Бұл күнде спорт психологиясын зерттеуге деген зор қызығушылықтар туындауда. Әлемнің көптеген елдерінде спорт



жүктеу 411.09 Kb.

бет1/4
Дата04.04.2017
өлшемі411.09 Kb.
  1   2   3   4

1-тақырып 

 

Бұл күнде спорт психологиясын зерттеуге деген зор 



қызығушылықтар туындауда. Әлемнің көптеген елдерінде спорт 

психологиясының ғылыми жетілуі жүруде. 

 Спорт психологиясының негізгі міндеттері – спортшылардың 

спорттық жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай жасау ғана емес. 

Сонымен қатар, спортшы тұлғасын жан-жақты дамыту, оның 

жалпы және психологиялық мәдениетін көтеру болып табылады. 

Спорттық жарыстардың алдында спортшылардың психикасын сол 

үрдіске бейімдеп жаттықтыру және бәсекелестік мәселесінен 

жеңімпаз ететіндей нұсқалармен қаруландыру. Жарыс барысында 

өзін-өзі басқара алатын дәрежеге жеткізу. 

Жарысты сәтті өткізу үшін физикалық және тактикалық 

дайындықтың жоғары деңгейде болуы жеткілікті емес. Қозғалыс, 

сенсомоторлы дағдылармен қоса интеллектуалды дағдылар және 

топтық әрекет дағдыларының маңыздылығы артуда. 

Сондықтан жарыс алдындағы дайындықта әр түрлі психикалық 

процесстер мен қалыптар үлкен мәнге ие болды. Сондай-ақ 

психологиялық факторлар мен жарысқа қатысу үшін 

спортшыларды психологиялық дайындаудың рөлі өсуде. Мұндай 

дайындықтың әдіс  тәсілдері өңдеу – спорт психологиясының 

негізгі қызметінің бірі. Бұл қызметті жүзеге асыру үшін мыналарды 

іске асыру қажет: 

а) жарыс жағдайында психика қызметінің заңдылықтарын зерттеу 

және жарыстық әрекеттің тұрақтылығы мен сенімділігін 

арттыратын әдістерді өндеу; 

б) жарыс алдындағы және жарыс жағдайында пайда болатын 

психикалық қалыпты зерттеу; 

в) психопрофилактиканы дамыту, спортшыларды шынықтырудың 

психологиялық жолдарын, әдістерін және тәсілдерін қалыптастыру 

және психологиялық жарақатқа төзімділігін арттыру. 

Спорт психологиясының пәні – қазіргі заманғы қоғамда спорт 

үлкен орын алады. Ол адамның жан-жақты физикалық дамуын ғана 

қамтамасыз етпейді, сонымен қатар, онда моральді-еріктік 

қасиеттерді тәрбиелейді. 

Спорттық жаттығулардың тиімді әдістерін өңдеу үшін біріншіден – 

спорттық әрекетке тән заңдылықтар мен ерекшеліктерді, екіншіден 

– осы әрекеттің субъектісі ретінде спортшы тұлғасын зерттеу керек.  



2-тақырып 

Басқа ғылымдар сияқты спорт психологиясы спорттық әрекеттің 

маңызды жақтарына талдау береді және көптеген мәселелерін 

шешуге көмектеседі. Спорт психологиясы – спорттық әрекет 

жағдайында адамның психикасының заңдылықтарын, дамуын, 

көрінісін зерттейтін психологиялық ғылым саласы. Спорттық 

әрекеттің адамның басқа әрекеттерінен қандай айырмашылығы 

бар? Спорт спецификасы – жарыстарда жеңіске жету мақсатымен 

өзін күнделікті физикалық және психикалық жүктемеге салуға 

мүмкіндік беретін жоғары мотивацияда. Осы мотивация арқасында 

спорт адамның мүмкіндіктерінің табиғи лабораториясына айналды. 

Спорт психологиясы жарыс және жаттығу жағдайындағы ұжым 

және жеке адамның психикалық әрекетінің заңдылықтарын 

зерттейді. Cпорт психологиясы адамның жаттығу және жарыс 

жағдайындағы психикалық әрекет заңдылықтарын қарастырады. 

 Спортшыға жарыс кезінде, жарыс жаттығуларын орындау кезінде 

кездесетін психологиялық қиындықтарды жеңуге тәрбиелейтін 

педагогикалық үрдісті психологиялық дайындық дейміз. 

 Психологиялық дайындық процесі екі бөлімнен тұрады: 

1. Жалпы психологиялық дайындық. Ол спортшыны спортпен 

жүйелі түрде айналысуға, қиыншылықтарды жеңуге, еңбек сүйгіш 

азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталған. 

2. Арнайы психологиялық дайындық. Жарысқа қатысуға 

дайындайтын бұл арнайы дайындық жарыс болар алдындағы 

кезеңде спортшының спорттық күреске психикалық дайын күйге 

түсуіне бағытталған. 

Психикалық дайындыққа батылдық, қайсарлық, ынталылық, 

табандылық, тәуекелшілік, ұстамдылық секілді жігер, қайрат 

дайындығы кіреді. 

 Психологиялық дайындық әр түрлі әдістермен іске асады. 

 Тиянақты жаттығу әдісі – дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен 

спортшыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіру. 

Психикалық реттеу жаттығуларының әдісі – көңіл күйді көтеру, 

көңілдену, қиын­шылықтарды жеңуге ойша дайындалу, тактикалық 

ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну, келешек 

істелетін жұмыстарға дайындалу, жинақталу және т.б. әдіс-

тәсілдер. Идеомоторлық жаттығулар әдісі –жаттығуларды ойша 

қайталау арқылы негізгі қимылдарға бар ықылас зейініңді аудару. 

 


3-тақырып 

Спорттағы психодиагностика әдісі  – КБС (К-көңіл күйі, Б-

белсенділік, С-сергектік) әдістемесі бойынша еске сақтау, ықылас, 

қозғалыс жылдамдығын, алаңдаушылық деңгейін, көңіл-күй 

көрсеткіштерінің өзгеру деңгейінің әр түрлі аспаптар, тәсілдер 

арқылы анықтау. 

Теориялық дайындық әдісі – спортшыларды дайындайтын 

заңдылықтарын, олардың әдістемелерін үйрену. Теориялық 

дайындықсыз дайындықтың басқа жақтарын іске асыру мүмкін 

емес. Спортшы, сонымен қатар, арнайы дәрістерді тыңдап, спорт 

туралы жазылған ғылыми-әдістемелік, көркем, тарихи әдебиеттерді 

оқып, кинофильмдер көріп білімін дамытып отырғаны жөн. 

Спортшыны спорт түрінен дайындау жүйесінде теориялық 

дайындықтың маңызы ерекше спортшы теориялық ақпараттарды 

көп білген сайын, спорттағы жетістіктер тезірек жоғарылайды. 

Теориялық білім спортшыға спорттық жетістіктерге жылдам жетуге 

ғана емес, күнделікті өмірде де, маңайындағы адамдарды салауатты 

өмір салтына насихаттауда да қажет болады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

4-тақырып Спортшының психологиялық дайындығы 

 

а) Психиканы жарыс жағдайына адаптациялау. 



ә) Күшті спортшылардың концентрация, көздеу техникасы, 

психологиялық дайындығынан мысалдар келтіру. Оқушыларға 

берілген тапсырма бойынша мәліметтер жинақталып, өздеріне 

ұнаған мысалдарды ортаға салу. 

б) Аутотренинг. Аутотренинг жарысқа дейін біраз уақыт бұрын 

жасалады. Егер жарысқа аз ғана уақыт қалған болса, онда да жақсы 

эффект береді. 

Толық босаңсу жағдайына келу. Алда болатын жарысты анық әрі 

дәл елестету үшін жарыс алаңы туралы толық ақпарат жинау қажет. 

Егер мүмкіндік болса сол жерге бару керек немесе фото-бейне 

материал арқылы немесе сөзбен жеткізу қажет. 

Жарыс алаңын көзге елестету арқылы сол жердің жағдайына бой 

үйретіледі. Одан соң спортшының психологиялық күйіне кері әсер 

етіп тепе-теңдіктен шығаратын сәттер қағазға түсіріледі. Олар 

пайда болу мүмкіндігіне және психикаға әсер ету күшіне қарай 

жіктеледі. Содан соң осы факторларды ескере отырып, олармен 

жарыс кезінде болғандай етіп ойша бастан өткеріледі. Бұл жүректің 

жиі соғуына жеткілікті. Бірнеше жаттығудан кейін сіздің жарыс 

алаңына келуіңіз сіздің жай-күйіңізге ешқандай әсер етпейтінін 

байқайсыз, жүрегіңіз тыныш соғатын болады. 

Бұл жағдайға байланысты адаптация жасалды деп айтуға болады, 

сондықтан келесі пунктке көшеміз: мәселен садақ атуды алайық, 

бірінші есептік ату және ары қарай. Уақыттың көбі мейлінше 

мүмкін боларлық факторларға беріледі. Соның бірі – әрине «10»-ға 

көбірек тию. Егер сіз көңіл-күйіңізді жоғары нәтижеге келтірсеңіз, 

онда көп оғыңыздың «ондыққа» тию мүмкіндігі артады да, сіз 

бұған дайын болуыңыз қажет. Жарыс жағдайын модельдеу кезінде 

ең бастысы сәл ғана қозу пайда болғаны дұрыс, содан соң осы 

күйде атысты елестетеміз. Жай ғана атысты емес, атап айтқанда 

дұрыс атудың бұлшық ет сезімін. Бұл жаттығулардың пайдасы 

мынада, спортшының психикасы жаттығып, одан әрі алдағы 

жұмысты табысты орындауға бағдарламаланады. 

Жаттығулардың максаттары орындалу үшін алдымен мынадай 

мәселелер шешілуге тиісті: 

 


1. Өзі таңдаған спорт түрінің әдістері мен жаттығу тәсілдерін 

үйрену. 


2. Адам ағзасының мүмкіншілігін жетілдіру жолында алға қойған 

мақсаттарды орындау. 

3. Психиканы кемелдендіру, дұрыс тәрбие алу, мінез-құлықты 

қалыптастыру, спорт саласындағы озық жетістіктерді үнемі 

пайдаланып отыру. 

4. Ілімге сүйене отырып жаттығуларды пайдалы ұйымдастыра білу. 

5. Жаттығулардың тиімділігін арттыру үнемі жақсы бапта болу. 

Осы мәселелердің жиынтығы жаттығулардың мазмұнын байытады, 

жоғары көрсеткіштерге жол ашады. 

Психологияда спортшыға айтылу қажет сөздер: Мен СЕНІМДІМІН, 

Мен БАҚЫЛАЙМЫН, Мен БАТЫЛМЫН және тағы басқа да өзін 

өзі жігерлендіретін сөздер бар. Ал қажетсіз сөздер ҚОРЫҚ-

паймын, ТОЛҚЫ-маймын деген сөздерді айтқан кезде, спортшы 

оны ҚОРҚУ,  ТОЛҚУ деп қабылдау мұмкін. 

Қорытындылай келе спортшы қоғамдық орында өзін-өзі ұстауға 

дағдыланып, тәртіптілікке, ұжымның мүддесін ойлау сезіміне 

тәрбиеленіп, басқа да , жақсы әдеттерді бойына сіңіру керек. Сонда 

ғана ол саналы азамат болып өседі деп айтқым келеді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

5-тақырып Спорт психологиясы - спорт аймағындағы адам 

туралы ғылым. Бұл екі ғылымның қосындысы 

 

Дене тәрбиесі - дене дамуына, денсаулықты нығайтуға, жұмыс 

қабілеттілігін жоғарылатуға және ұдайы өзін-өзі, оның ішінде 

сыртқы, дене пішінін, жетілдіруге қажеттілікті қалыптастыруға 

бағытталған адамды жетілдіру жүйесі. 

Дене тәрбиесінің міндеттері - жеке бастың үйлесімді дамуы, жеке 

бастың психикалық және  денсаулығын қамтамасыз етуге 

бағытталған білім беру, тәрбие және сауықтыру міндеттерінің 

комплексін жетілдіру, қалыптастыру. 

Психология– жан құбылыстарының сыртқы және ішкі дүние 

заттарының әсерінен пайда болып, біртіндеп дамып, қалыптасу 

заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психология термині гректің екі 

сөзінен (рsусhе – жан, logos – ілім) алынған, бұл «жан туралы ілім» 

деген ұғымды білдіреді.[1.12б.] 

Спорт психологиясы - спортшылардың іс-әрекетіндегі 

психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Спорт жетекшілері 

мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың 

жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, 

психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және 

күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу 

мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді. Әрбір ел мен 

халықтың спорт өнеріндегі ерекшеліктерін де ескере отырып, 

оларды жаттықтыру міндеттері анықталады.  Спорт психологиясы – 

дене шынықтыру және жаттығу әрекетіндегі адам психикасының 

түрлі өзгерістермен қалыптасу зандылықтарын зерттейтін 

психология ғылымының саласы. Спорт психологиясының қазіргі 

уақыттағы негізгі міндеттері – спортшылардың спорттық жоғары 

нәтижелерге жетуіне жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар 

спортшы тұлғасын жан-жақты дамыту, оның жалпы және 

психологиялық мәдениетін көтеру болып табылады. Спорттық 

жарыстардың алдында спортшылардың психикасын сол үрдіске 

бейімдеп жаттықтыру және бәсекелестік мәселесінен жеңімпаз 

ететіндей нұсқалармен қаруландыру. [1.19б.] 

Спорт психологиясының қалыптасу кезеңі: 

Бұл кезеңде спорт психологиясы кәсіптік бағытты ала бастады. 

Көптеген жағдайда спорттың теориясы мен әдістемесіне мән беріп, 



педагогикалық және психологиялық  негізгі мәселені шешуге 

кірісті. Зерттелінген мәселелер: 

 

- Алғашқы кезде спортшының еріктік дайындығының мәселесі 



шапшаң психологиялық тұрғыдан қарастырады. 

 

- Спортшының дене тәрбиесі, психикалық және тактикалық 



дайындығының психологиялық ерекшелігі зерттелінеді. 

 

- Спортшының тәрбие психологиясы мен спорттық ұжымдарды 



қалыптастыру психологиясы. 

 

- Спорттық жаттығу мен спортшының спорттық қалпы 



психологиясы көрнекті орын алады. 

 

- Жарысқа қатысу, оған дайындық мәселесі. 



- Педагогикалық тұрғыдан спорттық қабілет мәселесі, спорттағы 

психодиагностикалық әдістер қарастырылады. Бұл кезеңде спорт 

психологиясы көп жетістіктерге жетіп, көп мөлшерде семинарлар 

ұйымдастырылып монаграфия, мақала, диссертациялық 

жұмыстардың жазылуына ие болды. Психологтар арасында 

конференцсиялар өткізіліп, ғылыми - әдістемелік материалдар 

жинақталды, шетел психологтары мен халықаралық байланыстар 

дами түсті. .[2.8б.] 

 

Спорттың адам психологиясына әсері. 



Спорт мінездің қалыптасуына әсер ететіні белгілі, алайда спорт 

түрін таңдау да мінезге байланысты екен. Бірі біріне қалай әсер 

ететіні жайлы айта кетейік. 

Спорт пен темпераменттің байланысы. 

Сабырлы, салмақты адамдар баяу қарқында іске асатын спорт 

түрлерін ұнатады. Оларға өз мінездері сияқты жаттығулар ұнайды. 

Көбіне олар бильярд, велосипед тебу, ұзақ қашықтыққа жүру, 

туристік жорықтар, бал билері, шахмат, құзға шығу сияқты спорт 

түрлерін таңдап жатады. Оларға спортпен айналысу процесінен 

ләззат алу маңызды. Ал керісінше, табиғатынан белсенді және тез 

шешім қабылдауға бейім адамдар бірдеңеге ұзақ уақыт 

шоғырлануды талап ететін спорт түрлерін ұнатпайды. Әдетте 

оларға жылдамдық пен тез әрекет етуді талап ететін спорт түрлері 


ұнайды: спорттық жүзу, футбол, баскетбол, шаңғы тебу немесе 

ролик тебу. .[2.32] 

Экстраверттер мен интроверттердің таңдауы 

Өздеріңіз білетіндей, ашық, жайдары адамдарды экстраверт деп 

атайды. Мұндай адамдар көбіне топтық спорт түрлерін таңдайды: 

мысалы, футбол, гандбол, судағы поло, волейбол. Оларға бастысы 

ойын кезеңіндегі достастық қарым-қатынас болып табылады. 

Интроверттер керісінше өзгелермен қарым-қатынасты барынша 

азайтуға тырысады. Олар салыстырмалы түрде жекелігін сақтап 

тұратын спорт түріне барады: жүзу, мәнерлеп сырғанау, ауыр 

атлетика. Дегенмен олар құрамаға немесе топқа кіре алады, бірақ өз 

нәтижелеріне өздері жауап береді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



6-тақырып Тұлға ерекшеліктері мен спорт түрлері 

 

Спорттық мансаптағы табыс көп жағдайда тұлғаның икемділігіне



қызығушылықтарына, қабілеттілігіне және психофизиологиялық 

құрылымына тікелей әсер етеді. Адам болмысының ерекше 

қасиеттері таңдалған спорт түрінің қыр-сырына сай болуы 

маңызды. Мысалы, ауыр атлеттердің мінезі эмоция 

тұрақтылығымен, адалдығымен, сабырлығымен ерекшеленеді. 

Оларға қарағанда бағыт-бағдары бар спорт түрлерін таңдағандар 

әңгімелесуге бейім, интеллектуалды белсенді, тәуелсіз, мазасыз, 

тынышсыз болып келеді. Семсершілерге жаңашылдық пен 

тәжірибеге ұмтылыс, жауапкершілік, өз-өзіңді басқару, ерік жігер, 

сезімталдық, жаңа сезімдерге берілу, әртістік темперамент тән. 

Сонымен қатар, әртістік белгілері бар адамдар көркем гимнастика, 

акробатика және т.с.с. таңдайды. 

Психологияда спортшыға айтылуы қажет сөздер: Мен 

СЕНІМДІМІН, Мен БАҚЫЛАЙМЫН, Мен БАТЫЛМЫН және 

тағы басқа да өзін өзі жігерлендіретін сөздер бар. Ал қажетсіз 

сөздер ҚОРЫҚ-паймын, ТОЛҚЫ-маймын деген сөздерді айтқан 

кезде, спортшы оны ҚОРҚУ, ТОЛҚУ деп қабылдау мұмкін. 

Сондықтан жарыс алдындағы дайындықта әр түрлі психикалық 

процесстер мен қалыптар үлкен мәнге ие болды. Сондай-ақ 

психологиялық факторлар мен жарысқа қатысу үшін 

спортшыларды психологиялық дайындаудың рөлі өсуде. Мұндай 

дайындықтың әдіс  тәсілдері өңдеу – спорт психологиясының 

негізгі қызметінің бірі. Бұл қызметті жүзеге асыру үшін мыналарды 

іске асыру қажет: 

 

а) жарыс жағдайында психика қызметінің заңдылықтарын зерттеу 



және жарыстық әрекеттің тұрақтылығы мен сенімділігін 

арттыратын әдістерді өндеу; 

 

б) жарыс алдындағы және жарыс жағдайында пайда болатын 



психикалық қалыпты зерттеу; 

 

в) психопрофилактиканы дамыту, спортшыларды шынықтырудың 



психологиялық жолдарын, әдістерін және тәсілдерін қалыптастыру 

және психологиялық жарақатқа төзімділігін арттыру. 

 


Спортшыға жарыс кезінде, жарыс жаттығуларын орындау кезінде 

кездесетін психологиялық қиындықтарды жеңуге тәрбиелейтін 

педагогикалық үрдісті психологиялық дайындық дейміз. .[5.22б.] 

Психологиялық дайындық процесі екі бөлімнен тұрады: 

1. Жалпы психологиялық дайындық. Ол спортшыны спортпен 

жүйелі түрде айналысуға, қиыншылықтарды жеңуге, еңбек сүйгіш 

азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталған. 

2. Арнайы психологиялық дайындық. Жарысқа қатысуға 

дайындайтын бұл арнайы дайындық жарыс болар алдындағы 

кезеңде спортшының спорттық күреске психикалық дайын күйге 

түсуіне бағытталған. 

Психикалық дайындыққа батылдық, қайсарлық, ынталылық, 

табандылық, тәуекелшілік, ұстамдылық секілді жігер, қайрат 

дайындығы кіреді. 

Психологиялық дайындық әр түрлі әдістермен іске асады. 

Тиянақты жаттығу әдісі – дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен 

спортшыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіру. 

Психикалық реттеу жаттығуларының әдісі – көңіл күйді көтеру, 

көңілдену, қиыншылықтарды жеңуге ойша дайындалу, тактикалық 

ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну, келешек 

істелетін жұмыстарға дайындалу, жинақталу және т.б. әдіс-

тәсілдер. Идеомоторлық жаттығулар әдісі –жаттығуларды ойша 

қайталау арқылы негізгі қимылдарға бар ықылас зейініңді аудару.   

Спорттағы психодиагностика әдісі  – КБС (К-көңіл күйі, Б-

белсенділік, С-сергектік) әдістемесі бойынша еске сақтау, ықылас, 

қозғалыс жылдамдығын, алаңдаушылық деңгейін, көңіл-күй 

көрсеткіштерінің өзгеру деңгейінің әр түрлі аспаптар, тәсілдер 

арқылы анықтау. 

Теориялық дайындық әдісі – спортшыларды дайындайтын 

заңдылықтарын, олардың әдістемелерін үйрену. Теориялық 

дайындықсыз дайындықтың басқа жақтарын іске асыру мүмкін 

емес. Спортшы, сонымен қатар, арнайы дәрістерді тыңдап, спорт 

туралы жазылған ғылыми-әдістемелік, көркем, тарихи әдебиеттерді 

оқып, кинофильмдер көріп білімін дамытып отырғаны жөн. 

 

 

 



 

 

7-тақырып  Психологоялық трениг 

 

Спортшы психологиялық дайындық психологиялық дайындау 



спортшы түсінігі, оның түрлері. психологиялық дайындық 

бойынша кейбір спорт түрлері бойынша психикалық қасиеттерін 

мәні, оларға оқыту және қатысу мәселелерін табысты шешуді 

қамтамасыз осындай психикалық функцияларды, процестерді, 

мемлекеттер және жеке қасиеттер дамытуға бағытталған 

психологиялық-педагогикалық қызметі мен спортшылардың 

спорттық қызметі мен өмір байланысты жағдайлар жиынтығы, 

түсініледі жарыстарға. Психологиялық тренинг жалпы және арнайы 

бөлуге болады. Жалпы психологиялық дайындық мәні болып 

табылады. ол таңдаған спорт табысты жұмысқа орналастыру үшін 

қажетті дәл сол психикалық функциялары мен қасиеттері 

спортшылардың дамыту және жетілдіруге бағытталған, бұл әрбір 

спортшы шеберлік жоғары деңгейіне жету. Бұл оқыту түрі, сондай-

ақ, т.б. Күрес экстремалды жағдайларда эмоционалдық 

тұрақтылығын қалыптастыру тез жүйке және дене Асқын салдарын 

жою мүмкіндігін оқытуға, өз бетiнше ұйқы режимін басқару үшін 

психикалық мемлекеттердің белсенді өзін-өзі реттеу бойынша 

оқытуды қамтамасыз етеді Жалпы психологиялық дайындық оқыту 

барысында жүзеге асырылады. Ол техникалық, тактикалық 

дайындық қатар өтеді. Бірақ, сонымен қатар, спортшы өзіңіз немесе 

пайдаланып біреуге арнайы олардың психикалық процестер, 

мемлекеттер, жеке қасиеттер жақсарту мақсатында белгілі бір 

міндеттерді орындаған кезде., Спорттық қызмет тыс орын алуы 

мүмкін Арнайы психологиялық тренинг белгілі бір іс-шараға 

қатысу үшін спортшының психологиялық дайындығын 

қалыптастыру негізінен бағытталған. (A.TS. Puni бойынша), 

қабілеттерінде спортшының сенім сипатталған бәсекеге 

психологиялық дайындығы, мақсатқа, эмоциялық қозу оңтайлы 

деңгейін, әр түрлі сыртқы және ішкі жағымсыз әсерлерге қатысты 

тұрақтылығын жоғары дәрежесін жету үшін соңына дейін күресуге 

ниет, өз еркін басқара білу іс-әрекеттер, сезім, еркін күрестен 

құбылмалы жағдайларында олардың мінез-құлық. Психологиялық 

дайындық компоненттері болып табылады: техника және тактика 

шеберліктерін ықпал психикалық қасиеттер мен процестер; 

жарыстарға тұрақты қойылымдар қамтамасыз тұлғалық қасиеттер; 

қиын жағдайларда, оқыту және конкурсқа тиімділігі мен 



психикалық белсенділігінің жоғары стандарттары; тұрақты оң 

психикалық мемлекеттер осы жағдайларда  көрінеді. Мотор іс-

шаралар техника және басқару шеберлігіне ықпал процестер мен 

қасиеттерін арасында қозғалыс түрлі параметрлерін бақылауға 

мүмкіндік беретін, атап айтқанда, ұсақ дамыған бұлшық 

oshuschenie және қабылдаудағы қамтиды; Уақыты, ырғақ, 

Қарқыны, қашықтыққа «сезімі»; кеңістікте жылжу қабілеті; жоғары 

сапалы назар (концентрациясы, коммутациялық тарату); 

ideomotorika тамаша; тұрақты жадтау құрылғысы; (және т.б. 

реакциялар таңдау қосқышы, болжау, жылжымалы нысанның 

жауап) жай және күрделі реакциялардың жылдамдығы мен 

нақтылығы. Қарсыластарының іс-шаралар туралы ақпарат келіп 

түскен лезде талдау қабілеті мен барабар қоршаған ортаны 

шешімдерін қабылдауға; меңгеру тактикасы ерекше психикалық 

қасиеттерін дамытуға ықпал ойлау икемділігі, және басқалар. спорт 

ерекшелігі спортшы психологиялық дайындығы сапасы мен 

құрылымы бойынша әр түрлі талаптар қояды (қойындысы. 24,4) 

сияқты Осылайша, бокс маманданған спортшылар, еркін күрес, 

лақтыру, ауыр атлетика, спринт спорт циклдік сипаты тән 

қасиеттер көшбасшылық Қызығушылығы, тәуелсіздік, мотивация, 

тәуекел төзімділіктің жоғары деңгейі, оң сәтте оның барлық күш 

шоғырландыруға және жеңіске оларды беруге қабілеті. Бірақ сол 

уақытта олар жиі сенімсіздік, бағынышты рөл болдырмау үшін 

тілегі, қыңыр, жанжалға үрдісімен сипатталады. Қызмет 

қалааралық тән, ауыр жүкті төтеп қабілеті, қоғамдық жеке 

мүдделерін бағындыруға қабілетін, ипохондрия болмауына 

маманданған спортшылар үшін. Алайда, олар, көбінесе өз 

қабілеттерін жеткілікті сенімді емес, іс-шаралар мен сот шешімдері 

түрі бейім көшбасшы қажет. Спорт және жекпе-жек бойынша 

маманданған спортшылары, спорт  тиімді көрнекі қабылдау, зейін, 

зеректігімен, табандылық, анықтау, батылдық, жылдамдық және 

күрделі моторлы жауаптардың дәлдік сенсорлық-мотор 

жылдамдығы жауап және жедел ойлау, кең тарату, жылдам 

коммутация және тұрақтылық, қарапайымдылығы болып табылады 

моториканы білім беру және түзету. Психологиялық-педагогикалық 

аспектіде оқыту спортшы ескере отырып оқу үрдісіне 

психологиялық дайындық, ол спорттық іс көзқарас анықтау 

ниетпен қалыптастыру баса назар, тиісті ең алдымен; спорт табысқа 

жету үшін қажетті білім ерік қасиеттері; нақты ақыл-ой қабілетін  



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал