Бухгалтерлік есеп


Есеп айырысу чектерін қолдану



жүктеу 2.74 Mb.
Pdf просмотр
бет55/243
Дата15.02.2022
өлшемі2.74 Mb.
#17286
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   243
Бухгалтерлік есеп
52157 157357 13
23. Есеп айырысу чектерін қолдану
Есеп айырысу чегі — чек берушінің шотынан чекте көрсетілген 
соманы аудару жөнінде банкіге жазбаша түрде тапсырма. Біз сатып 
алушының банкісімен ісіміз болғандықтан, одан ақша алу процесі 
тездетіледі.
Чектер  лимиттік  және  лимитсіз  кітапшалардың  чектері  бо-
лып  бөлінеді.  Лимиттік  кітапшалардың  чектерімен  тауарлар  мен 
көлік  және  байланыс  қызметтері  үшін  есеп  айырысулар  жаса-
лады.  Кітапшада  лимиттің  сомасы  мен  оған  белгіленген  мерзім 
көрсетіледі.
Лимитсіз  кітапшалардың  чектерін  банкіден  жолдағы  есепті 
құжаттар  есебінен  несиені  қолданатын  кәсіпорындар  алады.  Олар 
бойынша сомалар шектелмейді. Олар жіберу стансасынан қабылдау 
стансасына  дейін  жүктерді  тасымалдау  үшін  темір  жол  тарифінің 
сомасына сәйкес, темір жолдың стансасына өнімнің өткізу барысы 
бойынша жасалады.
Есеп  айырысу  чектер  кітапшасын  алу  үшін  дағдылы  чек 
кітапшасын алу үшін жазылғандай үлгіде өтініш жазылады. Одан 
басқа, есеп айырысу чектер бойынша шығыс ету үшін арнайы шотқа 
есеп  айырысу  шотынан  белгіленген  соманы  аудару  нұсқауымен 
банкіге төлем тапсырмасы басылуы тиіс.
Материалдық құндылықтарды сатып алу тапсырылған кәсіпорын-
ның қызметкеріне есеп айырысу чектер кітапшасы мен оны пайда-
лану үшін типтік үлгідегі сенімхат беріледі.
Қазіргі  уақытта  жалған  чектердің  көбейіп  кетуіне  байланысты 
елімізде чектердің жүруі уақытша тоқтатылған.


57

жүктеу 2.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   243




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет