеялармен алмасуда орын алды. 

Жəне, соңында, қатысушылар ақбөкенді 

сақтау жөнінде ең маңызды инициативаларды 

көрсетуге мүмкіндік алды, ескі достарымен, 

бұрынғы коллегаларымен жолықты жəне жаңа 

адамдармен танысты. Ақбөкендер көптеген 

жаңа қиындарға ұшыраған қиын кезеңде, ал 

түрді сақтау жөніндегі мамандардың үміті узуге 

жақын тұрғанда, айтылған мүмкіндіктер біздің 

ісімізді қайта жандандырады. Менде үлкен үміт 

пайда болды; біздің барлығымыздың біріккен 

күшіміз барлығын жақсы жаққа бұруға мүмкіндік 

береді. 

Конференция басында біз бірнеше техникалық 

семинарлар өткіздік, ақбөкенді сақтаудың басты 

мəселелері талқыланды; онда маусым айында 

2015 ж. Қазақстанда жануарлардың жаппай 

қырылуы жөнінде соңғы информация сөз 

болды; сондай-ақ браконьерлік, жасырын сауда 

жəне инфрақұрылымды дамыту проблемалары 

баяндалды. Семинарларға көптеген арнаулы 

делегациялар өкілдері жəне шақырылған 

эксперттер қатысты; қызықты даулы мəселелер 

семинарлардың өздерінде əрі үзіліс кезінде 

кеңінен талқыланды. Конструктивті атмосфера 

бізге арнаулы документтерге конференцияның 

арнаулы бөлімінің басталуына дейін пайдалы 

түзетулерді енгізуге көмектесті, сондай-

ақ басты проблемаларды анықтауға жəне 

əрбір тақырыптар бойынша оларды шешу 



Сол жақта: Максет Козбергенов - 2015 ж. ақбөкенді 

қорғауда  үлкен  жетістігі  үшін  сыйлықтың 

степендиаты (© А.Есипов)

Ақбөкенді сақтау мамандары Ташкентте кездесті

Э.Ж. Милнер-Гулланд, Сайғоқни асраш бўйича альянс,

 

ej.milner-gulland@zoo.ox.ac.uk

Жаңалықтар (кеңейтім)

 

7

Saiga News

 

| 2015/2016 жж. 20-шы шығарылуы, қысы



 

жолдары белгіленді. Олар туралы толығырақ 

конференция есебінен білуге болады, оны  

CMS дайындап жатыр.

Конференцияның арнаулы бөлімі байсалды 

атмосфера жағдайында өтті, өйткені 

қатысушылар техникалық семинарлар кезінде 

қызықты дискуссиялардан едəуір шаршаған 

болулары керек. Бірақ біз басты мəселеге 

қол жеткіздік – біздің басты документтерді 

келісіп алдық: ақбөкеннің, оның ареалында, 

статус анықтайтын шолу баяндамасы жəне 

оны сақтаудың шаралары, сонымен бірге 

ортамерзімді халықаралық жұмыс программасы 

бар. Бұл басты міндеттердің тізімі керекті 

қаржы көлемін анықтауға көмектесті, сондай-ақ 

келесі 5 жылдықтың іс-əрекеттері жəне оларды 

бағалау көрсетілді. Бұл мағынада ақбөкеннің 

жолы болды – халықаралық деңгейде келісілген 

анық жəне салмақты іс-қимылдардың жоспары 

болды. Жойылып кету қауіпі бар түрлерді 

қорғау ситуациясы біраз жақсы болар еді, 

егерде оларға осындай көңіл мен қамқорлық 

көрсетілсе.

29 қазанның екінші жартысында, менің 

пікірімше, конференцияның маңызды кезеңі 

туды – ақбөкенді сақтау Альянсы атынан 

марапаттау церемониясы басталды; оның 

барысында ақбөкен тараған барлық елдерден 

көрнекті адамдар сөз сөйледі. Олар өздерінің 

жұмыстары туралы, қолданып жүрген əдістері 

туралы баяндады, олардың əрқайсысында 

өздерінің жеке индивидуальды əрекеттері 

болды – əскери құрылымды кірістіре отырып 

қатаң бақылауды жузеге асырудан бастап 

мектептер қабырғаларына суреттер салу 

жəне балаларды қатыстыра отырып газеттер 

шығаруға дейін. Конкурс  жеңімпазы табиғатты 

қорғау ісінің Жас лидерлері (Young Conservation 

Leaders) энтузиазм мен инициатива көрсетті, 

ал инспекторлар-браконьерлермен күрес 

жүргізуде ерекшелінгендер награда алды, 

қиындықтардың алдында ешуақытта 

іркілмейтін, келешекті дұрыс бағалайтын. 

Шынында да бұлар лайықты адамдар, оларға 

үлкен жұмыстар атқарғаны үшін осыған сай 

халықаралық форумда наградалар алу өте 

құрметті ғой.

30 қазанда таңертең ақбөкенді сақтау 

Альянсының конференциясы ашылды. Басқа 

да күндердегі сияқты оған көп адамдар келді, 

олардың ішінде жаңа достар жəне Альянстың 

ескі партнерлары болды. Альянстың 

қамқоршы советінің мүшесі роліне біз біздің 

ескі досымыз Анна Лущекинаны шақырдық, 

ал Алена Чухатина Альянстың басшылық 

советінің жаңа мүшесі болып сайланды. 

Алена əлден-ақ ақбөкенді сақтау ісіне  

өзінің берілгендігін көрсетті, халықаралық 

қатынастарды белсенді жүргізе бастады жəне 

ақбөкен жөніндегі Ресурстық Орталықтың 

вебсайтын ұйымдастыру жəне дамыту 

саласында көп жұмыс атқарды (осы номерден 

қараңыз). Аяқталар кезде серия коллективті 

дискуссия өткізді, онда біз Альянстың 

міндеттері мен стратегиясын зерттедік 

жəне жақын арадағы бірнеше жыл ішінде 

атқарылатын жаңа  инновациондық əдістерді 

де ойластырдық.

Жоғарыда: 2014-2015 жж. Табиғатты қорғау саласындағы жас лидерлер үшін ақбөкенді сақтау 

Альянсының сыйлығының степендиаттары (© А.Есипов)


8

Ақбөкенді сақтау Альянсы

Бірнеше қызу жұмыстан кейін қатысушылар 

күнге шықты жəне шулы ташкент базарларын 

аралады; одан кейін өздерінің елдеріне қайтты, 

бұл конференцияда біз қойған тапсырмалар 

орындауға дайындалады. Олар алға қойылған 

алып, күрделі жұмыстарды орындау күрделі 

екендігін біле тұра, оны орындау керектігін 

əбден түсінеді. Сондай-ақ жылы лебізбен осыны 

түсінген барлық дүние жүзінің үкіметтік, үкіметтік 

емес жəне ғылыми мекелерінен коллегалар мен 

пікірлестер бірлесіп жұмыс істеуге дайын жəне 

алға қойған мақсаттарға жету үшін тəжірибемен, 

қаржымен бөліседі. Ақбөкенды сақтау үшін біз 

бірлесуге шақырамыз! 

CMS конференция документтерімен, оның 

ішінде қатысушылардың презентацияларымен 

Powerpoint форматы бойынша, мына сайттан 

танысуға болады: 

http://www.cms.int/en/

meeting/third-meeting-signatories-saiga-mou-

mos3#collapse1529

Ақбөкенді сақтау Альянсының есебі, сонымен 

бірге оның жаңа стратегиясы жақын арада 

конференция қатысушылардың əрқайсысына 

жіберіледі. Егерде сіз конференцияға 

қатыспаған болсаңызда есеп пен стратегияны 

алғыңыз келсе, мына адреске хабарласыңыз – 

mail@saiga-conservation.com.

«Saiga News»-тың өткен номерінде 

ақбөкеннің жаппай қырылуының алғашқы 

белгілері 2015 ж. мамыр айының басында 

Қазақстанның  Қостанай облысының оңтүстік 

бөлігінде мекендеуші ақбөкеннің бетпақдала 

популяциясының үлкен группировкасының 

төлдеуі кезінде біліне бастағанын айтқан едік. 

Қырылу бір ай шамасында жалғасты жəне 

ол бұл популяция жануарларының барлық ірі 

группировкаларын қамтыды. Ветеринарлық 

қызмет бұл оқиғаны зерттеуге жедел кірісті. 

Лабораториялық зерттеулер жүргізу үшін 

керекті пробыларды алды жəне өлексілерді 

(трупы) көмуді жедел ұйымдастырды. Елдің 

Үкіметі, оның ішінде, жануарлар дүниесі 

мен орман шарушылығы комитеті, адамдар 

күшімен жəне техникалық ресурстармен 

қамтамасыз етуде үлкен жұмыстар атқарды 

жəне оларды ақбөкендердің қырылған жеріне 

жеткізуді қамтамасыз етті. Нəтижесінде 

150 044 ақбөкендер өлексілері көмілді; Бірақ 

өлген жануарлардың көптеген труптары 

далада көмілмей қалды деп жорамалданды, 

сондықтанда, өлім-жітімге ұшыраған жануарлар 

саны, шынында, өте көп.

Биоəртүрлілікті сақтаудың Қазақстандық 

ассоциациясы (АСБК) табиғатты қорғау 

инициативы «Алтын Дала» төңірегінде 

Лондонның Королевтік ветеринарлық колледжі 

өкілдерімен бірігіп, ақбөкендердің қырылуы 

туралы бірінші сигнал түсуімен оқиға болған 

жерді зерттеуге кірістік. Экспедицияның 

алғашқы міндеттері – ақбөкендердің қырылуы 

төлдеу процесіне əсер еткен жоқпа соны 

бақылау болды, өйткені бұдан бірнеше жыл 

бұрын мұндай оқиға болған. Жұмыс істеудің 

бірінші күнінен-ақ көптеген жануарлардың 

қырылғаны байқалды, ал енді қазіргі басты 

мақсат – олардың өлім-жітімге ұшырауына 

себеп болган симптомдарды (ауру белгілері) 

тіркеу болды; өйткені қырылу жалғасты. 

Ақбөкен қырылған жерге алғашқы болып жету 

ауырған жануарларды жеткілікті бақылауға 

мүмкіндік берді, ал малдəрігерлері трупты жан-

жақты зерттеуге кірісті жəне олардан ткань 

образцыларын алды. Бұл зерттеулерге үлкен 

үлесті биологиялық қауіпсіздік проблемасы 

ғылыми – зерттеу институтының (НИИ) 

мамандары қосты, олар 2012 жылдан АСБК-

ның партнерлері болып табылады.    

Ауруға ұшыраған ақбөкендер сондай əлсіз 

көрінді жəне ұнжырғасы түскен, нормалды 

қозғала да алмайды, басында көтере де 

алмайды. Аурудың үдеуіне байланысты, 

олардың жағдайы нашарлай түсті, біруақытта 

жерге жата кетеді, одан бір нəрседен үріккен 

кезде ғана тұратын болды. Ауру жануарларда 

диарея байқалды, сонымен бірге сілекей көп 

бөлінді, кейбір жағдайларда мұрындарынан 

да сұйықтық бөлінгені байқалды. Бірақ 2011 

жəне 2012 жж. байқалған қарындарының кебуі 

болған жоқ. Ақбөкендердің демалуы тіпті 

қиындай түсті, олар тұра алмайтын қалге жетті, 

ақырында өлді. Аүрудың барлық сатылары бар 

болғаны бірнеше сағаттар ішінде өтті; олар 

мұқият документалды.      




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал