Бізді жоқтан бар етіп, болмыстың ең кере меті адам еткен, Ислам мен иман нығмет



жүктеу 5.63 Kb.

бет1/13
Дата19.02.2017
өлшемі5.63 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Бір  насихат
Мы
ң
  бір  ғибрат
Осман Нұри ТОПБАШ

5
АЛҒЫ  СӨЗ
Бізді  жоқтан  бар  етіп,  болмыстың  ең  кере-
меті  –  адам  еткен,  Ислам  мен  иман  нығмет-
терімен  абыройға  бөлеген,  сондай-ақ  Өзінің  бір 
екеніне  бізді  куә  қылған  Аллаһ  Тағалаға  шексіз 
хамд, мақтаулар болсын...
Теңдесі  жоқ  үлгілі  тұлғалығымен  бұл  дүние-
дегі  көшбасшымыз,  ахіреттегі  шапағаттышы-
мыз  (қолдаушымыз)  Хазіреті  Мұхаммед  Мұс-
тафаға шексіз салауат пен сәлем болсын...
Иман тұрғысынан қарағанда, бұл әлем – бас-
тан-аяқ  иман  дәрісханасы.  Онда  болып  жатқан 
оқиғалар – иләһи сынақ көріністері, ал өмір – мәң-
гілік  жұртына  сапар  шегу.  Мына  шексіздік  керуе-
ніндегі ең маңызды, негізгі міндетіміз – жалқаулық 
пен  немқұрайдылық  танытып,  нәпсіқұмарлығымыз-
дың  шырмауына  түсіп  қалмай,  иләһи  сынақтардан 

БІР  НАСИХАТ,  МЫҢ  БІР  ҒИБРАТ
6
сүрінбей  өту.  Және  мына  жалған  өмірдің  сана-
сыз да мақсатсыз, сасқалақтаған жолаушысына ай-
налмау. Керісінше, Құдай Тағаланың ұлы салтана-
ты  мен  айбындылығын  бейнелейтін  ерекше  үлгі-
лерге қарап, үнемі көкірегіміз ояу болуы керек.
Әрине,  мұндай  күйде  күн  кешу  жүректің  ке-
мелділігін  қажет  етеді.  Мына  қысқа  өмір  күнтіз-
бесінде  өмірдің  өтпелі  көріністеріне  алданбайтын 
өте сақ жаратылыс қажет. Белгілі бір уақыт өткен 
соң қош айтылатын мына дүниенің пайдасы үшін өз-
ге  жандармен  ұрысып-керісудің,  оларды  ренжітудің, 
сондай-ақ өзгелердің мүлкіне қол сұғудың өкінішті 
де  аянышты  халге  душар  ететіндігін  сезіп,  көретін 
көз  қажет.  Фәнилігін  санасына  орнықтырып,  бұл 
жер  жаһанға  не  үшін  жіберілгенінің  хикметі  мен 
сырын сезінетін парасат қажет. Әрине, барлық бұл 
қасиеттердің өшпес қайнары – Ислам.
Бір  нәрсеге  берілмей,  оған  ие  бола  алмау  – 
айнымас  ақиқат.  Сондықтан  Ислам  деген  нығмет-
ті  ең  көркем  түрде  дұрыс  түсіну  –  оны  ақылмен 
түсінгеніміздей,  жүрекпен  қорытуға,  оны  өміріміздің 
барлық сатылары мен салаларында үстем етуімізге 
байланысты.  Сол  үшін  адам  ең  биік  деңгейдегі  көңіл 
мен жүрек тәрбиесінен өтуі керек.
Бізге  бұл  туралы  тәрбие  үлгісін  беретін  «Мені 
Раббым  тәрбиеледі.  Қандай  тамаша  тәрбие-

АЛҒЫ  СӨЗ 
           
7
леді»
1
  деп  айтқан  Пайғамбар  Мырзамыз 
r
  және 
Оған  ерекше  сезімталдықпен  ерген  пайғамбар  мұ-
рагерлері  –  ғалымдар  мен  әулиелер.  Яғни,  Хақ 
достары. Бұл ізгі жандардың тәлім-тәрбиелері мен 
иршад  үндеулеріне  құлақ  салмай  ақиқатты  есту, 
тура жолды табу, әлемдегі хикметтерге назар ауда-
ру,  өмір  мен  әлем  арасындағы  жұмбақты  шешу  – 
ақылдылары таяз, шикі адамдардың ісі емес.

Аса құрметті оқырман қауым!
Отбасыға  арналған  журналдарда  жарық  көр-
ген мақалаларымыздан теріліп, жинақталған бұл қо-
лыңыздағы шығармамыз бақытты өмір үшін қажет 
аса  маңызды  Ислами  өлшемдер  мен  ережелердің 
бір бөлігін ғана қамтиды. Мұндағы тақырыптарды 
пайғамбарлардың,  қадірменді  сахабалардың,  Хақ 
досы ғалым да ариф тұлғалардың өмірлерінен үзін-
ділер  келтіріп,  сол  қиссалардың  төңірегінде  қыс-
қа  да  нұсқа  баяндауға  тырыстық.  Осылай  жалпы 
ақиқаттарды белгілі анық мысалдар арқылы оқыр-
мандарымыздың жеңіл түсінулерін көздедік.
Бұл  шығарманың  мазмұны  қысқаша  мына  мә-
селелерді қамтиды:
1. Қараңыз. Бұхари, Риқақ, 38.

БІР  НАСИХАТ,  МЫҢ  БІР  ҒИБРАТ
8
Сезімтал жүрек иесі мүмин әр нәрседен ғибрат 
алып,  халі  мен  іс-әрекеттерін  түзетуге  тырысып 
бағады. «Бір насихат, мың бір ғибрат» алу үшін 
оның естуі ғана жеткілікті.
Бейқамдық  пен  құмарлығына  берілген  шикі 
жүрек  иелері  ең  әсерлі  насихаттардың  өзінен  де  өз 
үлесін  ала  алмайды.  Мұндай  адамдар  насихатпен 
емес, бәлекетпен түзеледі.
Сондықтан бәлекетке ұшырамау үшін насихат-
тан ғибрат алу – ең дұрыс жол. Өйткені адамның 
есін  жинатып,  басына  ақыл  қондыратын  көптеген 
бәлекеттер  азаймайды.  Сол  бәлекеттердің  орнын 
жабу да екі талай. Сондықтан әр көрген ісіміз бен 
оқиғадан  ғибрат  алып,  естіген  насихаттарымызды 
өзімізге  айтылған  деп  есептеп,  нәпсімізді  шынайы 
түрде сын таразысына салып отыруымыз керек.
Біздің,  мүминдердің  бұл  жаһандағы  ең  үлкен 
мақсатымыз бен дауымыз, пікіріміз – «иман». Бі-
рақ әр пікір мен дау дәлелдеуді талап етеді. Сондық-
тан  біздің  де  бұл  иман  туралы  дауымыз  бен  пікіріміз 
дәлел-дәйектермен, куәгерлермен дәлелденуі шарт. 
Яғни «иман дәлелдеуді талап етеді». Ал бұл өмір 
барысында  алдымыздан  шығатын  барлық  сынақ 
көріністерін иман талап ететін сабыр мен разылық, 
тәуекел, хамд пен шүкірлік сияқты ұстанымдармен 
қарсы ала білуімізге байланысты.

АЛҒЫ  СӨЗ 
           
9
Иманда  шынайылықтың,  әр  мәселеде  үнемі 
Аллаһтың  разылығын  мақсат  тұтудың  және  Хақ 
Тағалаға  махаббатпен  бас  июдің  ерекше  ілтипатқа 
толы  көріністері,  яғни  «Ықылас  пен  тақуаның 
берекеті»  тек  осы  арқылы  жүзеге  асады.  Аллаһ 
Тағала  тақуа  бойынша  өмір  сүрген  құлдарының 
көретін  көзі,  еститін  құлағы  іспеттес  болады
2
.  Тек 
жүрек  әуесқойлық  пен  құмарлық  деген  пұттардан 
арылып, иләһи көрініс табатын тап-таза арнаға ай-
налса  болғаны.  Нәпсісінің  пұтшылдығынан  өзін 
қорғай  білген  құл  әртүрлі  асудан  асып,  ашылмайды 
деген құлыпты аша біледі.
Мәңгілік  бақыт  аясына  ашылатын  есіктің  кіл-
тіне ие бола білу үшін кәлимә тәухидтің мазмұнына 
сай  өмір  сүру  керек.  Иманды  салих  амалдармен 
дәлелдеу  қажеттілігі  сияқты,  «Кәлимә  тәухид 
кілтінің  тістерін  де»  жәннәттің  есігін  аша  ала-
тындай  Құран  мен  Сүннет  өлшемдерімен  белгілі 
қалыпқа келтіру шарт. Осындай жүрек кемелдігіне 
жеткенде  өмір  мен  оқиғалардың  ішкі  сыры  мен 
жұмбақтары  шешіле  бастайды.  Қаһардағы  жасы-
рын ілтипат пен сыйлар, машақаттың ішіндегі рах-
мет, жәбір-жапаның астарындағы иләһи сыйлар мен 
жақсылықтар  сол  құлға  аян  бола  бастайды.  Осы 
деңгейге  жеткен  жүрек  «Ақиқат  қарама-қарсы 
2. Сүюти, Жәмиүс-Сағир, II, 82.

БІР  НАСИХАТ,  МЫҢ  БІР  ҒИБРАТ
10
істермен  ғана  анықталады»  деген  түсінікке  қол 
жеткізеді.  Хақ  пен  қайырдың  абзалдығына  жету 
бәтыл  мен  теріс  жолдың  жиіркеніштіліктерінен 
сақтанумен ғана мүмкін болмақ.
Бұл тұрғыдағы ең тура, еш қателеспейтін көш-
басшымыз  –  «Әлем  кітабы  –  Құран  Кәрім»
Әрбір  әрпі  талай  сырлар  мен  хикметтерді  қамты-
ған  Құран  Кәрім  әлемдегі  барлық  ақиқаттар  бар 
шексіз  мағына  дариясы.  Мүминдер  болған  біздің 
міндетіміз  –  Құран  Кәрімнің  фәйізі  мен  руханият 
қазынасы  –  тәфәккур  көкжиегіне  жету.  Екінші-
ден,  иләһи  сынақ  көріністері  болған  өмірдің  қай-
ғысы  мен  қуанышын  осы  көкжиектен  тамашалап, 
өзгеріп  тұратын  шарттар  аясында төзімділік  таны-
ту  қиындықтарға  кездескен  кезде  «сабыр»  деген 
қаруды  қолдана  білетін  жүрек  кемелдігіне  жете 
білу. Сонан соң әр нәрседен иләһи мақсат-мұратты 
сезініп,  өмір  мен  оқиғалардың  тосын  келген  ащы 
сәттерді разылықпен қарсы ала білу.
Осылай  жүрек  дейгейін  мақсат  тұтқан  рухани 
тәрбие  –  «Тасаввуф  –  Аллаһтың  жазғанына 
разы  болу  өнері»  болып  табылады.  Жақсылық 
пен жамандықтың, әр нәрсенің Хақтан келгенін бі-
лу  бос  уайым-қайғыға  салынып,  жүректі  күйзеліс-
ке  ұшыраудан  қорғайды.  Өйткені  Хақ  Тағаланың 
разылығына  бөленуді  көксеген  мүмин  алдымен 
өзінің  Аллаһқа  разы  болуы  керек  екенін  біліп, 

АЛҒЫ  СӨЗ 
           
11
барлық  жағдайы  үшін  шүкірлік  халінде  болады. 
«Жападағы  хикмет  пен  кереметті»  түсінеді.  Ең 
ауыр  жапаға  Аллаһ  Тағаланың  ең  сүйікті  құлда-
рының  ұшырағандағы  сыры  мен  хикметін  сезеді. 
Яғни  машақатпен  тәрбиеленуді  жоғары  деңгейдегі 
рухи  кемелденудің  тәсілі  екеніне  көзі  толық  жетеді.
Міне, мүминдер ретіндегі ең маңызды міндеті-
міз де – осы рухи кемелдікке қол жеткізіп, әрқашан, 
әр  уақыт  барлық  жағдайымызда  иләһи  әсемдіктер 
мен  сұлулықтарды  өз  бойымыздан  көрсете  білу, 
яғни  нағыз  мағынасымен  «Ислам  тұлғалық  ұста-
нымын» ұсына білу.
Ислами  сұлулықтар  мен  әсемдіктерден  бейха-
бар  һидаят  мақрұмдарына  ең  көркем  тәблиғ  пен 
дағуат – Исламды өзіміз ұстанып, ұсыну. Ол үшін 
алдымен  өзімізді  Ислами  ұстаным  кемелдіктерімен 
жабдықтап,  жан  дүниемізді  тірілтіп,  содан  соң  әрі 
сөзімізбен,  әрі  жанымызбен,  әрі  күллі  істерімізбен 
Исламның  жайдары  бетін,  оның  хақ  пен  әділет 
түсінігін,  шапқат  пен  мархамат  ғашықтығын,  қыс-
қасы,  рухани  құрамын  іс  жүзінде  ұсына  білуіміз 
керек.
Тарих  куә  болған  Ислам  ахлағымен  өмір  сү-
рудің  арқасында  талай  тікенді  гүлстанға  айналып, 
қанша  дұшпан  болғандар  шынайы  досқа  айналған. 
Осыған  орай  мүминдер  ретінде  Ислам  ахлағын  өз 

БІР  НАСИХАТ,  МЫҢ  БІР  ҒИБРАТ
12
бойымызда  жаңғыртудағы  дәстүріміз  –  «Сені 
өлтіргелі  келген  сенде  тірілсін!»  болуы  тиіс. 
Өйткені  шынайы  мүмин  өзінің  мәңгілік  бақытқа 
кенелуі  өзгелердің  де  сол  бақытқа  кенелуі  үшін 
қызмет  көрсетуден  өтетінін  жақсы  білетін  қамқор 
жан  болып  табылады.  «Иманның  алғашқы  же-
місі  –  мархамат».  Жаратушысына  деген  құрмет-
пен  жаратылысқа  шапқат  пен  мархамат  көрсету 
–  имандылықтың  талабы.  Иманын  ғашықтықпен 
іске  асырған  мүминнің  жүрегі  барлық  жаратылыс-
ты  мархаматпен  құшақтайтын  жылжымалы  дәргах  
іспеттес.
Бұл  дәргахты  өз  жүректерінде  ашу  ең  алды-
мен  қоғамға  көшбасшылық  еткен  «Алдымыз-
дағылардың  жауапкершілігі»  болып  табылады. 
Өйткені  алдағылардың  барлық  жағымды  не  жа-
ғымсыз  ахуалы  ағынсыз  суға  тамшылаған  тамшы 
су жасаған алқалар іспеттес айналасына тез жайы-
лады. Сондықтан олар көңілдеріндегі бейімдер мен 
ұстанымдарына  бәрінен  көп  абай  болуға  мәжбүр.
Сонымен қатар жеке тұлғалар да «Сендер қан-
дай  болсаңдар,  солай  басқарыласыңдар
3
»  деген 
хадис  шәриф  бойынша  өздерінің  хал-жағдайлары-
на  абай  болып,  қоғамның  жағдайына  жауапты 
деп  түсінетіндей  кең  ауқымдағы  көңіл  көкжиегіне  ие 
болулары тиіс.
3. Сүюти, Жәмиүс-Сағир, II, 82. 

АЛҒЫ  СӨЗ 
           
13
Екіншіден, бұл жалғандағы өткінші бақыт кезең-
деріне  шегінен  тыс  қуанышқа  салынып,  негізгі 
бақыт  жұртының  ахірет  екенін  ұмыту  нағыз  мү-
миндерге  жараспайды.  Өмірдің  тосын  келген  ащы 
оқиғаларына  қатты  мұңаю  да  солай.  Осыған  орай 
адамды  шаршатып,  жалықтыратын,  ішкі  жан-дү-
ниесін  күйзелтетін  фәни  де  дүниелік  уайым-қайғы-
лардың  мәңгілік  өмірмен  салыстырғанда  қанша-
лықты  мән-маңызы  жоқ  екенін  ұғынып,  мәңгілік-
ке  ашылған  «Жастық  сырына»  жетуді  мақсат 
тұтуымыз керек.
Сөз жоқ, бұл сырға жету – өлмей тұрып өліп, 
яғни нәпсіқұмарлықтарын жойып, шын өлімді бей-
не-бір  мерекеге  айналдыра  білген  бақтияр  жан-
дардың  ісі.  Фәни  өмірлерінен  кейін  де  өзгелердің 
көңілдерінде  өмір  сүре  білген  осындай  құлдарың 
адамзатқа  қалдырған  ең  үлкен  насихаты  «Сондай 
өмір сүргей, сүйіншілермен өлгей!..» деген дәстүр 
болатын.
Міне,  фәни,  салыстырмалы  болмыстарын  асып, 
көк  күмбезде  хош  әрі  жағымды  үн  қалдыра  білудің 
шабыты  һәм  шаттығымен  өмір  сүрген  кәміл  рухтар 
қабір  есігінде  барлық  дүниеуи  атақ-мәнсаптар  мен 
байлықтарын  тастап,  жалғыз  амалдарымен  ғана  жер-
лену  деген  ақиқатқа  негізделеді.  Және  де  жасаған 
қайрымдылықтарымен  әлі  бұл  жалғанда  өмір  сүріп 
жүргеннің  өзінде  қолдарындағы  мүмкіншіліктерді 

БІР  НАСИХАТ,  МЫҢ  БІР  ҒИБРАТ
14
ахіретке жібере білу деген парасаттылықты көрсете 
білген. Олардың дүниелік нығметтерге деген көңіл 
тоқтықтары  болмыстық  һәм  менмендік  киімде-
рін  шешпей,  Раббысын  ұмыттыратын  әр  нәрсені 
жүректен  ысырып  тастамай  Аллаһ  Тағаланың  ал-
дына  барылмайтынын  баяндау  ретінде  «Жүгіңді 
таста да, өтіп кет!» деген сөзді айтып тұрғандай...
Сонымен  қатар  осы  ұлы  негіздерді  жүрегіне 
ұялатқан  кемелді  тұлғалық  қасиетке  ие  адамдар-
дың ерлі-зайыпты болып, шаңырақ көтеруін қамта-
масыз  етіп,  адам  ұрпағын  жалғастыратын  отбасы 
ошағын  құру  бұл  жалғандағы  өмірде  жәннәт  ба-
қытынан үлес алуға мүмкіншілік береді. Бұл бақыт 
пен  тыныштық  ұясында  ерлі-зайыптылардың  рухи 
үйлесімдігі  маңызды  болғанымен,  «Ұяны  ұрғашы 
құс  жасайды»  деген  қанатты  сөзде  айтылғандай, 
әсіресе  әйелдердің  өте  жетілген,  рухани  дамыған 
адам болулары ерекше маңызды.
Даналар былай айтқан екен:
«Бір  еркекті  тәрбиелесеңдер,  бір  адамды  ғана 
тәрбиелеген  боласыңдар.  Бір  әйелді  тәрбиелесең-
дер,  бір  отбасыны,  тіпті,  қоғамның  үлкен  бөлігін 
тәрбиелеген боласыңдар».
Сондықтан,  әрине,  «Адам  нәсілінің  әшекейі 
– салиха әйел». Салиха әйел – адамзатты аяғынан 

АЛҒЫ  СӨЗ 
           
15
тік  тұрғызатын  ең  маңызды  құндылық,  әдептілік, 
ар-ұят  пен  намыстың,  нәзіктік  пен  көркемдіктің, 
сұлулықтың, салмақтылық пен асылдықтың белгісі.
Бүгінгі  күнде  «теңдік»  деген  жоспармен  әйел-
дерді  өмірдің  әр  саласында  еркектермен  сайысқа 
түсіру  үгіт-насихаттары  жүргізіп  келеді.  Ал  бұл, 
өкінішке  орай,  заманауи  дүниенің  ең  үлкен  қате-
ліктерінің бірі. Өйткені әйел тәни һәм рухи тұрғы-
дан  еркекпен  бірдей  емес.  Сондықтан  отбасы  мен 
қоғамдағы  тыныштық  пен  бақытқа  тек  әйел  мен 
еркектегі  ерекшеліктер  мен  қабілеттердің  орынды 
қолданылуы,  һәм  құқытарының  қорғалуымен  ғана 
қол  жетзіледі.  Олай  болмаған  жағдайда  ұрпақ 
жойылып,  қоғамнан  артымызда  тек  адам  бейне-
сіндегі қалдықтар ғана қалмақ.
Сол себепті, әсіресе, жас қыздарымыз замана-
уи (!) дүниенің жаман әдеттеріне еліктеп, өздеріне 
«жұқтырмай»,  «Асрұ  саадаттан  салиха  ханым 
үлгісін»  үлгі-өнеге  тұтып,  осындай  тазалығы  мен 
асылдығы  бұзылмаған  Ислами  тұлғалықты  ұста-
нып,  айналасындағыларға  да  үлгі  болулары  керек. 
Осыған  орай  «Салиха  ананың  қызына  айтқан 
үгіт-насихаттары»  тұрмысқа  шығатын  жас  қыз-
дарымыздың бақытты отбасы құру үшін ең маңыз-
ды жасауы болмақ.
Ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан Ислами 

салт-дәстүрімізде  бұл  насихаттардың  ерекше  ор-
ны  бар.  Бұл  насихаттардың  өзегі  алдымен  өзін 
емес,  өмірлік  жолдасын  ойлау,  яғни  менмендік 
емес,  қамқорлық  болып  табылады.  Екіншіден,  жұ-
байлардың  бір-бірін  тақуалыққа  ынталандырып, 
ахірет  бақытына  кенелулері  үшін  өзара  жәрдем 
берулері  отбасындағы  бақыттың  іргесін  құрайды. 
Бұл  жұбайлардың  иман  мен  ахлақтағы  кемелдік 
деңгейлеріне байланысты жағдай.
Сонымен  қатар  Ислам  әйелге  берген  құқық-
тардың  бірі  болып  саналатын  «мәһір»  де  өте  ма-
ңызды.  Мәһір  сырттай  қарағанда  заттық  және 
дүниеуи  тұрғыдан  кепілдеме  болып  табылады.  Бі-
рақ,  бұл  заттық  тұрғыдан  берілген  мүмкіншіліктің 
берілгендегі негізгі мақсат – әйелдің рухани өмірін 
қорғау, яғни оның ар-намысы мен әйелдік қасиетін 
қорғау дегенді білдіреді.
Сондықтан  дүниеқұмарлық  деген  жұқпалы  ауру 
кең  етек  жайып,  рухани  құндылықтар  құзға  құлаған 
және  қоғамымызда  теріс  көзқарастар  әбден  тамыр 
жайған  бүгінгі  күнде  Аллаһ  пен  Расулына  берілудің 
шыңына  жеткен  ханым  сахабалардың  мәһір  туралы 
ұстанған  абзалдығы  адамды  қайран  қалдырып,  «Таң-
ғажайып  мәһір!»  дегізетіндей  тақуалықтың  үлгісі  бо-
лып табылады. Әрине, әрбір мүмкіншілікті ахірет та-
бысына дәнекер етуге тырысқан көреген жүректердің 
мұндай  мысалдардан  алатын  үлкен  сабақтары  да  бар.
БІР  НАСИХАТ,  МЫҢ  БІР  ҒИБРАТ
16

Аллаһ  Тағала  сана-сезімімізді  разылығы-
на  үйлесімді  етсін!  Ықылас  пен  тақуаны  амал-
дарымыздың  өлшемі  қылсын!  Жүректерімізді 
иманның  тыныштығымен  толтырсын!  Барша-
мызды  Исламның  сұлулықтары  мен  әсемдік-
терін  ұстанып,  оның  ерекше  жайдары  бетін 
көрсете  білген  бақтияр  құлдарының  қатарынан 
жазсын!
Әмин...
Осман Нұри ТОПБАШ
   
 
 
     Маусым 2011
   
 
 
        Ыстанбұл
АЛҒЫ  СӨЗ 
           
17

Расулұллаһ r былай деген:
«Мүмин бал арасына ұқсайды. Тазаны (халал) жей-
ді,  таза  нәрселер  өндіреді  (Аллаһтың  разылығына 
сай істер жасайды)
, таза жерге қонады (салих және 
садық  адамдармен  бірге  болады)
  және  қонған  жерін 
сындырмайды, бұзбайды да»
 
(Ахмед б. Ханбәл, II, 199)
.
Ара  өз  ұясын  толтыру  үшін  мыңдаған  гүлді  қа-
лай  аралайтын  болса,  біз  де  бал  арасы  сияқты 
Расулұллаһ r Мырзамыз бен Хақ достарының үлгі-
лі  өмірлерінен  үлгі  алып,  бұл  әсемдіктерді  өміріміз-
дің әр сатысына шағылыстырып отыруымыз керек. 
Өстіп  жарқыраған  айнадай  Исламның  жайдары  бе-
тін барлық адамдарға көрсете білуіміз қажет.
Бір насихат
Мың бір ғибрат...

БІР  НАСИХАТ
МЫҢ  БІР  ҒИБРАТ...
Барша  адам  ой-санасы  мен  ісінің,  кәсіби  ма-
мандығының  дәрежесі  қандай  болса  да,  насихатқа 
мұқтаж. Хазіреті Пайғамбар 
r
 бұл шындықты:
«Дін – насихат» 
(Мүслим, Иман, 95)
 деп, бұл ұлық 
діннің  тек  насихат  арқылы  жеткізілетінін  баянда-
ған. Сонымен қатар, бұл киелі сөзін үш қайтара ай-
тып,  насихат  айтарда  қайталаудың  қажеттілігі  мен 
маңыздылығына ишарат еткен.
Сондықтан мүмин жан өмір сүрен заманы мен 
ортасында  өзіне  жақсы  насихаттар  айтып,  жақ-
сылыққа  бағыттайтын  салих  адам  таба  алмаса  да, 
пайдасына жарата алатын насихаттар мен үлгілерді 
тарихи деректерден оқып, олардан тиісті сабақ алып, 
ғибраттар  шығаруына  әбден  болады.  Тасаввуфтық 
21

БІР  НАСИХАТ,  МЫҢ  БІР  ҒИБРАТ
22
қиссалар  баяндайтын  шығармалар  жазылғандағы 
негізі мақсат та осы болатын. Бұл шығармалар бас-
қа кезеңдерде өмір сүргендіктен, сұхбаттар мен на-
сихаттарды  адамдар  тікелей  олардың  өз  ауызда-
рынан  тыңдай  алмағандықтан  сол  Ислам  данала-
рын оқып, пайдалану үшін  жазылған.
«Рашид  халифалар»  деп  аталған  алғашқы 
төрт халифа мен Хазіреті Хасанның 

 алты ай-
лық  халифалық  кезеңдерін  қосып  санағанда  отыз 
жылды құрайды. Бұл кезең Хазіреті Пайғамбар-
дың  сұхбаты  мен  руханиятынан  пайдаланудың  бе-
рекетімен «Халифалықтың» «кәміл» сипатымен іс-
ке асқан кезең болып табылады. Одан кейінгі дәуір 
хадис шәрифте баяндалғандай, «машақатты пат-
шалық  кезең»  болып,  бұл  кездегі  халифалардың 
халифалығы  «сури,  яғни  көріністегі  халифалық» 
деп  аталған.  Бұлардың  алғашқылары  да  Әмәуи 
халифалары болып табылады.
Әмәуилер  (Омейяды)  Әһлү  Бәйтке  қарсы 
жағымсыз  мәміле  жасағаны  үшін  сынға  ұшыраға-
нымен,  бұлардың  ішінде  екі  жарым  жылдай  өте 
қысқа мерзім халифалық міндетін атқарып, ерекше 
басқарғанын  тарих  беттері  қайран  қала  отырып 
нақыл  еткен  Омар  бин  Абдүлазиз  сияқты  үлкен 

БІР  НАСИХАТ  МЫҢ  БІР  ҒИБРАТ
23
тұлға  бар.  Омар  бин  Абдүлазиз  бен  тағы  бірнеше 
халифалардан  басқа  Әмәуи  халифалары  адамдар-
дың  Исламға  кіруі  мәселесіне  өзгелерді  арабқа  ай-
налдыру деп қарағаны үшін жаңа мұсылман елдер-
дің  қарсылықтарын  туғызған  болатын.  Сондықтан 
олардың биліктері 92 жыл ғана жалғасқан еді.
Әмәуилердің  Омар  бин  Абдұлазизден  бұрын-
ғы  халифасы  Сүлеймен  бин  Абдүлмәлік  болатын. 
Бұл халифаның табиғун ғалымдарынан Әбу Хазим 
деген  дана  кісімен  кездесуі  және  оның  өте  кере-
мет,  жан-жақты  насихатын  тыңдағаны  Ислам  та-
рихының  сабақ  аларға  тұрарлық  оқиғаларының 
ішінде  ерекше  орны  бар.  Олардың  кездесуі  былай 
болған:
Жетінші  Әмәуи  халифасы  Сүлеймен  бин 
Абдүлмәлік  Меккеге  бара  жатқанда  Мәдинаға 
соғып,  сонда  бір-неше  күн  қоныстанған  болатын. 
Қасындағылардан:
–  Мәдинада  Расулұллаһтың 
r
  сахабаларын 
көріп,  олардан  дәріс  алған  адам  бар  ма?  –  деп 
сұрады. Оған:
–  Әбу  Хазим  деген  кісі  бар,  –  десті.  Дереу 

БІР  НАСИХАТ,  МЫҢ  БІР  ҒИБРАТ
24
оған  адам  жіберіп,  құзырына  шақыртты.  Сонан 
соң одан:
–  Мен  халифа  ретінде  бұл  жерге  келіп  тұр-
сам,  сен  неге  көңіл  аудармайсың?  (неге  қарсы 
алмайсың?)  Неге  менен  алыстайсың?!  –  деп 
сұрады.
Әбу Хазим:
–  Ей,  Мүминдердің  әміршісі!  Менің  сізге 
қандай қатысым бар? – деді.
Халифа Сүлеймен:
–  Мәдиналықтардың  алдыңғы  қатардағыла-
ры қасыма келіп тұрғанда, сен неғып келмедің?! – 
деп сұрады.
Әбу Хазим:
–  Ей,  Мүминдердің  әміршісі!  Бүгінгі  күнге 
дейін  не  сіз  мені  танымайсыз,  не  мен  сізді  көрме-
генмін. Қалай менен мұндай қатынасты күтесіз?! – 
деді.
Халифа  Сүлеймен  жанындағы  Мұхаммед  бин 
Шиһаб әз-Зүһриге қарап:
– Бұл қарт кісі дұрыс айтты, мен қателесіппін, 

БІР  НАСИХАТ  МЫҢ  БІР  ҒИБРАТ
25
–  деді.  Сонан  соң  бұл  батыл  кісіден  насихат  алу 
керек екенін сезініп:
–  Әбу  Хазим!  Өлімді  ұнатпайтындай  бізге  не 
болғаны сонша? – деп сұрады.
Әбу Хазим:
–  Нәпсіқұмарлықтарыңызға  алданып  қалды-
ңыз, дүниені абат қыламын деп, ахіретті харап қыл-
дыңыз. Сондықтан абат жерден харап жерге өтуді 
ұнатпайсыз, деді.
Халифа Сүлеймен:
– Дұрыс айттың, ей, Әбу Хазим! Ал адамдар 
ертең  Аллаһтың  құзырына  қалай  шығатын  бола-
ды? – деп сұрады
Әбу Хазим:
–  Салих,  ізгі  мүминдер  бөгде  жұрттан  өз 
отбасына  оралған  адамдар  сияқты  жүрегі  тыныш 
әрі  қуанышқа  толы  болып  қайтады.  Нәпсісіне  құл 
болған адамдар қожайынынан қашып бара жатқан-
да  ұсталып  қалған  құлдар  сияқты  болады  дегенде, 
халифа  Сүлеймен  өзін  ұстай  алмай,  өкіріп  жылай 
бастады да:
–  Қап,  Аллаһтың  алдында  немен  кездесеті-

БІР  НАСИХАТ,  МЫҢ  БІР  ҒИБРАТ
26
німді білгенімде ғой! – деп, мұңын тілге тиек етті.
Әбу Хазим оның бұл жағдайын көргенде:
–  Олай  болса,  іс-амалдарыңды  Аллаһтың  кі-
табымен,  Расулұллаһтың 
r
  сүннетімен  таразыла! 
– деді.
Халифа:
–  Хал-жағдайымды  таразылауым  үшін  неге 
қарауым керек? – деп сұрады.
Әбу Хазим:


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал