Болашағы зор болса, Үміті де мол мұхтар Кәрімов, Сауле Кунапиянова



жүктеу 74.23 Kb.

Дата15.03.2017
өлшемі74.23 Kb.

БОЛАШАҒЫ ЗОР БОЛСА, ҮМІТІ ДЕ МОЛ 

 

Мұхтар Кәрімов, Сауле Кунапиянова 

Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі 

 

Мақалада  гуманитарлық-техникалық  колледжінің  заманауи  ақпараттық 

технологияларды  пайдалана  отырып  тереңдете  білім  беру  мәселелері  қарастырылған. 

Сонымен  қатар,  облыстық  білім,  жастар  саясаты  мәселелері  және  басқа  да 

басқармалармен бірлесіп өткізген шаралары туралы жазылған. 

В  данной  статье  анализируются  вопросы  углубленного  обучения  студентов  с 

использованием  новых  информационных  технологий  в  гуманитарно-техническом 

колледже.  Также  рассматриваются  мероприятия,  проведенные  совместно  с 

областными управлениями образования и молодежной политики. 

This  article  analyzes  the  issues  in-depth  training  of  students  with  the  use  of  new 

information  technologies  in  humanitarian  and  technical  college.  It  also  covers  the  activities 

carried out in conjunction with the regional offices of education and youth policy. 

Кілт  сөздер:  ақпараттық  технологиялар,  білім  беру,  колледж,  студент, 

педадгогика. 

 

Қай  заманда  болсын  болашақтан  үміт  күткен  талабы  зор  орта  алар  жеңісі  мен 



жемісі мол болмақ. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші - 

білім  деңгейімен  өлшенеді.  Әлемдік  білім  кеңістігінде  білім  беру  жүйесін  халықаралық 

биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу.  

Адам  санасы  жақсы  мен  жаманды  айырып  қана  қоймай,  жақсылығын  өз  бойына 

қалай  дарыта  алса,  өзгенің  ойын  да  соған  жетелей  білу  керек.  Сонда  ғана  білікті  ұрпақ 

өсіп жетіледі.  

Білікті  ұрпақ  деп  жан-жағын  болжай  алатын,  техника  тілін  өз  ана  тіліндей 

меңгерген  маман  болуы  шарт.  Міне,  осындай  мамандар  даярлайтын  облысымыздағы 

колледждердің  бірі  тамыры    тереңге  жайылған  Талдықорған  гуманитарлық-техникалық 

колледжі. 

Қазіргі кездегі заман талабы - жоғарғы деңгейдегі техника саласындағы жан-жақты 

маман  дайындау  болса,  колледж    ұжымы  мен  оның  басы-қасында  жетекшілік  жасап 

жүрген  директор  Джумадилов  Әсет  Қазиұлы  Елбасының  «Еліміздің  болашағы  - 

жастардың  қолында,  ал  жастардың  болашағы-ұстаздардың  қолында»  -  деген  сөзін  берік 

ұстанған басшылардың бірі. Болашаққа нық қадам адымдаған басшы ретінде колледждің 

материалдық-техникалық  базасын  нығайтуға,  оқу  кабинеттері  мен  өндірістік  оқыту 

шеберханаларының  жаңа  заман  талаптарына  сай  безендіруіне  ерекше  көңіл  бөліп,  көп 

еңбек етуде. 

Қазіргі  таңда  колледжімізде  он  мамандық  жұмысшы  кадрларын  даярлайды.  Осы 

жаңадан  ашылған  мамандықтар  үшін  барлық  материалдық  база  толығымен  қамтылған. 

Соңғы  үлгідегі  технология  жетістіктерін  қолдана  отырып  жасалған  станоктардың  әр 

түрлері  бар.  Шеберхана  толық  ағымды  жөндеуден  өтіп,  мұнда  сапалы  кәсіби  білім  алу 

үшін  барлық  жағдайлар  жасалған.  Жоғары  білімді  оқытушылар  мен  өндірістік  оқыту 

шеберлерінің өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, әрбір өтетін сабаққа жүйелі түрде 

дайындалып, сабақты инновациялық  жаңа әдістерді  пайдалана отырып өткізуі  - болашақ 

мамандық  иелерін  дайындауда,  оң  нәтижелерін  беруде.  Қазіргі  заман  талабына  сай  өз 

мамандықтары бойынша машықтануды игерген жастарға сұраныс жоғары.  

Заман  талаптарына  сай  өндіріс  орындарының  сұраныстарын  қанағаттандыру 

мақсатында  колледжбен  төмендегі  мекемелер  арасында  екі  жақты  келісім  -  шарттар 

жасалынған.  Мәселен,  Ескелді  аудандық  «Қазтелеком»  АҚ,  ЖШС  «Жиһаз  фабрикасы» 

МКҚК  «Жетісу  водоканал»,  ММ  «Алматы  облысының  білім  берудегі  жаңа  ақпараттық  


технология орталығы, ЖШС «Мақсат», ЖШС «Ал-Же-Тен», АҚ «Азия - электрик», ЖШС 

«Жетісу жарнама» секілді мекемелер колледждегі мамандарға өз сұраныстарын беруде. 

Мұндай  шаралар  студенттерінің  алдағы  уақытта  жұмысқа  орналасуына  септігін 

тигізетіні  анық.  Қазіргі  кездің  өзінде  бітірушілердің  жұмысқа  орналасу  көрсеткіші  80 

пайыз.  Білім  беру  саласындағы  әлеуметтік  серіктестік  қарым-қатынасқа  қатысушылар 

мемлекет  өндіріс,  кәсіптік-техникалық  оқу  орындары  екені  белгілі.    Колледжде  осы 

тұрғыдағы  игілік  істер  аз  атқарылып  жатқан  жоқ,  сонда  да  бір  орнында  тоқтап  қалуға 

әрине  болмайды.  Сондықтан  да  алдағы  мақсаттар  мен  жоспарлар  жоқ  емес,  бар.  Соның 

дәлелі  ретінде  тағы  да  мамандықтар  ашып  отырмыз.  Ол  «Автогрейдер  машинисі», 

«Радиоэлектроника  және  байланыс»  мамандықтары.    Бұл  да  уақыт  талабынан  туындап 

отырған  мамандықтар,  қазіргі    таңда    бұл  мамандықтар  бойынша  өндірістік  оқыту 

шеберханалары  толық  жабдықталып,  оқу  бағдарламасы  құрылып,  қажетті  құрал-

жабдықтары алынуда.  

Болашақта  әлеуметтік  серіктестіктерді  нығайта  отырып,  колледж  студенттерінің 

өндірістік  тәжірибесінің  жоғарғы  деңгейде  өтуіне  жағдай  жасалуда.  Ол  ЖШС 

«Гордорстрой»,    ЖШС  «Талдықорған  жолдары»  ЖШС  «ҚазақТелеком»  мекемелерімен 

үш жақты келісім - шарт жасалынуда. Бітіруші түлектердің болашағына қамқорлық жасай 

отырып,  қос  мамандық  алып  шығуы  үшін  «В»,    «С»  категориясын  оқытатын  жүргізуші 

мамандығы бөлімін ашып отырмыз.  

Біздің колледж бітіруші түлектеріміз еліміздің жоғары оқу орындарының студенті 

атануы - біздер ұстаздар үшін үлкен қуаныш екені белгілі. Сонымен қатар олардың қала 

оқу  орындары  арасында  өтетін  іс-шаралардың  рейтингтік  жүйесіне  белсене  қатысып, 

колледж студенттері  үнемі  марапатқа ие болуы да айтарлықтай зор мәртебе. 

Алматы  облысының  «Жастар  Саясаты  орталығы»  Ұлы  Отан  соғысы  Жеңісінің  70 

жылдығына  және  7  мамыр  Отан  қорғаушылар  күніне  орай  ұйымдастырған  «Айбын» 

әскери-патриоттық,  спорттық  жарысқа  қатысты.  Бұл  жарыстың  мақсаты  өскелең  ұрпақ 

бойына жаңа қазақстандық париотизмнің терең сезімін және Отан қорғаудағы азаматтық 

парызына  деген  беріктігін  қалыптастыру,  әскри  қолданбалы  тәртіпті  практикада  игерту, 

әскерге шақырылған жастардың моральдік, жігерлік және физикалық қасиеттерін нығайту 

болатын.  Жарыс  төрт  кезеңнен  тұрды.  Осы  жарысқа  қатысқан  колледж  студенттері 

пневматикалық  винтовкадан  атудан  3  орынға,  автоматты  бөлшектеп  және  жинаудан  І 

орынға, турникке тартылудан 3 орынға ие болды. Ал жалпы колледж командалық жүлделі 

ІІІ орын алып, марапатқа ие болды. 

Алматы  облысының  жастар  саясаты  мәселелері  басқармасы  жастар  саясаты 

орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастырумен мемлекеттік 

жастар саясатын жүзеге асыру, облыс көлеміндегі мәдени өмірдің және өнер мен өркениет 

мәдениетінің  дамуына  белсене  араласу,  жастардың  шығармашылықтарына  қолдау 

көрсету, талантты жас дизайнер-суретшілерді анықтау, жастардың бос уақыттарын тиімді 

пайдалану және діни экстремизм мен терроризмге жол бермеу мақсатында колледжде 19 

мамыр  күні  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  20  жылдығына  орай  «Жас  маман-2015»  

атты  жас  дизайнер-суретшілер  байқауы  өтті.  Бұл  байқауға  облысымыздың  түкпір-

түкпірінен  келген  12  суретші  студенттер  қатысты.  Атап  айтсақ,  Т.Жүргенов  атындағы 

Қазақ  ұлттық  өнер  Академиясының,  А.  Кастеев  атындағы  Көркемсурет  мектебінің 

студенттері қатысты. Байқау 3 кезеңнен тұрды: таныстыру, тест, шығармашылық жұмыс 

т.б.  Бұл  байқаудың  қорытындысы  бойынша  І-ші  жүлделі  орынды  Талдықорған 

гуманитарлық-техникалық  колледжінің  «Көркемсурет  жұмыстарын  орындаушы» 

мамандығы  бойыша  оқитын  ІІІ-курс  студенті  Бақытнұр  Абылай  (жетекшісі  ө/о  шебері 

А.Т.Асқаров)  иеленсе,  ІІ-ші  жүлделі  орынды  тағы  да  осы  колледждің  «Көркемсурет 

жұмыстарын  орындаушы»  мамандығының  ІІ-курс  студенті  Уркинбаев  Сағым 

Құсайынұлы  (жетекшісі  ө/о  шебері  Ж.Қ.Беков)  иеленді.  Жеңімпаз  студенттер  «Құрмет 

грамотасымен»,  бағалы  сыйлықтармен  марапатталды.  Сонымен  қатар  биылғы  оқу 

жылында  колледж  рәміздерін  қабылдады,  осыған  орай    «Колледж  рәміздері-колледждің 



мақтанышы» атты Гимн байқауы өтті. Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы 

-  Гимн.  Біздің  Гимн-колледжіміздің  салтанатты  әні.  Оның  сөздерінде  колледждің  35 

жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Колледждің әр студенті, әрбір 

қызметкері осы Гимнді жатқа білуі тиіс. Бұл Гимн колледж жастарының жүрегіне жақын, 

бәрінің  көңілдерінен  шыққан,  терең  отаншылдық  сезімдегі  бейресми  гимні  болмақ. 

Гимнің  сөзін  жазған  колледжіміздің  есепшісі  Исаханова  Назерке,  әнін  жазған  Сүйінбай 

атындағы  облыстық  филармонияның  дәстүрлі  әншісі  Есенгельдинова  Сая  екені  біреу 

білсе, біреу білмеуі мүмкін. 

        

ҚР  Білім  және  ғылым  қызметкелерінің  Талдықорған  аймақтық  кәсіподақ 

ұйымының    ұйымдастыруымен  «Ұлы  Отан  соғысы  жеңісінің  70  жылдығына»  орай  қала 

оқу  орындары  арасында  спорттың  4  түрінен  (волейбол,  шахмат,  тоғызқұмалақ,  жеңіл 

атлетика)  спартакиада  жарысы  ұйымдастырылды.  Оған  колледж  ұжымынан  құралған 

команда  қатысты.  Бұл  спартакиадада  ұжым  –  тоғызқұмалақтан  –  ІІ  орынға,  Жеңіл 

атлетикадан – ІІІ орынға, волейболдан – ІІІ орынға, шахматтан – ерлер ІІ орынға, әйелдер 

арасынан  –  ІІІ  орынға  ие  болып,  ақшалай  сыйлықпен,  мақтау  қағазымен  марапатталды.  

Сонымен  бірге  колледж  ұжымы  қалалық,  облыстық  іс-шараларға  белсене  қатысады. 

Қазақстан  Республикасында  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011-2020  жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  аясында  Талдықорған  политехникалық  колледжінің 

80  жылдығына  орай  ұйымдастырылған  «Ұлтым  басқа-тілім  қазақ»  атты  колледждер 

арасындағы  өткен  қалалық  байқауында  оқытушы  А.М.  Абельданованың  жетекшілігімен  

колледж студенті  Бедарева Виктория  І орынға ие болса, облыстық әдістемелік кабинеттің 

ұйымдастырумен  өткен  «Қоғамдағы  ақпараттандыру  жағдайындағы  инновациялық 

оқыту»  тақырыбында  өткен  облыстық  педагогикалық  оқуларда  шығармашылық 

жетістігімен ерекшеленгені үшін колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Б.А. Самалбаева 

«Алғыс хатқа» ие болды.  Әлия Молдағұлованың 90 жылдық мерейтойына арналған әдеби 

музыкалық композицияға белсене қатысқандары үшін колледждің музыка жетекшісі  Ұ.Ә. 

Джакубаева  мен  студенті  Малисова  Гүлсім  грамотамен  мараптталса,  Көксу 

Ауылшаруашылық 

колледжінде 

Алматы 

облыстық 



әдістемелік 

кабинетінің 

ұйымдастыруымен    Ұлы  Отан  жеңісінің  70  жылдығына  орай  «Екі  жұлдыз»  атты 

патриоттық  әндер байқауында  «Жүректі әншілер»  номинациясына ие болды.  

 

 

Тәуелсіздік  күніне  орай  өткізілген  «Жырым  сенсің-мәңгілік  Ел»  атты  қалалық 



әскери-патриоттық  әндер  бауқауында  колледжіміздің  І  курс  студенті  Хасенов  Мирас 

жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. 

Сонымен  қатар,  колледждің  математика  пәнінің 

оқытушысы 

А.М. 

Абельданова 



Талдықорған 

агротехникалық 

колледжінде 

ұйымдастырылған  қала  оқу  орындары  арасында  математика  пәні  бойынша  олимпиадаға 

студенттер қатыстырып, жүлделі І, ІІ орынды иеленді.  

 

 



 

  Қазақстан    Республикасы  Тәуелсіздігіне  арналған  қала  оқу  орындары  жас 

оқытушылары  арасындағы  «Тәуелсіздік-тірегім!»  атты  рефераттар  байқауында  колледж 

оқытушысы Д.Қ. Идрисова жүлделі бірінші орынды иеленді. 

 

  Алматы    облысы  жастар  саясаты    орталығы  «Жас  Отан»  облыстық  филиалының 



ережесіне  сәйкес  Талдықорған  колледждер  арасында  «Денсаулық-зор  байлық»  атты 

денсаулық  күніне  арналған  спорттық  іс-шараға  колледж  студенттері  қатысып  жүлделі 

орындарға ие болды. 

        ХХІ ғасыр – білімділер мен бәсекелестік ғасыры. Қазіргі жаһандану заманының басты 

мақсаты  –  білім  беру  жүйесінің  тиімділігін  арттыру,  білім  беруде  жоғары  сапаны 

қамтамасыз ету. Қай кезеңде, қай қоғамда болмасын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан 

басталады.  Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндеттің бірі - білім беру жүйесін жаңарту 

болып отыр.  

 

Осы  мақсатта  Талдықорған  гуманитарлық-техникалық  колледжінде  Алматы 



облысының әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  «Жалпы білім беру және арнайы 

пәндерді  оқытудағы  білім  беру  кеңістігінің  сабақтастығы»  тақырыбында  облыстық 

семинар өтті.  Семинардың мақсаты - жалпы білім беру және арнайы пәндерді оқытудағы 


білім беру кеңістігінің сабақтастығын іс-тәжірибе арқылы насихаттау. Семинарды Алматы 

облыстық  әдістемелік  кабинеттің  меңгерушісі  Қабдұлова  Алуа  Жанатайқызы  ашып, 

қонақтар  мен  семинарға  қатысушыларды  семинардың  мақсаты  мен  міндеттерімен 

таныстырып өтті. Сонымен қатар, колледж директоры Жұмаділов Асет Қазиұлы колледж 

тарихымен,  оның  материалдық-техникалық  базасымен  таныстырып,  колледж  бойынша  

қысқаша    экскурсия  жүргізіп  өтті.  Колледждің  орыс  тілі  және  орыс  әдебиеті  пәнінің 

оқытушысы  А.К.Джумадилова  шебер  сынып  көрсетсе,  сызу  пәнінің  оқытушысы  Б.З. 

Адильбекова,  химия  пәнінің  оқытушысы  А.  Ахметова,  информатика  пәнінің  А.  М. 

Бюлюкеева    семинарға  қатысушыларға  өздерінің  ең  үздік  ашық  сабақтарын  өткізді.         

Онда  оқытушылар  студенттердің  танымдық  қабілетін  дамыту,  шығармашылық 

белсенділіктерін  жетілдіру  мақсатында  жалпы  білім  беретін  пәндермен  мамандықтың 

байланысының тиімді әдістері мен тәсілдерін көрсете білді.  

          Пән  оқытушыларының  өткізген  ашық  сабақтары  мен  шебер  сыныптары  жоғары 

әдістемелік  деңгейде  өтті.  Студенттермен    жұмыс  жүргізуі  барысында  интербелсенді 

тақтаның  тиімділігі  ерекше  аталып  өтілді.  Әр  түрлі  әдіс-тәсілдерде    өткізілген  ашық 

сабақтардың жаңашылдығы, студенттердің шығармашылық қабілеттерінің артуынан, өзін 

және өзара бағалаудың ұтымдылығынан  көрінді. «Үйренсем, қызмет сапасын арттыруға 

әсер  ететін  ұтқыр  шешімдерді  көрсем,  өз  тәжірибеме  қолданатын  құнды  жұмыстармен 

таныссам», - деген мақсатпен келген оқытушылар семинардың  мазмұны терең, тәлімі мол 

екендігін  жоғары  деңгейде  бағалап,  өз  пікір-тілегін  білдірді.  Семинар  соңында  Алматы 

облыстық  әдістемелік  кабинеттің  әдіскерлері  Г.Н.Боранбаева  және  Ш.Қ.Исаханова 

семинардың  қорытындысын  шығарып,  өз  іс-тәжірибелерін  таратқан  оқытушыларға 

сертификаттар  тапсырды.  Колледж  педагог  қызметкерлері  өз  білімдерін  үнемі 

жетілдіруде.  ҚР  Астана  қаласындағы  «Туран-Профи»  кәсіби  академиясының 

ұйымдастырумен Алматы қаласында өткен курсқа колледждің арнайы пән мен өндірістік 

оқыту шеберлері, ҚР  Астана қаласы «New Technologies Company» ЖШС ұйымдастырып 

отырған    курсқа    өндірістік  оқыту  шебері    Беков  Жанаділ  Қалиұлы,  Адильбекова  Бақыт 

Зиядақызы  2015  жылдың  қараша  айында  оқуға  барып  өз  білімдерін  шыңдап  қайтса, 

директордың  ӨОІ  жөніндегі  орынбасары  Самалбаев  Б.Б.  Алматы  қаласында 

ұйымдастырлыған  «Кәсіптік  стандарт  құрылымын  оқыту  бағдарламаларына  жобалау 

технологиясы»  тренингке қатысып келді.   

    


 «ХХІ  ғасыр  –  білім  бәсекесі  ғасыры.  Әлемдік  білім  кеңістігінің  ұлан-ғайырлығы 

сондай, мұғалімнің аса зор мәдениеттілік пен білімдікке үнемі ұмтылысы, педагогикалық, 

әдістемелік  деңгейінің  жоғары  болуын  қадағалауды  талап  етеді.  Болашаққа  біздің  қадам 

енді  басталды,  оның  қандай  болуы    сіз  бен  бізге  байланысты»  -    деген    Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаев.  Ұстаз  -  жас  ұрпақтың  рухани  сәулеткері.  Ұстаз  –  қоғамның, 

халықтың болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де 

зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды 

тәрбиелеп  келеді.  Әрбір  елдің  келешегі  мектебіне  байланысты.  Тәуелсіз  Қазақстан 

Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуда, қоғамдық өмір 

мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор.  

 

Жас  жеткіншектерді  оқыту  мен  тәрбиелеу  ісінде  жақсы  жетістіктерге  жеткен 



төмендегі колледждің педагог қызметкерлері  Ұ. А. Джакубаева,  С.М. Кунапиянова, Б.Б. 

Самалбаев  Қазақстан  Республикасының  Ғылым  және  білім  министрлігінің  Құрмет 

грамоталарымен  және  Алғыс  хаттарымен  марапатталса,  А.К.  Джумадилова,  К.С. 

Айнағұлова,  Н.Е.  Рысбеков    және  т.  б    оқытушылар  мен  өндірістік  оқыту  шеберлері 

облыстық білім басқармасының Құрмет Грамотасымен марапатталды. 

 

Билығы жылы Ұстаздар мерекесі қарсаңында  облыс әкімі колледж директоры А.К. 



Джумадиловке    ҚР  «Білім  беру  ісінің  құрметті  қызметкері»  төсбелгісін  тапсырды. 

Сонымен  қатар    колледжіміздің  оқытушылары  мен  өндірістік  оқыту  шеберлері 

Абилкаримов  Ш.А.,  Ахметова  Ж.А.    облыстық  білім  басқармасының,  Идрисова  Д.Қ., 


Садырбаев Р.С., Ибраева А.Қ. облыстық кәсіподақ ұйымының  «Құрмет грамоталарымен»  

марапатталды.  

 

Елдігіміздің  елдігін  айқындайтын  Тәуелсіз  мерекесіне  орай  Астана  қаласында 



тапсырылған  марапаттар  өз  иелеріне  тапсырылды.  Ол  колледждің  қаржылық-

экономикалық  үнемделуі  мен  материалдық-техникалық  базасының  өсуіне  зор  үлес 

қосқаны  және  кәсіпорын  қызметін  сапалы,  заман  талабына  сай  ұйымдастыра  білген 

шеберлігі  үшін  «Экономика  мақтанышы»  орденімен  колледж  директоры  Джумадилов 

Асет  Қазыйұлы,  еңбектегі  жоғары  кәсіби  шеберлігі  мен  қаржылық  есепшоттарды 

мақсатты  істерге  үнемдеп  аударғаны  үшін  бас  есепші  Коптағаева  Гүлнар  Омарқызы 



«Кәсіби  сіңірген  еңбегі  үшін»  медальмен,  «Жылдың  үздік  маманы»  Ұлттық 

сертификатымен  директордың  шаруашылық  жөніндегі  орынбасары  Қалиев  Жарқынбай 

Құрманұлы марапатталды.  

 «Қыран  түлегіне  қайтпас  қанат  сыйлайды,  ұстаз-шәкіртіне  талмайтын  талап 

сыйлайды»    демекші,  біздің  колледжден      ұшқан  түлектеріміз  болашақта    бәсекеге 

қабілетті білікті де,  білгір маман иесі болатынына ұстаздар қауымы сенімді. 

Біздің  педагогикалық  ұжым  әлі  де  талай  биіктерден  көрініп,  еліміздің  ертеңін 

қалайтын жас жеткіншектерді оқытып  саналы тәрбие беретіні анық. 

Иә,  ұстаздардың  әсерлі  үнмен,  мәнерлеп  сөйлеген  сөзінен  әрбір  оқушыға  деген 

қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Адамның 

жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу-бұл нағыз шеберлік емес пе?!  

Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  болары  анық. 

Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған  ақын  да,  тегеуріні  темір 

балқытқан  жұмысшы  да,  егін  салған  диқан  да,  мал  бағып  терін  төккен  шопан  да,  көк 

күмбезінен  әрі  өткен  ғарышкер  де  бәрі  -  бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған,  сондықтан 

ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам  баласы  құрметпен  бас  иеді.  Әрбір  тұлға  өмірінде  үлкен 

тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. 

Нағыз мұғалім, міне, осы!  Шәкірті өзінен озған ұстаз - еңбегі ақталған ұстаз. Сондықтан 

да, ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.  

Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің 

басты  тұлғасы,    жүрегі  -  мұғалім.  Ұрпақ  болашағы,  халқымыздың  келешегі  қазіргі 

ұстаздардың  қолында.  Өйткені,  әрбір  мемлекеттің  өсіп  өркендеуінің,  бәсекеге  қабілетті 

болуының  ең  басты  ошағы  -  ұстаз  берген  білімде.  Сондықтан  да,  дамудың  ең  биік 

көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс 

жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді.  

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал