Болатбек МҰхтаров райымбек ауданында жер сілкінісі тіркелді



жүктеу 0.7 Mb.

бет2/6
Дата30.01.2017
өлшемі0.7 Mb.
1   2   3   4   5   6

Соңғы жылдары мұсыл ман ха-

лық тарында Ислам ынтымақтастығы 

ұйы мына көп кө ңіл бөліне бастады. 

Осы орайда діндер съезі бары сын да 

ис ламға қатысты қай тақырып тал қы-

лануға тиіс деп ойлайсыз? Исламға қа-

тысты да қордаланған мәселелер көп 

шығар?

– Белгілі бір дінге ғана қа 

тысты 

мәселелер  тал қылан бай ды  деп  ойлаймын. 



Ортаға са лы на тын мәселелер қазіргі көп-

дін ді, көп қо ғамды, көпелді әлемге қатысты 

болмақ. Ал сүнниттер мен шииттер мұ-

сылман қа тысушыларының, мәдениет тер 

диалогі, жас тар мен әйел мәселелерін діни 

көз қараспен зерттеу. Мұның алдында да 

дін кө семдерінің және үлкен дін ғұла ма-

ларының ой-пікір жағынан келіспеген кез-

дерін көрмедім. Әрқайсысы өз сөзінде 

ма ңызды деп санаған жақтарын алға тар-

татын. Сонда айтылған көптеген пікір бірін-

бірі толықтырып отырған. Әр баяндамашы 

өз ойын қасиетті Құранның аяттарымен

пай ғамбар хадистерімен, ақида, фиқһ са-

лаларынан, ислам өркениеті тарихынан, 

қа зіргі ислам ой-пікірінің бағыттарынан 

алынған тұжырымдамаларымен қуаттап 

отырған. Олар ұсынған баяндамаларында 

кеңесу, әділдік, теңдік, еңбекке, ғылымға, 

мәдениеттер арасындағы диалогке, жастар 

мәселесін шешуге, моральға, әйелді кем-

сіт пеуге шақыратын негіздерден тұратын, 

ұзақ ғасырлар бойы дамыған өркениеттің 

шең бері болған ислам қазіргі заманның 

да муына да лайықты арқау бола алады 

деген пікірлер айтылған. Ислам діні ислам 

өр кениетінің гүлденген замандағыдай бо-

лашақты құру жолында өркениеттік, 

мораль дық негіздерді ұсынады. Ислам – 

жаңа дін емес.



– Қазақстандықтардың діни көз қа-

расында қарама-қайшылықтар туын-

дап жатыр. Әсіресе дәстүрмен қарым-

қа тынасына қатысты көп дау болады. 

Осын дай сәттерде ислам діні өзінің 

бей 

бітшілдік бейнесін қалай қа-

лыптастыра алады?

– Ислам және әдет-ғұрып пен дәстүрлер 

– ма ңызды тақырып. Алайда бұл тақырыпта 

асы ра сілтейтіндер де жоқ емес. Елдің ха-

лықтық әдеп-ғұрыптары болатыны анық, 

ис лам оларды тыймайды. Мысырда хрис-

тиан діні пайда болудан бұрын мың жыл-

дан аса уақыттан бері көктем мейрамы кең 

кө лемде күні бүгінге дейін тойланып ке-

леді. Аталған мейрам Қазақстандағы нау-

рыз мерекесімен барабар. Қазақстан Рес-

пу 


бликасында да, Мысыр елінде де 

Пай  ғамбарға құрмет ретінде Мәуліт ме-

рекесі аталып келеді және мерекеге орай 

арнайы өлеңдер айтылады. Ал қазақтардың 

ұлттық әдеп-ғұрыптарын алатын болсақ, 

олардың көбі үлкенді сыйлау, жомарттық, 

шыншылдық, өзара жәрдемдесу, көршінің 

ха қысы т.б. ислами құндылықтарға негіз-

дел ген. Сондықтан әдет-ғұрыптың көбі ис-

ламға сәйкес келеді. 

Ислам бейбітшілікке дұрыс өмірді қа-

лыптастыратын жалпы негіздер арқылы 

шақырады, оларға құқықтар мен міндеттер 

тұрғысынан адамдар арасындағы теңдік 

пен әділдік, билік ету барысындағы кеңесу, 

діндер мен мәдениеттер өкілдері ара сын-

дағы келісім, білімді талап ету, ілімді кез 

келген бұлақтан алу және бұдан басқа 

қоғам мен өркениетті құрудың негіздері 

жатады. Мұсылмандар иман, жоғары 

құндылықтар, білім, еңбек және қазіргі 

жүйелерді пайдалану арқылы дами алады. 

Мұның барлығы мұсылмандарды дінді, 

ғылымды, өркениетті сүйген, өз кезінде 

әлемдегі ең ұлы ғұламалардың қатарында 

болған әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Халдун, 

Ибн Рушд, әл-Бируни сияқты тұлғалар 

жеткен әлемдегі ең жоғары белестерге 

апарады.

Сұхбаттасқан 

Сәдуақас КЕБЕКБАЙ

КОНФЕРЕНЦИЯ



Қазақстанның бастамасы 

Бразилияда қолдау 

табады деген үміттеміз

ЫНТЫМАҚТ


АС

ТЫҚ


16-17 мамыр күндері Мәжіліс төр-

ағасы Н. Нығматулин Санкт-Петербор 

қа ласында өтіп жатқан ТМД парламент-

аралық ассам блеясының іс-шаралары 

аясында бірқатар екіжақты кездесулер 

өткізді. Өткізілген сұх баттар барысында 

екі ел парламентшілері ал дағы страте-

гиялық әріптестіктерін нығайтып, көр-

шілік қарым-қатынастарын өз қызмет-

терімен  көріктендіре  түсетін дікте рінің 

тағы бір белгісін танытып, парла мен т-

аралық ынтымақтастық мәселесіне айы-

рықша назар аударды.

Тараптар Қазақстан мен Қырғызстан 

пре зиденттері арасындағы келісімдерін 

іске асыруда жеткен жетістіктерін заң 

жүзінде қамтамасыз ету қажеттігін атап 

өтті.


Қазақ-қырғыз парламентінің 

төрағалары кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан 

Нығматулин мен Қырғыз Республикасы Жоғарку Кенешінің төрағасы 

Асылбек Жээнбеков екі елдің арасындағы стратегиялық әріптестікке 

дайын екендерін қуаттады.

Кеше Астанада білім, ғылым және мәдениет мәселелері 

жөніндегі Ислам ұйымына (ИСЕСКО) мүше мемлекеттердің 

қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 5-ші Ислам 

конференциясы өз жұмысын бастады. Екі күнге созылатын 

конференцияға 30-ға тарта ислам мемлекеттерінің және 10 

халықаралық ұйымның өкілдері қатысуда. Қазақстанның 

үкіметтік делегациясына Премьер-министрдің бірінші 

орынбасары Серік Ахметов басшылық етуде. «Екі күн бойы өтетін 

бұл мәжіліс жаһандық, экологиялық проблемаларды жан-жақты 

талқылайтын алаңға айналады деп есептейміз», – дейді ол. 

Оның айтуынша, қоршаған ортаны 

қор  ғау – әлемдегі елдердің тізе қосып, бір 

жең  нен қол, бір жағадан бас шығарып ше-

ше тін жаһандық проблема. Сондықтан да 

бұл мәселеге ешбір елдің бейжай қарауға 

қақысы жоқ. Ол үшін тың идеялар мен 

про блеманы шешудің тиімді жолдары қа-

жет. Себебі бүгінде қай елдің болмасын 

эко логиялық ахуалы мәз емес. Қазақстанға 

да Кеңес үкіметінен «мұра боп қалған» эко-

логиялық жағдай жағымды әсер қалдырып 

тұр ған жоқ. Атап айтсақ, Семей ядро лық 

полигонының зардабы, Каспий, Арал жә не 

Балқаш экожүйесінің апаттық жағ дайы

миллиардтаған тонна техногенді қал-

дықтар, дамымай, кенжелеп қалған эко-

логиялық инфрақұрылымдар. Осының 

бә рін тәуелсіздік алып, дербес мемлекет 

бол ған Қазақстанға шешуге тура келді. Ол 

үшін, біріншіден, өз еркімізбен Семей яд-

ро лық полигонын жаптық. «Мемлекетіміз-

дің басшысы осы әрекетімен әлемге өнегелі 

үлгі көрсетті», – деді Серік Ахметов. 

Қазақстан Арал және Каспий те ңіз де рі-

нің  трансшекаралы  бассейін де рі мен  ын ты-

мақ тастықты ұйымдастыра білді. Сон дай-

ақ «Жасыл көпір» принциптеріне 

не   гіз  делген  2020  жылға  дейінгі  эко но ми-

ка лық даму стратегиясы өз сәтімен жү зеге 

асып жатыр. Ресурстарды тиімді пай да-

лану, энергияны үнемдеу, қалпына ке летін 

энергия көздерін пайдалану секілді жүйе-

лер де белсенді атқарылуда. Қазақстан ше-

ка 

 

раның барлық периметрі бойынша 



транс  шекаралы  проблемаларды  шешуде 

барлық бағдарламаларға белсенді ат са-

лысуда. Мемлекетіміз жұртшылық мүддесі 

үшін Арал теңізінің солтүстік бөлігін қал-

пына келтірді. Каспий өңіріндегі биоал уан-

дылықты бұзатын мұнай ұңғы ларын толық 

жою жұмыстары да түбегейлі жүргізілуде. 

Ви це-премьер Қазақстанның осы және 

басқа да экология үшін жасап отырған игі 

істерін тізіп шықты. 

«Бүгінде әлем алдында азық-түлік 

жетіспеушілігі мен ауызсу, сондай-ақ қор-

шаған ортаның ластануы мен қала тұр ғын-

дарының шектен асып көбеюі проблемасы 

туындап отыр. Парниктік газдардың да 

көбеюі мен соның салдарынан ауа райының 

өзгеруі белең алып барады. Сондықтан да, 

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың 

бастамасымен Қазақстан жаһандық энер го-

экологиялық стратегиясы мен «Жа сыл кө пір» 

аймақаралық  бағдарла ма сын  қа был дауды 

ұсынып отыр. Страте гияның басты мақсаты 

– ХХІ ғасырдың ба сында энергия және басқа 

да  табиғи  ре сурс тарды  пайдалануды  оң тай-

лы деңгейге жет кізу», – деді Серік Ахметов. 

Вице-пре мьер елі міздің бұл ұсыныстары 

маусым айын да Рио де Жанейрода (Бра зи-

лия) өте тін «Рио+20»  сам митінде қа рас ты-

рылып, Ислам мем ле кет тері тарапынан қол-

дау таба ды деген се німде. 

ИСЕСКО бас директорының кеңесшісі 

Андремес Бұхари конференция барысында 

бірнеше ұсыныс жасады. Соның бірі – 

қоршаған ортаны қорғау саласында Ислам 

академиясын құру жайында ұсыныс. «Кли-

мат тың өзгеруі, су ресурстарының мәсе-

лелері, осының барлығы жаһандық дең-

гейдегі проблемалар. Сол үшін барлығымыз 

жауаптымыз. Біз қатысушы елдердің, ха-

лық аралық институттар мен ұйым дардың 

барлығының да ынты мақ тастықты кү шей-

тетіндігіне үміт артамыз, – деген ол сөзін 

төмендегідей ұсыныстармен сабақтады. – 

Біріншіден, климаттың өзгеруі мен қор ша-

ған ортаны қорғау пробле мала рына орай 

жұмылдырылған мемлекеттердің ынты-

мақ тастығын барынша дамыту қажет. Екін-

шіден, Ислам академиясын қалыптас ты ру 

керек. Үшіншіден, біздің конференция ая-

сында арнайы сыйлық тағайын даға нымыз 

дұрыс болар еді», – деді Бұхари. Оның ай-

туынша, тағайындалған сыйлық жыл сайын 

өтетін қоршаған ортаны қорғау ми-

нистрлерінің Ислам конференциясы аяқ-

тал ғаннан кейін тапсырылуы тиіс.

Салтан СӘКЕН,

Астана

Махмұд Фахми ХИДЖАЗИ, «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті 

университетінің ректоры, профессор, академик:

Басы 1-бетте

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


Мансұр Х

АМИТ (фо


то)

№84 (766) 

18.05.2012 жыл, 

жұма             



www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ҚОҒАМ


Әкімдікке үміткерлердің жасына қатысты шектік талап қою қажет пе?

Камал 

БҰРХАНОВ, 

Мәжіліс депутаты:

Айдос САРЫМ, 

саясаттанушы:

Қазыбек ИСА, 

«Жас қазақ үні» 

газетінің бас 

директоры, ақын:

– Әрине, мұндай талаптың болғаны жөн. Қазір ауыл әкім-

дігіне кім көрінгенді әкім етіп тағайындай салатын болды. Кей 

жерлерде 21-22 жастағы бала ауыл әкімі болып отыр. ЖОО-ны 

бітіре салып әкім болғаннан кейін ол не біледі? Тәжірибе 

жинамай, түрлі сынақтардан өтпей, әкімдіктің қаза нында пісіп, 

жетіл мегеннен кейін одан не күтуге болады? Осындай жүйе-

сіздіктің салдарынан ауылдың мәселесі жылдан-жыл ға ушығып 

барады. Онда не су жоқ, жол жоқ, басқа да жаса лынуы тиіс 

тірлік тер іске аспай жатады. Сондықтан әкім дікке тағайындарда 

нақты бір шектеу қойылса, мәселен, ауыл әкімі болу үшін 28 

жастан асқан азамат керек, аудан әкіміне 35 жас, облыстыққа 

40-тан жоғары деген секілді талап қойылса, жақ сы-ақ болар 

еді. Мысалы, Қытайда осындай талап бар. Әкім болу үшін 

алдымен, әкімдікте біраз жыл қызмет істеп, сол саланың қыр-

сырын меңгергені жөн.

– Бұл – негізі, бұрыннан көтеріліп келе жатқан мәселе. Мен 

айтар едім, бұл жерде ең бірінші, адамның іскерлік қабілетіне 

аса мән беруіміз керек. Мәселен, кейбір жастар болады, жас 

болса да, бас бола біледі. Іс-қимылы, әрекеті, білімділігі, 

сауаттылығы, алғырлығы әлдеқайда жоғары жастарды көргенде 

іштей риза боласың. Сондықтан бұл мәселеге келгенде 

азаматтардың қарым-қабілет, іскерлігін ескергеніміз жөн. Бірақ 

әрине, 21-22 жаста әкім болу ертерек секілді. Олардың кішкене 

ақыл тоқтатып, өмірдің ащы-тұщысын көріп, біраз тәжірибе, 

сынақтардан өтуі керек. 30 жаста әкім болса да жаман емес. 

Өйткені елді, халықты басқару оңай іс емес. Ол үлкен еңбекті 

қажет етеді. Сондықтан әкімдікке үміткерлердің жасына қатысты 

шектік талап қою керек секілді.

– Бұл жерде екіұдай пікір бар. Негізі, Мәжіліс, 

мәслихат депутаттығына үміткер болу үшін оның 

жасы 25-30 дан асқан болуы керек деген секілді 

талаптар бар. Осы секілді әкімдерді де тағайындар 

алдында жас мөлшеріне қарағанымыз дұрыс шығар. 

Бірақ 25 жас тағы жігіттердің арасында да жап-жақсы 

кәсіпкерлер, ел басқарып жүрген әкімдер бар. Бұл 

жерде солардың қажыр-қайратын, ықыласын, ерік-

жігерін сөндіріп ал мауымыз керек. Өкінішке орай, 

бізде кейбір жағдайда біліктіліктен гөрі тамыр-

таныстық, ағайын-жекжаттық, туыстық маңызды 

болып кетеді. Осыған тоқтам бола тындай, бәлкім, 

заңнамаға кішкене өзгерістер енгізуіміз керек шығар. 

Екі жағдайды да ескере отырып, дұрыс саясат 

жүргізсек, тиімді болар еді.



Әзірлеген Серік ЖҰМАБАЕВ

АЛАШ-АҚПАРАТ



Өрттен анасы мен қызы құрбан болды

Оқушылар жалақысы – сегіз мың теңге 

Алматы гүл ордасына айналады 

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауылында болған өртті 

сөндіру кезінде 20 жастағы қыз бен анасының мәйіті табылды. 

Өрт сөндірушілер әуелі үйіндінің астынан қыздың күйік шалған 

денесін алып шыққан. Сараптама барысында марқұмның өрттен 

емес, оған дейін алған бассүйек-ми жарақатынан көз жұмғаны 

белгілі болды. Қаза болған анасының денесінде ұрып-соғу 

белгілері болмаған. 

Өткен жылдың маусым айында облыстық әкімдік пен 

израильдік бизнесмендер арасында жасалған меморандумның 

аясында жақында аталған елдің медицина мамандары Өскеменге 

келді.

Кереку өңірінде 1-ші және 10-сыныпта оқитын 86 мыңнан 

астам оқушы бар. Биылғы оқу жылының жазғы демалыс 

кезеңінде Павлодар облысы бойынша 500 демалыс лагері жұмыс 

істейтін болады. Облыстағы білім беру басқармасы 

мамандарының айтуынша, олардың басым бөлігін, яғни 400-ге 

жуығын мектепалды лагерьлер құрайды. Жалпы, биыл 

оқушыларға арналған демалыс орындарын жөндеуге, қалпына 

келтіру жұмыстарына 60 миллион теңге, ал қажетті құрал-

жабдықтарды сатып алуға 12 миллион теңге жұмсалған. 

Мамырдың 26-сы күні Алматыда дәстүрлі гүлдер фестивалі 

өтеді. Мерекелік шарада сахналық қойылымдар көрсетіліп, қазақ 

эстрадасы жұлдыздарының концерті болады.

Дегенмен ауылдастары бұл қайғылы 

оқиғаға қаскөйлердің қатысы болуы мүм-

кін дейді. Себебі осы оқиғадан екі күн 

бұрын олар Орал қаласының Зашаған кен-

тін дегі өздерінің жер телімдерін 800 мың 

теңгеге сатқан көрінеді. Алақандай ауылда 

мұндай жаңалық естілмей қоймайтыны 

белгілі. Айтпақшы, оқиға орнын тексерген 

полицейлер жартылай жанған ақша салын-

ған сөмкені де тауып алған. БҚО ІІД бас па-

сөз қызметі аталмыш факті бойынша ҚР 

Қыл мыстық кодексінің 96-бабының 1-бө-

лімі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық 

іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір тергеу-

тексеру амалдары екі бағыт бойынша жүр-

гі зілуде. Біріншісі: анасы мен қызының 

жанжалдасуы; екіншісі: қылмыскерлердің 

кісі өлтіруге баруы. Сонымен қатар об лыс-

тық төтенше жағдайлар басқармасы қа са-

қана өрт қою фактісін де жоққа шығар май-

ды. 


Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ, 

Орал

Керекулік балғындарды көңілді дем-

алыс пен қамту саласындағы басты жа ңа-

лық – қала сыртындағы лагерьдің көптеп 

ашылуы. Биылғы жазда Қашыр ауданында 

бой көтерген алып мемлекеттік лагерь 

алғашқы демалушыларын қабылдамақ. 

Бұл игілікті шараға жергілікті бюджеттен 60 

миллион теңге бөлінген. Керекулік оқу шы-

лар дың демалыс маусымы үстіміздегі жыл-

ғы маусымның 15-інен басталады. Жоғары 

сынып оқушыларының демалысына кел-

сек, олар осы жазда қала, аудан аумақ та-

рын 


дағы көгалдандыру жұмыстарына 

жұмыл дырылады. Осыған бағытталған 

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 

облыс тың 2600 оқушысы еңбек етіп, қара-

жат табу мүмкіндігіне ие болады. «Оқу шы-

лық» жалақы сегіз мың теңгені құрайды. 

Айта кетерлігі, жаз мезгілінде жоғары 

сынып оқушылары сонымен қатар қоғам-

дық көлікте жүру үшін бір реттік 1750 

теңгеге жәрдемақымен де қамтылады.



Гүлжан ШАЯХМЕТОВА, Павлодар об лыс-

тық білім беру басқармасы бастығының 

орынбасары:

– Жекеменшік қала сыртындағы 

демалыс орындарына жолдама құны 

ор таша есеппен 32-55 мың ара лы ғын-

дағы соманы құрайды. Ал Баянауыл 

өлкесіндегі жыл бойы жұмыс істейтін 

облыстық «Жас дәурен» демалыс лагері 

жолдамасының құны – 26 мың. Мұнда 

бірінші кезекте әлеуметтік жағдайы 

төмен отбасылар мен жетім балалар 

тегін демалады.

Ақмарал ЕСІМХАН,

Кереку

Алматы қаласында жарияланған Мәде-

ниет жылы аясында фестиваль екінші рет 

ұйымдастырылып отыр. Былтыр алғашқы 

гүлдер фестивалі халықтың жоғарғы 

бағасына ие болған еді. Ұйым дас ты ру-

шылар биылғы мерекелік шараның тіптен 

өзгеше болатынын айтады. Қала тұр ғын-

дары мен қонақтары табиғи ланд шафт-

тарды, әлем бағы көрінісін, гүл кілемдерін, 

авторлық дизайнерлік композицияларды 

тамашалап қана қоймай, бау-бақ өнерімен 

де таныса алады. Сондай-ақ көрме-

жәрмеңкесінен сирек кездесетін өсім дік-

терді сатып алуға болады. Фестиваль 

бағдарламасында балалар мен ересектерге 

арналған сахналық қойылымдар бар. Театр 

және цирк әртістерінен бөлек, қазақ 

эстрадасының әншілері де өз өнерлерін 

көрсетпек. Мерекелік шараның соңында 

гүлдермен көмкерілген машиналар мен 

кареталар шеруі өтеді. Ұйымдастырушы – 

Алматы қаласының әкімдігі болса, Nicole 

және Agency Asia Direct гүл өсіретін ком па-

ниялар мерекелік шараның серіктестері. 

Фестивальді «Астана» алаңында сағат 

11.00-ден 22.00-ге дейін тамашалауға бо-

лады. 


Сандуғаш ӘЛІМЖАНОВА

Израиль дәрігерлері тегін 

операция жасайды

Израильден келген 12 кардиохирург, 

нейрохирург пен гинеколог, сондай-ақ 

бала лар неонатологы анестезиологы, уро-

логы мен офтальмолог өңіріміздегі өте 

ауыр жағдайдағы науқастарға жүзге тарта 

операция жасамақшы.

Өткен жылдың желтоқсан айында 

біздің қалаға аталған елдің ересек адам-

дар ды емдеуге маманданған дәрігерлері 

келіп, бір аптаның ішінде 20 операция 

жаса ған болатын. Ол жолы барлық опера-

ция лар тегін жасалса, бұл жолы да солай 

болмақ. Өйткені мұндай жоғары деңгей-

дегі мамандандырылған көмек Денсаулық 

сақтау министрлігі үш жылдан бері қолға 

алған кепілді медициналық көмек қызметі 

шеңберінде жүзеге аспақ. Облыстық ден-

сау лық сақтау басқармасындағылардың 

айтуынша, мұндай операцияларға ауыр 

науқасы бар жандар іріктелініп алынған 

екен.


Пресс, Израильдегі «Шнайдер» атты ең ірі 

балалар ауруханасының директоры, про-

фессор:

– Бұл операциялар арқылы біздер 

өскемендік дәрігерлерге ота жасаудың 

заманауи әдістерін көрсетіп қана қой-

май мыз, алдағы уақытта олардың өзде-

рінің де сондай оталарды жасауына 

мүм кіндік жасаймыз. Менің білуімше, 

мұнда білікті дәрігерлер баршылық. 

Осылай ету арқылы біздер екі елдегі 

емдеудің озық үлгілерімен алма са-

мыз. 

Азамат ҚАСЫМ,

Өскемен

Тест дауы басылмай тұр

ОЙ-КӨКПАР



Басы 1-бетте

Самиғолла ОРАЗОВ,

Мәжіліс депутаты

Оразалы СӘБДЕН,

экономика ғылымының докторы, 

профессор, академик

Батыс Қазақстан облысында алты аудан 

мен облыс орталығына қатынайтын жол 

салынбаған. Қанша рет айтылып жүрсе де, 

бұл жағдай жақсаратын емес. Өйткені 

жергілікті жердің бюджеті жолдарды жөн-

деу ді көтере алмайды. Демек, жергілікті 

жердегі жолдарды дамытуға арналған 

арнайы мемлекеттік бағдарлама қабыл-

дан бай мәселе шешілмейді. Осы орайда 

жергілікті жолдарды қалпына келтіру мен 

салу шығындарының 80 пайызын рес пуб-

ликалық бюджетке бекітіп, қалғанын 

жергілікті әкімшілікке жүктеу қажет. Осы 

орайда мен еліміздегі жолдарды қалыпқа 

келтіру үшін 2013-2018 жылдарға ар нал-

ған мемлекеттік бағдарлама қабылдау қа-

жет тілігі жөнінде ұсыныс айтып отырмын. 

Жолдардың бүгінгі жағдайын көре отырып, 

қандай да бір шешім қабылдамай отыра 

беруге болмайды. Облыста жол мен бала-

бақ ша салу мәселесі қатар көтерілсе, 

облыс басшысының алдымен балабақша 

салуға тырысатыны белгілі. Осылайша, 

жол мә селесі кейінге шегеріле береді. Осы 

орайда мен облыс тарапынан жолдарды 

жөн деуге арнайы қаржы бөліне бермей-

ті ніне жүз пайыз кепіл бола аламын. 

Сон дықтан бүгінгі күні бұл мәселені 

ше шудің бірден-бір жолы арнайы 

мемлекеттік бағдарлама қабылдау 

деп айта аламын. 

Рас, 2006-2012 жылдары жол-

дар ды жөндеуге арналған арнайы 

бағдарлама болды. Бағдарлама 

қабылданған алғашқы жылдары 

жергілікті жолдарға көңіл бөлі-

ніп, жолдар жөнделді де. Әйт-

се де министрдің ауысуымен 

бірге бағдарлама ұмытылды. 

Сондықтан жол мәселесін 

шешуге арналған жаңа 

бағ дарлама  қабылданса 

дұрыс болар еді. Жасы ра-

ты ны жоқ, бүгінде жолдарды 

жөндеуге қаржы бөлініп, жұмыс-

тар атқарылып жатыр. Алайда бө лін-

ген қаржыны «шегелейтіндей», оның 

жұм салуы бақыланбайды. Бағдарлама қа-

былданса, арнайы жоспармен, бөлінген 

қар жымен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік 

туар еді.

Әйтсе де ешнәрсе атқарылмайды, 

жауапты адам не көтеріліп, не жұмыс 

ауыстырып кетеді, ал бөлінген қаржы 

ысырап болады. Сонымен іс тәмам. 

Айтылып отырған бұл бағдарламаның 

да сол бағдарламалардың жолын 

құшпасына ешкім кепілдік бола ал-

май ды. Сондықтан жергілікті жер-

де гі жолдарды дамытуға арналған 

арнайы бағдарламаның қабыл-

да нуын өз басым қолдамаймын. 

Шыны керек, бұған дейін де 

жол мәселесін шешуге ар найы 

мемлекеттік бағдарлама 

қабылданған болатын. Бірақ 

оның бітірген ештеңесін 

көріп отырған жоқпыз. 

Сон дықтан бұл бағдар ла-

ма ның да жолдарды қа-

рық қылатынына сеніп отыр-

ға ным жоқ. Бағдарламаны желеу 

етіп, бюджеттен ақша бөлдіруді қою 

керек. Елбасымыз 2020 жылға дейін 

«Жол картасы» бағдарламасы аясында 

жол дарды ретке келтіруді тапсырды. Енде-

ше, сол бағдарламаны пайдаланып, жол-

да рымызды неге дұрыстай бермейміз?! 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал