БҚму хабаршы №1-2017ж



жүктеу 5.14 Kb.

бет3/42
Дата08.09.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

*** 
Гауриева Г.М., Маемирова Н.Б. 
Шет тілі сабақтарында мәдениетаралық құзыреттілігін қалыптастыру 
принциптері 
 Берілген  мақала  шетел  тілінде  білім  беру  және  мәдени  құрамдас  компенентті 
біріктіру  мәселесіне  арналған.  Мақала  мақсаты  –  студенттерге  мәдениетаралық 
құзыреттіліктің  даму  маңыздылығын  көрсетіп,  міндеттерін  анықтап  қана  қоймай, 
мәдениетаралық  байланыстың  негізгі  принциптерін  қарастыру  болып  табылады.  
Мақсатқа  жету  барысында,  әр  түрлі  деңгейдегі    студенттермен  шетел  тілін  оқыту 
үдерісінде тиімді  жаттығулар ұсынылады. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
15 
Тірек  сөздер:  Мәдени  компонент,  мәдениетаралық  компетенция,  мәдениетаралық 
коммуникативтік құзыреттілік, шетел тілін оқыту, мәдениет, интеграция.  
 
 
 
Гауриева Г.М., Маемирова Н.Б. 
Принципы формирования межкультурной компетенции на уроках 
иностранного языка 
Данная  статья  посвящена  проблеме  интеграции  культурного  компонента  в 
иноязычное  образование.  Цель  состоит  в  том,  чтобы  показать  роль  развития 
межкультурной  компетенции  студентов  и  рассмотреть  цели,  основные  принципы 
интеграции  культуры.  Эффективные  задания  предлагаются  для  реализации  данной 
цели на различных уровнях владения студентами иностранным языком. 
Ключевые  слова:  Культурный  компонент,  межкультурная  коммуникативная 
компетентность, преподавание иностранных языков, культура, интеграция. 
 
*** 
 
ӘОЖ 373-053.6 
Сарсенбаева Б.И. – п. ғ. д., доцент, 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ  
Шапхатова А.С.– магистрант, М.Өтемісов атындағы БҚМУ  
E-mail: Aikorkem94@list.ru 
 
ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ЖЫНЫСТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
 
Аңдатпа. 
Мақалада 
жасөспірімдерге 
жыныстық 
тәрбие 
берудің 
педагогикалық, психологиялық астарлары, мақсаты, міндеттері, принциптері және 
жыныстық  дамудағы  жастық,  жыныстық  ерекшеліктер  қарастырылады.  
Жыныстық тәрбиенің функциялары сипатталған. 
 Тірек  сөздер:  Жыныстық  тәрбие,  жыныстық  тәрбие  функциялары, 
жыныстық тәрбие мақсаты, міндеттері, принциптері. 
 
Қазіргі  уақытта  біздің  қоғамымызда  әлеуметтік,  экономикалық,  саяси 
бағыттардың және соған байланысты құндылықтардың өзгеруі анық байқалады. Сол 
себепті жасөспірімдердің жыныстық  дамуы  мен тәрбиесінде де  түрлі факторлардың 
әсерінен ауытқулар көрініс табуда. Соның ішінде жыныстық өмірді ерте бастау, түсік 
жасау  немесе  балаларын  тастап  кету,  жастардың  отбасын  құрмай  бала  босануы, 
отбасы  институтының  әлсіреуі,  жыныстық  бағыттағы  қылмыстар  сияқты 
құбылыстармен  сипатталатын  жастардың  жыныстық  субмәдениетінің  өсуі 
байқалады.  Бұл  және  басқа  да  негативті  құбылыстар  көп  жағдайда  акселерация, 
денсаулық  сақтау  жүйесінің  даму  деңгейі  немесе  жағымсыз  экология  ғана  емес, 
құрамына  маңызды  әлеуметтендіру  институттары  болып  саналатын  отбасы, 
бұқаралық  ақпарат  құралдары,  қазіргі  әдебиет  пен  мәдениет  кіретін  жас  ұрпаққа 
ықпалдардың  сипатының  өзгеруіне  де  байланысты  болып  отыр  (А.И. Белкина,               
Г.Е.  Иванова,  Е.И.  Исаев,  В.Е. Каган,  Д.В.  Колосов,  Н.В.  Плисенко,  Б.Ю. Шапиро, 
JI.B.  Ясная  және  т.б.).  Жыныстық  моральдың  либерализациялануы,  отбасының 
тәрбиелік  функциясының  әлсіреуі,  оның  тұрақсыздануы  және  толық  емес 
отбасылардың көбеюі жағдайында балалар мен жасөспірімдердің жыныстық-рольдік 
әлеуметтенуі стихиялы, басқарусыз  үрдіске айналды.  Балалар мен жасөспірімдердің 
жыныстық-рольдік сана-сезімін және жыныстық-рольдік өзін жүзеге асыруын отбасы 
мүшелерінің өмір салтының, бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалдарын балалар 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
16 
мен  жасөспірімдердің  бойында  белгілі  жыныс  өкілі  ретінде  өзінің  міндетін  жүзеге 
асырушы  әлем  бейнесінің  пайда  болуы  мен  дамуын  ескере  отырып  ерекше 
психологиялық мәселе ретінде зерттеудің обьективті қажеттілігі туындап отыр.  
Бұл мәселенің қойылуына құрамына тұлғаның отбасында қалыптасуы мәселесі 
кіретін  ғылымның  классикалық  мәселелері  шеңберінде  жаңа  психологиялық 
міндеттерді  қою  мүмкіндігін  ашатын    қазіргі  психологияның  «парадигмалық 
қозғалысын»  бастан  кешіруімен  анықталады  (В.И. Слободчиков,  Е.И.  Исаев  т.б.). 
Антропсихологиялық  психологиялық  таным  (А.Г. Асмолов,  Б.С.  Братусь,                       
Ф.Е. Василюк, В.П. Зинченко, Е.И. Исаев, В.И. Слободчиков, В.Е. Клочко және т.б.) 
тұлға  ретінде  қалыптасуға  мүмкіндік  беретін  сананың  (өзіндік  сананың)  дамуы 
детерминанттары  мен  жүйелік  байланыстарын  қадағалауға  мүмкіндіктер  ашатын 
адамның өмірлік әлемін психологиялық зерттеу пәніне айналдыруға жол ашады.  
Жаңа  парадигмалық  ұстанымдар  жағдайында  адамды  танудың  көптеген  
астарлары  К.А. Абульханова,  А.Г.  Асмолов,  Б.С.  Братуся,  А.А. Бодалев,                       
Л.И.  Божович,  JI.C.  Выготский,  В.П. Зинченко,  Е.И.  Исаев,  В.Е.  Юточко,  И.С.  Кон, 
А.Н. Леонтьев,  М.И.  Лисина,  B.C.  Мухина,  А.Б. Орлов,  С.Р.  Пантелеев,                            
В.А.  Петровский,  Н.К. Радина,  И.И.  Раку,  С.Л.  Рубинштейн,  Н.И. Сарджвеладзе,                          
А.И.  Силвестру,  В.И.  Слободчиков,  Е.О. Смирнова,  В.В.  Столин,  И.И.  Чеснокова 
және басқа да зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылады. 
Өзін-өзі  ұйымдастырушы  психологиялық  жүйе  теориясы  шеңберінде                   
Ю.В. Клочко, Ю.В.  Трофимова,  Е.П. Федорованың зерттеулерінде өмір салты, әлем 
бейнесі,  өзінің  бейнесі  арасында  өзара  байланыс  барын  көрсететін  мәліметтер 
келтіріледі. Бұл мәліметтер бойынша жасөспірімдерде бірлескен психологиялық жүйе 
ретінде  қызмет  ететін  отбасының  өмір  салты    және  жасөспірімнің  отбасындағы  өмір 
салтымен анықталатын, жасөспірімде қалыптасатын әлемнің бейнесі мен  жыныстық-рольдік 
өзіндік сананың қалыптасу үрдісіне экстраполяциялауға болады [1, 40 б.]. 
Жасөспірімдердің жыныстық-рөлдік, тұлғалық дамуы оптимизациялауды және 
психологиялық  қолдауды  қажет  етеді.  Психологияның  ұзақ  уақыт  «жыныссыз» 
дамуынан 
соң 
(И.С. 
Кон), 
Қазақстанда 
жыныс 
мәселесі, 
жыныстық 
дифференциацияға  көңіл  бөліне  бастады.  Мұны  тек  жыныс  категориясы  күрделі 
психологиялық  тарихи-мәдени  және  клиникалық  мәселе  болғандығымен  ғана  емес,  
ең бірінші тұлғаны қалыптастыруға тәрбие мен жекелік тұрғының қазіргі талаптары 
жасөспірімдердің  жынысы  және  олардың  жыныстық-рөлдік  өзіндік  санасының 
қалыптасуының  психологиялық  ерекшеліктерін  ескермей  түсіндіру  мүмкін 
еместігінен. Жалпы жыныстық тәрбие төмендегідей  функцияларды атқарады.  
Ағартушылық  функцияның  мәні  оқушыларды  жыныс  өкілдері  арасындағы 
өзара  қарым-қатынас  мәдениетімен  таныстыру.  Біздің  елде  ерлер  мен  әйелдер 
арасындағы  теңдік  құқығы  парыз,  бір-біріне  деген  және  отбасындағы 
жауапкершілікті білдіреді. Оқыту барысы, сыныптан тыс жұмыстарда, еркін қарым-
қатынаста  оқушылар  жыныстық  қатынас,  махаббат,  отбасы,  жеке  адам  мен  бүкіл 
қоғамдағы орны туралы ақпараттар алады.  
Тәрбиелік  функция  білімді  сенімге  айналдыруға,  балалар  мен  қыздар 
арасындағы  адамгершілік-эстетикалық  мінез-құлық  дағдылары  мен  біліктіліктерін 
қалыптастыруға  бағытталады.  Сонымен  қатар  олардың  бойында  сезім  мәдениеті, 
достық,  махаббат,  адалдық  мәдениетін  жетілдіру  мен  эмоция  мен  мінезді  басқару 
біліктілігін  нығайту  қажет.  Ең  бастысы  жастардың  бір-біріне  деген  сыйластығын, 
сенімділігі  сезімдерін,  тазалық  пен  адамгершілік  шеңберінде  қарым-қатынасты 
дамыту мен сақтау біліктілігін дамытуға үлкен мән беру керек.  
Гигиеналық  функцияның  мәні  жасөспірімдердің  бойындағы  тәндік  тазалық, 
жыныстық өз бетімен кетуге деген жиіркеніштілік дағдысы мен әдеттерін дамытуда. 
Жыныстық  гигиена  тек  физикалық,  медициналық  қана  емес,  сонымен  қатар 
адамгершілік құбылыс болып саналады [2, 98 б.]. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
17 
 Ата-аналар балаларының қойған сұрақтары үшін мадақтап, үнемі жауап беріп 
отыруы  тиіс.  Дұрыс  және  түсінікті  жауаптар  бұл  жыныстық  тақырып  мәселесіне 
деген  шектен  тыс  қызығушылықты  тоқтатады.  Ал  сұрақтарға  жауап  беруден  қашу 
жасөспірімдердің  одан  әрі  қызығушылығын  оятуы  мүмкін.  Жауап    берген  соң 
жауапты  толық  дұрыс  түсінгендігіне  көз  жеткізген  дұрыс.  Егер  ата-ана  баласының 
сұрағына  жауап  бере  алмаса  оған  міндетті  түрде  кейін  жауап  беретіндігін  айтып, 
арнайы әдебиеттерден не мамандармен кеңескені жөн.  
Бала  неғұрлым  өскен  сайын,  соғұрлым  оның  отбасының  басқа  мүшелерімен 
пікірлесуге мүмкіндігі көп болуы керек. Осы жағдайда ғана ол өзінің сұрақ қоюы мен 
оған жауап алуының қалыпты екендігін сезінеді. 
Ересектер ескеруге тиісті: 
1.
 
Жеке тұлғаның  жыныстылықтан, ал жыныстылықтың тұлғадан  бөлек  нәрсе 
емес екендігі секілді, жыныстық тәрбие де жалпы тәрбиеден бөлек нәрсе емес; 
2.
 
Толыққанды  жыныстық  тәрбие  жыныстық  жетілуге  дейін  басталуы  керек. 
Қоршаған  ортаға  деген  санаасты  қатынас  ерте  балалық  шақтан  басталады.  Басқа 
сөзбен айтқанда баланы 3 жастан тәрбиелеу үй салумен, 13 жаста оны қайталау үйді 
әдемілеп, сырлағанмен тең; 
3.
 
Жыныстық  қатынасқа  қатысты  балаларға  жасына  сай  сауатты  түсінік  беру 
оларды  басқа  көптеген  нәрселерге  үйретуден  қиын  емес.  Қарапайым  ережелерді 
орындау табысқа жетелейді: 
-
 
Бала  өзінің  ой-пікірін  ата-анасының  біріне  айтуға  құқығы  барын,  оны  үйде 
тыңдайтындығын және қорғайтындығын сезінуі тиіс; 
-
 
Ересектер  өздерінің  жеке  мәселелерін  қадағалай  отырып,  іштей  жұмыс 
жүргізуі керек. Яғни, ата-ана өз мәселелерін балаларына артпауы тиіс; 
-
 
Өзінің  балалық  шағына  көз  жүгірту  арқылы  балаларының  да  сол  кездегідей 
екендігін түсіну. Қажет болған жағдайда психолог не сексолог көмегіне жүгіну керек. 
Жас  ұрпаққа  жыныстық  тәрбие  беру  мен  ағарту  отбасы  педагогикасының 
ажырамас бөлігі. Мұны барлық ата-аналардың жыныстық тәрбиеге толыққанды мән 
бермейтіндігімен түсіндіруге болады.  
Жыныстық  тәрбие  –  бұл  тәрбиеленушіге  оның  бойында  жыныс  мәселесіне 
қатысты  жағымды  адамгершілік  сапаларды  дамытуға  бағытталған  кешенді 
педагогикалық-психологиялық  ықпалдар.  Ол  екі  жақты  қарастырылуы  мүмкін. 
Бірінші,  бұл  қыздық  ар,  ұят  және  адамгершілік  тазалық,  бозбалалық  (еркектік) 
намыс,  әйелге  сыпайы  қатынас,  достық,  махаббат  секілді  моральдық-этикалық 
ұғымдары  кіретін  адамгершілік  тәрбиесінің  құрамды  бөлігі.  Екінші,  бұл  денсаулық, 
өзін  сезіну,  көңіл-күй,  отбасындағы  қарым-қатынаспен  байланысты  әлеуметтік-
гигиеналық  мәселе.  Мұны  жыныстық  ағарту,  яғни,  түрлі  жастық  кезеңдегі  ер  және 
әйел  ағзасындағы  анатомиялық-физиологиялық  ерекшеліктер,  жыныстық  дамуға 
ортаның  әсері  туралы  білімсіз  елестету  мүмкін  емес.  Жыныстық  тәрбиеде 
адамгершілік  және  әлеуметтік-гигиеналық  жақтар  өзара  тығыз  байланыста.  
Сондықтан  отбасындағы  моральдық-психологиялық  климат,  ата-аналарының  өзара 
қарым-қатынасы,  олардың  балаларына  қарым-қатынасы  жыныстық  тәрбиеде  үлкен 
маңызға  ие.  Ата-аналардың  бұл  бағыттағы  одақтастары  немесе  көмекшілеріне 
педагогтар,  медиктер,  мәдени-ағарту  мекемелерінің    қызметкерлері,  еңбек  ұжымы, 
қоғамдық ұйымдар мен тәртіп сақтау органдары. 
Жыныстық  тәрбиенің  мақсаты  мен  міндеттері  толықтай  қоғамның 
қызығушылығы,  сұранысымен  анықталады.  Өйткені  адамның  жеке  өмір  сферасын 
қоғамнан бөлу мүмкін емес. Сол себепті кім өзіне қоғамнан орын таба алмаса, ол өз 
отбасында, яғни, жеке өмірінде де жетістіктерге жете алмайды. Жыныстық тәрбиенің 
мақсаты  адекватты  мағынаны,  яғни,  жыныстық  сана  мотивациясын  қалыптастыру. 
Жыныстық  сана  –  белгілі  жыныс  өкілі  ретіндегі  өз  тұрмыс-тіршілігінің 
мотивациясын қалыптастыратын білім, тұлғалық мағына мен білімдер жүйесі. 
Негізгі міндеттері: 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
18 
1.
 
Жасөспірімдерге  қарым-қатынас  пен  өзара  түсіністік,  саналы  шешім 
қабылдау дағдыларын меңгерту; 
2.
 
Жасөспірімдердің  бойында  салауатты  өмір  салтына  жағымды  қатынасты 
қалыптастыру, берік, дені сау, тату отбасын құруға тәрбиелеу; 
3.
 
Жастарға өз қажеттіліктерін саналы қанағаттандыруға көмекті белсендіру
4.
 
Жасөспірімдердің денелік және репродуктивтік саулығын қорғау; 
5.
 
Жыныстық  жетілу  кезеңіндегі  өзгерістер,  өзгерістерге  бейімделуге  қатысты 
сауатты ақпарат беру; 
6.
 
Басқа  адамдарға  сыйластықты  тәрбиелеу,  олардың  қабілеттерін  ескеру  мен 
ерекше қызығушылықтарын құрметтеуге үйрету. 
 Жыныстық  тәрбие  міндеттерін  талдай  отырып,  негізгі  бағыттарды  бөліп 
көрсетуге болады: 
1.
 
Еркектік  және  әйелдік  психологияны,  әйелдер  мен  еркектердің  оптималды 
коммуникативтік ұстанымдарын қалыптастыру көмектесетін жыныстық тәрбие; 
2.
 
Психосексуалды  және  адамгершілік  талаптар  негізінде  сексуалды-
эротикалық бағыт және жыныстық сананы оптималды қалыптастыруға  бағытталған 
сексуалды тәрбие; 
3.
 
Жұбайлық  роль  мен  өзара  жауапты  серіктес  ұстанымын  қалыптастыру 
ретіндегі жауапты да сенімді ерлі-зайыптылық өмірге даярлық
4.
 
Балаға  қатысты  әке  мен  ананың  рольдік  мінез-құлқын  қалыптастыруға 
бағытталған жауапты ата-аналық өмірге даярлық; 
5.
 
Сексуалдылық,  ерлі-зайыптылық  және  ата-аналық  пен  темекі  шегу, 
ішкіліктікке  салыну,  нашақорлық,  жыныстық  аурулар  сияқты  зиянды  әдеттердің 
қарама-қайшылығы туралы түсінік беру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. 
Жыныстық тәрбие мақсаттары тәрбиеші өз қпалының нәтижесін көріп отыруы 
үшін  өзара  іс-әрекет  мақсаттарымен  сәйкестікте  болуы  керек.  Яғни,  тәрбиеші 
жасөспірімнің  бойында  тәрбиелік  ықпал  нәтижесінде  қалыптасатын  тұлғалық 
сапалар жөнінде түсінігі болуы тиіс. 
Жыныстық  тәрбиенің  принциптері  әдіснамалық  негізге  ие.  Оларға  жеке 
міндеттерді шешудегі негізгі әрекеттерге жетекшілік ретінде қарауға болады. 
 
1. Идеялылық принципі азаматты тәрбиелеу негізінде жыныстық тәрбиенің міндеттерін 
анықтайды. Ол жеке және қоғамдық қызығушылықтарды өзара сәйкестендіреді.  
2.  Реалистік  принцип  жыныстық  дифференциация,  жыныстық  ерекшеліктер 
және  сексуалдылық  жөнінде  шынайы  түсініктер  негізінде  жыныстық  тәрбиені 
жүргізуді білдіреді. 
3.  Оптимизация  принципі  жыныстық  тәрбие  принциптерін  оның 
мүмкіндіктерін амалсыз шектеулермен оперативті сәйкестендіру дегенді білдіреді.  
4.  Перспективті  инициативасы  жас  ұрпақтың  перспективасы  үшін  өзекті 
нәрселерлі ескере отырып жыныстық тәрбиені жүргізуді білдіреді. 
5. Белсенділік принципі проблемалық мәселелерді күтпей, жас ұрпақты қажетті 
ұстанымдар  және  мәліметтермен  қаруландыру,  барлық  дұрыс  жағдаяттарды 
пайдалану дегенді білдіреді. 
6. Жеке және әлеуметтік мәнді жасау принципі өмірдің барлық сферасындағы 
ер  және  әйелдің  қарым-қатынасының  адамгершілігіне  қол  жеткізу  әлеуметтік 
нормаларды  интериоризациялау  және  оның  негізінде  жеке  ориентация  мен 
мотивтерді жасауды білдіреді.  
7.  Кешенділік  принципі  өзіндік  тәрбие,  әлеуметтену  және  ағарту  ретінде  жыныстық 
тәрбиені жоспарлау және шараларды бағалауды сипаттау дегенді білдіреді. 
8.  Мекен-жайлық  принцип  денелік  және  психикалық  даму,  әлеуметтік  және 
мәдени  деңгей,  жыныс  бойынша  құрам,  этникалық  ерекшеліктерді  ескеру  арқылы 
нақты аудиторияға ықпал етуді білдіреді.  
9.  Үздіксіздік  принципі  жыныстық  тәрбие  ерте  жастан  басталып,  әрбір  кезең 
келесі кезеңге база болатын үздіксіз, бірізді үдеріс екендігін көрсетеді. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
19 
10. Қайталау  принципі  толық және  терең игеруді  қамтамасыз  ететін  бірнеше 
қайтара  және  түрлі  әдістемелік  құралдар  арқылы  бейнелер  мен  мәліметтерді 
жеткізуді білдіреді. 
11.  Түсініктілік  және  анықтықтылық  принципі  балалар  мен  жасөспірімдерге 
берілетін материалдың шынай түсінікті де анық болуын талап етеді. 
12.  Шынайылық принципі тәрбиешілер арсеналында өтіріктің болмауын талап етеді. 
13.  Сенімділік  принципі  балаға  серіктес  ретінде  қарап,  оның  күйзелістерін, 
қызығушылықтарын түсінуді талап етеді.  
14. Іскерлік принципі екі түрлі мағына беретін ым-ишара, сөздердің болмауын 
талап етеді. Тәрбиеші өзін және аудиторияны толық басқаруы тиіс. 
15.  Тазалық  принципі  жыныс  және  түрлі  жыныс  өкілдерінің  қатынасына 
қатысты мәліметтерді адамгершілік тұрғыдан жеткізуді талап етеді.  
16.  Қадағалау  және  қолдау  принципі  бала  немесе  жасөспірімге  көзсіз  сенімділіктен 
сақтануды талап етеді. Дегенмен, қадағалау шектен тыс болмауы да тиіс [3, 87 б.]. 
Барлығымыз қоғамдық қатынастар жүйесіне енетіндіктен әрбір отбасындағы әке мен 
ана педагогика, психология ғылымдарының негіздерінен хабардар болуы тиіс.  
Жыныстық  тәрбие  педагогикасы  мен  психологиясы  білімдерін  біз  өз 
жақындарымыз,  оқушыларымызды  жетілдіру  үшін  пайдалана  аламыз.  Ең  бастысы 
баланың жыныстық тәрбиесін кешеуілдетпеу. 
Балалық  кезеңдегі  жыныстық  білім  мен  тәрбие  беруде  оларға  күндіз 
қамқорлық көрсететін персоналдар мен бастауыш сынып мұғалімдері де үлкен роль 
атқарады.  Бастауыш  сыныптардың  орта  кезеңінде  олар  жыныстық  рольмен 
байланысты  білімдер  мен  мінез-құлықты  игере  бастайды.  Жасөспірімдік  шаққа  аяқ 
басқан кезеңдерде жыныстық жетілу, жыныстық жолмен берілетін аурулар, олардың 
алдын алу, өмірге бала әкелу туралы білімдерді меңгере бастайды. Сол себепті үйде 
оқитын балаларға сабақ беретін педагогтардың да мұны өз қаперлерінде ұстауы тиіс. 
Жасөспірімдерге  білім  беруде  жыныстық  мінез-құлыққа  дұрыс  мән  бермеу 
болашақта  кездейсоқ  жүкті  болу,  жыныстық  ауруларға  шалдығуға  алып  келеді. 
Жыныстық  белсенділікті  тоқтата  тұру  немесе  контрацепцияны  қолдану  туралы 
ақпараттарды  көбірек  берудің  де  маңызы  зор.  Сонымен  қатар  жыныстық  адекватты 
мінез-құлықты қалыптастыратын шараларды да өткізу керек. 
Жыныстық  қабілеттің  жетілу  кезеңі  жасөспірім  психикасы  үшін  өте  ауыр 
кезең. Бұл кезде жастарда жаңа түйсік, жаңа тілектер пайда болады, намыс сезімі өсе 
түседі.  Аңғармай  айтылған  немесе  ретсіз  айтылған  бір  ауыз  сөзбен  жасөспірімнің 
ойында  тұрған  арманы  мен  қуанышын  оп-оңай  бұзып  жіберуге  болады.  Жыныс 
күтімі  бала  тәрбиесінің  бір  бөлігі  болғандықтан,  жыныстық  қабілет  жетіліп  келе 
жатқан кезде жасөспіріммен айрықша әңгіме өткізу қажет. Мұндай әңгімені баланың 
көңіл-күйі жақсы кезде бастап, ата-анасына өнегелі түрде сөйлесу керек. Балаңызбен 
сырласу үшін оның да бір ыңғайлы жолын таба білгеніңіз жөн. Оған айтайын деген 
ақылыңызды бір әңгіме арасында, ыңғайын келтіріп айтуды күні бұрын жоспарлаған 
дұрыс. Баламен әңгімелескенде өсиет айтудың да, беталды ескертудің де, алдын-ала 
қорқытудың да қажеті жоқ. Мұндай кеңес жасы үлкен апасының сіңлісіне, ағасының 
інісіне  айтқан  ақылы  тәрізді  болуы  тиіс.  13-14  жасқа  келген  жасөспірім  махаббат 
мәні, ер мен әйел арасындағы қарым-қатынас сияқты бірқатар мәселелерді байқайды. 
Жыныстық  ұстамдылықтың  көздейтін  мақсаты  –  ерлі-зайыптылар  арасындағы 
адалдық  туралы  түсінікті  қалыптастыру.  Отбасылы  болудың  түпкілікті  екі  мақсаты 
бар,  ол  бақытты  өмір  сүріп,  бала  тәрбиелеу!  Сонымен,  сайып  келгенде,  жыныстық 
ұстамдылықтың  мәні  де  махаббат  пен  өзара  құрметке  бөленген  бақытты  отбасын 
құру боп шығады. Сондықтан, балиғатқа толған қыз бен ұлды махаббат пен адал неке 
жоқ жерде өмірдің сәні болмайтынын түсінетіндей етіп тәрбиелеу керек. Өздері үлгі 
көрсетпесе, ата-ананың бос сөзі мен әңгімесінен еш пайда жоқ. Бала тәрбиесіндегі ең 
әсерлі фактор – ата-ананың бір-бірін сыйлауы, ынтымағы, сүйіспеншілігі,  бір-біріне 
деген қамқорлығы және кішіпейілдігі.  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
20 
Жас  баланың  ерік-күші  мен  ұялшақтық  сезімі,  яғни,  ары  -  оның 
адамгершілігінің  сенімді  сақтаушысы.  Ұялу  балиғатқа  толмаған  жасөспірімнің 
жабайы түйсіктен тартынып, өзінің мінез құлқына дұрыс бағдар беруіне көмектеседі. 
Сондықтан,  «ұят  болады»  деген  ұғымды  адамның  жеке  басының  қадір-қасиеті 
ретінде  баланың  бойында  сәби  кезінен  бастап  мықтап  қалыптастыру  қажет.  Қазақ 
«қызға қырық үйден тыйым, қала берді қара күңнен тыйым» дегенді бекер айтпаған. Өзінің 
іс-әрекетіне  толық  жауап  бере  алмайтын  жас  баланы  тек  тыйым  ғана  тоқтатады.  «Ата-
анасынан тыйым көрмеген бала тағдырдан таяқ жейді» деген тәмсіл де бар. Кейбір себептерге 
байланысты жастар жыныстық қарым-қатынасқа ерте түсіп жатады. 
 
Кесте 1 – Жыныстық қатынастарды ерте бастауға әсер ететін жағдайлар 
мен ерте бастауға қарсылық 
Жыныстық қатынастарды ертерек бастауға 
әсер ететін жайттар 
Жыныстық қатынастарға ерте 
ұрынуға қарсылық 
Адал  махаббат болғандықтан 
Жыныстық 
қатынастарға 
түсуге 
дайын болмау 
Өз  махаббатын білдіру үшін 
Өз сезіміне  не  серігінің ынтасына 
сенімсіз болу 
Серігінің тілегі бойынша 
Жүкті болып  қалу қаупі 
Әуесқойлықтан 
ЖЖБИ/АҚТҚ жұқтырып алу қаупі 
Аталмыш  әрекет  міндеттелетін  жұмысқа 
тұру үшін 
Өз денеңнің 
біреудің 
нәпсіқұмарлық нысанына  айналуын 
қаламау 
Сүйген  
адамды 
жоғалтып 
алмау мақсатында 
Пәктігін сақтауға ұмтылу 
Жыныстық   қатынастардан тәжірибелі  болу 
үшін 
Өзін кінәлі сезінгісі келмеу 
Ересек  көріну үшін 
Ата-анадан қорқу 
Өзіне деген сенімділікті жоғарылату үшін 
Жыныстық қатынастарсыз-ақ 
жақсы көру 
Өзінің  тәуелсіздігін мойындату үшін 
Қиындықтарды  туғызбау 
Материалдық жағдайын жақсарту үшін 
Күлкіге айналмас үшін жасау 
Жалғыздықты сезінбеу үшін 
Дін рұқсат етпейді 
Бәрі  мұны «күшті» деп санайды. 
Көңілі толмайды деп қорқу 
Жыныстық  жетілу кезеңінде  ұл-қыздарға әсер ететін өзгерістер: 
-
 
бой өсіп, салмақ қосылып, бұлшық еттер дамиды; 
-
 
жыныс мүшелері өсіп, тұқым жаю қабілетіне ие болады; 
-
 
дауысы жуандайды; 
-
 
терідегі  май  бездер  белсендірек  істей  бастағаны  себепті  бетке  безеулер 
қаптап кетуі мүмкін; 
-
 
тер бездері дамиды; 
-
 
қолтық асты және қасаға түгі өсе бастайды; 
-
 
көңіл-күй жиі-жиі өзгеріп тұруы мүмкін; 
-
 
қарсы жынысқа тартатын күшті сезіле бастайды. 
 
Кесте 2 – Жасөспірімдік шақтағы физиологиялық өзгерістер 
Қыздарға әсер ететін өзгерістер 
Ұл балаларға әсер ететін өзгерістер 
-  емшек  өсіп,  емшек  ұштары  ілгері 
созыла  бастайды,  бұл  ауыртпалы 
болуы мүмкін 
- кеуде мен иықтары дамиды 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
21 
- сандары жұмырланады 
- бетке сақал-мұрт өсе бастайды, кеудеде 
кейде түк пайда болуы мүмкін 
-  жыныс  мүшелері  дамып,  аналық 
бездері  аналық  жасушаларды  өндіріп 
шығара бастайды 
-  аталық  жыныс  мүшесі  мен  аталық 
бездері  ісіп,  үлкейеді;  аталық  бездер 
ұмаға  түсіп,  сперматозоидтарды  өндіріп 
шығара бастайды 

жыныстық 
жетілудің 
соңғы 
сатысында етеккір басталады 
  

аталық 
жыныс 
мүшесінің 
қан 
тамырлары 
қанға 
толғаны 
себепті 
эрекция,  яни  аталық  жыныс  мүшесінің 
қатаюы  жиі-жиі  және  күтпеген  жерде 
пайда болады 
- кейде ұйықтап жатқанда аталық жыныс 
мүшесі  қатайып,  шәуһеттің  шашырауы 
пайда болуы мүмкін 
 
Ата-ана баласының кіммен кездесіп, кіммен достасып жүргенін біліп отырған 
жөн.  Жасөспірім  шақта  бала  ата-анасынан  психологиялық  тұрғыда  ажырап,  көп 
уақытын достарымен бірге өткізеді және бұл кезде онда еліктеу сезімі өте күшті. Ол 
қандай  ортада  болады,  ішімдік  ішіп  жүрген  жоқ  па,  қандай  кітаптар  оқиды,  қандай 
сайттарда отырады, қандай телебағдарламалар көреді, қандай фильмдерге барып жүр, 
компьютер  ойындарына,  ойын  автоматтарына  әуес  емес  пе?  деген  сұрақтарға  мән 
беріп, мұның бәрін бақылаудан тыс қалдырмаған дұрыс [4, 101 б.]. 
Баланың  жыныстық  жағынан  ұстамды  болуы  үшін  оның  күнделікті  үй 
шаруасына  қолғабыс  етуі  және  оған  деген  қамқорлықтың  орынды  болуы  маңызды. 
Мұндай жағдайда оның уақытты бос өткізуге, көп ойнауға, еріншектікке шамасы да 
қалмайды.  Баланы  өз-өзін  күтуге  арналған  түрлі  міндеттерден  босатуға,  жұмыс 
істетпеуге, дырдушыл, ерке етуге болмайды. Бұл баланың келешекте дұрыс адам боп 
өсуіне  зор  нұқсан  келтіреді.  Жастар  арасында  кездесетін  моральға  жат  кейбір 
қылықтар ең алдымен, еңбек арқылы тәрбие ісінің болмағандығынан, қара жұмысқа 
жирене қарайтын жалқаулықтың салдарынан. Ал бұл арамтамақтыққа және басқа да 
ауыр зардаптарға әкеп соғады [5, 73 б.].  
Психологтар  жасөспірімдердің  өздерінің 
жігер-қайратын  арттыратын 
спортпен,  музыкамен,  басқа  да  өнер  түрлерімен  шұғылдануына  бағыттауы  тиіс. 
Жатар алдында сұйықты  көп ішпегені жөн. Төсеніші онша  жұмсақ  та, аса  жылы  да 
болмауға тиіс. Ол төсегінде кез-келген уақытта аунап жата бермей, мезгілді уағында 
ұйықтап  дағдылануы  керек.  Ішті,  қуықты  уақытымен  босатып  тұрса,  бұл  жыныс 
мүшелеріне  қанның  азырақ  баруына  себепші  болады.  Ересек  адамдар  жасөспірімді 
шамадан  тыс  еркелетіп,  мәпелеуден  аулақ  болғаны  абзал.  Мұндайда  баланың  сезім 
жүйелері қозып, оның өзі мезгілсіз жыныстық қатынас жасауға итермелейді.  
Әдебиеттер: 
1.
 
Каган В.Е. Воспитателю о сексологии. – М., 1991. – 284 с. 
2.
 
Кирби  Д.  Новые  ответы:  результаты  исследований  по  программ  по 
снижению подростковой беременности. Вашингтон, округ Колумбия: Национальная 
кампания по предотвращению подростковой беременности. – М., 2001. – 281 с. 
3.
 
Головей  Л.А.  Психология  становления  субъекта  деятельности  в  периоды 
юности и взрослости. – СПб., 1996. – 283 с.  
4.
 
Орлов Ю.М. Половое развитие и воспитание. – М., 1993. – 247 с. 
5.
 
Плегина Ю.Е., Волович А.С. Проблема усвоения ролей мужчины и женщины 
// Вопросы психологии.  – №4. – 1991. – С. 151-162. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал