БҚму хабаршы №1-2017ж



жүктеу 5.14 Kb.

бет8/42
Дата08.09.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42

Измухамбетова С.С.  
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесіндегі инновациялар 
Мақалада  педагог  кадрларды  даярлау  жүйесінде  оқу  үдерісін  ұйымдастыруда 
инновациялық  нысандарының  ағымдағы  талаптары  ұсынылады;  case  study  әдісінің 
педагогикалық әлеуеті қарастырылады, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесіндегі 
Lesson Study және микропреподавание әдістерінің тиімділігі талданып, көрсетіледі. 
Тірек  сөздер:  Инновациялық  талаптар,  педагог  кадрлардың  біліктілігін 
арттыру, әдістер, case-study, Lesson study, ықшам сабақтар. 
 
Izmuhambetovа S.S. 
Innovation in system training teaching staff 
The  article  presents  current  requirements  for  innovative  forms  of  organization  of 
educational  process  in  the  system  of  professional  development  of  teachers;  considered 
pedagogical  potential  of  the  method  of  case-study,  analyzed  the  effectiveness  of  the 
methods Lesson study and micro-teaching.  
Keywords:  Innovation  requirements,  professional  development  of  teachers, 
methods, case-study, Lesson study, micro-teaching. 
 
*** 
 
 
ӘОЖ 378. 036: 78 
               Молдағалиев Б.А. – п.ғ. к., доцент, М.Өтемісов атындағы  БҚМУ          
       Кенжегалиев А.М. – магистрант, М.Өтемісов атындағы БҚМУ  
                                                                           Е-mail: askar.kenzhegaliev@mail.ru 
 
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 
 
  Аңдатпа.  Мақалада  Батыс  Қазақстан  облысындағы  музыкалық  білім 
берудің    қалыптасуы  және  дамуы    қарастырылған.  Облыстағы  музыкалық  білім 
берудің  теориялық  және  тарихи-педагогикалық  астарлары  ашып  көрсетілді. 
Музыкалық білім беретін оқу орындарының жұмысы сипатталып, талданды. 
Тірек  сөздер:  Өңірлік  ұстанымы,  музыкалық  білім  беру,  музыкалық  білім 
берудің дамуы, оқу орындары, музыкалық білім беру мекемелері.      
 
Егемендік  алған  еліміздің  экономикалық  дамуы,  оның  демократиялануы  
қоғамның  көптеген  жақтарын,  атап  айтқанда,    бiлiм  саласына  жан-жақты  оң 
өзгеріс жасауға мүмкіндік берді.  
«Бiлiм  туралы»  заңда  «Әлемдiк  және  отандык,  мәдениет  жетiстiктерiне 
баулу,  қазақ  халқының  және  республикадағы  басқа  да  халықтардың  тарихы  мен 
салт-дәстүрiн  зерттеу...» бiрiншi кезектегi  мiндеттер ретiнде  көрсетiледi [1]. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
52 
Еліміз  егемендік  алғаннан  бері,  оның  өмірінің  барлық  аясында  өзгерістер 
жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының қоғамының өмірлік әрекетінің барлық 
жақтарын  жаңартуға,  қоғамдық  прогрестің  жаңа  сапалы  күйіне  қол  жеткізуге 
деген  стратегияның  қабылдануы,  рухани  өмірдің  бүкіл  аясында  өткен  тарихи 
жолдарды  ұғынуға  сұраныс  туғызып  отыр.  Ұлттық  психология  мен  тәрбиені 
терең  білу,  салт  пен  дәстүрді  сыйлау  негізінде  ұлттық  мәдениеттің  мұраларына 
ерекше  көңіл  бөлініп,  Қазақстанның  тарихы  және  мәдениетінің  мәселелері 
бойынша ғылыми зерттеулер өрістетілді. 
Көп  жылғы  практика  қазақ  халқының  ежелден  қалыптасқан  тарихын, 
мәдени мұрасын есепке ала отырып қана  бүгiнгi білім беру саласын жетілдіруге 
болатынын  көрсетіп  отыр.  Осыған  орай,  мектептердің,  колледждердің,  жоғары 
оқу орындарының оқу жоспарына мәдени мұралар негiздерiн қарастыратын пәнді 
оқытудың  қажеттігі  баршылық.    Себебi,  ол  болашак,  мамандардың  рухани 
дүниесiне белсендi ықпал етiп, олардың эстетикалық талғамы мен адамгершілік, 
тұлғалык, және сапалық қасиеттерiнiң қалыптасып, дамуына игi әсер етедi. Олай 
болса,  бүгiнгi  бiлiм  жүйесiндегi  өнердiң  басты  мақсаты  -  ол  адам  баласының  
барлық iсәрекетiндегi  сергек  сезiмталдықты,  әдемiлiк  пен әсемдiктi тәрбиелеу. 
Еліміздің мәдениет  тарихын қайта қарау  мен  бағалау мәселесіне  «Мәдени 
мұра»  бағдарламасының  әсері  мол  болды.  Осы  бағдарламаның  құрылып  және 
қолданылуы  мәдени мұраларды анықтауға және дамытуға үлкен үлкен үлес қосты [2]. 
Білім  берудің  этномәдени  құндылықтарға  қазіргі  бағытталғандығының 
негізіне  өңірлендіру  ұстанымы  да  жатады.  Ол  бойынша  білім  беру  процесіне 
жергілікті ұлттық-тарихи жадығаттарды жүйелі және бірізділікпен енгізу жүзеге 
асырылады,  ол  өңірге  өзіндік  этникалық  сана-сезімді,  азаматтықты  және 
патриотизмді  жандандырудың  және  бекітудің  шарттарының  бірі.  Өңірлік 
компонентті  әрдайым  қарастыру,  рухани  жандануға  байланысты  жұмыс 
жүргізуге  мүмкіндік  береді.  Мемлекеттің  музыкалық  мәдениетінің  біріккен 
көрінісін  жасау  үшін,  музыкалық-өңірлік  зерттеулерді  жүргізудің  қажеттігі  бар. 
Осылай  жергілікті  музыкалық-тарихи  материалдарды  қарастыру  тұтастай 
еліміздің музыкалық өмірінің толық және объективті берілуіне жағдай жасайды. 
Әрбір  өңір  өзіндік  терең  тарихи  және  мәдени,  соның  ішінде  музыкалық 
дәстүрлерге,  жекелік  өзіндік  музыкалық  еңбектің  түрлеріне  ие.  Осылардың 
жиынтығы  өзіндік  ерекшелікті  құрап,  өңірге  оның  білім  беру  жүйесін  дамытуға 
өз үлесін қосуға мүмкіндік береді. 
Бұл  нақты  ізденістің  өзектілігі  музыкалық  білім  беру  мен  тәрбиенің  негіздерін 
ғылыми  ұғынуға,  нақты  өңірде  музыкалық  білім  берудің  ғылыми-педагогикалық 
алғышартын, факторларын, құрылу жағдайларын анықтау мен байланысты.        
Қазіргі  білім  саласын  дамытуда  және  жетілдіруде  еліміздің  тарихи-мәдени 
және  тарихи-музыкалық  бай  мұрасының  алдыңғы  қатарлы  тәжірибесін  қолданудың  
қажеттігі  баршылық.  Ғасырлар  бойы    жинақталған  құнды  қазақ  халқының  дәстүрлі 
көркем  өнер  мәдениетінің  теориясы  және    тәжiрибесi  Қазақстандағы  музыкалық 
бiлiм    беру  және  тәрбиелеу  жүйесiн    қайта  қарауға,  оның  жұмысында  есепке  алуға 
жағдай жасайды.  
Осы мәселенің маңыздылығы  осы уақытқа дейін тарихи  музыкалық  бiлiм 
беру  мен  тәрбиенiң  өңірлік  ішінара,  толық  емес  зерттелуі  болып  табылады. 
Еліміздің  мәдени  мұрасы  жан-жақты  толығуы  үшін  осы  мәселенің  аймақтық 
ерекшелігі зерттелуі тиіс. 
 
Жер жүзіндегі адамзат қоғамының даму барысы  жеке тұлғаның жан-жақты 
дамуына  көркем  өнер мен мәдениеттiң әсерінің зор болғаны туралы мәлеметтер 
сонау  ерте  заманнан  айтылып  келеді.  Қ а з а қ   даласындағы    ұлы    ғұламалар  
(Әл-Фараби,    Ибн    Сина,  Дәруiш    Әли    т.б.)  музыка  өнерінің  теориялық    және  
тәжiрибелiк  негiздерiн  дамытуда  маңызы зор еңбектер қалдырды. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
53 
Ғалым-педагогтар 
Қ.Ахмедияров, 
К.С. 
Сахарбаева, 
Ш.Н. 
Нағымов,                  
А.Ө. Муханбетжанова, Л.Е.  Қойшығұлова, F.Б. Базарғалиев  және т.б. еліміздің және 
оның аймақтарындағы білім берудің және тәрбиелеудің ұйымдастырылуын зерттеді. 
Қазақстанда  білім  берудің  құрылуының  тарихын,  мәдениет  мәселелерін, 
соның  ішінде  эстетикалық  тәрбие  мен  білім  берудің  мәселелері  зерттеліп, 
қазақстандық 
ғалым-педагогтар 
Т.Т. 
Тәжібаев, 
Қ.Б. 
Жарықбаев,                           
Г.М.  Храпченков,  А.И.  Сембаев,  А.С.  Сытдыков  және  т.б.  еңбектерінде 
қарастырылған.  Оларда  оқу  орындарының  пайда  болуы  және  дамуы, 
прогрессивті  демократиялық  ұлттық  педагогикалық  ойдың  қалыптасу  үдерісі 
зерделенеді, білім берудің дамуының ерекшеліктері көрсетіледі. 
Батыс Қазақстанның білім беру және мәдениетінің даму тарихына арналған 
еңбектер баршылық. Р.Л. Абдрахманова,  А.К. Канапина, О.А. Бабенко  және т.б. 
Батыс  Қазақстан  облысындағы  бұқаралық  музыкалық  білім  беруді,  мәдениеттің 
даму  тарихының  тәжірибесін  қарастырған.  Академик  М.К.  Қозыбаев  өзінің 
«История и современность» атты еңбегінде өзінің өңірінің тарихын зерттеу қажет 
деп  көрсеткен.  Оның  пікірінше,  адамның  антропогендік  іс-әрекеті,  өңірдің 
өнеркәсіптері,  ауылдардың,  қалалардың  әлеуметтік  және  мәдени  дамуының 
тарихы нашар зерттелген [3, 193 б.].  
Батыс  Қазақстан  облысындағы  музыкалық  білім  берудің  тарихи  даму 
барысын  зерттеу  әсіресе  өзекті,  себебі  қазіргі  кезеңде,  оның  тарихы  жекелеген 
мәселелеріне  арналған  ғылыми  мақалалар  және  публицистикалық  очерктер 
деңгейінде  ашып  көрсетілген.  Осыған  орай,  өңір  масштабында  музыкалық  білім 
берудің  тарихын  және  дамуын  музыкалық  білім  беру  жүйесінің  теориясы  мен 
практикасын  жалпы  ағынында  терең  және  жүйелі  зерттеу,  Батыс  Қазақстан 
облысында музыкалық білім беру жүйесін жетілдірудің жолдарын және әдістерін 
анықтаудың қажеттілігі пайда болды. 
«Уақыттық  кесінділерді»  реттеп  тұрғызу  –  Батыс  Қазақстан  облысында 
музыкалық мәдениет және білім берудің даму кезеңдерін, өңірде болған фактілер 
мен  оқиғаларды  зерттеу,  хронологиялық  жүйелеу  суреттеу-жүйелеу  тұрғыны 
талап етеді, яғни тарихи әдіске сүйенуді қажетсінеді. Тарихи әдістің оқиғаларды 
хронологиялық 
классификациялауға, 
пәннің 
тарихын 
зерттеуге 
деген 
қажеттілікпен 
түсіндіріледі. 
Осылайша 
алынған 
жалпыламалар 
және 
қорытындылар қазіргі кезеңдегі мәдениеттің және музыкалық білім берудің өзара 
әрекетінің  байланысын  және  динамикасын  көрсетеді.  Сонымен  бірге  Батыс 
Қазақстан  облысындағы  музыкалық  білім  беру  жүйесінің  құрылуының  және 
дамуының  тарихын  толық  ашып  көрсету  үшін  жағдайларды  музыкалық-
эстетикалық  білім  мен  тәрбиенің  жалпы  үрдістерімен  салыстырмалы  астарларда 
қарастыру қажет. 
Жоғарыда  көрсетілген  жағдайлар  және  негіздемелер  Батыс  Қазақстан 
облысының  тарихи  дамуының  негізгі  кезеңдерінде  музыкалық-эстетикалық  білім 
берудің құрылуының барысындағы мазмұнын, формаларының және әдістерінің мәнін 
түсіну және ұғыну мәселесін туындатады. 
Осы  мәселенің  тарихи-педагогикалық  әдебиетте  жеткіліксіз  қарастырылуы, 
Батыс  Қазақстан  облысында  музыкалық-эстетикалық  білім  беру  дамуының 
зерттелуінде  тарихи-хронологиялық  бірізділігінің  және  жүйенің  жоқтығы  осы 
мақаланың өзектілігін анықтап отыр. 
Орал  облысы  1868  жылы  (Ресей  империясы)  құрылды  және  осы  шекарада  10 
март  1932  жылға  (КСРО)  дейін  бекіді.  60  жылдан  кейін,  яғни  1992  жылы  Орал 
облысын Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысы деп атады.  
Батыс  Қазақстан  облысында  музыкалық  білім  берудің  эволюциясын  зерттеу 
өзекті  болып    отыр.  Сондықтан  аймақтың  музыкалық  білім  беру  және  тәрбиенің 
қалыптасуы  мен  дамуын  хронологиялық  шеңбермен  қамту,  оның  көрінісін 
сипаттаудың қажеттігі бар.  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
54 
Музыкалық  білім  беру  мәселесі  сол  жылдары  республикадағы  музыка 
мәдениетінің  дамуына  тәуелді  болды.  Мәдени  құрылыстың  дамуы  музыкалық  білім 
беру  жүйесінің  енгізілгенін,  музыкалық  оқу  орындарының  ұйымдастырылуын, 
музыка  өнер  аясында  ғылыми  қызметкерлердің  және  музыканттар  кадрларын 
даярлауды талап етті. 
1933  жылдың  29  сәуірінде  КССР  Халық  Комиссарлар  Кеңесі  «Ұлттық 
музыкалық-театралдық кадрларды даярлау шаралары туралы» қаулы қабылдады. Бұл 
қаулыда республикада кәсіптік музыкалық және театралдық білім беруді дамытудың 
жолдары анықталды [4].  
1934  жыл  еліміз  үшін  музыкалық  білім  беру  аясында  шынымен  түбегейлі  жаңалық  
болды, себебі Алма-Атада және Оралда интернаты бар балалар музыка мектебі ашылды. Бұл 
Қазақстанда кәсіптік музыкалық білім берудің бастамасы болды. 
Орал  қаласында  тұңғыш  музыкалық  мектептің  ашылуы  тек  қана  Батыс  өңірі 
үшін  емес,  бүкіл  республика  үшін  музыкалық  білім  берудің  айрықша  мәнді  елеулі 
кезең  болды.  Мысал  үшін  Атырау  облысында  тек  10  жылдан  кейін,  яғни  алғашқы 
музыка мектебі 1944 жылы ашылды [5]. Бұл облыстар аумағындағы жасөспірімдерді 
ән-әуенінен алғаш кәсіптік түрде хабардар ететін бірден-бір білім ордасы болды. 
Музыкалық мектептің алғашқы оқушылары балалар үйінің тәрбиеленушілері болды. 
Мектептің  директоры  К.С.  Булдыченко  оқимын  деген  қаланың  балаларын  тыңдап, 
барынша музыкалық дарынды балаларды музыкалық мектеике таңдап алып отырды. 
Музыкалық мектептің тұңғыш мұғалімдері пианистер М.А. Исакова, П.А. Макшаев, 
скрипкашы А.В. Болотин, виолончилист П.И. Сорокин болды [6, 22 б.]. 
Орал музыка  мектебінің тұңғыш директоры  К. Булдыченко облыстың барлық 
аудандарында болып, ондағы мектептерінен және балалар үйінен талантты балаларды 
оқуға алып келді. Кейін олардың арасынан музыка өнерінің болашақ атақты қайраткерлері 
шықты.  Атап  айтқанда,  КСРО  халық  артисі  Роза  Жаманова,  композиторлар  Нағым 
Мендығалиев, Бәсір Жүсібалиев, педагогтар Қайша Бейсенова, Зылиха Мұсралиева, педагог-
хормейстер Зиба Тагисова, скрипкашы Сағын Нұрымов және т.б. 
Ұлы  Отан  соғысы  басталып  кетсе  де,  музыкалық  мектеп  жан-жақты 
қиыешылық  көріп  отырса  да  өз  жұмысын  тоқтатқан  жоқ.  Оны  архивтен  алынған 
жадығаттар  арқылы  көріп  отырмыз.  Өнер  істері  бойынша  облыстық  бөлімнің 
меңгерушісі  П.Левенштерннің  1941  жылы  баяндама  қолхатында  былай  делінген: 
«Облыстық  музыкалық  мектепте  135  оқушы  бар.  Мектеп  музыкалық  аспаптармен 
толық  қамтамасыз  етілді,  барлық  мамандықтар  бойынша  оқытушылардың  штаты 
жинақталды.  Музыкалық  мектептің  ғимаратын  әскери  ведомствоға  беріп 
жатқандықтан,  қазір  мектептің  ғимарат  мәселесі  өткір  тұр.  Өнер  істері  бойынша 
бөлім  мектептің  интернатын  төртінші  қазақ  орта  мектебінде  орналастыруға  рұқсат 
алды,  ал  оқу  театрдың  ғимаратында  өткізілетін  болады.  Өнерге  ұлттық  кадрларын 
даярлайтын  мектеп  республика  бойынша  екінші  болғандықтан  және  8  жыл  бойы 
жұмыс істеп тұрғандығын ескеру қажет» [7]. 
Архив  жадығаттарын  талдау  музыкалық  мектептің  соғыс  кезіндегі  жұмыстарын 
көрсетіп отыр. Орал мемлекеттік музыка мектебінің директоры К.Булдыченконың мынадай 
жазбасы табылды:  «Музыкалық мектепте өткен 1944-1945 оқу жылы мектептің бүкіл оқу-
тәрбие  жұмысы  үлкен  белсенділікпен  және  қарқындылықтың  белгісімен 
айрықшаланды. Күзде балаларды арнайы тексеруден өткізіп, бірінші класқа 71 адам 
қабылданды.  Жазда түрлі кластардың және  мамандықтардың кейбір оқушыларымен 
сабақтар  және  кеңестер  өткізілді.  Оқу  жылының  басында  педагогикалық  құрам 
әдеуір  жаңартылды.  Оқу  жылы  бойы  әртүрлі  тақырыптарға  кластан  тыс  лекциялар, 
әңгімелер,  баяндамалар  өткізіліп  тұрды,  оқытушылардың  және  шақыртылған 
артистердің  концерттері  ұйымдастырылды.  Осындай  жүйелі  жүргізілген  жұмыстар  өте 
жақсы  нәтиже  берді:  емтихандарда  137  оқушының  37-і  тек  бестік  бағалар  алды,  ал  76 
оқушы  «бес»  және  «төрттік»  деген  бағалармен  оқуды  аяқтады.  Музыкалық  мектеп 
мынадай  негізгі  қиыншылықтар  көріп  отыр:  оқу  орнының  тарлығы,  осыдан  келіп 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
55 
интернатты  қалыпты  жағдайда  орналастыруға  жағдай  жоқ;  отынның  жеткіліксіздігі; 
тәрбиеленушілердің аяқ киімінен тапшылық көруі, киімдерінің тозуы» [8]. 
Қазақстан  үшін  жергілікті  ұлттан  музыкалық  кадрларды  даярлау  маңызды 
міндет  болды,  сондықтан  ауылдық  жерлерде  балалардың  музыкалық  мектептері 
ашыла бастады. 1950 жылы Батыс Қазақстан облысының Орда поселкісінде ауылдық 
жерде  бірінші  музыкалық  мектеп  ашылды.  Бұрынғы  Орал  облысының  Переметное 
селосында  1965  жылы,  1968  жылы  –  Чапаево,  1975  жылы  Жымпитыда  музыкалық 
мектептер ашылды. 
Дәстүрлі  музыкалық  мектептерден  басқа  бастапқы  музыкалық  білім  беру 
функциясын  балалардың  өнер  мектептері  орындай  бастады.  Бірінші  болып 
балалардың өнер мектебі Орал қаласының №1 музыкалық мектептің базасында 1974 
жылы  Зачаганск  поселкісінде  ашылды.  Қазіргі  кезде  бұл  музыка  мектебінің  үш 
филиалдары  Круглоозерное,  Ақтау  поселкелерінде  және  №30  жалпы  орта  білім 
беретін мектептерде жұмыс істейді. 
Балалар музыка мектебін және әуесқойлық шығармашылығын кәсіптік музыка 
кадрларымен қамтамасыз ету үшін 1944 жылы Батыс Қазақстан облысында кәсіптік 
орта арнайы оқу орны – музыкалық училище ашылды. Осының нәтижесінде өңірдің 
музыкалық білім беру саласында сапалы секіріс болды, яғни екі буынды қалыптасты 
–  балалар  музыка  мектебі-музыкалық  училище.  Бұл  бұрынғы  музыкалық 
ағартушылықтан  кәсіптік  музыканттарды  мақсатты  бағытталған  арнайы  даярлауға 
мүмкіндік берді. 
Осыған  дейін  Батыс  Қазақстандағы  үш  облыстың  бірде-біреуінде  музыкалық 
кәсіби орта оқу орны болған емес еді. Музыка училищесінің Орал қаласында ашылуы 
тегінен-тегін  емес  еді.  Себебі,  бұл  өлке  –  күй  атасы  Құрмнғазы  мен  Динаның, 
Дәулеткерей мен Махамбеттің елі болатын. 
Орал  музыка  училищесі  1944  жылы  25  августада  ұйымдастырылды.  Ол  үшін 
24  август  1944  жылы  облыстық  өнер  бөлімінің  №35  бүйрығы  жарияланды. 
Директоры  болып  жоғары  білімді  музыкант  К.С.  Булдыченко  тағайындалды.  Ол 
скрипка  класы  бойынша  Л.Собинов  атындағы  Саратов  консерваториясының  түлегі 
еді.  Бүгінде  Құрманғазы  атындағы  Орал  саз  колледжі  ұлттық  өнердің  ұлағатты 
ордасына айналып, үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Музыкалық училищеде ашылған 
күннен  бастап-ақ  көркемөнерпаздар  үйірмесі  жұмыс  жасайды:  хор,  би,  ән  салу, 
көркем сөз оқу, халық аспаптар оркестрі т.б. 
Музыкалық  білім  мен  тәрбиеге  көңіл  бөлуі  –  қоғамның  әрдайым  өзекті 
мәселесі болып отырды және ол мына жағдайлармен байланысты: өскелең ұрпақтың 
музыкалық-адамгершілік 
құндылықтары 
әлсіреуде, 
музыкалық-адамгершілік 
санасының  деңгейі  төмен,  соның  салдарынан  қоғамымыз  рухани-адамгершілік 
тоқырауға  ұшырауда.  Ал  музыкалық-әстетикалық  тәрбие  болса,  шындықтың, 
мейірімділіктің, сұлулықтың үйлесімін дәлелдейді. 
Музыкалық  кәсіптік  мамандарды  даярлауда,  жастарға  музыкалық  білім  мен 
тәрбие беруде жоғары оқу орнының орны ерекше. 
Батыс өңірінде кәсіптік музыкалық білім берудің дамуының жаңа кезеңі 1991 
жылдың  июль  айында  әл-Фараби  атындағы  Шымкент  мәдениет  институтының 
филиалының  ашылуы  болып  табылады.  1992  жылы  22  маусымдағы  Қазақстан 
Республикасының  Министрлер  кабинетінің  №624  қаулысымен  бұл  филиал  Батыс 
Қазақстан мәдениет институты болып қайта құрылды. 
Жоғары  оқу  орнының  алғашқы  ректоры  болып  М.Е.  Ержанов  тағайындалды, 
бүгінде ол педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық педагогика 
және  әлеуметтік  ғылымдар  акдемиясының  академигі,  Халықаралық  ақпараттандыру 
акдемиясының, Педагогикалық білім беру акдемиясының мүше корреспонденті. 
Алғашқы  стденттерді  қабылдау  екі  мамандық  бойынша  жүргізілді:  «Мәлени-
ағарту жұмыстары» және «Кітапхана тану эәне библиография». 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
56 
Институт  құрылымына  екі  факультет  кірді:  «Кітапхана-мәдениеттанулық» 
және «Музыкалық педагогика және хореография» 
1994 жылы института 14 кафедра жұмыс істеп, сырттай оқу бөлімі ашылды.  
1993  жылдың  сәуір  айында  Қазақстан  Республикасының  Министрлер 
кабинетінің  №573  қаулысымен  институтқа  көрнекті  қазақ  кұйшісі,  халық 
композиторы  Дәулеткерейдің  есімі  берілді,  ал  1996  жылы  Дәулеткерей  атындағы 
өнер  институты  болып  қайта  құрылды,  себебі  институтта  жаңа  мамандықтар  және 
мамандану  көптеп  ашылды.  Бұл  жоғары  оқу  орны  Батыс  Қазақстандағы  мәдени-
ағартушылық және музыкалық білім берудің ірі орталығы болды.  
Өнер  институтының  әрекетінің  басталуымен  өңірде  музыкалық  білім  берудің 
үш буындық құрылымы пайда болды, себебі осыған дейін Батыс Қазақстандағы төрт 
облыстың бірде-біреуінде музыкалық  кәсіби  жоғары  оқу орны  болған  жоқ еді.  Енді 
төрт облыстың музыкалық училищелерінің түлектері кәсіптік өсуін өзінің өңіріндегі 
арнайы жоғары оқу орнында жалғастыруға мүмкіндік алды. 
Өнер институтының пайда  болып және  әрекетінің  басталуының мәні мынада: 
Батыс  Қазақстан  өңірінде  музыкалық  білім  берудің  толық  құрылымының  өзегі 
болып, оның тұрақты қызмет етуіне және дамуына мүмкіндік берді. 
Мектептің  музыка  пәнін  жүргізуге  жоғары  білімді  музыка  мұғалімін  даярлау 
үшін  Орал  педагогкалық  институтында  1985  жылы  «Музыка  және  ән»,  кейін 
«Музыкалық білім беру» мамандығы ашылды. 
Мәдениет және өнер институты М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің құрылымдық 
бөлімі  ретінде,  2000  жылы  Дәулеткерей  атындағы  Батыс  Қазақстан  өнер 
институтымен  бірігуі  нәтижесінде  құрылды  және  бүгінгі  таңда  Қазақстандағы 
жоғары  білім  берудің  мәдениет  пен  өнер  саласындағы  аймақтық  орталығы  болып 
табылады.  Мәдениет  және  өнер  институты  Қазақстанның  Батыс  аймағы  ұшін  өнер 
саласына 14 мамандық бойынша жоғары базалық және кәсіби білімді де мамандарды 
даярлауды жүзеге асыруда. 
Батыс Қазақстан мемлекеттік  университетінің мәдениет және  өнер институты 
тарихының  ерекше  парағы  –  оның  шығармашылық  өмірбаяны.  Мұнда  музыкалық, 
көркемсуреттік  және  хореографиялық  білім  дәстүрлері  дамуда.  Оқытушылар  мен 
студенттер  концерттік-орындаушылық  қызмепен  белсене  айналысып,  фольклорлық, 
би, аспаптық, вокальдық ансабльдерге, халық аспаптар оркестрлеріне қатысады.  
Әртүрлі  шығармашылық  байқаулар  өткізу  дәстүрге  айналды.  БҚМУ-да  2001 
жылан  облыстық  «Жас  дарын»  байқауы  өткізіліп  келеді.  Мәдениет  және  өнер 
институты  басшылығы  қала  мен  облыс  мектептеріне,  мектептен  тыс  орталықтарға 
әдістемелік көмек көрсетіп, өздеріне үлкен назар аударуда. 
Шығармашылық үйірме жетекшілері, мектеп мұғалімдері үшін өткізілетін шеберлік-
кластар жоғары оқу орны мен мектеп арасындағы байланысты нығайта тұседі. 
Оқытушылар  мен  студенттер  көптеген  халықаралық,  республикалық, 
облыстық байқаулар мен фестивальдеріне қатысты. 
Институтта  оқу-өндірістік  шеберханалары,  нұсқа  қоры,  саз  аспаптары,  дыбыс 
жазу  бөлмелері,  халық  аспаптарын  жасау  және  жөндеу  шеберханалары,  қажетті 
бағдарламалар қамтылған компьютер сыныптары, костюмдер цехы бар. Институттың 
тарихи  жолы,  қол  жеткен  жетістіктері,  оқытушылар  мен  студенттердің  үздік 
шығармашылық жүмыстары жалғасын табуда. 
Батыс  Қазақстан  облысында  музыкалық  білім  берудің  қалыптасуы  және 
дамуын қарастыра отырып біз мынадай қорытынды жасаймыз: 
1)  өткен  ғасырдың  30-шы  жылдарынан  бастап  Қазақстанда  орындаушылық 
және  музыкалық-педагогикалық  кадрларды  даярлаудың  жүйесі  құрыла  бастады. 
Музыкалық  білім  берудің  құрылымы  дамыған  сайын  жан-жақты  болып,  әртүрлі 
мамандар даярлайтын түрлі музыкалық білім беру мекемелерімен толыса түседі. 
2)  Орал  қаласында  тұңгыш  музыкалық  мектептің  ашылуы  Батыс  Қазақстан 
облысында  мәдени  өнерді  дамытудың  негізін  салды.Оның  ашылуы  музыкалық 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
57 
училищенің  ұйымдастырылуына  қажетті  база  жасады,  ал  ол  өз  кезегінде 
филармонияның ашылуына, кәсіптік шығармашылық ұжымдарды құруға, музыкалық 
мектептердің санын көбейтуге кәсіптік база жасады және ақырында 90-шы жылдары 
мәдениет және өнер институтын ашуға жол ашты. 
3) музыкалық білім берудің оқу орындары өзара бірізділік байланыста болып, 
өңірдің музыкалық мәдениетінің ажырамас құрамдасына айналды.    
 
Әдебиеттер: 
 
1.
 
Білім туралы Заң // Егемен Қазақстан. – 2007. – 15 тамыз. – Б.  5-7. 
2.
 
2004-2006  жылдарға  арналған  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы.  / 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы №1277 Жарлығы.  
3.
 
Козыбаев М.К. История и современность. – Алма-Ата: Атамұра, 1991.– 244 с. 
4.
 
Мукашева А.Б. Развитие музыкального образования учащихся в Казахстане  
(1980-1996 гг.) / Дисс... канд. пед. наук. – Алматы, 2002. – 165 с.                
5.
 
Мухтаров  М.Х.  Становление  и  развитие  музыкального  образования  и 
воспитания  в  Атырауском  регионе  (1920-1985)  /  Автореферат  дисс...  канд.  пед. 
наук. – Атырау, 2006. – 22 с.  
6.
 
Гизатов Б.Г. Музыкальное образование в Казахстане. – Алма-Ата: Мектеп, 
1985. – 120 c. 
7.
 
ГА ЗКО, ф. 1772, оп 352, д. 122, л. 52. 
8.
 
ГА ЗКО, ф. 12, оп. 475, д. 14, л. 27.   
                           
*** 

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал