Болатбек ТөлепБерген біз осы не бітірІп ЖҮрміз? Публицистикалық толғаулар мен мақалалар



жүктеу 7.78 Kb.

бет1/25
Дата15.09.2017
өлшемі7.78 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы»
сериясы
Болатбек ТөлепБерген
БІЗ ОСЫ 
не БІТІрІп ЖҮрМІЗ?
Публицистикалық толғаулар 
мен мақалалар
Сөздік-Словарь
Алматы, 2015

ҚР  Президентінің  журналистика  саласындағы  сыйлығының  лауреты,  ҚР 
Мәдениет қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының және Қазақстан 
Жастар  Одағы  сыйлығының  лауреаты,  философия  ғылымдарының  кандидаты 
Болатбек  Төлепбергеннің  «Біз  осы  не  бітіріп  жүрміз?»  атты  публицистикалық 
еңбегі  ұлтымыздың  кешегісі  мен  бүгінгісіне  арналған.  Атап  айтқанда,  Алаш 
қайраткерлерінің ел тарихындағы алатын орны мен тәуелсіздік толғауы – қазіргі 
әлеуметтік  болмыс  пен  санадағы  ұлттық  идея  арақатынасын  зерделеген.  Соны-
мен  қатар,  қазақтың  ортақ  құндылық  бастауын  жасау  және  жас  ұрпақ  бойына 
отансүйгіштікті сіңіру мәселелері аталған еңбекте жан-жақты көрініс тапқан. 
Елді дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығаратын басымдықтар мен ұлттық иде-
яны іздестіру мәселесі, сонымен қатар, қазіргі уақытта ұзақ мерзімдік ұлттық иде-
ологияны айқындаудың қажеттілігі аталған еңбекте лайықты тұрғыда талданған. 
Автордың тілі жатық, ойы түсінікті, қаламгерлік қарымы айшықты.
ӘОЖ 070
КБЖ 76.01
Т 65
ӘОЖ 070
КБЖ 76.01
ISBN 978-99-65-822-96-4
ISBN 978-99-65-822-96-4
© Төлепберген Б., 2015
© «Сөздік-Словарь», 2015
Біз осы не бітіріп жүрміз?/ Болатбек Төлепберген. Публицистикалық 
толғаулар мен мақалалар. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2015. – 280 бет.
Т 65
Төлепберген Б.
Қазақстан Республикасы 
Мәдениет және спорт министрлігі 
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша жарық көрді.

I бөлім
АлАш қозғАлысынАн 
тәуелсіздікке дейін

4
«Алаш қозғалысынан тәуелсіздікке дейін» атты бірінші бөлімде 
ұлт пен ұлтшылдық, ұлттық сана мен ұлттық бірегейлік және оны 
қозғайтын  интеллектуалдық  элитаның  рухани  және  әлеуметтік 
қызметтерін  сараптау  негізінде  ХХ  ғасырдың  басында  заман  та-
лабына  сай  сапалық  тұрғыдан  жетілген  және  өз  эволюциясының 
жаңа сатысына көтерілген қазақтың ұлттық идеясы - Алаш идея-
сы және қозғалысы бағамдалады.
Автор  Алаш  идеясы  туралы  пайымдарын,  яғни  қазақ  елінің 
ұлттық мұрат-мүддесін қорғау жолында өмірге келген қоғамдық-
саяси  құбылысқа  байланысты  өз  тұжырымдарын  оқырман  наза-
рына  ұсынады.  Алаш  идеясы  таразылана  отырып,  ХХ  ғасырдың 
түрлі кезеңдеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар арасындағы өзара 
логикалық  байланыс  ұтымды  баяндалған.  Автор  Алаш  идеясы 
үшін күресті кеңестік билік жағдайында жалғастырған қоғамдық 
ұйымдар  мен  жеке  азаматтардың  қызметін  нақты  құжаттық 
материалдар  арқылы  берген.  Сондай-ақ,  тәуелсіздіктен  кейінгі 
қазақ  жастарының  саяси-әлеуметтік  жағдайы  да  талданған. 
Алаш идеясына қызығушылық танытқан барша оқырман, жастар 
және жоғары оқу орындарының студенттері бұл бөлімнен біршама 
мағлұматтар табары анық.

5
МӘңгІ ЖаС – алаш!
Қазақ тарихында өзіндік орны ғана емес, сан ғасырларға кететін 
тағылымы  зор,  өткеніміз  бен  өткеліміздің  темірқазығы  іспеттес 
Алаш қозғалысы, Алаш автономиясы әлі де сан қырынан таразылай-
тын тың тақырып іспеттес. Бұған қазақтың тұңғыш ұлттық үкіметі 
Алаш-орданың тоқсан жылдығын бүгінгі атап өту барысында анық 
көз жетіп отыр. 
Ал біз өз тарапымыздан Алаштану мәселесіне және бір қырынан 
қарап көруді парыз санадық. Таразыланатын тақырып: Мәңгі жас –
Алаш идеясы. 
Иә,  біздің  байқауымызша,  қазақ  бола  ма,  болмай  ма  деген  сау-
ал  талқыға  түскен  жиырмасыншы  ғасырдың  басында  дер  уағында 
дүниеге  келген  Алаш  идеясын  уағыздаушы  әрі  жүзеге  асырушы 
қайраткерлердің ұлт ісіне ерте есейген есті сана – жалындап тұрған 
жастық жігермен кіріскендіктері алдыңғы кезекте көрініс береді. Ба-
сында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Ду-
латов сынды жол сілтер Алаш көсемдері тұрған алыптар шоғырының 
абыройлы ісіне тың серпін, жаңа тыныс берген жас шамасы жиырма-
жиырма бестің, әрі кетсе отыздың о жақ, бұ жағындағы өрендер еді. 
Саралап көрелік.
Алаш  қозғалысының  көшін  бастаған  Ахмет  Байтұрсынов, 
Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатовтар ол кездері жастары 
қырықтың қырқасынан енді ғана асып, ақыл тоқтатқан әрі өздерінен 
кейінгі  толқын  ізбасарларына  Алаш  идеясының  өміршеңдігі 
ұрпақтар жалғастығында екенін ұғындырып кеткен. 
Ал  мұны  жақсы  түсінген  әрі  Алаш  идеясының  баянды  болуы-
на  бар  ынты  шынтысымен  еңбек  еткен,  арқалы  ақын-жазушылар 
Мағжан  Жұмабаев  пен  Жүсіпбек  Аймауытов  Алаш  қозғалысы 
құрылған тұста бірі жиырма төртте болса, бірі жиырма сегізге енді 
келген екен. 
1917  жылы  «Алаш»  партиясын  құрушылардың  қатарындағы 
ең  жас  көсем,  Алашорда  үкiметiнiң  мүшесi  Әлімхан  Ермеков  жи-
ырма  бес  жасында  Әлихан  Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов  және 

6
Мұхаметжан  Сералиндермен  бірге  Коммунистiк  партия  көсемі 
Ленинге  көршілес  елдерге  өтіп  кеткен  шекарадағы  қазақ  жерлері 
қазақтікі екенін дәлелдеп, көзін жеткізіп, мәселені қазақтың пайда-
сына шешеді. 
«Алаш»  партиясының  белсенді  мүшесі  болған,  кейіннен  алаш-
шыл азаматтарға қауіп төнгенде ағалардың ақылын тыңдап, мұраты 
бір  жас  алашшылармен  бірге  Коммунистiк  партия  қатарына  өткен 
сұңғыла суреткер Мұхтар Әуезов және 1914–1917 жылдары «Бiрлiк» 
қоғамының мүшесi (Омбы қ.), 1917–1918 жылдары Алашорда жағында 
азамат соғысына қатысқан Дінмұхамед (Дінше) Әділев және жалын-
ды алашшыл жастардың тұңғыш жетекшісі Смағұл Садуақасовтар 
сол  уақытта  бозбала  шақты  енді  артқа  тастаған  небары  он  жеті 
жастың шамасында екен. 
Омбыда  жас  алашшылдар  құрған  «Жас  азамат»  ұйымының 
Қызылжар  қаласында  шығып  тұрған  үнi  –  «Жас  азамат»  газетiне 
(«Қазақ»,  «Сарыарқа»,  «Абай»  сынды  ұлтжанды  басылымдардың 
iзбасары)  редакторлық  етіп,  газет  бетiнде  алаштың  мұңын 
мұңдап,  жоғын  жоқтаған  мақалалары  нөмiр  құрғатпай  шыққан 
Қошке  Кемеңгеров  пен  ұлтжанды  алашшыл  қайраткер  Сұлтанбек 
Қожановтар сол кезде жиырмадан енді ғана асқан еді. 
Есiмi  жиырма  жастан  асар-аспас  кезiнде  үлкен  қызметтер 
атқара  жүріп,  ұлт  қамын  ойлап,  жұрт  аузына  iлiнiп,  халыққа  та-
нымал  болған  мемлекетшіл  қайраткер,  ірі  тұлға  Тұрар  Рысқұлов 
Түркiстан АССР-i үкiмет басшысы ретiнде 1920 жылы тарих сахна-
сынан  кеткен  Алашорда  қозғалысының  жетекшiлерi  мен  белсендi 
мүшелерiне  қолынан  келген  мүмкiндiгiнше  қамқорлық  жасады. 
Тұрар Республика үкiметiн басқарған тұста Ахмет Байтұрсыновтың, 
Халел  Досмұхамедовтың,  Жүсiпбек  Аймауытовтың,  Мағжан 
Жұмабаевтың,  Мұхамеджан  Тынышбаевтың  т.  б.  аса  көрнектi 
қазақ  зиялыларының  Ташкент  пен  Қазақстанның  оңтүстiк  өңiрiн 
паналап, ғылыми, педагогикалық және шығармашылық жұмыспен 
айналысуға  мүкiндiк  алулары  Тұрар  қамқорлығының  арқасында 
екендiгi күмән тудырмайды.
1918  жылы  Ахмет  Байтұрсынов  Қостанайға  келiп,  алашорда 
отряды  қатарына  жастарды  тартқанда  қатардағы  жауынгер  бо-
лып  тiзiмге  жазылып,  «Алашорда  отрядының  ерiктiсi  атанып, 
алашордаға  үмiт  арта  сенген,  табиғатында  халқына  қай  жақтан 
жақсылық болса, солай қарай аңсары ауып, икемделетiн Бейімбет 
Майлин  және  Омбы  студенттерінiң  «Бiрлiк»  атты  ұйымының 
жұмысына  белсене  қатысып,  Ақмола  жастарының  революция-
шыл тобы «Жас қазақ» атты ұйым құрып, «Тiршiлiк» атты газет 

7
шығарған,  1916  жылғы  халықтың  ұлтазаттық  көтерiлiсшiлеріне 
тiлектестiк бiлдiрiп, өлеңдер жазған Сәкен Сейфуллин әрі осы үш 
бәйтеректің  бірі,  ұлт  азаттық  күреске  үнемі  қолдау  білдірген  су-
реткер  Ілияс  Жансүгіровтер  сол  кездері  жиырма  үш  жасқа  енді 
келіпті-ау. 
Патша  өкiметiнiң  боданындағы  туған  халқының  тағдыр  тау-
қыметiн өткiр тiлмен айтып, баспасөз беттерiнде жиi-жиi мақалалар 
жазып, саяси күреске өмірін арнаған Мұхаметжан Тынышпаев және 
бұрыннан-ақ  қазақ  жерiн  отарлап,  халқын  орыстандыру  секiлдi 
патшалық  Ресейдiң  өктемдiк  саясатын  әшкерелеп,  оған  қарсы 
үгiт-насихат  жүргiзген,  сондай-ақ  Әлихан  Бөкейханов  пен  Ахмет 
Байтұрсыновтай абзал азаматтармен пiкiрлес дос болып, бiр мақсатта 
күрескен Жақып Ақпаевтардың ақыл тоқтатқан шақтағы салмақты 
істері Алаш қозғалысына айбын бергені анық.
«Алаш» партиясының көрнектi қайраткерлерiнен басқа қатардағы 
есімдері  атала  бермейтін  мүшелерiнiң  бүгінде  мүмкіндігінше 
барлығының  аты-жөнін  ардақтау  парыз.  «Алаш»  партиясын 
ұйымдастырушылар, халқымыздың бiртуар ұлдары Ә. Бөкейханов, 
А.  Байтұрсынов,  Ә.  Ермековтермен  серiктес  болып,  халық  қамы 
үшiн бiрге күрес жүргiзген алаш ұландарының бiрi Имам Әлiмбеков. 
Ол «Алаштың» Семей облыстық ұйымы тарағасының орынбасары, 
«Алаш»  партиясының  орталық  үнi  –  1918–1919  жылдары  шығып 
тұрған «Сарыарқа» газетiнiң редакторы, «Алаштың» атты әскерлер 
полкын жасақтаушылардың бiрi болды.
Ал А. Байтұрсынов, М. Дулатовтардың шәкiртi, iзбасары ретінде 
солармен  үндес,  пiкiрлес  болған  өрелi  өрен  Ғазымбек  Бірімжанов 
қаламгер, дәрiгер, агроном және ағартушы-қоғам қайраткері санаты-
на көтерілген жастардың қатарынан табылды.
 Сондай-ақ жалпы қазақ съезiнде Алашорда өкiметiне мүше бо-
лып сайланған Отыншы Әлжанов Жетiсуға келiп, съезд қаулыларын 
жүзеге асыру ниетiмен өлкенiң айтулы азаматтары М. Тынышпаев, 
С. Аманжолов, И. Жайнақов, Б. Мамытовтармен тiзе қоса отырып, 
игілікті істердің ұйытқысы болады. «Алашорда милициясының ал-
дында тұрған міндеттерді саралайды.
Міне,  тізім  осылай  жалғаса  береді.  Бұдан  біздің  анық 
байқайтынымыз, мұқым Алашқа ұран болған Алаш идеясы -- ақыл 
тоқтатқан  аға  буынның  бастауымен  ерте  есейген  жас  ұрпақтың 
жалғастыруымен  тағылымы  бүгінге  сабақ  боларлық  салмақты  да 
жасампаз идея. Ендеше бізге қалған мақсат-мұрат не? 
Мақсат  айқын.  Алаш  идеясы  дегеніміз  не?  Алаш  арыстары 
кімдер?  Осы  сауалдар  тұрғысында  таразылар  тақырыбымызды 

8
өзіндік  қырынан  ашуға  тырысу.  Алаш  идеясы  және  алаш  ары-
старымен  жақын  танысып,  сырласқысы  келетін,  сондай  биікке 
ұмтылатын  оқырман  көкейіне  үміт,  жүрегіне  сенім  ұялату. 
Алаш  идеясының  әлеуметтік  қуаты  мен  маңызын  бүгінгі  күн 
тұрғысынан таразылап, көрермен назарына ұсыну. Алаш арыста-
ры тағылымының күн тәртібінен түспейтін өзектілігін, олардың 
биік  тұлғалық  тұрпаты  мен  ұлықталуға  тиіс  ұлттық  болмыс-
бітімін және жастарға берер тәлім-тәрбиесін ашып көрсету. Ұлы 
тұлғалардың  өнегелі  өмірі  мен  өлмес  мұрасын  зерттеу  арқылы 
оны  бүгінгі  жас  буынға,  жалпы  қауымға  үлгі  ретінде  ұсынып, 
ұрпақтар  үндестігін  жалғастыруға,  рухани  дамуға  және  ұлттық 
санаға жол ашу.
Иә, бастау бұлағы сонау Алаш қозғалысынан терең тамыр тар-
татын,  байырқалайтын  тұсы  1986  жылғы  жастардың  желтоқсан 
көтерілісімен  тұйықталатын  тағлымы  зор  тарихи  бірізділігімен 
ерекше  Мәңгі  жас  –  Алаш  идеясының  бүгінгі  жаңа  буын,  жас 
ұрпаққа  берер  сабағы  турасында  ойлану  қажеттiгі  туындайды. 
Бұл  ретте  тарихи  тұрғыдан  тәрбиелеу  мәселесi,  атап  айтқанда 
сол  аға  буынның  қабырғасын  қайыстырып,  iргесiн  сөгiп  кетуге 
қауiп  тудырған  зауалдың  ендiгi  уақытта  алдын  алу,  оның  сая-
си,  рухани,  әлеуметтiк  зардаптарынан  арылу  жайы  алды  орай-
ды.  Осы  тұрғыда  қолдарыңызға  тиiп  отырған  кітаптың  басты 
міндеті өткен ғасырдың басындағы бетке ұстар алаш азаматтары 
бастап,  бүгінге  дейін  жеткен  қазақтың  асыл  арман-аңсары  мен 
ұлт-азаттық мақсат-мұратын қаншалықты басып жаншығанымен, 
нешеме  рет  саяси  қуғын-сүргiнге  ұшыратқанымен  арда  мінезін 
мұқалта алмағандығын мадақтау және тарихи жадыны жаңғырту 
болып табылады. 
Алаш қозғалысынан бастау алған жасампаз идея – ұлт-азаттық 
идеясы  алпысыншы  жылдары  «Жас  тұлпар»  ұйымы  болып  бас 
көтеріп,  жетпісінші  жылдары  «Жас  қазақ»  бірлестігі  болып  жан-
данып, одан жиырмадан аса жасырын жастар ұйымдарына ұласқан 
ағысқа қарсылық ақыры 1986 жылғы ызғарлы желтоқсан көтерілісіне 
алып келді. Біздіңше, жастық лептің дем беруімен тарихи бірізділік 
бойынша дамыған бұл асқақ тарихымызды бүгінгі ұрпақ білуге тиіс. 
Сабақ алуға міндетті. Тағзым етуі парыз. 
Енді  аз-кем  кітаптың  құрылымы  туралы.  Қолыңыздағы 
кiтапта тарихи бірізділікті сақтауға тырысып, материалдарды үш 
бөлiмге топтастырдық. Бiрiншi бөлімге Алаш идеясының бастау 
бұлағы – Алаш қозғалысы мен Алаш қайраткерлері турасындағы 
зерттеу  өзек  болып,  Мәңгі  жас  –  Алаш  идеясының  кеңестік 

9
уақытта  қалайша  өлермендік  пен  өміршеңдікті  қатар  өткере 
жүріп,  бүгінге  жеткені  сөз  болады.  Ал  екінші  бөлімде  ғасыр 
басындағы  қазақтың  ұлт  зиялыларына  айналған  алашордалық 
алыптар  шоғыры  мен  оларға  жаңа  тыныс  берген  алашшыл 
жастардың және де халқының қамын ойлағаны үшiн жалған жала 
жабылып,  жаза  арқалаған  азамттардың  өмiрбаяны  қамтылды. 
Үшінші  бөлімге  Алаш  қайраткерлері  армандаған  тәуелсіздікке 
қол жетіп, Мәңгі жас – Алаш идеясының егемен елімізде қалай 
жүзеге  асып  жатқандығы  публицистикалық  мақалалар  арқылы 
арқау болды. 
Сондай-ақ  кiтаптағы  бірқатар  деректер  мен  суреттердi  жа-
рыққа  шығаруға  көмектескен  Л.Гумилев  атындағы  ұлттық  уни-
верситеттің  Алаштану  институтының  директоры,  филология 
ғы лым дарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлына алғы-
сы мызды бiлдiремiз. 
Иә,  Алаштануда  атқарылар  ауқымды  жұмыс  алда.  Оған  осы 
кітапты жазу барысында көзіміз әбден жетті. Алаштану мәселесінде 
кәсіби тарихшылардың жазған еңбектерін қарап шығу мақсатымен 
кітапханалардағы  аталған  тақырыптағы  кітаптарды  іздестірдік. 
Өкінішке  орай,  Ұлттық  кітапханадан  қолданыс  аясында  ұзақ 
жылдардан  бері  жүріп,  сарғайып,  тозығы  әбден  жеткен  алашта-
нушы,  тарихшы-ғалым  ағаларымыз,  ҚР  ҰҒА  академигі,  тарих 
ғылымдарының докторы, профессор, марқұм Кеңес Нүрпейісовтың 
1995  жылы  «Ататек»  баспасынан  шыққан  «Алаш  hәм  Алашорда» 
кітабы  және  тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор  Мәмбет 
Қойгелдиевтің  1995  жылы  «Санат»  баспасынан  шыққан  «Алаш 
қозғалысы»  кітаптарынан  басқа  аталған  тақырыпта  жазылған 
еңбектерді  кездестіре  алмадық(Тіпті  бұл  тың  тақырыпқа  жаңадан 
жазылып  жатқан  дүниелер болмаса, аталған  екі кітапты көп  дана-
мен қайта бастырып шықса да игілікті іс болар еді ғой). Ал Алма-
ты  қаласының  кітап  дүкендерін  сүзіп  шыққанымызбен  алашта-
ну  мәселесіне  арналған  жарытымды  кітаптарды  және  таба  алмай 
қиналдық. 
Ең  өзекті  өртер  өкініштісі,  бұл  жайт  Алаш  қозғалысы  мен 
қазақтың тұңғыш ұлттық үкіметі Алаш Орданың тоқсан жылдығын 
атап өткеннен кейінгі жағдай. Өсер ұлттың өрісіне сын, шын мәнінде 
ұят-ақ  мәселе.  Біздің  де  бұл  ізденісіміз  сол  олқылықтың  орнын  аз 
да  болса  толтыруға  жараса,  алаштануға  мысқалдай  болса  да  үлес 
қосуға тырыссақ, мақсатымыздың орындалғаны.

10
ерТе еСейген ұрпақ
Жиырмасыншы  ғасырдың  басында  қазақ  зиялыларының  ұлт 
қамын  ойлап,  жұдырықтай  жұмылуына,  һәм  алаш  идеясының 
жедеғабыл пісіп-жетіліп, жүзеге аса бастауына үлкен әсер еткен екі 
оқиғаны атап өту абзал. Бірі – 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, 
екіншісі – 1917 жылғы ақпан революциясы. 
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің негізгі себебі, патшалық 
Ресейдің  ұлттық  және  әлеуметтік  езгісінің  шектен  шығуы  еді. 
Қанаушылық  пен  тонуашылық,  ең  сорақысы,  қазақ  жерін  жап-
пай  иемдене  бастаған  басқыншылық  қазақтарға  шегінерге  жер 
қалдырмады. Дәл сол кездегі тұтанғалы тұрған отқа май құйғанмен 
бірдей  болған  қазақтан  қара  жұмысқа  еңбекке  қабілетті  ер-
азаматтардың барлығын алу сыныққа сылтау болды.
Алаш  зиялылары  бұл  мәселеде  салиқалы  пікір  ұстанды.  
Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында 
соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық 
еді,  қатарда  жоқ  қара  жұмысқа  байлануын  кемшілік  санаймыз»-
деп,  өз  ұлтының  ешкімнен  кем  емес  екенін  айтып,  патшалық  Ре-
сей  саясатының  солақай  бағытты  ұстанғандығын  сынайды.  Ал 
патша  ағзам  жарлығымен  қара  жұмысқа  алынуы  тиіс  жарты  мил-
лионнан  астам  қазақ  жастарына  жолдаған  үндеулерінде  Ахмет 
Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатов: «Бірі –  
барса, алынған жігіттер қазаға, бейнетке аз ұшырайды, екіншісі – 
«бармаймын»  деп  қарсылық  қылса,  елге  зор  бүліншілік  келеді»  – 
деп, қан төгілуін қауіп қылып, бұл амалсыздық шарасы екенін алға 
тартты.  Яғни  бұл  жағдай  Алаш  зиялыларының  іштей  буырқанып, 
толысып,  қарсылықты  қалайша  білдіру  қажеттігін  іздене  түсуге 
түрткі болды.
Енді  1917  жылғы  ақпан  революциясының  қазақ  зиялыларына 
қаншалықты әсер еткеніне тоқталық. Алаш көсемдері бұл төңкерістен 
кейінгі  кезді  қазақ  ұлтының  болашағы  үшін  ұлы  мүмкіндік  деп  
есептеп, алдағы өмірден үлкен үміт етті. Әрі оны баянды ету жолын-
да аянбай еңбектенді. 1905 жылы негізі қаланған Алаш қозғалысы 
ақпан революцасынан кейін күрт күш ала бастады.
Алаш Орда үкіметі мүшелерінің негізгі іс-әрекет бағыттарынан 
Ресей  патшасының  отаршылық  езгісіне  қарсы  күрес  жолындағы 
қазақ  бұхарасының  заңдық  тұрғыдан  құқын  қорғау  мәселесі  анық 
аңғарылды. Туған халқының саяси санасын сақайтып, құқықтық са-
уатын ашпай қатардан қалып қоятындықтарын жақсы түсінді. Бұған 
қоса  қазақ  халқының  ұлттық  санасын  оятуда,  білімі  мен  білігін 

11
жетілдіруде,  мәдениеті  мен  руханиятын  дамытуда  олардың  әрбірі 
жеке тұлға ретінде үлкен үлестерін қосты. Осы бағытта олар қазақ 
халқының  бай  тарихы  мен  озық  мәдениетін  толыққанды  зерттей 
отырып, оны кең насихаттау жұмыстарын қажетті істердің бірі ғана 
емес,  бірегейі  ретінде  басымдық  берді.  Сондай-ақ  өзге  тілдердегі 
үздік  ғылыми  және  публицистикалық  дүниелерді  қазақ  тіліне  ау-
дарып,  рухани  кеңістіктің  аясы  тар  шеңберде  қалып  қоймауына 
жете  көңіл  бөлді.  Және  Алаш  қайраткерлерінің  қай-қайсысын 
алып қарасақ та тек бір мамандықты игеріп қана қоймай, халыққа 
қажетті бірнеше салада жемісті еңбек етіп, сан қырлы талант иелері 
екендіктерін көрсетті. 
Енді  тархихи  деректер  бойынша,  Алаш  қозғалысының  қалай 
басталғандығы мен оның басында нақты кімдердің қызмет еткенді-
гіне шегініс жасалық. Алаш орда үкіметінің құрылуы 1917 жылғы 
5-13  желтоқсан  аралығында  Орынборда  өткен  жалпы  қазақтық 
сьездің  шешімімен  жүзеге  асты.  Сьезді  ұйымдастырушылар  – 
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Елдес Омаров, Сағындық 
Досжанов және Міржақып Дулатовтар еді.
Сьезге қазақ елінің әр аймағынан бірнеше делегат келді. Нақтырақ 
айтқанда,  бір  ғана  Алтай  губерниясы  мен  Самарқан  облысындағы 
қазақтар  атынан  58  делегат  келсе,  түрліше  бағыттағы  қазақ 
ұйымдарының өкілі ретінде 8 делегат, сондай ақ арнайы шақырту 
алған  15  азамат  сьез  жұмысына  қатысты.  Яғни,  желтоқсандағы 
аталған сьезге жер жерден ат сабылтып 81 делегат келді.
Сьез  сол  кездегі  қазақ  ұлты  үшін  маңызды  деген  он  мәселені 
талқыға салды. Соның ішіндегі ең бастылары – қазақ-қырғыз ав-
тономиясын  жариялау,  милиция  hәм  Ұлт  кеңесі  (Үкімет)  құру 
мәселелері еді.
Бірінші баяндаманы Әлихан Бөкейханов жасайды. Бұл баяндама 
жөнінде қабылданған қаулыда қазақ-қырғыз автономиясын жария-
лау, милиция hәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелерін қарауға жеті 
кісілік комиссия құрылады. Осы құрылған комиссия атынан Халел 
Ғаббасов  автономия  жариялау,  милиция  мен  Ұлт  кеңесін  (Үкімет) 
құру мәселелері бойынша баяндама жасайды.
Аталған баяндама бойынша сьезд бірауыздан:
«1)  Бөкей  елі,  орал,  Торғай,  Ақмола,  Семей,  Жетісу,  Сырда-
рия  облыстары,  Ферғана,  Самарқан  облыстарындағы,  Амудария 
бөліміндегі,  Закаспий  облысындағы  қазақ  уездері  және  Алтай 
губерниясындағы іргелес жатқан қазақ болыстарының жері біріңғай, 
іргелі халқы қазақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан, өз 
алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;

12
2) қазақ-қырғыз автономиясы – «Алаш» деп аталсын...
6) Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен 
уақытша  Ұлт  кеңесі  құрылып,  мұның  аты  «Алаш  орда»  бол-
сын. Алаш ордасының ағзасы (мүшесі) 25 болып, 10 орын қазақ-
қырғыз арасындағы орыс және басқа халықтарға қалдырды. Алаш 
орданың уақытша орны – Семей қаласы. Алаш орда бүгіннен ба-
стап  қазақ-қырғыз  халқының  билігін  өз  қолына  алады...»  –  деп 
қаулы қылады.
Ал осы сьезде жалпы қазақтық Халық кеңесі – «Алаш ордаға» 
мүшелікке  сайланған  азаматтардың  есімін  есте  сақтау  бүгінгі 
ұрпақтың  парызы  болса  керек.  «Алаш  орда»  үкіметі  мүшелерінің 
яғни министрлерінің тізімі төмендегіше:
1. Бөкей ордасынан Танашев Уалитхан (1887-1968 жыл), заңгер.
2.  Орал  облысынан  Досмұхаммедов  Халел  (1883-1939  жыл), 
әскери дәрігер.
3.  Ақмола  облысынан  Тұрлыбаев  Айдархан  (1877-1937жыл), 
заңгер.
4. Торғай облысынан Бірімжанов Ахмет (1871-1927 жыл), заңгер.
5. Семей облысынан Ғаббасов Халел (1888-1931 жыл), физик-ма-
тематик.
6. Жетісу облысынан Аманжолов Садық (1889-1941 жыл), заңгер.
7. Сырдария облысынан Шоқаев Мұстафа (1890-1941 жыл), заңгер.
Облыстардан тысқары:
8.  Бөкейханов  Әлихан  (1866-1937  жыл),  Арқадан,  экономист, 
Алаш орда үкіметінің төрағасы.
9.  Досмұхаммедов  Жанша  (1887-1938  жыл),  Орал  облысынан, 
заңгер.
10. Ермеков Әлімхан (1891-1970 жыл), Қарқаралыдан, математик.
11. Тынышпаев Мұхаметжан (1879-1937 жыл), Жетісудан, ин-
женер.
12.  Құлманов  Бақтыкерей  (1859-1919  жыл),  Бөкей  ордасынан, 
шығыстанушы.
13. Ақпаев Жақып (1876-1934 жыл), Арқадан, заңгер.
14. Мәметов Базарбай (1888-1946 жыл), Жетісу, Лепсіден, заңгер,
15.  Әлжанов  Отыншы  (1873-1918  жыл),  Шығыс  Қазақстаннан, 
ағартушы-мұғалім.

13
Мүшелікке кандидаттар:
1. Қашқынбаев Иса (1891-1934 жыл), Оралдан, дәрігер.
2. Жақыпбаев Нүсіпбек (1890-1932 жыл), Жетісудан, дәрігер.
3. Итбаев Ережеп (1873-1930 жыл), Шығыс Қазақстаннан, заңгер.
4. Сабатаев Сатылған (1874-1921 жыл), Жетісу, Қаскелеңнен, шы-
ғыс танушы, тұңғыш қазақ агрономы.
5. Қасаболатов Есенғали (1889-1938 жыл), Оралдан, дәрігер.
6. Ниязов Батырқайыр (1872-1924 жыл), Бөкей ордасынан, заңгер.
7. Боштаев Мұқыш (1888-1921 жыл), Баянауылдан, заңгер.
8. Жанайдаров Сейілбек (1884-1929 жыл), Атбасардан, заңгер.
9. Нұралиханов Сәлімгерей (1878- ?), Бөкей ордасынан, заңгер.
10. Алмасов Омар (? – 1922 жыл), Торғайдан, халық мұғалімі.
11. Қадырбаев Сейдәзім (1885-1938 жыл) Торғайдан, заңгер.
12.  Кенжин  Аспандияр  (1887-1938  жыл),  Атыраудан,  халық 
мұғалімі.
13. Бекімов Молданияз (1882-1930 жылдардан соң белгісіз), Орал-
дан, әскери қызметкер.
14. Тұрмағамбетов Есен (1883-?), Ақтөбеден.
15. Солтоноев Жанеке (Жақып) қырғыз, мал дәрігері.
Алаш орданың оқу комиссиясының мүшелері: 
1.  Байтұрсынов  Ахмет  (1872-1937  жыл),  Торғайдан,  Орынбор 
қазақ мұғалімдер мектебін бітірген (1895 жылы)
2.  Жұмабаев  Мағжан  (1893-1938  жыл),  Қызылжардан,  Омбы 
оқытушылар семинариясын бітірген, (1917 жыл)
3.  Омаров  Елдес  (1892-1937  жыл),  Қостанайдан,  Орынбор 
мұғалімдер мектебін бітірген (1911 жылы).
4. Сәрсенов Биахмет (1885-1921 жыл), Шығыс Қазақстаннан, Се-
мей мұғалімдер семинариясын бітірген, (1939 жыл).
5. Шонанов Телжан (1894-1938 жыл), Ырғыздан, Орынбор қазақ 
мұғалімдер мектебін бітірген (1916 жыл).
 
Бұл Бүкілқазақтық Алашорда кеңесінің мүшелерін сайлап, төраға 
етіп Әлихан Бөкейхановты бекіткен 1917 жылғы желтоқсандағы Орын-
бор  қаласында  өткен  Жалпықазақ  сьезі  Түркістан  автономиясының 
жетекшісі Мұстафа Шоқайдың уәжіне құлақ асып, қазақ халқының ав-
тономиясы туралы мәселені де мақұлдағандығын айта кетуіміз керек. 
Осы  ретте  Алаш  қозғалысының  мақсат-мұраты  түсінікті  болу  үшін, 
осы сьезд қарсаңында жарық көрген («Қазақ» газеті, 1917 жыл.) «Алаш» 
партиясы бағдарламасының төмендегі жобасымен танысып шығалық.

14


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал