Бїгінгі нґмірде



жүктеу 0.77 Mb.

бет4/7
Дата08.01.2017
өлшемі0.77 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Темір ҚҰСАЙЫН,

 «Егемен Қазақстан».

 

Жаңа жылдың арайлап атқан ақ таңында 



еліміздің батыс қақпасындағы жаңа құрылыс 

алаңы тағы бір теңдесі жоқ сəнді де сəулетті 

ғимаратпен  толықпақ.  Бұл  жаңа  жылдың 

алғашқы күні құрылысы аяқталатын Достық 

үйі. Оны дəл осы күні мемлекеттік комиссия 

жақсы  деген  бағамен  қабылдап  алмақ.  Көк 

түстес  күмбезбен  көмкерілген  ғимараттың 

сыртқы  көрінісі  мен  ішкі  интерьерінде 

шығармашылық жəне архитектуралық ұшқыр 

ойдың  жемісі  атойлап  тұр.  Достық  үйінің 

жалпы  аумағы  4,5  шаршы  метрді  құрайды. 

Бүгінгі  күннің  биік  талғамына  сай  бой 

көтерген ғимарат құрылысын Орал өңіріндегі 

таңдаулы  құрылыс  компанияларының  бірі 

–  «ОтделСтрой»  ЖШС  тұрғызған.  Аталған 

жобаның құны 900 миллион теңге төңірегінде.

–  Достық  үйінде  өңірдегі  этномəдени 

орталықтар мен бірлестіктердің офистері ор-

наласатын болады. Мұнда бұл үшін бүгінгі за-

ман талаптарына сай жан-жақты жабдықталған 

кабинеттер  мен  бөлмелер  бар.  Ғимаратта 

достық пен бірліктің туын биік көтеруді мұрат 

тұтқан этномəдени бірлестіктер мүшелерінің 

бəрі  қазіргі  əлемдік  деңгейдегі  ақпараттық 

технологияның  барлық  түрлерін  емін-еркін 

пайдалана  алады.  Қысқасы,  мұнда  зерделі 

жанның  жанына  қажеттінің  бəрі  де  мұқият 

ойластырылған.  Мəдени  орталықтардың 

кабинеттері мен бөлмелері белгілі бір этнос 

өкілдерінің салт-дəстүрлер ерекшелігіне сай 

жабдықталған. Ал айнадай жарқыраған биік 

те еңселі əрі аумағы атшаптырым конференц-

залдар  мен  көрме-холдар  өзінің  айшықты 

ажарымен кез келген адамды тамсандырып, 

таңдандыра  алады.  Сіз  мүмкін  дыбыстық 

жазу студиясының қызметін пайдаланғыңыз 

келетін шығар? Достық үйінде бұған да толық 

жағдайлар бар. Сондай-ақ, мұнда Қазақстан 

халқы Батыс Қазақстан облыстық ассамблея-

сы  бастамашы  болған  саналуан  іс-шаралар 

да өткізілетін болады, – деді газет тілшісіне 

Батыс  Қазақстан  облысы  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы хатшылығының басшысы Ғайса 

Қапақов.


Орал  өңірін  мекендейтін  сантүрлі  этнос 

өкілдері  ғана  емес,  сонымен  бірге  барша 

батысқазақстандықтар жаңа жылдың алғашқы 

күні достық пен бірліктің одан əрі тереңдей 

түсуіне  негіз  қалайтын  сəулетті  ғимаратты 

пайдалануға  беретін  «ОтделСтрой»  ЖШС 

құрыш  қолды  құрылысшыларының  кəсіби 

шеберлігіне дəн риза. Осы арада бұл құрылыс 

компаниясы республикада ең алғашқылардың 

бірі  болып  халықаралық  сапа  стандартта-

рын  енгізген  кəсіпорын  екенін  айта  кеткен 

жөн.  Осылайша  олар  бəсекеге  қабілеттілік 

деңгейін көтеру арқылы шетелдік фирмалар-

мен  бірігіп  қызмет  жасау  мүмкіндігіне  қол 

жеткізе білді.

...Иə,  жоғарыда  айтылғандай,  төрімізге 

аттаған Жаңа жылдың арайлап атқан ақ таңында 

Орал  қаласындағы  құрылысы  аяқталатын 

Достық  үйінің  аспан  түстес  көк  күмбезі 

қазірдің өзінде алыстан менмұндалайды.



ОРАЛ. 

––––––––––––––––––––––

Суретте:  Орал  қаласында  ашылатын 

Достық үйінің сыртқы көрінісі.

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ.

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Аймақтың  ғана  емес,  тұтас 

республиканың  экономикасы-

на едəуір серпін əкелетін шыны 

зауытының құрылысы басталды. 

Бұл жоба Қызылорда облысында 

іске асуы да біршама кешеуілдеді. 

Оның  да  түрлі  себептері  бар. 

Ал құрылыс басталғаннан кейін 

де  түрлі  тосқауыл  қоймақшы 

болғандар  табылды.  Дегенмен, 

бүгінде ештеңеге қарамай, жоба 

қарқынды түрде жүріп жатыр.

Бұл не жоба? Қандай пайда-

сы  бар?  Енді  аз-кем  осы  жайы-

на  тоқтала  кетелік.  Зауыт  іске 

қосылғанда  табақша  шынылар 

шығара  бастайды.  Оның  өнімі 

əртүрлі  болмақ.  Тіпті,  ұялы 

телефонның  бетіне  қойылатын 

шыныға  дейін  шығара  алады. 

Неміс  технологиясымен  салы-

натын  зауыт  барлық  заманауи 

құрал-жабдықтармен қамтылмақ. 

Зауыттың бір күндік қуаттылығы 

600 тонна шыны шығаруға жетеді. 

Яғни, бұл жылына 197 100 тонна 

табақша шыны шығады деген сөз. 

Зауыт  құрылысына  «Бəйтерек» 

холдингі де белсенді түрде атса-

лысып  жатыр.  Сонымен  қатар, 

құрылыстың стратегиялық инвес-

торы ретінде АҚШ-тың «Steward 

Engineers»  компаниясы  таңдап 

алынған.  Аталған  компания 

Қазақстанның  инвестициялық 

қорымен  бірігіп  құрылыстың 

20  пайызын  қаржыландырып 

отыр.  Ал  қалған  қаражатты 

«Қазақстанның  Даму  банкі» 

АҚ  өтейді.  Жобаның  жалпы 

құны  52,1  миллиард  теңгені 

құрайды.  Осы  арада  «Steward 

Engineers»  компаниясы  зауыт 

толық қуатында жұмыс істегенге 

дейін  қазақстандық  мамандар-

ды  АҚШ-қа  жіберіп,  арнайы 

тағылымдамадан  өткізуді  ұй-

ғарып отыр. Мұның өзі жер гілікті 

кадрларға басымдық беруге үлкен 

көмек болмақ.

Зауытқа  қажетті  шикізаттың 

95 пайызы Қызылорда облысын-

да  өндіріледі.  Атап  айтқанда, 

кварц  құмы,  доломит,  əк  тасын 

өндіретін  орындар  дайын.  Ал 

кальцилендірілген соданы өндіру 

үшін «Аралтұз» АҚ-пен бірлескен 

жұмыстар жасалып жатыр. 

Шыны зауытының құрылысы 

үшін  Қызылорда  қаласындағы 

индустриялы аймақтан 50 гектар 

жер бөлінді. Облыс бюджетінен 

онда  инфрақұрылымдық  жұ-

мыстар  жүргізілді.  Айталық, 

газ,  су  желісі,  телефон  сымда-

ры,  автомобиль  жолдары  мен 

кəріз жүйелері толықтай жасал-

ды.  Техникалық-экономикалық 

негіздемесі  мен  жобалық-

сметалық  құжаттары  толық 

дайындалған.  Мемлекеттік 

сараптама  жасалып,  қажетті 

келісімдерге  қол  қойылған. 

Зауыт тың  жобасы  мақұлданды. 

Бүгінде  құрылыс  жұмыстары 

бас талып кетті. 

Кəсіпорын  іске  қосылғанда 

300 адам жұмыспен қамтылады. 

Ал құрылыс жұмыстары кезінде 

200  адам  жұмысқа  тартыла-

ды. Ең бастысы, қазірдің өзінде 

Шыны  зауыты  өндірген  өнімді 

сататын  нарық  анықталып  жа-

тыр. Солайша, зауыт құырлысы 

аяқталғанға дейін өнімнің қайда, 

қалай  сатылатыны  да  белгілі 

болмақ.


ҚЫЗЫЛОРДА.

Ертіс өзенін ендейтін алып көпір



Фарида БЫҚАЙ,

 «Егемен Қазақстан».

Ж

алпы, «Орталық-Шығыс» ав-



тожол дəлізінің бөлігі болып табы-

латын жобаның құны 53 млрд. 808 

миллион теңгеге бағаланып отыр. 

Жаңадан салынып жатқан көпірдің 

ұзындығы  12,3  шақырымды 

құрайды. Жол мамандарының ай-

туынша, бұл Орталық Азиядағы ең 

ұзын көпір болып саналады екен. 

Сонымен бірге, 4 жолақты авто-

бан жобасы да Ертіс өзені арқылы 

өтетін  ескі  көпірдегі  автокөлік 

қозғалысының  азаюына  септігін 

тигізеді.  Келер  жылы  көпір,  ав-

тобан  пайдалануға  берілген  соң 

транзиттік  бағытта  қатынайтын 

барлық көліктер бұрынғыдай об-

лыс  орталығының  ішін  арала-

май,  қаланы  сыртынан  айналып 

өте ді.  Бұл  қоршаған  ортаға  да 

жақсы əсер етпек. Екіншіден, жаңа 

көпір, автобан жобасы Еуразиялық 

экономикалық одақ шеңберіндегі 

біздің еліміз бен Ресейдің бірлескен 

алғашқы  ірі  инфрақұрылымдық 

жобасы болып табылады. Көпірдің 

құрылысына  қолданылып  жат-

қан  материалдардың  80  пайы-

зы  –  отандық  өнімдер.  Кен-

же   көл  ауылында  негізгі  құры-

лыс  кешені  орналасқан.  Мер-

дігерлер  құрылысқа  кіріспес 

бұрын  облыстың  құрылыс  ин-

д у с  т р и я с ы н ы ң   н а р ы ғ ы н 

н ы    с а н а ғ а   а л ы п ,   з е р т т е у 

жа  сапты.  Нəтижесінде  құрылыс 

ресурстарының  басым  бөлігін 

өңірдегі  құрылыс  компанияла-

рынан  сатып  алу  туралы  шешім 

қабылданды.  Негізгі  жұмыс 

күші  де  облыстан  тартылды. 

Ал  металл  құрылғылар  мен 

цемент еліміздің өзге өңірлерінен 

жеткізілді.  «ҚазАвтоЖол»  ҰК» 

АҚ-тың  облыстық  филиалының 

мəліметінше,  құрылыс  жұмыс-

тарына  10  мың  тонна  металл 

жəне  30  мың  текше  метр  бе-

тон  қолданылады.  Қазір  негізгі 

жұмыстар  Ертіс  өзені  бойында 

жүргізілуде. Тиісті шаралар кес-

теге  сəйкес  атқарылуда.  Нысан 

2016  жылдың  желтоқсанында 

қолданысқа беріледі. Жаңа авто-

магистраль  елміздің  қалаларын 

Батыс Сібірдің ірі экономикалық 

орталықтары  –  Новосібірмен, 

Омбы  жəне  Том  қалаларымен 

жалғайды.  Төрт  жолақты  авто-

бан  цемент-бетонды  жəне  ас-

фальт-бетонды  жабындылар-

мен  жасалуда.  Жолдың  бойында 

жолаушыларға  қызмет  ететін 

сервистің  барлық  түрі  болады. 

Жаңа  автобандағы  құрылыс 

жұ мыстарын  жол  нарығында 

тəжірибесі  бар  «Дена  Рахсаз 

Констракшн»,  «АБК  Автодор 

НС», «Қазжолқұрылыс», «Ақжол» 

сынды компаниялар жүргізуде. Ал 

Ертіс өзенінің үстінен өтетін көпір 

кешенінің  тапсырыс  берушісі 

«Қазавтожол» ұлттық компания-

сы, құрылысты «Қазжолқұрылыс» 

ЖШС жүргізуде. Жалпы, құрылыс 

басында  барлығы  115  компания 

жұмыс  істеуде.  Олардың  жар-

тысы  жол  салумен  айналысса, 

қалғандары  құрылысшыларға 

қызмет  көрсетуде.  Осының  ар-

қасында  жергілікті  3  мың  адам 

жұмыспен  қамтылып  отыр. 

Жұмыстар  қыс  мезгілінде  де 

жалғаса  береді.  Жол  сапасы 

еуропалық талапқа сай. Көпірлер 

арасын  9,1  шақырым  автожол 

жалғап тұрмақ. «Орталық-Шығыс» 

автожол дəлізінің бірқатар бөлігі 

еуропалық технологиямен салыну-

да. Ал жалпы автобан 2017 жылы 

салынып  бітпек.  Кең  жолақты 

автобанның  12  шақырымы  су 

үстіндегі көпірмен өтеді. Құрылыс 

жұмыстарын жүргізетін мердігер 

компания өкілдерінің айтуынша, 

автобан  жиегіне  жасыл  желек 

отырғызу  да  жоспарланған.  Бұл 

алып көпір жобасының жүзеге асы-

рылуы өндірісті облыста «Бірыңғай 

Павлодар-Ақсу агломерациясын» 

құруға  мүмкіндік  береді.  Ақсу 

қаласының  дамуына  əсер  етеді. 

Ақсулықтар  30  шақырымдық 

аралықтан  жаңа  көпір  арқылы 

облыс орталығына жылдам жете 

алады  дейді.  Өңірге  осылайша 

жаңа технолгия, жаңа шылдықтар, 

өркениет талаптары келе бастады. 

Еліміз даму жолын да. 



Павлодар облысы.

––––––––––––––––



Суретті түсірген 

Валерий БУГАЕВ.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Бұл – Атырауда бұрын-соңды 

болмаған  ерекше  жоба.  Дəрі-

дəрмек  өнімдерін  шығаратын 

фармацевтикалық  зауыт    жо-

басын  іске  асыруға  «Lumpan 

Caspian  Pharmaceutical  LLP» 

серіктестігі бастамашы болыпты. 

Сонымен қатар, оған  Атыраудағы 

«Медицина»  АҚ,  «Атырау» 

ƏКК  жəне  «САВА  Хелскейр», 

«Лайфлайн  Фзе»,  «ALIM  COM» 

компаниялары  қатысып  отыр. 

Аталған зауыттың жобалық құны 

3,700 миллион теңгені құрайды.

М ұ н ың   ер екш ел іг і  со л , 

жоба  тек  Атыраудың  ғана 

емес,  ел  тұрғындарын  сапалы 

дəрі-дəрмекпен  қамтуға  серпін 

бергелі  отыр.    Мұнда  180  адам 

тұрақты  жұмыспен  қамтылмақ 

екен.  Зауытта  жылына  800  мил-

лион таблетка, 300 миллион кап-

сула  мен  78  миллион  ампу ла 

түріндегі дəрі, 3 миллион қорап-

тағы жақпа май, 12 миллион плас-

тика  құтыдағы  ерітінді  секілді 

50-ден  астам  фармацевтикалық 

өнім  түрлерін  шығару  көзделіп 

отыр.  Сапалы  өнім  шығаруға 

қажетті шикізатты Үндістан мен 

Қытайдан  əкелу  жоспары  бар. 

Зауытта экологиялық таза əрі са-

палы  өнім  G.M.P.  стандартымен 

шығарылады. «Бұл зауытта пайда-

ланылатын су мөлшерін 126 мың 

текше метрге дейін үнемдеуге жол 

ашады»,  дейді  «Медицина»  АҚ 

директоры Забира Дəулетжанова. 

– Фармацевтикалық зауыттың 

құрылысы Қазақстанның үдемелі 

индустриялық-инновациялық да-

муының  екінші  бесжылдығын 

іске  асыруда  жəне  əлемнің  бə-

секеге  қабілетті  30  елінің  қата-

рына  кіруі  үшін  жасалынған 

маңызды қадам, – деген ойымен 

бөлісті  облыс  əкімі  Бақтықожа 

Ізмұхамбетов. – Аталған іс-шара 

елімізге  озық  өндірістік  техно-

логияларды тартуға бағытталған 

экономикалық саясаттың басым-

дықтарымен  тікелей  байланыс-

ты. Фармацевтика саласы да сол 

басым  бағыттардың  бірінен  са-

налады. 


АТЫРАУ.

Бұл көпір облыс орталығы мен Ақсу қаласы аралығын 

қосады. Астана, Ресей, Қытайға дейінгі жол жүру 

уақытын жеделдетеді. Алдағы жылы бұл алып жоба-

лар аяқталып, құрылыс пайдалануға берілген соң, жол-

көлік инфрақұрылымының дамуы өңірдің өркендеуіне 

əрі қарай да үлкен жол ашары анық. Бұл ретте, «Нұрлы 

Жол» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған, Елбасы 

тапсырмасы бойынша құрылысы жүргізіліп жатқан 

«Астана-Павлодар-Өскемен» автокөлік жолы үлкен 

сыйлық болмақ. Автобанның басым бөлігі біздің облыс 

аумағымен өтеді.

Дертке дауа дәрі-дәрмек 

Атырауда шығарылады

Қазақстанның 

көне де жаңа 

қалаларының 

бірі – Орал 

жыл өткен 

сайын жа ңа-

рып, жасарып 

жəне жасанып келеді. 

Əсіресе, оның солтүстік-

шығыс жақ бөлігіндегі бірден 

көз тартатын жаңа ғимараттар 

– Салтанат сарайы, Қадыр Мырза 

Əлі атындағы мəдениет жəне өнер 

орталығы, оның алдындағы ақын 

ескерткіші, теннис корты мен Назарбаев зияткерлік 

мектебі ғимараттары тұтастай бір ғажайып ан-

самбль құрайды.

Ұлыстарды ұйыстырар

Достық үйі 

Шынымен де өз шыны 

зауытымыз салынбақ



 Ақ тілектер ағыны



1 қаңтар 2016 жыл

www.egemen.kz

6

–  Елбасы  бізге  қолдағы  бар 

қаржыға  малдана  бермей  жаңа 

табыс көздерін ашуды тапсырып 

отыр.  Əлемде  туризмнен  күреп 

ақша  тауып  отырған  мемлекет-

тер  көп.  Ал,  қазақтың  түгелге 

жуық  əулие,  əмбиелері,  хан, 

сұлтан,  батыр,  билері  мəңгілік 

тыныштық  тапқан  Оңтүстіктің 

туристік əлеуеті күшті. Бірақ, əр 

туристік  компаниялар  əр  жаққа 

тартқандықтан бейберекеттік көп. 

Біз осының бəрін қорытындылай 

келе  «Ontustik  Tourism  Center» 

туристік-ақпараттық  орталығын 

қ ұ р у   а р қ ы л ы   э к о н о м и к а -

лы  табысқа  жетудің  жайын 

сараладық.

– Сарыағаш курорттық клас-

тері  осы  үлкен  істің  бір  құра-

мына кіретін сияқты.

–  Дұрыс  айтасыз.  Сарыағаш 

Алланың қалауымен адам ағзасын 

емдейтін қасиетті суы бар аймақ. 

Əкімдіктің  зерделеуі  бойынша 

жыл  басынан  бері  Түркістанға 

бір  млн-ға  жуық  адам  туристік 

сапармен  келсе,  Сарыағашқа 

70  мыңға  жуық  халық  ем  алуға 

келіпті. Сол сексен мыңға жуық 

адамның  дені  еліміздің  батыс 

жəне шығыс өңірінен келгендер. 

Бір  Сарыағаштың  өзінде  300 

мыңға жуық, көрші Мақтааралда 

400  мыңға  жуық  халық  бар. 

Бұл  керемет  мүмкіндік.  Біз 

Елбасының тапсырмасы бойын-

ша Сарыағаш демалыс аймағын 

халықаралық курорттар жүйесіне 

жеткізу жобасы арқылы сырттан 

ғана адамдар тартып қоймаймыз, 

екі  аудандағы  700  мыңға  жуық 

халықтың  да  денсаулығын 

нығайтуға  зор  мүмкіндіктер 

ашамыз.

–  Нақты  айтқанда,  қандай 

жұмыстар  қолға  алынады. 

Келес өзенінің үстінен салынған 

көпір халықаралық стандартқа 

келмейтін сияқты еді.

–  «Театр  киім  ілгіштен  ба-

сталады»  деп  Станиславский 

айтты  деген  тəмсіл  бар  ғой. 

Келесті  кесіп  өтетін  көпірді 

халықаралық  деңгейге  жеткізу 

ж ұ м ы с т а р ы   ж ү р і п   ж а т ы р . 

Бүгінде  Сарыағаштың  өзінде 

жиырмаға жуық емдеу-сауықтыру 

орталықтары  бар.  Енді  олардың 

қатары  жақын  жылдарда  96-

ға  көбейетін  болады.  Құрылыс 

жұмыстарына негізінен жеке ин-

весторлар тартылып жатыр. Жоба 

бойынша  600  гектар  аумақта 

сəулеті  жарасқан  1500  орындық 

курортты қалашық салынбақ.

Кəсіпкерлер  оңтайлы  жұмыс 

жасау үшін облыс өз қаржысына 

инфрақұрылым жұмыстарын рет-

теп,  арнайы  су  жүйелерін  салып 

береді. Сарыағашта халықаралық 

туристердің  талабына  сай  гольф 

алаңшасы бар. Аймақта екі шағын 

көл  қызмет  етеді.  Енді  оның 

қатарын ойын-сауық орталықтары, 

аквапарк,  шағын  əуежай  толық-

тырады. Шымкенттен Сарыағашқа 

қатынауды жақсарту үшін жүрдек 

пойыз, жайлы автобустар жүрмек. 

Сервистік қызмет жақсартылады.

Осы жобаны іске асыру арқылы 

Мемлекет  басшысының  бізге 

қойып  отырған  тапсырмасының 

үдесінен шығамыз деп ойлаймыз. 

Бұл  құрғақ  қиял  емес,  бүгіндері 

халықаралық деңгейдегі демалыс 

аймағында нақты жұмыстар жүріп 

жатыр.

Əңгімелескен 

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Биыл  елімізде  жүзеге  асы-

рылып  жатқан  жекешелендіру 

шараларының соңғы кезеңі бас-

талды. Яғни, 2014-2016 жылдарға 

арналған жекешелендіру бағдар-

ламасы  осы  жылы  қорытын-

дыланады. Ал мүлікті жария ету 

шаралары аяқталды.

Айтқандай,  2014  жылғы  1 

қыркүйекте басталған мүлікті жа-

рия ету іс-шаралары 2015 жылдың 

желтоқсанына  дейін  жалғасқан 

болатын.  Мүлікті  жария  ету  – 

табыстарды жасыру мақсатында 

заңды  экономикалық  айналым-

нан шығарылған жəне Қазақстан 

Республикасының  заңнамасына 

сəйкес  ресімделмеген  немесе 

тиісті  емес  тұлғаға  ресімделген 

мүлікке құқықтарды мемлекеттің 

тану рəсімі. Сонымен бірге, жа-

рия  етілген  капитал  түрінде 

экономикаға қосымша қаражатты 

тарту  оның  басты  мақсаты  бо-

лып  табылады.  Науқан  бар 

мүлікті жария етуге жəне заңды 

айналымға  енгізуге  мүмкіндік 

б е р д і .   О с ы л а й ш а ,   м ұ н ы ң 

қорытындысында 489 595,4 млн. 

теңге  көлеміндегі  мүлік  жария 

етілді.


Ал  жекешелендіру  бағдар-

ламасы əлі бір жылға жалғасады. 

Бұл  бағдарлама  өткен  жылдан 

бастап  нақты  нəтиже  бере  бас-

тады.  Себебі,  оның  алдыңғы 

жыл  бағдарламаның  алғашқы 

дайындық  кезеңдері  болатын. 

Негізгі  іс-шаралар  бойынша 

2015-2016 жылдарда 830 нысан-

ды  сату  жоспарланды.  Ал  2015 

жылдың  қорытындысында  423 

нысан  сатылымға  шығарылып, 

оның  235-і  сатылды.  Ендеше, 

жекешелендірудің ең қызу кезеңі 

2016  жыл  болғалы  тұр.  Себебі, 

жоспардағы нысандардың басым 

үлесі осы жылдың еншісінде.

Жекешелендіру  меншікті 

мемлекет  иелігінен  алу  бағыт-

тарының  бірі,  ал  оның  мəні  – 

мен шікті жеке жəне заңды тұлға-

лардың  жекеменшігіне  беруде. 

Мемлекеттік  кəсіп орындарды 

жеке шелендіру – азамат тар мен 

акцио нерлік  қоғам дардың  мем-

лекеттен  жəне  жер гілікті  билік 

органдары нан,  кəсіп орындарды 

жəне  олардың  кəсіпорындар 

ретінде бөліп шығаратын бөлім-

шелерін, кəсіпорындардың мате-

риалдық  жəне  материалдық 

емес  активтерін,  акционерлік 

қоғам дардың  капиталындағы 

мем лекет  пен  жергілікті  билік 

орган дарының  үлестерін,  жеке-

шеленетін кəсіпорындардың басқа 

кəсіпорындар  капиталындағы 

үлестерін меншікке алуын білді-

реді. Мұнда бастысы елімізде бос 

жатқан  қомақты  қаржысы  бар 

адамдарға  мемлекет  меншігін 

алуға  мүмкіндік  беріледі.  Бұл 

жерде  отандық  кəсіпкер  бол-

сын,  қарапайым  адам  болсын, 

елімізде  жүргізіліп  жатқан  эко-

номикалық өзгерістердің белсенді 

қатысушысына  айналуы  тиіс. 

Сөйтіп,  жаңа  бизнес-саясаттың 

үлкен  мүмкіндіктерін  мүлт 

жібермей  пайдалануы  керек. 

Себебі,  аталған  бағдарламаның 

негізгі  мақсатының  өзі  –  қара-

пайым  азаматтарды  қор  нары-

ғына тартып, бағалы қағаздарға 

инвестиция  салуды  жандан-

дыру.  Сонымен  қатар,  бұл 

жекешелендірудің  арқасында 

қазірде  мемлекеттің  қалтасына 

қарап  отырған,  осылайша 

мемлекеттің қаншама қаржысын 

иемденіп,  оны  не  игере  ал-

май,  не  ұқсата  алмай  отырған 

компаниялардың саны азаяды. 

Жекешелендіру  дегенде, 

мемлекет  барлығын  тұтастай 

жекенің  қолына  ұстата  салады 

деген сөз емес. Тек екшеп, зерт-

теп,  таразылап  барып,  бақылау 

пакетінің  қандай  да  бір  бөлігін 

мемлекет  қарамағында  қалдыра 

отырып  осындай  қадамға  ба-

рады.  Жекешелендіру  аясында 

жеке  тұлғаның  қолына  өткен 

нысандар  5  жыл  мемлекет 

бақылауында болады. Қазір еліміз 

сауда-саттықтың  жаңа  нысаны-

на көшті, бұл нысандардың одан 

əрі  пайдаланылуын  бақылауға 

мүмкіндік  бермек.  Яғни,  сату-

сатып  алу  келісімшартына  қол 

қойылғаннан кейін, олар сатушы 

орган  тарапынан  бақыланатын 

болады.  Демек,  республикалық 

меншіктің, əкімдіктердің немесе 

ұлттық компаниялардың нысан-

дарына қатысты келісімшарттағы 

міндеттемелері  орындалмайтын 

болса, онда шарт жойылып, мүлік 

қайтарылады.

Қ а з і р г і   ж е к е ш е л е н д і р у 

еліміздегі  жекешелендірудің 

екінші  толқыны  деп  атала-

ды.  Шыны  керек,  бірінші 

толқында  енді  ғана  құрылып 

жатқан  қазақстандық  биз-

нес  орта  жекешелендірудің 

тиімді  тұстарын  толықтай 

игере  алмаған  екен.  Осыны 

ескерген  Елбасы  Үкіметке 

жекешелендіру  үрдістерінің  ба-

рынша  дұрыс  əрі  елге  тиімді 

етіп  ұйымдастырылуын  қатаң 

тапсырды.  «Қателіктерге  бой 

алдырмаңдар. Жекешелендірудің 

бірінші  кезеңі  қалай  өткені 

белгілі,  кімде  билік  болса,  сол 

өзі  таратып,  өзі  иеленіп  кете 

берген.  Қазір  соның  салдары-

нан  заңсыз  берілген  жерді  де, 

мүлікті де қайтарып алуға дейін 

барып  жатырмыз.  Бұл  жағдай 

енді  қайталанбауы  керек.  Бұл 

ретте,  біріншіден,  мемлекет 

бизнестен  кетеді,  екіншіден, 

бұл  нысандардың  барлығы 

нарықтық  ортаға  өтіп,  іскерлік 

ортаның белсенділігін арттырады. 

Жекешелендіру тиімді жүргізіліп, 

нысандар жақсы қолға өтсе, эко-

номика  да  жеңілдеп,  бюджетке 

де қаражат құйылады. Бұл – аса 

маңызды шара», деген еді Елбасы.

Қазіргі  жекешелендірудің 

мақсаттарының бірі – мемлекеттің 

«иығына  мініп»  отырған  көп 

кəсіпорынды  жекенің  жетегіне 

беріп,  жұмысын  жандандыруға 

ы қ п а л   е т у .   С е б е б і ,   қ а з і р 

бəсекелестік  заманы.  Мемлекет 

бюджетін  бүйірден  кеміріп,  ма-

мыражай  отыра  беруге  болмай-

ды. Мүмкіндігінше мемлекеттік 

кəсіпорындар  санын  азайтып, 

олардың  көпшілігін  жекенің 

қолына  өткізу  керек.  Сонда 

олар  өзі  үшін  жұмыс  істеп, 

бəсекеге  қабілетті  болмақ. 

Ал  жекешелендірудің  екінші 

толқыны  нəтижесінде  халыққа 

ұсынылатын  қызмет  сапасы  да 

жақсара  түспек.  Өйткені,  жеке 

секторда  үлкен  нысандар  пайда 

болып,  бизнес  те  осы  бағытқа 

жұмылады деп күтілуде. Сайып 

келгенде,  осы  науқан  ұлттық 

экономикамыздың  бəсекеге 

қабілеттілігін арттыруы тиіс. 

Жекешелендіру  мен  жария 

етудің  бір  мезгілде  басталып, 

екі  шараның  қатар  жүруінің 

өзіндік  маңызы  да  бар.  Себебі, 

жекешелендірілетін нысандардың 

құны  көбіне  осы  жария  етілген 

қаржылардың үлесінен төленуде. 

Яғни,  осы  екі  жылда  жария 

етіліп, заңдастырылған ақшалар 

мемлекеттік  меншіктерді  са-

тып алу арқылы бюджет қорына 

қосылуы көзделуде. Сондықтан, 

жария  ету  тоқтатылып,  жеке-

шелендірудің  тағы  бір  жылға 

жалғастырылуының  да  мəнісі 

осында  болса  керек.  Ендеше, 

негізгі  мақсат  жекешелендіруді 

елге тиімді етіп жүзеге асыруға 

үлес қосу. Ал ол қаншалықты орын-

далды, нақты қанша мемлекеттік 

нысан жекешелендірілді, оны осы 

жылдың соңында ғана нақты айта 

алатын боламыз. 



 Ақ тілектер ағыны

Тəуелсіздік тўєыры беки берсін!




1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал