Бїгінгі нґмірде



жүктеу 0.77 Mb.

бет5/7
Дата08.01.2017
өлшемі0.77 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Бекен ИМАХАНОВ, 

актер, Қазақстанның 

халық əртісі.

–  Бүгінде  тыныштық  пен 

тұрақтылықтың бесігіне айналған 

еліміз есен-аман тағы бір жыл-

ды  қарсы  алды.  Елбасымыз 

Нұрсұлтан Назарбаев зор күш- 

жігермен  мемлекетімізді  жа-

һан дық  дағдарыс  жағдайына 

қар сы  амал-шарғыға  жұмыл-

дыр ды. Жуырдағы Жолдауында 

бюджеттік  қызметкерлердің, 

дəрігерлер  мен  мұғалімдердің 

еңбекақысын, қарияларымыздың 

зейнетақысын  көтеретінін  айт-

ты. Бұл – осындай қиын кезеңде 

халықтың əлеуметтік жағдайына 

жасалған үлкен қолдау. 

Дүние  дүрбелеңге  толы. 

Қай жаққа қарасаңыз да жары-

лыс,  соғыс,  қақтығыс,  жанын 

шүберекке түйген босқын жұрт 

сынды  жаныңды  ауыртатын 

жайттарды көресіз. Франциядағы 

теракт, Сириядағы соғыс соның 

дəлелі.  Отты  ошақтар  азаймай 

тұр.  Құдай  қосқан  көршіміз 

Ресей  мен  түбі  бір  бауыры-

мыз  Түркияның  арасындағы 

салқындық  та  геосаясаттың 

зілмауыр  салмағын  таразылай 

түскендей.  Президентіміз  па-

расатты  пайымымен  екі  елдің 

арасында  дəнекер  болып  жүр. 

Бітімгершілік  миссиясының 

елімізге  жүктелетіні  де  бекер 

емес.  Біз  бейбітсүйгіш  елге, 

бітістіруші  елге  айналдық! 

Сондықтан, қаржылық дағдарыс, 

экономикалық қиындықтар бола 

береді.  Ең  бастысы,  ел  іргесі 

бүтін болсын дегім келеді. 

Ескі жылға өкпе жоқ. Біздің 

Семей қаласындағы Абай атын-

дағы театрымыз үшін табыс ты 

жыл  болды.  Өнер  өңірімізбен 

бірге өрістеп, өркендеп келеді. 

Мысалы,  биыл  Абайдың  170 

жылдық  мерейтойына  арнап 

Мұхтар  Əуезовтің  «Абай» 

трагедиялық драмасын қойдық. 

Бұл спектакль 30 жылдан кейін 

қайта оралып отыр. 1975 жылы 

қойылған  спектакль  сахнада 

он  жыл  жүрген  еді.  Мен  осы 

қойылымда  басты  образды  40 

жыл  бұрын  ойнаған  екенмін. 

40  жылдан  соң  тағы  да  Абай 

бейнесін  сомдадым.  Ең  басты 

жаңалық, Мемлекет басшысының 

қолдауымен  шығыс  өңірінде 

үлкен  театр  ғимараты  салын-

ды.  Оның  салтанатты  ашылу-

ына  Елбасының  өзі  қатысып, 

шығармашылық ұжымға шабыт 

тіледі.  Қазақ  хандығының  550 

жылдығына орай жергілікті ав-

торымыз  Айбек  Төлеуханның 

«Керей хан-хан Жəнібек» атты 

шығармасын  сахналадық.  Бұл 

қойылым биыл қыркүйек айында 

Өскемендегі жаңа облыстық дра-

ма театрында өткен еліміздің те-

атрлар фестивалінде бас жүлдені 

жеңіп алды. Театрымыз елімізбен 

бірге ертеңгі күнге сеніммен қарап, 

алға қарай нық қадам басып келеді. 

2016 жылы Тəуелсіздігіміздің 

25  жылдық  мерейтойы  аталып 

өтеді. Тəуелсіздік – ең ұлы бай-

лығымыз. Мен үшін де бұл жыл-

дың маңызы бар. Алла бұйыртса, 

сексеннің сеңгіріне аяқ басамын. 

Сондықтан,  Тəуел сіздігімізді 

ұлықтайтын  ұлы  дү ниелерді 

ұсынуда  театр  сала сының  да 

тығыз əрі жемісті жұмыс істейтін 

жылы  болады  деп  сенемін. 

Тəуелсіздігіміз баянды болсын!



СЕМЕЙ.

Жекешелендірудіѕ 

желкені тїсірілмейді



 Басты байлық

Курорттыќ кластер кґкжиегі

Осыдан жеті-сегіз жыл бұрын Сарыағаш ауданына 

іссапармен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» 

АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов келді. Жиыннан 

шыққаннан кейін шай ішілді. Дастарқандағы «Сарыағаш» 

арасан суына көзі түскен Сəукең «Əбеке, (Сарыағаштың 

сол кездегі əкімі Əбдібақыт Мақұлбаев) кей жерде 

Сарыағаштың арасан суының орнына құдық суын қосып 

сатады деген сөз бар. Осындай əрекеті үшін ұсталғандар ту-

ралы теледидардан көрсетіледі. Осы қаншалықты рас, деп 

сұрады. Сонда аудан əкімі күліп: 

– Сəуке, Сарыағашта арасан суының орнына таза су қосып 

сату тым қымбатқа түседі, – деген.

Онысы рас. Сарыағаш ауданының жерасты телегей теңіз 

арасан суы. Мың бір ауруға ем. Бір қызығы, елушақты ар-

тезиан құдығы болса əрқайсының құрамы бөлек. Ағзадағы 

ішек, азқазан ауруларын айтпағанда өтін алдырғандарға 

Сарыағаштың суындай пайдалы ем Қазақстанда жоқ.

Сарыағаш – курортты аймақ. Қазір онда 16-дан астам 

емдеу-сауықтыру орталықтары жұмыс жасайды. Бүгінде 

арасан суымен атағы шыққан аудандағы емдеу-сауықтыру 

орталықтарын халықаралық деңгейге көтеретін жаңа жоба 

іске асырылып жатыр. Біз осы жағдайларға байланысты об-

лыс əкімі Бейбіт АТАМҚҰЛОВПЕН сұхбаттасқан едік.



 Мемлекеттік мəселе



Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

«Қазпошта»  АҚ  СҚОФ  қара-

мағында жұмыс істейтін 13 аудан-

дық пошта байланысы торабы, 88 

ауыл дық,  14  қалалық  байланыс 

бөлімшелері,  17  жылжымалы 

топ,  27  пошта  пункттері  700-ге 

жуық  елді  мекен  тұрғындарына 

қызмет  көрсетеді.  Соңғы  жыл-

дары  жаңа  технологияларды 

енгізудің арқасында 127 өндірістік 

объектілер  автоматтандырылып, 

пошта, қаржылық, агенттік қызмет 

көрсету түрлері артты. 2002 жыл-

дан бері филиалдың табысы 10 есе, 

орташа жалақы 5 есе молайған. 

Жаңа жыл қарсаңында өңірдің 

 пошта  қызметкерлері  үлкен 

қуанышқа  бөленді.  Аймақ  бас-

шысы  Ерік  Сұлтанов  жергілікті 

бөлімшелерге 14 қызметтік авто-

көліктің кілттерін салтанат ты жағ-

дайда табыс етіп, олардың халыққа 

қызмет  көрсету  саласындағы 

еңбектерін жоғары бағалады.

Елбасының қолдауымен «Самұ-

рық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры 

директорларының  кеңесі  Транс-

формациялау бағдарламасын 2014 

жыл дан  жүзеге  асырып  келеді. 

Озық жо ба шеңберінде филиалда 

мерзімді баспасөз құралдарын авто-

матты желімен сұрыптау, байланыс 

қызметкерлерін смартфондармен 

жарақтандыру, буданды электрон-

ды  поштаның,  постаматтардың 

өзіндік жүйесін құру, SMS техно-

логияларын  қолдану,  кедергісіз 

қызмет  көрсетуді  енгізу  секілді 

көптеген  шаралар  үлкен  қолдау 

тапты. 2015 жылғы ІV тоқсаннан 

бері пошта байланысы бөлімшесі 

арқылы теміржол билеттері саты-

лады. 


 Филиалға бөлінген 5 «Нива», 

5 «УАЗ», 2 «IVECO», 2 «ГАЗель» 

автокөліктері  бірінші  кезекте 

алыстағы Айыртау, Ақжар, Мағжан 

Жұмабаев, Шал ақын аудандық бай-

ланыс бөлімшелеріне, облыстық ар-

найы байланыс қызметіне, автокөлік 

учаскесіне  табыс  етілді.  Пошта 

еліміздің  əлеуметтік  өмірінде  ең 

өзекті қатынас құралы саналады. 

Оның тұрғындарды хат-хабармен, 

мерзімді  баспасөзбен  тұрақты 

түрде қамтамасыз етудегі маңызы 

өлшеусіз екені айтпаса да түсінікті.

Ерік  Хамзаұлы  пошта  бай ла-

нысының  ардагері  Тілек  Əбді-

рахмановты 80 жасқа толу мерей-

тойымен  құттықтап,  құрмет  гра-

мотасын,  Мамлют  ауданындағы 

Воскресеновка  ауылдық  пошта 

бөлімшесінің басшысы Светлана 

Тулиноваға – Инвестициялар жəне 

даму министрлігінің «Үздік байла-

нысшы» төсбелгісін, Есіл аудандық 

пошта бөлімшесінің аға инспекторы 

Надежда Ионоваға «Қазпошта» АҚ-

тың құрмет грамотасын табыстады.

Облыстық  филиалдың  дирек-

торы Ерік Нұрақаев пошта сала-

сының  дамуына  ерекше  көңіл 

бөліп отырған, соңғы екі жылда ма-

шина паркі 40 техника бірлігімен 

толыққанын жеткізді.

Салтанатты  шарадан  кейін 

Е.Сұлтанов  операция  залындағы 

постаматтың жұмысымен таныс-

ты.  Осындай  постаматтар  сауда 

үйлерінде де жұмыс істейді.



Солтүстік Қазақстан облысы.

––––––––––––––



Суретті түсірген 

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.



 Бəрекелді!

Пошташылар ќуанышы


1 қаңтар 2016 жыл

www.egemen.kz

7

Атап ґтер 

атаулы кїндер



 Италияда Жаңа жыл 6 қаңтарда басталады. Бұл елде Жаңа 



жылды ескілердің бəрінен тазара отырып бастау керек деп 

есептейді. Сондықтан Жаңа жыл түнінде бүкіл ескі заттарды те-

резеден лақтыру дəстүрі қалыптасқан. Ырым бойынша, босаған 

орындарды міндетті түрде жаңа заттар иемденетін болады.



 Құттықтау ашық хаттарымен алмасу дəстүрі ең алғаш Англияда 

пайда болған. Алғашқы жаңажылдық ашық хат Лондонда 1843 

жылы басылып шыққан екен. Британ аралдарында «Жаңа жылды 

енгізу» салты кең тараған. Сол үшін мұнда сағат 12-ні соққанда Ескі 

жылды шығарып жіберу үшін артқы есікті ашады да, сағаттың соңғы 

соғуымен бірге алдыңғы есікті ашып ішке Жаңа жылды кіргізеді.



 Вьетнамда Жаңа жыл ай күнтізбесі бойынша 21 қаңтар мен 19 



ақпан аралығында аталып өтіледі. Мерекелік дастарқанға гүл 

шоқтары қойылады. Бұл түні барлық ұрыс-керістер ұмыт бо-

лып, өкпелеткендерге кешірім жасалады.



 Непалда Жаңа жылды күн шыға қарсы алады. Түнде, ай 

толысқан кезде непалдықтар алау жағып, оған керек емес затта-

рын лақтырады. Келесі күні бояулар мерекесі басталады. Адамдар 

беттеріне, қолдарына, кеуделеріне түрлі бояулар жағып алады да

көшеге шығып əн айтып, би билейді.



 Кубалықтар Жаңа жыл қарсаңында үйдегі бүкіл ыдыстар-

ды суға толтырады да, түн ортасында оны терезеден сыртқа 

төгеді. Осылайша Бостандық аралының тұрғындары Жаңа 

жылға су сияқты жарқын да таза жол тілейді.



 Бирмада Жаңа жыл сəуірдің 12-сі мен 17-сі аралығында баста-

лады. Оның нақты басталар күнін Мəдениет министрлігі арнайы 

бұйрықпен хабарлайды, сөйтіп, мейрам үш күнге жалғасады.



 Жапон балалары Жаңа жылды жаңа киім киіп қарсы алады. 

Ол Жаңа жылда денсаулық пен сəттілік əкеледі деп есептеледі. 

Қоңыраудың 108 соққысы Жапонияға Жаңа жылдың келгенін ха-

барлайды. Жаңа жыл келген күні таңертеңгілік жапондар күннің 

шыққанын қарсы алу үшін сыртқа шығады. Күннің алғашқы 

шапағымен олар бір-бірін құттықтап, сыйлықтар табыстайды.



 Иранда Жаңа жылды 22 наурыздың түн жарымында қарсы алады.

Бұл күні бүкіл мылтықтардан оқ атылады. Бұл елде Жаңа жылдың 

алғашқы күнінде үйдегі ескі қыш ыдысты сындырып, оны жаңамен 

алмастыру дəстүрі қалыптасқан.



 Болгарияда қонақтар, туған-туыстар Жаңа жылда мерекелік 



дастарқанға жиналады жəне бүкіл үйлерде үш минутқа жарық 

өшіріледі. Меймандар қараңғыда қалатын сəт жаңажылдық сүйісу 

минуттары деп аталады, оның құпиясын қараңғылық қана біледі.



 

Грекияда қонақтар өздерімен бірге үлкен тас əкеліп, оны 

«Қожайынның байлығы осы тастай ауыр болсын» деген сөздермен 

табалдырыққа тастайды. Егер үлкен тас табылмай қалса, онда 

«Қожайынның көзіндегі теріскен осы тастай кішкентай болсын», дей 

отырып, табалдырыққа кішкентай тасты тастайды.

«Егемен-ақпарат».

Қойлыбай ҚАРАЖАНҰЛЫ,

Халық ағарту ісінің үздігі, 

зейнеткер.

Адам  баласы  алдағы  əрбір 

секундтарға  үмітпен  қарап, 

өзіне беймəлім болашақтан тек 

қана жақсылықтар тілейді жəне 

күтеді. Жер бетіне қырғын соғыс, 

жойқын жарылыс, өзі мен жақын-

жуығына, ел-жұртына, қоршаған 

ортасына  жамандық  тілеп  күн 

мен  түнді  қарсы  алған  адам-

ды  осы  уақытқа  дейін  көрген 

емеспін  жəне  көрмейтініме  де 

сенімдімін.  Демек,  адам  жаны 

жақсылыққа  құштар,  ізгілікке 

толы деген сөз. Мұны айтудағы 

себебім,  қазір  айналамыздағы 

бірқатар елдердің тынышы кетіп, 

бейбіт  өмірі  құйын  ұрғандай 

құтырып тұр, бала-шаға, жас пен 

қарт  демей  қынадай  қырылып 

жатыр, ал тірі қалған халқы жан 

сауғалап  аш-жалаңаш  тоз-тоз 

болып шашырап кетті. Олар бұл 

күнді, мұндай қаралы жағдайды 

тілеген  жоқ,  бірақ  белгілі-

белгісіз күштердің ықпалымен 

солай  болды.  Ал  біз,  тəуелсіз 

Қазақстанның  тұрғындары 

шүкір етіп, Құдайдан ең бірінші 

осы  тыныштығымыздан  ай-

ырма,  ел-жұртымызға  береке-

бірлік  бер,  болашағымызға 

балта  шаппа,  тəуелсіздігіміз 

мəңгілік болып, осы елде қазақ 

жұртымыз,  үрім-бұтағымыз 

өсіп-өніп, дамып-жетіліп, есен-

сау  тіршілік  ете  берсін  деген 

бағыттағы ізгіліктің тілеуін үзбей 

тілеуіміз  қажет.  Менің  əрбір 

Жаңа жылдан ғана емес, əрбір 

жаңа күндерден тілейтін тілегім 

осы. Елімізде бейбітшілік болса, 

адам баласының қарау ниетінен 

туындаған бұзақылықтар салда-

рынан  туындайтын  қасіреттер 

мен  түрлі  табиғат  апаттары-

нан  аман  болсақ,  қаржылық-

əлеуметтік қиындықтар уақыты 

келе қалыпқа түседі деп ойлай-

мын. Қазақ халқы өз тарихын-

да  осының  бəрін  де  басынан 

өткерді. Аштықты да, соғысты да, 

шапқын-шабуылды да, табиғат 

тарапынан болатын қиындық – 

жұтты  да.  Бүгінде  80-ге  келіп 

қалған  мен  бала  кезімде  оның 

шет жағасын көрген де едім. Енді 

ақсақалдық тілекпен Қазақ еліне, 

Қазақстаныма тек жақсылықтар 

тілеймін,  егемендіктің  туын 

биік  əрі  берік  ұстап  біздің 

ұрпақтарымыз  болашаққа  нық 

қадам бассын деген тілектемін. 

Жаңа мешін жылы Жер бетіне 

тыныштық  сыйласын,  біздің 

елімізге амандық, даму, кездес-

кен  қаржылық  қиындықтарды 

жеңіп, іргелі елге айналуды нəсіп 

етсін!

АҚТАУ.

Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Биылғы жылы Бразилия жерін-

де  XXXI  Олимпиада  өткелі  тұр. 

Демек, бұл – жаңа дəуірде бұған 

дейін осындай 30 Ойын өтті деген 

сөз.  Бұрын  біз  құрамына  кірген 

Кеңес  Одағының  спортшыла-

ры  Олимпиадаға  қатысуды  1952 

жылы  Хельсинкиде  өткен  XV 

Ойын дардан  бастады.  Ал  Қазақ-

стан  саңлақтары  арасынан  же-

ңіл  атлет  Евгений  Кадейкин  бі-

рінші  болып  осындай  айтулы 

аламанға ат қосты. Ол 1956 жылы 

Австралияның  Мельбурн  қала-

сында  өткен  Олимпиялық  ойын-

дарға қатысты. Келесі, 1960 жылы 

өтетін  Рим  Олимпиадасында  қа-

зақ  ұландары  арасынан  бірінші 

жүлдегер шықты. Бірақ ол – 4х100 

метрге  жүгіру  эстафетасынан 

күміс  медаль  алған  жеңіл  атлет 

Ғұсман Қосанов Ойындарға Мол-

давия атынан бар ған еді. Мұның 

есесіне, 1964 жылы Токиода жа-

лау  желбіреткен  Олиим пиадада 

Қазақстанның  екі  бір дей  спорт-

шысы  –  қазіргі  заман ғы  бес-

сайысшы  Виктор  Мине ев  пен 

классикалық (грек-рим) күресінің 

шебері  Анатолий  Коле сов  ал-

тын  медальдің  иегерлері  атан-

ды.  1968  жылы  Мехикода  өт кен 

Олимпиадада  біздің  республи-

ка  спортшылары  олжалаған  бас 

жүл де  саны  үшеуге  жетті.  Оның 

бə рін  волейболшылар  –  Валерий 

Крав ченко,  Олег  Антропов  жəне 

Нина  Смолеева  əкелді.  Жалпы, 

1956-1988  жылдары  жəне  ТМД 

құрамасы сапында өнер көрсеткен 

1992  жылдары  Қазақстан  спорт-

шылары  барлығы  28  алтын,  13 

күміс жəне 12 қола медальға қол 

жеткізді. 

Бұдан  кейін  тəуелсіздік  жыл-

дары  жетті.  Қазақстан  егемен  ел 

ретінде  бірінші  рет  1996  жылы 

Атлантада  өткен  Олимпиялық 

ойындарға  дербес  команда  мəр-

тебесінде  атсалысты.  Ол  біздің 

спортшылар үшін өте жақсы бас-

талды.  Аламанда  3  алтын,  4  кү-

міс  жəне  4  қола  медаль  алған 

саң лақтарымыз  жалпы  есепте 

24-орын ға табан тіреді. Бұрынғы 

Кеңес  рес публикаларынан  біздің 

алды мызға  тек  Ресей  (2)  мен 

Украина (9) ғана түсе алды. Бірін-

ші Ойындарымызда грек-рим күре-

сінен  Юрий  Мельниченко,  бокс-

шы Василий Жиров жəне қазіргі 

заманғы  бессайысшы  Александр 

Парыгин  алтыннан  алқа  тақса, 

мылтық  атудан  Сергей  Беляев 

–  екі,  ал  ауыр  атлет  Анатолий 

Храпатый  1  күміс  медальға  қол 

созды. Қола медальды қоржынға 

салғандар  қатарында  боксшылар 

Болат Ниязымбетов пен Ермахан 

Ибрайымов,  мерген  Владимир 

Вохмянин жəне еркін күрес шебері 

Мəулен Мамыров болды. 

Қазақстандықтардың  2000 

жылы Сиднейдегі жетістігі осыған 

шамалас шықты. Мұнда алдыңғы 

11  медальға  қарағанде  кемдеу, 

барлығы  7  жүлде  алып  қайтсақ 

та,  əдепкі  екі  тұғыр  бойынша 

көрсеткішіміз дəл түсіп, 22-орыннан 

бір-ақ табылдық. Алтын медальды 

боксшылар Бекзат Саттарханов пен 

Ермахан Ибрайымов, жеңіл атлет 

Ольга  Шишигина,  күміс  медаль-

ды  боксшылар  Болат  Жұмаділов 

пен Мұхтархан Ділдабеков, вело-

спортшы  Александр  Винокуров 

жəне  еркін  күрес  шебері  Ислам 

Байрамуков  əперді.  Сиднейден 

кейін  2004  жылы  Афина  Олим-

пиадасы  өтті.  Онда  1  алтын,  4 

кү міс  жəне  3  қола  медаль  алып, 

жиынтығында 8 медальға тоқтаған 

қазақстандықтар 40-орыннан шаң 

берді. Мұнда алтын медальды бокс-

шы Бақтияр Артаев қанжығасына 

байласа,  күміс  медальды  бокс-

шы Геннадий Головкин, ауыр ат-

лет Сергей Филимонов, грек-рим 

күресінен Георгий Цурцумия, еркін 

күрестен  Геннадий  Лалиев,  қола 

медальды  онсайысшы  Дмитрий 

Карпов, боксшы Серік Елеуов жəне 

грек-рим  күресі  шебері  Мхитар 

Манукян алқалады. 

Біз  2008  жылы  өткен  Бейжің 

Олимпиадасында жалпы жүлделер 

санын арттырып, бірінші рет 13-ке 

жеткіздік. Олар 2 алтын, 4 күміс 

жəне 7 қола медаль болып бөлініп, 

командалық есепте 29-орын алу-

ымызды  қамтамасыз  етті.  Осы 

жолы  ауыр  атлет  Илья  Ильин 

өзінің  бірінші  олимпиадалық 

алтын  медалін  олжалады.  Тағы 

бір  алтын  медаль  боксшы  Бақыт 

Сəрсекбаевтың мойнына тағылды. 

Бұдан  əрі  күміс  медальды  ауыр 

атлеттер  Ирина  Некрасова  мен 

Анна Важенина, дзюдошы Асхат 

Житкеев  пен  еркін  күрес  шебері 

Теймураз  Тигиев  еншілесе,  қола 

медальдар əйелдер күресінен Елена 

Шалыгинаға, грек-рим күресінен 

Нұрбақыт  Теңізбаев  пен  Əсет 

Мəмбетовке, еркін күрестен Марид 

Муталимовке, ауыр атлет Мария 

Грабовецкаяға, боксшы Еркебұлан 

Шынəлиевке  жəне  таэквондошы 

Арман Шілмановқа бұйырды. 

Қазақстан  үшін  2012  жылы 

Лондонда  өткен  Олимпиялық 

ойындардың жөні тіпті бөлек. Онда 

еліміз сайыпқырандары алдыңғы 

Ойындағыдай  13  медальға  қол 

жеткізгендерімен,  олардың  ара-

сында  алтын  жүлденің  саны 

едəуір көп – жетеу болды. Соның 

арқасында олар тарихта бірінші рет 

12-орынға орналасты. Осы жолы 

ауыр атлет Илья Ильин қатарынан 

екінші рет Ойындардың жеңімпазы 

атанды.  Одан  басқа  ауыр  атлет-

тер  Зульфия  Чиншанло,  Майя 

Манеза,  Светлана  Подобедова, 

боксшы  Серік  Сəпиев,  жеңіл  ат-

лет Ольга Рыпакова Отанымыздың 

даңқын  асыра  түсті.  Ал  алтын 

жүлделер  легін  велоспортшы 

Александр  Винокуров  бастап 

берген еді. Сол сияқты күміс ме-

даль алғандар қатарынан боксшы 

Əділбек  Ниязымбетов  көрінсе, 

қола медальдың қолайынан грек-

рим  күресінен  Даниял  Гаджиев, 

еркін күрестен Ақжүрек Таңатаров, 

бокстан  Марина  Вольнова  мен 

Иван  Дычко,  əйелдер  күресінен 

Гүзел Манюрова табылды. 

Осылайша тəуелсіз Қазақстан 

құрамасы 1996 жылдан бері 16 ал-

тын, 17 күміс жəне 19 қола медаль 

жеңіп алып, олардың қосындысын 

52-ге  апарды.  Енді  алдағы  та-

мыз  айында  шартарапқа  шашу-

ын  шашатын  Рио-де-Жанейро 

Олимпиадасында  осы  жүлделер 

санының арта түсетініне үміт ар-

тамыз. Ең бастысы, ол Жер бетінде 

бейбітшілік  пен  тыныштықтың 

орын алуына үлес қосатын, соған 

шақыратын, соған үндейтін жарыс 

болсын дейік.

Əр елдіѕ 

əдеттері де əртїрлі

Бəрінен бўрын

ел аман, жўрт тыныш 

болсын деп тілеймін



Дайындаған Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Əрбір төрт жылда бір айналып келетін жаһанның басты жарысы, 

айтулы аламаны – Олимпиялық ойындардың кезеңі де келе жатыр. 

Биыл – кезекті Олимпиада жылы. Бұл жолы ол 2016 жылдың 3-21 

тамызы аралығында қанат жаяды. Осы уақытта Бразилияның Рио-

де-Жанейро мен Белу-Оризонти, Бразилиа, Сальвадор жəне Сан-

Паулу қалаларының спорт ареналарында əлемнің түкпір-түкпірінен 

жиналатын 789 спортшы 306 медаль жиынтығын сарапқа салады. 

Бұлардың соңғы төртеуі тек футбол турнирін ғана қабылдайды да

қалған жарыстар түгелдей Рионың аспанын думанға бөлейді.

Оңтүстік Америка құрлығында алғаш рет ту тіккелі тұрған аталмыш 

дүбірлі додаға Қазақстанның да спортшылары қатысады. Қазірге дейін 

біздің еліміздің саңлақтары 48 жолдамаға қол жеткізіп отыр. Алда əлі талай іріктеу сайыс-

тары тұр. Солар арқылы тағы қаншама атлетіміздің бағы жанатынына сенгіміз келеді.

Риодан ірі жеѕістер 

кїтеміз

Өткен жылды жасауы түгел ұзатқан 

қыздай  етіп,  сəн-салтанатымен 

шығарып  салып,  жақсы  тілек, 

ізгі  ниетпен  Жаңа  жылды  қарсы 

алдық.  Бұл  жылдың  да  өзіндік 

ерекшелігі,  атап  өтер  күндері,  ұлттың 

жақсыларымыздың мерейімізді өсіретін, 

бізде  де  бар  екен-ау  дегізетін  мерей-

тойлары  бұл  жылда  да  баршылық  екен. 

Ондай  арыстарымыздың  өткен  жолына  ой 

жіберсең,  олар  халқын  береке-бірлікке  үндеп, 

теріс  басқанды  оңға  бұрып,  өткенге  топырақ  шаш-



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал