Бухгалтерлік есеп



жүктеу 2.74 Mb.
Pdf просмотр
бет114/243
Дата15.02.2022
өлшемі2.74 Mb.
#17286
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   243
Бухгалтерлік есеп
52157 157357 13
Қайталау үшін сұрақтар:
1.  Бухгалтерлік  есепте  импорттық  тауарлардың  келуі  қалай 
бейнеленеді?
2.  Нақты  ақшаға  сатып  алынған  импорттық  тауарлардың  келуі 
қай шоттарда бейнеленеді?
3. Коносамент деген не?
60. Реэкспорттық операциялар есебінің негізгі қағидалары
 
Реэкспорт, бұл — кәсіпорынның шет елде өндірілген тауарды са-
тып  алуы  және  оны  басқа  шет  елге  сатуы  болып  табылады.  Есеп-
те бұл операциялар № 1330 «Тауарлар» шотының дамуына сәйкес, 
«Шет елдердегі қоймалар мен өңдеудегі импорттық тауарлар» және 
«Реэкспорттық  тауарлар»  жүргізілетін  субшоттарда  бейнеленеді. 
Реэкспортқа  импорттық  тауарды  өткізу  кезінде  көрсетілген 
субшоттардың  біріншісі  кредиттеледі,  ал  екіншісі  дебеттеледі 
(тауардың фактурлы құнының мөлшері бойынша).
Реэкспорттық операциядан болған қаржылық нәтиже реэкспорттық 
тауарлар  өткізудің  есебі  үшін  №  6010,  7010  шоттарға  ашылған 
субшоттардың  мәліметтері  бойынша  есептеледі.  №  7010  шоттың 
дебеті  бойынша  фактурлы  құн  мен  үстеме  шығыстар,  ал  №  6010 
шоттың  кредиті  бойынша  жазып  берілген  шот-фактурамен  сәйкес 
алушыдан тиесілі сомасы бейнеленеді. Жылдың соңында бұл екі шот 
№ 5410 «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» шотында жабылады. Та-
быстар жағының шығыстар жағынан артықтығы пайданы білдіреді.

жүктеу 2.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   243




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет