Боөж тақырыбы: Геродот, Страбон, Клавдий Птоломей зерттеулері. Орта ғасырлардағы танымал саяхаттар


Орта ғасырлардағы танымал саяхаттардың хронологиясы



жүктеу 36.62 Kb.
бет3/5
Дата13.11.2022
өлшемі36.62 Kb.
#23790
1   2   3   4   5
БОӨЖ 2 Туризм тарихы
3.Орта ғасырлардағы танымал саяхаттардың хронологиясы.
Орта ғасырлардағы дәулетті адамдардың саяхаттары емдік орындарға бағытталды. Бұл саяхаттар адамзаттың географиялық танымын кеңейтгі. Христофор Колумб, Васко де Гама, Марю Поло, Афанасий Никитиндер өздері көрген-білген өзеңдер, теңіздер және елдер турасында нақты сипаттамалар жазып қалдырды. XV — XVII ғасырлардағы географиялық ұлы жаңалықтардың алғы шарттары, міне, осылайша жасалған еді.
Орта ғасырдың ең атақты жиһангері, Корчула аралында (Доп-мат аралдары, қазіргі Хорватия) дүниеге келген Марко Поло (1254-1324) болды. Ол 1271-1275 жылдары Қытайға саяхат жасап, сонда 17 жылдай тұрған. 1292-1295 жылдары Италияға теңіз жолымен оралған. 1298 жылы Марко Полоның әңгімелеуімен жазылған «Кітап» европалықтардың орталық, шығыс және оңтүстік Азия жайлы алғашқы білімдерінің қайнар кезі болды. Венециялық саяхатшының Қытай жайлы кітабы негізінен өзінің жеке байқауларынан, әкесі Никколонның әңгімелері, ағасы Марфеоның және кездескен адамдардың әңгімелерінен құрастырылды.
Пололар Азияны батыстан шығысқа, шығыстан батысқа үш рет кесіп өтті. Никколо мен Маффеолар Венециядан шамамен 1254 жылы кетіп, Константинопольда алты жыл болған соң саудагерлік мақсатпен оңтүстік Қырымға, одан кейін 1261 жылы Волгаға келді. Ағайынды Пололар орта Волгадан оңгүстік-шығысқа Алтын Орда жері арқылы Каспий даласын кесіп өтіп, Үстірт аймағы арқылы Хорезмге, Үргеніш қаласына барды. Олардың одан арғы жолы оңтүстік-шығыс арқылы болып, Әмудария өлкесімен жоғары қарай Зарафшан ойпатына және жоғары қарай Бұқараға дейін жетгі. Онда Иранды жаулап алған Илхан Құлағудың елшісімен, ол арқылы ұлы хан Құбылаймен кездесіп, елші венециялықтарға өздерінің керуеніне қосылуды ұсынды. Олар керуенімен солтүстікке, солтүстік-шығысқа бір жыл жүрді.
Зарафшан өлкесімен Самарқандқа барып, Сырдария өңірімен жүріп отырып Отырар қаласына барып түсті. Бұл жерден батыс Тянь-Шань етегін жағалап жүріп Іле өзініне келді. Одан әрі Іле өңірімен жоғары өрлеп, Жоңғар қақпаларымен Алакөл көлін (Балқаштың шығысын) айналып өтті. Бұдан кейін шығыс Тянь-Шаньның маңызды белігі солтүстік тармағымен Қытайға, Қытайдан Орта Азияға жетті.
Халидан оңтүстікке бұрылып, Сулэхэ өзені алқабына, одан әрі шығысқа, ұлы хан қақпасына кейінен Маркомен бірге жүрген жолмен жүрді. Олардың бүл сапардан қай жолмен қайтқаны белгісіз. Олар Венецияға 1269 жылы оралды.
1271 жылы Никколо мен Маффео және он жеті жастағы Марко саяхатқа бел байлады.
Сапар алдында олар енді ғана таққа отырған X Григорий папамен кездесті, ол Пололардың жанына проповедник орденіндегі екі манархты — Пикколо Виченцкий мен Гильом Триполийскийді қосып берді.
Ол өзінің саяхаттарында әлемде теңдесі жоқ қорғаныстық құрылыс Ұлы Қытай қорғанын қалай «көрмеді»? Қытайдың солтүстік астанасында соншама жыл тұрған, оның көптеген қалаларын, әйелдерін көрген Поло сол кезде-ақ кең тараған қытайлык әйелдердің аяқтың өкшесін бүлдіру ғұрпы жөнінде бір ауыз сөз айтпайды? Поло неге ең бір маңызды дерек - Қытайға тән нерсе шайды олардың жаппай ішетіндігін еске алмайды? Міне, «Кітаптың» осындай кемшіліктері, Марконың қытай тілін, географиясьш білмейтіндігі XIX ғасырдың I жартысындағы кейбір тарихшыларды «Марко Поло ешқашан Қытайда болған емес» деген күдікті ойға қалдырды.
Марко Полоның «Кітабы» ХІУ-ХУ ғасырларда картографтар үшін жетекшілік маңыз атқарды. Оның «Кітабының» тарихта ұлы жаңалықтардың ашылуында ерекше рөлі болды. Мұнымен қоймай, оның еңбегінің ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы португалиялық және испаниялық экспедициялардың ұйымдастырушылары мен жетекшілерінің картасын жасауына әсер етіп, оның шығармалары космографтардың, теңізшілердің, тіпті X. Колумбтың негізгі кітабына айналды.
Марко Полоның «Кітабы» орта ғасырлардың сирек шығармасына — әдеби туындыға, ғылыми еңбекке — жатады, олар әлі күнге дейін бірнеше қайтара оқытуда. Ол әлемдік әдебиеттің алтын қорына енді. Әлемнің бірнеше тіліне аударылып, көптеген елдерде басылуда, қайтадан жарық көруде.

жүктеу 36.62 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет