Бөж. Тақырыбы: Қоғамның әлеуметтік құрылымы



жүктеу 0.54 Mb.
бет1/2
Дата10.05.2022
өлшемі0.54 Mb.
#19695
  1   2
БӨЖ КӨРКЕМАЙ ӘБІЛҚАСЫМ ФҚФ-011

Бөж.

Тақырыбы:

Қоғамның әлеуметтік құрылымы.


Қожа Ахмет Яссауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қабылдаған:Юсупов Қуанышбек Орындаған:Әбілқасым Көркемай
Топ:ФҚФ-011

Жоспар:

  • Кіріспе.
  • К.Маркстің әлеуметтанулық теориясы.
  • Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
  • Қоғамның әлеуметтік құрылымына байланысты негізгі ұғымдар.
  • Қорытынды.
  • Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Әлеуметтану – қоғам туралы ғылым.Ал,қоғам - әлеуметтік жүйе. Әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым- қатынастардан, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз.

Қоғам атаулының болуы үшін мынадай жағдайлар қажет:

  • Адамдардың өмір сүруі үшін тұрақтылықты жер территориясының ортақтығы;
  • Қауымдастықтың бүтіндігі мен тұрақтылығы;
  • Өздігінен ұдайы өндіру, өзін- өзі қамтамасыз ету және өзін- өзі басқару;
  • 4Халықтың дамуына қажетті белгілі бір мәдени деңгейдің болуы.

К.Маркстің әлеуметтанулық теориясы.

  • Ол, біріншіден, объективтік-материалистік теорияны қолдана отырып, қоғамның дамуын "формация", яғни ерекше бір құбылыс ретінде қарастырды;
  • Екіншіден, қоғам дамуының ең басты, қозғаушы, шешуші күш деп экономика, яғни өндіріс тәсілі, оның ішінде өндіргіш күштер, соларға сәйкес өндірістік қатынастарды түсіндірді;
  • Үшіншіден, алғаш әлеуметтік құрылым, яғни қоғамды таптарға, топтарға, жікке бөлу теориясын жасады. Тапқа, жікке, топқа бөлудің негізгі белгісі өндірістік құрал-жабдықтарына меншік нысанына байланысты екенін атап көрсетеді.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы.


Әлеуметтік құрылым дегеніміз — кең мағынасында қоғамның әлеуметтік-демографиялық та, әлеуметтік-таптық та, әлеуметтік-территория да, әлеуметтік-этникалық та, әлеуметтік-діни де т.б. құрылымдарын қарастыратын ұғым.Ал,тар мағынасында қоғамның әлеуметтік-топтық жіктелуін,таптарға, әлеуметтік топтар мен жіктерге бөлінуін ғана білдіреді.
Әлеуметтануда "әлеуметтік құрылым” ұғымы "әлеуметтік жүйе” ұғымымен тығыз байланысты. "Әлеуметтік құрылым” түсінігі "әлеуметтік жүйе” түсінігінің бір бөлігі болып табылады және екі компоненттен тұрады - әлеуметтік құрам және әлеуметтік байланыстар. "Әлеуметтік құрам” – бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент – осы элементтер байланысының жиынтығын білдіреді. Осылайша, "әлеуметтік құрылым” ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды, екінші жағынан – мәні мен сипаттамасы бойынша іс- әрекетінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады.

жүктеу 0.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет