Бұл кітпақа қазақтың ұлы жауынгер ақыны Ма



жүктеу 0.8 Mb.

бет12/21
Дата08.01.2017
өлшемі0.8 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

меновтың және Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтың пікірлері керек болды. Бектің өзінің шешімі бой-
ынша, бұл кітап дәл осындай жоғары парасаттылық деңгейлерден өтіп, өзін өзі дәлелдеп шығуы 
тиіс. Осы жерде кейде нағыз шынайы таланттарға тілектестікпен қарайтын, тосыннан «күтпеген 
сый әкелуші» тағдыр атты ханшайымның өзі араласқандай болды. Ортақ досымыздың Францияға 
іссапарға шығуға жолы түсті, ол Олжас Сүлейменовке жолығуға қол жеткізді. Алып ақын Бектің 
аудармаларына оң баға берді, ал бұл жайдың өзі кітаптың тағдыры үшін көп маңызды болды. 
Құрметті оқырман, Олжастың ақындық және ғылыми талап қоюшылығының деңгейін, оның үстіне 
ақиық ақынның өзі де бір кездерде Махамбеттің кейбір өлеңдерін аударумен «өлшеніп» көргенін 
ескерсек, бұндай жоғары баға алудың оңай емес екенін түсінетін боларсыз деп ойлаймын. 
Соңынан өмір өзендерінің ағыстары Олжас Омарұлы мен Бекетті бірнеше рет кездестірді: Атыра-
удағы Махамбеттің мерейтойы кезінде, түрлі конференциялар мен семинарларда, шығармашылық 
кездесулерде, соңынан Олжастың өзінің 70 жылдық мерейтойында Бекет ұлықтау кешінің иесіне 
арнап «Почтение Земли – поклон Человеку!»  («Жерді қастерлеу – адамға тағзым») атты кітап 
жазып, баспадан шығарды. Бұл кітап мерейтой шараларына баспахананың ыстық бояуларының иісі 
де кетпеген күйінде тікелей жеткізілді. 
Алайда айтайын дегенім, ең бастысы, Бекет тілтану ғылымында «Игорь полкін...» талдаудағы «түр-
кі желісі» бойынша және тарихтағы көшпенділердің орнын айқындау бойынша Сүлейменов иде-
яларының шын мәнінде жалғастырушы болып табылады. Қазақстанда және басқа елдерде Бекет-
тен асқан оның еңбектерін терең оқыған оқырманды, оған қоса өз пікірлерін де тайсалмай білдірер 
сыншы және сараптаушы табу қиын. Оған қоса, Бекет өз туындыларында Олжас сынды алыптың 
өзімен бірқатар мәселелер бойынша дәйекті түрде пікір таластыра отырып, лайықты рухани мұра-
гері ретінде одан әрі дамытуға және тереңдетуге, ілгерілетуге қарай қадам басып жүре берді. Олжас 
Омарұлының Қарашинге сыйға берген өз кітаптарында арадағы жас алшақтығына қарамастан: «Бе-
кет досыма» деп қолтаңба қалдыруының өзі кездейсоқ емес деп ойлаймын. Бұның өзі көп нәрсені 
аңғартса керек… 
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ  ЖЫР-ЖЕБЕСІ
 
РЕЦЕНЗИЯЛАР, ПІКІРЛЕР, ҮНҚОСУ
         СТИХОСТРЕЛЫ  МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
 
208

Осы жолдардың авторы да кітап қолжазбасының алдын ала «өткелдерден өтуі» жолындағы сына-
луына белгілі бір шамада өз үлесін қосты. Қаз КСР ҒА философия және құқық институты бойынша 
Мұрат Әуезовпен жақсы таныс болғандықтан, оған аталмыш қолжазбаны бағалау мәселесімен жо-
лығуға тәуекел жасадым. 
Әңгімелегелі отырған 2001-ші жылғы біздің кездесуіміз барысында Мұрат Мұхтарұлы әдеттегідей 
парасатты және ілтипатты болды. Алайда мен оның бұл ізеттілігі мен сыпайылығы қазақ өнері мен 
мәдениетінің классикалық мұрасына деген шексіз жанашыр, аялы көзқарасымен, ондай киелі дү-
ниелермен жұмыс жасауда тым еркін кетуге қарсы болатын қатал сыншыл пікірлерімен сабақтасып 
жататынын білетіндіктен, жүрегім дүрсілдей абзал ағаның лебізін күтіп, «іштей тына қалдым». Ол 
Махамбет жырларының поэтикалық аудармаларын зейін қоя мұқият оқып шықты, қабыл алды және 
құптау білдірді, кейінгі жылдары бұл жағдай Бекетпен екеуі арасындағы шығармашылық достық 
қатынасқа ұласты. 
Біраз уақыттар өткеннен соң олар «Каспий. Нефть и культура» («Каспий. Мұнай және мәдени-
ет») мәдени-публицистикалық экспедициясына бір командада болды, Иранда өткен Каспий маңы 
мемлекеттерінің мәдениет және өнер фестиваліне бірге қатысты. Бұл сапарлардан Бекет өзіне сыйға 
берілген бірнеше кітапты алып келді: олар – Мұрат Әуезовтың «Дневники 1977 года» («1977 жыл-
дың күнделіктері») және Ғаділбек Шалахметовтың «Мир приносит счастье» (Бейбітшілік бақыт 
әкеледі) туындылары. Біз аса сирек, әрі бағалы асыл тастай деп айтуға болатын осынау шығарма-
ларды үзбестен бірнеше күн оқыдық, көп тұстарын қайталап оқыдық. Бек әлі күнге дейін Мұрат 
ағаның «1977 жыл күнделіктері» кітабын ұсынғанда өзіне қалдырған қолтаңбасын мақтан тұтады: 
«Бекету Карашину с особым признанием его литературного таланта» («Бекет Қарашинге, оның 
әдеби талантын айрықша мойындай отырып»). Белгілі бір мағынасында бұл аталған кітаптар осы 
баяндалып отырған эссенің жанры мен әуенін таңдауға ықпал еткенін де айта кетейін. 
... Бұның бәрі маңызды болғанмен, аудармалар жинағын шығару жолындағы тек қана бастапқы ке-
зең ғана болатын. Бұл кітаптың жарық көруіндегі шытырман жолға әдебиет пен мәдениетте барлық 
жаңа атаулыны бағалай білетін және бірегей туындыгерлерге қолдау көрсетуден аянып қалмайтын 
тағы да бір тағдыр шешті кейіпкер – талантты тұлға келді. Бұл жерде әңгіме сол кездегі Қазақстан 
Республикасының Премьер-министрі, Махамбеттің мерейтойын ЮНЕСКО қолдауымен өткізу бой-
ынша мәдени шаралардың бастамашысы және ұйымдастырушысы болған Иманғали Нұрғалиұлы 
Тасмағамбетов туралы болып отыр. 
Бұл уақытта Бекет өз қолжазбасын оның атына ресми түрде жолдап, жауаптың келуін біршама ұзақ 
күтті. Күту тым ұзаққа созылып, Бек енді өз еңбегі туралы «бос атылған оқ» болып шыққандығы 
жөнінде ойлай бастағанда, кенеттен үкімет басшысының кеңесшісі қоңырау шалды. Ол бастығына 
аудармалардың ұнағаны сонша, кей тұстарын жаттап алып, достарының ортасында бірнеше рет үзін-
ділер келтіріп мақтанып жүргенін хабарлады. Ал жауаптың кешіккен себебі, Премьердің өзі де «әде-
би сараптаманың» нәтижелерін тағатсыздана күту үстінде жүрген болып шықты. Қолжазба таны-
стырылу және бағалану үшін еліміздегі әдеби әлеміміздің барлық әйгілі шамшырақтары және аузы 
дуалы мамандары мен көркемсөздің хас шеберлеріне жолданып, олар бірауыздан дерлік қырағы сын 
көзімен қарай отырып, ақырғы үкімін шығарған: Бекеттің қолжазбасы Махамбетті аударушылар-
дың, аударуға талпынушылардың орасан армиясынан ондаған жылдардан бері күтіліп келе жатқан 
дүниелердің ішіндегі ең үздігі деп танылыпты. Кеңесші сонымен қатар, Иманғали Нұрғалиұлы бұл 
кітапқа өзі алғысөз жазып, тиісті құрылымдарға оны дереу басып шығару жөнінде тапсырма бер-
генінен хабардар етті.   
Махамбеттің мерейтойы таяп келе жатты, сондықтан мерзім бойынша алғанда да аудармалар кіта-
бының өзінің дер уақытына жарыққа шығуы талап етілді және батыр-ақынның шығармаларымен 
тиісті дәрежесінде танысу мүмкіндігі болмай отырған орыс тілді қалың оқырманға қажет болды. 
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ  ЖЫР-ЖЕБЕСІ
 
РЕЦЕНЗИЯЛАР, ПІКІРЛЕР, ҮНҚОСУ
         СТИХОСТРЕЛЫ  МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
 
209

Осы жағдайды түсінген, өзі Махамбеттің және Бекеттің жерлесі болып та табылатын Үкімет басшы-
сының көркемдік талғамына, елжандылығына, ұлттық мәдениет алдындағы жауапкершілікті сезіну 
сезіміне тәнті болмасқа шара жоқ. Міне болды, «Махамбет. Жыр-жебе. Стихострелы» кітабы шы-
тырман соқпақтар мен асқаралы асулардан өтіп, осылай өсіп жетіліп, шыңдалып шықты, Иманға-
ли Нұрғалиұлының шын көңілден өз батасын беруімен және ыждағатты қамқорлығымен кітап көп 
данамен, жаппай таралыммен, көркем әдіптеліп басылып шығып, өзінің авторына лайықты түрде 
Махамбет атындағы сыйлықты алып бере отырып, жеңісті шеруін бастады! Кітаптың тұсаукесер 
рәсімдері Атырау және Орал қалаларында өтті. 
Кітаптың Атыраудағы тұсаукесері табысты өтті. Маған үлкен мәртебелі міндет тиді: шығармашылық 
таныстыруда алғашқылардың бірі болып сөз сөйледім. Менің сөйлеген сөзімнің кітапты және автор-
ды шетінен бір ауыздан мақтау мен марапатқа көміп тастаған мәдениеттің әйгілі қайраткерлері мен 
белгілі журналистердің сөздерінен бірқатар ерекшелік айырмасы болды. Оның себебі, мен Бекеттің 
«қаламгерлік  құжырасын»,    шығармашылық  үрдісінің  өзін,  Махамбет  бейнесіне  жан  дүниесімен 
енуге тура келген автордың жан төзгісіз азабы мен тозағының куәгері болдым. Екінші жағынан, 
маған  өз  досымның  әлеуеті  мен  шығармашылық  ойластырулары  да  жақсы  таныс  болатын.  Сон-
дықтан мен авторға марапаттаулар мен мадақтауларға мас болып масайрап кетпей, дәл осы қолға 
алынған  бағытта  жұмыс  жасау  жолында  шығармашылық  табыстар  тіледім.  Оның  нәтижелері  де 
көп күттірмеді: Бекет Қарашиннің келесі кітабы «Рыцарская поэзия казахских жырау» («Қазақ 
жырауларының жорық жырлары») 2005-ші жылы жарық көріп, бұл жинақты автор шын көңілімен 
ризашылық сезіммен және терең сыйластықпен Иманғали Тасмағамбетовтің 50 жылдық мерейтой-
ына арнады.   
Бек маған ұлттық мәдениеттің жоғары бағалай білетін қамқоршысы, сол кездегі Батыс Қазақстан 
облысының әкімі  Қырымбек Көшербаев туралы тәнті болған сезіммен толқи отырып айтып берді. 
Ол аудармалар кітабының тұсаукесері алдында еңбекті түні бойы ақтарып шолып оқып шығып, ке-
лесі күні Махамбет атындағы университет қабырғасында аудармашыны өзі келіп құттықтап, бұл жұ-
мысына және оның авторы Бекетке шынайы түрде ынталы қызығушылық білдірген. Ол Махамбет 
поэзиясының жанашыр әуесқойлары мен студенттердің орындауындағы театрландырылған көріні-
стерді тамашалау үшін жиналған көрермендер залында авторды өзінің қасына отыруға шақырып, 
соңынан  Бекет  пен  оның  оралдық  сыныптастарын  Махамбет  мерейтойына  және  аудармашының 
мәртебесіне арналған салтанатты банкетке жинаған екен.   
Осылайша «Махамбет..» кітабы басылып шықты және бірнеше рет қайта басылды. Ал ішіндегі ау-
дарма жолдары классикалық сипатқа ие болып, кейде оның авторына сілтеме берілместен дәйексөз-
дер мен үзінділер жиі алынатын болды. Иманғали Нұрғалиұлыа Тасмағамбетовтың ұсынысы 
бойынша Герольд Карлович Бельгер жинақты арнайы оқып шығып, бірден-ақ «Книголюб» жур-
налында жағымды пікір білдірген мақала жариялады, соның ішінде: «Махамбеттің рухына және сөз 
құрылысына неғұрлым сәйкес келетін аудармалар» деп көрсетті – берілген ұлы баға! Орыс және қа-
зақ тілдерінің қалтарыс бұлтарыстарын тамаша білетін, бүкпелемей турасын айтар мінезі мен мүл-
тіксіз әдеби талғамы арқылы аударма тәжірибесі саласы бойынша кәсіби үздік әдеби сыншысы бо-
лып табылатын Гер-ағадан бұндай баға алу аса зор құрмет екенін мойындамасқа амал жоқ. Бекеттің 
шығармашылығымен және жеке өзімен танысқаннан соң, Герольд Карлович Бекеттің «Рыцарская 
поэзия казахских жырау» кітабына алғысөз, досымның көптеген шығармаларына пікірлер жазды, 
оларда  Гер-аға  авторды  мынадай  эпитеттермен  бағалайды:  «қарапайым,  философиялық  оқшау-
ланған атыраулық»,  «Махамбеттің тамаша аудармашысы», «славистика және түркология 
саласында ғылыми жаңалықтар ашқан зерттеуші». 
Қазіргі кезде Герольд Бельгер ақсақал мен Бекет Қарашин қарасақал, екеуінің жас шамасының үл-
кен айырмасы мен бір-бірімен арадағы жер шалғайлығына қарамастан, шығармашылық белсенді 
қарым-қатынас жасап отырады. Бекет Алматыға әрбір барған сайын немесе шетелдік іссапарлар-
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ  ЖЫР-ЖЕБЕСІ
 
РЕЦЕНЗИЯЛАР, ПІКІРЛЕР, ҮНҚОСУ
         СТИХОСТРЕЛЫ  МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
 
210

дан оралып келе жатқанда, Гер-ағаңмен кейде оның үйінде, кейде Шоқан Уәлиханов ескерткішінің 
төңірегінде  кездесіп,  көптен  көп  сағаттарын  әдебиеттің  еліміздегі  болашағы,  көркемдік  құн-
дылықтар туралы әңгімелерге арнайды. «Немістің ең соңғы нағыз қазағы» Гер-ағаң мен оның қа-
ламдасы, немістің классикалық философиясының терең білгірі Бекет Қарашиннің арасындағы бұл 
айрықша достық әлі де ұзақ жылдарға созыла берсінші...   
Бекеттің Махамбет шығармаларын аудару бойынша ұшан-теңіз еңбегі мен оның ұзақ жылдар бой-
ғы жұмыс барысын біле отырып, мен оның нәтижелерін әдеби жанқиярлық ерлік деп бағалаған 
едім  және  қазір  де  тап  осылай    есептеймін.  Сондықтан,  Бекеттің  қарсы  болатынын  білгендіктен 
оның  өзіне  айтпастан  2011-ші  жылы  «ҚР  қоғамдық  және  әлеуметтік  өміріне,  жалпы  адамзаттық 
құндылықтарды сақтауға, тұлғаның және қоғамның рухани дамуына теңдессіз үлес қосқаны үшін» 
номинациясы бойынша «Халық қаһарманы» ұлттық сыйлығын беруге ұсыныс жазған едім. Бұл 
жоғары сыйлықты табыс ету бойынша көп адамнан құралған, құрамында еліміздің таңдаулы және 
көрнекті қайраткерлері бар беделді комиссия 2000 үміткердің ішінен 10 жеңімпазды таңдап алды, 
сөйтіп сыйлықтың иегерлері ішінде менің досым Бекет те болды. Бұның өзі, менің ойымша, оның 
азаматтық ұстанымы мен әдеби қызметінің тағы бір лайықты және әбден орынды бағалануы болып 
табылады.   
Бұл  шытырман  тарихтың  қорытындысын  шығара  отырып,  Бекет  жасаған  Махамбет  өлеңдерінің 
талантты аудармалары бәрібір де түптің түбінде оқырманның жүрегіне жол табар еді, алайда қа-
зақ әдебиеті классиктерінің оң бағалаулары мен қолында билік құзыреттігі бар ұлттық мәдениеттің 
шынайы жанашырларының көрсеткен қолдауы бұл жолды жеңілдеткенін айтқым келеді. Михаил 
Светлов айтқандай: «Таланттарға көмектесу қажет, ал дарынсыздар өздері-ақ жарып шыға-
ды».
 
 
* * *
Мен Бекеттің Атыраудағы меймандос қонақжай үйінде жиі қонақ болып, біздер, алматылықтар үшін 
таңсық тағам болып табылатын құнды балықтардан жасалған бесбармақтан талай рет дәм таттым. 
Әрине, ортақ жұмыстарымыз дастархандас болумен шектелмейтін. Бұл философия, тарих, поэзия 
туралы ұзақ кештер мен рухани әңгіме-дүкен құрған түндер болатын. Мен бұл тарапта Бекет еңбек-
терінің алғашқы тыңдаушысы және оған тілектес сыншысы ретінде жиі көрінетінмін. Сол кездерде 
маған оның қызығушылықтары мен шығармаларының кең ауқымдылығы, жан-жақтылығы таң қал-
дырды. Бұлар поэтикалық аудармалар, өзінің өлеңдері, философиялық эсселер, тіл білімі және түр-
кітану, тарих, мәдениеттану салалары бойынша зерттеулер, сонымен бірге жанрын анықтау қиын 
әртүрлі шығармашылық еңбектер болатын. Көбінесе поэтикалық пішінде жазылған әдеби нобайлар, 
қанатты сөздер, «толғаныс-измдер» болатын.
* * *
Атырауда болғанда Бекет шығармашылығының тағы бір қыры туралы білдім. Ол өзінің ана тілі – қа-
зақ тілінде өлеңдер жазған және қазір де жазады екен! Бұның қорытындысы Қарашиндер әулетінің 
«Әулет әуезі» деп аталатын өлеңдер жинағы болып табылады, кітап Бекеттің әкесі марқұм Мұқанәли 
аға Қарашиннің, досымның өзінің және сол кезде мектепте оқып жүрген Бекеттің ұлы Әлимұқанның 
бірлескен авторлығымен жарық көрді. Бекет бұл кітапты тек қана өз жанұясы емес, қазіргі заманда 
өмір сүріп жатқандардың бәрінің қайтыс болған ата-бабаларына тағзым және келешек ұрпақтары-
на өсиет ретінде өз қаражатына бастырып шығарды. Мен аталмыш кітаптың құндылықтары мен 
кемшіліктері туралы бағалаудан аулақпын, алайда көзқарақты оқырман оның мазмұнымен жақыны-
рақ танысқысы келсе, бұл жинақты тауып оқиды деп ойлаймын. Бұл жағдайдың өзі менің досымның 
шығармашылық жаратылысының кездейсоқ сипатта емес, рухани эстафета сияқтанып, ұрпақтан ұр-
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ  ЖЫР-ЖЕБЕСІ
 
РЕЦЕНЗИЯЛАР, ПІКІРЛЕР, ҮНҚОСУ
         СТИХОСТРЕЛЫ  МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
 
211

паққа жалғасып келе жатқан терең отбасылық және ата тектік дәстүрден таралғандығы туралы ой-
ларға жетелейді. Тіпті Бекеттің ұлының есімінде де осы сабақтастық дәстүр сақталып қалған, ұлы-
ның есімін қойғанда Бек өзінің әкесінің атын түрі өзгертілген буындық палиндром арқылы берген:  
Атасы - Мұхан-Али, немересі - Али-Мұхан.
 
* * * 
Менің досым үлкен әдебиетке қалың көпшілік... тіпті өзі де күтпеген жерден ғарыштағы «аса жаңа 
жұлдыздың» жарылған қопарылысы тәрізденіп бұзып жарып кірді. Ол кәсіби жазушы немесе ақын 
болуды  алдына  мақсат  етіп  қоймағанын,  жеке  жан  дүниесі  үшін  және  «өз  жан  дүниесінде»  ғана 
жазғанын жиі қайталап айтатын. Тіпті қайтыс болған марқұм әкесі де көзі тірі кезінде баласын сараң 
сері тәрізді қазына жиналған сандықтың үстінде отырып алып, ондағы өзінің бағалы жұмыстарын 
жарыққа шығармайтыны үшін бірнеше рет кінә артқан болатын. Бекеттің алғашқы өлеңдер жинағы-
ның өзі ешқашан ескірмейтін рухани құндылықтарға, мәңгілік баянсыз болмыс және адами өзін-
дік сана туралы шумақтардан құралғанына қарамастан, «Запоздалые стихи» («Кешіккен жырлар») 
деп аталуы тегін емес. Жинақтың атауы оның мазмұны ескіргенін көрсетпейді, кітаптың жарыққа 
шығуының кешіккенін ғана білдіреді. 
Тіпті Махамбет поэзиясының аудармалары және автордың есімі Қазақстандағы оқырман қауымның 
үштен біріне дейін белгілі болғанына қарамастан – туындыгердің өзі қалың көпшілік үшін жұмбақ 
және бейнебір «тылсым тұма», «буалдыр бұл» іспетті болып қала берген еді. Тіпті Қазақстандағы 
әлі кең танылмаған жазушылар мен олардың шығармалары туралы да хабардар болып отыратын 
Герольд Карлович Бельгердің өзі, Бекеттің жұмыстары туралы алғашқы сын-пікірлерін: «Маған 
таныс емес Беккет Қарашин» деп бастайтын, яғни досымның есімін екі «к» әрпімен жазатын, ол 
шын ойымен өзі жеке танымайтын осы бір талантты жанды қазақ емес деп есептеген болуы ке-
рек. Қазақ әдебиеті мен ғылымының классиктері Фариза Оңғарсынова, Әбіш Кекілбаев, бүгінде 
қайтыс болған ой алыптары, академиктер Зейнолла Қабдолов пен Салық Зиманов та поэзияның 
шоқтығына белгісіз қанатты пырақтың даланың түкпірінен дүбірлетіп келіп, өздерінің туған жері-
нен көтеріліп қалықтап ұшып шыққанына аң-таң қалған болатын. Қазақ әдебиетінің абыз ақсақалы 
Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өзі білмей келген автормен танысу және оған шығармашылық одақ құру-
ды ұсыну үшін Атырауға ұшып келді. Мен сол кездесудің санаулы куәгерлерінің бірі болып табы-
латындықтан, өз көзіммен көргендерімді айта аламын: Әбекең Бекеттің жұмыстарымен жақынырақ 
таныса отырып, өзінің кіші әріптесіне деген мақтау сөздердің тиегін сүйсіне ағытты, соның ішінде 
Бекеттің жаратылысы мен темпераменті Махамбеттің өзіне ұқсас екендігін таңырқай отырып, баса 
айтқан еді. 
Қарапайымдық???  Алайда  Бекеттің  өзі  Гегельдің:  «Қарапайымдық  адамды  ештеңемен  сәндеуге 
болмайтын болса ғана әр береді» ,- деген қанатты сөзін жиі қайталайды. Дүниеге әкелген туын-
дыларыңа қатал талап қоюшылық??? Әрбір талантты тұлға тәрізді, Бекет, сиректеу болса да өзінің 
жазған парақтарында аракідік немқұрайдылыққа жол береді, алайда екі шұқып бір қарайтын іргелі 
мәтіндерінде емес, публицистикадағы жарияланымдарында. Бұл да түсінікті, газет мақалалары – бір 
күндік. 
Әдебиет әлемінде бұл жағдайда осындай құбылыстың өзіндік түсіндірмесі бар. Бұл эсседе Бекет-
тің тәні мен қанына сіңіп кеткен мінез ерекшеліктерінің желісін табанды түрде сол бастаған ізбен 
жаңылмай жалғастырып жүріп келемін деп ойлаймын: оның танымға деген шөлі қанбайтын құштар-
лығын, іргелі білімін және өздігінен білім жинақтау және оны қорыту қабілетін, шексіз жанқиярлық 
еңбексүйгіштігін,  жұмыс  қабілеттілігін,  шығармашылыққа  деген  сүйіспеншілігін  және  қайталан-
бастай өзіндік ерекшелігі бар жарқыраған талантын көрсеткім келген. Бұл айтылғандарға мен енді 
философ ретінде мынаны қосар едім: Бекеттің табысы – бұл оқылған және ойда қорытылған әде-
биеттің басқа бір сапаға ауысуы, барлық өткінші мен күні өткен дүниелерді терістеу және тәрк етіп 
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ  ЖЫР-ЖЕБЕСІ
 
РЕЦЕНЗИЯЛАР, ПІКІРЛЕР, ҮНҚОСУ
         СТИХОСТРЕЛЫ  МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
 
212

жоққа шығару, қарама-қайшылықтардың тартысында шыңдалған рухтың ғаламат арпалысы мен қо-
парылысы.
Қазіргі уақытта Бекет тағы басқа да шығармашылық бейнелерде бой көрсетіп жүр. 10 жылдам астам 
уақыттан бері әдеби-тарихи, мәдени «Алшы» қорына жетекшілік етіп басқара жүріп, елімізге және 
шетелдерге белгілі публицист, деректі фильмдердің кеңесшісі және сценарийшісі ретінде көрініп, 
шығармашы жастарға жан-жақты көмек көрсетіп келеді. Соңғы жылдары осымен бір мезгілде көр-
некті ғалымның лайықты ұлдары Санжар және Арай Қабдоловтармен тығыз ынтымақтастықта ака-
демик Зейнолла Қабдолов атындағы қордың директоры бола отырып, Бекет қазақ тілін үйрену 
бойынша жобаларды жүзеге асыру үстінде жүр және қазақстандық жазушылар шығармаларының 
электронды  нұсқаларының  кітапханасын  құрастырып  жасақтап  келеді,  шығармашылық  сипатқа 
бағытталған бейнебаян өнімдерін жарыққа шығарады. 
Бекет Қарашиннің әртүрлі республикалық және шетелдік конкурстар мен әдеби сыйлықтарға қа-
тысып жеткен табыстары мен жетістіктері туралы ерекше атап көрсеткім келеді. Кезінде мен оның 
көркем  прозадағы  сөз  шебері  ретіндегі  талантын  осындай  сайыстарға  салып  өлшеп  және  екшеп 
қарауы керектігі туралы ұсынысты табанды түрде білдірген едім. Бекет бұл ойымды құлаққа алған 
тәрізді, алайда тыңдамаған, тыңдаса да құнттамаған болса керек, сосын келді де тағы жанартаудай 
атылды, қопарыла қатарылды, нөсер жаңбырша себелеп, халықаралық көркем проза тасқынына ен-
телеп қойып кетті… Оның толған айдың ай сәулесіндей жарқын, күннің шуағындай ыстық және 
өзіндік ерекшелігімен баурап алатын «Моя госпожа, моя Богиня» («Менің ханымым, менің Жебеуші 
құдіретім»), «Дядины проделки» («Ағаның айла-шарғылары») , «Тель и Ник» («Тель мен Ник»), 
«Миф скифа о Сизифе» («Скифтің Сизиф туралы мифі»), «Жизнь. Смерть. Круговерть» («Өмір». 
«Өлім». «Шыр көбелек»), «К тайнам короля Артура» («Король Артурдың құпияларына»), «Адал 
и Лада» («Адал және Лада») атты әңгімелері, повестері және эсселері  «Лёгкое дыхание» (Герма-
ния), «Литературная Вена» (Австрия), «ФлоридаКон» (США), «ЗлатенКан» (Болгария), «Слово 
миру»  (Италия),  «Русский  стиль»  (Германия),  «Премия  им.  Каверина  (Россия),  «Белая  скри-
жаль» (Мәскеу – екі рет!) сынды конкурстары мен сый-сияпаттарында авторға тағы да басқа көп-
теген туындылары тәрізді лауреаттық атақтар алып берді. Бұған ол тұрақты түрде лауреат атағын 
алып, құрметті атақтармен марапатталып келе жатқан түрлі поэзиялық кештер мен конкурстарды 
қоспай отырмын. Бәрін қоса алғанда, соңғы жылдары ол осындай жиырмадан астам сайыстар мен 
жүлделердің жеңімпазы және лауреаты атанды. Маған Бекет Қарашиннің шығармалары Ресей, Қы-
тай, АҚШ, Германия, Италия, Болгария, Иран, Түркия, Египетте орыс тілінде, және әлемнің басқа 
тілдерінде басылып шыққаны туралы жақсы белгілі. 
Бұндай барлық төс белгілер мен атақтарға ол біркелкі көңіл күймен қарайды, ешқашан лепіре мақта-
нып көрсетпейді, өзі айналысып келе жатқан сүйікті ісінің қалыптасу және даму жолының бір саты-
сы  немесе өздігінен сөзсіз болатын шығармашылық кезеңдер, әбден тиісті дүниелер ретінде сабыр-
мен, байсалды қабылдайды. Бұл жетістіктер мен еңбектерінің арқасында Бекет Қазақстанның және 
шетелдердің оқырман қауымының көз алдында тек өзінің туған қаласы Атырауды ғана емес, қазіргі 
қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ардақтатады, асқақтатады. Сөйтіп, Каспий теңізіне құйып жатқан 
Жайық тәрізденіп, қазіргі әлемнің рухани өмірінің қазынасына өзінің толыққанды туындыларының 
берекелі,  нұрлы толқындарын  тоғытады.  
БЕКЕТ ҚАРАШИН • МАХАМБЕТТІҢ  ЖЫР-ЖЕБЕСІ
 
РЕЦЕНЗИЯЛАР, ПІКІРЛЕР, ҮНҚОСУ
         СТИХОСТРЕЛЫ  МАХАМБЕТА • БЕКЕТ КАРАШИН
 
213


1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал