Бұл әңгіме, аңыз ба екен, шын ба екен, Тау ішінде болыпты үлкен бір мекен



жүктеу 35.49 Kb.

Дата26.02.2017
өлшемі35.49 Kb.

Бұл әңгіме, аңыз ба екен, шын ба екен, 

Тау ішінде болыпты үлкен бір мекен. 

Табиғаттың өзі соққан тас сарай 

Әлі күнге сол қалпында тұр ма екен. 

Оған бастап апаратын жол да ауыр, 

Жету үшін мезгіл де өтер едәуір. 

Тау үңгірде жалғыз мерген тұрыпты 

Ап жазықта қоныстапты көп ауыл. 

Қ

азақ  қиял алмайды ғой аспаннан, 



Үзінді де емес бұл бір дастаннан. 

Болғаны да рас дейді тайпалы ел 

Соныменен аңыз былай басталған: 

Таудан мерген оралғанда аң атып, 

Шығыс жақтан қалып еді таң да атып. 

Бәйбішесі бәйек боп жүр безектеп, 

- Шаршадың ба, шалым-ау, -

деп жаны ашып. 

- Батыр, бүгін адастың ба жолыңнан, 

Әлде құлан құтылды ма  қолыңнан. 

Жүгірген аң, ұшқан құстан әзірге, 

Сау кеткенін естімеп едік оғыңнан. 

Әлде шаршап, бір түбірде жаттың ба? 

Бұқпантайлап әлде барыс аттың ба? 

Кей күндері үш шарлайтын тауыңнан. 

Осы жолы жол азабын тарттың ба? 

Тіке жолмен тік қайтқандай тік барып, 

Күндік жерден оралушы ең үш барып. 

Жарқ-жүрқ етіп енуші едің үйіңе 

Ал бұл жолы үн қатпайсың тіс жарып. 

Иығынан шитісін ап ілді де, 

Шаршағанын жаңа ғана білді ме? 

Ух! - деп демін тереңнен ап тыныстап, 

Сөз бастады,- деп - бәйбіше білдің бе? 

- Әй, бәйбіше, сен ештеңе білдің бе? 

Ғасыр ғұмыр сүргендеймін бір күнде. 

Өз-өзіме есеп бердім мен бүгін 

Түні бойы тау ішінде жүргенде. 

Құ

мар едім шың басында шынарға, 



Шыңға шықпай шіркін көңіл тынар ма? 

Жұрттың бәрі шыға берсе  құзарға 

Қ

анағат де шүкір, шүкір бұған да. 



Астамшылық кірмесінші көңілге, 

Жолым даңғыл болды ма өмір өрінде, 

Байқағаным тозбайды екен бұл көңіл, 

Мүжілгенмен тау да, тас та, темір де. 

Тау үстінен тік асушы ем тік барып. 

Қ

айтушы едім  қысқа күнде үш барып. 



Мен жолымнан адасқам жоқ деді де, 

Нар аршалы бесікті өзі түсті алып. 

Бесік еді - істелген бұл ертерек, 

Бесік еді - тұңғышы өскен еркелеп. 

Үкі тұмар тағып қойып басына 

Шәйі көрпе жабушы еді кестелеп. 

Алғашқы жыл олар тауда тұрғалы, 

Әлі есінде тұңғыш ұлдың туғаны. 

Тұңғыш ұлды бесікке сап бөлуге 

Шыңға шығып арша таңдап қиғаны. 

Томарлысын, кәрілеуін алмаған, 

Ең берігін, көріктісін таңдаған 

Бесікті де өзі иіп жасаған, 

Шебер іздеп шеткі ауылға бармаған 

Содан бері өтті міне қанша жыл, 

О, ғажайып бесік беті жап-жасыл 

Күні кеше көктеп өскен сияқты. 

Арша ішінде тектісі екен сәмбі асыл 

Бесікті ұстап қолына алып көтеріп, 

Көз жасаурап, кеуде күрк-күрк жөтеліп. 

- Әй, бәйбіше, осы бесік болмаса, 

Қ

алушы едім шың түбінде көше өліп. 



Қ

аншама жыл тауды шарлап ақтағам, 

Қ

ол мергенмін рас оған мақтанам. 



«Жазымыштан озымыш жоқ» деген-ау 

Шыңнан төмен тайды кеше тас табан. 

Кешкі мезгіл, ымырт кезі болатын, 

Бір арланның шалды көзім жобасын. 

Оқ атуға едәуір жер алыстау 

Көзбен өлшеп біліп тұрмын арасын. 

Содан кейін қия жолды таңдадым, 

Есіл-дертім, арланды алу - арманым. 

Ғұмырымда асықпаушы едім 

дәл бұлай, 

Ал бұл жолы шақырып тұр алда кім? 

Еркімнен тыс алға қарай асықтым, 

Бала кезден тау жолына ғашықпын. 

Тауда туған тарлан боздың өзімің 

Қ

атарында жүрген жоқпын жасықтың. 



Шыңнан тіке жоғарыға өрледім, 

Табан жолдан басқа ештеңе көрмедім. 

Талай рет қиып өткен жол еді 

Тұңғыш рет қатты шаршап терледім. 

Көзіме тер  қайта-қайта  құйылды, 

Бара бара жылжуым да сұйылды. 

Әупірім жер енді жетіп қалып ем 

Бір зор дауыс: «Тоқтай қал!» 

деп бұйырды. 

Жан-жағымды бақылаймын пенде жоқ, 

Менен басқа тау кезер жан елде жоқ, 

Дауыс қайдан шықты деймін япыр-ау, 

Қ

адалғандай жүре алсамшы 



кеудеге оқ. 

Сәл қозғалсам дауыстайды жаңағы үң 

Қ

анша жатам бас көтеріп  қарадым, 



Маңайымда менен басқа пенде жоқ, 

Қ

орыққанға  қос көрінді - санадым. 



Содан кейін тіке тұрып мықталып, 

Тасқа табан тіреп қойып нықталып, 

Арлан жақты оймен шолып өзімше 

Шитіні де ыңғайладым оқ салып. 

Үйген тастың ық жағынан өттім де, 

Оқшантайды бөлек қойдым шештім де. 

Енді оқтала бергенімде манағы 

Дауыс тағы деді маған «жеттің бе?» 

Сол дауысқа қараймын деп бұрылып, 

Өкшем тайды үшкіл тастан сүрініп, 

Содан кейін шыңнан төмен зуладым, 

Шоқ аршаға  қалғанымша ілініп. 

Дара шыңды  қиып өскен арша екен, 

Одан әрман  құлама шың жарша екен 

Шоқ аршаға ілініп қап мен тұрмын 

Шыбын жаным деп тілеймін қалса екен. 

Аршаны ұстап тұрмын солай салбырап, 

Әл-дәрмен жоқ, күш таусылды 

қ

алжырап, 



Екі қарым талған кезде қарысып, 

Көк жүзіне шықты жұлдыз жамырап. 

Қ

олым талды бітті дәрмен күшім де, 



Әрекет жоқ ендігі бар ісімде, 

Өлдім ғой - деп ойлағанша болған жоқ 

Арша маған үн қатты адам тілінде: 

- Ей, батырым, ой жүгіртші өткенге, 

Өз ісіне мән бере ме көп пенде, 

Тауда туып таста өскен жан едің 

Ерлігің мол жігіт едің от кеуде. 

Шыбын жанды тірлік үшін  қинадың, 

Тас үңгірге аң терісін жинадың, 

Тұңғышыңа бесік жасау үшін сең 

Жұбайыңа жас аршаны сыйладың. 

Аңғармадың аршадан  қан аққаның 

Үздің қолмен жас аршаның жас жанын 

Тұңғышыңа бесік жасау үшін де 

Қ

ызығына көз аларттың басқаның. 



Тау басында бір топ арша біз едік, 

Содан бері солғын тартып жүдедік. 

Әулиенің көзі түскен арша еді ол 

Бір тәңірден тек жақсылық тіледік. 

Тұңғышыңды бөлеп салдың аршаға, 

Арқар атып құлан астың қалжаға. 

Бірақ ұлың алты жастан аспады 

Тәңіріңнен сұрағанмен  қаншама. 

Оның сырын түсінбедің, білмедің, 

Түзу жолмен елдің жүрген жүрмедің, 

Елден бөлек таудың ішін паналап 

Елмен бірге жарқырап бір күлмедің. 

Әулиенің үнін естіп сүрініп, 

Енді міне тұрсың қолға ілініп. 

Жалғыз жүріп мұратқа ешкім 

жетпеген 

Көппен болып көпшіліктің тілін ұқ. 

Бұл ажалдан шығасың сен  құтылып, 

Құ

тылдым деп кетпе бірақ құтырып, 



Арша бесік тұрған шығар бүр жарып 

Төріңе қой төбеден ал түсіріп. 

Аман-есен шыңнан шығып өтерсің, 

Тауды тастап елге қарай көшерсің. 

Арша бесік жап-жасыл боп 

бүр жарса 

Алла берді мұратыңа жетерсің. 

Деді де арша мені тартты өзіне 

Үн жеткенмен жан көрінбейді көзіме. 

Жолың болсын, ал, үйіңе тарт, -

деген 

Мен аң-таңмын арша-адамның 



сөзіне. 

Есімде жоқ қалай шықтым өрмелеп, 

Түн шымылдық тұрды тауды 

перделеп 

Таң атқанша бүкіл өткен ғұмырды 

Ойыма алып мен отырдым зерделеп. 

Деп қол мерген айтты барлық 

айтарын, 

Құ

лағымда деді сол бір байтақ үн. 



Арша бесік бүршік жарып тұр екен, 

«Бол, теңді бу!» - деді елге қайтамын. 

Аңыз соңы мерген елге қайтуы, 

Үлкендердің елде осылай айтуы. 

Ел ішінде мерген келіп мекендеп, 

Алдынан күң оң жағынан ай туды. 

Тау айтады менде аңыз қанша көп, 

Болған жағдай дейді мұны 

барша көп. 

Мерген елге келгеннен соң бәйбіше 

Ұ

лды болып атын қойды Аршабек. 



Арша бесік Аршабектің төсегі, 

Елдің пыш-пыш тиылды енді өсегі. 

Ер жеткенде Арша мерген атанып 

Бір ауылды асыраған деседі. 

Жүрегімде  қалды аңыздан 

қ

анша мұң, 



Бірақ сырын  ұққандаймын 

аршаның. 

Мәңгі бақи жап-жасыл боп тұратын 

Аршаңызда тілегі бар баршаның. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал