БҚму хабаршы №1-2017ж



жүктеу 5.14 Kb.

бет4/42
Дата08.09.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

*** 
Сарсенбаева Б.И., Шапхатова А.С. 
Психологические и педагогические особенности полового воспитания 
подростков 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
22 
В  статье  рассматриваются  педагогические,  психологические  аспекты,  цели, 
задачи,  принципы  и  возрастные,  половые  особеннсоти  полового  воспитания. 
Описываются функции полового воспитания. 
Ключевые  слова:  Половое  воспитание,  функции  полового  воспитания,  цели, 
задачи, принципы полового воспитания.  
 
Sarsenbaeva B.I., Shaphatova A.S. 
Psychological and pedagogical features of adolescent sex education 
The  article  deals  with  pedagogical,  psychological  aspects,  goals,  tasks,  principles 
and age, sexual peculiarities of sexual education. Describe the functions of sex education. 
Keywords:  Sex  education,  sex  education  functions,  goals,  objectives,  principles  of 
sex education. 
*** 
 
 
ӘОЖ 37.035.6:512.1 
Дүйсенбаев А.Қ.  п. ғ.к., профессор, 
Қазақ-Орыс халықаралық университеті 
E-mail: adk7575@mail.ru 
 
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ 
ТАНЫМДЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 
 
Аңдатпа:  Аталған  мақала  жеке  тұлғаның  педагогикалық  шеберлігін 
жетілдірудің  танымдық  аспектілеріне  арналған.  Сонымен  қатар  бүгінгі  күні 
мұғалім шеберлігін жетілдірудің проблемалары жан-жақты талданады. 
Тірек  сөздер:  Педагогикалық  шеберлік,  жеке  тұлға,  мұғалімнің  біліктілігін 
жетілдіру, кәсіптік білім, дағды, кәсіптік қабілет, педагогикалық әдеп. 
 
Қазақстандық  мектептердi  жаңарту  тұжырымдамасы  жалпы  бiлiм  берудiң 
басым бағыттарын, яғни оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу 
процесiнде  қалыптастыру  мен  әртүрлi  оқу-iс-әрекетiн  қамтитын  оқыту  әдiстерiнiң 
үйлесiмдiлiгi  негiзiнде  жүзеге  асырылуы  тиiс  екендiгiн  анықтап  берiп  отыр.  Бұл 
басым бағыттар мектепте бiлiм берудi дамытуға негiз болады. Осыған орай мектептiң 
әр  сатысында  оқыту  мен  тәрбие  берудің  мақсаты,  бiлiм  мазмұнын  iрiктеу 
ұстанымдары,  сондай-ақ,  оқушылардың  дайындық  сапасын  бағалау  тәсiлдерi 
нақтыланады.  Бүгінгі  таңда  мектептің  алдына  қойып  отырған  басты  міндеттерінің 
бірі қабілетті  жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. 
Бәсекеге  қабілетті  тұлғаны  қалыптастыру  –  барлық  педагогикалық 
ұжымдардың бірігуін талап етеді. Тұлғаға бағытталған сабақ оқушылардың тұлғалық 
ерекшеліктері  ашылатын,  қасиеттері  қалыптасатын,  мүмкіндіктері  жүзеге 
асырылатын  оқыту  жағдайы.  Әр  оқушының  болмысы  арқылы  дамытушылық, 
шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілетінің қалыптасуы тиіс. 
Осыған орай оқыту технологияларын жаңарту, педагогикалық  мамандарының 
шығармашылық  бастамасына  қолдау  жасау  талап  етілуде.  Жеке  тұлға 
қалыптастыруда жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру пәндік білім аймағында 
игерілетін білімдерімен анықталады. Мұғалімге қазіргі заман технологияларын игеру 
мәселесіне көңіл бөлуі қажет деп атап көрсетілген. 
Қазақстандағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасы  жобасында  оқушыларды  сапалы  біліммен  қамтамасыз 
етіп,  халықаралық  рейтингілердегі  білім  көрсеткішінің  жақсаруы  мен  қазақстандық 
білім  беру  жүйесінің  тартымдылығын  арттыру  үшін,  ең  алдымен,  педагог 
кадрлардың  мәртебесін  арттыру,  олардың  бүкіл  қызметі  бойына  мансаптық  өсуі, 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
23 
оқытылуы  және  кәсіби  біліктілігін  дамытуды  қамтамасыз  ету,  сондай-ақ 
педагогтардың  еңбегін  мемлекеттік  қолдау  мен  ынталандыруды  арттыру 
мәселелеріне үлкен мән берілген.  
Мұғалiм    –    сабақ  беретін  тұлға  емес,  оқушының  жекетұлғалық  және 
интеллектуальды  дамуын  жобалаушы.  Ал  бұл  мұғалiмнен  жоғары  құзырлылықты, 
ұйымдастырушылық  қабiлеттiлiктi,  оқушыларды  қазiргi  қоғамның  түбегейлi 
өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын 
талап етедi.   
Мұғалiмнiң  бiлiмi  бiлiктiлiктi  көтеру  курстарымен  шектелiп  қалмауы  керек. 
Олар  үшiн    оқыту  мен  тәрбиелеудiң  тұлғалық-бағдарлық  мәселелерi,  оқушы 
деңгейiндегi  ғылыми  жобаларды  жасақтап,  оны  жүзеге  асыру  әдiстерi,    оқушының 
жеке  тұлғасын  дамытуға  бағытталған  жаңа  педагогикалық  технологияларды  таңдау 
тәсiлдерi,  мұғалiмнiң  кәсiби  шеберлiгiн  дамытуға  бағытталған  теориялық-
методологиялық  және  әдiстемелiк  проблемалар,  психологиялық-педагогикалық 
мәселелерді толықтай игеруі қажет.  
Білім  беруді  ақпараттандыру  жағдайында  педагог  мамандардың  біліктілігін 
көтеру  –  бүгінгі  күннің  негізгі  міндеттерінің  біріне  айналып  отыр.  Сондықтан 
педагог  мамандардың  біліктілігін  көтеруді  ақпараттандыру  туралы  тұжырымдама, 
стандарт  және  оқу-тақырыптық  жоспарларын  жасақтау  қажет.  Аталған  қажеттілікті 
шешу  барысында  педагог  мамандардың  біліктілігін  ақпараттық  технологияны  өз 
қызметтеріне  пайдалану  саласы  бойынша  тұжырымдама,  модульдік  жұмыс 
бағдарламалары  жасақталды.  Сонымен  бірге  білім  беруді  ақпараттандыру 
жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін 
және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі 
күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе 
қалай  жүзеге  асырылып  жатыр  деген  сауал  туындайды.  Әсіресе,  мемлекеттік  тілде 
осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.  
Психологиялық-педагогикалық  ғылымда  өңделген  қызмет  принципіне  сәйкес 
болашақ  педагогтарының  жеке  тұлғаларының  шығармашылық  қасиеттерінің  дамуы 
тек  қоғамдық  тәжірибені  меңгеру,  педагог  мамандардың  өздерінің  белсене  қызмет 
ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің 
қол  жеткізулеріне  ие  болу  үшін  әр  жаңа  ұрпақ  осы  қол  жеткізулер  үшін  істелген 
қызметке  ұқсас  қызметті  жүзеге  асыруы  керек.  Осыған  байланысты  педагог 
мамандардың  мамандандырылған  қызметіне  сәйкес  оқу  қызметін  ұйымдастыру 
маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.  
Егерде білім берудің ескі парадигмасының мәні «Білім беру  – бүкіл ғұмырға» 
ұранында  айтылса,  ал  жаңа  парадигма  –  бұл  өз  тегінде  жетекші  қағидалары 
ЮНЕСКО  көлемінде  жарияланған  қағидалар  болып  саналатын,  болашақ  үшін  білім 
беру стратегиясы: әлемдегі ең озық идеялар мен білімдерді қабылдауға және жүзеге 
асыруға  қабілетті  педагогтардың  ғаламшарлық  ойлауы  бар  әлемнің  азаматтарын 
тәрбиелеуді қамтамасыз ететін  «Өмір бойы  білім алу»  -  «Life  Long  Learning (LLL)» 
және «Білім беру барлығы үшін» стратегиясы болып табылады.  
 Қазіргі  заманның  мұқтаждығына  жауап  беретін  білім  берудің  мақсаттары 
ЮНЕСКО-ның  «Білім  беру  барлығы  үшін»  қозғалысының  «Төрт  бағаны»  ретінде 
сипатталған,  атап  айтқанда:  өмір  сүруді  үйрену;  тани  білуді  үйрену;  істей  білуді 
үйрену; қатар өмір сүруді үйрену.   
Білім  беру  парадигмасының  технологиялық  міндеті  «оқыту  парадигмасы» 
сияқты ұғыммен қабысқан. Әрине, оқыту парадигмасын таңдау сондай-ақ қоғамның 
әлеуметтік  тапсырысына  байланысты  болады,  ол  өзгеретін  педагогикалық  мақсатты 
ұйғарымға  жауап  беруі,  тұлғаның  дамуына  қоғамдық  сұраныстың  сипатындағы  шынайы 
өзгерістерді  ескеруі  және  белгілі  бір  әдіснамалық  амалдарға  негізделуі  тиіс.  Былайша 
айтқанша, парадигма, барлық мектеп үшін маңызды, жай бір ғана сұраққа жауап беру үшін 
қажет: оқушыларды оқыту керек пе, немесе ол оқып үйренуі керек пе? 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
24 
Ғылым  мен  мектептік  білім  берудің  дамуының  көптеген  ғасыры  ішінде 
индустриальдық  қоғам  педагогикасында  қазіргі  дәстүрлі  деп  аталатын  оқыту 
парадигмасы қалыптасты (Е.А. Сорокоумова [1], В.Д. Шадриков [2] және б.).  
Бұл  парадигма  білімнің  құндылығына  бағдарланған.  Оның  әдіснамасы  өзара 
байланыс жүйесінің қатарласуына әкелетін ғылыми жаңашылдық логикасына сәйкес 
келеді:  мұғалім  –  жетекші,  оқушы  –  жетекке  еретін,  оқу  процесі  –  педагогикалық 
түрде  оқушыға  объектілік  рөл  берілетін,  білместіктен  білуге  қарай  оның 
басқарылатын  қозғалысы.  Осы  кезде  баланың  өзінің  тұлғалық  мүмкіндіктері, 
тілектері,  мұқтаждықтары,  ережедегідей  ескерілмейді.  Мұндай  жүйе  білімдерді 
тарату  қағидасын  іске  асырады:  дәстүрлі  жағдайда  оқыту  процесі  адамзат 
тарихындағы  ғылыми,  мәдени,  техникалық,  тарихи,  әлеуметтік  білімдердің, 
тәжірибелердің  және  т.б.  барлық  жинақталғанынан  балаға  барынша  мүмкін  мөлшерін 
беруді  қарастырады.  Мұғалім  негізгі  білім  беру  мазмұнының  жалғыз  ғана  көзі  бола 
отырып,  осы  білімдерді  (оқулықта  не  баяндалса,  соны  қайталай  және  одан  сырт 
ауытқымастан)  қалайда  таратады,  ал  оқушы,  бірінші  кезекте,  тұлғаның  репродуктивтік 
қабілетін дамытуға әкелетін ол мазмұнды жаңғыртады. Осыдан және педагог оқушыларды 
білімге «тартатын», ал оқушы білімдер, біліктер, машықтар жинақталатын өзіндік «жинақ» 
рөлінде қарастырылатын білімдік процестің сол бағдары қалыптасады.  
В.Д. Шадриков  атап  өткендей,  мұндай  көзқараста  мектеп  оқушысы  болмай 
қоймайтын  енжар  тыңдаушының,  бақылаушының  рөлін  атқарады,  мінез-құлыққа 
білімнің  рөлі  мен  әлеуметтік  талаптарды  абсолюттейді  және  гиперболиттейді.  Осындай 
парадигмаға  жауап  беретін  мұғалімнің  іс-әрекеті  тәрбиелеуге,  талап  қоюшылыққа,  білім 
беруге, бұйрық беруге, мәжбүр етуге, күнделікті тапсырмалар беруге және оларды бақылауға 
бағдарланған, ал оқушы білімдердің алдында екінші қатарға шегінеді [2]. 
Осыған  байланысты  қазіргі  таңда  еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі  өзгерістер 
мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен 
болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына 
негіз болары  анық.  Олай  болса, білімнің сапалы  да саналы  түрде берілуі  білім беру 
жүйесіндегі  мұғалімдердің  педагогикалық  шеберлігіне  байланысты.  Дәстүрлі  білім 
беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы  кәсіби білім беретін оқу орындарының 
басты  мақсаты  –  мамандықты  игерту  ғана  болса,  ал  қазір  әлемдік  білім  кеңістігіне 
ене отырып, бәсекеге қабілетті, өз ісінің шебер тұлғасын дайындау арқылы нәтижеге 
бағдарланған  білім  беру  жүйесін  ұсыну  –  қазіргі  таңда  негізгі  өзекті  мәселелердің 
бірі.  Ойшыл-ғұлама  Әл-Фараби:  «Ұстаз  –  жаратылысынан  өзіне  айтылғанның  бәрін 
жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы 
сақтайтын,  бұлардың  ешнәрсесін  ұмытпайтын  алғыр  да  аңғарымпаз  ақыл  иесі, 
шешен,  өнер-білімге  құштар,  қанағатшыл,  жаны  асқақ  және  ар-намысын 
ардақтайтын,  жақындарына  да,  жат  адамдарына  да  әділ,  жұрттың  бәріне  жақсылық 
пен  ізеттілік  көрсетіп,  қорқыныш  пен  жасқану  дегенді  білмейтін  батыл,  ержүрек 
болуы керек» деп келтіреді [3, 192 б.]. 
Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең 
ел  тізгініне  ие  болар  жеткіншектеріміздің  ғаламдық  өркениеттен  қалып  қоймай, 
білімді, тәрбиелі, жан-жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі – мемлекеттік 
маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы 
өзгерістерді  жүзеге  асыру,  ұстаздарымыздың  біліміне,  кәсіби  шеберлігіне 
байланысты.  Парасаттылықты,  адалдықты  шәкірттерінің  бойларына  жас  кезінен 
ұялататын ұстаздар. Сондықтан да мұғалімнің еңбегіне  еш  баға жетпек емес.   Яғни 
«Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!» - деп данышпан Абай Құнанбайұлы 
айтып кеткендей, және де ұстаздың өзі – адам құндылықтарды терең сіңірген, рухани 
жаны  таза  адам  болуы,  қазір  жаңалықтар  легімен  енген  соны  технология, 
технологиялық  дәуір.  Осыған  орай  қазіргі  кезеңнің  талабына  сай  өскелең  ұрпақты 
білімді,  мәдениетті,  ұшқыр  ойлы,  халқының  салт-дәстүрін  қастерлей  білетін,  туған 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
25 
Отанын,  жан-тәнімен  сүйетін  азамат  дәрежесіне  тәрбиелеу  және  осыған  жетелеудің 
өзі педагогикалық шеберліктің нәтижесі болып табылады.  
Ағартушы ақын Абай Құнанбайұлы: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес 
далаға.  Ұстаздық  еткен  жалықпас,  үйретуден  балаға»,  -  деп  айтқанындай,  мұғалім 
үшін  кәсіби  шеберлікке  жету,  өз  мамандығының  данышпаны  болу  бір  күнде  пайда 
болатын  дүние  еместігін  біз  жақсы  түсінеміз  және  өмір  бойы  ізденішулікті, 
зерттеушілікті  талап  ететін  мамандық  екенін  анық  аңғарғанда  ғана  толық  нәтижеге 
жетуге болады [4, 145 б.]. 
 Мұғалімнің  әрбір  сөзі  мен  ісі,  қимылы,  киімі,  жүрісі,  көзқарасы 
психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. 
Әрбір  ұстаз  үшін  оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастыруда  мол  білімділікті, 
ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте 
кейбір  мәселелерді  жаңаша  көзқараспен  қарастыруды  жөн  деп  есептей  отырып, 
мынадай эталондарды атап өтуге жөн көрдік: 
-
 
сабаққа педагогикалық-психологиялық талдау жасау
-
 
дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері
-
 
сабақты ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері; 
-
 
мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.  
Мұғалімнің  кәсіби  шеберлігі,  зерттеушілік  қызметі  өз  жұмысына  дайындық 
барысында, іс-тәжірибеде және қайта даярлау кезінде көрініс табады.  
Алаш қайраткері, ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Білім – біліктілікке жеткізер 
баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деп бекер айтпаған. 
Ағартушы-ғалым  оқушыларға  ереже  жаттатудың  тиімсіз  екенін  дәлелдеп, 
түсіндіру,  ой-қорыту,  салыстыру  әдістерін  қолдануды  ұсынды.  Сол  сияқты  әдебиет 
сабағын  оқытқанда  әсерлендіру,  талдау,  бейнелеу,  тұжырымдау  тәсілдерін  қолдану 
қажет екенін «Қай әдіс жақсы» (1928) деген мақаласында айқын баяндайды. Халыққа 
білім беру ісі үшін халықтың ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары болуы керек. Міне, 
осындай өзекті мәселелерге ерекше мән беріп, ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми 
негізде жаңадан құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды.  
А.Байтұрсынұлы  1913  жылғы  «Қазақша  оқу  жайынан»  деген  мақаласында: 
«бала  оқытатын  адам  оған  үйрететінін,  оның  көңіл  сарайын  және  мұғалімдік 
ғылымды жақсы білу керек», - дейді [5, 187 б.]. 
Олай болса, біліктілік дегеніміз,  қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, 
дайындық  дәрежесінің  деңгейін  айтады.  Немесе:  «Бiлiктiлiк  –  нақты  мамандық 
бойынша тиiстi кәсiптiк қызмет түрiнiң шеңберiнде жұмысты орындау үшiн қажеттi 
жеке қабiлеттiлiк, кәсiптiк  бiлiм, шеберлiк пен дағдылар жиынтығын растау рәсiмi» 
деп сипатталады [6, 61 б.]. 
 Кез-келген  қызметкер  біліктілігін  ұдайы  жетілдіріп  отыруы  қажет.  Білім 
сапасының арттырудың негізі – педагог қолында десек, оның білімін жетілдіру басты 
роль  атқармақ.  Егер  педагог  мамандардың  біліктілігін  жүйелі  арттырса,  онда  үлкен 
жетістікке  қол  жеткізуге  болары  анық.  Мұғалімдердің  біліктілігін  жетілдіру  екі 
бағытта жүргізілуі тиіс: 
-
 
мұғалімнің  кәсіптік  жұмысының  мәнін  үйлесімді  өзгерту,  яғни  басты 
қызметтік  нұсқауды  орындау  емес,  күтетін  нәтижеге  жету  үшін  оқу  үрдісін 
шығармашылықпен үйлестіру; 
-
 
білім  беру  асында  мұғалімнің  зерттеушілік  бағыттағы  қызметін  күшейтуге 
байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету
Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінен мыналарды бөліп алуға болады:  
-
 
қызметтік (мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі);  
-
 
мазмұндық  (әдістемелік,  ғылыми-теориялық  білімді  практикада  қолдана 
білуге жағдай туғызу); 
-
 
басқарушылық (талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу). 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
26 
Осы  аталған  үш  аспект  бойынша  біліктілігін  жетілдірген  маман  өз  қызметіне 
талап  деңгейінде  қарайтыны  белгілі.  Ұстаздар  үздіксіз  ізденіп,  өз  білімін  үнемі 
жетілдіріп  жаңа  педагогикалық  әдіс-тәсілдерді  қолданып  отырса  ғана  өзінің  кәсіби 
шеберлігін арттырады. Ол туралы П.Ф. Каптеров:  «Мұғалім  –өзі де оқуы керек...»  - 
деп айтқан еді [7, 138 б.]. 
Мұғалімнің  өздігінен  білім  алуына  нақты  көмек  көрсету  үшін,  тұлғаның 
кәсіптік қызмет саласындағы қажеттіліктерін, сұраныстарын, мүдделерін білуі қажет. 
Арнайы  ұйымдастырылған  әдістемелік  жұмыс  мұғалімнің  жеке  мүмкіндіктерін 
ескеріп  құрылуы  тиіс.  Мұндай  жағдайда  мұғалім  біліктілікті  арттырудың  ұжымдық 
нормаларына  қатыса  отырып,  өзін  қызықтыратын  мәселелерге  жауап  табатын 
болады. Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктеріне сүйене отырып білім 
беруді кажет етеді. Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, 
бірақ  ол  мүғалімді  алмастыра  алмайды.  Компьютер  мүмкіндіктері  психология  мен 
дидактика  тұрғысынан  талданып,  керек  кезінде  педагогикалык  талаптарға  сай 
қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту програм-масының тек сыртқы 
емес,  ішкі  тиімділігіне  көп  көніл  бөлген  дұрыс.  Компьютердің  сызбалық  мүмкіндігін 
молдығы  дәрістік экспсриментті  бояулы суреттермен, сызбалармен,  кестелер  мен  байыта 
түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады. 
Компьютерді  мұғалім  косымша  материалдар,  әртүрлі  анықтамалык 
мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай 
мәліметтерге  физикалык  формулалар,  физикалык  шамалардьң  өлшем  бірліктері, 
графиктер,  схемалар,  иллюстрациялар,  физикалык  кұбылыстардың  динамикалык 
бейнесі,  тәжірибеге  арналған  кұрылғылардың  тізімі,  аспаптардың  сипаттамалары 
және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті 
ақпараттар  беріледі.  Қажетті  акпараттарды  жинақтауда  электрондык  техникаларды 
енгізу  уакыт  үнемдейді,  карастырып  отырған  кезеңде  акпараттың  толыктығын 
жоғарылатады, 
ақпараттык-аныктамалык 
жүйе 
кұрамында 
электрондық 
кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады. 
«Озат  педагогикалық  тәжірибе»  педагогикалық  ғылымда  кең  және  тар 
мағынада  қолданылады.  Озат  педагогикалық  тәжірибе  кең  мағынасында  мұғалімнің 
жоғары  шеберлігі,  жақсы  педагогикалық  нәтижесі  ретінде  түсіндіріледі.  Алайда, 
кейбір  жағдайда  мұғалімнің  тәжірибесінде  жаңа  ештеңе  болмаса  да,  ол  әлі 
педагогикалық  шеберлікті  меңгермеген  мұғалімдер  үшін  жақсы  үлгі  болуы  мүмкін. 
Бұл  жерде  мұғалім-шебердің  жеткен  жетістіктері  озат  тәжірибе  ретінде 
қарастырылып, оны таратуға лайық болады. 
Озат  тәжірибе  тар  мағынада  мұғалімнің  қызметіндегі  шығармашылық  ізденіс 
элементтерінің  жаңашылдық  тәжірибесінде  қолданылады.  Мұнда  педагогикалық 
тәжірибе мектеп тәжірибесінде және педагогикалық ғылымында жаңа жол салуымен 
бағалы, сондықтан да ол талдауды, таратуды қажет етеді.  
Педагогикалық  үдерісте  озат  тәжірибені  кеңінен  қолданудың  маңызы  зор. 
Өйткені,  терең  білім  мен  тәрбие  беру,  педагогикалық  озат  тәжірибені  зерттеу, 
жинақтау және таратудың нәтижесі, мұғалімдердің шығармашылық ісінің жемісі.  
Оқу  мен  тәрбиенің  тиімді  тәсілдері  мен  әдістерін  іздестіруде  мұғалімнің  өз 
тәжірибесін  өзі  зерттеп,  жинақтау  ісі  әрі  қиын,  әрі  күрделі  мәселелердің  бірі.  Бұл 
мәселені  ойдағыдай  зерттеп,  практикада  дәлелдеу  тікелей  мұғалімнің  өзіне 
байланысты.  Мұғалім  оқыту  мен  тәрбие  әдістеріне  байланысты  басты  мәселелерді 
таңдап  алады  да,  олардың  тиімділігін  сабақтың  немесе  тәрбие  жұмысының  
барысында  бақылайды,  терең  зерттейді.  Зерттеу  материалдарына  талдау  жасап, 
қорытындысын үнемі дәптеріне жазып отырады. Мұғалім әр сабақтың немесе тәрбие 
жұмысының өзіне тән ерекшелігін, әртүрлі әдістерді қолданудың  тиімді жолдарын, 
оқыту мен тәрбие  процесінде оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамытуды 
шығармашылықпен  іздестіреді.  Осының  нәтижесінде  мұғалім  өз  жұмысындағы 
жетістіктер мен елеулі кемшіліктерді  көре бастайды. Сөйтіп, оларды жоюдың тиімді 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
27 
жолдарын  қарастырады.  Ол  үшін  мұғалім  педагогикалық  әдебиеттермен  танысады. 
Қажетті әдебиеттерге аннотация және библиография жасайды. 
Педагогикалық  шеберлік  проблемасының  қазіргі  педагогикадағы  жай-күйін 
талдау зерттеулердің басым көпшілігінің болашақ педагогтардың кәсіптік даярлығын 
жетілдіруге  арналғандығын  көрсетеді,  атап  айтқанда,  педагогтар  шеберлігінің 
негізіне  психологиялық-педагогикалық  талдау  жүргізілді  (О.А.  Абдуллина,                      
В.К.  Елманова,  З.Ф.  Есарева);  педагогикалық  шеберліктің  кәсіптік  сипттамасын 
зерттеу одан әрі жалғасуда (В.Н. Поварницына, В.А. Сластенин, А.И. Щербаков және 
т.б.);  болашақ  педагогтардың  шеберлігі  мен  кәсіби-педагогикалық  іскерлігі  туралы 
(В.В. Воровьева, Н.З. Еловая, Г.А. Засовина, И.Д. Багаева, В.С. Безрукова және т.б.). 
Жеке-шығармашылық  бағдар  ретінде  мұғалімнің  жалпы  және  мамандығына 
сәйкес  өзін-өзі  дамыту  механизмдерін,  мұғалімнің  өз  қызметіне  шығармашылықпен 
қарау мәселесін қарастырады. Мұғалім бүгінгі ғана емес, ертеңге, болашаққа қызмет 
істейді.  Ол  заман  дамуынан    артта    қалмастан,  өзін-өзі  жан-жақты  дамыту  үшін 
саяси-идеялық  дәрежесін,  ғылыми-теориялық  білімін  және  педагогикалық 
мамандығын күнбе күн жетілдіріп отыруға талаптануы қажет. 
Педагогикалық  шеберлік  және  педагогикалық  шығармашылық  бір-бірімен 
тығыз  байланысты,  алайда  олар  бір-біріне  тең  емес.  Н.М.  Анисимовтың,                          
В.И.  Загвязинскийдің,  В.А.  Сластениннің  зерттеулерінің  нәтижелеріне  сәйкес, 
педагогикадағы жаңашылдық жаңаны ашумен тығыз байланысты. Өзінің объективтік 
мағынасы мен нәтижелерін маңызына байланысты педагогикалық шығармашылықты 
шартты  түрде  жаңалықты  ашу,  өнертапқыштық  және  жетілдіру  деп  бөлуге  және 
осыған сәйкес педагогикалық шығармашылықтың 3 деңгейі туралы айтуға болады. 
Жаңалықты  ашу  жаңа  педагогикалық  ойларда  ұсыну  және  оның  оқу-тәрбие 
жұмысының  нақты  жүйесінде  қолданылуымен  байланысты.  Мысалы,  Р.  Оуэнның 
оқытуды  еңбекпен  байланыстыру  формасы,  А.С.  Макеренконың  ұжымда  тәрбиелеу 
әдістемесі, В.А. Сухомлинскийдің тәрбие жүйесі туралы және т.б. жатады. 
Қазіргі  кезеңде ғылымда  және  білім беру жүйесінде  интеграция үдерістерінің 
жедел  жүзеге  асуының  маңыздылығы  тұсында,  танымның  диалектикалық  бірлігі 
және  шындықтың  қайта  құрылуының  маңыздылығы  арта  түсуде.  Педагогикалық 
практика  әртүрлі,  әсіресе  интегралды,  кешенді  білімді    қолдануды  қажет  етеді, 
сондықтан  оны  қолданудың  соңғы  нәтижесі  жаңа  білім  алу  және  жаңа  іскерлікке 
үйрену  болып  табылады.  Педагогтік  мамандықтың  мәнін  тану  және  меңгеру  ұзақ 
уақытты  керек  етеді  де,  әлеуметтік  дамудың  әрбір  кезеңінде  оқу  ағарту  ісіне  жаңа 
талаптар мен міндеттер қойылған сайын жаңарып, жасарып, дамып отырады. 
Қандай  да  болмасын  маман  дайындау  мәселесінің  нәтижелілігі  теориялық 
білім  мен  практикалық  іскерліктің  қабысуынан  келіп  туындайтыны  белгілі.  Осыған 
байланысты  педагогикалық  практиканың  негізгі  міндеті  студенттің  педагогикалық 
ойын  дамытып,  іскерлігін  шыңдау.  Кәсіби  бағыты  дұрыс  қалыптасқан  мұғалім  ғана 
кез-келген  іс-әрекет  барысында  оқушылардың  көңіл-күйін  сезіп,  білімге  деген 
ынтасын байқап, осының негізінде олармен тиімді қарым-қатынас жасаудың жолын, 
әдіс-тәсілін іздестіреді. 
Отандық  психология  ғылымының  дамуында  өзіндік  үлестері  бар  ғалымдар 
М.Мұханов, 
Т.Тәжібаев, 
А.Темірбеков, 
С.Бабалаубаев, 
Қ.Жарықбаев, 
Ә.Алдамұратов,  Х.Шериязданова  және  тағы  басқалар  еңбектерінде  ұстаз 
психологиясы,  педагогикалық  оқу  орындарындарындағы  болашақ  мұғалімдерді 
дайындауда  педагогикалық  практиканың  алатын  орны  және  оның  маңызы  туралы 
жан жақты қарастырылған. 
Педагогтың  шығармашылық  қабілеті,  жаңашылдық  әрекеттері,  біліктілігі 
педагогикалық  кәсіптік  біліммен  сәйкестенеді.  Жаңашылдық  шығармашылық 
қабілеті шексіз, әрі үздіксіз қозғалыста дамиды. Бұл педагогикалық бағытта оқытушы 
мен  оқушының  өзара  ықпалы,  өзара  дамуда,  ынтымақтастықпен  дамудың  жоғарғы 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
28 
деңгейіне  жетуде  мәні  зор.  Материалистік  диалектика  табиғатында  үздіксіз  даму, 
ғылыми білім мен тәжірибенің бірлігін, тұтастығын, сәйкестігін ашып көрсетеді.  
Қазіргі  кезде  ұстаздың  педагогикалық  шеберлігін  жетілдірудің  танымдық 
аспектілеріне келесі функцияларды айтуға болады: 
-
 
адаптациялық – педагогикалық үдеріс ритміне енеді, оқушылармен жұмыс жасауды 
үйренеді, білім беру мекмелеріндегі кәсіби қатынас жүйесінде бағдарлана бастайды; 
-
 
жалпы  білім  беру  –  практика  үдерісінде  теориялық  білімдері  қолдалынады, 
негізгі  педагогикалық  іскерлік  пен  дағдыны  қалыптастыру  жүреді,  педагогикалық 
сапа қалыптасады; 
-
 
дамытушы  –  педагогтың  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасу  даярлығының  көрінуінің, 
педагогикалық қабілеттерінің қалыптасу және даму сатысы болып табылады; 
-
 
тәрбиелік  –  кәсіби  педагогикалық  этиканың  өзін-өзі  дамыту  қажеттілігінің 
қалыптасуына ықпал етеді
-
 
диагностикалық  –  мұғалімнің  педагогикалық  қызметке  кәсіби  дайындығы 
мен шығармашылық дәрежесін тексеру, жеке және кәсіби қасиеттеріне баға беру. 
Жалпы  педагогикалық  дайындықтың  негізі  –  шығармашылық  даярлығы  бар 
мұғалім  –  тәрбиешінің  тұлғасын  қалыптастыру  және  дамыту,  өзінің  ерекше  жұмыс  жасай 
стилі мен ойлауы бар шығамашылық тұлға ретінде мұғалім-новаторды дайындау;  
Біздің  ойымызша,  педагогикалық  шеберлік  –  бұл  мұғалімнің  кәсіби  қасиеті, 
өйткені ол өзінің кұрамына өзара тәуелді, тығыз байланысты бірліктерді, яғни білім, 
іскерлік,  қабілет  пен  қасиеттерді  қамтиды.  Әрине,  педагогикалық  шеберлік  күрделі 
кұрылым  болғандықтан,  онын  мәнін  ашуды,  оны  түсінуге  деген  әртүрлі  көзқарас 
бойынша  қалыптасады.  Қазіргі  заман  сұранысына  орай,  біз  педагогикалық 
шеберліктің негізі инновациялык іс-әрекет деп тұжырымдаймыз. Тек жанашылдыққа 
деген  талпыныс,  үздіксіз  ізденіс  мұғалімді  өз  ісінің  биік  шыңына  жетелейді.  Олай 
болса,  қазіргі  таңда  мұғалімнің  шеберлікке  қол  жеткізу  үшін  өзін-өзі  басқара  алуы 
керек, бойында оптимизм, лидерлік қасиет, тәуекелге бел буа білу, төзімділік сияқты 
тұлғалық  касиеттері  болуы  тиіс.  Аталған  қасиеттер  мұғалімді  жанашылдыққа  жетелейді, 
жаңаны жасауға ынталандырады. Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, 
біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогикалық әдеп жатады.  
Қорыта  келгенде,  бүгінгі  күннің  талабына  сай  мектепте  білім  беруді 
жетілдіруде  –  мұғалімнің  мейірімділігімен,  білімімен,  шеберлігімен  тығыз 
байланысты. Өз мамандығына  жан-жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы 
да, ұстаздық шеберлікті де жақсы меңгереді.  
 
Әдебиеттер: 
 
1.
 
Сорокоумова  Е.А.  Педагогическая  психология:  краткий  курс.  –  М.:  Владос, 
2013. – 240 с. 
2.
 
Шадриков В.Д. Философия образования и образовательные политики.  – М.: 
Академия, 2002. – 420 с.  
3.
 
Әбу  Насыр  әл-Фараби.  Таңдамалы  трактаттары  /  Құрастырған: 
Ә.Нысанбаев, Ғ.Құрманғалиева, Ж.Сандыбаев. – Алматы: Арыс, 2009. – 656 б. 
4.
 
Құнанбайұлы  А.  Шығармаларының  екі  томдық  толық  жинағы.  Т.  2: 
Өлеңдер мен аудармалар, поэмалар, қарасөздер. – Алматы: Жазушы, 2005. – 336  б. 
5.
 
Беркімбаева  Ш.К.,  Қалиев  С.Қ.  Қазақ  тәлімінің  тарихы:  оқу  құралы.  – 
Алматы, 2005. – 187 б. 
6.
 
Дүйсенбаев  А.Қ.  Педагогика  және  психологиядан  анықтамалық  сөздік.  – 
Алматы: Отан, 2015. – 286 б. 
7.
 
Коджаспирова  Г.М. История  образования  и  педагогической  мысли: 
таблицы, схемы, опорные конспекты. –  М.: Педагогика, 2003. – 290 с.  
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
29 
*** 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал