Бїгінгі нґмірде



жүктеу 0.77 Mb.

бет1/7
Дата08.01.2017
өлшемі0.77 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
3

№1 (28729)

1 ҚАҢТАР

ЖҰМА

2016 ЖЫЛ

Бїгінгі нґмірде:



3-бет

7-бет

4-бет

Ўлы сілкініс

Ой жырым, ќызыл 

тілім, сеніѕ арќаѕ

Риодан ірі 

жеѕістер кїтеміз



2-бет

Индустрияландыру 

ісі ілгерілей береді

Құрметті отандастар!

Санаулы  сəттерден  соң 

біз жаңа – 2016 жылға қадам 

басамыз! 

Жаңа  жыл  –  бəріміз  ақ 

пейілмен  асыға  күтетін 

айрықша  мереке.  «Өткен 

жылға  өкпе  жоқ,  жаңа 

жылдан  үміт  көп»  дейді 

халқымыз. Тарих қойнауына 

аттанғалы  тұрған  жыл 

еліміз  үшін  жемісті  бол-

ды.  Қазақстан  дағдарысқа 

қарамастан,  өзінің  құтты 

қадамын жалғастырды. 

Б и ы л   б і з   т а р и х ы 

тереңде  жатқан  тамырлы 

халық  екенімізді  баршаға 

əйгіледік. Ұлы Далада ұлт 

атауымен  мемлекет құрған 

бабалар  рухына  тағзым 

еттік.  Жаңа  Қа зақстанның 

қалыптасуына негіз қалаған 

Ата Заңымызды ұлық  тадық. 

Бақ-берекеміздің  ұйыт-

қысы  –  Қазақстан  халқы 

Ассам  блея сының  беделін 

биіктет тік. Ардагерлерімізді 

ардақтап,  Ұлы  Жеңістің 

мəн-маңызын  ұр пақ тың 

санасына  сіңірдік.  Қазақ-

тың үшінші ғарышкері көк 

жүзі не самғап, мерейімізді 

өсірді.  Сау да мыз  сапалы, 

тауарымыз  тартым ды  бо-

луы үшін Дүниежүзілік Сау-

да Ұйымына мүше болдық. 

Биыл ғы Президент сайлау-

ында бірлігі бар ел екенімізді 

тағы да дəлелдедік.



Ардақты ағайын!

Жаңа жыл баршамыз ды 

қашанда  жаңа  жетістікке, 

жа ңа  биікке  жетелейді. 

Елі міз  биылғы  жылы 

Тəуелсіздіктің  25  жылдық 

белесіне  шығады.  Ширек 

ғасырлық  шежіреміз  бізді 

мерейлі  мемлекет  ретін де 

əлемге  танытты.  Бағы ты-

мызды белгілеген Ұлт жос-

пары ұлағатты жолға бас  тап 

келеді. Алдағы Ме шін жы-

лында да абыройымыз асқақ 

болады деп сене мін! 

Дорогие казахстанцы!

Мы  встречаем  насту-

пающий  год  вместе  –  на-

шей  большой,  единой 

казахстанской семьей. 2015 

год  стал  временем  новых 

свершений  для  всех  нас. 

Мы  приступили  к  глубо-

ким реформам государства 

и  экономики.  Новые  за-

коны,  принятые  согласно 

Плану Нации, обновили всю 

правовую базу Казахстана. 

В  уходящем  году  мы  до-

стойно  начали  вторую  пя-

тилетку индустриализации 

и  выполнение  программы 

«Нұрлы  Жол».  За  год  во 

всех  регио нах  построено 

120  новых  производств  и 

объектов. Созданы тысячи 

рабочих мест.

В этом году у нас в стра-

не на свет появились почти 

400 тысяч малышей. Я поз-

дравляю все казахстанские 

семьи  с  рождением  этого 

нового  поколения  Нации 

единого будущего! Для них 

и  сотен  тысяч  подрастаю-

щих  казахстанцев  мы  воз-

вели новые школы и детские 

сады, дома и больницы, до-

роги и предприятия, стадио-

ны и концертные залы. Ради 

счастья  всех  казахстанцев 

мы  будем  всегда  хранить 

наше единство! Хочу побла-

годарить  всех  вас  за  сози-

дательный труд ради мира, 

согласия  и  процветания  в 

нашей Родине!



Дорогие друзья!

Эстафету истории прини-

мает 2016 год. Для нас – это 

год 25-летия Независимости 

Казахстана.  У  всех  казах-

станцев одна общая мечта – 

сделать нашу Родину од ной 

из  самых  развитых  стран 

мира.  Для  её  воплощения 

у  нас  есть  воз можности  и 

воля! Пусть наш Ка зах стан 

крепнет  счастьем и достат-

ком  каждой  семьи!  Пусть 

сбудут ся все наши желания 

и надежды! 

С Новым годом!

Жаңа  жыл  əрбір  шаңы-

раққа бақыт, шаттық, табыс 

əкелсін!  Еліміздің  ырыс-

несібесі  молынан  болып, 

татулығы арта берсін! 

Жаңа жыл құтты болсын!

Мемлекет басшысы 

Нўрсўлтан НАЗАРБАЕВТЫЅ 

жаѕа 2016 жылмен ќўттыќтауы

Айналайын, аппаќ əлем



Бақтияр СМАНОВ,

ҚР Ұлттық ғылым акаде мия-

сының корреспондент-мүшесі, 

Халық аралық Ш.Айтматов 

академия сының академигі.

Міне,  2016  жыл  да  келді.  Əр 

жыл  өз  ерекшелігімен,  өзіне  тəн 

жаналықтарымен  назарымызды 

аударады.  Өткен  2015  жылы-

мыз да еліміздің қоғамдық-саяси, 

рухани-əлеуметтік  өмірінде  та-

лай-талай дүбірлі оқиғаларымен, 

ел  есінде  қаларлық  ауқымды 

іс-шараларымен  артта  қалды. 

Олардың  ішінде,  айталық, 

Мемлекет  басшысын  сайлау, 

Елбасымыз  Н.Ə.Назарбаевтың 

тікелей  тапсырмасымен  жүзеге 

асырыла бастаған Бес институттық 

реформа мен «100 нақты қадам», 

Қазақ хандығының 550 жылдығы, 

еліміз  Конституциясы  мен 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 

20  жылдығы  секілді  айтулы 

оқиғаларды атауға болады. 

Бұл,  əрине,  бір  жылда  ғана 

өзіміз  куəсі  болған  жағымды 

жаналықтар,  егемен  еліміздің 

тарихындағы  өмір  өткелдері. 

Мемлекетіміз  Тəуелсіздігін 

жариялағанына  биыл  25  жыл 

т о л а д ы .   Қ ұ д а й   б ұ й ы р т с а , 

мұны  да  атап  өтеміз.  Жаңа 

мемлекетіміздің  ғұмырының 

осынау  25  жылында  қаншама 

игі  шаралар  атқарылды,  нешеме 

жағымды жаңалықтар іске асты. 

Егемендігімізді  жарияладық, 

төрімізден Елтаңбамыз орын алып, 

төбемізде көк Туымыз желбіреді, 

Əнұранымыз  жаңа  екпінмен, 

тың  тыныспен  шырқалып  жа-

тыр.  «Сен  не  көрсең  мен  де 

соны  көрмекпін,  белді  буғам 

ауырға да жеңілге», – деп Сəбең 

(Мұқанов)  жырлағандай,  ұлан-

ғайыр  жерімізді  жайлаған  кең-

байтақ елімізде сан түрлі ұлттар 

мен  ұлыстардың  өкілдері,  мем-

лекет атауына ие болып отырған 

автохтонды ұлт – қазақ халқымен 

бейбітқатар өмір сүруде. 

Тəуелсіздік дегеніміз тəтті қиял 

емес,  ол  –  мемлекет  құраушы 

ұлттың, сол елді мекендейтін басқа 

да халықтардың мақсат-мүдделерін 

қорғайтын  қисын-қағидаттары,  

мемлекетті  басқару  институт-

тары,  билік  жұмысын  асқан 

көрегендікпен жүргізе білетін сая-

си басшылығы бар дербес мемлекет 

туралы қасиетті ұғым. 25 жыл тек 

айтуға ғана оңай. Бұл жас жігіттің 

ғұмыры секілді көрінгенімен, ши-

рек  ғасыр  мерзімді  алып  жатқан 

терең мазмұнды тарих. Жақсылығы 

мол өз тарихымыз, өзіміздің жүріп 

өткен  жолымыз.  Мұны  ешкім 

жоққа  шығара  алмайды.  Əйгілі 

грек ойшылы Агафон айтқандай, 

«Өткенді  Құдай  да  өзгерте  ал-

майды». Осы ретте белгілі поляк 

қаламгері  Богуслав  Вайнердің: 

«Тарих сағаты өз сағат жөндеуші 

шеберін қажет етеді» деген қанатты 

сөзі еске түседі. 

Əрине,  «Егемен  болмай,  ел 

болмас» деп баяғының  ақындары 

жырлағанындай, бұл өз тағдырын 

өзі  шешетін,  өзін-өзі  билейтін, 

мемлекет басқарудың екі тізгін, бір 

шылбырын қолына алған халықтың 

еркін  де  тəуелсіз  қалпын  ежел-

ден  аңсағанын  танытатын  арман 

болғаны жасырын емес. Мұны Ұлы 

Дала елінің ақын-жырауларының 

өлең-жырларынан, өмірден өткен 

қайсар қайраткерлеріміздің бізге 

мұра  етіп  қалдырған  ұлағатты 

сөздерінен білеміз. 

 Тəуелсіздік – тағдырымыз

 Тəуелсіздік – тағдырымыз

Егемендік – ел тілегі

210 932!


Мерекелі жылғы берекелі биігіміз осындай

Елбасымыздың Қазақстан халқын жаңа 2016 жыл-

мен құттықтауының мəтіні əлгінде ғана қолымызға тиді. 

Құттықтаудың бір тұсында Нұрсұлтан Əбішұлы: «Жаңа 

жыл баршамызды қашанда жаңа жетістікке, жаңа биікке 

жетелейді», депті. Сол жаңа жетістіктің, жаңа биіктің 

бірін Жаңа жылдың алғашқы ақ таңында сіздерге қуана 

хабарлағалы отырмыз, қадірменді оқырман. 

«Алдыңғы күні, яғни 28 желтоқсанда облыс тардағы 

меншікті тілшілерімізден түскен мəліметтердің өзі газет 

таралымы қазір-ақ 200 мыңдық межені еркін еңсергенін 

көрсетеді.  «Қазпошта»  қаптың  түбін  қаққанда,  бұған 

дейін есепке алынбай келген «Эврика пресс», «Номад 

пресс», «Ernur press», «Alash press», «Евразия пресс», 

«Ка зах пресс» сияқты серіктестіктер жан-жақтан жүргіз-

ген жазылымды қосқанда желтоқсанның соңғы күндер-

інде келер жылғы оқырмандар қатарына шамамен он 

мың дай, кейде тіпті одан да көп сан қосылатынын тəжі-

ри бе ден  жақсы  білеміз»,  деп  жазған  едік  30  желтоқ-

санда  жарық  көрген  «Ғұмырнама  ғибраттары»  атты 

мақа ла мызда. 

Айтқанымыз айдай келді. Міне, біздің қолымызда 

газет  басылатын  15  баспахананың  кеше  кешкі  сағат 

17-де  жолдаған  ең  соңғы,  ең  дəлденген  мəліметтері 

тұр: бү гінгі, 2016 жылғы 1 қаңтардағы 1-ші, газет тари-

хындағы  28  729-шы  нөмірді  Астанадағы  «ERNUR» 

12  434  дана,  Алматыдағы  «Дəуір»  17  060  дана,  Тал-

дықорғандағы  «Алматы-Болашақ»  3  854  дана,  Қос-

танайдағы  «Костанайполиграфия»  4  735  дана,  Қара-

ғандыдағы «Арко» 14 916 дана, Тараздағы «Сенім» 18 

339  дана,  Шымкенттегі  «ERNUR  print»  39  536  дана, 

Қызылордадағы  «Энергопромсервис»  21  312  дана, 

Ақтөбедегі  «А-Полиграфия»  10  853  дана,  Оралдағы 

«WESTA»  14  515  дана,  Павлодардағы  «Дом  печати» 

12  884  дана,  Өскемендегі  «Рекламный  Дайджест»  11 

947 дана, Атыраудағы «Атырау-Ақпарат» 13 514 дана, 

Ақтаудағы «CASPIY PRINT» 6 862 дана, Петро павл дағы 

«ЕRNUR» 8 171 дана етіп басып шығарды. Сонда қоры-

тын дысында не болады дейсіз ғой? Қорытын дысында ел 

газеті «Егемен Қазақстанның» 2016 жылғы таралымы екі 

жүз он мың тоғыз жүз отыз екі дана болып шыға келеді. 

Бұл сан өткен жылғы 203 мыңнан астам таралымнан 7 

мыңның үстінде артық екенін өзіңіз де көріп отырсыз. 

210 932! 

Бұл  санға  артық  түсініктеме  қажет  болмас.  Бұл 

сан ның  астарында  көп  жай  жатыр.  Ең  бастысы  –  ел 

хал қы ның  ертеңгі  күнге  сенімінің,  ел  газеті  тынбай, 

тал май насихаттайтын Елбасы саясатын қолдауының, 

оқырмандардың бойында отаншылдық, елдік сезімдер-

дің  серпіле  түскенінің  келісті  көрінісі  бұл.  Осындай 

мерейлі сəтімізде біз газетке тағы да сенім артқан бар-

ша  оқырмандарымызға,  жазылымды  ұйымдастыруға 

атсалысқан  азаматтардың  бəріне  шын  көңілден 

разылығымызды  білдіріп,  алғысымызды  айтамыз, 

Тəуелсіздігіміздің ширек ғасырлық мерейлі жылында да 

«Егемен Қазақстан» жүз жылға жуықтаған тарихындағы 

даңқты дəстүрлерінен айнымайтынын жеткіземіз. 

Қашанда  жазар  жақсылығымыз,  жеткізер  жаңа-

лығымыз көп болсын! 

Сауытбек АБДРАХМАНОВ. 

(Соңы 3-бетте).



 Ақ тілектер ағыны



Төрім саған төредей Жаңа жылым,

Бұйымтайды ең қымбат қала бүгін.

Айдың нұрын айшықтар, жердің жүзін, 

Еселенсін, Алашым, даралығың.

Жылым Жаңа!

Жаңғырған елім дана,

Жетелейтін Ақ желкен – сенім ғана.

Аманаттап, арды ойлап, алға бастап,

Ақтаңгерін оздырды бегім дара.

Ескі жылға тағармын несіне мін,

Есем кетсе, оны да кешірермін!

Тек аман-сау болсыншы халқым менің,

Еңсең түссе тау-тастай кетілемін.

Құлдыраңдап құлын күн құрық жалға,

Аламансыз хас тұлпар булығар ма?!

Тəуелсіздік – тар жолды, тайғақ кешу,

Тəуекелсіз тартысты ұл ұғар ма?!

Жыл мүйісте тоғысқан жылғаларым,

Күн жайнатып ақ мұздақ сырғаларын.

Керуен көші бет алды ағыс өрлей,

Тағат таппай тосармын бір хабарын!

Жыл сөреде тойбастар бастаған ем,

Жаңа жылым, бөлей гөр баққа кенен.

Шарайнаңнан түсірме Қазақ елін,

Айналайын, жүзіңнен, аппақ əлем!

Əміре ƏРІН.

Алматы облысы.

www.egemen.kz

2

1 қаңтар 2016 жыл

Елімізде басталып отырған 2016 жылдың 1 қаңтарынан 

бастап азаматтық қызметшілердің еңбекақысы ұлғаяды. 

Осылайша, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің 

жалақысы 28%-ға дейін, білім саласы 29%-ға дейін жəне өзге 

сала қызметкерлерінің еңбекақысы 40%-ға дейін артады. 

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап енгі зілетін азаматтық 

қызметшілер еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісіне 

сəйкес, олардың лауазымын біліміне, біліктілігіне, атқаратын 

қызметінің күрделілігі мен дəрежесіне қарай төмендегідей 

төрт санатқа бөлу көзделген: 

Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Алдын  ала  болжамдар  бойынша 

жаңа  ғана есігін ашқан 2016 жыл эко-

номика  үшін  күрделі  болады  деген 

сөздер  бар.  Сарапшылардың  айтуы-

на қарағанда, бұл жылы əлемді керне-

ген дағдарыс бұрынғыдан да тереңдей 

түспек.  Бəрін  былай  қойғанда,  осы 

уақытқа  дейін  серпінді  қарқынмен  да-

мып  келе  жатқан  Қытай  экономикасы 

сыр беріп отыр. Екінші алып көршіміз 

Ресей экономикасындағы жағдай да мəз 

емес. Өткен жылы бұл елге сырттан келіп 

жатқан  инвестициялар  көлемі  едəуір 

азайып кеткен. Құлдыраған мұнай бағасы 

жағдайды одан əрі ушықтыра түсуде. 

Міне, осы қиындықтардың барлығы 

екі  алып  елдің  ортасында  орналасқан 

Қазақстанды да айналып өтпейтіні анық. 

Бірақ  соған  қарамастан,  біз  өткен 

жылды табысты қорытындыладық. Эко-

номи камыз бұл жылды даму жағдайын да 

өткізді. Оның үстіне бізге келіп жат қан 

шетелдік инвестициялар көлемі көбей-

месе,  азайған  жоқ.  Яғни,  Қазақстан 

əлем  елдерінің  алдында  өзінің  инвес-

ти циялық тартымдылығын сақтап қала 

алды. Бұл біздің Ресей экономикасы мен 

салыстырғандағы бір артықшы лы ғымыз 

жəне биылға жылға өзек ететін басым-

дықтарымыздың бірі болып табылады. 

Р е с е й м е н   с а л ы с т ы р ғ а н д а 

Индустрияландыру ісі 

ілгерілей береді



Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ, 

Қазақстанның Еңбек Ері

«Қазфосфат» ЖШС-нің бас директоры.

«Ескі айым есірке, жаңа айым жарылқа!» – дейді 

қазақ. Ескі жылдан еңсеміз түскен жоқ, жаңа жылдан 

жарылқау күтеміз. Қоңыр мінез халықтың ниет-пейіліне 

орай, қой жылы молшылық, ырыс жылы болды. Ең бас-

тысы, қазақ деген қарапайым халықтың бауыры бүтін, 

басы аман. Арманы алға жетелеген, сенімі тəуекелшіл 

еткен еліміздің аузындағы шүкір мен тəубе, иман мен 

ынсап,  береке  мен  бірлік  ұлтымыздың  қайнар  көзі. 

Əрбір  жылдың  өзімен  бірге  келген  айтулы  оқиғасы, 

есте қалар естелігі болады. Биылғы жылдың да жаныңа 

шуақ, көңіліңе қуат сыйлайтын жарқын күндері көп бол-

ды. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» дейтіндей 

мамыражай кезең дамуымызға, алға озуымызға үлкен 

мүмкіндіктер  сыйлады.  Елімізде  экономикалық, 

əлеуметтік, саяси, мəдени жағынан да өрлеу орын алды.

Өзім  басшылық  етіп  отырған  «Қазфосфат» 

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биылғы жылды 

толайым табыстармен қорытындылап отыр. Бір ғана 

өткен жылмен биылғы 10 айды қосқанда 11 754 миллион 

теңгені салық пен бюджеттік емес аударымдарға төледік. Оның ішінде Жамбыл облысының 

бюджетіне 5 789 миллион теңге құйдық. Біздің компания еліміздің үш аймағында, яғни 

Жамбыл,  Оңтүстік  Қазақстан  жəне  Ақмола  облыстарында  жұмысын  жалғастыруда. 

Сонымен қатар, Алматы, Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шымкент, Степногор қалалары мен оған 

жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз.

Төрт құбыласын түгендеп, алты құрлықтың алдында абырой биігіне көтерілген еліміздің 

ертеңгі күні жарқын. Əрбір өткен жыл ұлт тарихына өзінің өрнегін қалдырды. Қой жы-

лында қойнымыз қазынаға толып, халқымыздың саны артты. Мүмкіндігіміз жоғарылап, 

кеңістігіміз кең етек алды. Кемел ел, көркем ұлт санатында əрі қарайғы тіршілігімізді 

тіктедік. Өрісіміз малға, шаңырағымыз жанға толған қасиетті жылдың естелігі көп. Келер 

жыл да көркемдігімен, кемелдігімен келсін. Өткен жылдың өрнегі бөлек. Ескі жыл есірке, 

Жаңа жыл жарылқа!



Жамбыл облысы.

Өткен 

2015 жыл 

Қазақстан эко-

номикасын-

да елеулі жетістіктермен есте 

қалды. Бұл жылы еліміздің 

Индустрияландыру картасы, 

«Нұрлы Жол» бағдарламасы ая-

сында 800 миллиард теңгенің 

120 жобасы іске қосылды. 

10 мың тұрақты жұмыс 

орны ашылды. Қазақстан 

тұңғыш рет əлемнің жетекші 

50 экспорттаушыларының 

қатарына қосылып, 43-ші орынға 

табан тіреді. Дүниежүзілік сауда 

ұйымына кірді. 

1.  Ұйымның  даму  стратегиясы  үшін 

жауап  беретін  жəне  басқару  шешімдерін 

қабылдайтын басқарушы персонал блогы (A 

блогы). Аталған блогқа ұйым басшылары мен 

басшылардың орынбасарлары, ұйымдардың 

бағыну  деңгейіне  тəуелді  (немесе  басқару 

жауапкершілігінің  деңгейіне  байланыс ты: 

республикалық, облыстық, аудандық) құ ры-

лымдық бөлімшелердің басшылары мен бас-

шылардың орынбасарлары кіреді.

2. Ұйымның негізгі функцияларының іске 

асырылуын қамтамасыз ететін, негізгі персо-

нал блогы (B блогы).  Бұл блогқа дəрігерлер, 

мұғалімдер, ғылыми қызметкерлер, əлеуметтік 

жұмысшылар,  ЖОО  оқытушылары  жəне 

ұйымның  негізгі  функцияларын  орындай-

тын басқа да қызметкерлер кіреді. Аталған 

қызметкерлер  үшін  үш  қызмет  саласы: 

«Денсаулық сақтау» «Білім беру» жəне «Өзге де 

салалар» бойынша лауазымдық жалақыларды 

саралап есептеуді енгізу ұсынылады.

3. Əкімшілік-құқықтық жəне шаруашылық 

функцияларын  орындайтын  əкімшілік  пер-

сонал  блогы  (C  блогы).  Лауазымдардың 

аталмыш  блогы  заңгерлерді,  есепшілерді, 

эко номистерді,  аудармашыларды,  шаруа-

шы лық қызметінің меңгерушілерін жəне т.б. 

қамтиды.

4. Қосалқы жəне техникалық функциялар-

ды  іске  асыратын  қосалқы  персонал  бло-

гы  (D  блогы).  Бұл  блогқа  іс-қағаздарын 

жүргізушілер, архивариустер, кассирлер, ко-

менданттар мен хатшылар кіреді.

Жаңа  үлгі  лауазымдық  жалақыны  есеп-

теу, қосымша ақы мен еңбек шарттары үшін 

төленетін  үстемақыны  оңтайландыру  үшін 

коэффиценттердің арнайы кестесін енгізуді 

қарастырады.

Азаматтық қызметшілердің еңбекақысын 

төлеудегі  жоғарыда  көрсетілген  тəсілдер 

мұғалім дер,  дəрігерлер,  əлеуметтік 

қамсыздан дыру  саласының  қызметкерлері 

еңбегі нің  мəртебесін  арттырып,  халыққа 

ұсыны латын  мемлекеттік  қызметтердің  са-

пасын жақсартады, қызметкерлердің кəсіби 

білікті лігін  жоғарылатып,  лауазымының 

өсуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, Мемлекет 

басшы сының  қызметкерлердің  кəсіби 

біліктілі гіне байланысты негізгі персоналдың 

еңбекақысын арттыру тапсырмасын іске асы-

руды  қам тамасыз  етеді:  денсаулық  сақтау 

сала сында – 7%-дан 28%-ға дейін, білім беру 

сала сында – 15%-дан 29%-ға дейін, өзге сала-

ларда – 28%-дан 40%-ға дейін.

Аталған үлгіні 2016 жылдың 1 қаңтарынан 

бастап енгізу үшін республикалық бюджет-

тен қосымша 272,6 млрд. теңге, оның ішінде 

жергілікті бюджетке мақсатты трансферттер 

ретінде 228,8 млрд, теңге бөлінді.

Жаңа  ереже  мемлекеттік  қызметкерлер 

болып  есептелмейтін  мемлекеттік  жəне 

қазыналық  ұйым  қызметкерлеріне  қатысты 

болмақ. 


Қазақстанда  барлығы  1  млн.-нан 

астам  азаматтық  қызметкерлер  бар.  Олар: 

мұғалімдер,  дəрігерлер,  мəдениет  жəне 

əлеуметтік сала қызметкерлері, т.б.

Естеріңізге  сала  кетейік,  Денсаулық 

сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің 

мамандары  қазан  мен  желтоқсан  айла-

ры  аралығында  азаматтық  қызметшілер 

еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісі бо-

йынша республиканың барлық аймақтарында 

мемлекеттік ұйымдар мен кəсіпорындардың 

есепшілері мен кадр қызметі жұмыскерлерін 

оқыту шараларын жүргізді. Оқуға барлығы 9 

мыңнан астам адам қатысты.  



Мереке ТАҢАТАРОВ. 

Келер жыл 

кґркемдігімен келсін

жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде Ресей 

Федерациясы  шекарасынан  Шымкент 

қаласына дейінгі 1 884 шақырымда жол 

бойында  қозғалыс  ашылған  болатын. 

Енді  биылғы  жылы  бұл  жол  Қытайға 

дейін  жеткізіледі.  Сөйтіп,  жоба  толық 

мəнде жұмыс істей бастайды. 

Қазіргі  күні  Үкімет  еліміздің 

инвестициялық ахуалын одан əрі жақсарту 

мақсатында  бірқатар  тың  шараларды 

жүзеге асыра бастағаны белгілі. Мəселен, 

елімізге  келетін  инвесторлардың 

жұмысын  жеңілдету  мақсатында  «бір 

терезе»  қағидаты  үстіміздегі  жылдан 

бастап  толық  жұмыс  істейтін  болады. 

Осы  мақсатта  инвесторларға  қолдау 

көрсетудің автоматтандырылған жүйесін 

енгізу  бойынша  жұмыстар  жүргізілді. 

Бұл  болашақта  онлайн  режімінде 

инвесторлардың  тіркелуіне,  ақпарат 

алуына,  рұқсат  құжаттар  алу  үшін 

өтініштер  жіберуіне  мүмкіндік  береді. 

2015 жылы бұл жоба қанатқақты режімде 

жұмыс істеген болатын. Сол кезде бұл 

істің тиімділігі анықталды. «Бір терезе» 

қағидаты бойынша инвесторлармен 200-

ден астам кездесулер өткізілді. 

Міне,  инвесторларға  жасалынатын 

осындай  қолайлы  жағдайлар  елімізге 

шетелдік  тікелей  инвестициялардың 

ағылуына жаңа мүмкіндіктер тудырады. 

Қазақстанның халықаралық имиджінің 

артуына  жəрдемдеседі.  Өткен  жыл-

дар  еліміздің  халықаралық  деңгейдегі 

инвестициялық  тартымдылығын 

дəлелдеп  берді.  Демек,  биылғы  жылы 

дағдарыс  қаншама  дендеп  енді  десек 

те, еліміздің инвестициялық сенімділігі 

экономиканың дамуына қосымша серпін 

береді деп сенеміз.

Биылғы  жылы  Астанада  «Ислам» 

азық-түлік ұйымының штаб-пəтерін ор-

наластыру жоспарлануда. Бұл жаңалық 

қазақстандық  тауарлардың  экспортқа 

шығуына ықпал жасайтын болады. 

Айта кетейік, аталған ұйымды құру 

идеясын  Қазақстан  Мемлекетінің  бас-

шысы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы 

28  маусымда  Астанада  өткен  Ислам 

ынтымақтастығы ұйымының саммитінде 

жария  еткен  болатын.  Бұл  идеяға 

аталған  ұйымға  мүше  мемлекеттердің 

барлығы  қолдау  білдіріп,  осы  уақытқа 

дейін  «Ислам»  азық-түлік  ұйымын 

құру  жөніндегі  дайындық  шаралары 

жүргізіліп келді. Енді биылғы жылдан 

бастап осы ұйым жұмыс істей бастайтын 

болады.  Оның  штаб-пəтерінің  Астана 

қаласында  ашылуы  біздің  еліміздің 

аграрлық секторының дамуына қосымша 

ықпал ететіні анық. 

Үстіміздегі жылы елімізде бұдан басқа 

да көптеген маңызды жұмыстар жүзеге 

аспақ. Осының барлығы экономиканың 

дамуына, индустриялық-инновациялық 

бағдарламаның сəтті орындалуына əсер 

ететіндігі айқын. 

қазақстандық экономикалық саясаттың 

тағы бір өтімді тұсы біздің елімізді ин-

дустрияландыру  ісіне  белсенді  түрде 

ертерек  кіріскендігіміз  болып  табы-

лады.  Өткен  бесжылдықта  біз  бұл 

мəселеде  біраз  тəжірибе  жинақтап, 

артық-кем  тұсымызды  екшеп  алдық. 

Қажетті бағдарлама мен заңдар сақадай-

сай  əзірленді.  Индустрияландыру 

ісі  өзінің  бұлжымас  даңғыл  жолына 

түсті. Сондықтан, 2016 жылы да бұл іс 

жалғасын табатындығы анық. Бізге күні 

бұрын белгілі болғанындай, 2016 жылы 

бұл іске республикалық бюджеттен 40,7 

мил лиард  теңге  жұмсалатын  болады. 

Бұ дан бөлек ауыл шаруашылығы сала-

сын дамытуға 193 миллиард теңге бөлі-

неді.  Нақ  осы  биылғы  жылдан  бастап, 

агроөнеркəсіп саласындағы дайындаушы 

ұйымдарға мемлекеттік қолдаудың жаңа 

шаралары жүзеге асырыла бастайды. 

Əрине,  мұнда  сөз  болып  отырған 

қаржылар  тек  мемлекет  тарапынан 

қосылатын  үлес  болып  табылады. 

Елімізді  индустрияландыру  саласына 

негізгі  қаржы  жекеменшіктен,  соның 

ішінде, шетелдік инвесторлардан түсуі 

тиіс. Өткен жылы көршілес Қытаймен, 

Ұлыбританиямен,  Франциямен, 

Кувейтпен  жəне  басқа  да  бірқатар 

еуропалық  елдермен  жасалынған  ме-

морандумдар  мен  келісімдер  биылғы 

жылы  да  елімізді  индустрияландыру 

ісіне жаңа қарқын береді деп күтілуде. 

Тіпті, басқаны былай қойғанда, көршіміз 

Қытайдан  Қазақстанға  өнеркəсіптік 

кəсіпорындардың  көшірілуі  биылғы 

жылдан бастау алып, Қазақстан эконо-

микасына тың серпінмен дамудың жаңа 

мүмкіндіктерін беруі əбден ықтимал. 

О н ы ң   с ы р т ы н д а   а л д ы н   а л а 

ж о с п а р л а н ғ а н д а ғ ы д а й ,   « Б а т ы с 

Еуропа  –  Батыс  Қытай»  көлік  дəлізі 

толықтай  іске  қосылатын  бола-

ды.  Бастапқысында  бұл  ғасырлық 

маңызы  бар  алып  жобаның  бірқатар 

бөліктері  концессиялық  негізде 

жəне  инвестициялық  қаржыларды 

қарастыру  негізінде  жүзеге  асыры-

лады  деп  жоспарланған  еді.  Алайда, 

ықтимал концессионердің табылмауы-

нан Қазақстан Үкіметі өзінің бастапқы 

шешімін  өзгертіп,  оған  халықаралық 

қаржы  институттарын  тарту  жөнінде 

ұйғарым жасады. Сөйтіп, бұл жұмыс 

өзінің жалғасын тапты. «Батыс Еуропа 

– Батыс Қытай» көлік дəлізін жүзеге 

асырудың  əзірленген  техникалық-

экономикалық  негіздемесіне  сəйкес 

үлкен  Алматы  айналма  жолының 

құрылыс  жұмыстары  жүргізілуде. 

Айналма жол құрылысы аяқталғаннан 

кейін ол аталмыш дəлізбен қосылады. 

Сөйтіп, дəліз пайдалануға беріледі. 

Айта  кетейік,  бұл  халықаралық 

транзиттік  дəліз  Мемлекет  басшысы 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  тапсырма-

сымен  2009  жылы  басталған  болатын. 

Жоба  бойынша  жалпы  жолдың  2  452 

шақырымы  қайта  салынады.  Оның  1 

390 шақырымы 1 техникалық санаттағы 

4  жолақты  қозғалысқа  арналған.  2009 



 Мəселенің мəнісі



 Ақ тілектер ағыны




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал