БҚму хабаршы №1-2017ж



жүктеу 5.14 Kb.

бет5/42
Дата08.09.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Дуйсенбаев А.К. 
Познавательные аспекты повышения педагогического мастерства 
личности 
В  данной  статье  рассматриваются  познавательные  аспекты  повышения 
педагогического  мастерства  личности.  Вместе  с  тем  подробно  анализируются 
проблемы повышения квалификации учителей.  
Ключевые  слова:  Педагогическое  мастерство,  личность,  повышение 
квалификации  учителя,  профессиональное  образование,  навык,  профессиональное 
умение, педагогическая этика. 
 
Duisenbayev A.K.  
Cognitive aspects of improvement of pedagogical skills of the individual 
This article focuses on cognitive aspects of improvement of pedagogical skills of the 
individual. However problem of teacher training is detailed analysed. 
Keywords:  Pedagogical  skills,  personality,  teacher  training,  vocational  training, 
skills, professional skills, pedagogical ethics. 
 
*** 
 
ӘОЖ 553.982 
Кунашева З.Х. – х. ғ. к., доцент, М.Өтемісов атындағы БҚМУ  
Шамилова А.Ж. – магистрант,М.Өтемісов атындағы БҚМУ  
Ержанова Н.С. – магистрант,М.Өтемісов атындағы БҚМУ  
E-mail: kunasheva@mail.ru 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН 
ҰЙЫМДАСТЫРУ БАРЫСЫНДА БҰРҒЫЛАУ ШЛАМДАРЫН КӘДЕГЕ 
ЖАРАТУДЫҢ КЕШЕНДІ ТӘСІЛІ АРҚЫЛЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫН 
ЖАСАҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ  
 
Аңдатпа.  Мақалада  мұнай,  газ  шикізаттарын  өндіру  кезінде  түзілетін 
бұрғылау  қалдықтарын  өңдеу,  оларды  пайдалы  материалдар  ретінде  қолдану 
тәсілдерін  жасақтау  мәселелері  келтірілген.  Осы  мәселелерге  арналған  соңғы 
жылдардағы  ғылыми-техникалық  әдеби  шолулар  мен  патенттік  жұмыстар 
жинақталып,  талданған.  Бұрғылау  шламдарын  кәдеге  жарату  бағытында 
жүргізілетін жүйелі зерттеу және жобалау жұмыстарынан күтілетін нәтижелер 
алу  үшін  ғылыми-техникалық  өнімдерге  қойылатын  талаптарға  сәйкес 
жасақтаудың  әдістемесін  алдын-ала  дайындау  қажеттігі  көрсетілген.  Бұрғылау 
шламдарын  кәдеге  жарату  үшін  кешенді  технология  жасақтау  мақсатында 
жүйелі,  әрі  жан-жақты  зерттеп  және  күтілетін  нәтижелерге  жетуге  қажетті  
міндеттер  анықталып, атқарылатын жұмыстар келтірілген. 
Тірек  сөздер:  Әдістеме,  бұрғылау  шламы,  кәдеге  жарату,  залалсыздандыру, 
технология,  утилизация,  термиялық  әдіс,  минералдық  материал,  композициялық 
материал, зертханалық сынақ, жартылай өнеркәсіптік сынақ. 
 
Көмірсутектік  шикізатты  өндіру  және  өңдеу  өнеркәсібі  Қазақстан 
экономикасында  маңызды  орын  алады.  Әр  жыл  сайын  мұнай  және  газ  өндіру  мен 
өңдеу  көлемінің  ұлғаюымен  бірге  олардан  шығатын  қалдықтардың  да  мөлшері 
үздіксіз  артып  отыр.  Мұнай  және  газды  өңдеу,  мұнайхимиялық  немесе  химиялық 
өнеркәсіптерде,  мұнайды,  газды  құю  және  мұнай  өңдеу  станцияларында  кездесетін 
қосымша материалдар мен  қатты  қоспалар  бұрғылау  және  мұнай  шламдары  деп  аталатын 
қалдықтардың  түзілуіне  әкеледі.  Қалдықтардың  түрлеріне  байланысты  өңдеу  және  оларды 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
30 
пайдалы  материалдар  ретінде  қолдану  жолдарын  іздеу  қазіргі  кезеңдегі  мұнай  және  газ 
өндіруші елдер үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.  
Ұсынылып  отырған  жұмыста  жоғарыда  көрсетілген  мәселелерге  арналған 
соңғы  жиырма  жылдықтағы  ғылыми-техникалық  әдеби  шолулар  мен  патенттік 
жұмыстар 
жинақталып, 
оларға 
талдаулар 
жүргізілді. 
Әдеби 
шолудың 
қорытындыларынан  бұрғылау  қалдықтарын  өңдеу,  көму  және  кәдеге  жарату  үшін  әртүрлі 
технологиялар  мен  жабдықтар  жасақталғандығы  белгілі.  Солардың  ішінде  ең  әлемдік 
алдыңғы  қатарлы  техникалық  жасақтаулар  жөніндегі  мәліметтерге  Ресей,  АҚШ,  Канада 
мемлекеттері ие. Әдеби және патенттік шолу негізінде бұрғылау шламдарын өңдеудің белгілі 
және қолданылатын технологияларын 4 топқа бөлгендігі көрсетілген [1]: 
1.  Термиялық  әдістер  (өртеу,  пиролиз,  құрғату,  термодесорбция).  Процестің 
нәтижесінде аэрозоль типті дисперсті жүйелер түзіледі; 
2.  Физика-механикалық  бөлу  әдістері  (сүзу,  центрифугирлеу,  экстракция, 
сепарация,  тұндыру,  десорбция).  Бұл  топ  әдістері  үшін  суспензияның  эмульсияға 
және гельге айналуы тән; 
3.  Биохимиялық  әдістер.  Оларға:  биотазалау,  биодеградация,  анаэробты 
тазалау, 
химиялық 
реагенттер 
арқылы 
тотығу, 
бейтараптану, 
майлы 
(биоорганикалық) дисперсті фаза арқылы қолданылатын әдіс түрлері жатады;  
4.  Басқа  да  әдістер,  жоғарыдағы  көрсетілген  үш  себептің  ішінде  біреуі 
бойынша алғашқы үш топқа кірмейтін әдістер: 
1)  кең  қолданыс  табылмаған  немесе  сирек  кездесетін  патенттер:  айдау, 
буландыру, озондау, каталитикалық тотықсыздану және басқалары; 
2)  кең  қолданылатын,  бірақ  негізгі  процестің  сатыларының  біреуі  болып 
табылатын  әдістер:  көму,  қатыру,  тұрақтандыру,  отын  ретінде  қолдану,  тыңайтқыш 
даярлау, құрылыста қолдану; 
3)  қазіргі  уақытта  дамудағы  және  пилоттық  және/немесе  тәжірибелік-
өнеркәсіптік  тестілеу  сатыларындағы  әдістер:  радиожиіліктік  қыздыру  (тазалау), 
гидрлеу, электрокинетикалық бөлу, ультрадыбыстық өңдеу және т.б. 
1-кестеде  бұрғылау  қалдықтарын  өңдеу  әдістерінің  түрлері  және  жіктеу 
белгілері келтірілген.  
Кесте 1. – Бұрғылау қалдықтарын өңдеу әдістері 
Әдіс түрі 
Негізгі жіктеу белгілері 
Термиялық 
Ашық қамбаларда, әртүрлі пештерде өртеу, битум қалдығын алу 
Физикалық 
Арнайы қорымдарда көму, вакуумды сүзу және қысым астында 
фильтрлеу, ортадан тепкіш алаңда бөлу, мұздату 
Химиялық 
Еріткіштер көмегімен экстрагирлеу, коагулянттар мен 
флокулянттар қолдану, бейорганикалық (цемент, сұйық шыны, саз) 
және органикалық (эпоксидті және полистирол шайырлары
полиуретандар және т.б.) қоспалар көмегімен қатайту 
Физика-
химиялық 
Арнайы қондырғыда өңдеу арқылы жүретін физика-химиялық 
қасиеттерді өзгертетін арнайы таңдалған реагенттерді қолдану 
Биологиялық 
Тікелей сақтау орындарында топырақтың микробиологиялық 
ыдырауы, биотермиялық ыдырау 
 
Шлам,  бұрғылау  ерітінділері,  мұнай  және  су  негізіндегі  бұрғылау  шламдары 
бұрғылау қалдықтарының санатына енгізілген. Алайда, қазіргі заманғы әдебиеттерді 
шолу бойынша бұл ұғымдардың бір-бірін алмастыра алмайтындығы белгілі. 
Бұрғылау  ерітінділері  бұрғылау  процесі  кезінде  шурфты  салқындату  үшін, 
шламды сорып шығаруға және ұңғымаға сыртқа сұйықтықтардың түсуін болдырмау 
үшін қысымды ұстау мақсатында айдалады. 
Ұсынылып  отырған  ғылыми  мақалада  негізгі  зерттеу  нысаны  болып  мұнай 
негізіндегі  карбонатты  бурғылау  шламы  алынды.  Бұрғылау  шламы  -  бұрғылау 
кезінде  ұңғымадан  шығатын  қатты  материал.  Шламның  құрамына  кіретін  бұрғылау 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
31 
ерітіндісі  шламның  қатты  бөлігінен  бөлініп  алынады  да  жаңадан  қолданылады,  ал 
шлам полигондарда немесе контейнерлерде сақталады.  
Бұрғылау  шламдарын  кәдеге  жарату  бағытында  жүргізілетін  жүйелі  зерттеу 
және  жобалау  жұмыстарынан  күтілетін  нәтижелер  алу  үшін  ғылыми-техникалық 
өнімдерге  қойылатын  талаптарға  сәйкес  жасақтаудың  әдістемесін  алдын-ала 
дайындау  қажет.  Ғылыми-техникалық  өнімдерге  қойылатын  типтік  талаптарға 
атқарымдық  (мақсаттық  көрсеткіштер)  талаптар  жатады,  яғни:  сенімділік, 
технологиялық,  стандарттау  және  унифицирлеу,  зиянды  әсерлерді  шектеу 
(эргономикалық  және  экологиялық),  эстетикалық,  экономикалық,  патенттік, 
патенттік-құқықтық.  Басқа  да  өнім  түрлеріне  қойылатын  талаптар  көбіне  жоғарыда 
келтірілген талаптармен бірдей.      
Бұрғылау  шламдарын  өңдеу  және  екіншілік  қолдану  мәселелерінің  өзектілігі 
екі  негізгі  міндеттермен  тығыз  байланысты:  бірінішіден,  қоршаған  ортаны  қорғау, 
екіншіден,  шламдар  құрамындағы  екіншілік  шикізаттарды  (сирек  кездесетін 
металдар,  минералды  заттар,  кей  жағдайда  көмірсутектерді,  басқа  да  пайдалы 
компоненттерді)  қолдану.  Алайда,  бұрғылау  шламдарын  жүйелі  зерттеп  және 
күтілетін  нәтижелерге  жету  үшін  жан-жақты  талдау  жүргізе  отырып  келесі 
міндеттерді  анықтау мақсатында төмендегідей жұмыстар жүргізу қажет: 
1.  Бұрғылау  ерітінділері  жөнінде  жалпы  мәліметтерді,  олардың  түрлерін, 
химиялық  құрамын,  физика-химиялық  сипаттамаларын,  қолдану  мақсаттарын 
анықтау үшін теориялық және практикалық мәліметтер жинау; 
2.  Зерттеуде  таңдап  алынған  бұрғылау  шламының  химиялық,  физика-
химиялық құрамын анықтау үшін зертханалық талдау жүргізу; 
3.  Алынған  химиялық  талдау  нәтижесін  қорытындылай  отырып,  шламды  әрі 
қарай  қолдану  мақсатында  болжам  жасау  және  оны  жүзеге  асыру  бойынша 
жоспарлар құру; 
4.  Бұрғылау  шламы  алдын-ала  залалсыздандырылған  жағдайда  зертханалық 
талданған  химиялық  құрамына  сәйкес  және  екіншілік  қолдану  мақсатында 
жүргізілген болжам бойынша өнімнің тәжірибелік үлгілерін жасақтау; 
5.  Ғылыми-техникалық  негіздеме  арқылы  жасақталған  үлгілер  түрлерін 
зертханалық 
жағдайда 
дайындау, 
технологиялық 
және 
эксплуатациялық 
көрсеткіштеріне сынаулар жүргізу; 
6.  Тәжірибелік  үлгілерді  сынау  нәтижесінде  алынған  көрсеткіштерінің 
стандарттарға сәйкестігін салыстыру;  
7.  Бұрғылау  шламдарынан  жасақталған  үлгілерді  зертханалық  сынаулардан 
өткізу  нәтижелеріне  байланысты,  зерттеуді  жартылай  өнеркәсіптік  сынақ  ретінде 
жалғастыру  мүмкіндігін  қарастыру,  оны  жоспарлау  және  қажетті  материалдық-
техникалық базаны дайындау; 
8.  Жартылай  өнеркәсіптік  үлгілерді  қолданып  өндіріске  жаңадан  жасақталған 
өнімді немесе технологияны енгізуді жүзеге асыру; 
9. Жасақталған жаңа екіншілік қолдану әдісінің экономикалық тиімділігін бағалау. 
Бұрғылау  шламдарын  өңдеу,  оны  екіншілік  шикізат  ретінде  қолданудың 
әдістері  мен  тәсілдерін  жасақтау,  қондырғылар  түрлерін  құру  бойынша  патенттік 
ізденістер  жүргізілді.  Оның  нәтижесінде  бұрғылау  шламдары  бойынша  ең  көп 
зерттеулер  жүргізілген,  соның  нәтижесінде  технологиялық  және  жабдықтық 
патенттелген  жасақтамалар  ұсынған  елдер  бойынша  статистикалық  көрсеткіштер  2-
кестеде  келтірілген.  Мәліметтер  1984  -  жыл  мен  2010  -  жылдар  аралығындағы 
жұмыстарды қамтиды және утилизациялау практикалық түрде өнеркәсіптік сынаққа 
дейін  жеткізілген.  Бұл  кестеде  көрсетілгендей  ең  жоғары  көрсеткіштер  АҚШ  және 
Ресейдің үлесінде. Технологиялар саны бойынша АҚШ-да патенттік ұсыныстар саны 
30  болса,  Ресейде  технология  екі  еседей  төмен  –  14-ті  құрайды.  Бұрғылау 
шламдарының қондырғылар саны  екі елде де бір ғана бірлікке ие, Ресейде - 9, АҚШ-
да  -  10.  Одан  кейінгі  жоғары  патенттік  орынды  Қытай  және  Канада  мемлекеттері, 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
32 
Германия  мен  Жапония  елдерінің  үлесінде  патенттелген  бір  қондырғыдан  бар 
екендігін көруге болады. 
Кесте 2. – Бұрғылау қалдықтары мен шламдарын кәдеге жаратуды 
жасақтаған елдер бойынша мәліметтер 
Мемлекеттер 
Ресей 
АҚШ 
Жапония 
Германия 
Қытай 
Канада 
Технологиялар 
саны 
14 
30 




Қондырғылар 
саны 

10 




 
Өндірістік  қолдануға  ұсыну  сатысында  жеке  жоспарлар  мен  міндеттерді 
анықтау  мерзімдік-қаржылық  ресурстарды  қажет  етеді.  Сондықтан  өңделген 
бұрғылау  шламдарын  екіншілік  шикізат  ретінде  қолдану  әдістері  де  әртүрлі  болуы 
мүмкін,  яғни  шламды  жеке  күйінде  немесе  композициялық  материалдың  құрамына 
кіретін қоспа түрінде қарастыруға болады.  
Мұнай шламдарын өңдеу процестері – бұл күрделі ғылыми-техникалық мәселе 
болып  табылады  және  өңдеу  мақсаты,  мұнай  шламдарының  физика-механикалық 
сипаттамалары,  зияндылығы,  агрегаттық  күйі,  жасы,  тау-геологиялық  және  жер 
қыртысына,  климаттық  жағдайға  байланысты  түрлі  қондырғыларды  қолданумен 
технологиялық әдістермен жүргізіледі [2]. 
Мұнайды  өндіру  қалдықтарын  заласыздандырумен  салыстырғанда  оларды 
амбарларға орналастыру қоршаған ортаға шығарылатын меншікті шығыны 64 есе, ал 
полигондарға орнатуға байланысты 41,7 есеге дейін төмендетеді. 
Мұндай  қалдықтарды  залалсыздандыру  әдістері  және  технологиялардың  әр 
түрлі  болуына  қарамастан  екі  түрлі  бағытты  ажыратуға  болады:  а)  қажетті 
компоненттерді алдын ала бөлусіз залалсыздандыру әдістері; б) ресурстық потенциал 
(екіншілік  шикізат)  ретінде  қалдықтарды  қолдануға  негізделген  және  құнды  мұнай 
өнімдері,  басқа  да  компоненттер  алуға  мүмкіндік  беретін  әдістер.  Бұл  жағдайда 
мұнай  өнімдерін  бөліп  алғаннан  кейінгі  қалдық  экологиялық  зиянсыз  болып 
саналады, сондықтан қауіпсіз қолдануға мүмкін болып табылады. Мысалы, бұрғылау 
және  мұнай  шламдары  негізінде  түрлі  құрылыс  материалдарын  өндіруге  қолдануға 
болады [3]. 
Бұрғылау  шламдарының  барлық  компоненттерінің  токсикологиялығы  белгілі  [4; 
5],  бірақ  оларды  утилизациялау  әдістерін  практикада  қолдану  үшін  тұтас  шламның 
токсикологиялық  көрсеткіштерін  білу  қажет.  Осыған  сәйкес  3-кестеде  Башқұртстан 
мұнай кен орны типтік бұрғылау шламының құрамын экологиялық-токсикологиялық 
зерттеу  нәтижелері  келтірілген.  Шламның  құрамы  бұрғылау  ерітіндісінің  және 
бұрғыланған  жыныстардың  компоненттерімен  анықталады.  Бұрғылау  үшін  саздық 
ерітінді  дайындауда  көптеген  материалдар  мен  химиялық  реагенттер  қолданылады: 
саздық материалдар, Na-карбоксиметилцеллюлоза (Na-КМЦ), крахмал, ЛПЭ-11 типті 
бактерицид  (уротропиннің  төртіншілік  тұзы  және  металлилхлорид),  натрий 
карбонаты, күйдіргіш натр, майлағыш қоспалар және т.б.  
 
Кесте 3. – Бұрғылау шламының құрамын зерттеу нәтижелері 
№ 
Компоненттер атауы 
(қалдықтағы 
қосылыстар) 
Жалпы құрамы   
(құрғақ үлгі) 
Қоршаған ортаға 
қауіптілік класын 
есептеуге арналған 
көрсеткіштер (ылғал 
қалдыққа  қайта есептеу) 
мг/кг 
% масс. 
мг/кг 
% масс. 

Мыс (оксид) 
44,40 
0,0044 
10,66 
0,00107 

Қорғасын(оксид) 
7,70 
0,00077 
1,85 
0,000185 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
33 

Кадмий (оксид) 
0,25 
0,000025 
0,06 
0,000006 

Мырыш (оксид) 
55,00 
0,0055 
13,20 
0,00132 

Марганец (оксид) 
702,00 
0,0702 
168,48 
0,01685 

Хром (оксид) 
22,00 
0,0022 
5,28 
0,00053 

Кобальт (оксид) 
12,00 
0,00120 
2,880 
0,00029 

Никель (оксид) 
65,00 
0,0065 
15,60 
0,00156 

Күшән (оксид) 
12,00 
0,0012 
2,8800 
0,00029 
10 
Темір (оксид) 
28947,00 
2,8947 
6497,28 
0,695 
11 
Натрий (хлорид) 
111,00 
0,0111 
26,64 
0,003 
12 
Натрий (оксид) 
28800,00 
2,88 
6912,00 
0,69 
13 
Калий (оксид) 
1009,00 
0,101 
242,16 
0,0242 
14 
Кальций (сульфат) 
736,00 
0,074 
176,64 
0,0177 
15 
Кальций (оксид) 
11450,00 
1,145 
2748,00 
0,275 
16 
Сульфаттар 
1763,96 
0,176 


17 
Хлоридтер 
171,29 
0,017 
41,11 
0,004 
18 
Мұнай өнімдері 
19020 
1,902 
4564,80 
0,4565 
19 
Сынып 
0,050 
0,000005 
0,0100 
0,000001 
20 
Жалпы 
күкірт, 
сонымен бірге 
 
 
4872,00 
0,487 
21 
Сульфидті 
19712,07 
1,971 


22 
Алюминий (оксид) 
94328,50 
9,433 
22638,84 
2,264 
23 
Кремний (оксид) 
238600,00 
23,860 
 
5,726 
24 
Ванадий (оксид) 
45,79 
0,0046 
10,99 
0,00110 
25 
Оксидтердегі, 
сульфаттардағы  және 
т.б. оттек 
383299,58 
38,33 
57264,00 
9,23 
26 
Карбоксиметилцеллю
лоза 
61020,00 
6,10 
14644,80 
1,46 
27 
ЛПЭ-11 
типті 
бактерицид 
11465,00 
1,15 
2751,60 
0,28 
28 
Уротропин 
3210,20 
0,32 
770,45 
0,08 
29 
Металлилхлорид 
8254,80 
0,83 
1981,15 
0,20 
30 
Крахмал 
98600,00 
9,86 
23664,00 
2,37 
31 
Сулы 
сүзіндінің 
сутектік көрсеткіші 

32 
Күлділік 
73,00% 
33 
Сулы сүзіндінің ОХҚ 
917 мг/дм

 
Есептеу нәтижелері бойынша бұрғылау шламдарының қоршаған табиғи ортаға 
зиянды әсерінің дәрежесі төмен, қауіптілік класы - ІV (аз қауіпті зат). 
Алдын  ала  залаласыздандырылған  бұрғылау  шламын  құрылыс  материалдары 
өндірісінде қолдануға  болады  -  кірпіш, керамзит, ұсақөлшемді құрылыс бұйымдары 
және т.б. 
Утилизация өнімдерінің мүмкін номенклатурасы төменде көрсетілген: 
Ұсақөлшемді құрылыс бұйымдары: 
- МЕМСТ 6133-84 бойынша шлакоблоктар; 
- МЕМСТ 17608-91 бойынша тротуар плиткалары; 
- МЕМСТ 6665-91 бойынша бордюрлік тас; 
- МЕМСТ 23558-94 бойынша байланыстырғыш қоспалар; 
- Түйіршіктелеген толықтырғыш. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
34 
Сынамалар  алу  және  сынаудың  физикалық  әдістеріне  қойылатын  жалпы 
талаптар  және  мұнай  және  мұнай  өнімдері  МЕМСТ  2517-85  құжатына  сәйкес 
жүргізілді. Сынама алу кезінде алдын ала сынама алу орны және үлгілер алу нүктесі 
келісіліп, анықталды.  
Бұрғылау  шламдарының  топтық  -  көмірсутектік  және  элементтік  құрамы, 
физика-химиялық  қасиеттерін  анықтау  және  радиологиялық  сынау  зерттеудің 
химиялық,  физика-химиялық  және  арнайы  сынақ  әдістері  көмегімен  жүзеге 
асырылды. 
Табиғи  радионуклидтердің  меншікті  тиімді  белсенділігі  материалдар  және 
құрылыс  бұйымдары  МЕМСТ 30108-94 құжатының талаптарына сәйкес анықталды. 
Берілген  стандартты  таңдау  осы  ғылыми-зерттеу  жұмысының  келесі  сатыларында 
бұрғылау шламын құрылыс материалдары үшін қолданумен байланысқан зерттеулер 
жүргізілді.   
Бұрғылау  шламдарын  кәдеге  жаратудың  кешенді  тәсілі  арқылы  қолдану 
технологиясын  жасақтау  студенттермен  бірге  зерттеу  жұмыстарын  жоғарыда 
келтірілген  әдістеме  көмегімен  жүргізіп,  зертханалық  сынақтың  негізінде  оң 
нәтижелер алынып, жартылай өнеркәсіптік енгізу жұмыстарымен жалғастырылды:   
1.  Зертханада  және  тәжірибелік  далалық  жер  бөлігінде  жүргізілген  ғылыми 
зерттеулер  нәтижесінде  термомеханикалық  өңдеуден  кейінгі  мұнай  негізіндегі 
бұрғылау  ерітіндісінің  карбонатты  бұрғылау  шламынан  минералды  материалды 
орман  шаруашылығы,  жол  құрылысы  салаларында  СНИП  РК  3.03-09-2006 
Архитектура, қала  құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер.  
Автомобиль  жолдары.  Астана,  2007.06.01.  талаптары  бойынша    қолданудың 
альтернативті әдістері негізделді және жасақталды.   
2.  Тәжірибелік  далалық  жер  бөлігінде  (Орал-Атырау  бағытына  сәйкес 
автомобиль  жолында  оң  жақ  бойында  Орал  қаласынан  36  шақырым  жердегі  Үлкен 
Шаған  ауылының  жанында,  орман  жолағы  ұзындығы  620  м,  ені  4  м,    Ақсай-
Приуральное  автомобиль  жолы  жиегінің  екі  жағынан  4  -  және  5  -  километр 
аралығындағы  ұзындығы  660 м-ден, ені 1,5 м,) термомеханикалық өңдеуден  кейінгі 
мұнай негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің карбонатты бұрғылау шламынан минералды 
материалды орман шаруашылығында минералдандырылған өртке қарсы жолақ үшін 
топырақтың беткі қабатына қоспа  ретінде және автомобиль жолының жиегін бекіту 
үшін  карбонатты  бұрғылау  шламы,  қиыршық  тас  және  құм-гравийлік  қоспа 
негізіндегі  композициялық  материалдар  құрамында  материал  ретінде    кәдеге 
жаратудың альтернативті әдістері орнатылды және енгізілді.  
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Обоснование  соответствия  системы  обращения  с  отходами  и  технологии 
их  переработки  на  КУО  (Эко  Центр),  как  наилучших  доступных  технологии, 
реализуемых на КНГКМ.- ТОО "Эко - Астана НР". – Астана, 2010. – 208 с. 
2.
 
Использование  отработанных  буровых  растворов  в  Техасе  (США)  //  ЭИ 
Бурение: Зарубежный опыт. – 1983. – №4. – С. 14-15. 
3.
 
КагармановН.Ф., Бочкарев Г.П., Андресон Б.А. Утилизация отработанных буровых 
растворов // Безопасность труда в промышленности. – 1982. – №4. – С. 9-11. 
4.
 
Шишов В.А., Шеметов В.Ю. Об отверждении буровых растворов и шлама 
портландцементом // Тр. ВНИИКР нефти, 1982. – С. 105-115. 
5.
 
Минигазимов Н.С., Расветалов В.А., Минигазимов И.Н., Тарраф А.  Методы 
утилизации  отработанных  буровых  растворов  и  бурового  шлама  //  Техника  и 
технология утилизации нефтяных отходов. – 2010. – С.-255-270. 
 
 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
35 
 
*** 
Кунашева З.Х., Шамилова А.Ж., Ержанова Н.С. 
Методика разработки технологии комплексного подхода утилизации 
буровых шламов при организации научно-исследовательских работ студентов 
 В  статье  приведены  проблемы  разработки  способов  переработки  буровых 
отходов, образованных при добыче нефти и газа, при дальнейшем использовании их 
в  качестве  вторичного  материала.  Проведен  обзор  научно-технических  литератур  и 
патентный  поиск  последних  лет,  они  обобщены  и  проанализированы.  Показана 
необходимость  предварительной  подготовки  методики  разработки  в  соответствии  с 
требованиями  к  научно-техническим  продуктам,  для  получения  ожидаемого 
результата  проводимых  работ  системного  исследования  и  проектирования  в  целях 
переработки  и  утилизации  буровых  шламов. Определены  необходимые  задачи  для 
достижения  ожидаемых  результатов,    приведены  выполняемые  работы  для 
систематизированного и подробного изучения разработки технологии  комплексной 
утилизации буровых шламов. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал