Бїгінгі нґмірде



жүктеу 0.77 Mb.

бет3/7
Дата08.01.2017
өлшемі0.77 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

1 қаңтар 2016 жыл

www.egemen.kz

4

Құдайберген ҚАЛИЕВ, 

«Құрмет» орденінің иегері

облыстың құрметті 

азаматы.

Қой  жылына  өкпеміз  жоқ. 

Қиындықтарынан  гөрі  биік 

асу-белестерімен  көбірек  есте 

қалды.  Шүкіршілік,  еліміз  бо-

йынша  ауыз  толтырып  айта-

тын  жетістіктеріміз  баршылық. 

Енді,  міне,  Мешін  жылының 

арайлы  таңы  атып,  қарышты 

қадамдарға  жетуді  белгілеп 

отырмыз.  Елбасы  жаңажылдық 

құттықтауында Тəуелсіздігімізді 

баянды ету, мемлекеттілігімізді 

одан  əрі  нығайту  жолындағы 

қазақстандықтардың  өлшеусіз 

еңбегін  атап  өтіп,  алда  өкпегі 

көп  бұралаң  жолдардың  күтіп 

тұрғанын,  бірақ  бұл  өткелден 

де  қиналмай  шығатынымызға 

сендірді.

«Ең  жақсы  жоспар  –  уақыт 

талабына бейімделе алатын жос-

пар»  деген  еді  Президентіміз 

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты 

ахуалда: өсім, реформалар, даму» 

Жолдауында.  Ондағы  мақсат–

қазақ ұлты мен жүздеген этностар 

мекендейтін ортақ Отанымызды 

əлемдегі дамыған елдің қатарына 

қосу,  Қазақстанды  «Мəңгілік 

Ел»  ету.  Жаңа  жаһандық  сын-

қатерлерге қарсы Мемлекет бас-

шысы  белгілеп  берген  біртұтас 

іс-қимыл  стратегиясын  қарсы 

қоя  отырып,  жұртшылық  бо-

лып  еселі  еңбек  ететін  болсақ, 

тұғырымыздың  биік  болары 

анық. 


Ұрыс  кірген  үйден  ырыс 

қашатыны белгілі. Оның тала йын 

аудандық  партия  комитетінің 

бірінші хатшысы, облыс əкімінің 

бірінші орынбасары қызметтерін 

атқарып  жүргенде  кезіктірдік. 

9 0 - ж ы л д а р д ы ң   б а с ы н д а 

жетпіс  жылдан  астам  уақыт 

дəуірлеген  Кеңес  Одағының 

мемлекеттік  жəне  қоғамдық 

құрылымдарының  іргетасы 

сөгіліп,  қабырғаларының  те-

мір  құрсаулары  күйреп,  жан-

жақты бытырап кетуінің себебі, 

«тоқырау»  деп  айдар  тағылған 

күйзеліске ұшырау, «қайта құру» 

бағдарламасының  жүзеге  аспа-

уы,  əкімшіл-əміршіл  басқару 

жүйесінің  сыр  беруінен  еді. 

Нұрсұлтан  Əбішұлы  дүниежүзі 

мемлекеттерінің  барлығы  дер-

лік  ертеден  бейімделіп,  атқа-

ратын  еркін  экономика лық 

шаруашылық  жүйесіне  ауысу, 

тоталитарлық басқарумен, бұй-

рықпен  атқары латын  істерді 

либералды  саясат  жолымен 

шешу жолдарын терең ұғынып, 

тəуелсіз  даму  бағыттарын  ты-

нымсыз  іздестірумен  болды. 

Еңсесі түскен халықтың санасын 

ояту,  рухын  көтеру,  болашаққа 

сенімін  бекіту,  хал-ахуалдың 

жақсаратынына  сендіру,  жа-

сампаз  істерге  бастау  ұзаққа 

созылған сын уақыты болса да, 

елдігімізді  шыңдайтын  өліара 

тұстан  аман-есен  өттік.  Ендігі 

міндет, ортақ шаңырағымыздың 

игілігі  үшін  «біріміз  –  бəріміз 

үшін,  бəріміз  –  біріміз  үшін» 

қағидасын берік ұстана отырып, 

жинақтаған  тəжірибелерімізді, 

ұлттық  құндылықтарымызды 

өскелең  ұрпақ  бойына  сіңіру 

болып  табылады.  Тəуелсіздік 

алғаннан  бері  1300-ден  аса 

денсаулық  нысаны  мен  1700-

ден  астам  білім  беру  ошағы 

бой көтеріпті. Алдағы бақуатты 

тұрмысымызды  жақсартатын 

əлеуметтік міндеттемелерді бар-

лық салалар бойынша ұшыратуға 

болады. 


Ендігі мəселе, əркімнің жеке 

басының  іскерлігінде,  жауап-

кершілігінде,  басшылардың 

қарамағындағы қызметкерлерді 

ортақ  мақсатқа  жұмылдыра 

білуінде,  халықтың  сенімін 

ақтай  білуінде.  «Үкімет  бар, 

асырайды»  деген  психология-

дан арылып, еліміздің алдында 

тұрған  тарихи  жауапкершілікті 

терең түсіну арқылы биік талап-

тар үдесінен шыға білсек, Мешін 

жылы  да  мерейлі  белестерге 

толы болары анық.



Солтүстік Қазақстан облысы.



 Алаштың ардақтысы 

Барымызды 

баєалай білейік 



Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Көгілдір Көкшетау жаңа жылда 

да көркем ғимараттармен толыға 

түспек.  Солардың  қатарында 

заманауи  Неке  сарайының  бой 

көтеруі  ізгі  үміттерге  қанат 

бітіретіні  хақ.  Көптен  күткен 

нысанның  шаңырақ  түрінде  са-

лынып  жатқаны  жақсы  ниет, 

шайқалмайтын  шаттығымыздың 

салтанатын  асыра  түсетіні  де 

қуанышқа бөлейді.

Құрылыс  қаланың  көрнекті 

жерінде,  Бұқпа  тауының  етегі 

мен  Қопа  көлінің  жиегінде 

екпіндете  салынып  жатыр. 

Амандық  болса,  бас  мердігер 

«Ақ  сəуле»  жауапкершілігі 

шектеулі  серіктестігі  жеті  ай-

да  жұртшылықтың  айрықша 

н а з а р ы н д а ғ ы   ж ұ м ы с т ы 

аяқтап  шықпақ.  Қос  қабатты 

ғимарат  Шығыс  сəулет  өнері-

нің  классикалық  үлгісін  бү-

гінгі  үрдіспен  үндестіре  қа-

быстыратынын айтады мамандар. 

Қолдағы  макетке  қиял  жүгірте 

қарасаңыз,  алдымен  сақина, 

одан  кейін  шаңырақ  болып 

жымдасқан  болашақ  ғимараттан 

той əуені естіліп жатқандай сезім 

кешетіндейсіз.  Өріс  кеңейтуді 

өмір мəні санайтын халқымыздың 

қ у а н ы ш ы   к ө б е й е   б е р г е й . 

Ертеңін  еңселендіру  қамындағы 

мем лекетіміз бұл орайда қаржы-

қаражатын  үйіп-төгіп  жатқаны 

да ғанибет.

Міне, Ұлы Дала елі өз Тəуел-

сіздігінің безбендеп өлшенбейтін 

25 жылдық қымбат белесіне қадам 

басты.  Қазақстан  Президенті 

Н . Ə . Н а з а р б а е в   ж у ы р д а ғ ы 

Жолдауында:  «Небəрі  ширек 

ғасырда  Қазақстан  жа һандық 

шаруашылық  бай ланыстарға 

қосылған  егемен  ұлттық  эконо-

мика  жəне  ұлттардың  əлемдік 

отбасының  толыққанды  қа ты-

сушысына  айналған  мемлекет 

ретінде  қалыптасты...  Біздің 

мақсатымыз – елі бақытты, жері 

гүлденген  қасиетті  Отанымыз 

Қазақстанды  «Мəңгілік  Ел» 

ету!  Əлемдегі  ең  да мыған  30 

мемлекеттің  қатарына  қосылып, 

бай  да  қуатты  елдермен  иық 

түйістіру.  Біз  бұл  мақсатымызға 

міндетті түрде жетеміз», деп атап 

көрсетті.

Бұл  –  байламы  берік  бата-

лы  сөз.  Ендеше,  ұлы  мақсат  са-

парының бір парасы Көк шетаудың 

ертең-ақ есігін ашатын Неке сарай-

ынан да бастау алатыны ақиқат!

 

Ақмола облысы.



2016 жылдың 

ақпанында қазақ 

ауыз əдебиетінің 

алыбы, жыр 

дүлдүлі, суырып-

салма ақындықтың 

хас шебері ұлы 

Жамбылдың 

туғанына 170 жыл 

толғалы отыр. Ол 

атақты Сүйінбай 

Аронұлының 

шəкірті, жүз жасаған 

абыз, ғасыр сөзін 

сөйлеген күміс көмей 

ақын, тарих жыл-

намашысы, айтыс 

өнерінің саңлағы.

Шаѕыраќ тїріндегі 

шаттыќ сарайы



 Əлем жəне Қазақстан

Қазақстан 

өз  тəуел сіз-

дігін  алғаннан 

бері  саяси  жəне  қоғамдық 

тұрақтылықтың  арқасында 

дер бес  саясат  жүргізіп  келеді. 

Санаулы жылдар ішінде Қазақстан 

халықаралық  қатынастарда  зор 

жетістіктерге  жетті. 

Қазақ  елін,  Қазақстан 

мемлекетін  əлемдік 

қоғамдастық  таныды. 

Бұл  Қазақстан  бас-

шысының  сындарлы 

саясаты  мен  кемел  ойларының 

дұрыстығын көрсетіп отыр.

Нұрсұлтан  Назарбаев  ел 

бас шылығына  аса  ауыр  жыл-

дары  келді.  Сол  қиындықтарға 

қарамастан,  жаңашыл  басшы 

ретінде  ол  экономиканы  рефор-

малауды батыл қолға алды. Сəтті 

жүргізілген  реформалар  уақыт 

өте  жемісін  бере  бастады.  Елдің 

экономикалық жағдайы жақсарып, 

халықтың  тіршілік-тұрмысы 

көтерілді.  Дамыған  ірі  мемле-

кеттер  Қазақстанмен  əр  сала-

да  ынтымақтастық  орнатуға 

ұмтылды. Бұл Қазақ елінің эконо-

микасына инвестиция салу көлемін 

еселеп арттырды. Шетелдік журна-

лист ретінде біз осының барлығын 

көріп-біліп отырдық.

Н.Ə.Назарбаевтың  басшы-

лығымен  Қазақстан  Еуропадағы 

қауіпсіздік  жəне ынтымақтастық 

ұйымы,  Ислам  конференция-

сы  ұйымы  жəне  Шанхай  ынты-

мақтастық ұйымы сияқты беделді 

əрі ықпалды халықаралық ұйым-

дарға  төрағалық  етіп,  өзекті  де 

өткір  мəселелер  талқыланған 

саммиттерді, ірі халықаралық жи-

ындарды  табысты  өткізді.  Бұлар 

Қазақстанның  əлемдегі  беделін 

арттырып,  мəртебесін  өсірді. 

Қазақстан білім мен ғылым сала-

ларын  дамыту  жолында  да  ірі 

жетістіктерге  қол  жеткізді.  Пре-

зиденттің  бастамасымен  «Бола -

шақ»  бағдарламасы  жүзеге  асы-

рылды, көптеген дарынды жас тар 

шет елдердің беделді универ си  тет-

терінде білім алды, алып та жүр.

Ел басшысының көреген сая-

саты мен халықты топтастыра бі-

л уінің  нəтижесінде  Қазақстанда 

түрлі  этнос  өкілдері  тең  жағ-

дайда  өмір  сүріп  келеді.  Бұл  – 

Қазақстанның  толеранттылық 

үлгісін  көрсетеді  жəне  тəуелсіз 

ел, азат халық екендігін білдіреді. 

Қазақ  елінің  жасаған  игі  қадам-

дарының  бірі  –  Қазақстанның 

ядролық арсеналдан ерікті түрде 

бас тартуы жəне ядролық қаруды 

таратпай, оған бақылау орнату са-

ласында белсенді саясат жүргізуі 

дер едім. Осы ның барлығы Пре-

зиденттің өз елінің жарқын бола-

шағы  үшін  жасаған  батыл  жəне 

нақ ты қадамдары болып табылады.

Ерекше атап өтетін келесі бір 

жайт – Қазақстан Орталық Азия  -

да өз жетістіктерімен ерек шеленіп 

отырған мемлекет екен дігі. Жалпы, 

Н.Ə.Назарбаев  мемлекеттік  бас-

қарудың  өзіндік  моделін  жүзеге 

асыру  арқылы  өз  елін  тұрақты 

жəне ашық, адами құндылықтарды 

ұстанатын, əлем елдерімен достық 

жəне өзара ын ты мақтастық орнатқан, 

əлемдік сая си жəне экономикалық 

картада ерекше орын алатын іргелі 

ел ете білді.

Өзара түсіністігі мен келісімі 

жарасым  тапқан  мемлекеттің 

бола шағы  кемел  болатынын 

жұрт  шылық жақсы біледі. Қазақ 

халқын,  Қазақстанды  біршама 

білетін  жан  ретінде  мен  барша 

қазақстандықтарды экономикалық 

дағдарысқа мойымай, Жаңа жыл-

да жаңа жетістіктерге жетулеріне 

тілек қосамын.



доктор Шериф əл-БАСЕЛ,

«Əл-Фаджр» газетінің 

бас редакторы.

Біріккен Араб Əмірліктері.

Табыстарыңызға тәнтіміз

Ой жырым, қызыл тілім

сенің арқаң



Уəлихан ҚАЛИЖАНОВ,

М.Əуезов атындағы Əдебиет 

жəне өнер институтының 

директоры, ҰҒА 

мүше-корреспонденті.

ХХ ғасырдың Гомері атанған, 

суырыпсалма ақындық өнерінің 

ғажайып  жұлдызына  айналған 

Жамбыл  Жабаев  қазағымен 

бірге  жасайтын  ұлы  тұлға.  Ол 

баяғыда-ақ өзінің ақындық орби-

тасына шығып кетті. Кейде өзінің 

биігінен жаңа ұрпағының кейбір 

мазасыз  тіршілігіне,  беймаза 

сөздеріне миығынан күле қарап: 

«Көп қарға тең келмейді бір 

сұңқарға, 

Көп жылқы тең келмейді бір 

тұлпарға. 

Жақсының əрқашанда жөні 

бөлек, 

Жаман  адам  жарамас  бір 



қымтарға», – деп мысқылдайтыны 

бар. 


–  Жамбыл  Жабаев  бақытқа 

поэ зия  арқылы  жетті.  Жəкеме 

өлең  жөргегімен  келіп,  оның 

егізіне, серігіне айналды. 

«Өлең тердім жасымнан, 

Майкөт ақын, Құлмамбет, 

О р ы н   б е р д і   қ а с ы н а н » , 

–  деп  ақын  Жамбыл  тəтемнің 

өзі  айтқандай,  өлең  ақынның 

бағын  ашты,  қоғамдық  ойдың 

тайқазанына  салды,  халықтық 

сыннан  өткізді.  Сондықтан  да 

Жамбыл  жыры  нəрлі,  Жамбыл 

жыры  айқын,  Жамбыл  жыры 

қуатты.  Атақты  ақын  Ілияс 

Жансүгіров  «Жамбыл  жыр-

лары  Бұғымүйіз,  Бесмойнақ 

жайлауларының  гүліндей  алуан 

түрлі.  Хош  иісі  күншілік  жер-

ден аңқып тұрады. Ақын жырын 

тыңдаған  сайын  көк  жайлауға 

шыққандай  əсер  аласың»,  деп 

тамсана жазған ғой. 

Рас,  Жамбыл  Еуропалық 

бі лім  алған  жоқ,  академия-

ны,  университетті  бітірген 

жоқ.  Бір  қаламгер  жазғандай, 

«бұл  Жамбылдың  трагедиясы 

емес»,  бұл  Жамбылдың  өзінің 

академияға, университетке айна-

лып кеткенін көрсететін ғажайып 

ғұмыр, Алла өлең қондырған та-

маша тағдыр.

Ұлы  Ғабең,  Ғабит  Мүсі ре-

повтің  «Жамбыл  өмірге  жымия 

қарап,  сынай  өскен  ақын  еді. 

Оның  ойлы  көздерінің  түбінде 

қашанда  бір  сықақ  ұшқыны 

тұратын!» – деуі осыдан шығар. 

Жамбыл  –  қазақ  ауыз  əде-

биетінің энциклопедиясы. «Жам-

был  менің  жай  атым,  халық 

менің  шын  атым»,  деуі  ұлы 

ақынның  осы  қасиеттерін  дара-

лап  тұр  емес  пе?  1940  жылдың 

ақпанындағы ақынның хатшысы 

Ғали  Ормановтың  күнделігінде 

«...оқымаған  кісімін.  Əйтсе  де 

байқаймын,  халық  көп  біледі. 

Менің  білімім  –  сол  халықтың 

білгендері. Мен халықтың сөзін 

айттым»,  дегені  қандай  терең, 

қандай айқын!

Жамбыл қаласынан өтіп бара 

жатқанда:

«Атыңнан айналайын

Əулиеата, 

Атымды ап қойдың деп бол-

ма  қапа»,  –  деп  келетін  кісілік 

сөзі не тұрады? Қазір халық үшін 

қызмет етпеген бабаларына көше 

беріп,  мектеп  атап  жатқанда, 

шенеуніктердің Жамбыл атаның 

осындай  қасиеттерінен  үлгі  ал-

майтыны қандай өкінішті!

Əсте,  қазақтың  табиғатында 

сал-серілерді, ақын-жырауларды 

қастерлейді де, жеке өз отбасына 

келгенде,  одан  қашуға  тырыса-

тын əдет бар. Жабай бабамыз да 

Жамбылды молда алдына апарып, 

тізе бүктіреді. Бірақ асау жүрек 

əке  шешіміне  көндікпейді.  Он 

бестегі бозбала: 

«Оқығанша мен одан, 

Домбыраны қолға алам.

Өлең кірген түсіне,

Жөргегінде мен болам», – деп 

қасиетті өлеңге жығылады. 

«Менің пірім – Сүйінбай, 

Сөз сөйлемен сыйынбай. 

Сырлы, сұлу сөздері

Маған  тартқан  сыйындай», 

–  деп,  бұл  сөздерді  өз  жүрегіне 

бойтұмар етіп, көзі жұмылғанша 

өлеңге, домбыраға, киелі өлеңге 

адал болды. Өзінің өмірге деген 

құштарлығы,  адам  тани  білетін 

абыздық  қасиетінің  арқасында 

замана  көшіне  ілескенмен,  өзін 

басшылармен  де,  қосшылармен 

де  тең  ұстады.  Қазақы  қалжың 

мен мысқыл, əжуа сынды өмірлік 

қағидаттарды шебер пайдалана-

тыны сондай, ақынның астарлы 

сөзінен  жақындары  да,  жоға-

рыдағылар да сескеніп жүретін-

ді. Тіл – құдірет, тіл – садақ, тіл – 

мазақ, тіл – мадақ. Мұны Жамбыл 

бабамыз жетік білді: 

«Елімнің азаматын таныс 

қылған, 


Ой жырым, қызыл тілім сенің 

арқаң», – деп Жамбыл тəтем бекер 

айтты дейсің бе? 

Жамбылдың  осындай  дара 

қасиеттерін,  қазақтың  ұлы  жа-

зушысы  Мұхтар  Əуезов  тайға 

таңба басқандай етіп жазып кетті. 

«Жамбыл – ақыл ойдың алғыры, 

өзгеге  ұқсамайтын  дара,  оқшау 

бет-бейнесімен аса зор құбылыс. 

Оның бірі əрі эпик ақын, əрі ай-

тыс ақыны, əрі азаматтық əуеннің 

де ақыны».

Ұлыны  ұлы  ғана  таниды. 

Мұхтар  Əуезов  мойындаған, 

Сəкен Сейфуллин бас иген, Сəбит 

Мұқанов  ардақтаған,  Ромен 

Роллан сəлем салған, Ғабит Мүсі-

репов сынды сарбаз жазушы ерке-

леген Жамбыл бабаның əн-жыры, 

күйлері мен айтыстары, дастан-

дары қазағымен бірге жасайтын 

ұлттық  құндылыққа  айналып 

кетті. Енді тарих доңғалағы ке рі 

кетпейді, егемен, тəуелсіз Қазақ-

станның  ұлттық  бренді  ретінде 

Жамбыл баба есімі жасай береді.  

Жамбыл  поэзиясы  –  шын-

шыл  поэзия.  Өмірді  өлеңмен 

өрнектеген  ақын  жырлары-

нан  қазақ  тұрмысының,  қазақ 

қоғамының  əділетсіз  болмысын 

шенеген өлеңдері, оның атын ерте 

шығарған. Əрі Жамбыл үшін поэ-

зия  Алланың  берген  сыйындай 

қастерлі,  қасиетті.  Сондықтан 

да  Жамбыл  Жабаевтың  өлең 

патшалығына  Кеңес  өкіметінің 

тұсында ғана емес, Ресей пат ша-

сының боданында жүрген кезде-

ақ  кіргенін  түсіну  үшін  көретін 

көз,  тыңдайтын  құлақ,  мархаб-

батты жүрек керек. 

«Сары түнге сарылып, кірпік 

ілмей, 

Салқын күзде бір жылы үйді 



білмей. 

Сахарада салақтап күндіз-

түні, 

Бұралқы ит пен малшының 



күні бірдей». 

Осы  төрт  жол  жанды  сурет, 

көңілге  түскен  көркем  бейне 

емес  деп  дөп  кім  айта  алады?! 

Ұлы  Абаймен  үндестік  көзге 

ұрып тұрған жоқ па?! Сондықтан 

да  дарабоз  ақын  Сүйінбайдан 

жалғасқан азаматтық поэзияның 

сарқылмағанын бастауын көреміз, 

жырау сөзіне сенеміз. Ақын:

«Сен тойғанмен біреулер аш 

қалып жүр,

Деп  ойлама  түбінде  теріңді 

алмас»,  –  деген  екі  жол  шен-

шекпенділерді  аспаннан  жай 

түскендей түйрейді. 

Өмірдің диалектикасы, дала-

ның  диалектикасы  осы,  шари-

ғаттың жолы осы. Əр нəр сенің за-

уалы бар, əр нəрсенің сұ рауы бар. 

Жамбыл жай ғана ақын емес. 

Жамбыл  күрескер  ақын.  1916 

жылғы көтеріліс кезінде Жамбыл 

баба 61-дегі, сол кездегі тіркеспен 

айтсақ,  шау  тартып  қалған  кезі 

еді. Бірақ ақын жүрек, ақын тілек 

Жамбылды үнсіз қалдыра алма-

ды. Ақынның дауысы зор естілді, 

оның  даусы  Қастек,  Қаскелең 

асып, Жетісу бойында да қаулаған 

өрттей ду ете түсті. 

Ақын аңсаған азаттық келген-

де Жамбылдың өлеңі де өзгерді, 

жыр шумақтары да түрленді. Ол 

Кеңес  өкіметі  əкелген  жақсы-

лықтарды кəрі жүрегімен, ақын-

дық сезімімен қабылдады. Ақын 

бақытқа кенелді, ақынның жыры 

шуақтанды. Ал неміс-фашистері 

ойран  салғанда  ерттеулі  атқа 

қай та  мінді,  ақын  жүректен 

шыққан  сөздер  жауға  снаряд 

секілді атылды. Əрине, бұл теңеу 

сөз. Бірақ шындық. Жамбылдың 

атақты «Ленинградтық өрендерім» 

жыр-плакаты,  жыр  жолдауы 

1941 жылы неміс фашистері Ле-

нинградты  блокадаға  алып,  тас 

құрсауға  айналдырған  кезінде 

жазылды. 

Орыс-кеңес ақыны Александр 

Прокофьев: «...Жыр ірі əріптермен 

теріліп,  көшелерде  плакат  бо-

лып  ілінді.  Көздерінен  жаста-

ры  сорғалаған  талай  адамдар-

ды  көрдім.  Немістердің  само-

леттері  төбеде  ұшып,  бомба 

тастап  жүргенде,  одан  қашып 

тығылудың орнына, Жамбылдың 

жыры  басылған  газетті  сатып 

алуға,  көшедегі  киоскілерде  ке-

зекте  тұрған  адамдарды  талай 

көрдім», − деп жазуы сол дəуірдің 

шындығы.


Бүгінде  Санкт-Петербургте 

Жамбыл  атындағы  көше,  ақын 

ескерткіші  тұр.  Жетісудің  жеті 

өзеніндей  ескерткіш  алдында 

су  ағып  жатыр.  «Ленинградтық 

өрендерім» өлеңінің шумақтары 

жазылған əріптер сол сумен бірге 

шоршыған  хан  балықтай  күнге 

шағылысып, көз тартады. Қашан 

барсаң  да  Санкт-Петербургтегі 

Жамбыл  баба  ескерткішіне  гүл 

əкеліп жүрген адамдарды көресің. 

Жүрегі қартаюды білмеген Жам-

был халықтың нағыз ақыны еке-

нін осындай сəтте ерекше сезіне 

түсесің.


Өлең Жамбылдың атын шы-

ғарды,  Жамбыл  өлеңнің  киесін 

көтерді. Бұл – талассыз шындық. 

«Қор болмаймын өлгенше, 

Өлеңіме-ақ сыйындым», – деп 

жырлап еді ақын баба. 

Иə,  Жамбыл  баба  сыйынған 

өлең  Жамбылдың  есімін  ас қақ-

татты.  Мұны  ақын-жүрек  сез ді. 

Сезіп  қана  қоймай  өлеңмен  өр-

нек теді. 

«Өлеңмен ойып оюды,

Сөзді мініп желдедім», – дейді 

жырау. Жүйрікті, сəйгүлікті, жор-

ғаны, тұлпарды мінгенді бі летін 

едік.  Ал  сөзді  мінген  Жамбыл 

ға на.  Жарықтық,  қалай,  қалай 

көсіледі. Міне, өлеңнен ою ойған 

Жамбыл осы!

Қазақтың ұлы тұлғалары көп. 

Олар  қазақтың  тарихында  ал-

тын  əріппен  жазылып,  ұлттық 

мақтанышымыз болып қала бер-

мек. Ал ұлт өркениетінің тарихын-

да қазақ жазба əдебиетінің негізін 

қалған ұлы Абай мен халықтық, 

авторлық ауыз əдебиетінің энци-

клопедиясына айналған Жамбыл 

Жабаев  Мəңгілік  Қазақстанның 

символы  болып,  ұлттық  өлшем 

болып қала береді.

Жамбыл: 


«Уа, əлеумет, құлақ сал!

Қария Жамбыл жырласын!

Мен сөйлемей кім сөйлер,

Заманам  менің  сырласым», 

–  деп  еді.  Заман  өзгерер,  уақыт 

зымырар, бірақ өзгермейтін бір-

ақ нəрсе, ол құрыштай құйылған 

Жамбыл бабаның өлеңдері. 



 Ақ тілектер ағыны 



 Ел тынысы: мың бір мысал



1 қаңтар 2016 жыл

www.egemen.kz

5



 Аймағыңызда не жаңалық? 

Жылымыз жемісті, 

кїніміз шуаќты болєай 



Аманғос ТӨЛЕУОВ, 

«Степное» ЖШС 

директоры.

Еліміз  егемендік  алғаннан 

бері  мемлекетіміз  əлеуметтік-

экономикалық даму тұрғысынан 

ТМД елдері ішінде көшбасшы бо-

лып келеді. Осы кезеңде қыруар 

шаруа  жасалғанын  да  көзіміз 

көріп отыр. Мұны, əрине, Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші 

кезекте  отандық  экономика-

ны  əртараптандыру,  халықтың 

əл-ауқатын  көтеру  саясатымен 

байланыстыру орынды. Тəуелсіз 

мемлекет атанғанымызға ши      рек 

ғасырға жуық уақыт болғанына 

қарамастан, біздің Қазақстанды 

экономикалық,  инвестициялық 

ахуалы тұрақты ел ретінде төрткіл 

дүние таныды. Алдымызға таяу 

жылдарда əлемде дамыған отыз 

елдің  қатарына  енуге  мақсат 

қойып отырмыз. 

Жыл  сайын  ұлттық  эко-

номиканың əр саласы қарқынды 

дамуда.  Елімізде  бəсекеге 

қабілетті  сапалы  өнімдер  мо-

лынан  өндірілуде.  Елбасы 

Н.Назарбаев:  «Қазақстан  жаңа 

жаһандық  нақты  ахуалда: 

өсім,  реформалар,  даму»  атты 

Қазақстан халқына Жолдауында 

бүгінгі  қалыптасып  отырған 

қиындықтан  шығудың  жолда-

рын анықтап берді, дағдарысты 

еңсерудің  мүмкіндіктерін  атап 

көрсетті. Мұның өзі ел ертеңінің 

бұдан  да  табысты  болатынына 

сендіре түседі.

Əлемдік  экономикада  өз-

герістер болып тұратыны қашан-

нан  белгілі.  Біз  өзге  елдермен 

экономикалық  байланыста 

болғаннан соң оны сезінетініміз 

де шындық. Дегенмен, біз осын-

дай  дағдарыстар  мен  күрделі 

кезеңдерді еңсеріп келеміз. Біздің 

серіктестік ауыл шаруашылығы 

ыдырап,  тарап  жатқанда  да 

ешқандай əбігершілікке бой ал-

дырмай, тура бағытын анықтаған-

ды. Бұған шаруашылықтың сала-

ны қайта құрудың барлық өтке-

лектерінен сəтті өтіп, нарық тық 

қатынастарға  тоғы  тарқамай 

түсуі де ықпал еткені сөзсіз.

Жалпы,  серіктестік  егін  ал-

қабында бидайдың қатты сорт-

тарын  өсіруге  басымдық  беріп 

келеді.  Ол  бидайдың  жұмсақ 

сортына  қарағанда  нарықта 

жоғары сұранысқа ие. Осыншама 

астықты өңдеу қажет болғанда 

Чехияның  «Прокоп»  диірмен 

кешеніне таңдау түсті. Диірмен 

кешені тəулігіне 50 тонна ұн тар-

тады. Астықты ұндай өткізу өз 

қайтарымын  берді.  Пайданың 

көзі  өңделген  өнімде  екенін 

түсіндік. Шаруашылықта мака-

рон цехын, Бадамшада тəуліктік 

қуаты  3  тонна  наубайхананы 

іске қостық. Ақтөбе қаласында 

нан-бөлке  шығаратын  жоғары 

технологиялы  «Атамекен»  нан 

зауыты  пайдалануға  берілді. 

Оған италиялық қондырғы орна-

тылған, бəрі автоматты жүйемен 

басқарылады. Жылына 17 мың тон-

на өнім өндіретін «Атамекеннің» 

н а н - б ө л к е   б ұ й ы м д а р ы н а 

сұраныс  жоғары  əрі  өзгелерге 

қарағанда  арзан.  Өз  кезегінде 

аудан  орталығындағы  наубай-

хана  мен  Ақтөбе  қаласындағы 

нан  зауыты  нан  бағасын 

тұрақтан дыру ға елеулі үлес қосуда. 

Қазақстан  ынтымағы  мен 

бірлігінің  арқасында  үлкен 

белестерді  алып  келеді,  Дү-

ние жүзілік  сауда  ұйымына 

кіргеніміздің өзі экономикалық 

тұғырымызды  бекіте  түседі. 

Біздің  шаруашылық  Ресейдің 

көршілес өңірлерімен тығыз бай-

ланыста.  Біз  еңбеккерлерімізге 

еңбекақысын  уақытында  бе-

ріп,  əлеуметтік  қолдауды  жал-

ғастырып  келеміз.  Бүгінгі 

қиыншылықтар да өтпелі деп ой-

лаймын. Біз осындай қиындықтар 

арқылы  шынығып,  ширығып 

өсуіміз керек. 

Атар таңға айтар ақ тілегім 

–  алдымен  тəуелсіз  Қазақ-

станымыздың  абыройы  арта 

түссін,  «Қой  үстіне  бозторғай 

жұмыртқалаған» деп бабаларымыз 

айтқандай,  еліміздегі  ынтымақ 

пен бірліктің буыны беки берсін! 

Халқымыздың болашағы жарқын 

болсын! Алға қойған асқаралы 

мақ саттарымызға қол жеткізейік, 

тəуелсіздігімізді  тұғырлы  ету 

жолындағы қадамдарымыз сəтті 

болсын! Еліміз аман, жұртымыз 

тыныш,  аспанымыз  ашық,  іс-

қимылымыз шалымды, табысы-

мыз толымды, бақ-берекеміз мол 

болғай!

 

Ақтөбе облысы,



 Қарғалы ауданы.



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал