БҚму хабаршы №1-2017ж



жүктеу 5.14 Kb.

бет14/42
Дата08.09.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42

буллинг  дегеніміз  белгілі  бір  басымдықтарға  (физикалық,  психологиялық, 
әкімшілік,  т.б.)  ие  индивид  немесе  топ  тарапынан  осы  жағдайда  өзін  қорғауға 
қабілетсіз  индивидке  қатысты  ұзаққа  созылатын  (қайталанатын)  және  негізінен 
белгілі бір жеке мақсатта (мысалы, бірнеше адамдардың алдында бедел жинау үшін) 
ұйымдасқан ұжымдарда орын алатын қасақана жасалатын, өзін қорғау мақсатындағы 
емес физикалық немесе психикалық қысым, зорлық-зомбылық.  
Ұсынылған  деректерге  сүйенетін  болсақ,  білім  беру  ортасындағы  буллинге 
қатысушыларына берілетін психологиялық сипаттамалары әр түрлі болып келеді деп 
айтуға  болады.  Біз  анықтаған  ерекшеліктер  «құрбан»    немесе  «булли»  бейнесіне 
жалпы  сипаттама  беруге  мүмкіндік  бермеді.  Сонымен  қатар,  буллинг  «құрбаны» 
мәселесіне авторлардың зерттеушілік қызығушылықтарының басым болуын атап өту 
қажет.  Теориялық  талдау  барысында  білім  беру  ортасындағы  «буллиге» 
психологиялық сипаттамалардың айтарлықтай аз болуын анықтадық. Біздің елімізде, 
білім  беру  ортасында  буллинг  мәселесі  әлі  толық  шешілмеген.  Біз  тапқан  бірнеше 
жұмыстарда  [3;  15],  белгілі  бір  деңгейде  буллинг  және  оның  қатысушыларына 
сипаттама  беріледі.  Сөйтіп,  көрініп  тұрғандай,  білім  беру  ортасында  буллинг 
мәселесінің өзектілігі қазақстандық іріктеу топтарын зерттеумен айқындалады. 
Буллинг  мәселесін  зерттеу  барысында  -  оны  кім  жүзеге  асыратындығын, 
қатысушылардың  нақты  психологиялық  сипаттамаларын  ескеру  қажет.  Біз  айта 
алатынмыз, шетелдік және отандық зерттеулерде оқушының «құрбан» және «булли» рөлін 
қабылдауда басым болатын тұлғалық ерекшеліктері туралы мәселесі әлі ашық қалып отыр. 
Осылайша,  балаларға  зорлық-зомбылық  көрсету  себептер  мен  салдарларын 
талдау,  оны  алдын-алудын  келесі  стратегиялық  бағыттарын  анықтауға  мүмкіндік 
берді:  мотивациялық-құндылықтық  ,  ата-аналардың  педагогикалық  мәдениетін 
жоғарлату  және  отбасыда  девиантты  көріністерін  алдын-алуға  бағдарланған; 
әлеуметтік,  отбасылардың  материалдық  қамтамасыз  етілу  бойынша  әлеуметтік-
экономикалық саясатты жандандыру, отбасыға әлеуметтік қызмет көрсететін кешенді 
жүйені  құру,  БАҚ  баланың  жағымсыз  әлеуметтенудің  теріс  салдарын  алдын-алу 
бағдарламаларын  жасақтап  енгізу;  мемлекеттік-құқықтық,  ювеналды  юстицияны, 
бала құқықтары жөніндегі уәкілдер институтын дамыту. 
 
Әдебиеттер: 
 
1.
 
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-
2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  бекіту  туралы  /  Қазақстан 
Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы. 
2.
 
Қазақстан  мектептеріндегі  балаларға  қатысты  зорлық-зомбылықты 
бағалау.  Оценка  насилия  в  отношении  детей  в  школах  Казахстана.  Отчет 
подготовлен  Др.  Робин  Н.  Хаарр  Международный  консультант  ЮНИСЕФ.  На  3-х 
языках. – Астана, 2013. – 245 с. 
3.
 
Байздрахманова А.К. Современные подходы к проблеме изучения буллинга в 
казахстанской  школе  //  Учёные  записки  Санкт-Петербургского  государственного 
института психологии и социальной работы. – 2015. – Том 24. – № 2. – С. 169-175. 
4.
 
Мюллер  В.К.  Новый  англо-русский  словарь.  -  Перераб.  и  доп.  изд.  – 
http://www.rambler.ru/dict/new-enru/00/55/78.shtml. Дата обращения: 28.11.2016 г. 
5.
 
Лейн  Д.А.  Школьная  травля  (буллинг) //  Детская  и  подростковая 
психотерапия / Под ред. Д.Лейна и Э.Миллера. – СПб.: Питер, 2001. – 274 с. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
91 
6.
 
Программа 
предупреждения 
буллинга 
Д.Олвеуса 
– 
http://www. 
violencepreventionworks.org/public/bullying.page.  Дата обращения: 15.12.2016 г. 
7.
 
Мерцалова  С.Т.  Насилие  в  школе:  что  противопоставить  жестокости  и 
агрессии? // Директор школы. – 2000. – № 3. – С. 25-32. 
8.
 
Касаткин  В.Н.,  Симонятова  Т.П.,  Манелис  Н.Г.,  Медведовская  Т.А., 
Митькин  A.C.,  Страхов  М.Ю.,  Тувельский  А.Н.,  Тарасова  Т.А.  Предупреждение 
насилия в школе // Воспитание школьников. - 2007. – №2. – С. 28-33. 
9.
 
English-Russian dictionary of common lexis / Англо-Русский словарь общей лексики. – 
М., 2005. – 48 с.  
10.
 
Руланн Э.Г. Как остановить травлю в школе. Психология моббинга. – М.: 
Генезис, 2012. – 264 с. 
11.
 
Бердышев И.С. Лекарство против ненависти // Первое сентября. – 2005. – 
№18. – С. 5. 
12.
 
Кон  И.С.  Что  такое  буллинг  и  как  с  ним  бороться  //  Семья  и  школа.  – 
2006. –№11. – С. 15-18. 
13.
 
Гребенкин  Е.В.  Профилактика  агрессии  и  насилия  в  школе.  –  Ростов-на-Дону: 
Феникс, 2006. – 157 с. 
14.
 
Мальцева  О.А.  Профилактика  жестокости  и  агрессивности  в 
подростковой  среде  и  способы  ее  преодоления  //  Тюменский  государственный 
университет. – 2009. – №7. – С. 51-54. 
15.
 
Омарова  П.О.,  Шахова  Р.М.  Современные  психолого-педагогические 
исследования  проблемы  школьного  насилия  //  Современные  проблемы  науки 
и образования. – 2013. – №2. – С. 296. 
16.
 
Мастюкова Е.М., Московкина А.Г. Трудные дети // Педагогика здоровья. – М., 
2000. – С. 256-261. 
*** 
Нургалиев К.А., Аметова А.К. 
Проблема буллинга в среде детей младшего школьного возраста 
 
В  статье  на  основе  анализа  взглядов  и  представлений  зарубежных  и 
отечественных  исследователей  рассматриваются  проблемы  буллинга  (насилия)  в 
школьной  среде  в  Республике  Казахстан.  Отражены  статистические  показатели 
данного социально-психологического феномена.                                                                               
Ключевые  слова:  Буллинг,  школьная  среда,  жертвенное  поведение, 
подросток, страх, безнаказанность, профессиональная ответственность. 
 
Nourgaliyev K.A., Ametova А.K. 
The problem of bullying among children of primary school age 
 
On  the  basis  of  the  analysis  of  attitudes  and  perceptions  of  foreign  and  domestic 
research  deals  with  the  problem  of  bullying  and  its  manifestations  in  the  school 
environment  in  the  Republic  of  Kazakhstan.  Recorded  statistical  indicators  of  socio-
psychological phenomenon.         
Keywords:  Bullying,  school  environment,  sacrificial  behavior,  adolescent,  fear, 
impunity, professional responsibility. 
*** 
 
 
 
 
 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
92 
ӘОЖ 371.132 
 
Шавалиева З.Ш.  – п.ғ.к., доцент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық 
институты,  Е-mail: Zulyas580plm@mail.ru
Байсеитова Ж.Б. – п.ғ.к., доцент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық 
институты,  Е-mail: shanar_b@mail.ru 
 
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ХАЛЫҚ 
ПЕДАГОГИКАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАРАЛУ БАҒЫТТАРЫ 
 
Аңдатпа.  Экологиялық  білім  мен  тәрбие  берудің  халық  педагогикасын 
пайдалана отырып, ұмыт қалған салт-дәстүр, ұлттық ерекшелігімізді насихаттау 
үлгілері  кеңінен  ашып  көрсетілген.  Қазіргі  заман  талабына  сай  оқыту  барысында 
әрбір  тақырыптан  экологиялық  білім  және  тәрбие  берудің  халық  педагогикасының 
элементтерін  тиімді  қолданып  және  экологиялық  білімді  қалыптастырудың 
педагогикалық принциптері осы мақалада қарастырылған. 
Тірек сөздері: Экология, біліктілік, салт-дәстүр, халық педагогикасы, тәрбие 
беру, ұлттық құндылық, үлгі-өнеге, әділдік, ізгілік, инабаттылық. 
 
Қазіргі  заман  қоғамының  сұранысы  және  еліміздің  жаңарған  идеологиясы 
жасұрпақтың  табиғатты  қорғауға  әзірлігін  дамыту  қабілетін  мектептен  бастап  жаңа 
сапаға көтерілуіне  міндет қойып отыр. Қазақстан Республикасының  «Білім  туралы» 
Заңы  бiлiм  беру  саласындағы  қоғамдық  қатынастарды  реттейдi,  осы  саладағы 
мемлекеттiк  саясаттың  негiзгi  принциптерiн  айқындайды  және  Қазақстан 
Республикасы  азаматтарының,  сондай-ақ,  Қазақстан  Республикасында  тұрақты 
тұратын  шетелдiктердiң  және  азаматтығы  жоқ  адамдардың  бiлiм  алуға 
конституциялық  құқығын  қамтамасыз  етуге  бағытталған.  Осындай  ауқымды 
құжаттарды негізге алған республикамыздың экологиялық білім жүйесі мен табиғат 
қорғау қоғамдары, мекемелері өндірісті ұйымдастыру ісінде экологиялық талаптарын 
орындауды,  білім  жүйесінде  ел  болашағы  –  жастарды,  жас  ұрпақты  табиғатты 
қорғауға тәрбиелеуге баса назар аударады. 
Мемлекетіміздің  тәуелсіздігін  нығайтып,  асқақ  руханият  пен  азаматтықты 
өркендету,  шынайы  мәдени-этникалық  мұраны  жандандыру  мен  болашаққа 
аманаттау,  ұлттық  тектілікті  сақтау,  ең  алдымен  мектеппен  байланысты.  Шәкіртті 
мектепке  алғаш  қадам  басқаннан  бастап,  өзінің  ата-анасын,  ұстаздарын  құрметтеп 
сыйлауға,  айнала  қоршаған  табиғатты,  туған  өлкесін  сақтап-қорғауға,  сол  арқылы 
адамгершілік  мінез-қасиетті  орнықтыруға  баулу  –  мектептің  қоғам  алдындағы 
атқаратын  қызметі.  Қазіргі  мектептің  бүгінгі  күннің  өзекті  міндеттерінің  бірі  –  жас 
ұрпаққа  экологиялық  білім  беріп,  қоршаған  табиғи  ортаны  қорғауға,  аялауға 
тәрбиелеу.  Экологиялық  білім  беру  педагогика  ғылымдарындағы  бағыт  жастарға 
жалпы  орта  білім  берудің  құрамдас  бөлігі  болып  саналады.  Қазіргі  кезде  мектептер 
жастардың  бастауыш  сыныптан  бастап,  өз  іс-әрекетінің  саналы  болуына, 
экологиялық  білімінің  білім  мазмұны  арқылы  экологиялық  танымның  оңтайлы 
болуына  қолайлы  жағдай  туғызылуы  көзделеді  [1].  Мұнымен  бірге  ол  табиғатты 
қорғауға  көмек  берерлік  халықтың  тарихындағы  игі  дәстүрлерді  жаңғыртуға,  оны 
күнделікті  өмірде  тәжірибеге  қолдана  алуға  мектеп  қабырғасында  дағдыландыру 
мәселелеріне назар аударған жөн. 
Қазіргі  қоғам  барған  сайын  күрделене  түсуде,  жаңа  XXI  ғасырға  сай  өзгеше 
қабілет  қасиетке  ие  ұрпақ  қалыптасып  келеді.  Ал,  мұның  бәрі  тікелей  ғылым,  білім 
саласына  байланысты,  сондықтан  да,  білім  беруді  жетілдіру  жөнінде  маңызды 
реформалар,  жаңа  технологиялар  мен  ғажап  идеялар  пайда  болуда.  Ұзақ  жылдар  бойы 
жас  ұрпаққа  тәлім-тәрбие  беруде  өз  халқымыздың  педагогикалық  аса  бай  мұраларын 
ұрпаққа  беруді  аңсаған  едік.  Жас  жеткіншектерді  халқымыздың  тарихын,  мәдениетін, 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
93 
салт-дәстүрін,  ұлттық  тәрбие  ерекшеліктерін  терең  білуге,  құрметтеуге  үйретуге  – 
міндеттіміз.  Халқымыздың  атадан  балаға  қалдырған  халықтық  педагогикасында, 
ғасырлар  бойы  жинақталған  бай  тәжірибесінде  бала,  ұрпақ,  жастар  арасындағы  тәрбие 
мақсаттары жатыр. Мыңжылдық тарихы бар қазақ халқы өз ұрпағын өмірде, отбасында, 
тұрмыс-тіршілікте  батырлық  пен  батылдыққа,  әділдік  пен  адамдыққа,  махаббат  пен 
ізгілікке,  инабаттылық  пен  имандылыққа  үздіксіз  тәрбиелеп  отырған.  Бұрын  ата-ана 
тәрбиесіне көп көңіл бөлініп, баланы отбасы ғана емес, бүкіл ауыл болып тәрбиелеген. 
Халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі және оны көзінің қарашығындай 
сақтап  келуі  жайында  қазіргі  ұрпаққа  үлгі-өнеге  боларлық  дана  ұғымдар,  мақал-
мәтелдер, нақыл сөз, аңыз әңгімелер арқылы жетіп отырған. Сондықтан әрбір ұстаз, 
тәрбиеші  өзінің  күнделікті  жұмысында  халықтық  педогогиканың  асыл  маржанына 
үнемі көңіл бөліп, тиімді пайдалана білуі тиіс. 
Қазақ  халқы  ғасырлар  бойы  қоршаған  ортаның  тәрбиелік  әлеуеті  зор  екенін, 
оның жеке тұлғаны барлық жағынан дамытуға - денсаулығын нығайтуға, ақыл-ойын, 
адамгершілігін,  еңбексүйгіштігін,  әсемдікті  сезінуін  жетілдіруге  ықпал  ететінін 
жақсы  білген;  табиғи  фактор  физикалық  және  моральдық  тұрғыдағы  ұрпақтар 
сабақтастығы ретінде қарастырылды. Қазақтардың халықтық педагогикасы табиғатқа 
және  адамға  жақын,  ол  табиғатпен  үйлесімді,  табиғи  қалыпта  қабылданады. 
Табиғатпен 
үйлесімділік 
дегенді 
халықтық 
педагогикада 
өсімдіктердің, 
жануарлардың, 
адамдардың 
өмірінде 
бірдей 
сипатта 
көрінетін 
табиғат 
заңдылықтарын  анықтау  және  ұғыну  деп  түсінеді.  Адамды  табиғаттың  бөлшегі 
ретінде  қарастыру  барлық  іс-әрекетті  табиғатпен  үйлесімді  жағдайға  келтіруді; 
табиғатқа  құрметпен  қарауды,  бас  июді,  сүюді,  қамқорлықпен  қарауды  талап  етеді. 
Халықтық  педагогикада  экологиялық  тәрбие  беру  үдерісінің  табиғилығы  жас 
ұрпақтың  еңбекке  араласуына  байланысты.  Бұрынғы  уақытта  балалар  үй 
жануарларын  күтуге,  шаруашылық  жұмыстарына  ерте  қатыстырып,  соның 
нәтижесінде  табиғатқа,  жануарлар  мен  өсімдіктер  әлеміне,  адамдарға  ойлы  көзбен, 
ұқыпты  қарауға  бейімделген.  Тәрбие  үдерісін  айналадағы  табиғатқа  рухани-
тәжірибелік қарым-қатынасқа бағыттау экологиялық тәрбие жүйесінде маңызды рөл 
атқарады. Оқушылар табиғат қорғау ісіне белсенді қатысқан кезде ғана жанды және 
жансыз табиғат обьектілеріне қамқорлықпен, аялай қарау қасиеті қалыптасады [2]. 
«Қызың өссе, қызы жақсымен, ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол», «Қызға 
қырық  үйден  тыю,  бір  үйден  жыю»  деген  нақыл  сөздер  осының  айғағы.  «Қызыңды 
бөтен  үйге  қондырма,  ұлыңды  бөтен  үйден  тойдырма»  деп,  ортақ  талап  қойған. 
Мұнда  ұлдың  да,  қыздың  да  ретсіз  жүруінің,  мезгілсіз  қыдыруының  жағымсыз 
екендігін ұқтырып отырған. «Үлкеннің алдын кеспе, бос шелекпен өтпе» деп баланы 
үлкендерді  сыйлауға,  жол  беруге  тәрбиелеген.  Еңбекке,  төзімділікке,  ептілікке, 
шеберлікке,  шыншылдыққа,  ар-ұят,  әдеп,  үлкенді  сыйлау  секілді  қасиеттерді  үй 
ішілік  карым-қатынастарда,  тұрмыста  ұрпақ  зердесіне  сіңіре  білген  бабаларымыз. 
«Сіз – деген сыпайылық, біз  – деген көмек»,  «сыйға  –  сый, сыраға – бал»,  «Жаным 
десе  жан  семірер»  деген  мақал-мәтелдер  арқылы  игілікті  істерге  бастаған.  Халық 
педагогикасының  имандылыққа,  адалдыққа,  шыншылдыққа  тәрбиелейтінін  өмірдің 
өзі  көрсетіп отыр. Сондықтан балаларды  кіндік  қан тамған жерінің  қасиетті  тарихы 
мен  мәдениеті  және  тілін,  салт-дәстүрі,  әдет-ғұрып  ерекшеліктерімен  таныстыра 
отырып, рухани жоғары деңгейде тәрбиелеу ұлы мақсаттардың бірі болмақ. Бұл үшін 
оқу-тәрбие сағаттарының маңызы ерекше. Қай заманда болсын есті де еңбексүйгіш, 
қайырымды  ұрпақ  тәрбиелеу  парыз  саналған.  Әр  халық  өзінің  тарихын 
жалғастыратын жас ұрпағын адалдыққа, әділдікке үндеп отырған. Бұл ретте ғасырлар 
бойы  сұрыпталып,  әртүрлі  сыннан  өткен  салт-дәстүрлерімізді  педагогикалық  әдіс-
тәсіл ретінде пайдаланамыз.  
Қазақ елінің түп-тамыры – жұрты. Қат-қабат қайшылығы мол, күрделі кезеңде 
өмір сүрген Қожа Ахмет Иасауи – ақылдың, даналықтың кемеңгер парасаттың өкілі. 
Данышпан  өзінің  осы  Ақыл  кітабының  беташарында  негізгі  қағида-шарт,  парыз-

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
94 
қарыздарын байыппен баяндайды. Мұндағы ой-тұжырымдары сегіз жүйеден тұрады. 
Олар: Тәубашылық, Ғибадатшылық, Махаббат, Сабырлық, Шүкіршілік, Ризашылық, 
Заһидшілік  (анықтық),  Ғаріптік.  Бұларды  біздер  бір  нүктеге  түйістіріп  айтсақ,  адам 
табиғаттың кілтін басқарып тұрған табиғатты танып-білу үшін не істеу керек, қандай 
уажіп,  парыздарды  орындау  қажет  дей  отырып,  сондай-ақ  адамгершілік,  әділдік, 
адалдық,  мейірім,  рахым,  табиғатқа  деген  сүйіспеншілік  сияқты  мәселелер  сөз 
болады.  Мұнда  ғаріптік  жолға  мән  беріледі.  Оның  мән-жайын  сараптап  өткізеді. 
Аталған сегіз жүйе табиғатты қорғаудың ізгілікті саналы, ұстанымын орнықтыруына 
негіз болады. 
Нұр, Құт, Бақ, Дәулетке қатысты адам болмысында қандай қасиеттер мен әдіс-
тәсілдер қажет деген сауалға ізгілікке сүйеніп, Жүсіп Баласағұни кейінгі ұрпақ үшін 
өмірлік,  классикалық  тұжырым-түйінді  өзінің  «Құтты  білік»  еңбегінде  жан-жақты 
сипаттап берген. 
Адамның  танымы  үнемі  қабылдап  отырады,  себебі  қоғамдық  құндылықтар 
өзгерісте  болып,  уақыт  пен  кеңістік  өзінің  таңбасын  дүниетанымның  «шыңбайына» 
батырып жібереді. 
Жүсіп  Баласағұн  ізгіліктің  төрт  негізін  қалаған:  Әділ  (заң),  Дәулет  (құт,  бақ), 
Ақыл-парасат  (интеллект),  қанағат-ынсап.  Білімнің  тұжырымына  тірек  боларлық 
негіздер. Егер, біз де отбасы, мектеп қабырғасында берілетін білімді осы бағыттарға 
сүйене  отырып,  ұлттық  сипатта  бергенде  «Қара  шал»,  «Қара  кемпір»,  «Бозторғай» 
секілді  өзегіңді  өртеп,  намысыңды  қоздырып,  көзімізге  жас  әкелетін  қайғылы 
өлеңдер  тумаған  болар  еді.  Экологиялық  білім  алудың  ізгілікті  ұстанымына  біздер 
Жүсіп  Баласағұнның  мына  бір  даналық  пайымдарын  негізге  аламыз:  ақыл,  парасат, 
ниеті  түзу,  сөзі  шырын,  өнерлі,  білімді,  қолы  ашық,  пейілі  кең,  көзі  тоқ,  кек 
сақтамайтын асыл құлықтар [3]. 
Бір  кезде  елімізде  адамзат  баласының  санасын  улап  келген  керітартпа  күш 
ретінде  қудалауға  ұшыраған  дін  ешкімге  қиянат  жасауға  жол  бермеген.  Керісінше, 
адамдардың көңіліне ізгілік қасиеттерді, имандылықты қалыптастыруға қызмет етті.  
Халқымыздың  ақын-жыраулары  Асан  қайғы,  Қорқыт  ата,  Бұқар  Жырау 
Қалқаманұлы  және  т.б.  жыр  толғауларында  табиғат  мәселесі  негізгі  орын  алады. 
Олардың болмыс, тіршілік, табиғат жайындағы ой-толғаныстары, мақал-мәтел, шешендік 
сөздері  табиғатқа  деген  сүйіспеншілігін  арттырып,  оны  қорғауға  сақтауға  тәрбиелейді. 
Асан  қайғының  толғауларында  туған  елінің  табиғаты,  жер  байлығы,  географиялық 
ерекшелігі,  өсімдігі,  халқы,  жан-жануарлары,  тұрмысы  философиялық  тұрғыдан  сөз 
болады. Ол жүрген жерінде әрбір елге, қонысқа сын айтып, баға беріп отырған. 
Халық  педагогикасын  тәрбие  жұмыстарында  қолданумен  бірге  оқу  үрдісінде 
қолдану  арқылы,  ұстаздық  шығармашылықты  жетілдіре  түсеміз  [4].  Мектеп 
оқулықтарына  халық  педагогикасының  нұсқаулары  жүйелі  түрде  ендірілмей  келеді. 
Мысалы, санамақ, жаңылтпаш, ертегілер кейбіреулерінде жоққа тән. Сондықтан да оларды 
толықтырып, қосымша құжаттармен қолданамыз. Халық педагогикасы үнемі даму үстінде. 
Жаңылтпаштардың жаңа түрлері тек тіл ширатып қана қоймай, дүние танытады. 
«Ұлы  ұяты  әкеге,  қыз  ұяты  шешеге»  –  деу  арқылы  халқымыз  ата-ананың, 
үлкендердің  жас  ұрпақ  тәрбиелеудегі  орнын  көрсеткен.  Қазақ  халқы  ұстаған 
қағидасын,  түйген  философиялық  ойын  жан-жақты  қарастырып  бір  ауыз  сөзге 
сыйғызып бере білген. 
«Адамға  көбінесе  үш  алуан  адамнан  мінез  жұғады.  Біріншісі  ата-анадан, 
ұстазынан, құрбы-құрдасынан» – деп ойшыл Абай атамыз да өте дұрыс айтқан. Осы 
пікірді  халық  педагогикасында:  «Ұстазына  қарай  шәкірті»,  «Ұстазы  жақсының 
ұстамы  жақсы»,  «Аға-жаға,  ұстаз-пана»,  –  деген  мақал-мәтелдер  арқылы  құптайды. 
Бірақ  құрғақ  өсиет,  құнсыз  уағыз  арқылы  емес,  жеке  бастың  үлгісімен,  тапқыр 
тәсілімен  тәрбиелеу  орынды.  Жасөспірім  алдына  үлкен  мақсат  қоя  білсе  ғана  ол 
биікке  ұмтылады.  Сондай  ұмтылыс  үстінде  өседі  және  жетіледі.  Армансыз  биікке 
самғау  жоқ  екенін  ұғындыруымыз  керек.  «Армансыз  ұлан,  қанатсыз  қыран», 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
95 
«Арманы  жоқтың,  пәрмені  жоқ»  деп  парыздықтан сақтандырамыз [3]. Жас ұрпақты 
өмірге  дайындап,  олардың  «Сегіз  қырлы,  бір  сырлы»  азамат  болуы  үшін  тәрбиенің 
барлық түрін ұштастыра, ұластыра жүргізуіміз керек. Халық педагогикасында мынау 
–  ақыл-ой  тетігі,  мынау  –  эстетикалық  тәрбие  құралы  дейтін  жекеленген  тәрбие 
кұралы  жоқ.  Кез-келген  тәрбие  құралына  талдау  жасасақ,  ақыл-ой,  дене,  еңбек, 
адамгершілік  тәрбиелері  іштей  сабақтасып,  араласып  жатқанын  көреміз.  Әдептілік, 
сыпайылық,  кішіпейілділік,  мейірімділік,  иманжүзділік  қасиеттердің  бәрі  де  ар-ұят, 
ұждан  тазалығынан  туындайды.  Ар  тазалығы  өзгеге  қиянат  жасамауға,  шыншыл 
болуға  баулиды.  Ұлттық  табиғатымызға  сай  келмейтін  педагогикадан  гөрі  халық 
педагогикасының  маңызы  зор.  Ол  үшін  халқымыздың  тәлім-тәрбиелік  негіздерін 
отбасында,  бала-бақшаларда,  әртүрлі  сатылы  мектептерде  және  қоғамда 
қолдануымыз қажет. 
Адам-табиғат жүйесіндегі байланыс – тарихи дамудың маңызды мәселелерінің бірі. 
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше көңіл бөлуді талап 
етеді.  Жер  шарындағы  халық  санының өсуі табиғи ресурстар қорын пайдалану көлемін 
арттыруда.  Соңғы  уақытта  адамның  өндірістік  қызметінің  әсерінен  тірі  ағзалардың 
тіршілік ортасы ластанып, қауіпті жағдайлар тудырып отыр. Адамзаттың болашағы өзекті 
мәселелердің  шұғыл  шешімін  қажет  етеді.  Табиғи  тепе-тендік  бұзылса,  биосфераға 
қауіпті, қоршаған орта ластанады, түрлердің жойылуына әкеледі. Сондықтан да табиғат 
зандарын танып-білу нәтижесінде оның байлықтарын ұтымды пайдалану, Жер табиғатын 
аялау әрбір азаматтан экологиялық сауаттылықты талап етеді. 
Қазіргі  кезде  экология  ғылымы  көбіне  адамның  шаруашылық  іс-әрекеттерінің 
табиғатқа  және  оның  құрамдас  топтарына  тигізетін  әсеріне  басты  назар  аударуда. 
Өйткені  соңғы  жылдары  адамның  іс-әрекеті  (антропогендік  әсерлер)  биосферада 
тарихи  дәуірлерде  қалыптасқан  биологиялық  тепе-тендіктің  бұзылуына  орасан  зор 
әсерін тигізетіні осының алдында баяндалды. 
Келешек ұрпақты экологиялық апаттан сақтап, биосфераны қорғаудың бірден-
бір  жолы  –  әрбір  адамды  табиғаттың  карапайым  даму,  зат  және  энергия  алмасу 
заңдарымен,  оның  теориялық  негіздерімен  қаруландыру.  Өйткені,  қазіргі  кездегі 
экологиялық  дағдарыстар  мен  тоқыраулардың  пайда  болуы  -  адамдардың  экологиялық 
сауатсыздығының нәтижесі. 
Халық ертеден-ақ өзінің арман-мұңының бесігі болған, ерлік салт пен дәстүрге 
бай табиғи сыры мол, әсем жерлерді жырға қосып, оны мадақтаған. Мұндай жырларда 
жер  мадақтау  жалаң  күйінде  емес,  халық  тарихынан  жарқын  бір  көріністерімен 
байланыстырылады.  Осындай  тамаша  көркем,  әсем  жыр  шумақтарын  оқырмандар 
оқи отырып, оның әсерлі сырын көңіліне тоқып, сұлулығына сүйсінеді [5]. 
Халқымыздың табиғатқа деген кайырымдылық, камқорлық сезімі, аялы алақаны, 
көздің карашығындай қорғай білуі аты аңызға айналған Асанкайғы, күй атасы Қорқыттың 
өсиетке  толы  сөздерінен  де  елеулі  орын  алған.  Қорқыт  бабамыздың:  «Кара  орманың 
шайқалмасын, мәуелі ағашың құламасын» деген сөзі көп нәрсені аңғартады. 
Әрбір халықтың туған жерін, оның табиғатын сүйе білу – адамгершілік парызы. 
Жүсіпбек  Аймауытовтың  «Қартқожа»  романындағы  кейіпкер  сөзімен  айтсақ, 
«Ыстық  қой,  шіркін,  туған  жер!  Туған  жерге  жеткенше,  қайтіп  дәтің  шыдайды? Кім 
сүймесін өз жерін? Сүймесе, сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз...». 
Табиғат  сұлулығынан,  әдемілігінен,  әсемдігінен  бойына  қуат,  жүрегіне  шуақ 
сыйып,  аса  зор  іңкәрлік  сезімге  бөленген,  халқымыздың  мақтанышы  болған  ақын 
Мағжан  Жұмабаев  «Табиғат  -  адам баласын  дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат 
мейірі  мен  шұғылалы  шуағын  жүрегімізге  ұялатқан  Ана»  –  дейді.  Ата-бабалардың 
даналық  сөздеріне  қанып  өскен  (Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаевтың) 
еңбектерінде табиғатқа көзқарастарының ғылыми әрі тәрбиелік мәні мол. 
Қазақтың  сыршыл,  ойшыл  ақыны    (Сәкен  Сейфуллин,  ғұлама  жазушы  Мұхтар 
Әуезов,  Сәкен  Жүнісов,  Шыңғыс  Айтматов,  Сапағали  Әсіпов,  Шерхан  Мұртаза)  т.б. 
ақын-жазушылар  еңбектерінде  табиғаттың  кіршіксіз  тазалығы,  әсемдігі,  шығарма 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
96 
кейіпкерлерінің  әр  кезде  ахуалы  мен  пейзаждық  бояулардың  катарласа  келуі,  неше 
түрлі аңыздар арқылы табиғат пен адам арасындағы өзара байланыстылық т.б. шебер 
бейнеленген.  Мұндай  туындылардың  жастардың  экологиялық  сана-сезімін  оятып, 
экологиялық мәдениетін көтеруде рөлі ерекше. 
Ғылыми  әдебиеттерде  оқушылардың  табиғатқа  қарым-қатынасына  олардың  жеке 
ерекшеліктері,  тұрғылықты  жері,  ата-анасының  мамандығы  және  білімі  де  әсер 
ететіндігін көрсетеді [6]. 
Қоршаған  орта  жайында  жүйелі  түрде  тиянақты  білім  беру,  бүкіл  халықты 
қоршаған  ортаны  қорғауға  тәрбиелеу  және  осы  мәселелерді  ғылыми  тұрғыдан шешу 
проблемасы Заң жолымен жүзеге асатын болады. 
Халық  педагогикасының  негізгі  мақсаты  –  өзінің  бай  тәжірибесіне  сүйене 
отырып,  келер  ұрпақты  өнер-білім  меңгеруге,  еңбек  етуге,  ауыл-аймақтың,  өз 
Отанының  ар-намысын  қорғауға,  адамгершілік  қасиеттерге  баулу  болып  табылады. 
«Болашақ  бүгіннен  басталады»  демекші,  сол  болашақтың  адамдары  қай  жағынан 
болса да  тамаша адам  болуы  тиіс.  Олар  әр жақты  келісті адам болуы керек.  Ол  тек 
еңбекқор,  адал,  білімді,  көп  оқыған,  ақылды  болып  қана  қоймай,  сонымен  бірге 
тәрбиелі,  көркем  де  әсем  болуы  қажет.  Қазақ  халқы  -  әсемшіл  халық,  рухани 
мәдениет жасауды басты міндеттердің бірі деп санайтын халық. Сол үшін де өмірдің 
жарқын сипатын, сұлу-сипатын, моральдік қасиетін үнемі басшылыққа алу керек. Кез 
келген  халықтың  тәрбие  беру  ісінде  өзіне  тән  ерекшелігі  болатын  секілді,  қазақ 
халқының да сан ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі қалыптасқан. 
Жас ұрпаққа ізгі тәрбиелерді қалыптастыруда ғұлама ғалымдар, шешендер мен 
билер,  ақын-жыраулар,  сал-серілердің  өзіндік  сара  жолдарының  болғаны,  олардың 
шығармаларындағы  тәлім-тәрбиелік  ой-пікірлерін,  өнегелі  істері  бүгінгі  ұрпақтың 
рухани, мәдени жетілуіне, саналы, білімді де мәдениетті тұлға болып қалыптасуына 
ықпалын  тигізетіндігі  даусыз.  Бүгінгі  адамның  өмірі  мен  әрекетінің  кез  келген 
санасында  ұлттық  эстетика  тәрбие  ар-намыссыз  тіршілік  етуге  болмайтындығы 
шындық.  Қоғам  және  адам  өміріндегі  ұлттық  ерекшеліктер  аясының  кеңейюі  тек 
ұрпақтан-ұрпаққа  тарихи-мәдени  мұраларды  беруді  ғана  міндеттемейді,  сонымен 
қатар  аға  педагогиканың  халықтық  бай  тәжірибесін  молайта  отырып  іс  жүзіне 
асыруды  талап  етеді  [7].  Ол  үшін  жас  ұрпақтың  тәрбиесі  ұлттық-халықтық 
педагогиканың қажеттігін туғызып, қабілетін дамыту және қалыптастыру әлеуметтік 
сұранысқа айналуы қажет. 
Қорыта  айтқанда,  қоршаған  табиғи  ортаға  қамқорлық  жасау,  оның  бар 
байлығын  адам  игiлiгi  үшiн  мейлiнше  ұтымды  пайдалану,  қорғау  және  көркейту  iсi 
бүгiнгi күн талабына сай туындап отырған мәселе. Табиғат қаншама бай болғанымен, 
оның  сан  алуан  ресурстарының  қай-қайсысы  болмасын  шексiз  емес  екендiгiн 
күнделiктi  өмiрдiң  өзi  дәлелдеп  отырған  тұста  экологиялық  үздiксiз  бiлiм  берудi 
заңдастыру  ұстанымы  мен  қоршаған  табиғи  ортаны  қорғау  саласында  экология 
кодексiн  қабылдау  ұсынысы  еңжарлыққа  бой  алдырмай,  көзi  қарақты,  ойы  ұшқыр 
азаматтардың қолдауын күтетiн қоғамдық тұжырым деп бiлемiз.  
Ал,  бұл  тәжірибе  халықтың  жаппай  экологиялық  мәдениетiн  көрсететiн 
белсендiлiк  қабiлетiнсiз  мүмкiн  емес.  Сондықтан  да  экологиялық  бiлiм  мен  тәрбие 
қоғамның әрбiр мүшесiне табиғатты қорғауға немқұрайлылықпен қарамауды үйретiп, 
қоғам  мүшесiн  әрқашанда  қоршаған  ортаны  қорғауға  дағдыландыруды  көздейдi. 
Осыған байланысты мынадай қорытынды жасауға болады: 
1.
 
Оқыту  барысында  әрбір  тақырыптан  экологиялық  білім  және  тәрбие  берудің 
халық  педагогикасы  элементтерін  және  экологиялық  білімді  қалыптастырудың 
педагогикалық принциптерін пайдаланған дұрыс; 
2.
 
Оқушылардың  экологиялық  көзқарасын  қалыптастыру  үшін  әрбір  сабақтың 
және сыныптан тыс жұмыстардың мүмкіншіліктерін тұрақты түрде пайдалану керек; 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2017ж.  
 
97 
3.
 
Оқыту заңдылықтары мен заңдарының орындалуын көрсету барысында, оларға 
сәйкес  келетін  ғылыми-техникалық  прогрестің  бағыттарын  мысалдарын  көрсетілуі 
қажет; 
4.
 
Жоғары    сынып  оқущылардың  экологиялық  білімін  қалыптастыру  үшін,  жаңа 
материалды өту барысында экологиялық мазмұнды мысалдар, есептер, тәжірибелер және 
тест сұрақтары кең көлемде кешенді түрде пайдаланғаны дұрыс; 
5.
 
Экологиялық  материалдарды  оқушыларды  сабақ  барысында  ғана  емес, 
сыныптан тыс сабақтарында тиімді пайдалануы керек. 
Қай  кезеңде  де  табиғатты  қорғау,  қоршаған  ортаның  тазалығы  үшін  күрес 
өзекті  мәселе  болып  қала  береді.  Күрес  үлкен  өндірістердің,  техниканың 
зияндылығын ғана  анықтап, соларға  айып төлету, зиянды өндірісті  жабудың жолын 
іздеумен  шектелмейді.  Табиғатты  қорғаудың  алуан  бағыттағы  жолы  бар.  Сол 
бағыттарды,  заңдылықтарды  терең  зерттеу  үшін  де  экология  ілімін  зерттеу,  терең 
білуге ұмтылыс бастауыш мектептерден бастау алуға тиісті.  
Эколгоиялық  білімнің  бастауыш  кезеңдері,  жас  жеткіншектерге  түсінікті 
әдістемелері  қандай  болу  керек  деген  педагогикалық  қағида  өмір  алға  жылжыған 
сайын жетіле беруі керек. Ғылымның да қажеттілігі осы тұрғыдан танылады.  
Адам  баласы  дүниеге  келгеннен  бастап  тәрбиелеуді  талап  етеді.  «Жас  бала  – 
жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» – дейді қазақ халқы. Жерге отырғызған жас 
көшетте  өркен  жайған  жасыл  ағаш  болып,  тамыры  тереңдеп,  жапырағы  жайқалып 
саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді. Адам да 
сол  тәрізді.  Олай  болса,  ұстамды,  көргенді,  парасатты,  түп-түзу,  жып-жинақы,  әсем 
бейнелі  адамға  қараудың  өзі  тым  жарасымды.  Жастарымыздың  үлгілі,  ішкі-сыртқы 
адамгершілік,  эстетикалық  саналары  биік  дәрежеде  болуына  барлығымыздың  да  ат 
салыса қатысуымыз қажет. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Volkov  G.N.  Modern  folk  pedagogy  as  a  functioning  the  phenomenon  of 
democracy and humanism in education. – Cheboksary: Chuvash, 1993. – 117 р. 
2.
 
Қалыбекова А. Қазақ тәрбиесінің асыл мұрасы. – Алматы: БАУР, 2011. – 485 б. 
3.
 
Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1986. – 430 б. 
4.
 
Бекқожаева  Ә.  Орта  мектептің  физика  курсында  экологиялық  білім  және 
тәрбие берудің әдіснамалық негіздері / Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық 
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Қызылорда, 2013. – 43 б.  
5.
 
Жұмабаев М. Тандамалы шығармалар. Өлеңдер, поэмалар, зерттеулер, 
аудармалар. – Алматы: Ғылым, 1992. – 50 б. 
6.  Зверев  И.Д.,  Салеева  Л.П.  Воспитание  любви  и  бережного  отношения  к 
природе // Начальная школа. – 1979. – №1. – С.41-43. 
7.  Бейсенова  А.С.,  Шилдебаев  Ж.Б.  Пути  развития  экологического  знания 
учителей // Поиск (серия естественных наук). – № 4. – 1995. – С. 47-51.  
*** 

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал