Бїгінгі нґмірде



жүктеу 0.77 Mb.

бет2/7
Дата08.01.2017
өлшемі0.77 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

ЕҢБЕКАҚЫ 

Ѳ СЕ ТҮСПЕК

www.egemen.kz

3

1 қаңтар 2016 жыл

(Соңы. Басы 1-бетте).

Ханкелді ƏБЖАНОВ,

Ш. Уəлиханов атындағы 

Тарих жəне этнология 

институтының директоры

ҰҒА корреспондент мүшесі.

Жаңа  жылдың  əкелер  жаңалығы 

мен  жақсылығын  əркім  өз  биігінен 

бол жайтыны  ежелден  келе  жатқан 

дағды. Ал тарихшылар қауымы үшін 

бұл  рə сімнің  орны  тіпті  ерекше. 

Біз  артта  қалған  күндердің  тарихы 

мен  тəжіри бесін  қаперге  салғанды 

əрқашан қалап тұра мыз. Тап сол та-

рихи  құбылыс  халық  тағ дырына 

бетбұрысты өзгерістер əкелген болса, 

үнсіз қалу тіпті мүмкін емес. 

Бұл орайда, біраз тəжірибе де жи-

нақталды. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев-

тың бастамасымен 2013 жылы Абылай 

ханның 300 жылдығын атап өткеніміз, 

2014  жылы  «Мəңгілік  Ел»  ұлттық 

идея сының дүниеге келуі, 2015 жылы 

Қазақ  хандығының  550  жылдығын 

төрткіл  дүниеге  паш  етуіміз, 

əрқайсының  сан  алуан  салиқалы  іс-

шаралармен,  терең  зерттеулермен 

көмкерілгені  əрбір  қа зақстандық 

азаматтың  жүрегі  мен  санасына  игі 

əсер  етпей  қалмады.  Патриотизмді 

қалыптастыру,  тарихпен  тəрбиелеу 

дегеніміз – осы. 

Табалдырықтан аттаған 2016 жыл 

да тағзым етуге лайық оқиғалар легіне 

кенде емес. Ата-бабаларымыз аңсаған 

азаттыққа  ширек  ғасыр  толады, 

əйгілі Желтоқсан оқиғасына 30 жыл, 

Қазақстан  Ғылым  академиясының 

шаңырақ  көтергеніне  70  жыл,  ХХ 

ғасырдың  Гомері  атанған  Жамбыл 

Жабаевтың туғанына 170 жыл толмақ. 

Осыдан  тура  100  жыл  бұрын  Ресей 

империясының іргесін шайқаған, от-

арлау саясатының сұрқия бетпердесін 

жұлып тастаған сілкініс қазақ даласын 

аралап  кетті.  Ол  –  1916  жылғы  ұлт-

азаттық көтерілісі еді. 

1916 жылғы ұлы сілкініс тақырыбы, 

бір  қарағанда,  патша  заманында  да, 

кеңестік жылдарда да аз қозғалған жоқ. 

1916 жылғы 13 желтоқсанда Ресейдің 

IV  Мемлекеттік  Думасы  жабық 

мəжіліс өткізіп, онда Саратов губер-

ниясынан  депутаттыққа  сайланған, 

болашақ  Уақытша  үкімет  төрағасы 

А.Ф.  Керенский  бұратана  халықты 

қорғаныс  ғимараттарын  жəне  соғыс 

жолдарын  салуға  жегу  туралы  жар-

лықтың  орындалуына  арнайы  баян-

дама  оқыды.  Түркістан  өлкесі  мен 

Далалық  облыстардағы  оқиғаларға 

баға беруге тырысты. «События, ко-

торые сегодня мы должны обсудить, 

произошли довольно много времени 

тому назад, но последствия их сказы-

ваются до сих пор, и они будут еще 

очень долго сказываться в жизни не 

только Туркестана и Степных облас-

тей, но и всей России ... События эти, 

гг., не только внесли экономическое 

разрушение, не только нарушили спо-

койное течение жизни в огромных об-

ластях России, но они были соединены 

с жертвами, как со стороны русского, 

так  и  туземного  населения»,  деген 

екен шешен. Сол заман үшін бұл аса 

батыл қадам еді. Баяндама барысында 

залдағылар ауық-ауық: «Позор», «Это 

варвары» деумен ашу-ызасын білдіріп 

жатыпты. 

Тап  күресі  мен  революциялар-

ды  бəрінен  жоғары  қойған  кеңестік 

идеология  1916  жылғы  ұлт-азаттық 

көтерілісін  бір  сəтке  көзден  таса 

қалдырмады десек, артық айтқандық 

емес. Оның 10 жылдығы, 20 жылдығы, 

30  жылдығы  ресми  түрде  тойлан-

ды.  Ж.  Аймауытов  «Қартқожаны», 

М.  Əуезов  «Қилы  заманды»  жаз-

ды,  1939  жылы  қазақтың  тұңғыш 

көркем фильмі «Амангелді» экранға 

шықты. 30 жылдары Т. Рысқұловтың, 

С.Асфендияровтың  монографиялық 

зерттеулері жарияланды. 

Социалистік  құрылыстың  алғаш-

қы  20  жылында  ұлы  сілкініс  тари-

хы  мен  тағдырын  зерделеуге  мол 

олжа  салғандардың  бел  ортасын да 

Ораз  Жандосов  бар.  Айта  кетейік, 

О.Жандосов өз заманындағы интел лек-

туалдық əлеуеттің нағыз ошақтарын 

–  Қазақстанды  зерттеу  қоғамын, 

жоғары  оқу  орнын,  республикалық 

кітапхананы біліктілікпен басқарғаны 

ғылым  əлеміне  ене  білгенінде  жа-

тыр.  Аумалы-төкпелі  саяси  ахуалға 

қарамастан жас М.Əуезов пен Ə.Мар-

ғұланға үлкен сеніммен қа рауы, А.Бай-

тұрсыновтың,  Халел  Дос мұ хаме-

довтің,  С.Асфендияровтың,  Ə.Ер-

мековтің ғылыми ізденістерін жоғары 

бағалауы,  Т.Шонановпен  бірге  1916 

жылғы  көтеріліс  туралы  естеліктер 

жи нағын шығаруға талпынысы – бəрі 

оның зерттеушілік ой-өрісі кең пішіл-

генін айғақтайды. 

О.  Жандосов  –  Жетісу  жеріндегі 

қарулы  көтерілісті  көзімен  көрген 

тұлға. 1916 жылдың жазында ол 17 жас-

тан асқан бала жігіт еді. Верный ерлер 

гимназиясында оқып жатты. Арада бар 

болғаны 10 жыл өткенде Қазақ өлкелік 

партия комитетінің үгіт-насихат бөлімі 

меңгерушісі О. Жандосов 1916 жылғы 

22  шілдеде  Жетісу  облысы  əскери 

губернаторының  үйі  алдында  өткен 

жиынға  қатысқанын,  онда  əскери 

губернатор  Фольбаум  сөз  сөйлеп, 

қазақтар  бекер  наразылық  таны-

тып  жатқанын,  Ресейге  бодандықты 

қабылдаған  олар  Қытай  жағына  өте 

алмайтынын, көтеріліс бастала қалса, 

орыс қаруы қолданылатынын айтқаны 

жайлы еске алғаны бар. 

Болыстар  мен  игі  жақсылар 

қатысқан сол жиында Фольбаумның 

астамшылығына наразылық білдірген 

қазақ  жігіті:  «Солдатқа  алатын 

болсаңдар  жерді  қайтарыңдар»,  деп 

дауыс  көтерген  екен.  Оны  табанда 

тұтқынға  алыпты.  Соған  қарамастан 

жоғарыдағы  бастықтарына  жағыну 

ниетімен  Фольбаум  генерал-губер-

натор Куропаткинге «Көңілі босаған 

шалдар  менің  етігімді  сүйді  əрі 

бұйрықтарым  бұлжымастан орында-

латынына сендірді», деген жеделхатын 

жолдайды. 

1916 жылғы қасірет О. Жандосовқа 

қатты əсер етті. Партия-кеңес қызметіне 

араласа  бастағаннан  көтеріліс  тари-

хын зерттеуге, оған қатысқандардың 

құқықтық  қорғалуын  қамтамасыз 

етуге,  ұлтаралық  қатынастарға  кері 

ықпалын  жоюға  қолдан  келгенше 

септесті. Мəселен, 1919 жылдың қаңтар 

айының 4-і күні Жетісу облыстық ұлт 

істері  жөніндегі  бөлім  отырысын-

да  орыс  Кузнецов  дегеннің  қырғыз 

азаматы  Белек  Солтанаевқа  1916 

жылғы  көтеріліске  қатысқаны  үшін 

қысым  көрсететіні  жайлы  шағымды 

қараса,  29  қаңтар  күні  О.  Жандосов 

Жетісу  облатқару  кеңесіне  ұсыныс 

түсіріп, 1916 жылы Пішпек, Тоқмақ, 

Пржевальск  уездерінен  зорлықпен 

қоныс  аударған  қырғыздарды  өз 

орындарына  орналастыру  мəселесін 

көтереді.

1916  жыл  дүрбелеңіне  қатысты 

О.Жандосовтың  ғылыми  көзқарасы 

1926 жылға қарай толық жүйеленіп, ба-

яндамалар, мақалалар, құжаттар жинау, 

іс қағаздары түрінде ресімделді. Сол 

жылы Қазақ Орталық Атқару комитеті 

арнайы комиссия құрып, көтерілістің 

10 жылдығын атап өтуге кіріскен еді. 

Комиссия  құрамына  О.Жандосов  та 

кірген болатын. Міне, осы комиссия 

атынан 1926 жылғы 11 шілдеде Жетісу 

облатқару комитетіне жолдаған хатын-

да көтерілістің себептеріне патшалық 

үкіметтің жүгенсіздігін, отарлау мен 

қанауды, қазақтан жерді тартып алу-

ды жатқызған. 1916 жылғы көтерілісті 

1917 жылғы екі революцияның баста-

уы ретінде пайымдайды. 

Қалың қауымды елең еткізген пай-

ымын ХХ ғасыр соңында академик М. 

Қозыбаев айта алды. Оның пікірінше, 

1916  жылғы  көтерілісті  революция 

мəртебесімен қабылдауымыз керек. 

Қысқасы, қазақ даласындағы ұлы 

сілкіністің  болмыс-бітімін  анықтай 

түсетін қажеттілік күн тəртібінен əлі 

түсе қойған жоқ. Айталық, «Азияның 

оянуы» мəселесін ХХ ғасыр басындағы 

Қытаймен, Үндістанмен ғана дəйектей 

бермей,  Алаш  қозғалысымен,  1916 

жылғы  ұлт-азаттық  көтерілісімен 

ажырағысыз байланыста қарастыратын 

уақыт келді. Сонда Қазақстан тарихы 

əлемдік  тарихтың  құрамдас  бөлігі 

екеніне көзіміз жете түседі. 

Сталиндік саяси қуғын-сүргіннің, 

байларды  кəмпескелеудің  (1928  ж.), 

кулактар мен байларға қарсы күрестің 

(1930  ж.)  заңсыздығын  əшкерелеген 

комиссия  жұмыс  істегені  белгілі. 

Ендеше,  1916  жылғы  қасірет  пен 

зорлықтың  саяси-құқықтық  бағасын 

беретін жұмысты неге қолға алмасқа? 

Мұнсыз ұлттық тарихты бұрмалауға 

бөгесін қойылмайды. 

Көтеріліс  отарлаушыларға  қарсы 

бағытталғанмен  қазақ  қауымына  да 

аз  іріткі  салған  жоқ.  Үш  əлеуметтік 

топ  ерекше  көзге  түсті:  көтерілісті 

жақтаушылар,  көтеріліске қарсылар, 

көтерілісті  пайдаланып  байлық 

жинағандар.  Көтерілістің  өңірлік 

ерекшеліктерін, ұлтаралық, дінаралық 

қатынастарға ықпалын идеологиялық 

боямасыз ашудың өзектілігі жоғары. 

Ауыл  буржуазиясы  мен  əкімгер-

лерінің,  қазақ  оқығандарының  1916 

жылғы көтеріліс тұсындағы ұстанымы, 

жеңісі  мен  жеңілісі,  қуанышы  мен 

қайғысы М. Əуезовтің «Қилы заман» 

повесінде суреттелгені белгілі. «Қилы 

заманның»  ең  соңғы  сөйлемінде  біз 

əлі  тереңіне  бойламаған  құпия  идея 

бар.  «Жұртта  қалған  бұралқы  иттей 

болып, ұлықтардың обозының арты-

нан  ере  бермекке,  тілмаштар  қалды. 

Оспан мен Жебірбаев қалды», – деп 

аяқтапты  повесті  М.  Əуезов.  Бұл  не 

сөз?  Кеңестік  қазақ  зиялыларын  əлі 

ізі  суымаған  тарих  тағылымынан 

сабақ  алуға  шақырған  ескертуі  ме? 

Əлде тоталитарлық билік жүйесіндегі 

ұлт  зиялылары  орыс  ұлықтарының 

айтқанына  көніп,  айдағанына 

жүретінін  көрегендікпен  болжағаны 

ма? Немесе Оспан мен Жебірбаевтан 

іргесі аулақ, туысы бөлек, ұлты үшін 

қызмет  ететін  жаңа  буын  зиялылар-

ды  даярлау  міндетін  күн  тəртібіне 

қойғаны  ма?  Тіпті  болмаса,  қазақ 

халқының ендігі тағдыры Жебірбаев 

пен Оспандай бұралқылардың қолына 

түскеніне торыққаны ма? 

Бұл ұлт-азаттық көтеріліс туралы 

ойланатын мəселе көп. Атқарылатын 

жұ мыс  та  көп.  Солардың  үдесінен 

шыға алсақ, шындықтың шырайы кі-

ріп, тот басқан ақиқатты ашып алуға 

болады.

 Тарих толқынында



Ол  замандар  «Арғымақтың  тəуірі 

арбада  кеткен,  ер  жігіттің  тəуірі  ар-

манда  кеткен»  кезеңдер  болғанын 

Аяз  бидің  шапанындай    жадымыздан 

шығармағанымыз жөн. 

Иə,  еліміз  Тəуелсіздік  алғалы  бергі 

25 жыл да қоғамдық-саяси, əлеуметтік-

эко  номикалық,  рухани-мəдени  өмі-

рі  мізде  қол  жеткен  табыстарымыз 

кө ңіл  қуан тар лықтай.  Елбасымыз 

Н.Ə.Назарбаев тың бас тамасымен жүзеге 

асы ры  лып  жатқан  халқымыздың  əл-

ауқатын  көтеруге,  тұрмыс-жағдайын 

жақсартуға бағытталған сан-салалы іс-

шаралар, іргелі жобалар мен  маңызды 

бағдарламалардың  сəтті  орындалуы 

еліміздің  абырой-беделін  арттырып 

келеді.  Президент  Н.Ə.Назарбаевтың 

Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан 

жаңа  жаһандық  нақты  ахуалда:  өсім, 

реформалар,  даму»  атты  дəстүрлі 

Жолдауында  елімізде  жүзеге  асыра-

тын іс-шаралардың басым бағыттарын 

айқындап,  алда  тұрған  асқаралы  жаңа 

міндеттерді  белгілеп  берді.  Мұнда 

Елбасымыз осы жүріп өткен кезеңді «Бұл 

– Тəуелсіздігімізді нығайту жолындағы 

өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық 

белесін қорытындалайтын мерейлі сəт», 

деп ерекше атап көрсетті.

Бұл ретте алдымен айта кететін нəрсе, 

Елбасының əр жылдардағы Жолдаулары 

белгілі  бір  тарихи  конъюнктураға 

негізделсе,  ал  биылғы  Жолдаудың 

маңыздылығы сонда, ол Жер жаһанды 

жайлаған дағдарыс жағдайында сыртқы 

жəне  ішкі  саяси  өзгерістер  кезіндегі 

халықтың  көкейіндегі  «Ел  ертеңі  не 

болмақ?»  деген  мəселелерге  арнал-

ды. Елбасы мұндай аса жауапты сəтте 

ауызбірліктің  сақталуы  өте  маңызды 

екенін, сондай-ақ, барша қоғам ел игілігі  

үшін аянбай тер төгуі қажеттігін атап өтті. 

Ендігі жерде біз «Біріміз – бəріміз үшін, 

бəріміз – біріміз үшін» деген қағиданы 

берік  ұстанып,  қажырлылықпен  еңбек 

етуге  тиіспіз.  Бұл  сəт  сайын  құбылған 

аласапыранға, қазіргі кезеңдегі қыспаққа 

алған дағдарысқа берер бұлтартпас жа уа-

бымыз болу қажет. Мұндайда ең жақсы 

жоспар  –  уақыт  талабына  бейімделе 

алатын  жоспар.  Біз  де  заманның  бет-

алысына қарай межелерімізді белгілеп, 

жоспарларымызды  жолдап  отырмыз. 

Біз дің мақсатымыз – елі бақытты, жері 

гүлденген қасиетті Отанымыз – Қазақ-

станды «Мəңгілік Ел» ету», – деген Мем-

лекет басшысының жаңа Жолдауындағы  

өсу мен реформалардың дамуы қандай 

бағытта  жүзеге  асырылуы  керектігін  

бағамдаймыз.  Осынау  тарихи  мəні 

маңызды  құжатта жеті басымдық бойын-

ша іс-шаралар  шегелеп жеткізілді. Бұл 

ретте,  əсіресе,  Қазақстанда  2017  жыл-

дан бастап «Барша үшін тегін кəсіптік-

техникалық білім» идеясы қоғамда үлкен 

серпіліс тудырғанын атап өткен орынды. 

Өйткені, мұндай жоба ТМД мемлекеттері 

түгілі,  алыс-жақындағы  дамыған  ел-

дерде  де  жолға  қойылмаған  деуге  бо-

лады.  Президент  Н.Ə.Назарбаев  өз 

Жолдауында  «Бізге техникалық кадрлар 

даярлау  барынша  қажет.  Техникалық 

жəне кəсіби білім беру инвестициялық 

саясаттың негізгі бағыттарының бірі бо-

луы  тиіс.  Бұл  үшін  Германия,  Канада, 

Австралия жəне Сингапур сияқты мем-

лекеттермен  бірге  кадрлар  дайындау 

орталықтарын бірлесіп құру керек. Олар 

бүкіл еліміз үшін техникалық жəне кəсіби 

білім  беру  жүйесінің  моделі  болады», 

деп Үкіметке жəне барлық мемлекеттік 

құрылымдарға,  салалық  ұйымдарға 

нақты  тапсырма  берді.  Бұл  жобаның 

ел экономикасына тигізер пайдасы зор 

болатыны  сөзсіз.  Еліміздің  аграрлық-

индустриялық  бағытта  даму  үстіндегі 

мемлекет  екенін  ескерсек,  техникалық 

жəне  кəсіптік  орта  білімді  мамандық 

иелері бұл сұранысты толығымен атқара 

алатынына ешқандай  күмəн жоқ. Əрине, 

бұл  жерде  техникалық  жəне  кəсіптік 

білім  беруді  қазақстандық  нарыққа 

бейімдеу аса маңызды. Осы орайда айта 

кету керек, қазіргі қоғамдағы «колледж-

де алған білім екінші сортты білім» де-

ген жат психологиядан толық арылатын 

уақыт жетті.  Сондықтан, Елбасы көтеріп 

жүрген Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы 

мен еңбек адамы идеяларын нақты мы-

сал ретінде алып, бұл мəселелер кеңінен 

жарнамалануы тиіс. Ол үшін Ұлы рефор-

матор – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың жеке 

өмірбаянын, жанқиярлық еңбек жолын 

жастарға  үлгі  етумен  қатар,  басқа  да 

өнеге  боларлық  беделді  азаматтардың 

еңбекпен қалыптасқан өсу жолдары ту-

ралы  арнайы  бағдарламалар  дайында-

лып,  оны  оқу  үдерісіне  ендіру  –  кезек 

күттірмейтін мəселе дер едік. Біз сонда 

ғана  еңбек  адамдарына  деген  шынайы 

құрметті  қайта  жандандыруға  үлес 

қосамыз.  Үгіт-насихатсыз,  жариялы 

жарнамасыз жұмыс жүргізу бізге қиынға 

соғады.  Өйткені,  адамзат  дамуының 

бастауында  еңбек  тұрғаны  белгілі. 

Дана  халқымыз  «Адамды  адам  еткен 

–  еңбек»,  «Еңбек  –  ер  атандырады», 

«Еңбегі көптің өнбегі көп» деген секілді 

мақал-мəтелдерді, еңбекке  байланысты 

қанатты сөздерді жайдан-жай айтпаған.

Осы  орайда,  Елбасы  Жолдауының 

негізгі  арқауының  бірі  –  ел  тұрғын-

дарының əлеуметтік ахуалын жақсарту  

екені  бірден  байқалады.  Əсіресе,  ол 

мүгедектер мен жəрдемақыға өмір сүріп 

келе  жатқан  жəне  өзге  де  əлеуметтік 

жағдайы  нашар  жандарға  жұмыс  ор-

нын  ашу  қажеттілігіне  тоқталды.  Бұл 

не деген сөз? Яғни, ел азаматтары адал 

еңбек етіп, жалақы тауып, өз тұрмысын 

жақсартып,  лайықты  өмір  сүретіндей 

жағдай  жасауы  тиіс.  Осы  тұрғыдан 

алғанда, ысырапшылдыққа жол бермеу, 

үнемділік, қолда бар ресурстарды тиімді 

пайдалану  биылғы  Жолдаудың  негізгі 

элементі болып табылды.  

Президенттің  бұл  кезекті  Жолдауы 

келесі  ширек  ғасырлық  өмірімізді 

өркендетуге  бағытталған  құнды  құжат 

болып  табылады.  Егер  адам  жасы-

мен  есептейтін  болсақ,  бұл  жоғарыда 

атағандай  жас  жігіттің  нағыз  толған, 

толысқан,  кемеліне  келіп  жетілген 

шағы.  Нағыз  «қайран  жиырма  бес» 

дерлік  шақ.  Айтып-айтпай  не  керек, 

шындығына  келгенде  біз  өте  жылдам 

есею кезеңін бастан өткердік. Осы жыл-

дар ішінде біз жас мемлекет болсақ та, 

əлемге қалыптасқан, өз бет-бейнесі бар, 

белгілі де беделді мемлекет болып та-

нылып  отырмыз.  Бұған  біз  маңызды 

əрі  сапалы  өзгерістермен  келдік  десек 

артық  айтқандық  емес.  Қалыптасқан 

мемлекет ретінде бүгінде Қазақстанмен 

барлық ірі державалар, супермемлекет-

тер  тең  құқықты  қарым-қатынас  жа-

сап келеді. Өйткені, бізді төрткіл əлем 

жұрты  дүниежүзілік  қауымдастықта 

мойындалған əрі жаһандық маңызды бас-

тамаларды көтеріп жүрген аймаңдай ел 

ретінде таниды. 

Айтып өтейік, Жер шарында кейбір 

елдер бар, қанша жыл тəуелсіз өмір сүріп 

жатса да, БҰҰ-да суырылып шығып бас-

тама  көтерген,  не  қолдауға  ие  болған 

бірде бір игі ісі жоқ. Мəселен, КСРО-ның 

«атом нүктесі» ретінде саналған Семей 

полигонындағы ядролық жарылыстардан 

Қазақстан өз еркімен бас тартты, одан да 

дəлірек айтатын болсақ, 1991 жылғы 29 

тамыз күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 

«Семей ядролық сынақ полигонын жабу 

туралы» тарихи аса маңызды Жарлыққа 

қол  қойды.  Сөйтіп,  бүкіл  адамзатты 

үрейлендіріп келген жер бетіндегі «ажал 

араны» біржола келмеске кетті.

Содан  кейін  БҰҰ  29  тамызды 

«Халықаралық  ядролық  сынақтарға 

қарсы күрес күні» деп белгілеуге шешім 

қабылдады.  Оның  бастауында  қыран 

қанатты Қазақстан тұрды. Сөйтіп, Əлем 

Ұлы  Дала  елінің  басшысы  –  Қазақ 

Президентін  ядросыз əлем құрудың бас 

сəулетшісі  деп  танып  отыр.  Былтыр, 

2015  жылдың  28  қыркүйегінде  өткен 

БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  70-сессия-

сында  сөйлеген  сөзінде,  осы  бастама 

жалғастырылып,  барша  мемлекеттер-

ге  ядролық  қарусыз  бейбіт  əлем  құру 

–  бүкіл  адамзаттың  ХХІ  ғасырдағы 

мақсаты болуы керектігін ұсынды жəне 

əлем  жұртын  осы  ұсынысты  қолдауға 

шақырды.  Дүниежүзілік  қауымдастық 

Қазақ Президентінің осы бір ауыз сөзіне 

ден  қойып,  көңіл  тоқтатты.  Сөйтіп, 

2015 жылдағы 7 желтоқсан күні Елбасы 

Нұрсұлтан  Əбішұлы  ұсынған  БҰҰ 

Жалпыға  ортақ  ядролық  қарусыз  əлем 

жөніндегі  бастамасы  жəне  Атом  энер-

гиясын    бейбіт  мақсатта  пайдалану 

жөніндегі  бағдарлама  халықаралық 

қоғамдастық  тарапынан  бірауыздан 

қолдау  тапты.  Қалай  десеңіз  де,  бұл 

Қазақстанның жəне Қазақ Президентінің 

əлемдік  қауіпсіздікті  сақтауға  қосқан 

ерен  үлесі,  ерекше  ерлігі  болып  табы-

лады.  Тағы  да  қайталап  айтуға  тура 

келіп  тұр,  осы  бастамалардың  бəрі  де 

Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаевтың 

атымен байланысты екені сөзсіз. Мұны 

кемеңгер  Көшбасшының  ядролық 

қарусыздану  бойынша  ұсынған  ой-

пікірлерінің  маңыздылығын  əлемдік 

мойындаудың  дəлелді  көрсеткішіне 

балауға болады.

Расында  да,  өткен  тарихымызды 

сараласақ,  Елбасы  сонау  1993  жылы 

Қазақстан  дамуының  басты  бағыт-

бағдарларын  анықтап  берген  бола-

тын. Ал, 1997 жылы «Қазақстан-2030» 

Стратегиялық  бағдарламасын  жасады. 

Бұл бағдарламада еліміздің тұтастығы, 

қауіпсіздігі, халықтың əл-ауқаты сияқты 

өзекті  мəселелер  жан-жақты  ескеріліп 

еді. Онда Қазақстанның индустриялық-

инновациялық елге айналуы керектігін 

ерекше атап көрсеткен   Мемлекет бас-

шысы  бұл  мақсат  бойынша  Қазақстан 

басқа елдер үшін тек шикізат шығаратын 

ел болып қана қалмай, дүниежүзіндегі 

теңдессіз мол жер байлығымызды  өзіміз  

өндіріп, өзіміз өңдеп шығаратын іргелі 

елге айналуымыз қажеттігін қадап айтқан 

еді. Біз бұл стратегиялық   бағдарламаны 

мерзімінен бұрын жүзеге асыра алдық. 

Енді  бүгінгі  таңда  «Қазақстан-2050» 

Стратегиясын іске асыруға кірісіп кеттік.

Ұлы Дала елі болу, осы Ұлы Далада 

көк туы желбіреген мəңгілік жасампаз ел 

орнату идеясы – Қазақстан Президентінің 

ұлы арманы.  Мұны да, нағыз ұлылық 

ұстанымынан  туған  Ұлттық  идея  деп 

бағалаған жөн. 

Елбасы  бұл  идеяны  аспаннан 

алып  отырған  жоқ,  халықтың  əуелден 

жалғанып  келе  жатқан  ұзақ  та  байтақ 

тарихынан  алып  отыр.  Асан  қайғы 

бабамыздың  желмаясына  мініп  шарқ 

ұрып іздейтін – Жерұйығы қандай жер, 

қандай  ел?  Біздіңше,  Асан  атамыздың 

Жерұйығы    –    бақытты  өмір,  баянды 

тіршілік болса керек. Олай болса, Асан 

қайғының  тұлғалық  қасиетінен  бүгінгі 

Елбасымыздың бейнесін айқын көреміз. 

Ол  –  тарих  толғатып  туған  ғасырдың 

кемел  тұлғасы,  мемлекеттіліктің,  ел 

басқарудың жаңа қазақстандық мектебін 

қалыптастырған  көреген  де  көрнекті 

басшысы.  Бүгінгі  таңда  ұлтымыздың 

абыройына, намысына, киесіне айналған 

Елбасымен мақтана аламыз. Жапондар 

өздерін Күншығыс еліміз десе, қытайлар  

өздерін Аспанасты еліміз деп жатады, ал 

біз – Ұлы Дала еліміз.  Қазақстан – қазақ  

халқының  тарихи  атамекені,  ежелгі 

қонысы.  Бұған  ешкімнің  дауы  жоқ. 

Елбасының: «Қазақтың  тарихы өте бай. 

Қазақтың көп дүниелері атадан балаға 

ауызекі  түрде  беріліп  келген.  Біздің 

елдігіміз,  қазақ  жұртымыз  арғы  түбі 

ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін 

көк  түріктерге  жалғасады.  Одан  кейін 

Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық 

дəуірлерге  ұласып,  кейін  біртіндеп 

Тəуелсіздікке  келіп тіреледі. Осындай 

үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны 

білуі керек. Біз кеше ғана пайда болған 

халық емеспіз», деген сөзі осыған айқын 

дəлел бола алады.

«Ішіміз  бүтін,  бірлігіміз  берік  бол-

са,  ұтылмаймыз.  Қазақтың  бірлігі  – 

көпұлтты халықтың бірлігі», деген еді 

Елбасы тағы бір сөзінде. Ендеше, бүгінгі 

қазақстандықтардың басты бағыты мен 

ұстанымы  бейбіт  те  шуақты  күндерді 

бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу, 

жаңа мүмкіндіктерді еңсеру болуға тиіс. 

Сонда ғана Президент айтқандай, «өзін-

өзі қамтамасыз ете алатын, азаматтары 

сауатты да білікті, инновациялық жəне 

интеллектуалдық əлеуеті зор, ішкі бірлігі 

мен берекесі мығым елге айналамыз».

Қорыта  айтқанда,  Тəуелсіздіктің 

көк туы астында Қазақстанның 25 жыл 

ішіндегі даму жолы Елбасы саясатының 

дұрыс  екенін  дəлелдеді.  Қазақ  халқы 

өз  тəуелсіздігін  сақтауға,  қорғауға,  

нығайта беруге бекемдігін танытты.  Ал 

Президент  Қазақстан  халқына  арнаған 

кезекті  Жолдауында  қалыптасқан 

мемлекетіміздің  «Мəңгілік  Ел»  болуы 

үшін қалай өмір сүруіміз керек, қандай 

жолмен жүруіміз қажет екенін, қандай 

іс-əрекеттер жасау керек екенін айқын 

көрсетіп берді. 

Егемендік – 

ел тілегі

Ўлы сілкініс



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал