БҚму хабаршы №1-2017ж



жүктеу 5.14 Kb.

бет9/42
Дата08.09.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42

Молдагалиев Б. А., Кенжегалиев А.М. 
Становление и развитие музыкального образования в  
Западно-Казахстанской области 
В  данной  статье  рассматривается  становление  и  развитие  музыкального 
образования в Западно-Казахстанской области. Раскрыты теоретические и историко-
педагогические аспекты развития музыкального образования в области. Даны анализ 
и характеристика организаций, учебных заведений музыкального профиля. 
Ключевые  слова:  Принцип  регионализации,  музыкальное  образование, 
развитие  музыкального  образования,  учебные  заведения  музыкального  профиля, 
музыкально-образовательные учреждения. 
         
 
Moldagaliev B.A., Kenzhegaliev A.М. 
Formation and development of music education in the West-Kazakhstan region 
This article examines the emergence and development of music education in Zapdno 
Kazakhstan  region.  The  theoretical  and  historical  and  pedagogical  aspects  of  music 
education  in  the  field.  Given  the  analysis  and  characterization  of  the  organization  of 
educational institutions Music Profile. 
Keywords: The principle of regionalization, musical education, development music 
education, music education Profile, musical educational institutions. 
 
*** 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
58 
ӘОЖ 796/799.378 
Сейсенбеков Е.К.  п.ғ.к., доцент, 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
E-mail: Yerlan_fks@mail.ru 
Тастанов Ә.Ж. – п.ғ.к., профессор, 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
E-mail: tastanov_70@mail.ru 
Әшімханов Ғ.Р. – аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 
университеті, E-mail: gashimkhanov@mail.ru 
Садыбаева Г.Б. – п. ғ.м.,  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
E-mail: gulnaz-22-10-87@mail.ru 
 
СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ СТУДЕНТТЕР ҮШІН МОРАЛЬДЫҚ-
РУХАНИ ТҰРҒЫДА ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ 
МАҢЫЗЫ 
 
Аңдатпа. Мақалада студенттердің өздері оқитын жоғары оқу орындарының 
оқу  үдерісінде  спорттық  ойындармен  айналысу  түсініктемесі,  соған  орай, 
сипаттамасы  мен  әдістері  берілген.  Спорттық  ойындармен  айналысудың 
пайдалылығы 
медициналық-биологиялық 
және 
физиологиялық 
тұрғыдан 
денсаулыққа  әкелер  маңыздылығын  жастар  арасында  жеткізу.  Статистикалық 
мәліметтерге  қарап,  ондай  аурушаңдыққа  бой  алдырмау  жолдарын,  әдістерін 
қарастыру  арқылы  студенттердің  саналы  түрде  жалпы  дене  шынықтырумен 
қатар,  спортпен,  соның  ішінде,  спорттық  ойындармен  өздігінше  айналысулары 
жайлы ұсыныстар жазылған. Кез келген педагогикалық еңбектерде өскелең ұрпаққа 
гуманизм  негіздері  жайлы  түсініктер  айтылады.  Сол  сияқты,  спорттық 
ойындардың  осындай  адами  қасиеттерін  «Әділ  ойын»  арқылы  насихаттай  берсек, 
мамандармен қатар, білім алып жүрген студенттерде де адамгершілік ұстанымды 
баулып,  тәрбие  жұмысына  өздігінше  үлес  қосары  анық  болар  еді.  Себебі,  мың 
жерден  қаншалықты  білгір,  өз  ісінің  шебері  бола  тұра,  адамгершілік  қасиеттері 
мүлдем  жоқ  үлкен  мегаполистегі  бас  маманнан  гөрі,  оқуда  озат  болмаса  да,  ауыл 
балалары  үшін  тәрбиенің  барлық  түрлерін  осы  спорттық  ойындар  арқылы 
бойларына сіңдіріп жүрген қатардағы мұғалімнің артық болатыны барлық педагог 
қауымның есінде болса керек. 
Тіректі  сөздер:  Спорттық  ойындар,  дене  шынықтыру,  оқу  үдерісі, 
студенттер, салауатты өмір сүру салты, руханилық, қасиеттер. 
 
Кіріспе. Соңғы уақыттарда Қазақстан Республикасы халқының денсаулық хал-
ахуалын  жыл  сайын  дәрігерлік-амбулаториялық  тексерістен  өткізіп  тұрады. 
Экологиялық  жағдайы  нашар  аймақтар  көбеюде.  Оған  соңғы  жылдардағы  ауа,  су, 
қоршаған  ортаның  ластануы,  зымырандардың  құлаулары,  техногендік  апаттар,  ауа-
райының  аномальді  өзгеруі  және  басқа  да  объективті-субъективті  себептер  болуда. 
Өз кезегінде, ол міндетті түрде денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Алайда, адамдардың 
өз денсаулығына немқұрайлы қарауының (әсіресе, жас кезеңде) кесірінен, орта жасқа 
жетпей жатып, аурушаң, әлсіз, осал болып жатады. Елімізде салауатты өмір сүру стилі 
әлі  қалыптаспаған.  Соның  әсерінен,  адамдар  өздерінің  денсаулықтары  туралы  ойлап 
жатпайды.  Күйбең  тіршілік  қамымен  оған  мойын  бұрмайды,  уақыт  бөлгеннің  өзінде 
қайда барып айналысары, оларға үйретер маманның жоқтығы қолбайлау болмақ. 
Денсаулықты сақтау, салауатты өмір сүру салтын ұстану, өзін-өзі күту сияқты, 
параметрлер бойынша әр елдің ғылыми, статистикалық зерттеулері бар. Міне, сондай 
зерттеулердің көрсеткіштері бойынша – спортпен белсенді түрде, үнемі айналысатын 
адамдар мүлдем айналыспайтындармен салыстырғанда, шаршауға 1,5 есе төзімдірек, 
ас  қорыту  органдарының  аурулары  2  есе  аз,  гипертониялқ  аурумен  2,5  есе  аз,  ұзақ 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
59 
уақыт  тұрақты  түрдегі  тонзиллитпен  3,5  есе  аз,  тымаумен  2  есе  аз  ауыратынын 
дәлелдеп  берді.  Оның  нәтижесі  ретінде  –  спортпен  белсенді  түрде  айналысатын 
адамдардың денсаулық жағдайы бойынша жұмыстан 2,3 есе аз қалады [1]. 
Осылайша,  жоғары  оқу  орындарындағы  дене  тәрбиесі  денсаулық  сақтаудың 
ажырамас  бөлігі  ретінде  қарауға  болатыны  жөнінде  қорытынды  шығаруға  болады. 
Қоғамда  дене  шынықтыру  өзінде  дене  қасиеттері  жақсы  жетілген  рухани  байлығы, 
моральдік  тұрғыдағы  тазалығы  үйлесімді  жарасқан  жаңа  адамды  тәрбиелеудегі 
маңызды амал болып табылады. 
Ғылыми  мәселенің  қойылымы.  Дене  тәрбиесі  –  дене  қасиеттері  тұрғысында 
дұрыс  дамудың  қажетті  шарттарының  бірі  болып  табылады.  Жастайынан  спортқа 
тарту адамның дене қасиеттерін шынықтырады, икемділік пен ептілікті және реакция 
жылдамдығын  тәрбиелейді,  белсенділікті  арттырады,  шынайы  достық  пен 
адамгершілік  қасиеттерін  дамытады.  Балалар  мен  жасөспірімдердің  дене  тәрбиесі 
амалдарын кешенді түрде қолданған жағдайда ғана толыққанды дене дамуы болады: 
табиғи факторлар, гигиеналық іс-шаралар және дене жаттығулары. 
Жоғары  кәсіби  білім  беруде  «Дене  шынықтыру»  пәні  жалпы  гуманитарлық 
және  әлеуметтік-экономикалық  пәндер  циклінде  міндетті  базалық  курс  ретінде, 
негізгі пәндердің бірі болып табылады [2]. 
Дене шынықтырудың гуманитарлық тұрғыдағы маңыздылығы салауатты өмір 
сүруге  деген  тұрақты  түрде  түрткінің  жасалынуы,  студенттерде  дене  өзін-өзі 
жетілдіруге  деген  қажеттіліктерінің  туындауы,  мүсіннің  сымбаттылығы  мен  ішкі 
сана-сезім түрткісін тәрбиелеу сияқты, бөліктерден тұрады. 
Дене шынықтырудың жоғары білімге деген сіңдірген еңбегі студенттерді дене 
шынықтырудың 
ғылыми-сарамандық 
негіздері 
туралы 
білімнің 
барлық 
аспектілерімен,  сонымен  бірге,  жеке  тұлғаның  психикалық  тұрақтылығы  мен  оның 
психофизикалық қабілеттіліктерін, денсаулықты сақтау мен нығайтуды, сарамандық 
дағды-машықтардың жүйесін меңгеруді қамтамасыз етумен белгіленеді. 
Жоғары оқу орнындағы дене шынықтыру мен спорт жұмыстарын жандандыру, 
оқу  орнына  сәйкес,  бұқаралық  денешынықтыру-спорттық  іс-шараларды  өткізу,  оқу 
орны  құрамаларын  даярлап,  спорт  түрлерінен  дүбірлі  жарыстарға  қатысу  секілді 
жұмыстарды  оқу  орнының  Дене  шынықтыру  және  спорт  немесе  Дене  тәрбиесі 
кафедрасы  атқарады.  Қазақстан  Республикасының  Білім  Берудің  Жалпы  Міндетті 
стандарттарына  сәйкес,  дене  шынықтыру  сабағы  8-ден  16  кредитке  дейін  болатын, 
гуманитарлық  білім  беру  цикліне  кіретін  міндетті  пән.  Жоғары  білім  берудің 
маңызды  міндеттерінің  бірі  ретінде,  қазіргі  кезеңде  мамандарды  даярлаудың 
фундаменталдық кәсіби және гуманитарлық тұрғыдағы қосындысы болып табылады. 
Гуманитарлық  ғылымдар  құнды  дүниетанымдық  білімдерді  алудың  амалы  болып 
табылады,  ақыл-ой,  сана-сезімнің,  эрудицияның  дамуына  мүмкіндік  береді,  жеке 
тұлғаның мәдениетін қалыптастырады [3]. 
Дене  шынықтыру  бойынша  алынған  білімдердің  көмегінің  арқасында 
студенттер  тірі  табиғатта  болып  жатқан  үдерістер  мен  көріністер  туралы  бүтіндей 
ұғым  құраулары  керек,  табиғатты  танып-білудің  заманауи  ғылыми  негіздерінің, 
әдістерінің  мүмкіндіктерін  толыққанды  түсінуі,  оларды  кәсіби  міндеттерді  орындау 
деңгейінде  меңгерулері  қажет.  Студенттердің  дене  тәрбиесінің  мақсаты  ретінде 
жоғары  оқу  орнында  білім  алып  жүрген  жеке  тұлғаның  дене  мәдениетін 
қалыптастыру болып табылады. 
Тәжірибенің әдіснамасы. Алға қойылған мақсат-міндеттерге жету үшін келесі 
тәрбие, білім беру, дамыту және сауықтыру міндеттерін шешуді қарастыру қажет: 
-  жеке  тұлғаны  дамуы  мен  оның  кәсіби  іс-қызметке  дайындау  үшін  дене 
шынықтырудың рөлін түсіну; 
- дене шынықтырудың ғылыми-сарамандық, практикалық және салауатты өмір 
сүру салтының негіздерін білу; 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
60 
-  дене  шынықтыруға  деген  ішкі-сыртқы  түрткілік,  құндылық  қатынастарды, 
салауатты  өмір сүру салтына  деген оң шешімді көзқарас  орнату, дене  қасиеттерінің 
өзін-өзі  жетілдіру  мен  өзін-өзі  тәрбиелеу,  дене  жеттығуларымен  және  спортпен 
тұрақты түрде айналысу қажеттіліктерін қалыптастыру; 
-  денсаулық  сақтау  мен  нығайтуды,  психикалық  жайлылық,  психофизикалық 
қабілеттіліктердің  дамуы  мен  жетілдірілуін,  жеке  тұлғаның  қасиеттері  мен  өзіндік 
ерекшеліктерін,  дене  шынықтыру  саласында  өзін-өзі  анықтауын  қамтамасыз  ететін 
практикалық және сарамандық дағды-машықтар жүйесін меңгеру; 
-  студенттердің  болашақ  мамандыққа  деген  психофизикалық  дайындығын 
анықтайтын жалпы және кәсіби-қолданбалы дене даярлығын қамтамасыз ету
- өмірлік және кәсіби мақсат-міндеттерге жету үшін дене шынықтыру-спорттық іс-
қызметтерді шығармашылық тұрғыда қолдану үшін тәжірибенің жинақталуы. 
Спорттық  ойындар  еліміздегі  кез  келген  оқу  орындарының  оқу 
бағдарламасында  негізгі  орын  алып,  ажырамас  бөлігі  болып  табылады.  Спорттық 
ойындар  деп,  белгілі  бір  мақсатқа  жету  үшін  әртүрлі  тактикалық  және  техникалық 
айла-тәсілдерде  негізделген  ойындық  жарыстарды  айтады.  Спорттық  ойындардың 
жарыстары  кезінде,  әдетте,  екі  немесе  бірнеше  қарсыластардың  өзара  жарыстар-
тартыстар үдерісі болады. 
Спорттық  ойындармен  айналысу  барысында  жаттықтыруға  қатысушы 
адамдарда  жылдам  өздігінше  шешім  қабылдау  дағды-машықтары  пайда  болады, 
жылдамдығы,  бағыты  және  жиілігі  бойынша  өзінің  қимыл-қозғалыстарын  лезде 
өзгерте  алу  қабілеттіліктері  жетілдіріле  түседі.  Адамның  денсаулығына  оң  шешімді 
ықпал  етуі,  сонымен  бірге,  төзімділікті,  жылдамдықты,  икемділік  пен  ептілікті 
дамытумен,  бұлшық  ет  құрылымының  ырғақты  қызметін  қолдаумен,  ауруға  қарсы 
иммунитеттің күшеюі арқылы тымау, суық тию ауруларына жоғары деңгейдегі қарсы 
тұрақтылығын  қалыптастыру  болып  табылады.  Және,  бұл  спорттық  ойындардың 
түгелімен  барлық  әлі  артықшылықтары  емес,  оның  адамдарды,  атап  айтса,  өскелең 
ұрпақты тәрбиелеуде басқа да оң ықпалдары бар [4]. 
Спорттық  ойындар  адамның  –  жеке  тұлға  ретінде,  дамуына  өте  көп  ықпал 
жасайды.  Жоғарыда  айтылғанның  дәлелі  ретінде  келесіні  келтіруге  болады:  жеке 
тұлғаның  қоғамдық  маңызы  бар  қасиеттерін  тәрбиелеу  ең  басты  рөл  атқарады  – 
саналы  тәртіп,  ұжымдық  түсінік,  өзінің  жеке  іс-қызметінен  ұжымдық  іс-қызметті 
жоғары  қоя  білу  және  т.б.  Бұл  жерде  ұжым  жеке  тұлғаның  қалыптасуына  ең  көп 
ықпал  ететін  белсенді  фактор  ретінде  болады.  Оның  ықпалы  жоғары  және  күшті 
болған сайын, оның мүшелерінің беделдері де солай жоғары бола бермек. 
Спорттық  ойын  –  әрқашан  да  күрес,  тынымсыз  еңбек,  көбінесе  қаталдырақ, 
адамның  ұжым  арасында  барлық  қасиеттері  ашық  та,  жан-жақты  көрінетін  спорт 
түрі.  Сондықтан  да,  неғұрлым  жоғары  деңгейдегі  моральдік  қасиеттер  нақ  осындай 
жағдайларда көрініс береді. Спорттық ойындардағы әділдік пен шындық – моральдік 
пісіп-жетілуін  анық  көрсететін  көрініс.  Кез  келген  жолмен  жеткен  жеңістің 
өміршеңдігі жоқ, себебі, ол спорттың моральдік нормаларын құртады. 
Алынған  нәтижелер  және  оның  талқылануы.  Қарсыласқа  деген  құрмет, 
күрестің  рұқсат  берілген  айла-тәсілдерін  ғана  қолдану  –  міне,  нақ  осы  спорттық 
нормалар жасөспірімдер болсын, кәсіби болсын, әуесқой болсын, спорттағы алғашқы 
қадамдардан бастап, ешбір сөзсіз орындалатын қағидалар. 
Спортпен  айналысу  барысында  әріптестермен,  команда  мүшелерімен,  басқа 
адамдармен,  спортқа  табынушы  жанкүйерлермен  араласу  және  өзара  әрекет  ету 
туралы  нормалары  мен  ережелердің  ерекше  жүйесі  пайда  болады,  ал  спортшыда 
Отанға деген ерекше ықылас, өз елі үшін үлкен халықаралық жарыстарда басқа елдің 
спортшыларымен  үнемі  бәсекелесте  болғандықтан  патриоттық,  достастық  және 
әріптестік  сезімдері,  команда  ішінде  ұжым  үшін  жауапкершілік  қасиеттері 
қалыптасады.  Спорттық  іс-әрекет  пен  жарыстардың  ерекше  әдемілігі  мен 
сауықшылығы соған сәйкес көзтартымдылықпен ерекшеленеді де, сондықтан музыка 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
61 
құралдары  мен  қозғалыс  өнері  мүмкіндіктерін  дұрыс  ойластыра  білген  дұрыс,  әрі 
оларды  сауатты  қолдануды  талап  етеді,  соған  сәйкес  өзін-өзі  ортада  алып  жүру 
мәнерін  қалыптастырады,  өзіне  жарасымды  тартымды  спорттық  талғампаздыққа 
мүмкіндік  береді.  Осы  және  осы  тектес  әсемдік  мүмкіндіктерінің  арқасында 
Олимпиадалық  ойындар,  Универсиадалар,  әлем,  құрылық  ойындары  мен  спорт 
түрлерінен чемпионаттар секілді, ірі жарыстардың ашылу-жабылу рәсімдері, әдетте, 
спорттық-мәдени,  сұлулықты,  адам  денесінің  жетілуі  мен  денсаулығын 
театрландырылған  көрініс  арқылы  салтанатты  түрде  паш  ету,  адамның  әсемдік  пен 
үйлесімділік  туралы  көрінісін  қалыптастыруы  арқасында,  тұлғада  эмоциялық 
сезімнің  пайда  болуына    және  оның  эстетикалық  талғамының  дамуына    әсер  етеді. 
Осының  арқасында,  спорт  өскелең  ұрпақтың  рухани  тәрбиесіне  өзінің  зор  үлесін 
қосады.  Спорт  саясаттың  құралы  емес.  Спорттық  жарыстарда  таза  спорттық 
сайыстың, бірі-біріне деген қолдаушылықтың рухы, нәтижелердің объективті бағасы 
әрқашан да болып тұруы қажет. Нақ осы спорттық жарыстарда спортшының барлық 
қасиеттері,  соның  ішінде,  тек  дене  қасиеттері  емес,  сонымен  бірге,  психологиялық, 
рухани,  күш-ерік  қасиеттері  барлық  қырынан  көрінеді.  Спорттық  БАҚ  тарихында 
сайыстар  барысында  спортшы  жарақат  алып  қалған  өз  қарсыласына  көмек  еткені, 
демегені жөнінде әлденеше рет мысалдар келтірілген. 
Бұқаралық ақпарат құралдарының спорттық арналарында немесе басқа да БАҚ 
жаңалықтарында  жарыстар кезінде спортшы өз қарсыласына көмек көрсетіп жатқан 
жөніндегі сюжет-мысалдар көп. Әсіресе, мұндай жағдайлар футболда көп кездеседі – 
қарсылас  әртүрлі  жағдайларға  байланысты  жарақат  алып,  орнынан  тұра  алмай 
жатқан  кезде,  футболшының  басым  көпшілігі  аталмыш  жағдайларда  допты  әдейі 
аутқа теуіп жібереді. Қажетті ем-домын алып болған соң, әлгі жарақат алған ойыншы 
«Сыйға  сый,  сыраға  бал»  дегендей,  допты  әдейілеп  қарсылас  жаққа  теуіп  жіберіп, 
ойынды ары қарай жалғастыра береді... 
Міне,  спорттық  жарыстардағы  осындай  жағдаяттар,  кейіндірек  салт-дәстүрге 
айналған  қуатты  түрдегі  психологиялық  өзара  сыйласу  аурасын  туғызды. 
Олимпиадалық  қозғалыстың  негізін  қалаушы  барон  Пьер  де  Кубертен  осы 
олимпиадалық  жарыстың  «Тезірек!  Жоғарырақ!  Күштірек!»  қағидасын  бекіте 
отырып,  қарсыластар  арасында  әділ  күрес  жүргізуіне  негізгі  зейінін  сала  жүруі  де 
бекер  емес,  өз  кезегінде,  уақыт  өте  келе,  ол  «Fair  Play»  жарыстық  этикетінің  пайда 
болуына себепкер болды [5]. 
Сондықтан  да,  бапкер  жетекші  рөл  атқаратын  оқу-тәрбие  үдерісін  дұрыс 
ұйымдастыру  өте  маңызды.  Оның  жұмысының  маңызды  бөлігіне  өмірдің  барлық 
жағдайларында  жоғары  деңгейдегі  моральдік  қасиеттерді  көрсете  алуға  қабілеті 
күшті жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдайларды құрау болып табылады. 
Спорттық  ойындардың  әжептәуір  деңгейдегі  ерекшелігінің  және  бір  тағы 
көрінісі – мұнда жоғары жетістіктерге жету үшін арнайы қасиеттердің барлық кешені 
маңызды:  дене  қасиеттері,  техникалық,  тактикалық,  теориялық  және  моральді  күш-
ерік қасиеттері міндетті түрде жұмылдырылады. 
Спорттық  ойындардың  мінез-құлықты  тәрбиелеу  үшін  өте  бір  бай,  ал  кейбір 
тұстарында,  тіптен,  өте  ерекше  мүмкіндіктері  бар  екенін  басып  айту  қажет.  Өзінің 
шәкірттерін  біле  отырып,  жаттықтырушы  бапкер  әдейі  қасақана,  сонымен  бірге, 
оларға  білдіртпей,  нақты  бір  моральдік-рухани  қасиеттерді  көрсетпеуге 
болмайтындай етіп, ойынның немесе жаттықтыру барысында сондай шарттар қойып, 
жасанды ауыр жағдайлар жасауы мүмкін. 
Адамдардың  күш-еркін,  моральдік,  рухани,  техникалық,  теориялық, 
тактикалық қасиеттерін көрсететін спорттық ойындардың аса зор бір тартылыс күші, 
сонымен бірге, тәрбиелік мәнінің үлкендігі сонша, айналысушылардың ойындық іс-
әрекеттерінде  кешендік  түрткі  бар.  Жаттықтыруда  болсын,  жарыста  болсын,  ойын 
барысында  техникалық-тактикалық  тұрғыда  ойын  өрнегімен  тек  өзін  ғана  емес, 
сонымен  қатар,  қарсыласты  да  тәнті  етіп,  одан  озып  шығып,  әлгі  ойыншының 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
62 
жасаған іс-әрекеттерін командалас жолдастары да, жаттықтырушы бапкер де, тіптен, 
көрермендер  байқағаны  -  әрбір  шәкірт  одан  мағынасы  терең  моральдік 
қанағаттануды  сезінеді.  Ондай  психологиялық  тұрғыдағы  жеңістер  ойын  барысына 
айтарлықтай үлес қоспаса да, жаттықтырушы бапкер үшін команданың ұжым болып, 
бірлесе  жеңіске  жетуге  деген  құлшынысының  пайда  болуын,  бірыңғай  жасақталған 
құрама  екенін көрсетеді.  Ал енді, ондай психологиялық жағдайды сақтауға  тырысу, 
өзімен  күресу,  өзінің  менмендігін  басу,  кейіннен  дағдыға  айналып  кетсе, 
айналысушы  үшін  мінез-құлық  пен  жеке  тұлғалық  имидж  қалыптастыру  болса, 
жаттықтырушы бапкер үшін алар биіктігі көп, әр ойын сайын жеңістен жеңіске жете 
беретін команда даярлау [6]. 
Жаттықтырушы  бапкер  үшін  педагогикалық  тұрғыда  спорттық  ойындармен 
айналысудың білім беру аспектілері де маңызды болмақ. Ойындардың мазмұнының 
көп  салалығы,  байлығы  адамның  қимыл-қозғалыс  әлеуетін  кеңейтеді.  Спорттық 
ойындарды  үйрену  барысында  дағды-машықтарды  одан  әрі  ұштай  отырып,  адам 
өмірдің  кез  келген  жағдайларында  өте  әдемі,  адекваттық,  әсерлі  тиімді  қимыл-
қозғалыс шешімдерін таба алады. Бұл жағдайлардың еңбек, әскери немесе кез келген 
басқа да іс-қызмет түрлері үшін маңыздылығын бағаламау өте қиын. 
Үнемі  ауысып  отыратын  төтенше  жағдайлардың  ықпалымен  қимыл-қозғалыс 
дағды-машықтары  епті,  икемді  және  жоғары  деңгейдегі  қозғалмалы  болады.  Ойын 
үдерісіндегі жүгірулер, секірулер, лақтырулар үнемі қолданылып отырады. Сонымен 
бірге,  олар  айналысушылардың  дене  дайындығының  жоғары  деңгейдегі  әлеуетін 
өзінде  сіңдіру  үшін  жан-жақты  ықпалын,  былайша  айтқанда,  әртүрлі  жақтылықты 
қамтамасыз ететін барлық мүмкіндіктер үйлесімділігінде қолданылады [7]. 
Қорытынды  мен  ұсыныстар.  Сонымен,  спорттық  ойындармен  жүйелі  түрде 
айналысудың  ықпалы  еңбекке  және  Отанды  қорғауға  деген  даярлыққа  автоматты  түрде 
ұштасып кетеді. Өз кезегінде, ол патриоттық тұрғыда жас ұрпаққа сіңдірері мол. 
Бұндай айналысу сабақтарының сауықтыру құндылығы да маңызды. Спорттық 
ойындардың  ағзаның  дамуы  мен  функционалдық  іс-қызметіне  деген  ықпал  деңгейі 
дене  жаттығуларының  басқа  да  көптеген  түрлерінен  асып  кеткендігі  бұрыннан 
дәлелденген.  Олар  тек  дені  сау,  жас  адамдарға  ғана  емес,  сонымен  бірге,  балаларға 
да, жасы келген кәрі кісілерге де, ал бірқатар кей жағдайларда, ауруларға да пайдалы. 
Бұл фактіге деген түсініктемені спорттық ойындардың ерекше бір алуан түрлілігінде, 
табиғилығында,  буырқанды  сезімділігінде  емес,  олардың  әрқайсысының  өз  қалауы 
бойынша  қимыл-қозғалыс  тәртібін  таңдауға  және  өзінің  белсенділігін  реттеуге 
мүмкіндік беретін, ерікті түрдегі, еркін сипаттағы іс-қызметінде іздеу керек. 
Ойындық  іс-қызметтің  ауыспалы  сипаты  аяқ  асты  аурудың  әсерінен 
әлсізденген немесе әлі бұғанасы қатпаған ағза үшін өте қолайлы, яғни, сол ағзаға өте 
пайдалы да, дұрыс оң әсер етеді. 
Дегенмен,  ағза  үшін  қатерліктер  мұнда  да  жетерлік.  Олар,  көбінесе,  ойындар 
барысында  жарақаттар  алып  қалу,  дене  жүктемесінің  шамадан  тыс  болуы,  соның 
кесірінен  ағзаның  өзін-өзі  реттей  алу  тәртібінің  ауытқуы  сияқты  қиыншылықтар, 
өкінішке  орай,  кездесіп  жатады.  Мұндай  теріс  әсерлердің  болдырмауын  алдын-алу 
үшін  келесі  іс-шараларды:  қорғаныс  құрал-жабдықтарын  пайдалану,  дене 
жүктемелерінің  мөлшерлеуінің  әдістемелік  ережелерін  сақтау,  айналысушылардың 
ойындық, әсіресе, жарыстық іс-қызметтерінің үдерісін белсенді түрде басқару қажет. Бұдан 
басқа, әртүрлі жас контингенттері үшін спорттық ойындардың түрлерін дұрыс таңдау және 
айналысу сабақтарын дәрігермен тығыз өзара қызметтестікте өткізу керек. 
Спорттық  ойындар  түрлерін  дұрыс  ұйымдастырылуына  арналған  айналысу 
сабақтары  жүйелі  түрде  болсын,  тек  бір-екі  реттік  болсын  (спорттық  ойындармен 
айналысудың  өздігінше  таңдаған  түрі  ретінде),  оған  қарамай,  айналысушылардың 
ағзасына  оң  ықпал  жасайды.  Ал,  кейбір  жағдайларда,  спорттық  ойындар  түрлеріне 
деген 
тұрақты 
қызығушылықтар  пайда 
бола  бастаған  кездерде,  дене 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
63 
жаттығуларының  сүйікті  түріне  айналып  кетуі,  соның  әсерінен,  дене  даярлығының, 
дене дамуының және спорттық шеберліктің жоғары деңгейіне жетуі ғажап емес. 

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал