Болатбек МҰхтаров райымбек ауданында жер сілкінісі тіркелді



жүктеу 0.7 Mb.

бет3/6
Дата30.01.2017
өлшемі0.7 Mb.
1   2   3   4   5   6

Жергілікті жердегі жолдарды дамыту үшін 

арнайы мемлекеттік бағдарлама жасау керек пе?

Негізі, жергілікті жолдарымызды дамыту 

«Жол картасы» бағдарламасының аясында 

іске асырылуы тиіс. 

Бүгінде бізге қаптатып бағ дар ла ма 

қабылдай бергеннен гөрі әр іске жауап ты 

мекеме мен жауапты адамды бекітіп, 

жауапкершілікті арттыру маңызды болып 

отыр. Қазір «іс бітті, қу кетті» дейтіндей 

жағ дай жиі орын алуда. Әр істе бөлінген 

қаржыға сай, үш ай немесе алты ай сайын 

қорытындысын, нәтижесін сұрап отыруды 

әдетке айналдыру керек. Сондай-ақ 

қоғам дық бақылауды да күшейту қажет. 

Қоғамдық ұйымдар мен жур на листер 

істің орындалуына қарай бағ дарламаны 

бас 

тан-аяқ бақылап отырғаны жөн. 



Мәселен, журналист бағдарлама қабыл-

данар ал дын да жаңалық ретінде жазды 

ма, ендеше, аяғына дейін істің бақы-

лаушысына айнал сын. Әйтпесе журна-

листер жазбай қойған соң басталған іс те 

аяқсыз, назардан тыс қалып жатады. Ал 

мұның соңы нәтижесіз бағдар ла ма лар-

дың санын көбейтеді.

Қазір Білім министрлігі колледж түлек-

теріне кешенді тест тапсыртқызу жөнінде 

жан-жақты түсіндірме жұмыстарын бастап 

кетті. Тіпті министрдің өзінен бастап қара-

ма 

ғындағыларға дейін БАҚ өкілдерін 



шақырып, өздерінің бұл әрекеттерінің дұ-

рыс екендігін дәлелдеуге тырысуда. Шег і-

нер ге жол жоқ, бұл жөнінде Үкіметтің қау-

лысы бекітіліп, мемлекеттің шешімі де 

шығып қойған. Қалай болғанда да, биыл 

колледж бітірушілер кешенді тест тапсыр-

мақ. Сәрсенбі күні Ұлттық баспасөз орта-

лы ғында «Білім беру саласындағы өзекті 

мәселелер» атты тақырып бойынша өткен 

конференциясында бұл мәселе тағы да 

көтерілді. Министрліктің бұл бастамасын 

қолдау үшін жиналыс өткізіп отырған ҚР 

Жоғары оқу орындары қауымдастығының 

төрағасы Рахман Алшановты журналистер 

жан-жақтан қыспаққа алып, сұрақтарын 

жаудырды. Ол алдымен колледж түлек те-

ріне не үшін тест қажет екендігін түсіндіріп 

бақты. 


Рахман АЛШАНОВ,  «Тұран» білім беру 

кор порациясының президенті, ҚР ЖОО 

қауымдастығының төрағасы:

– Қазір еліміздегі колледждердің 

саны тым артып кеткен. 2003-04 жыл-

дары колледждер саны 357 болса, 

2011-12 жылдары 494-ке жет кен. 

Сонда жеті жылдың ішінде 137 кол-

леджге көбейді. Оларда оқитындар 

саны да 250,9 мыңнан 491,7 мыңға 

жетіп, бітіруші түлектердің саны 145,8 

мыңға ұлғайған. Неге бұлай? Оның 

бірден-бір себебі – ҰБТ-ға қатыспай-

ақ жоғары оқу орнына түсудің амалы. 

Оның үстіне, колледждерде жылдық 

оқу төлемақысы төмен, 45 мың мен 90 

мың теңгенің аралығында. Ал ЖОО-

ларда оқу құны 270 мыңнан 450 мыңға 

дейін жетеді. Бұл – көптеген жанұяға 

үлкен салмақ. Сондықтан бұл баланың 

ЖОО-ға түсуіне ең бір оңай тәсіл болып 

кеткен. Колледж бітірген түлектер ЖОО-

ға бірден екінші курстан қабылданады. 

Ал колледжді қызыл дипломмен бітір-

се, бірден үшінші курстан оқи бере ді. 

Білім министрлігінің дерегі бойынша, 

колледж бітірушілердің жыл сайын 100 

мыңнан астамы ЖОО-ға ҰБТ-ға қатыс-

пай-ақ түсіп отыр. Демек, бұл кол ледж-

дердің мақсаты арнаулы маман даярлау 

емес, ЖОО-ға студент дайындаумен 

айна 

лысып кеткендігін көрсетеді. 

Колледж 

дерде оқитындардың 80 

пайызы 9-сыныптан кейін, ал 20 

пайызы 11-сыныптан кейін келіп түс-

кен дер. Яғни колледжге 11-сыныптан 

кейін келіп түскендер толық мектеп 

бағ дарламасы бойынша ҰБТ тапсырады 

да, ал 80 пайыз 9-сыныпты бітіріп кол-

леджге түскен түлектерге жаңа ереже 

бойынша тест енгізіліп отыр. Олар тап-

сыратын тестінің сапасы, мазмұны бас-

қа. Кешенді тестіден өткізудегі негізгі 

мақсат – сапалы маман даярлау. Қазір 

– бәсекелестіктің заманы, нарық кезеңі. 

Жұмыс берушілер: «Бізге сапалы маман 

керек» дейді. Бірақ білікті маман дар 

жетіспейді. ЖОО-ны бітірген дердің 

көбі өндірісте бірден көзге түсіп, жұмыс 

істей алмай отыр. Қазба бай лық-

БЕЙТАРАП ПІКІР

Әбді ҚИЯЛБАЕВ, техника ғылымының докторы, профессор, «Қазжол» ғылыми-

зерттеу институтының маманы:

– Жергілікті жердегі жолдарды дамыту үшін арнайы мемлекеттік 

бағдарламаның қабылдануына екіжақты көзқараспен қараймын. 

Еліміздің автожол саласының мәселелері 2006-2012 жылдарға арналған 

бағдарламада көрсетілген болатын. Сол бағдарлама бойынша жалпы, 

жолдарымыздың жағдайын жақсарту үшін шамамен 283 миллиард 

теңге бөлінуі керек болатын. Бірақ оның бөлінгенінен, қалай 

жұмсалғанынан, қай жолдарды жөндегенінен бейхабармын. Шыны 

керек, дәл соны ешкім бақылаған да жоқ-ау деймін. Сондықтан 

жаңа бағдарлама бұрынғы бағдарламаның жолын құшпай, керісінше 

бұрынғы бағдарламаның жоқтаушысындай болса қолдар едім. Айта 

кетер жайт, бағдарлама қабылданып қана қоймай, осы бастан 

бағдарламаның орындалу барысын, бөлінген қаржының жұмсалуын 

бақылайтын мекеме керек. 

Дайындаған Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

ТҮЙТКІЛ


тарымызды шикізат күйінде шетелге 

сатып жатырмыз. Оны өзімізде өндіруге, 

жаңа өнім шығаруға шамамыз кел меу-

де. Осыны білікті жас маман жаса ма-

ғанда кім жасайды? Елді кім аяйды? 

Қордаланған мәселені кім шешеді?

Рахман Алшановтың сөзінен ұққа ны-

мыз, министрлік ҰБТ-ның колледж түлек-

теріне арналған бөлек бағдарламасын 

даярлаған көрінеді. Бізде заң колледжі, 

теміржол колледжі, сәулет колледжі, меди-

ци на колледжі, экономика колледжі, өнер 

ака 


демиясы колледжі, бағалау және 

құрылыс колледжі... тізе берсек мұндай 

оқу мекемелері жетіп-артылады. Мысалы, 

заң колледжін алайық, оны бітірген 

түлектер ең бірінші қылмыстық іс, азамат-

тық құқық төңірегінде, түрлі заң саласының 

қыр-сырын меңгереді. Сол секілді жоға-

ры да аты аталған колледждердің бар лы-

ғының өзіндік оқыту тәсілі, өз пәндері бар. 

Медицинанікі тіптен бөлек, бағалау және 

құрылыс колледжінің түлектеріне мүлдем 

басқа сұрақтар дайындау қажет. Сонда екі 

айдың ішінде осылардың барлығына 

бөлек-бөлек сұрақтар дайындауға уақыт 

жете ме? Әлде колледждердің барлығына 

бірдей жалпылама сұрақтар дайындай 

сала ма? Байқаған боларсыздар, сұрақ 

көп, жауап аз.

Сондай-ақ журналистер қауымы Р.Ал-

ша 


новқа білім министрлігі зияткерлік 

мектептерді бітірген түлектерге ҰБТ тапсы-

рудың қажеттілігі жоқ деп отыр. Бұл қан-

ша лықты дұрыс? Ал бұған Р.Алшанов: 

« Зияткерлік мектептерге қатысты заң бөлек 

қабылданған. Олар «Білім туралы» Заңға 

бағынбайды. Алдағы уақытта зияткерлік 

мектептер жақсы дамыса, олардың тиімді 

тұстары басқа мектептерге де енгізіледі, 

– дейді. 

Міне, жиналыстың арқауы осы негізде 

болды. Зияткерлік мектептер «Білім» заңы-

на бағынбайды. ҰБТ тапсырмайды. Ал 

кол ледж түлектері қаласын-қаламасын 

кешенді тест тапсыратын болды. Мұның 

қан шалықты дұрыс, бұрыс екендігін ойлы 

оқырман өзі сараптай жатар...

Колледж түлектеріне 

кешенді тест тапсыртқызу 

төңірегіндегі дау әлі 

күнге дейін басылар 

емес. Тіпті тым ушығып 

барады. Мәжіліс пен 

Сенат депутаттары да 

бұл жүйенің асығыс 

қолға алынғандығын 

айтып, наразылықтарын 

білдіруде. Алайда 

министрлік бастапқы 

ойынан қайтар емес. 

Сонымен ҰБТ тапсыратын 

уақыт жақындап қалды, ал 

бұл мәселе қоғамда үлкен 

тартыс туғызуда. 

Серік ЖҰМАБАЕВ

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

№84 (766) 

18.05.2012 жыл, 

жұма


www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ТАҒЫЛЫМ


 

Абай жазған заң

Ұшқыш апамыз көптеген ордендер мен 

медальдардың иегері

ТАРИХ

Сүлеймен бидің асы

Қазақ тарихында атақты Қарамола съезі өткенін 

білеміз, бірақ сол съезде нақты не мәселе қаралып, 

жалпы, съездің өзі не үшін шақырылып еді?

Рахман ЖАҚСЫЛЫҚ,  Қызылорда қаласы

Бұл жайлы қазақ тарихи 

оқу лықтарында көп айтыла 

бер мегенімен, мүлдем дерек 

жоқ деуге келмейді. Қара-

мо ла съезі қазаққа Абай есі-

мі арқы лы таныс. Себебі 

1885 жыл дың  мамыр  айын-

да  Қара мо ла да  өткен  осы 

бір төтенше съез де қазақтың 

бас ақыны Абай үш төбе би-

дің бірі болып сай ланып, 

сон да 74 баптан тұ ратын 

ере жені мақұлдап қол қой-

ған 47 адамның бірі бо лып 

еді.  Ол не заң, нендей ереже 

дегенге тоқталсақ, www.wi-

ki pedia.org сайтында ол жай-

лы «Семей қазақтары үшін 

қылмысты істерге қарсы заң 

ережелері» деп көрсе тіл ген. 

Жал пы, қазақтың осы тарап-

тағы тарихи деректерінде де 

бұл құжатты съезде төбе би 

болып сайланған Абайдың 

өзі жазып шыққан. Құжаттан 

Абай дың ел билеудің әдеттік-

құқықтық жүйесі мен ислам 

діні бекіткен заң нормаларын 

заман талабына сай жаңарту 

идея лары айқын көрінеді. 

Съезд Абайдың ел арасында 

ға на емес, орыс әкімдері, 

пат ша  өкіметінің  Семейдегі 

әкім дері арасында да беделі 

өсе түскендігін танытты.



Майдангер ұшқыш Хиуаз Доспанова соғыста көрсеткен ерлігі үшін қандай белгілермен 

марапатталды екен?

Зарина ДҮБІРБАЕВА, Арқалық

Соғыс жылдарында тек қана қыздардан құ-

рал ған жалғыз ұшқыштар бөлімшесінің штур ма-

ны, қазақ қызы Хиуаз Доспанова 300-ден аса 

түнгі жорыққа шығып, Оңтүстік майданда, Сол-

түстік Кавказда, Кубань, Қырым, Украина, Бе-

лоруссия, Польша мен Германияда ұрыс тап сыр-

маларын орындап, ерлікпен шайқасты. Ол 

ба  тыл  дығы мен ержүректігі үшін ІІ дәрежелі Отан 

соғысы, ІІ дәрежелі Суворов, «Қызыл жұл дыз», 

«Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және «Кав каз ды 

азат еткені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», 

«Германияны азат еткені үшін» медаль да рымен, 

басқа да әскери белгілермен ма ра пат талған. 

Еңбектегі жетістіктері үшін «Еңбек Қы зыл Ту» ор-

денімен,  Қазақстан  Рес пу бли ка сы ның  Пре зиденті 

Нұрсұлтан Назарбаевтың Жар лығымен Жеңістің 

60 жылдығында Халық Қа hарманы атағы беріліп, 

Отан орденімен марапатталған.

ТАҒЗЫМ


Батыр 

атағынсыз-ақ 

батыр атанған

Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда ерлікпен шайқасқан, 

588-ші түнгі бомбалаушы ұшқыштар полкінің штурманы, қа зақ стан-

дық ұшқыш Хиуаз Доспанованың туған жері қазіргі Атырау қаласы 

аэ ропортына оның есімін беру туралы Хиуаздың бүгінгі ізін басушы 

ұшқыш қызымыз Тоты Әмірова көптен бері ұсыныс айтумен келе 

жатқан еді. Жақында депутат Сәрсенбай Еңсегенов те осы ұсынысты 

қолдап, депутаттық сауал жолдады. Есімі беріле жатар. Ал әзірше 

алғашқы сүйінші хабар келіп жетті. Embraer 190 ұшағына бірінші 

ұшқыш қазақ қызы Хиуаз Доспанованың есімі берілді. 

Хиуаз Доспанова бұрынғы Гурьев облы сы-

ның Бөкей орда ауданының Зормата елді ме-

кенінде 1922 жылы 15 мамырда дүниеге кел-

ген. 1940 жылы Орал қаласындағы №1 орта 

мек тепті алтын медальмен бітіреді. Мектеп 

қа быр ғасында жүріп-ақ аэроклубқа барып 

жү реді. Сөйтіп, облыстық әскери комисса-

риат тан «запастағы ұшқыш» деген әскери би-

лет алады.  Қолында екі құжат: бірі – аттестат, 

екін шісі – запастағы ұшқыш куәлігі. Жуковский 

атын дағы соғыс әуе академиясына құжаттарын 

тап сырған, бірақ ол жақтың дәм-тұзы тарт па-

ды ма, қабылданбады. Ұзақ ойланып-тол ға-

нып, уақытты құр өткізбеу үшін Мәскеудің 

Бі рінші дәрігерлік институтына оқуға түседі, 

мек тепті үздік бітіргендіктен оны институт ем-

тихансыз қабылдайды. Бірақ жазмыштан оз-

м ыш жоқ, Хиуаз бірінші курсты бітіріп те үл-

гер 


мей жатып бейбіт өмірді, бақытты 

сту денттік шақты гитлершіл жендеттердің біз-

дің елімізге соғыс ашқаны туралы жайсыз ха-

бар жай оғындай осып өткен еді. Студенттер 

са б ақтан тыс уақытта метро салу, Мәскеудің 

жан-жағына қорғаныс бекіністерін орнату 

сияқ ты жұмыстарда жүрді. Отан соғысы май-

да нында соғыс әрекеттеріне қатысу үшін 

әйел дерден әуе авиациясы полкін құрған Ма-

рина Расковаға барып, Хиуаз штурмандар 

бө ліміне қабылданды. Соғысқа кіргеннен ке-

йін гі алғашқы жауынгерлік тапсырма бойынша 

Майн дорф пен соның маңындағы елді ме кен-

дерге шоғырланған дұшпанды техникасымен 

жою еді. Түн қараңғылығымен әуелетіп аспан-

ға көтерілген ұшақ нысаналы жерге келгенде 

не містердің ірі-ірі құрамалары орналасқан 

тұс тарын бомбалауға кіріседі. Бұл алғашқы 

ұшу әрі қою түн қараңғылығымен әуелгіде ма-

невр жасауды әлі біле қоймағандықтан, тө-

мендеместен бомба тастай берген. Әрине, 

не містер қарап қалсын ба, олар да бұларды 

оқ тың астына алады. Бірақ жолдары болып, 

тап сырманы орындап, аман-есен өз полк-

теріне оралады. 

Хиуаз Доспанова бір сұхбатында: 

«Бұлтты күн дері ұшу қиынға соғатын. Бір 

жо лы осын дай түнерген бұлтты күні жаудың 

автома ши налар  колоннасының  соңына 

түстік.  Ұша ғы мыз ды  төмендетіп,  нысананы 

қарауылға енді ала бергенімізде бұлт қаптап 

кетті. Әуеде бі раз қалықтадық. Жанармай да 

азая бастады. Бұ дан әрі жау территориясында 

ұша беруге бол майды, не де болса тәуекел 

дедік те, бом ба тастауға кірістік. Тым тө мен-

деп кеткен екен біз, ауа толқыны біздің ұша-

ғы мызды солқ ет кіз ді. Сонда ғана түсіндік, 

бұлт тан озамыз деп жерге жақын ұшып жүр-

ге німізді. Жау техникасын түгелдей жай-

раттық та, қайта биікке самғадық», – деген 

еді. 

Майданда ол төрт рет ауыр жараланды. 



Ауыр жарақатынан айыққан соң қайсар қыз 

әр дайым ұрыс даласына қайта оралып отыр-

ды. Кеңес Одағының Батыры Раиса Аронова 

«Ночные ведьмы» кітабында: «Кав каз дағы со-

ғыс та Хиуаз бірінші рет жараланып, гос пи-

таль да бір ай жатып, қайтадан полкіне орал-

ды. Ал 1943 жылдың жаңбырлы, бұлтты күні 

екі ұшақ қону кезінде соқтығысып, үш ұшқыш 

қа за тауып, Хиуаз қатты жараланды. Өлген-

дер дің қатарында жатқан Хиуаздың кірпігі 

қи мылдағанын көріп дереу операция столына 

жет кізді. Дәрігерлер бірнеше күн және бір-

неше түн арпалысты. Сөйтіп, оның аяғын кесу 

туралы мәселе қойылғанда  госпитальдің бас 

хирургі «Жоқ, мен бұл қызды аяғынан айыра 

ал маймын, егер тірі қалатын болса, оған аяқ 

ке рек әлі» деген еді». Шынымен тірі қалды, 

ау руды да жеңіп шықты, үш айдан кейін полк-

ке қайта оралды. Сол жолы көрсеткен ерлігі 

үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Кавказды 

азат еткені үшін» медалімен марапатталды» 

деп жазған еді. Бірақ жарақаттың зардабы 

оңай шылықпен жойыла ма, кей күндері келесі 

ұш қанға дейін ұшақтан шықпай отыра беретін, 

өйт 

кені біреудің көмегінсіз отырып-тұра 



алмайтын еді.

 «Үш күннен кейін тамұққа да үйренеді» 

де гендей, қараңғылыққа да, азапты күндердің 

ауыр лығына да бойы үйреніп, бір үміт, бір кү-

дік пен жүріп соғыс тіршілігіне де төселіп қал-

ған дай. Соғыс үрейге толы болғанымен, со-

ғыс та — өмір. Тіршілік бар жерде 

қор  қыныш тың да, күлкілі жайттың да бо ла-

тын ы заңдылық. Сондай бір сәтін былайша 

әң гімелеген еді: «Штурманның кіп-кішкентай, 

тап-тар кабинасы бұрылуға мұрша кел тір мей-

ді. Басқа қару-жарақпен бірге термиттік бом-

ба да тиеп алатын болдық. Кезекті бір ша-

буыл 


да белгілі бір нысананы бомбалап 

бол дық та, енді әлгі «термичкаларды» тастай 

бас тадым. Ең соңғысы кенеттен қолымнан 

түсіп кетті де, отырған орындығымның астына 

қарай домалай жөнелді. Зәрем ұшты, жарылса 

біттік. Қолыммен сипалап іздеп жатырмын, 

ұш ты-күйлі жоқ. Қайтқанша үрейленіп, бе ре-

кем кетті. Қонуға таянғанда ұшқыш қызға 

«ұшақ ты барынша жеңіл қондыршы» деп 

өтін дім. Ол мені жараланған екен деп ойлаған 

болуы керек, шеберлігі сондай – тіпті қалай 

қон ғанымызды да білмей қалдым. Егер солқ 

ет кізіп қондырса, әлгі бомбаның жарылуы ға-

жап емес. Орындықтың астындағы ең түк пі-

рінен бомбаны тауып алған соң ғана Полинаға 

ай тып бердім. Ол қорыққаны сондай – әуелі 

кө зі бақырайып үн-түнсіз қалды да, сосын 

басын шай қай берді. Кейін бұл оқиғаны күлкі 

қылып ай тып жүрдік. Сол түні екінші рет 

ұшқанда жа ңа ғы «қырсық» бомбаны ең 

бірінші  лақ тыр дым».

Иә, осындай қайғылы да қуанышты сәт-

тер ге толы соғыс та бітіп, жеңіс күні де келіп 

жет ті. Жеңісті Германияның Нойе Бранденбург 

қа ласында қарсы алды. Маршал К.Ро кос сов-

ский келіп полкті тарату туралы бұйрықты 

оқы ды. Сөйтіп, сұрапыл соғыс та бітіп, елге 

жи налып жатқанда полк штабының бастығы 

ке ліп, Хиуаз Доспановаға армия штабының 

ұйғарымы бойынша генерал Гречконы 

Мәскеуге апарып қайтатынын жеткізген. 

Әрине, Хиуаз бұл ұсынысты қуана қабылдады. 

Кремльдегі жұмысын бітірген соң Гречконы 

алып, қайтадан кері ұшқан. Бұл бейбіт күннің 

бейбітшілік аспанындағы алғашқы ұшуы еді. 

Соғыстан соң екінші дәрежелі мүгедек өмі-

рін ұшумен жалғастыра алмады. Бірақ алдына 

мақсат қоя білетін қайсар қыз өзінің та бан ды-

лы ғы мен талапшылдығының арқасында бей-

біт өмірде де еңбекке бел шеше кірісіп кетті. 

306 рет ұшып, жауды жайратқан қаршадай 

қазақ қызының майдандағы ерлігі Кеңестер 

Одағының Батыры атағына әбден лайық бол-

са да, билік тізгіні өзге ұлттың қолында болып, 

қы тымыр саясаттың қырсығынан өзіне тиесілі 

ма рапат бұйырмады, тек еліміз Тәуелсіздік 

ал ғаннан кейін Халық Қаһарманы атанды. 

Ұлы Отан соғысының ардагері 2008 жылдың 

20 мамырында бақилық болған еді. Апа мыз-

дың есімі қазіргі және келешек қазақстандық 

ұр 

пақтың жадында мәңгілік сақталары 



анық.  

Әлия СЕЙІЛХАНҚЫЗЫ

Халық жадындағы қария сөздерде 

 Ең се гей бой лы Ер Есімнің бәйгенің алдын 

бер мес Сарып құла аты, Абылай ханның 

асын еске салатын «Абылайдың асында 

шап  пағанда, атаңның басына шабамы-

сың» де  ген нақыл сақталған. Ал бертінгі 

ХІХ ға сыр дың со ңы мен ХХ ғасырдың ба-

сын дағы  оқи ғалардан  Ер ден  Сандыбай-

ұлы ның асы, То бықты Өскенбайдың асы, 

Керей Са ғы най дың асы және Найман 

Сүлеймен би дің асы ның даңқы алабөтен. 

Неге? Марқұмның кө  зі тірісінде атқарған 

ісі мен қазақ қо ға мындағы сал мағы қан-

ша лық болса, оның асы ның сән-сал та на-

ты да соған сай болуы тиіс деп саналған. 

Ен  деше, біз сөз етіп отырған Сүлеймен би 

кім еді? 



Сүлеймен би Әділбекұлы (1841-

1905) – Қа ракерей Қабанбай батырдың 

қа ра шаңырағын ұстап қал ған Әлі деген 

ұлы нан туған Жақас байдың ба ла сы, яғни 

Қа бекеңнің 4-ұрпағы. 1860-1866 жыл-

да  ры Шәуешек пен Құлжада қытай би-

леу ші ле рінің  үс темдігіне  қарсы  бірнеше 

рет кө те ріліс болған. Най манның Бай жі-

гітінен  та райтын  ел  кө те ріл ген дік тен,  ол 

та рихта «Бай жігіт көтерілісі» деген атпен 

қал  ған.  Қа зақтың  Әділбек,  Тоқыр  ба-

тырлары мен дүң  геннің Бұр батыры бас-

таған қол қытай мен қалмақты торғайдай 

тоз дырған. Сол кез де 22-23 жас ша ма-

сындағы Сүлеймен Әділ бекұлы да осы 

кө теріліске  белсене  қа тыс қан.  Қытай 

дуан б асының  хат шысынан  сұ растырып 

жаз ған  Құрбанғали  Ха лид тің  «Та уарих 

хам сасында» айтылғандай, осы кө те-

рілісте қытай-қалмақ әскерінен 60-70 

мың  дай адам қаза тапқан. Шәуешектегі 

Ре сей елшілігі мен саудагерлердің бар лы-

ғы Ұры жарға қашып барып тығылған. 

Қа зақ тар осы көтеріліске түрткі болған 

Қы тай дуан басының көзін жойған. Бірер 

жыл дай бас шысыз қалған соң ортасынан 

Отын шы би ді хан сайлаған. Бірақ келе-

ке ле қазақ пен дүңгеннің ара сы на жік 

түс кен. Оның үс тіне осы кезде ішкі Қы тай-

дан 200 мың дай жазалаушы әскер шық-

қа ны  мә лім  бо лып,  көтерілісшілердің 

кө бі Ресей қол ас тын дағы қазақтардың 

ор тасына қарай лық сыған. Тіп ті Мәмбет 

Отын шы би мен Жұ мық Қоңыз ба тыр ды 

(Құр манғажы) орыс әскері ұстап алып, 

Се мей түр месіне қа мап қойғанда, осы 

Бай жігіттер  Тәшкен  ма  ңындағы  Жан жі гіт-

тің (Байжігіттің ағасы) ұр пақ тар ының қа-

сы на көшіп кетуге қам данған. Арасынан 

бар  лауға бірнеше адам өкіл жіберіп, бі-

рер жылдай алыс жолға да йын далып, 

дүр лігіп барып тоқтаған. Сол бұл ғақ жыл-

да ры Әділбек батыр Жақасұлы дү ние са-

лады. Сейілқан зәңгінің (1876-1922) 

ше   жі ре  сінде  осы  оқиғалардың  нақ ты 

мер зімі: «1864 жы  лы Манасқа ауып, екі 

жыл  дан соң ұлу жылы жұ тап қайта орал-

дық. 1866 жылы орысқа бодан бол дық. 

Төрт жылдан соң жылқы жылы Сүлеймен 

Ға  дыл  бекұлы  болыс  болып  сай лан-

ды...1893 жылы 1 қа   зан күні Қытайға 

қа   ра дық»,  –  деп  жазылған  екен.1855 

жыл   дан бастап Ұрыжардан ары аса ал-

май отыр ған Ресей әскері осындай ала-

са   пы ран ды  пай  даланып,  1865  жылы 

Бақ  тыға  ба рып,  бекініс  сал  ған.  Осы  та ри-

хи оқи ға лар ды Қ. Халид те аталған кі та -

бы ның бір не ше жерінде тәптіштеп тұрып 

жа  за ды.

Сөйтіп, 1870 жылы 29 жасында Сү-

лей   мен  Әділ бек ұлы  ел  ағасы  болып  сай-

ла   нады.  Бүліншілікке  ұшы раған  елінің 

ба сын қо сып, ымыра-тоқтамға кел тіреді. 

Сол кез дегі Мәмбет елінің айтулы би-ше-

шен   дері – Отыншы, Тоқыр, Мыңбай, Бу-

ра  тай,  Жа ман бала,  Жаңабай,  Қиярыс тан 

т.б. бәрі де: «Бәтуа жа сасып, әміріңе кір-




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал