Буын диктанты



жүктеу 22.68 Kb.

Дата19.02.2017
өлшемі22.68 Kb.

4

мәтінін  барлық  оқушының  жазуын  ерекше  қадағалау 

керек.

Буын  диктанты  –  бастауыш  сыныпта  жиі  қолда­

нылатын  диктанттың  түрі.  Мұғалім  сөздерді  буынға 

бөліп  оқиды,  оқушы  оны  жазады.  Мұғалімдердің 

бірқатары сөздерді тұтас оқып, оқушының оны буынға 

бөліп жазуын қадағалайды. Буын диктантын жаздыру 

арқылы  тасымалдау  сияқты  маңызды  мәселенің  де 

бірқатар жайттарын пысықтауға мүмкіндік туады. 

Сөздік  диктантта  оқушыларды  жеке  сөздердің 

мағы насымен  таныстыру  көзделеді.  Бұл  диктантта 

оқушыларға  орфографиялық  жағынан  ауырлық  кел­

тіріп  жүрген,  көбінесе  қазақ  тілінің    төл  дыбыстары 

бар  сөздерді  дұрыс  жазуға  машықтандыру  мақсаты 

көзделеді.  Сөздік  диктант  жаздырудың  бірнеше  тәсілі 

(көру,  есту,  түсіндірме,  әңгіме)  бар.  Әсіресе,  сабақта 

жаңа  үйренген  сөздерінің  мағынасын  түсініп,  дұрыс 

жазылуын  қадағалау  үшін  күнделікті  сабақта  сөздік  

диктантқа 5–8 минут уақыт бөліп отырған жөн. 



Шығармашылық диктант оқушыларды өз ойын қа­

зақ  тілінде  еркін  жеткізуге,  сауатты  жазуға  дағды­

ландыру  мақсатында  қолданылады.  Мұнда  мұғалім 

тақтаға  жазылған  жеке  сөздер  мен  сөйлемдерді 

қатыстырып, сөйлем немесе шағын мәтін құрап жазуды 

тапсырады.  Сонымен  қатар  көрген,  оқығандары 

бойынша  белгілі  бір  тақырып  құрастырып,  ойларын 

өз  сөздерімен  жазу  талап  етіледі.  Мысалы:  «Жазғы 

демалыс»,  «Музейде»,  «Жыл  мезгілдері»,  «Менің 

сүйікті пәнім», «Математика сабағында» деген сияқты 

тақырыптарға  шығарма  жазып  келуді  тапсыруға 

болады. 


5

Сөйлемдерді  ретімен  жазуға  қатысты  диктант 

оқушылардың, біріншіден,  мәтінді түсінуіне,  екінші­

ден, ойды логикалық тұрғыда қисынды құрастыруына 

жағдай  жасайды.  Бұл  диктант  та  тақтаға  жазу  немесе 

интерактивті  тақта,  мультипроектор  сияқты  техника­

лық  құралдың  көмегімен  жинақта  берілген  дайын 

мәтінді  көрсетіп,  оны  ретімен  жаздыру  негізінде 

жүргізіледі. 



Бақылау 

диктанты 

оқушылардың 

бірнеше 

тақырыпты, грамматикалық ережені қандай дәрежеде 

меңгергенін  және  оларды  іс  жүзінде  қалай  пайдалана 

білетінін  анықтау  үшін  қолданылады.  Бақылау 

диктантын  жаздыру  үшін,  өткен  тақырыпты  бекіту 

мақсатында  мұғалім  күні  бұрын  түрлі  жаттығу 

жұмыстарын  жүргізеді,  үйге  тапсырма  беріп,  кем 

дегенде бір апта бұрын ол туралы оқушыларға ескертіп, 

қайталауға тиісті ережелерді де көрсетіп береді. Мұндай 

дайындық  жұмыстары  бақылау  диктантының  сапалы 

болуын  қамтамасыз  етеді,  жақсы  нәтижеге  жеткізеді. 

Сондықтан  да  бақылау  диктантына,  мүмкіндігінше 

тұтас мәтін алынады. 

Ұсынылып  отырған  диктанттар  жинағында,  негізі­

нен,  диктанттың  әріп,  буын,  сөздік,  шығармашылық, 

бақылау  диктанты  сияқты  түрлеріне  көбірек  көңіл 

бөлінді.  Сонымен  қатар  тәжірибеде  қолданылып  жүр­

ген төмендегі диктант түрлерін жаздыртуға да болады. 

Мектеп  тәжірибесінде  жиі  қолданылатын  диктант­

тың  бір  түрі  –  терме  диктант.  Бұл  диктант  арқылы  

грамматиканың  түрлі  ережелерін  қамтып  пысықтауға 

болады. Оқушыларға бір мәтін ұсынылып, соның ішінен 

сөз  тұлғаларының,  сөз  таптарының  немесе  белгілі  бір 

сұраққа  жауап  беретін  сөздердің  бірін  теріп  жазуға 



14

ПӘНДЕР

Әрiп диктанты

Әліпби,  әріп,  әдеп,  әсем,  ән,  әдемі,  әуен,  әңгіме, 

әрқашан, әлем.

Жуан,  жіңішке,  жазу,  жазушы,  жоба,  жаңа,  және, 

жазылды. 

Буын диктанты

Қазақ тiлi, тiл, мемлекеттiк, сабақ, бiлiм, оқу, мәтiн, 

сөйлесу, сөйлем, сөз, жаттығу, тапсырма, ана тiлi.

Математика, 

бейнелеу, 

дүниетану, 

еңбекке 

баулу,  музыка,  дене  тәрбиесі,  көбейту,  бөлу,  сабақ, 

информатика, диктант.

Сөздік диктант

Қабырға газетi, шығарады, орналасқан, пәндер, дене 

тәрбиесi, белгiлi, адамдар, кездесу, мерекелiк.

Бiр­бiрiмен, ағылшын тiлi, үйренемiз, екi рет, мәтiн, 

баға, бәрiмiз, ана тiлi.

Шығармашылық диктант

Қоңырау  соғылды.  Қазақ  тілі  сабағы  басталды. 

Сабақта біз ... .


15

Бейнелеу  өнері  сабағын  мен  жақсы  көремін.  Бұл 

сабақта біз ... .

Бүгін  информатика  сабағы  болады.  Оқушылар  бұл 

пәнді қызыға күтеді. Сабақта ... .

Музыка  пәні  сабағы  аптасына  бір  рет  болады.  Бүгін 

бұл сабақта біз ... .

Қазiр математика сабағы болады. Бiз есеп шығарамыз. 

Азат тақтаға шығады. Ол  ... .

Сөйлемдерді ретімен жаз

Мен  спорттық  киімімді  киіп  келдім.  Балалармен 

жүгіруден  жарыстық.  Бүгін  дене  тәрбиесі  сабағы 

болды. 


Музыка  сабағы  өте  қызықты  өтті.  Үшінші  сабақ 

музыка  пәні  болатын.  Бәріміз  «Менің  Қазақстаным» 

әнін айттық.

Бақылау ДиктаНты

қазақ тiлi 

Бiз  орыс  мектебiнде  оқимыз.  Қазақ  тiлi  сабағы 

аптасына үш рет болады. Сабақта бiз қазақша сөйлеймiз. 

Мұғалiм сұрақтар қояды. Бiз жауап беремiз. (21 сөз)






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал