Боөж тақырыбы: Геродот, Страбон, Клавдий Птоломей зерттеулері. Орта ғасырлардағы танымал саяхаттар


А.Македонскийдің әскери жорықтары



жүктеу 36.62 Kb.
бет2/5
Дата13.11.2022
өлшемі36.62 Kb.
#23790
1   2   3   4   5
БОӨЖ 2 Туризм тарихы
А.Македонскийдің әскери жорықтары.

Александр бастаған грек-македон әскері б.д.д. 334 жылдың көктемінде Геллеспонт (қазіргі Дарданелла) арқылы өтіп, Кіші Азиядағы Персияға соғысты бастады. Патша жол серіктерінің арасында ұлы Аристотельдің немере туысы, грек ғалымы Каллисфен болды. Каллисфенді жорыққа оның толық сипаттамасын жазы, ұрпақтардың зердесінде қалдыру үшін алып шыққан. Ғалым жорық жылнамасын ұқыптылықпен жазып отырған.
Александр парсыларды екі ұрыста жеңіп, Кіші Азияны жаулап алып, оның әскері оңтүстікке қарай, Жерорта теңізінің жағалауын жағалай отырып қозғалған. Ол өзіне қарсылық көрсеткен қала тұрғындарын аяусыз кырып-жойып, құлдыққа сатқан. Теңіз бойындағы көптеген қалалардың тұрғындары парсы патшасының езгісінен құтылғысы келіп, Александрдың билігін өз еріктерімен мойындаған. Александр Египетті де ұрыссыз алды, себебі ондағы абыздар оны құдай деп жариялаған.
Александр Египетті б.д.д. 332 жылы жаулап алғанда, египеттіктерді халықаралық сауда ісімен қызықтырмақ болды. Патша бұл үшін Жерорта теңізінің жағалауындағы дельтаның батыс бөлігінде, Нілдің екі аралығында сауданың жаңа орталығын ашты. Жағалауға жақын орналасқан Фарос аралының аралығын материкпен қосу үшін құм төгуге бүйрық берді. Жағалау құм үйіндісін қоса есептегенде жасанды бухтаға айналып, бірнеше үлкен корабльдің аялдамасы болды. Жағалауды оңтүстіктегі үлкен көлмен жалғастыратын каналдар теңізшілердің құрылыстарына, корабль жөндеу шеберханаларына және Египеттің ішкі аймақтарына баратын жолдарға қолайлы жағдайлар жасады.
Патша қаланың үлгі жобасын, үлкен көшелердің, базарлардың және храмдардың орналасуын өзі сызып, өз атының Египетте ешқашан ұмытылмауын көздеп, қаланы Александрия деп атауға бұйрық берді.
Фарос аралында биіктігі 100 метрлік маяк тұрғызылып, Александрия айлағына түнде келетін корабльдерге жол көрсетіп тұрды. Маяктың жарығы ондаған шақырымдардан көрінетін.
Қала орны ретінде таңдалған жердің сәтті болғаны соншалық, Александрия каласы 50 жыл болмай жатып-ақ Египеттің ең көп тұрғыны бар, гүлденген қаласына айналды. Оның өркендеуі әлі күнге дейін жалғасып келеді. Александрияға қазір келіп-кететін туристердің саны ұшан-теңіз.
Александр Египеттен Тигр мен Евфрат өзендерінің ортасындағы Ниневийге (Тигр өзенінің жағасындағы) жақын Гавгамелы деген жерге жетіп, парсы патшасы Ш Дарийдің әскерін талқандады. Дарийді көп ұзамастан өз айналасындағылар өлтірді. Македон әскері екі өзен ортасынан Орта (Орталық) Азияға жылжыды. Мұнда олар қатты қарсылыққа ұшырады. Тек қана үш жыл соғыстан соң, мындаған адамдарды қырып-жойып барып, македондықтар Орта Азияның шамалы ғана бөлігін бағындыруға қолы жетті. Әлі күнге дейін осы жерлерде македон патшасын еске түсіретін бірнеше туристік нысан бар. Орта Азия тұрғындары оны Ескендір Зұлқарнайын деп атайды. Мәселен, қазіргі Тәжікстан территориясын Ескендір көлі деген көл бар, ал осы көл жағасында туристік база жұмыс істейді. Туристерге сарқырама түбіндегі Александр демалған сәкіні көрсетіп, түн ішінде жақын жердегі қүз-жартастар арасынан македон патшасы Буцефалдың сүйікті атының көлеңкесі көрінеді деген аңыз айтады.
Александр әскері Орта Азиядан Үндістанға қарай жылжып, Инд өзенінің бай аңғарларын жаулап алып, шығыстағы Ұлы мұхитқа дейін барғысы келді. Александр Индтің алқабынан соң тұрғын жер аяқталады деп есептеді, көзбен көре келе ол ойының дұрыс еместігіне көзі жетті.
Үндістандықтармен қиян-кескі шайқастардан македониялықтар мен гректердің күші сарқылып, жорықты жалғастырудан бас тартгы. Сондықган да әскер Үнді мұхитына жеткенде екіге жарылды. Александр Үндістаннан Парсы шығанағына баратын теңіз жолын зерттеу қажет деп тауып, оны тәжірибелі теңізші Неахтың корабльдеріне тапсырды. Және оған Евфрат өзенінің ернеуіне дейін жүзуді бұйырды. Әскердің көп бөлігі патшаның өзінін басқаруымен батысқа, Үнді мұхитын жағалап кетгі.

жүктеу 36.62 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет