Бұл кітпақа қазақтың ұлы жауынгер ақыны Ма



жүктеу 0.8 Mb.

бет3/21
Дата08.01.2017
өлшемі0.8 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

МАХАМБЕТ 
ӨЛЕҢДЕРІ – 
БҮТІН ТУЫНДЫ
СТИХИ  
МАХАМБЕТА,  
КАК ЦЕЛОСТНОЕ 
ПРОИЗВЕДЕНИЕ
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ  ЖЫР-ЖЕБЕСІ
 
МАХАМБЕТ ӨЛЕҢДЕРІ - БҮТІН ТУЫНДЫ
         СТИХОСТРЕЛЫ  МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
                           
СТИХИ МАХАМБЕТА, КАК ЦЕЛОСТНОЕ ПРОИЗВЕДЕНИЕ
44
45

Махамбет жырлары, қазақтың барлық ауыз әде-
биеті секілді, бізге толық нұсқасымен жетпегені 
анық. Әрине, оны толық қамтуға оның шығар-
маларын  жинақтап,  «өңдеушілер»  -  М.Мөңке, 
Қ.Жұмалиев, Б.Аманшиндер көп еңбек сіңірді. 
Олар  Махамбет  жырларын  көнекөз  қариялар-
дың аузынан, халық шығармашылығын сақтай-
тын жырау-жыршылардан тікелей жазып алып 
отырды. 
Соның  өзінде,  олар  кейбір  жырлар  мен  өлең-
дердің, тіптен, кейбір шумақтар мен сөз тірке-
стерінің  Махамбет  туындысы  екендігін  дәлел-
деуде біршама қиындықтарға тап болды. 
Соған  қарамастан,  олар  жинаған  Махамбет 
мұрасынан  біз  ақын  шығармашылығы  мен 
шығармаларынан жалпы мағлұмат ала аламыз.
Бұдан  бұрын  айтылғандай,  Махамбет  ақын-
дықтан  бұрын  қоғамдық-саяси  күрескер 
ретінде  қалыптасты.  Оның  алға  қойған  басты 
мақсаты  –  сол  кездегі  қоғамдық  қатынастар 
жүйесін түбегейлі өзгерту еді. Ондай болмысы 
бүтін  тұлғаның  осы  тақылеттес  өмірлік  мұра-
ты мен табандылығы - оның ақындық шығар-
машылығында  тайға  басқан  таңбадай  өшпес 
із  қалдырды.  Ол  өзінің  аса  дарынды  ақындық 
қабілетін, рухы мен жүрек қалауын халқының 
мүддесі  мен  сол  үшін  бастаған  күрес  жолына 
бағындыра алды.
Сол себептен де, Махамбет шығармашылығы-
ның  идеялық  бағыты  оның  шығармашылығы-
ның барлық басқа қырларын біріктіріп тұрған, 
әрбір жеке өлеңдерін сол мағынаға тоғыстырып 
тұрған белді буынына айналды. 
Бұл идея тақырып пен мазмұнды, жанр мен ай-
тылу  екпінін,  көркемдік  пен  айшықтылықты, 
ұйқас пен сөз шеберлігін, ұлшы ақынның өзін-
дік ақындық қолтаңбасын, музасын бір арнаға 
әкеліп құйып отырған.
Бір сөзбен айтқанда, ақындық Махамбет үшін 
басты мақсат болмаған, ол оны басты мақсатқа 
жеткізетін құрал ретінде қолданған десе бола-
ды.  Бірақ  бұл  Махамбеттің  ақындық  дарыны 
мен оның шығармашылығына ешқандай қайшы 
емес. 
Поэтические  произведения  Махамбета,  как  и 
всякие  устные  творения,  дошли  до  нас,  разу-
меется, не в полном собрании сочинений, хотя 
собиратели и «реставраторы» их (М. Монке, К. 
Жумалиев, Б. Аманшин и др.) проделали огром-
ный труд по записыванию их из уст старцев и 
«людей-аккумуляторов»  устного  народного 
творчества. 
Но даже при этом им приходилось сталкивать-
ся с трудностями при  установлении подлинной 
принадлежности Махамбету некоторых стихов, 
при компоновке разрозненных частей их, даже 
отдельных строф или строк. 
Тем  не  менее,  существующие  сборники  при 
всех их недостатках дают нам общую картину 
целостности творчества поэта, его сочинений.
Уже было отмечено, что Махамбет прежде чем 
стать  поэтом,  формировался  в  качестве  обще-
ственно-политического деятеля, главной целью 
и задачей которого являлось переустройство су-
ществовавших  общественных  отношений.  Это 
главное кредо  жизни удивительно цельной лич-
ности и неуёмное стремление добиться успеха, 
наложили свой отпечаток и на творчество поэ-
та.  Свой  незаурядный  поэтический  дар,  дух  и 
сердце  он  сумел  строго  подчинить  интересам 
народных масс и борьбе.
Поэтому идейная направленность творений Ма-
хамбета является становым хребтом его творче-
ства,  объединяющим  все  его  другие  стороны, 
придающим  цельность  или  целостность  всем 
отдельно взятым стихам. 
Она  цементирует  тематику  и  проблематику, 
жанры и пафос, форму и содержание, изобрази-
тельность и выразительность, ритмику и фоне-
тику художественной речи, поэтический стиль 
музы великого поэта.
Словом,  поэтическое сочинительство не явля-
лось для Махамбета самоцелью, а носило вспо-
могательный характер, что ни в коем случае не 
умаляет поэтический талант творца и его осу-
ществление. 
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ  ЖЫР-ЖЕБЕСІ
 
МАХАМБЕТ ӨЛЕҢДЕРІ - БҮТІН ТУЫНДЫ
         СТИХОСТРЕЛЫ  МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
                           
СТИХИ МАХАМБЕТА, КАК ЦЕЛОСТНОЕ ПРОИЗВЕДЕНИЕ
46
47

Махамбет  өлеңді  «жанын  жеп»  шығармаған, 
ол  жыр  сөздерін  жағдайдың  «сәтіне  орай», 
«оқиғаға  байланысты»  төгіп  тастап  отырған.  
Сондықтан оның өлеңдері аяқ астында, өз-өзі-
нен  пайда  болып,  оның  өмірлік  мұраттарын 
және  замана  тынысын  дәл  бейнелейтін  күйде 
туып отырған. 
 
...Махамбет  поэзиясын  батыстық  әдебиетта-
нымдық  үлгілерге  және  эстетикалық  қалып-
тарға  салып  «жіліктеп»  зерттеу  мүмкін  емес, 
мысалы, оның өлеңдерін әдебиеттің үш түрінің 
біріне – эпосқа, драмаға, не болмаса, лирикаға 
тікелей жатқыза алмайсыз.
Шынында да, оның аса маңызды тарихи оқиға-
ларды, кейіпкерлерінің өмірі мен олардың әре-
кетін  бейнелейтін  эпикалық  мағынадағы  поэ-
тикалық  баяндама  түріндегі  шығармаларымен 
(мысалы,  «Соғыс»,  «Исатай  деген  ағам  бар», 
«Тарланым»  атты  өлеңдері)  қатар,  біз  оның 
шығармашылығынан  адамның өз баяндауынан 
тұратын, оның іс-әрекетін көрсететін таза дра-
малық  шығармаларды  («Әй,  Махамбет,  жол-
дасым!  »,    «Баймағамбет  сұлтанға  айтқа-
ны»),және,  сонымен  бірге,  адамның  ішкі  жан 
толғанысы  мен  ойын,  сезімі  мен  күйзелісін 
бейнелейтін «таза» лирикалық өлеңдерді  кез-
дестіреміз. 
Ендеше,  Махамбеттің  шығармашылығы  ақын-
ның өзі сияқты көп қырлы бола келе, әлгінде ай-
тқан әдеби «үштағанға» (эпос, драма,  лирика) 
көпқырлы жағымен еніп, өз шығармашылығын-
да «үштағанды» синтездейді (біріктіреді). 
Сонымен  қатар,  оның  дәстүрлі  далалық  ЖЫР 
ретіндегі музасы өлең мен музыканы біріктір-
ген,  яғни,  ол  поэзия  ауқымынан  шығып,  өзіне 
ежелгі  синкретикалық  өнердің  -  тұтас  шығар-
машылықтың - тұтас туындының қолтаңбасын 
сіңдірген. Осы тұрғыда оның өлеңдері кескін-
деуші  қылқаламына,  не  болмаса,  мүсіншінің 
саусақтарына  сұранып  тұрғандай  әсер  қалды-
рады.
Махамбеттің  поэтикалық  шығармашылығы 
оның жырларының екпінінде де айқын сезіледі. 
Оның  өлеңдерінде  мұңлы  бояу,  сатира-әзіл, 
ғашықтық  сарын жоққа тән. Керісінше, өлеңнің 
Махамбет стихи не вымучивал, не плёл их «о 
чём попало», «по поводу чего-либо», они рож-
дались сами собой, закономерно и естественно 
отражая его кредо и «дыхание» эпохи.    
 
 
…Поэзию  Махамбета  невозможно  «разложить 
по полочкам», опираясь на западноевропейские 
эстетические каноны. Например, её не втиснуть 
в определённые рамки одного из трёх родов ли-
тературы (эпос, драма, лирика). 
Действительно, наряду с эпическими поэтиче-
скими  повествованиями  о  важнейших  истори-
ческих  событиях,  жизни  персонажей  и  их  по-
ступках  (например,  стихотворения  «Согыс» 
(«Битва»),  «Исатайдеген  агам  бар»  («Ода 
Исатаю»), «Тарланым» («Мой герой»), мы на-
ходим  «чисто»  драматические  произведения, 
состоящие  из  высказываний  самих  персона-
жей  и  выражающих  их  собственные  действия 
(«Эй, дружище, Махамбет», «Обращение Ма-
хамбета  к  султану  Баймагамбету»),  и  столь 
же  «чистые»  лирические  стихи,  отражающие 
внутренний мир человека, его мысли, чувства, 
переживания. 
Следовательно,  поэтическое  творчество  Ма-
хамбета  так  же  как  и  личность  самого  поэта, 
многогранно.  Этими  гранями  оно  врезается  в 
эту  триаду  родов  литературы,  одновременно 
синтезируя их в себе.
Кроме того, его муза, как традиционный степ-
ной ЖЫР, объединяет стихи и музыку, т.е. уже 
выходит  за  рамки  собственно  поэзии,  как  бы 
неся в себе особенность древнего синкретиче-
ского искусства, монолитного нерасчлененного 
творения,  художественно  целостного  произ-
ведения. В этом качестве это дивное творение 
«просится» не только на кисть художника или 
партитуру,  но  и  на  перо  театро-кино-сценари-
ста, лепные или литые формы ваятеля.
Целостность  поэтического  творчества  Махам-
бета  наблюдается  и  в  отношении  пафоса  его 
стихов.  В  них  почти  отсутствуют    такие  на-
правления, как сентиментальный, юмористиче-
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ  ЖЫР-ЖЕБЕСІ
 
МАХАМБЕТ ӨЛЕҢДЕРІ - БҮТІН ТУЫНДЫ
         СТИХОСТРЕЛЫ  МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
                           
СТИХИ МАХАМБЕТА, КАК ЦЕЛОСТНОЕ ПРОИЗВЕДЕНИЕ
48
49

тұла  бойынан  батырлық,  қайнаған  кек,  драма-
тизм мен трагедиялық пафос өршіп тұрады.
Иә,  Махамбет  өлеңдерінде  ондай  нәзіктік  – 
жастар махаббатына, керіліп-созылуға, күлкіге, 
құбылысқа  тамсануға,  анау-мынау  сезімдерге 
орын жоқ.  
Оның поэзиясы - өзімен бірге өмір талқысынан 
өткен  поэзия.  Ол  тек  Махамбеттің  жан-дүни-
есімен ұқсас, дәл оның өзіндей – нағыз еркектік 
поэзия:  жасқанбай,  шындыққа  тура  қарайтын, 
батыр  да  батыл  поэзия.  Оның  өлеңдері  өмірді 
өзгертуші, революциялық әрекетке шақырушы, 
мойымас қайрат-қажырды дәріптеуші, мақсаты 
айқын, трагедияға толы поэзия.
Махамбет  поэзиясының  батырлық  пафосы  ха-
лықтың жарқын болашағы үшін шайқастардағы 
жеке тұлғалардың ерлігін дәріптеуден көрінеді 
(Исатай мен Махамбеттің өзі). Махамбеттің ба-
тырлығы,  әрекеті,  шығармашылығы  халықтың 
мақсатымен үндес болғандықтан, ол қасиеттер 
ақынды  осындай  ерлікке  бастайтын  ішкі  жан 
дүние қажеттілігіне айналып кеткен деуге негіз 
бар. 
Міне, дәл осы – қоғам, халық және жеке адам 
мақсаттарының бір арнаға тоғысуы – бізге Ма-
хамбетке  қатысты  батырлық  пен  ерлік  туралы 
айтуға  мүмкіндік  береді.  Оны  агрессиямен, 
немесе,  қазіргі  тілмен  айтқанда  –  экстремизм, 
терроризм, не, мемлекет пен ұлттың іргетасын 
шайқалту  деген  түсініктермен  шатастыруға 
болмайды.
Махамбет  поэзиясының,  әсіресе,  оның 
күресінің  бастапқы  кезеңі  мен  жеңісті  жолда-
рын  суреттейтін  алғашқы  шығармаларына  тән  
батырлық-романтикалық  пафос    оның  кейін 
сәтсіздікке  ұшыраған,  рухы  күйзелген,  үмітті 
үмітке жалғаған, сөйтіп, өзін өзі қайраған кез-
дерде де үзілмеген, алайда, ол пафос трагеди-
ялық сарынды  драмтизмге толы болып келеді. 
ский, сатирический  и отчасти романтический 
(в  смысле  любовной  романтики)  пафос,  а  та-
кие его виды как героический, драматический 
и трагический, наоборот, выступают рельефно, 
остро, сознательно.
Действительно, в стихах Махамбета мы не най-
дём чувственной неги, любовных воздыханий, 
праздности,  лености,  аханий-оханий,  хихика-
ний,  блуждающего  описания  предметов,  рас-
суждений о том, о сём, самолюбований и т.п. 
Его  творчество  –  результат  выстраданных 
принципов,  чувств,  мыслей.  Это  мужская  и 
мужественная  поэзия,  отражающая  суровые, 
жестокие  реалии.  Поэзия  деяния,  активного 
преобразования,  революционного  действа,  ге-
роического  напряжения,  точечной  нацеленно-
сти, трагических последствий борьбы.
Героический пафос поэзии Махамбета заключа-
ет в себе утверждение величия подвига отдель-
ной личности (в особенности Исатая и самого 
Махамбета),  направленного  на  осуществление 
прогрессивных  для  народа  задач.  Героика  и 
действий,  и  творчества  Махамбета  напрямую 
связана с интересами и чаяниями народа, пре-
вращена  во  внутреннюю  потребность  прояв-
ления поэтом мужества, воли, вдохновения на 
подвиг. 
Именно это совпадение общественного, народ-
ного и личностного позволяет говорить именно 
о  героике,  подвиге,  а  не  агрессии  или,  говоря 
современными  словами,  об  экстремизме,  тер-
роризме,  подрыве  национальных  или  государ-
ственных интересов.
Героический,  героико-романтический  пафос 
присущ  в  особенности  ранним  произведени-
ям  Махамбета,  отражавшим  начальные  этапы 
восстания и его успешные эпизоды, но и после 
неудач, поражений, во время упадка духа, наде-
жда на новые успехи, а вместе с ней настрой на 
новые подвиги и героические всплески, не по-
кидали Махамбета, хотя в них преобладающее 
начало принадлежало драматизму и трагике.
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ  ЖЫР-ЖЕБЕСІ
 
МАХАМБЕТ ӨЛЕҢДЕРІ - БҮТІН ТУЫНДЫ
         СТИХОСТРЕЛЫ  МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
                           
СТИХИ МАХАМБЕТА, КАК ЦЕЛОСТНОЕ ПРОИЗВЕДЕНИЕ
50
51

Махамбет  поэзиясының  драматизмі  мен  тра-
гизмі оның өзі өмір сүрген заманымен, сол за-
манның  тарихи  оқиғаларымен,  оны  автордың 
ішкі  жан  джүниесімен  қабылдауымен  тікелей 
байланысты.  Мәселен,  оның  Исатайдың  ажа-
лынан  кейін  көтерілістің  жеңіліске  ұшыраға-
ны анық болғанда өмірге келген туындыларын 
оның  шағармашылық  кезеңінің  драмалық-тра-
гикалық  кезеңі  деп  бөліп  алып  қарауға  әбден 
болады. 
Міне,  дәл  осы  себептер  Махамбетті  шексіз 
өкініш  пен  күйзеліске    әкелді.  Әйтсе  де,  ол 
өзінің өте биік адамгершілік қасиеттері арқылы 
ілуде біреу ғана жете алатын  трагикалық-баты-
рлық тұлғаға айналды. Бұл жол − оның өз ер-
кімен таңдаған жолы. 
Егер Исатай мен Махамбет көптің бірі болған-
да,  онда  олар  қиын  жағдайға  тап  болы-
сымен  «келісімге  келудің»,  «кері  шегінудің», 
«жеңілістің  зардабын  азайтудың»  небір  жол-
дарын  іздер  еді.  Өмірде  көбіне  осылай  болып 
жатады  да.  Алайда  бұл  жол  Исатай  мен  Ма-
хамбет жолы емес: мұндай тұлғалардың көптен 
ерекшелігі де сол  – ондай ер біткен тұлғалар 
өздерін ел мен жер бақыты үшін көрер азапқа, 
табар ажалға алдын ала, саналы түрде даярлай-
ды. Ажалға Исатай дайын болды, ажалдың та-
яғанын Махамбет те сезді − алайда екеуі де кері 
бұрылмады... 
Осы  драматикалық-таргедиялық  пафос  ақын-
ның  сөңғы  шығармаларында  айрықша  көрініс 
тапты.  Егер  алғашқы  шығармаларында  опти-
мизм, өз жеңісіне деген сенім, кесек-кесек сөз-
дер басым болса, оның қуғын-сүргін кезіндегі 
шығармаларында  пессимистік  сарын  басым  − 
әр сөздің астарында өкініш бар, өлімге бойұсы-
ну бар. 
Солай болғанның өзінде Махамбет поэзиясында 
жалғандық жоқ, сөз қумайды, атаққа ұмтылып 
далақтап  шаппайды,  өзгеден  аяушылық  не 
рақымшылық  сұрамайды.  Ақын  жағдайдың 
қиын  екенін  дәл  түсініп,  тығырықтан  шығар 
жол жоқ екенін бағалайды. Сонда да, ол кеудені 
асқақ ұстайды, ажалға қасқайып тура қарайды.                
Батырлық қасиет, жағдайдың шиеленісуі, оның 
Драма и трагизм махамбетовской поэзии напря-
мую связаны с эпохой и историческими собы-
тиями,  а  также  внутренними  переживаниями 
автора.  Его  стихи,  сочинённые  после  смерти 
Исатая и поражения восстания можно безоши-
бочно и отчётливо выделить в качестве отдель-
ного цикла, насквозь пронизанного драматиче-
ским и трагическим пафосом. 
Именно  эти  причины  привели  и  обрекли  Ма-
хамбета  на  патетическое  переживание  и  без-
граничное страдание, сделали его трагическим 
героем, до которого могла дорасти лишь высо-
конравственная личность, сознательно опреде-
лившая свой выбор. 
Ничтожный человек, попав в подобную ситуа-
цию,  стал  бы  искать  компромиссы,  отступные 
пути, облегчение поражения, но герои, подоб-
ные Махамбету и Исатаю, тем и отличаются от 
простых смертных, что заранее готовят себя к 
роли  мучеников  и  даже  «смертников»  во  имя 
народных интересов и идеалов. Именно так, со-
знательно, обрёк себя на смерть Исатай, пред-
чувствовал  и  приближал  свою  смерть  Махам-
бет.
Драматический и трагический пафос непосред-
ственно  сказался  и  на  героической  патетике 
поздних  стихов  поэта.  Если  героика  «ранне-
го» Махамбета отличалась своеобразной опти-
мистической  бравадой,  то  героический  пафос 
Махамбета «времён загнанности» выглядит го-
рестно-пессимистическим, обречённым на неу-
дачу и неминуемую смерть героя. 
В трагической героике Махамбета нет ни гра-
на  игривости,  показного  самолюбования,  взы-
вания  к  жалости  по  отношению  к  себе.  Поэт 
мужественно и серьёзно осознаёт плачевность 
своего положения, предельно объективно выра-
жает безвыходность ситуации, но в то же время 
героически её переносит и утверждает бессмер-
тие подвига, силы духа и силы слова.                  
Героика, драма и трагедия, слившись воедино, 
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ  ЖЫР-ЖЕБЕСІ
 
МАХАМБЕТ ӨЛЕҢДЕРІ - БҮТІН ТУЫНДЫ
         СТИХОСТРЕЛЫ  МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
                           
СТИХИ МАХАМБЕТА, КАК ЦЕЛОСТНОЕ ПРОИЗВЕДЕНИЕ
52
53

трагедияға  ұласуы  –  міне,  осы  үш  фактордың 
жиынтығы − дала серісінің қалыптасуына және 
оның  шығармаларының  өткір  де  ықпалды  бо-
луына  әсерін  тигізді.Махамбет  өлеңдерінің 
тұтастығы  оның  фонетикалық  құрылымы  мен 
ұйқас  ырғағынан  сезіліп  тұрады.  Оны,  осы 
тұрғыда «дала ырғағыі» десе болады. Оның та-
биғатында дала үні бар, онда өмір сүріп жатқан 
адамдардың  өзара  және  табиғатпен  қатынасы 
және т.б. үндестіктер бар. 
Ол  −  дала  стихиясының  көшірмесі:  мұнда  ат 
тұяғының дүбірі, жауынгердің жан азабы, күр-
сінісі  мен  күйзелісі,  батырлық  жорық  ұраны, 
қайсар рух әні бір арнада тоғысып, үйлесім та-
бады. Басқаша айтсақ − мұнда табиғат үні адам 
тағдырымен, оның іс-әрекетімен үйлесімді бір-
лікте.
Сонымен бірге, ұйқас ырғағы онда айтылатын 
оқиға ырғағымен қатар өрбіп: табиғат көрінісі 
адам тағдырымен, оқиғалармен бірлікте бейне-
ленеді. 
Былай қарағанда бұл – табиғат пен адам − екі 
түрлі  құбылыс.    Дегенмен,  олардың  арасын-
дағы байланысты табу аса қиын да емес. Алай-
да,  осындай  бейнелі  салыстыру  нәтижесінде 
Махамбет күрделі психологиялық салыстырма-
ларға қол жеткізеді. 
Мысалы, оның өлеңіндегі «тұлғаның қайғылы 
тағдыры»  үйірінен  адасқан  Қызғыш  құсқа 
теңелуі, не болмаса, Исатай батырдың бейнесі 
қыранға,  аң  патшасы  арыстанға  теңелуі  сон-
дықтан. Яғни, Махамбет поэзиясындағы тақы-
рыптың  ашылуы  −  өзара  байланысты  метафо-
ралар мен метаномиялардың, аллегориялар мен 
символдардың, гиперболалардың тұтас жүйесі 
десе болады.
Махамбеттің  поэтикалық  шығармашылығын 
жеке өлеңдері арқылы тану көптеген сұрақтар-
ды  тудырды.  Оның  өлеңдер  жинағын  шыға-
рушылар әр өлеңін дара күйде, кейде, топтама 
күйде  шығарып,  әртүрлі  нұсқаларын  жасап 
көрді. Бірақ, олардың бұл әрекеті құрастырушы-
лардың қалауынан емес, Махамбет өлеңдерінің 
бір-бірімен  мағыналас,  бірін-бірі  толықтырып 
сформировали  величие,  великолепность  и  ду-
шепронзительность поэзии степного барда.
Целостность стихов Махамбета улавливается и 
в фонетическом выражении, ритмомелодике. В 
общем, и целом её можно назвать «ритмомузы-
кой Степи», включающей в себя звуки природы 
Поля, объектов и субъектов общественных от-
ношений, т.е. стихи Махамбета – слепки с рит-
мов степной стихии. 
В них слышатся стуки копыт скачущих скаку-
нов,  страдания,  смертельные  стоны  седоков, 
торжественность  героических  гимнов,  песнь 
несгибаемого  духа.  Словом,  ритмы  природы 
гармонично сливаются с ритмами человеческих 
действий.
Кроме  того,  этот  ритмический  параллелизм  в 
большинстве  стихов  Махамбета  сопровожда-
ется  образным  параллелизмом:  изображением 
явлений природы вкупе с изображением чело-
веческих действий. 
При всём том, что эти две линии внешне (сло-
весно) обособлены, - их внутреннюю (мыслен-
ную, событийную) связь установить несложно, 
как несложно и понять, что образные параллели 
ведут к психологическому параллелизму. 
Например,  для  отображения  несчастья  оди-
нокой  личности  Махамбет  привлекает  образ 
отбившейся  от  стайки  птахи  («Кызгыш  кус», 
- «Чибис»), а для характеристики батыра Иса-
тая поэт находит природную мощь льва, благо-
родство орла. Словом, и средства изображения 
предмета (тематики) выглядят в поэзии Махам-
бета  как  система  взаимосвязанных  элементов 
(метафор,  метонимией,  аллегорий,  символов, 
гипербол)
Разбивки поэтического творения Махамбета на 
отдельные стихи часто вызывали споры, соста-
вители  сборников  то  дробили,  то  объединяли 
их, допуская различные варианты компоновки. 
Но эти действия не прихоть составителей, а объ-
ективная необходимость, вызванная опять-таки 
целостностью,  внутренней,  содержательной 
взаимосвязанностью частей.
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ  ЖЫР-ЖЕБЕСІ
 
МАХАМБЕТ ӨЛЕҢДЕРІ - БҮТІН ТУЫНДЫ
         СТИХОСТРЕЛЫ  МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
                           
СТИХИ МАХАМБЕТА, КАК ЦЕЛОСТНОЕ ПРОИЗВЕДЕНИЕ
54
55

отыратын  тұтас  бітім  болғандығынан  ғана  − 
осылай болуы тиіс еді.
Осы тұрғыдан алғанда, Махамбет музасына бір 
дәуірдің  ұлы  оқиғасын  тұтасымен  бейнелеген 
ДАСТАН ретінде қарау керек. Ол дастан жеке 
ұран-өлеңдерден, рухты және өлең сөзбен жа-
зылған философиялық көріністерден, кейіпкер-
лерден,  мінездер  мен  тұлғалық  бейнелерден, 
тұрса да, ол көріністер шашыраңқы түрде емес, 
тұтас қашалған поэтикалық кесене болып табы-
лады. 
Міне дәл осы монолиттен Махамбет өзіне ғана 
емес, өзінің рухтас серігі Исатайға, көтеріліске 
қатысушыларға,  Батырлыққа,  Еркіндікке,  Ұл-
тына мәңгілік алып ескерткішті қашап шықты... 
В этом плане музу Махамбета следует рассма-
тривать  в  качестве  монументальной,  эпохаль-
ной  поэтической  ЭПОПЕИ,  изображавшей, 
воспевавшей  народное  восстание.  Эпопеи,  со-
стоящей из отдельных гимнов, батальных и по-
этико-философских сцен, этюдов, поэтических 
портретов  героев,  персонажей,  характеров,  но 
не разбросанных, как бисер, а сбитых в поэти-
ческий монолит.
Именно  из  этого  монолита  Махамбет  «памят-
ник воздвиг нерукотворный» не только себе, но 
и  монументы  Исатаю,  соратникам,  Героизму, 
Свободе, Нации…
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ  ЖЫР-ЖЕБЕСІ
 
МАХАМБЕТ ӨЛЕҢДЕРІ - БҮТІН ТУЫНДЫ
         СТИХОСТРЕЛЫ  МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
                           
СТИХИ МАХАМБЕТА, КАК ЦЕЛОСТНОЕ ПРОИЗВЕДЕНИЕ
56
57


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал