БҚму хабаршы №1-2017ж



жүктеу 5.14 Kb.

бет6/42
Дата08.09.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Ключевые  слова:  Методика,  буровой  шлам,  утилизация,  обезвреживание, 
технология,  утилизация,  термический  метод,  минеральный  материал,  композиционный 
материал, лабораторное испытание, полупромышленное испытание. 
 
Kunasheva Z., Shamilova A., Erzhanova N. 
The methodology of the technology complex approach utilization of drill cuttings 
in the organization of research work of students 
The  article  presents  the  problem  of  the  development  of  methods  of  drilling  waste 
treatment,  formed  by  the  development  of  gas  production,  their  use  as  a  useful  material. 
Scientific and technical literature and patent review work in recent years, designed to these 
problems are summarized and analyzed. Need of preliminary preparation of a technique of 
development  according  to  requirements  to  scientific  and  technical  products,  for  receipt  of 
the  expected  result  of  the  carried-out  works  of  a  system  research  and  designing  for  the 
purpose  of  boring  slimes  is  specified.  Necessary  tasks  for  achievement  of  the  expected 
results and the systematized and detailed studying of development of technology complex 
utilization of drilling cuttings are found, and the performed works are given. 
Keywords:  Method,  drilling  cuttings,  utilization,  neutralization,  technology,  utilization, 
thermal method, mineral material, composition material, laboratory test, semi-industrial test. 
 
*** 
 
ӘОЖ 378.147:37.031,4 = 512.122 
Самашова Г.Е. – п.ғ.к., доцент, 
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті  
E-mail: gsamash74@mail.ru 
Төлеуқұл А.А. – магистрант, Қарағанды мемлекеттік техникалық 
университеті, е-mail:  aitolkyn_1302@mail.ru 
 
МЕМЛЕКЕТТІҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ 
БАҒДАРЛАМАСЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫСШЫ 
КАДРЛАР ДАЯРЛАУДАҒЫ МОДУЛЬДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ 
МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
Аңдатпа.  Мақалада  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  индустриалды-
инновациялық  даму  бағдарламасының  кәсіпорындарына  арналған  жұмысшы 
кадрларды  даярлау  шеңберінде  модульді  оқыту  бағдарламасының  мәні  мен  оны 
жүзеге асырудың мүмкіндіктері және болашағы қарастырылады. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
36 
Тірек  сөздер:  Кадрлар  даярлау,  оқыту  технологиясы,  дуалды  оқыту,  модуль, 
модульді оқыту, құзыреттілік, бағалау, критериалды бағалау, формативті бағалау, 
суммативті бағалау. 
 
Заманауи  өндіріс  нарықтық  қатынастар  жағдайында  жұмысшы  кадрларға, 
оларды  дайындау  жүйесіне  жоғары  талаптар  қояды.  Ғылыми-техникалық  прогресс 
барысында  бір  мамандықтар  жойылып,  басқалары  жаңадан  пайда  болады.  Еңбек 
ырғағы жеделдетіледі, техникалық құралдар өзгереді. 
Өнеркәсіп  саясатының  кезең-кезеңімен  дамуы  мақсатында  2014  жылдың                
1  тамызында  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  №874  Жарлығына  сәйкес                 
2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарлама 
бекітілді [1]. Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік 
индустриалды-инновациялық  даму  бағдарламасы  (МИИДБ)  ұзақ  мерзімді 
«Қазақстан-2050» Стратегиясының басымдығына, Қазақстан Республикасының 2020 
жылға  дейінгі  «Экономиканы  әртараптандыруды  жеделдету»  Стратегиялық  даму 
жоспарының  маңызды  бағыттарын  жүзеге  асыруға,  Қазақстанның  дамыған    30 
мемлекеттің  қатарына  кіру  Концепциясына,  сондай-ақ  шетелдік  инвесторлар  Кеңесінің 
Қазақстан  Республикасының  Президентімен  өткен  XXVI  пленарлық  отырысында 
Мемлекет  басшысының  тапсырмасы  және  Қазақстан  Республикасының  Президентінің 
2014  жылдың  17  қаңтарында  Қазақстан  халқына  жолдаған  «Қазақстан  жолы  –  2050:  бір 
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының даму шеңберінде жасалған [2]. 
Осының  барлығы  МИИДБ-ның  кәсіпорындарына  арналған  жұмысшы 
мамандар даярлауға деген жаңаша көзқарас қажеттілігін тудырады. Еліміздің кәсіптік 
және техникалық білім беру жүйесі өзінің өмір сүру уақытының барлық кезеңдерінде 
заманының  талабына  сай  маман  даярлау  жұмысымен  шұғылданып  келеді.  Соның 
ішінде модульді оқытудың алатын маңызы зор. 
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру 
жүйесінде білім беру үрдісі мен мамандарды даярлау үрдісін жаңғырту жүріп жатыр, 
бұл  өз  кезегінде  құзіреттілік  негізде  құрастырылған  кәсіптік  стандарттардың 
енгізілуімен де байланысты. 
Кәсіптік  стандарттардан  шығатын  білім  беру  нәтижесіне  (құзіреттілік)  қол 
жеткізу құралы оқытудың модульді бағдарламасы болып табылады. 
Шетел  және  қазақстандық  ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерді  саралай 
отырып,  модульді  оқытудың  бастамасы  ХХ  ғасырдың  70-жылдарына  қатысты  екені 
байқалды.  Халықаралық  Еңбек  Ұйымы  (ХЕҰ)  өздерінің  жеке  зерттеулері  мен  әлемдік 
тәжірибені  жалпылай  отырып  кәсіптік  оқытудың  тиімді  жүйесі  «Modules  Employable 
Skills»-ді  жасап  шығарып,  әлемнің  көптеген  елдерінде  сәтті  енгізіп  жатыр.  Қазақ  тіліне 
аударғанда бұл жүйенің атауы Еңбек Дағдыларының Модулі (ЕДМ) деген мағына береді. 
Модульді  оқытудың  негізін  салушылардың  бірі  Дж.  Рассел  модульді  оқу 
материалының концептуалды бірлігін қамтитын және оқушы тұлғалардың іс-әрекеті 
алдын-ала белгіленген оқу пакеті деп анықтайды (1971). 
Боб Мансфилд, Герман Шмидт және Ларс Андерсондардың пікірінше, модуль 
–  студентке  нақты  анықталған  мақсатқа  жетуге  көмектесу  үшін  арналған  оқу  іс-
әрекетінің жоспарланған түрінің жеке, тәуелсіз бірлігі (1972). 
Г.  Оуенс  модульдің  құрамына  педагог,  оқушылар,  оқытушы  мен  оқушыларға 
жекелеп  оқыту  мен  олардың  өзара  қарым-қатынасын  жүзеге  асыруға  көмектесетін 
оқу материалы мен құралдарының тұйық білім беру кешені деп түсінген (1975) [3]. 
Заманауи  зерттеуші  П.А.  Юцявичене  модульді  «Алға  қойған  дидактикалық 
мақсаттарға  жетуді  қамтамасыз  ететін,  өз  ішіне  оқу  материалының  логикалық 
аяқталған  бірлігін,  іс-әрекеттердің  мақсатты  бағдарламасын  және  әдістемелік 
басқарманы біріктіретін ақпарат блогы», - деп анықтайды. 
Т.И. Шамованың сипаттауы бойынша «Модуль - бұл функционалды мақсатты 
түйін: оқыту мазмұны мен оны игеру технологиясы. Осылайша, модуль іс-әрекеттің 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
37 
мақсатты  жоспарынан  («функционалдылық»),  ақпарат  банкінен  («оқыту  мазмұны») 
және  қойылған  дидактикалық  мақсаттарға  жету  бойынша  әдістемелік  басқарудан 
(«технология») тұрады» [4]. 
Модульді оқыту жүйесінде орталық түсінік «модуль» түсінігі болып табылады. 
ЮНЕСКО-ның  анықтамасына  жүгінсек,  модуль  –  «тыңғылықты  танысу  мен 
жаттығуларды өз жылдамдығыңмен тізбектеп оқып-білу жолымен бір білікті немесе 
біліктер  тобын  игеру  мақсатымен  жекелеп  немесе  топпен  оқып-білуге  арналған 
тұйықталған оқыту пакеті». 
«Модуль»  (латынша  Modul)  түсінігінің  этимологиясы  мен  семантикасы: 
функционалдық түйiн [5]. 
Модульдің  басты  ерекшелігі  -  оның  дербестігі,  қандай  да  бір  процесті, 
қүбылысты  тәуелсіз  бірлік  ретінде  қарастыра  алуы,  оның  мағыналық  түйінделуі. 
Бірақ, модуль белгілі бір жүйенің (техникалық қүрылгы, ұйымдардың) бөлігі болып 
табылады.  Сондықтан,  модульге  басқа  модульдермен,  жүйе  әлементтерімен 
байланысы  да жатады. Модуль  іштей дербес,  сырттай  багынышты, ол  -  жүйе  онсыз 
әрекет ете алмайтын маңызды буын. Модульдердің құрылуы үшін негіз болып пәннің 
жұмыс бағдарламасы пайдаланылады. Модуль пән атымен немесе өзара байланысты 
тақырыптар  блогымен  жиі  сәйкес  келеді.  Бірақ,  модульде  барлығы  өлшеніп, 
багаланады:  тапсырма,  жұмыс,  оқушылардың  сабаққа  қатысуы,  оқушылардың 
бастапқы,  аралық  және  қорытынды  деңгейі.  Модульде  оқыту  мақсаты,  берілген 
модульді  оқудың  тапсырмалары  мен  деңгейлері  нақты  анықталган,  оқушының 
игеретін  дагдылары  көрсетілген.  Модульді  оқытуда  барлыгы  алдын-ала 
бағдарламаланган: оқу материалын игеру тізбектілігі, негізгі ұғымдар, игерілуі қажет 
дагдылар мен іскерлік, игеру деңгейі мен игеруді бақылау. Модульдер саны пәннің өз 
ерекшелігіне, сонымен қоса оқытудың сәйкес жиілік бақылауына байланысты [4]. 
Модульді  оқытудың  мақсаты  мазмұны  бойынша  да,  сонымен  қатар  адамның 
дәл  қазіргі  кездегі  сұраныстарын  қанағаттандыруға  кепілдік  беретін  және  де  жаңа, 
кейіннен  пайда  болуы  мүмкін  қызығушылықтарын  анықтайтын  оқытуды 
ұйымдастыру бойынша білім беру құрылымдарын жасап шығару болып табылады. 
Кәсіптік  даярлау  жүйесіндегі  модульді  оқытудың  мәні  жекелеген 
модульдерден (модульді бірліктерден) тұратын және  де өз  ішіне  іс-әрекет  жоспары, 
ақпараттар блогы, оқыту мақсатына қол жеткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды 
біріктіретін  жеке  бағдарламаны  игеру  бойынша  оқушының  өзіндік  жұмысына  көп 
қатысты  болып  келеді.  Мұндай  жағдайда  педагогтың  қызметі  бақылау,  ақпаратты 
меңгеру бойынша іс-әрекет координациясына кеңес беру болып табылады. 
Әлемдік  тәжірибеден  модульді  бағдарламаларды  құрастырудың  әр  түрлі 
әдістемесі  мен  сызбаларының  бар  екендігін  көреміз.  Бірақ  та  олардың  барлығы  бірыңғай 
логикаға  бағынады.  Бұл  логиканың  мәні  мынада:  әрбір  бағдарламаның  негізі  оқыту  үрдісі 
кезінде  қол  жетуі  тиіс  және  еңбек  нарығының  талаптарына,  яғни  мамандық  шеңберіндегі 
қызмет талаптарына сәйкес келетін оқу нәтижелері болуы керек. 
Осы  кезеңге  дейінгі  уақыт  көрсетіп  келгендей  кәсіптік  колледж  түлектері 
жұмысқа  орналасу  қиындығын  бастан  кешірді,  кейбір  мамандықтар  сұранысқа  ие 
болмай  оларды  мемлекетіміз  тарапынан  қайта  даярлау  бағдарламасы  бойынша 
оқытуға тура келді. Осындай өзекті мәселе түйінін шешуде модульді оқыту жүйесі – 
жұмысшы кадрлар даярлаудың тиімді, әрі жаңаша тәсілі болып табылады. 
Модульді  оқыту  арқылы  жұмыс  беруші  талабын  қанағаттандыратын  кәсіби 
техникалық  кадрлар  даярланады  және  оларды  даярлау  әлемдік  деңгейге  дейін 
көтерілмек. Бұл орайда әлеуметтік серіктестік маңызды рөл атқаруы тиіс, яғни нақты 
өндіріс мекемесі  өзіне қажетті маман даярлауға қызығушылық танытып, атсалысуы 
тиіс,  яғни  өзіне  қандай  құзіреттіліктерді  меңгерген  маман  керектігін  білуі  тиіс.  Соған 
байланысты  модульді  бағдарлама  нәтижесі  де  жұмыс  берушінің  талаптарына  сай 
құрастырылады. Жұмыс берушілермен ынтымақта болу – оқушылардың өндіріске қажетті 
білім, білік дағдыларын және еңбекке орналасуға деген икемділігін арттыру деген сөз. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
38 
Кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындарында бұған дейін дуалды 
оқыту  жүйесімен  жаңашылдық  басталған  болатын.  Тәжірибенің  жетіспеушілігі 
қазіргі  таңда  көптеген  түлектер  алдындағы  негізгі  мәселе  болып  табылады.  Яғни, 
дуалды оқыту – мамандар даярлаудың ең тиімді тәсілі. Тиімділігі алынған теориялық 
білім  оқу  шеберханаларында  өтетін  тәжірибелік  жұмыстармен  және  де  өндірістік 
оқыту  кезінде  бекітілетіндігінен  көрінеді.  Бүгінгі  оқу  аудиториясында  айтылған  сөз 
ертеңгі күні кәсіпорында қолданылады. Білім берудің дуалды жүйесі дегенде белгілі 
бір  кәсіп  бойынша  жастарға  білім  беру  екі  оқу  орнында  өтетін  кездегі  жүйе 
ұғынылады, яғни екі мекеме білім беруге қатысады. Бір жақтан бұл кәсіптік мектеп, 
ал  басқа  жақтан  –  оқытатын  кәсіпорын.  Екі  мекеме  де  бір-біріне  қатысты  тәуелсіз 
әріптестер  болып  табылады.  Практикалық  (өндірістік)  бөлім  оқу  уақытының  үштен 
екі бөлігін, ал мектеп (кәсіптік-теориялық) бөлімі оқу уақытының үштен бір  бөлігін 
құрайды. 
Оқытудың  дуалды  жүйесін  пайдалану  тәжірибесі  дәстүрлі  жүйемен 
салыстырғанда мынадай артықшылықтарды көрсетті [6]: 
1)
 
мамандарды даярлаудың дуалды  жүйесі оқытудың  дәстүрлі нысандары  мен 
әдістерінің негізгі кемшілігін жояды – теория мен тәжірибе арасындағы ауытқу
2)
 
дуалды  даярлау  жүйесінің  механизмінде  маманның  тұлғасына  деген  ықпал, 
болашақ жұмыскердің жаңа психологиясын құру салынған; 
3)
 
дуалды  оқыту  жүйесі  білімдерді  алудың  және  жұмыста  дағдыларды 
иеленудің  жоғарғы  уәждемесін  жасайды,  сондықтан  білім  сапасы  жұмыс 
орындарындағы қызметтік міндеттерді орындаумен тікелей байланысты; 
4)
 
тапсырыс  берушімен  тығыз  байланыста  жұмыс  істейтін  оқу  мекемесі  оқу 
барысында болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескереді; 
5)
 
дуалды оқу жүйесі жақын жылдарда Қазақстанның кәсіптік оқуында кеңінен 
қолданылуы мүмкін. 
Басқаша  айтқанда,  дуалды  жүйе  бірден  екі  мақсатқа  қол  жеткізуге  мүмкіндік 
береді,  яғни  оқу  процесінде  теориялық  та,  практикалық  та  даярлықты  қосуға 
мүмкіндік  береді.  Білім  алушылар  оқумен  бір  уақытта  таңдаған  кәсіпті  тікелей 
өндірісте меңгереді, яғни бірден екі жерде оқиды: аптасына 1-2 күн мектепте, қалған 
уақытта – кәсіпорында. 
Қазақстанда 
Мемлекет 
басшысының 
тапсырмасы 
бойынша 
индустрияландырудың  қажеттілігін  ескере  отырып,  техникалық  және  кәсіптік  білім 
беру  жүйесін  жаңғырту  процесі  басталды.  Халықаралық  тәжірибе  негізінде 
Техникалық және кәсіптік білім беруде (ТжәнеКББ) дуалды оқыту жүйесін қалыптастыру 
басталуда.  Білім  және  ғылым  министрлігі  дуалды  оқу  жүйесін  (ДОЖ)  әрі  қарай  дамыту 
мақсатында  оны  қолдануға  болатын  мамандықтардың  тізілімін,  сондай-ақ  ДОЖ  енгізу 
бойынша  әріптес  дайын  болуға,  негізгі  кәсіпорындардың  тізілімін  айқындауды  ұсынады. 
Дуалды оқыту жүйесінің әлеуеті кадрлардағы қажеттілікті бағалауға, сондай-ақ оны ұзақ 
мерзімді кезеңге жоспарлауға мүмкіндік береді. 
Дуалды  оқытудың  мәні  оқу  орнындағы  теориялық  оқыту  мен  кәсіпорындағы 
тәжірибелік  оқытудың  үйлесімі  болып  табылады.  Білім  берудің  дуалды  оқытуы 
арқылы  студенттер  өз  мамандықтары  бойынша  терең  білім  мен  білікке  ие  болады, 
яғни  өздерінің  оқу  уақыттарының  жартысын  болашақта  өздері  жұмыс  істейтін 
кәсіпорында  өткізеді.  Бұл  дегеніміз  -  студенттерге  материалды  игеруге  ғана  емес, 
сонымен  қатар  нақты  кәсіптік  білік  алуға  және  болашақ  еңбек  ұжымымен  жақсы 
байланыс орнатуға мүмкіндік береді.  
Мемлекет басшысы айтқандай: «Студенттің дәл сол жерде қалуы міндет емес, сол 
игерген мамандығымен басқа өндіріс орындарында да жұмыс істей алады» [6]. 
Енді  алдағы  уақытта  дуалды  оқыту  жүйесінен  басталған  осы  жаңашылдық 
модульді-құзыреттілік  тәсілде  оқытумен  жалғасын  табуда.  Демек,  Елбасының 
«Қазақстан  Республикасында  тегін  кәсіптік  және  техникалық  білім  беру  жүйесін 
енгізу туралы» тапсырмасы да осы жылдан бастап жүзеге асырылмақ. Яғни, бүгінде 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
39 
әлем бойынша озық тәжірибелерді пайдалана отырып, қолданыстағы оқытудың жаңа 
үлгідегі бағдарламалары негізінде колледж түлектері өз мамандықтарына жақын үш 
жұмысшы біліктілігін алу мүмкіндігін иеленетін болады. Мысалы, «Тамақтандыруды 
ұйымдастыру»  мамандығы  бойынша  алдымен  «аспаз»,  «кондитер»  және  «нан 
пісіруші»;  «Ғимараттар  мен  құрылыстардарды  салу  және  пайдалану»  мамандығы 
бойынша  алдымен  «тас  қалаушы»,  «сылақшы»  және  «бояушы»  жұмысшы 
біліктіліктерін  алу  міндетті  болады.  Бұл  дегеніміз,  бұрынғыдай  бір  ғана 
мамандықпен  шектелмей,  дипломмен  қоса  үш  мамандықтың  біліліктілігін  алып 
шыққан колледж түлегінің жұмысқа орналасу мүмкіндігі өсетін болады. 
Оқу циклі ретінде ұдайы қайталанатын оқу модулінің өз кұрылымы бар. Ол үш 
бөлімнен тұрады. 
Кіріспе бөлім (модульге, тақырыпқа ену). 
Сұхбат  бөлімі  (көбінесе  сұхбаттасу,  диалогты  қарым-қатынас  арқылы 
студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру). 
Қорытынды бөлім. Бақылау жұмысын алу. 
Әрбір  оқу  модуліне  сағат  саны  әртүлі.  Бұл  оқу  бағдарламасы  бойынша 
тақырыпқа, тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты. 
Оқу  модулін  құрудың  тағы  бір  ерекшілігі  –  мұғалімнің  даярлық  жүйесі. 
Мұғалім  бір  оқу  модуліне  бөлінетін  сағат  санын  анықтап  алғаннан  соң,  оның 
мақсатын,  мазмұның  және  нәтижелерін,  сондай-ақ  осы  модуль  сабақтарын 
ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды [7].  
Кіріспе бөлімінде оқытушы сутеденттерді оқу модулінің жалпы құрылымымен, 
оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң оқытушы осы модулінің барлық 
уақытында  есептелген  оку  материалын  қысқаша  сызба,  кесте  және  т.б.  белгілік 
үлгілерге  сүйене  отырып  түсіндіреді.  Тақырып  мазмұнына  (тұтас  тақырып  немесе 
тарау  бойынша)  «өсу»  бағытымен  -қарапайымнан  күрделіге,  репродуктивтік 
тапсырмалардан  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмаларға,  зерттеушілік  қызмет 
элементтеріне  қарай  бірнеше  мәрте  қайта  оралып  отыру  әр  студентке  оқу 
материалымен  жұмыс  істей  отырып,  өз  қабілеттерін,  жадын,  ынтасын,  ойлауын, 
ауызша және жазбаша тілін дамытады. 
Сұхбаттасу  бөлімінде  алғашында  оқу  материалын  қайта  жаңғырту  және 
қарапайым  білік  пен  дағды  қалыптастыру  мақсатында  кейінен  алынған  білімді 
талдау,  жинақтау  жэне  бағалау  мақсатында  оқытудың  белсенді  формалары 
қолданады.  Оқу  модулінің  сөйлесу  бөлімі  тарауды  тұтас  оқып  үйренудің  екінші 
операционалдық - танымдық кезеңнен іске асыру болып табылады. 
Модульді  оқытуда  берілген  модуль  бойынша  оқу,  тыңдау,  жазу,  сөйлеу 
әрекеттерін  меңгеру  шегіне  жету  үшін,  кем  дегенде,  әрбір  студентке  үш  деңгейлік 
тапсырмадан өз қалауынша өтуге мүмкіндік беріледі. 
Бұл  бөлімнің  сабақтарын  жоспарлағанда  оқытушы  студентгердің  өзара 
сөйлесуін  қамтамасыз  етуге  баса  көңіл  аударады.  Оқытушының  сөйлесу  бөлімін 
дайындаудағы бес әрекет-қадамнан тұратын даярлық құрылымы қалыптасады: 
1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негзгі мазмұның белгілеу. 
2. Оқу материалын біртұтас, жинақы, «өсу» бағытымен беру. 
3.  Тақырып  бойынша  жеңілдететін  деңгейдегі  жэне  білім  стандартының 
талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау. 
4. Осы бөліктің сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету. 
5.  Студенттердің  пәнге  қызығушылығын  дамытуға  арналған  шығармашылық 
сипаттағы материал дайындау. 
Қорытынды  бөлім  –  тарауды  немесе  тақырыпты  оқытудың  тұтас  циклін 
анықтайтын соңғы бөлімі. Ол студенттердің сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі барысында 
қалыптасқан  білім,  білік  ,  дағдыларын  бақылауға,  тексеруге  және  бағалауға  арналған.  Осы 
бөлімде  студенттер  өз  қызметін  талдайды  –  яғни,  баға  алады,  бұл  сонында  әр  студенттің 
танымдық қызметінің жалпы оқу нәтижесін анықтайды [7]. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
40 
Оқу  модулінің  қорытынды  бөлімі  –  бақылау.  Қорытынды  бөлімінде 
бақылаудың бірнеше түрі бар. 
Біріншісі,  міндетті  –  тестілеу.  Екіншісі,  оқытушының  өз  таңдауы  бойынша 
сынақ, бақылау жұмысы. Біз екі немесе одан да көп бақылау түрлерін қолдану қажет 
деп есептейміз. 
Модульді оқытуда әр студент өзінің немен және қалай шұғылдануы тиіс, сабақ 
барысында  не  істеуі  керек  екенін  анық  біледі  жэне  оған  қатысты  керек 
материалдармен,  тәсілдермен  міндетті  түрде  қамтамасыз  етіліп  отырады. 
Студенттерге бірін-бірі тексеру, бағалау еркіндігі беріледі. 
Студенттердің  оқу  жетістіктерін  объективті  және  нақты  бағалау  жүйесі  білім 
беру мазмұнының ең бір маңызды бөлігі болып табылады. 
Бағалау  –  оқудың  аралық  және  қорытынды  кезеңдерінде  оқушының  оқу  үлгерімі 
туралы ақпаратты жинау және саралаудан тұратын оқу үрдісінің қажетті компоненті [6]. 
Бағалау  мақсаты,  міндеттері,  объектісі,  ұстанымдары,  әдістері,  формалары 
және  құралдары  оқу  үрдісінің  барлық  субъектілеріне  –  оқу  мекемесінің  әкімшілігі, 
оқытушылары, ата-аналар және студенттерге түсінікті болуы қажет. 
Бағалау  жүйесі  –  бұл  білім  сапасы  мен  оның  әлемдік  стандартқа  сәйкестігін 
анықтауға,  білім  беру  саласындағы  заманауи  талаптарға  сай  болмаған  жағдайда  оқыту 
стратегиясы мен тактикасы бойынша түбегейлі шешім қабылдауға, білім мазмұнымен қатар 
оқыту нәтижесін бағалау формаларын жетілдіруге мүмкіндік беретін оқу жетістіктерін өлшеу 
мен оқыту проблемаларын диагностикалаудың негізгі құралы. 
Бағалау  үрдісін  қайта  қарастырудың  өзектілігі  білім  берудің  заманауи 
стратегиялық  талаптарымен,  халықаралық  стандарттар  мен  білім  беру  сапасына 
қойылатын  заманауи  талаптарды  ескере  отырып  білім  беру  деңгейін  жоғарлату 
керектігімен,  оқу  нәтижесінің  объективтілігін  және  шетелдерде  қазақстандық  оқу 
орнын  бітіруші  түлектің  бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз  ету  мақсатында 
студенттердің  оқу  жетістіктерін  бағалауға  деген  бірыңғай  талапты  әзірлеу 
қажеттігімен анықталады. 
Барлық  кезде  білім  мен  біліктерді  тексерудің  әртүрлі  әдістері  болды.  Тарихи 
даму  барысында  формалары,  баға  қою  әдістеру,  бақылау  шараларын  өткізу  жиілігі 
мен оның мазмұны, студенттерге әсер ету шаралары, мотивациялық элементтер және 
басқа да факторлар өзгерді.  
Көптеген  жылдар  бойы  бағалау  бір  оқушының  оқу  жетістігін  басқа 
оқушылардың жетістігімен салыстыру болып табылды және мұндай бағалау түрінің 
келесідей кемшін тұстары болды: 
-  оқушыға,  ата-анаға  және  педагогқа  түсінікті  оқу  жетістіктерін  бағалаудың 
нақты критерийлерінің жоқтығы;  
-  педагог  бағаны  әр  студенттің  нәтижесін  оқу  жетістігін  бағалаудың  ортақ 
бірыңғай критерийіне қарап емес, топтың жалпы білім деңгейіне қарай қояды;  
-  студенттерге  қойылатын  баға  оқу  бағдарламасының  жекелеген  тараулары 
бойынша  нақты  қандай  деңгейде  білім,  білік,  дағдыларын  игергендігін  көрсетпейді, 
бұл дегеніміз әр студенттің жеке оқу траекториясын анықтауға мүмкіндік бермейді;  
-  қорытынды  баға  қояр  кезде  аралық  баға  ғана  ескеріледі,  бұл  оқудың  соңғы 
нәтижесін алудың объективті жолы болып табылмайды;  
-  оқу  үрдісі  кезінде  студент  пен  оқытушы  арасында  оперативті  байланыстың 
жоқтығы студенттің оқуға деген мотивациясына кері әсерін береді.  
Осы  аталған  мәселелерді  шешу  үшін  ТжәнеКББ  мекемелерінде  оқытудың 
мақсат,  міндеттері  және  күтілетін  нәтижелеріне  сәйкес  студенттердің  оқу 
жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін әзірлеп енгізу қажет. 
Жаңартылған білім парадигмасының, модульді-құзіреттілік тәсілге негізделген 
білім бағдарламаларының пайда болуы жүйелі, пәнаралық (модульаралық) сипаттағы 
оқушылардың  оқу-танымдық  құзіреттілігінің  қалыптасуына  әсер  ететін  оқу 
жетістіктерін  критериалды  бағалаудың  бірыңғай  технологиясын  іздестіруге  әкеледі. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
41 
Бағалаудың  әртүрлі  тәсілдерінің  пайда  болуы,  сөзсіз  құзіреттілік  тәсілдің,  жеке 
тұлғаға  бағдарланған,  дамыта  оқытудың  негізделген  жалпыпедагогикалық 
концепциясының  анықталуына  ықпал  етті.  Мұның  барлығы  бағалау  жүйесінің 
дамуындағы  заманауи  тенденцияларын  анықтады  және  оқушылардың  жеке 
жетістіктерін  қажетті  құзіреттіліктердің  қалыптасу  деңгейін  нақты  бағалау 
критерийлерімен  салыстыруға  негізделген  критериалды  бағалау  технологиясының 
пайда болу қажеттілігін тудырды. 
Критериалды  бағалау  –  бұл  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  білім  берудің 
мақсаты  мен  мазмұнына  сәйкес  келетін,  студенттердің  оқу-танымдық  құзіреттілігін 
қалыптастыруға  әсер  ететін,  нақты  анықталған,  ұжыммен  шешілген,  білім  беру  үрдісінің 
барлық қатысушыларына (студенттер, оқу мекемесінің әкімшілігі, ата-аналар, заңды өкілдер 
және т.б.) алдын-ала белгілі білім нәтижелерімен салыстыруға негізделген үрдіс. 
Критерий – белгілі бір заттың анықтамасы немесе  классификациясын бағалау 
жүргізілетін бағалау өлшемі немесе белгісі. Критерийлер оқу тапсырмасын орындау 
нәтижесі  идеалды  түрде  қандай  болу  керектігі  нақты  көрінетін  (белгілі  бір  жұмыс 
түрі  үшін)  дескрипторлармен  сипатталады,  ал  дескрипторға  байланысты  бағалау  – 
оқушының аталған мақсатқа жақындау деңгейі [7]. 
Критериалды 
бағалау 
оқу 
бағдарламасының 
мазмұнына, 
бақылау 
шараларының  формасына,  студенттердің  жеке  психологиялық-педагогикалық 
ерекшеліктеріне  сәйкес  жүзеге  асырылады;  студенттердің  оқу  жетістіктерін 
бағалаудың  аралық  және  қорытынды  бақылауды  бірыңғай  қолданудан  тұратын 
формативті және суммативті бағалаулардың бірлігі негізінде. 
Формативті бағалау – сабақта немесе үйде күнделікті жұмыс кезінде білім мен 
біліктерді игеру деңгейін аралық анықтау, оқу үрдісі кезінде оқытушы мен оқушының өзара 
қарым-қатынасын  жедел  жүзеге  асыру.  Бұл  оқушыларға  жаңа  материалды  игеру  кезінде 
тапсырманы  қаншалықты  дұрыс  орындап  жатқандығын  және  оқытудың  мақсаты  мен 
міндеттеріне қаншалықты жетіп жатқандығын түсінуге үмкіндік береді.  
Суммативті  бағалау  –  оқу  тақырыбының  бір  блогын  игергеннен  кейін  білім 
мен біліктердің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған бағалау. Суммативті бағалау 
әртүрлі қорытынды жұмыс түрлерін (тест, бақылау жұмысы, жоба және т.б.) орындау 
нәтижесі бойынша жүргізіледі. Қорытынды жұмыс үшін қойылған белгі пән (модуль) 
бойынша  семестрге,  жылға  қойылатын  қорытынды  белгіні  анықтауға  негіз  болады. 
Суммативті бағалауды педагог немесе ТжәнеКББ мекемесінің әкімшілігі жүргізеді. 
Бағалау  критерийлер бойынша  қойылады. Бағалау критерийлері оқу үрдісінің 
барлық қатысушыларына (оқушылар, оқытушылар, ата-ана) танысу үшін қолжетімді 
болып табылады. 
Критериалды бағалау формативті бағалаудың бөлінбес бөлігі болып табылады. 
Формативті бағалауда бағалау критерйлері оқу материалының нақты бір фрагментіне 
(тақырып, бөлім) байланысты, ал суммативті бағалау кезінде критерийлер жалпылай 
алынады. 
Бағалау  критерийлерін  оқытушы  алдын-ала  дайындап  қоюы  керек,  ал 
қызметтік сауаттылықты  қалыптастыру үшін мүмкіндік болса, оқушылармен бірігіп 
құрастырған  жақсы.  Мысалға,  оқытушы  бақылау  жұмысын  алмас  бұрын  жұмыс 
бағаланатын  критерийлерді  оқушылармен  бірігіп  ақылдасуы  керек.  Оқытушы 
студенттер  түсінуі  үшін  бағалау  критерйлерін  түсіндіріп,  бірігіп  анықтауы  қажет. 
Критерий  мазмұны  түсінікті,  қолжетімді  түрде  жазылған  болуы  керек  және  ол 
студенттерге көрнекі түрде тақтада немесе плакатта көрсетілуі керек. 
Критериалды бағалаудың міндеттері: 
-
 
оқу үрдісінің әр кезеңінде әр студенттің дайындық деңгейін анықтау; 
-
 
оқу бағдарламасына сәйкес студенттердің қысқамерзімді мақсаттар мен оқу 
нәтижесіне қол жеткізуін саралау; 
-
 
студенттің жеке үдерісіне мониторинг жасау және жеке даму траекториясын 
түзету енгізу; 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
42 
-
 
оқу  бағдарламасын  игеру  кезінде  кеткен  қателіктерді  түзетуге  студенттерге 
мотивация беру; 
-
 
әртүрлі  қызмет  түрін  орындау  нәтижесінде  алынған  баға  мәндерін 
дифференцациялау;  
-
 
оқу бағдарламасының тиімділігіне мониторинг жасау;  
-
 
оқу  үрдісін  ұйымдастыру  ерекшеліктерін  және  де  оқу  материалын 
игергендігін  білу  үшін  оқытушы  мен  студент  арасындағы  кері  байланысты 
қамтамасыз ету.  
Практикалық мәні: 
- студенттің тек жұмысы бағаланады
-  студенттің  жұмысы  оларға  алдын-ала  белгілі  дұрыс  орындалған  жұмыс 
үлгісімен (эталон) салыстырылады;  
-  оқушыларға  баға  қоюдың  нақты  алгоритмі  белгілі,  сондықтан  ол  өзінің 
жұмысты орындау деңгейін анықтап, қызығушылық танытқан жақтарды (ата-анасын) 
ақпараттандыра алады; 
-  студенттерді  үйреткен,  оқытқан  материал  бойынша  ғана  бағалайды,  себебі 
бағалау критерийлері оқу мақсатының нақты белгісі болып табылады.  
Критериалды  бағалауда  өзіңді  басқамен  салыстыр  деген  шарт  жоқ.  Сен  бір 
критерй бойынша сәтті болып шығарсың, ал мен басқа критерйге жақсы келемін. Өз 
жетістіктерін  критерийлер  бойынша  бағалап,  оны  әрі  қарай  дамытуға  қосымша 
мүмкіндік пайда болады.  
Критериалды бағалауды пайдалана отырып оқытушы сенімді бола алады:1) бір 
бағалау  құралын  дәл  сол  студенттерге  екінші  рет  қолданса,  дәл  бірінші  кездегі 
нәтижені  алатындығына;  2)  бағалау  құралы  нақты  нені  тексергің  келді  соны 
бағалайды – оқытудың күтілетін нәтижесі ( мысалы, егер студенттің оқу және түсіну 
қабілеті  бағаланатын  болса,  онда  «сөзді  атап  шығу»  құралы  дұрыс  емес  болып 
шығады,  себебі  дауыстап  айту  оқу  үшін  маңызды  емес  білік;  егер  оқытушы 
студенттің  басқа  біліктерінен  бөлек  тек  оқу  және  түсіну  қабілетін  тексергісі  келсе, 
онда  оқушының  мәтінді  декодтау  (шифрлеу)  және  мәтінде  жазылғандардың  мәнін 
түсінуі  мүмкіндігін  бағалау  керек);  3)  кешірек  кез-келген  адам  оқытушының 
қойылған  бағасының  дұрыстығын  тексере  алады  (мысалға,  оқытушы  бағалауды 
ауызша сұрау арқылы жүргізсе, онда басқа бір адам да, оқытушының өзі де алынған 
нәтижені  кейін қайта  тексере  алмайды); 4) бағалау  кезінде  бағаға  әсер ететін  нақты 
анықталған  факторлар  тізімі  болады  (мысалы,  оқытушы  студенттің  ораторлық 
қабілетін  тексергісі  келсе,  онда  бағаның  25%-ы  айтқан  сөзінің  грамматикалық 
дұрыстығы,  25%-ы  дұрыс  айтылуы,  25%-ы  тақырыптың  ашылуы  және  25%-ы 
тыңдаушының  назарын  ұстап  тұра  алуы;  қорытынды  баға  осы  төрт  бөліктің 
қосындыс  болады);  5)  студенттерге  оқу  нәтижелерін  бағалау  критерийлері  туралы 
алдын-ала мәлімет берілген [7]. 
Сонымен,  критериалды  бағалау  деп  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  білім 
берудің  мақсаты  мен  мазмұнына  сәйкес  келетін,  студенттердің  оқу-танымдық 
құзіреттілігін  қалыптастыруға  әсер  ететін,  нақты  анықталған,  ұжыммен  шешілген, 
білім  беру  үрдісінің  барлық  қатысушыларына  (студенттер,  оқу  мекемесінің 
әкімшілігі,  ата-аналар,  заңды  өкілдер  және  т.б.)  алдын-ала  белгілі  білім 
нәтижелерімен  салыстыруға  негізделген  үрдісті  түсінеміз.  Критериалды  бағалаудың 
педагогикалық мәні студенттердің оқу-танымдық құзіреттілігінің (білімді  игеру мен 
оларды игеру әдістеріне бағдарланған студенттердің өзіндік оқу-танымдық қызметті 
жүргізуге  дайындығы  мен  қабілеті;  назар  шоғырландыру;  сыни  ойлау;  өзіндік 
мүмкіндігі  мен  оқу  жетістіктерін  бағалау;  өзара  бағалау  жүргізу)  қалыптасуына 
негізделген. Оқушылардың өін-өзі бағалауы өзіндік ұйымдастыру мен өзін-өзі дамыту үшін 
жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады (өзін-өзі бағалауға және студенттердің 
оқу жетістіктерін есепке алуға арналған портфолио) [3]. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
43 
Бағалау  жүйесі  қандай  да  бір  оқу  материалының  қаншалықты  сәтті 
игерілгендігін, қандай да бір практикалық біліктің қалыптасқандығын анықтауға мүмкіндік 
береді. Есептеуді бастау нүктесі ретінде жалпылама түрде міндетті минимум алынады. 
Критериалды бағалау жүйесіне қойылатын талаптар. Критериалды бағалау жүйесі: 
-  оқушының  қол  жеткізген  деңгейін  алдын  ала  анықталған  нәтижеге 
қойылатын  талаптармен  салыстыруға  мүмкіндік  беруі  керек;  ол  екі  деңгейден  тұрады: 
критериалды  бағалаудың  бірінші  деңгейі  базалық  мазмұнға  арналған,  екінші  деңгей  – 
пәннің жоғары (профильалды және профильді) мазмұнына арналған талаптар; 
-  әр студенттің дайындық деңгейінің өзгеруі мен танымдық қызметінің әртүрлі 
саласы бойынша (ақпаратты меңгеру, ақпаратты өңдеу, өз ойларын шығармашылық 
түрде көрсету және т.б.) жетістігің өсуін тіркеп отыруы керек;  
-  оқытушыға  ғана  емес,  оқушыға  да  белгілі  бағаның  нақты  мазмұны 
(қойылатын  шарттар  жайлы  ақпарат)  болуы  қажет.  Оқушы  оқытушының  қойған 
белгісін өзінікімен салыстырып, бағаның объектілігін тексере алуы керек; 
-  көпдеңгейлі, көпбалды, бағалаудың әлемдік тәжірибесіне бейімделген болуы 
қажет;  
-  нақты  бір  уақыт  аралығында  жиналған  балл  механизмінің  ықпалымен  оқу 
үрдісінің біртұтастығын қамтамасыз етуі керек
-  оқытушы, оқушы, ата-ана, сынып жетекші, сонымен қатар мектеп әкімшілігі 
мен  педагогикалық  ұжым  арасындағы  тұрақты  байланысты  қарастырып  және 
қамтамасыз етуі керек; 
-  оқушылардың  психикасына  ұқыптылықпен  қарау  қажет,  психикасына  әсер 
ететін жағдай туғызбауы қажет.  
Педагогика  ғылымында  бақылаудың  келесідей  негізгі  түрлері  бар:  аралық, 
мерзімді және қорытынды. 
Аралық  бақылау  сабақ  үстінде  жүзеге  асырылады  немесе  бір  тақырып  аяқталғаннан 
кейін және де критериалды бағалау режимінде формативті бағалауға сәйкес келеді. 
Мерзімді  бақылау  үлкен  бір  тарау  немесе  семестр  соңынада  жүргізіледі. 
Қорытынды бақылау оқушының басқа оқу деңгейіне көшуі кезінде жүргізіледі және 
қорытынды аттестацияның маңызды формасы болып табылады. Бұл екі бақылау түрі 
критериалды бағалау режимінде суммативті бағалауға сәйкес келеді. 
Функционалды  сауаттылықтың  қалыптасу  деңгейін  бағалаудың  жаңа 
концептуалды тәсілі құзіреттіліктің әрбір түріне және оқу пәнінің (модулінің) барлық 
мазмұнына арнайы құрастырылған бағалау критерийлеріне негізделеді. 
Модульді 
оқыту 
технологиясы 
– 
даралап 
оқыту 
ұстанымдарына 
негізделгендіктен  жоғары  оку  орнындағы  кредиттік  жүйемен  оқитын  студент  жеке 
бағдарлама бойынша өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. 
Айта  кететін  жайт,  бүгінде  жұмыс  берушілердің  бағыты  да  еңбек  нарығына 
сәйкес бейімделіп, әлемдік тәжірибелер негізінде өз кәсіптерін әрбір бес жыл сайын 
өзгертіп  отыру  қажеттігі  туындап  отыр.  Яғни,  жұмысшы  кадрлардың  қажетті 
мамандықтары  да  өзгеріп  отыратындықтан,  кәсіптік  және  техникалық  білім  беретін 
оқу орындары  да қазіргі еңбек нарығына  бейімделген жаңа  бағдарламалар негізінде 
жұмысшы кадрларды дайындауы қажет. 
Ал кадрларды дайындайтын оқу орындары мен ондағы оқытушылардың білім 
сапасы  да  әлем  деңгейіндегі  озық  тәжірибелерге  сәйкес  болуы  тиіс.  Бүгінде, 
еліміздегі  бірқатар  колледждерде  дуалды  оқыту  жүйесі  енгізілген.  Колледж  түлегі, 
тек теориялық біліммен ғана шектелмей, бұл жүйеде оқытудың 40% – теориялық, ал 
60%  –  практикалық  тәжірибе  сағаттарына  бөлінген.  Демек,  білімгер  –  дипломмен 
қатар, болашақ мамандығы бойынша өндірістен тәжірибе жинақтап, сол мамандығы 
бойынша  сертификатын  алып,  болашақ  мамандығы  бойынша  жұмыс  орынымен 
танысып,  нағыз  маман  болып  шыға  алады.  Бұл  жүйенің  тағы  бір  артықшылығы, 
жұмыс  орнында  тәжірибе  жинақтаумен  қоса,  өзін  жақсы  әрі  білікті,  әрі  тәжірибелі 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
44 
жақтары ескеріліп, жұмыс беруші тарапынан көтермелеу мақсатында шәкіртақысына 
қосымша кәсіпорыннан сыйақы алу мүмкіндіктері бар [6]. 
Ал енді оқытудың модульді-құзіреттілік жүйесінің артықшылығы – мамандық 
бойынша  бір  ғана  сертификат  емес  –  бірнеше  сертификат  алып,  жұмысшы 
кадрлармен  тепе-тең  тәжірибе  жинақтай  отырып,  жұмыстың  түрін  таңдау 
мүмкіндігіне  ие  болады.  Яғни,  колледждегі  оқу  бағдарламалары  бойынша  бірінші 
курста  толығымен  жалпы  білім  беретін  пәндер  бойынша  курстарын  аяқтап,  екінші 
курстан бастап кәсіптік білім беретін пәндермен қоса арнайы пәндердің тақырыптары 
модульдерге  бөліну  арқылы  оқытылып,  әр  деңгей  бойынша  шеберханада  және 
жұмыс берушілердің кәсіпорнында тәжірибені (практикалық жұмыс) де бірден өтетін 
болады.  Яғни,  екінші  курсты  аяқтағанда  білімгер  мамандығы  бойынша  бір 
сертификатқа  ие  болып,  жаз  мезгілінде  таңдаған  мамандығы  бойынша  уақытша 
жұмысқа кірісіп кетуіне мүмкіндік туындап отыр. Ал оқытушыларға келетін болсақ, 
заманауи  талаптарға  сәйкес,  колледждегі  әрбір  оқытушы  бекітілген  типтік 
бағдарламаларға  өзгерістер  енгізу  арқылы,  бұған  дейін  оқу  ісі  жөніндегі  маманның 
атқарып келген оқу жоспарын құру міндетін – қарапайым арнайы пән оқытушылары 
да  атқаратын  болады.  Яғни,  әрбір  мамандық  бойынша  модульді  деңгей  негізгі 
мамандықтың  арнайы  пәндеріне  сәйкестендіріліп  құрастырылатын  болады.  Демек, 
кәсіптік  және  техникалық  білім  беретін  заманауи  бағыттағы  оқытушы  техникалық 
(компьютер,  интерактивті  тақта,  проектор  және  т.б.)  мүмкіндіктерді  толық 
меңгерген,  жұмысшы  оқу  жоспарын,  келешекке  арналған  (перспективалық) 
жоспарды әзірлеу құзіреттерін меңгерген білікті, әрі жан-жақты маман болуы тиіс. 
Бүгінде әлем деңгейіндегі  жұмысшы кадрларды  даярлаудың тиімді  жолдарын 
қарастырып, техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту бойынша жұмыстарды 
жүргізу  керектігі  басты  мәселелердің  бірі.  Осы  орайда  модульді  оқыту 
технологиясының  тиімділігі  еш  күмән  туғызбайды,  тиімділігі  әлемдік  тәжірибемен 
дәлелденген  (Ұлыбритания,  Голландия,  АҚШ  және  т.б.).  Тек  осы  оқыту  жүйесін 
еліміз  МИИДБ  кәсіпорындарына  арналған  жұмысшы  кадрлар  даярлау  шеңберінде 
қолданысқа сәтті енгізе білу керек. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Қазақстан  Республикасының  Инвестициялар  және  даму  министрлігінің 
сайты. – http://www.mid.gov.kz/ Пайдаланған уақыты: 01.08.2014 ж. 
2.
 
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» 
Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан 
халқына Жолдауы / 14 желтоқсан, 2012 ж. – Астана, 2012. 
3.  Смирнова  Г.М.,  Кан  Т.С.,  Готтинг  В.В.,  Квитко  Е.М.,  Акимбаева  Г.М. 
Разработка модульных программ, основанных на компетенций специалиста: учебно-
методическое пособие. – Караганда: ТОО «Арка и К», 2015. – 190 с.  
4.  Самашова  Г.Е.,  Смирнова  Г.М.,  Құрымбаев  С.Ғ.,  Қуанышбекова  Е.К. 
Модульді оқыту технологиясы. – Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2016. – 82 б. 
5.  «Википедия»  свободная  энциклопедия.  –  https://ru.wikipedia.org/wiki/Модуль. 
Пайдаланған уақыты: 25.09.2015 ж. 
6. Самашова Г.Е., Алшынбаева Ж.Е., Төлеуқұл А.А. Еңбек нарығындағы дуалды 
оқыту жүйесі. – Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2015. – 90 б. 
7. Жанпейісова М.М. Модульді оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы 
ретінде / Аударған Д.А. Қойшыбекова). – Алматы, 2002. – 180 б. 
*** 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал