Бїгінгі нґмірде



жүктеу 0.77 Mb.

бет7/7
Дата08.01.2017
өлшемі0.77 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Əбдірахман АСЫЛБЕКОВ.

 АЛМАТЫ.

Мүйісті жүргізетін 

Берік САДЫР



Суретті салған Г.МАЙОРЕНКО.

«Вокруг смеха» журналынан алынды.

ҐЛДІЅ МАМАЙ...

ЕМТИХАН

А

ќ



ыс

ы т


ґле

н

ген



Борис ИВАНОВ.

Ақылы  колледжде  оқимын. 

Яғни мен ақысын төлеймін, олар 

білім беріп емтихан алады. 

Жылдың  алғашқы  күні  емти-

хан  тапсыру  үшін  профессордың 

алдында  отырмын.  Билетімнің 

сұрағы:  «Талтүс»  картинасының 

авторы  кім?»  делініпті.  Бірден: 

«Суретші»  деп  едім,  мұғалім 

жақ тырмай:  «Илья  Муромец, 

Добрынин  Никитич  пен  Алеша 

Поповичтерді кім деп атаған?» деп 

келесі сұрағын қойды:

– Өзіңіз атағандай атаған.

– Оларды үш батыр деп атаған.

–  Мен  олардың  астындағы 

аттарының атын білемін. 

– Қалай?

– Мурзик, Тузик жəне Полкан.

– Оны қайдан естіп жүрсің?

– Атам айтқан. 

– Атаң қайдан шығарып жүр?

– Ол жағын білмедім, тек атам 

ішіп алғанда солай дейтін.

– Жарайды... Келесі сұрақ: «Бо  -

родино шайқасы қай жылы болған?»

– Бородинді қамауға алғаннан 

бір жыл бұрын. 

–  «Наполеон»  сөзі  бірнəрсе 

айта ма?

– Əлбетте! Ол коньяктың аты. 

– Поэзиядан бір сұрақ: «Менің 

атам анық адал адам» атты атышу-

лы өлеңді кім жазған?»

– Немересі. 

– Кімнің немересі?

– Кімдікі болушы еді, атасының 

немересі.

– Ақындардан жалғастырайын: 

«Пушкин алаңында тұрған кім?»

–  Кім  болушы  еді,  баяғы  ми-

лиционер. 

– Онда тұрған Пушкин. 

– Фамилиясын сұрамаппын. 

– Радищев жазған «Петер бург-

тен Мəскеуге саяхатты» оқып па 

едің?


– Оқып қайтемін, өзім де екі ор-

тада талай саяхаттағанмын.

–  Радищев  Екатеринаның 

кезінде жүріп өткен. 

– Мен Люсьямен қыдыр ғанмын.

– Екатерина екіншінің кезінде 

болған оқиға. 

– Менің Люсьям үшіншім бо-

латын. 

– Жарайды... Ал Менделеев та-



блицасын құрастырған кім?

– ???


– Өзі емес пе... Ол оны түсінде 

көрген!


–  Кеше  менің  түсіме  Эйфель 

мұнарасы кіріпті... Яғни оны құрас-

тырған мен боламын ба сонда!..

–  Түсіңе  Эйфель  мұнарасы 

кірген екен, ол қай қалада тұр?

– Сонда болған досыма хабар-

лассам?

– Болмайды. 



–  Онда  аудиторияда  отыр-

ғандарды көмекке шақырсам?

–  Сіз:  «Кімнің  миллионер 

болғысы келеді» атты бағдарламада 

отырған жоқсыз.

–  Миллионер  болғысы  келе-

тіндер білімге бас ұрмайды, олар 

тек  ұрлық-қарлықпен  айналыса-

ды... Қысқасы, сіз ананы-мынаны 

сұрадыңыз, мен білгенімше жауап 

бердім.  Сондықтан  сіз  бағамды 

қойып жөніме жіберіңіз. Əйтпесе 

жылдың  басынан  мен  білімсіз, 

сіздер жалақысыз қаласыздар!..



Аударған 

Бақтыбай ЖҰМАДІЛДИН.

«Ыңғорс  қорс,  ыңғорс  қорс... 

Тон-то, тун, то-то-оон...»

– Кешіріңіздер, бұл біздің те ле    -

арнаның жаңалық баста лар ал дын-

дағы əуені ғой... Құрмет ті көрер-

мен дер,  жаңа  жылдың  ал ғаш қы 

күн гі жексұрын жаңа лық   тарымызға 

қа ңыл тырдай құлақтарыңызды ба-

тырып-батырып алыңыздар.

 Бірінші жаңалық: Шымкенттен 

Алматыға қатынайтын «Шымкент-

Алматы» пойызына билеттер саты-

лып кеткенімен, пойыз жүрмейді. 

Өйткені,  пойыздың  бас  вагоны 

Алматыдан  басталып,  соңғы  ва-

гон  Шымкентке  дейін  жеткен. 

«Жолаушылар  «билет  жоқ»  деп 

жынданбасыншы» деген нақұрыс 

ниетпен, теміржол басшылары ва    -

гондарды тіркей берсе керек, тір кей 

берсе керек... Алматыға бара тын 

бір топ жолаушылар автобуспен бі-

рінші Алматы вокзалына жетіп, бас 

вагонға кіріп, арғы бетіне шы ғып, 

жынды адамдарша бет-ауыз дарын 

жыбырлатып, вокзалға кірген.

 Екінші жаңалық: Қос қарлығаш 

Шымкент қаласындағы бір «блат-

ной»  миллионердің  қос  қабатты 

коттеджінің  қабырғасына  ұя  са-

лыпты. Миллионер Мыртықбайұлы 

қарлығаштың ұясына қарап тұрып: 

«Не деген отсталый қарлығаштар 

еді! Əлі күнге дейін саз балшықтан 

ұя  салады!  Евро  ұя  салу  дегенді 

біл мейді!  Мына  балшық  ұясы 

кот  теджімнің сиқын бұзып тұр!» 

дегені сол екен, қарлығаштар: «Ке -

ші ріңіз мырза, қабырғаңызды уа-

қыт ша жалға ала тұрсақ қайте ді?» 

деп сөйлеп кетіпті. Қазір қар лы   ғаш-

тар қо жайынға ай сайын мың дол-

лардан тістеп əкеліп береді екен... 

Үшінші  жаңалық:  Кеше  күн 

шықпай  қалды...  Өйткені,  мен 

күнімен ұйықтап жаттым...

Төртінші жаңалық: Жылай бе-

ретін əкім «Көңілі бос» қала сын да 

өмір сүріп жатыр. Ол алдына арыз 

айтып келген кісілерді құшақтап, 

жылай беретін көрінеді. Мəселен: 

«Үйім  де,  күйім  де  жоқ,  ал  сіз 

таныстарыңыз  бен  пара  берген-

дерге қисая кететін көрінесіз» деп 

жылап барсаңыз, əкім сізден бетер 

еңіреп жылап, ботадай боздап, ет 

жүрегіңізді елжіретіп, көз жасын 

көлдетіп шығарып салады екен... 

Сосын  сіз  əкімді  жұбатып  əлек 

боласыз... «Ымбаппа. Ымбаппа...» 

Кешіріңіздер,  жарнамамыздың 

əуені  ғой.  Жарнама  басталды. 

Мысық  сөйлеп  кетті:  «Қызда-

ар,  келіншекте-ер!  «Олвейсті» 

қараңыздаршы! Қандай керемет! 

Бұл сіздерге арналған!» 

Бесінші  жаңалық:  Ақтөбелік 

бикеш  Қатипаш  Қатырғанова 

«Алақан» деген жаңа салат түрін 

ойлап  тауып,  өзінің  кафесінде 

та мақ танушыларға  ұсынды. 

Салаты  мынадай:  помидорға  по-

мидор  қосып,  помидорды  мы-

жып, суын сығып, алақаныңызға 

майонез  жағады.  Ал  сіз  по-

мидорды  шанышқымен  алып, 

алақаныңыздағы майонезге баты-

рып жейсіз...

Алтыншы жаңалық: Шымкентте 

бір көк долы, көршілері «стерва» 

деп атап кеткен əйел кенені шағып 

алды.  Қырым  безгегін  таратқыш 

кененің өзі оқиға орнында қайтыс 

болып кеткен...

Жетінші жаңа лық: Үкіметте ко-

медия, шекарада трагедия...

Сегізінші жа ңа лық: Қызылорда 

об  лы сында күйеуі ұрып өлтірген 

əйел ді жер легенде, ұялы теле фонын 

қоса  көм  ген  екен. 

Арада бір күн өтпей 

жатып, мар құм əйел 

көңіл  де сі не: «жаны-

ым, еди   ница салып 

жі  бер ші!..» деп өтін-

ген де,  анау  бай ғұс 

тал түс те талып қал-

ды. 

Тоғызыншы  жа-



ңалық: Биылғы ұлт-

тық бірыңғай тестте 

мынадай  сұмырай 

сұрақтар  бар  екен 

дейді:

 – Білім министрі 



быламық ішеді ме?

  –  Депутаттар 

жылай ма?

  –  Абылай  хан  -

ның «мерседес» ав-

то көлігі болған ба?

 – Əл-Фарабидің 

əйелі қандай көйлек киген?

 – Шыңғыс хан арақ ішіп, темекі 

тартқан ба? 

Оныншы жаңалық: Кеші рі ңіздер, 

осы жаңалықтарды жалық пай айтып 

отырғанымның өзі жа ңалық. Кеше 

жылдың соңғы күні ғой деп түнімен 

түнгі  клубта  болып  едім,  ұйқым 

келіп  тұр.  Келесі  жаңалықтарда 

кездескенше, ой, көріскенше, жоқ, 

жүздескенше сау болыңыздар! Бай-

қуатты,  миллионер,  миллиардер, 

шіріген бай болайық!



 Мұхтар ШЕРІМ. 

ШЫМКЕНТ.

ЖЕКСЎРЫН 

ЖАЅАЛЫЌТАР

Жаңа жылдан бастап –

Алдыңа келген пара берсін,

 Арсыз қолың ала берсін. 

Алған сайын қанталап, 

Екі көзің жана берсін. 

Уа, сендерге уыстап берсін,

Уыстап берсе, дұрыстап берсін. 

Таңдайға татитындай, 

Тұз салып, бұрыштап берсін. 

Уа, сендерге шелектеп берсін, 

Жасырып, жауып, бөлектеп берсін. 

Құдай басқа салмасын

Түрмеге түссең керек деп берсін. 

Оу, сендерге мешөкпен берсін, 

«Мелоч» емес, кесекпен берсін. 

Түрмеде жатсаң қатты болар, 

Жайлы, жұмсақ төсекпен берсін. 

«Портшкеден» берсе, төге салсын, 

Беретін жерін сөге салсын. 

Ақыры берген соң аямасын, 

Тау ғып үйіп, көме салсын. 

Конвертке салып есіктен берсін, 

Бүктеп, бүктеп тесіктен берсін. 

Ішіне бомба, мина салып, 

Өзіңе қатты өшіккен берсін. 

Қойны-қоншыңа түгел тықсын, 

Ышқырың мен ауыңа сұқсын. 

Ақыры құдай жазаңды беріп

Келген жаңа жылда

Жегенің желкеңнен шықсын! 

Əумин! 


Асқар НАЙМАНТАЙ. 

АЛМАТЫ.

Microsoft биліктің тыңшылығы 

туралы хабарлап тұрмақ

Бұдан былай ең ірі тұтынушылық бағдарламамен 

қамтамасыз ететін Microsoft компаниясы Outlook 

пошта бағдарламасын қолдану   шылар ға олардың 

есептік жазбаларын үкіметтік органдар бұзуға 

əрекет тенгені туралы ескертіп отырмақ.

Алайда,  компания  қандай  үкімет  туралы  сөз  болып 

отырғанын нақты мəлімдеген жоқ. Microsoft өкілі əңгіменің тек 

түрлі елдер туралы екенін айтумен шектелді. Ал компанияның 

бұрынғы қызметкерлері агенттікке олардың тұтынушыларының 

пошталарын Қытай билігі бұзып кіргені туралы мəлімдеген. Бұл 

туралы компания да хабардар болған екен.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ билігі дəл осындай дау-дамай дың 

ортасында осыдан 2 жарым жыл бұрын қалған еді. Ол кезде арнайы 

қызметтің қашқын қызметкері Эдвард Сноуден ұлттық қауіпсіздік 

агенттігі мен басқа да арнайы қызметтердің ауқым ды аңдуларын 

əшкерелеп берді. Алайда, АҚШ тарапы ізге түсу дің мүм кін болар 

көзі ретінде Microsoft-ты мүлде назарға алмаған болатын.

АҚШ-тың бірнеше штатында 

төтенше жағдай жарияланды

Кеше Американың Миссисипи жəне 

Луизиана штаттарының губернатор-

лары төтенше жағдай режімін жария-

лау туралы қаулыға қол қойды. Бұған 

елдің оңтүстігінде тіркелген жойқын 

су тасқыны себеп болуда.

Айта  кетейік,  өткен  демалыс  күндері  АҚШ-тың  оңтүстік 

аймағында торнадо соғып, нөсер жауын жауды. Салдарынан 11 

штаттың халқы зардап шегіп, 50 адам тілсіз жаудың құрбаны 

болды.  Ең  көп  адам  шығыны  Миссури  штатында  тіркелді. 

Ол жерде 14 адам тасқын суға ағып кеткен. Сондай-ақ, Техас 

штатының 11 тұрғыны опат болғандардың қатарында.

Табиғатты  тосын  мінез  танытуына  байланысты  бүгінде 

жоғарыда  аталған  екі  штаттан  бөлек,  Техас  жəне  Оклахома 

штаттарында да төтенше жағдай режімі жарияланғанын атап 

өткен жөн. Мамандар құйынды дауыл мен жойқын желдің əлі 

де жалғасатынын айтып, дабыл қағуда.

Көртышқан ұшақтың жолын бөгеді

Үндістанның Мумбай қаласынан ұшып шыққан 

Air India əуе компаниясының жолаушылар 

ұшағы көп ұзамай əуежайға қайта оралды. Оған 

жолаушылардың бортта көртышқан жүргенін ха-

барлауы себеп болған.

Тексеріс кезінде əуе кемесінен ешқандай көртышқан табыл-

мады. Соған қармастан, əуе компаниясы ұшақтың ішін тазалап, 

кемірушілерге қарсы арнайы шаралар жүргізуді бастап кетті. Ал 

жолаушылар басқа ұшаққа отыруға мəжбүр болды.

Бұл Air India компаниясы үшін соңғы аптадағы үшінші жағ -

дай. Осыған дейін елдің солтүстігіндегі əуежайлардың бірінде 

ұшу жолағына қаңғыбас иттің жүгіріп шығуына байланысты 

бірнеше ұшақтың ұшу уақыты кейінге шегерілді. Одан бөлек, 

АҚШ-тың Ньюарк қаласында да осы компанияға тиесілі ұшақ 

жүк көлігіне соқтығысып, жойқын апаттан аман қалған болатын.

Шыңғысхан бейнеленген 

күлсалғышты сатуға тыйым салынды

Моңғолияның əділ бəсекелестік жəне 

тұтынушылардың құқығын қорғау 

агенттігі Шыңғысхан бейнеленген 

күлсалғыштарды пайдалануға жəне 

сатуға тыйым салды. Өйткені, бұл əре-

кет ұлттың намысын аяқасты ету бо-

лып саналады дейді агенттік өкілдері.

Аталған кəдесыйлар Моңғолиямен қатар Қытайда да шыға-

ры лады. Сол себепті оны өндіруге агенттік тыйым сала алмай 

отыр.


Бүгінге дейін мұндай күлсалғыштар Моңғолиядағы «Номин» 

дүкендер  желісінде  сатылып  келген.  Оған  Шыңғысханның 

екі түрлі бейнесі салынған Бірі Ұлан-Батыр маңындағы алып 

ескерткішінің суреті болса, екіншісі – ел астанасындағы парла-

мент кешені алдында тұрған мүсіні.

Жас отбасы қарыздарынан құтылу 

үшін қыздарын сатпақ болды

Израильдің Иерусалим қаласында жас отбасы 

қарыз дарын төлеу мақсатында 3 айлық қызын 

сатпақ болғаны үшін сотталды. Тексеріс кезін -

де əкесі қызын 26 мың долларға бағалағаны 

анықталды.

Израильдік полицейлердің айтуына қарағанда, олар қызын 

сатпақ болған əкенің жоспарын айқындағасын, құқық қорғау 

органының қызметкерін оның баласын сатып алушы ретінде 

жіберіп, бірнеше рет кездестірген. Тəртіп сақшыларының сөзіне 

сенсек, қастық ойлаған əке соңғы кездескенде қызын алып келіп, 

келісімді тездетуді көздеген. Сондай-ақ, сатпақ болған отбасы 

олардың қыздарын көптеген адамдар алуға ниетті екендіктерін 

де жеткізді. Əйтсе де полицейлер бұл ақпарат ешқандай дəлелсіз 

болған соң, негізсіз деп тапты.

Сатушы əке қызын жасырын түрде жұмыс жасаған тəртіп 

сақшысына беру кезінде тұтқындалды. Аздаған уақыттан соң 

оның  жұбайы  да  ұсталды,  бірақ  оның  бұл  қылмыстық  іске 

қатысы  бар-жоғы  анықталмаған.  Сатылмақ  болған  нəресте 

қазіргі уақытта құқық қорғау қызметкерлерінің бақылауында.

Сақалды әйел шылым сұраған ер 

адамға пышақ ала жүгірді

АҚШ-тың Сан Диего қаласында по-

лиция қызметкерлері темекі сұрағаны 

үшін қала тұрғынын пышақпен 

жаралаған əйел адамды тұтқынға 

алды.

39 жастағы зардап шегушінің айтуынша, 

ол Park Boulevard көшесінде тұрған қалың топтан темекі сұраған. 

Осы  сəтте  салмағы  шамамен  180  кило  болатын  ірі  денелі, 

сақалды əйел адам алдымен тұрған жерінен кетуін бұйырған. 

Артынша, бірден пышағын шығарып, мойын тұсынан жаралаған.

Оқиға  орнынан  жасырынып  үлгерген  қылмыскер,  іздеу 

барысында қолға түсті. Ал зардап шегуші жақын маңайдағы 

ауруханалардың біріне жеткізілді.


1 қаңтар 2016 жыл

www.egemen.kz

10

Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №724 ek



Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан”

республикалық газеті”

акционерлік қоғамы



Президент

Сауытбек АБДРАХМАНОВ

Вице-президент – бас редактор

Жанболат АУПБАЕВ

Вице-президент

Еркін ҚЫДЫР

 

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.



АНЫҚТАМА ҮШІН:

 Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС:

 Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz 

egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru

Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru



МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:

Астана – 8 (717-2) 37-61-21;

Ақтау – 8 (701) 593-64-78;

Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;

Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;

Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;

Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72;

Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15;

Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;

Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11;

Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85;

Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;

Шымкент – 8 (701) 362-63-76;

Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.



ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

  

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, 

egemen_adv@mail.ru

 

 



 

 

Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru



Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

А

Газетті есепке қою туралы 

№01-Г куəлікті 2007 жылғы 

5 қаңтарда Қазақстан Республи касының 

Мəдениет жəне 

ақпарат министрлігі берген. 

«Егемен Қа зақ стан» республикалық 

газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 

Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» 

талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы

210 932 дана.

Нөмірдің кезекші 

редакторы

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ.

Индекс 65392. 

Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921

Газет мына қалалардағы:

010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС,

050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,

100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС,

110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,

120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,

130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,

030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 

060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,

160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,

140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,

080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,

090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,

040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы,

070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство 

Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

www.egemen.kz

10



 Астана айшықтары



 Хит хикаясы

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Алайда,  игі  бастамаға  тағы 

да  ауа  райының  күрт  құбылуы 

қолбайлау болды. Желтоқсанда 

қар  еріп,  жаңбыр  жауып, 

жер  сарқыраған  суға  айнал-

ды.  Соған  қарамастан,  мұз 

қалашығын  тұрғызып  жатқан 

шеберлер  алған  беттерінен 

қайтпады.  Бұл  ретте  Астанада 

мұз  қалашығын  тұрғызу  үшін 

Қытайдан  арнайы  шақырылған 

70 шебердің өлермендігін ерек-

ше  атап  өткен  орынды.  Олар 

қарапайым құралдармен үй ор-

нындай  алып  мұз  кесектерінен 

неше  түрлі  ертегі  мүсіндерін 

жасап,  олардың  соңғы  аптада 

Арқаны  бусандырып  жіберген 

жылымықта  еріп  кетпеуі  үшін 

қолдан келгеннің бəрін жасады. 

Ең үлкен мұз қалашығы «Хан 

Шатыр» сауда орталығының жа-

нында  бой  көтерді.  Түрлі-түсті 

мұздан жасалған сəулет өнерінің 

небір  көз  тартар  көріністері 

2  мың  шаршы  метр  аумақты 

алып жатыр. Биіктігі 25 метрді 

құрайтын еліміздің жаңажылдық 

бас  шыршасы  да  осы  мұз 

қалашығының  ортасынан  орын 

алған. Шырша түрлі-түсті фольга 

қағаздарымен оралған, шарлар-

мен безендірілген, түңгі уақытта 

сан  мың  шамдары  көз  жауын 

алып, мың құбылады. Қалашық 

тұрғызылған  мұз  кесектері  ар-

найы жабдықпен өңделіп, күрт 

еріп кету қаупінен қорғалады. 

Астанадағы  төрт  мұз  қа-

лашығын  тұрғызған  шебер-

лер  20  мың  текше  метр  мұз 

жəне 30 мың текше метр қарды 

пайдаланып,  неше  түрлі  ертегі 

кейіпкерлерін тұрғызған. Үлкен 

қалашық аумағында мұз айдыны, 

мұз  төбешіктері,  ертегілер  мен 

мультфильмдердің кейіпкерлері, 

қардан тұрғызылған панно жəне 

басқа  көз  тартар  кереметтер 

бар.  Паннодан  Астананың  ай-

тулы  нысандарын  көруге  бо-

лады.  Сонымен  бірге,  қала 

əкімдігі  алаңында  орналасқан 

мұз қалашығы да көркімен көз 

тартады. Қысқы қысқа мерзімді 

демалысқа  шыққан  оқушылар 

мұз  қалашықтары  аймағын 

сыңғырлаған  күлкі  мен  толас-

сыз шаттыққа толтыруда. 



Жаңа жыл 

қарсаңында 

елорда 

тұрғындары 

мен қонақтарына, 

əсіресе, жас 

астаналықтарға 

ұмытылмас 

қуаныш сыйлап, 

мұз қалашығын 

тұрғызу дəстүрі бар. Бірақ соңғы 

жылдары Арқаның ауа райы күрт 

жылынып, бұл дəстүр кейінгі бірер 

жылда ұмытыла бастаған сияқты. 

Биыл Астана қаласының əкімдігі осы бас-

таманы қайта жандандырып, елорданың 

əртүрлі аймақтарында төрт мұз қалашығын тұрғызуға 

шешім қабылдады. 

Ертегі еліндегі мўз мїсіндер

«М

ахабб


ат вальс

і»

Айнаш ЕСАЛИ,



«Егемен Қазақстан».

Сонау 1955 жылы Роза Бағла-

нованың  орындауында  Қазақ  ра-

диосынан  ырғағы  мүлде  бөлек 

əн  əуелейді.  Ал  бұл  əн  осыдан 

кейін  де  30-40  жыл  бойы  хит  бо-

лып тұрғанын, ал оны жазған тума 

талант  Бекен  Жамақаевтың  му-

зыкалық  білімінің  де  жоқ  еке нін 

ескерсек, онда «Махаббат вальсі» 

де  тағдырлы  əн  ретінде  қызығу-

шылығымызды еселегені сөзсіз. 

Мəселен,  жұрт  Шəмші  Қал-

даяқовты  «вальстің  королі»  деп 

бі леді.  Бірақ  Шəмшіге  дейін  де 

70-шақты əн жазып, «Ертіс вальсі», 

«Сен  ғана»,  «Гүлім  қайда»,  «Ме-

реке вальсі», «Қарағанды вальсі», 

«Сауыншы»,  «Қоштасу»,  «Түн 

сыры», «Жалғыздық тойы», «Сыр-

ласу»  сияқты  əндері  халыққа  кең 

тарап, «вальс королі» атанған əуес-

қой композитордың да тың ғылықты 

жоқтаушысы  табылмай  тұрғаны 

өкінішті. Əйтпесе, есік тен аттаған 

2016  жылы  Бекен  Жа мақаевтың 

туғанына 85 жыл толады екен. 

Дегенмен, əңгіме бір ғана əннің 

төңірегінде болғандықтан небəрі 41 

жыл өмір сүріп, замандасы Шəмші 

Қалдаяқовпен  қатарлас  қазақтың 

əн  өнеріне  вальс  жанрын  жы-

мын білдірмей кіріктіріп жіберген 

композиторлардың  бірі  –  Бекен 

Жұмабекұлының  тағдыр  талай-

ын  толық  қамти  алмайтынымыз 

өкінішті-ақ. Сонымен:

«Жаным деп маған үн қатқан, 

Жүректен сүйіп ұнатқан. 

Бақытым менің, 

Таппаспын теңін, 

Махаббат гүл атқан», – дейтін 

жолдары құлақтан кетпейтін вальс 

қалай туып еді? 

Əн  тарихы  мынадай.  Бекен 

Жамақаевпен  дəмдес-тұздас  бол-

ған,  Семей  өңіріне  танымал  аза-

маттардың бірі Балтабек Ерсəлім-

ұлы  сазгердің  өз  аузынан  естіген 

əңгімелеріне сүйеніп, Мұрат Əмі-

реновке айтқан естеліктерінде бы-

лай депті: «…Бұл жолы аурухана 

төсегінде ұзақ жатты. Бір сəт мы-

нау  қызығы  таусылмаған,  ер кін 

сауық-сайран сала алмаған жа рық 

дүниеден аулақтап бара жат қандай 

сезінетін. Дімкəстігінен мем лекеттік 

емтиханға да жете ала тын түрі жоқ. 

Əйтеуір  көңілге  нала,  көзге  мұң 

ұялатқан  бір  беймаза  күндер  еді 

бұл.  Ауруханада  сары лып  сартап 

болып  жатқан  адам  ның  артынан 

көңілін сұрап са пыры лысып келіп 

жатқандар да бар.

Солардың  ішінен  Майнұрды 

көргенде бір сергіп, серпіліп қала-

тын.  Жаздай  жадырап  палатаға 

Майнұр  кіріп  келгенде  көкірегін 

бір  əсем  əуен  керней  жөнелетін. 

Бірақ ақ көгершіндей əуеде қалқып 

жүрген  əннің  жалына  жармаса 

алмай  əлекке  түсетін.  Осы  бір 

сүйкімді қызға байланысты ойнақы 

əуеннің тұла бойын кернеп, жүрек 

қылын шерте бастағанын бар бол-

мысымен сезінген. «Шіркін-ай, осы 

əуенді əсем əнге айналдырып, оны 

Майнұрға сыйласам-ау!» деген ой 

күндіз-түні маза бермеді.

Бекеннің мөлдір сезімін оятқан 

Майнұр қызға арналған сыйқырлы 

əуен əн болып нотаға да түсті. Бірақ 

жаңа əн көпке дейін нота күйінде 

жатып  қалды.  Əнге  лайықты 

өлең  жоқ  болатын.  Сүйген  қызы 

Майнұрға Ертістің ерке самалын-

дай көңіл күйін көкке шалқытатын 

əуенді сырнаймен сызылта орындап 

беріп жүрді. Бір ғажайып əн туды 

деп жар салған да жоқ. Əн мəтінін 

іздеумен болды. 

Осындай  алакөңіл  күндердің 

бірінде Семейге құдай айда ған дай 

ақын  Нұтфолла  Шəке нов тің  келе 

қалғаны.  Əуенді  тың даған  ақын 

бірден  сөзін  өзім  жазамын  деген. 

Біраз сазгерлер мен шығар машылық 

ынтымақтастықта болып, тəжірибе 

жинақтап қалған Нұтфолла дүйім 

жұртты  дүр  сілкіндіретін  вальс 

ырғағындағы бір əсем əннің дүниеге 

келгенін  қапысыз  сезген.  Сезген 

де, Алматыға оралған бойда сөзін 

жазуға бар ынта-ықыласымен ша-

быттана кірісіп кеткен.

1955 жылдың 28 қазанында Қазақ 

радиосынан жезтаңдай əншіміз Роза 

Бағланованың орындауында бұрын 

белгісіз бір əннің тұсауы кесілген 

еді.  Жаңа  əннің  эфирге  шығуы 

сол  екен,  кең-байтақ  қазақ  дала-

сын шарлай жөнелді. Əнмен бірге 

сазгер Бекен Жамақаевтың даңқы 

да  көкке  өрледі.  Бекеннің  бағын 

ашқан,  Нұтфолланың  ақындық 

қарымын танытқан, Розадай саңлақ 

əншінің репертуарын байытқан əн 

дүниеге  осылай  келген  болатын. 

Əйгілі  əншінің  орындауындағы 

«Махаббат вальсі» қазақ жерін бы-

лай қойып, бара-бара Бирма, Үнді, 

Қытай,  Моңғолия,  Венгрия  аспа-

нында қалықтады. Ал өз жерімізде 

«Махаббат вальсінсіз» той-думан, 

сахналық ойын-сауық өтпейтін бол-

ды.  Алпысыншы  жыл дардың  жа-

стары осы əнмен оя нып, осы əнмен 

ұйқыға  кететін  десек,  сірə,  артық 

айтқандығымыз болмас.

Бекеннің дертіне дауа, жанына 

шипа болған, өмірге қайта əкелген, 

мөлдір махаббатының куəсі болған 

əн еді бұл», дейді əріптесіміз.

Сол сияқты Бекен Жамақаевтың 

«Махаббат  вальсін»  ұлы  жазу-

шы  Мұхтар  Əуезовтің  өзі  қатты 

ұнатқан деген деректерді Балтабек 

Ерсəлімұлы  былай  дəйектейді: 

«Бекеннің  өз  аузынан  естігенмін. 

Оны  Алматыға  бірінші  болып 

шақыртқан  Мұхаң  екен.  Əннің 

шығу  тарихын  сұрапты.  Өзінің 

өкпе ауруына шалдыққандығынан 

əн арнаған сүйген қызына үйлене 

алмай  жүргенін  мұң  етіп  айтқан 

ғой.  Мұны  естіген  ұлы  жазушы 

оның  сауығып  кетуіне  көмегін 

аяп  қалмаған  сыңайлы.  Мұхтар 

Омарханұлы кез келген мəдени ша-

раларда Розаға «Махаббат вальсін» 

орында  деп  қолқа  салады  екен. 

Роза Тəжібайқызының естелігінде 

Мұхаңның бір кеште осы əнді он 

рет қайталатып салдырғаны туралы 

айтылады».

Сөз  соңында  дəл  осы  əннің 

ырғағындай Майнұр ару осыдан кейін 

де əуесқой композитор, дикторға ша-

быт сыйлап, дертті болған күндерде 

дем беріп, қысқа ғұмырында адал 

жарына  айналып,  үш  ұл,  бір  қыз 

сыйлағанын айтқымыз келеді. 



АЛМАТЫ.

немесе вальстіѕ 

королін вальстен ізде

Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ауа  райы  аяқ-астынан  бұзылса, 

түкпірдегі ауыл адамдары «Байқоңырдан 

зымыран ұшты!..» деп табан астынан сөз 

тауып  жатады.  Бұл  үшін  ауыл  адамда-

рын жазғыру да ұят: өйткені, бүкіл БАҚ 

Байқоңырдан ғарыш кемесінің сəтті старт 

алғанын  хабарлайды,  көп  ұзамай  күллі 

төңіректе  ауа  райы  өзгереді.  Шайдай 

ашық аспаннан қар жауады, 30 сантиметр 

қалыңдықпен жауған қар келесі күні жып-

жылмағай еріп кетіп жатады... Бір сөзбен 

айтқанда,  ауа  райы  осылай  құбылады. 

Ауа райының бұл құбылысын Байқоңырға 

əкеліп  тіреп  қойғанымыз  жөн  болмас, 

əрине. Қазір Жер шары ғаламдық жылыну 

үрдісін басына өткеруде. Оның кері қайтар 

жолы жоқ, бірақ қамдану амалы бар.

2015 жылдың желтоқсанының басында 

Парижге Дүниежүзінің 150 мемлекетінің 

басшылары атбасын бұрып, БҰҰ талабының 

аясында Əлемдік климаттық конференция 

өткізді.  Конференция  жұмысына  мем-

лекет  басшыларынан  тыс  40  мың  адам 

тікелей қоян-қолтық араласты. Тіркелген 

журналистердің  саны  3  мыңға  жетті. 

Кезек саны 21-ші рет (СОР-21) өткізілген 

Дүниежүзілік  осы  жиналыста  перулік 

атақты  эколог,  мемлекет  жəне  қоғам 

қайраткері  Мануэль  Пульгар-Видальдің 

өткен 20-шы кездесуде «Дүниежүзі үшін 

қазір  аса  қорқынышты  екі  қауіп  бар,  ол 

– терроризм мен климаттың өзгеруі» деп 

айтқан  сөзі  тектен-тек  еске  алынбаған 

шығар.  Қауіп  бар.  Табиғатқа  қол  ұшын 

тездетіп беру керек. Бүкіл əлем бір сəтке 

тына қалып құлақ түрген бұл мəслихатта 

ғаламдық жылынудың бірден-бір себепшісі 

–  ауаға  бөлініп  шығып  жатқан  есепсіз 

көмірқышқыл газының зардабы екені тағы 

да  талқыланды.  Əлемдік  саммитте  көп 

нəрсеге көз жеткізген ел басшылары жер 

бетін тұмшалаған зардапты газдың көлемін 

белгілі мөлшерде қысқартуға келісті. Елінің 

өркендеуі үшін өндірісте  көмір  қышқыл 

газын еселеп шығарып жатқан мемлекет-

тер болашақ ұрпақ үшін жауапкершілігін 

түсінгендей... БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан 

Ги Мун шын көңілмен «Біз балаларымыз 

бен  немерелеріміздің  алдындағы  боры-

шымызды  аздап  болса  да  орындадық. 

Көзіне түзу қарайтын болдық. Олардың 

келешекте лайықты өмір сүруі үшін аз-

дап болса да əлемді тазарттық», деуінде 

үлкен мəн жатыр. Сонымен, ендігі жер-

де  алпауыт  өндіріс  ошақтарынан  сəт 

са йын  бөлініп  күн  көзін  бүркемелеген 

зиян ды қалдықтар көлемі аздап болса да 

азаятын  сияқты.  Бүкіл  əлемнің  назарын 

өзіне аударған Париждегі СОР-21 осын-



дай шешіммен аяқталды.

1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал