Біздің балалық шақ



жүктеу 233.28 Kb.

бет1/2
Дата10.06.2017
өлшемі233.28 Kb.
  1   2

Біздің  балалық шақ 

( хикаят ) 



Авторы: Жалмағанбетова  Ботакөз  Қосымбайқызы 

... Сағым боп  маған  сол  күндер, 

Алыстан  қолын бұлғайды. 

Балалық  шағыңды  бағала, 

Ол  мәңгі  бірге  тұрмайды. 

Автордан. 

Көп  күттірген  "АН-2" 

-  Ан-а-а-у-у    ке-е-ле    жа-тыр-р-р,-  деген    жайынауыз,  күлімкӛз,  қап-қара  сыриған 

Ӛмірзақтың  сӛзіне  жиылған  тобыр:  

- Кәне, кәне,- десіп  қалғанда

- ға-н-н   ж-о-о-оқ! - деп  жауап берді Ӛмірзақ жерден жеті қоян тапқандай  ыржиып.  

-  Ӛй, қара  тырна! 

- Қақпас  неме! - деп, қыздар  жағы  шу-шу  ете  қалдық.  

        Екі-үш    қыз    алданғаны    үшін    ақысын    алмаққа    Ӛмірзақты    клуб    үйін    шыр  

айналдыра  қуып та  кетті. Жүгіргенде  алдына  жан  салмайтын  Ӛмірзаққа бұл ойын  ұнап  

кеткендей  біресе  түзу, біресе  бұлт-бұлт  етіп, аяғын  аннан бір, мыннан  бір  кӛстеңдетіп, 

қыздарды әбден  мазақтап, арқа-басын жазып алды. Шілденің  ми  қайнатар  ыстығында  

қуыспақ    ойнау  да    оңайға    түспеді  білем,  Ӛмірзақ    жеңілгенін    мойындап,қыздардан 

жейтін тоқпағын жеп алып: 

- Кімде су бар, кімде су бар? - деп айқайлады. 

-  Мә,  түбінде  ғана  қалды,-  деген  Арай  шыны  бӛтелкеге  құйылып,  қант    араластырылып   

самолет    күту    жұмысына    арнайы    дайындалған    шырынды    суды    Ӛмірзаққа    ұсына  

берді. 

- О,бәлесін қарай гӛр, Арайдың суын ішіп жатыр-ей, Қозы мен Баяндай ғой,- деп, шу ете  



қалды  балалар.  

- Су берсе  не қылады, соған  мен  Ӛмірзақпен жабысып қалмаспын,- деді Арай күлімдеп. 

 - Кластасым  шӛлдемесін!  

Арайдың айтқан  уәжіне ешкім де  қарсы  болмады. 

-  Құдайдың  қара  суын  аяйсың  ба,  бер  Ӛмірзаққа,  ӛй  түріңнен  сол  "аппақ"болған!  -  деді, 

бізден екі класс жоғары оқитын Ұлбосын  жымия күліп. 

     Сағат 12-ге таяп  қалғанда  облыс  орталығынан  келетін "АН-2"  самолетін күту  ауыл  

балаларының  күнделікті  дағдысына айналған  еді. Жарықтық "мені сағындыңдар ма" деп, 

ауылды  бір  айналып  ӛтіп,  мидай тақырға  келіп   қонатын  уақытынан  еш  жаңылыспаушы 

еді. 


      Шіліңгір ыстықта  "самолет күтушілердің" де мазасы кетті. Манадан бері пана  болып 

тұрған    ауыл  клубының   кӛлеңкесі  де    ӛз  бойынан  аспай қалды.  Қызылқұмның   жусаны 

мен  адыраспан  иісі  араласқан    аңызақ  желі  де    лүп    етпейді."Қантты  судан"  босаған  

бӛтелкелерімізді   қолымызға  алып, енді қайтуға  жинала  бергенде:  

     - Әне, әне, келе жатыр! - деген  Ӛмірзақтың  даусы тағы да  шықты. 

     - Мынау тағы да  алдамақшы ма бізді?- деді, қыздар жағы жақтырмай. 

     -  Шын-ей,  шын  айтам,  әне  даусы  да  естілді  ғой,  қарасаңдаршы!-  деді  әбден  беделі 

түскен  Ӛмірзақ  жалынышты  үнмен. 

     -  Әй,  қараңдар,  шынымен  де    келе    жатыр  екен,  -  деді    жер    қозғалса    қозғалмас 

С.Айман  кеңкілдей күліп.( Біздің сыныпта  екі Айман, екі Айгүл болған соң бірінен бірін  

ажырату үшін оларды фамилияларының  бірінші  әрпімен  қосып  айтатынбыз.)  

     -  Ура-а-а-а!  -  дедік    бәріміз,  бейне  бір    ұшқыштар    самолеттен    бізге    бір  нәрсе  

үлестіретіндей   қуанып. 

    Дарылдаған  даусы  кӛк  аспанды  жара  тып-тыныш  ауылды ұйқысынан  оятқан "АН-2" 

самолеті  ӛзіне    арнап    табиғаттың    жасаған    ауыл    шетіндегі    мұздай    алаңына    екі  

дӛңгелегі  қатар  тигенде, әбден  кеберсіген  мидай  тақырдың  қою  ақ шаңы  бұрқ  ете  

әуеге  кӛтерілді. 

  -  Ке-ет-тік,  шаңның    арасына    кіреміз!-  деп,  ұлдар    жағы    жауға    қарсы    шапқан  

сарбаздардай    уралап    жүгіре    жӛнелді.  Әп-сәтте    қою    шаң    оларды  ӛзіне    жұтып  

қойғандай    болды    да,  бірер    минуттан    соң    ғана    қараңдаған    сұлбалары    кӛрінді.  Ат 

шаптырым    алаңды    "АН-2"  самолеті    айналып    келгенше,  онсызда    ыстық    күні  терге  

малшынған  денелеріне  аппақ  шаңды  жапсырып, бет-ауыздары адам танымастай  ӛзгеріп  

шыққан  ұлдарға:    - Ұннан  шыққан  таракандай  болдыңдар! 

 - Сәндеріңе  енді  келдіңдер! - десіп  жатты  қыздар  жағы зілсіз  ұрсып. 

    Шаң    сейіліп,  самолет  есігінің    ашылуын    күтіп    тұрмыз.  Бәрінің    кӛкірегінде:  "Үйге 

әлдебір    қонақ    келсе    екен,  маған    әлдекімнен    хат    келе  ме  екен"  деген  ой.  Бәріміз  де  

жақсылықтан  үміткерміз. Тек  жақсылық  емес, ол  - үлкен  абырой  ғой. Ӛйткені  үйіне 

қонақ   келген  бала  екі-үш  күнге  шейін  ешкімді  танымастай, бұл  ауылға бүгін  ғана  

қонақпен  бірге  келгендей  күй  кешіп, ойынға  шық  десе, шықпай, кісі болып  қалушы  

еді. 


     Самолеттің    есігі    дыбыссыз    ашылды.  Шу-шу  етіп  бірін-бірі  тыңдамай  кеткен  

балаларда  үн  жоқ. Бәрі  демдерін  ішіне  тартып, екі  кӛздерімен  табалдырықтан  түсетін  

жолаушыларды  күтіп  тұрды. 

  -  О,о,  Зылиқа    апаны  қара,  Жауһар,  Жайна,  апаларың    келді!  -  деді    Нышанбек  

сүйіншілетіп.   - О, апа ! - деп, сереңдей  жүгірген  Жайна  ұзын  сирақтарымен  екі-үш  

аттағанда      самолет    есігінің    аузынан    бір-ақ    шықты.  Мойнына    асыла    кеткен  



Жайнасының бетінен  бір  сүйіп: - Жауһаржан, кел, сӛмкелерді  ұстай  ғой,- деді  бойжетіп  

қалған  қызының  ӛзіне  қарай  жүгіруге  кӛпшіліктен  қысылғанын  сезген   Зылиқа апа. 

Сӛйтті  де,  шүпірлеген    ауыл    балаларына    мейірлене    қарап:  -  Нышанжан,  әжең    ертең  

келетін  болды,-  деді, қарсы  алдында  ӛзіне күле  қарап  тұрған  балаға. 

  - А, а, әкеліңіз, үйге  дейін  сӛмкеңізді  кӛтерісейін, - деді  Нышанбек әжесінің бүгін  де  

келмегеніне  ренжісе де  білдірмей. 

  -    Арайдың    үйіне    келген    туыс    қыздары    әдемі    екен  -  ә,  кешке    ойынға    барғанда 

танысармыз.  Жүр,  кеттік    поштаға!  -  дедім    мен    Гүлнұрға    үйімізге  қонақ  келмегеніне  

кӛзіміз    анық    жеткен    соң.  Гүлнұр  -    менің    анамның    ағасы,  ауылдағы  арқа  сүйер 

нағашымыз - Бегімнің қызы әрі екеуміз кластаспыз. Сондықтан  екі  үйдің  қонағының  бір 

-  біріне  жаттығы    жоқ.    Былайынша    күннің    ӛзінде  Нәзи    апам  (  нағашымның    әйелі  ) 

немересі Мадиярын  арқалап  алып: - Қыз -ау, амансың ба, басың  ауырып  қалмады ма, - 

деп,  анамның    жағдайын    сұрап    тұрады.  Әр  келгенде  құр    келмей,  құрт  -  ірімшігін 

түйіншегіне  түйе  келетіні  тағы  бар. 



Пошташы  Әлтай  немесе  жоғалған  "Қазақстан  пионері" 

       Әскердегі    ағаларымыз    Бӛлеген    мен    Қалдыбектен    хат    келеді  -  ау  деген    үмітпен  

Гүлнұр    екеуміз    поштаға    да    жетіп    келдік.  Ауылдың    пошта    бӛлімшесі    клуб    үйінің  

жанында.  Онымен    қабырғалас  ауыл    дүкені  мен    кеңсесі    орналасқан.Арт    жағында  - 

медпункт,  шығысында  -  мектеп    үйі.    Бұл    аумақ    жетпіс    үйден    асатын    тұрғыны    бар  

біздің    ауылдың    мәдени    орталығы    десе    де    болады.  Әр  үйдің    жақсылығына  да, 

жамандығына  да  осы аймақ  бірінші  куәгер болатын.  

    Пошта  алды  топырлаған  балалар.  

 -    Самолеттің    неге    кешіккенін    білесіңдер    ме?  -  деді    ересек    бала    Жомарт    кекілін  

сілкіп - сілкіп  қалып.  

 -  Иә, неге  кешігіпті? - деп  шу  ете  қалдық  біз. 

 -  Ұшқыштар  біздің  ауылға  бірінші  рет  келген  екен. Бір  сағат  бойы  адасып  жүріпті, - 

деді  Жомарт  сенімді  үнмен.  

 - Оны қайдан  білдің? - деді  Гүлбану  таңырқап.  

 - Талғат  ағам  айтты, абырой  болғанда  ағам  жолды  сілтеп  отырыпты,  -  деді Жомарт  

ағасының  ісін  мақтан  тұтып.- Е, бәсе, ұшқыш  Хамит  ағай  болғанда  самолет  уақытылы  

келетін  еді  ғой, - деді мәселеге  кӛзі  жеткен  Ұлбосын. - Ту-у, газет - журналдарды қашан 

бӛліп    болады    екен?  Бүгін  шаршап    кеттік  қой,  -  деді    осы    кезде    шыдамсызданған  

Гүлжан  әңгіме  арнасын   басқа жаққа  бұрып. 

 -  Ау,  шаршасаң    үйіңде  отырмайсың  ба,  әжеңнің  қасында,  сені    кім    шақырды?  -  деп, 

жырқ-жырқ  күлді  Гүлшат  кекесінді  үнмен  басын  қайқаң - қайқаң еткізіп жоқ жерден  

ұрыс    шығаратын    әдетімен.  Гүлжан    мен    Гүлшат  -    менен    үш    жас    үлкен    тәтем  


Нұрсәуленің    кластастары.  Үнемі    бастары    піспей    ұрыс    шығарып,  біреулерді  

келемеждеп  жүретін  әдеттері  бар.  

 -  Әркім  ӛзі  біледі    ғой,  келе    ме,  келмей  ма    екенін,  -  деді    Гүлжан    сӛз    таба    алмай 

күмілжіңкіреп. Тәтесінің  әлсіздігіне  намыстанған  Гүлбану:  

 -  Болды,  болды,  сен    сӛйлемеш,  сен    сӛйлемеш,  -  деп,  үлкен    ұрыстың    басталуына  

тосқауыл  қойды.  

 -  Кәне,  тынышталыңдар,  әйтпесе    хатты  да,  газетті  де  таратпаймын    сендерге,  -  деді  

пошта  есігін  айқара  ашқан  ұзын  бойлы  пошташы  Әлтай  кӛзілдірігінің  үстінен  қарап. 

Біз  поштаның    қуықтай    бӛлмесіне    лап    қойдық    та,  тына    қалдық.Пошташы    Әлтай  - 

біздің  кластағы  Азаматтың  әкесі. Бойының  ұзындығы сондай  - ол  кісімен  сәлемдесу  

үшін  біраз  еңбектеніп, басыңды шалқайтуыңа  тура  келетін. 

 - Бектібаева!  

 -  Бар!-  деді   ұрысқақ  қыз  Гүлшат.Сӛйтті  де  келген  хатты  қолына  алып, далаға атып  

шықты. 


 - Оралбаев!   

 -  Мен!-  деді    қасымда    тұрған    Гүлнұр    қуанышын    жасырмай    мәз    болып.  Хат 

күткеніміздей  әскерден  келген  екен. - Үйге  кеттім! - деп поштадан  шыға  жӛнелді хатты  

тез  үйіне  жеткізбекке  асыққан  ол. 

 - Нұрғалиев! 

 -Жоқ. 


  - Сүлейменова!  

 - Олар  апасы  келіп, үйлеріне  кетті, - деді  Жайна  мен  Жауһардың  жайын  баяндаған  

Гүлбану. 

 - Елеуов! 

 -  Күмісбай,  ағаңнан    хат    келді!  -  деп,  сүйінші    сұрай    алға    сүйредік    артта    тұрған 

Күмісбайды  кластасымыз  болған  соң  жанымыздың  ашығанын  кӛрсетіп. 

    Бас  -  аяғы  он    шақты    хатты    үлестіріп    болған    пошташы    Әлтай    енді    газет    пен 

журналдарды  иелеріне  табыстыруды  бастады. 

 - Сейісов!   

- Бар! - деді С.Айман, сӛйтті  де  бір  құшақ  орысшасы  бар, қазақшасы  бар  мол  қағазды   

бауырына басты.  

 - Жұматаев!  

 - Бар! - деді  мектеп  директорының  студент  баласы  Мұхтар.  

 - Әліпов!  

 - Олар  үйлерінде  жоқ, - дедім  мен  кӛршілерімнің  жайын  баяндап. 

 - Қосымбаева!  



 -  Мен!  -  деп    қуана    дауыстап,  кӛптен    күткен    газеттер    мен    журналдарды  қолыма  

алдым. Пошта  есігінен  шыға бере: - О, "Қазақстан  әйелдері" , "Балдырған","Коммунизм  

шамшырағы"  (қазіргі  "Қармақшы    таңы")  ,  -  дедім    де    кілт    тоқтай    қалдым:  -  Сонда  

"Қазақстан  пионері" қайда ? - дедім жұлып алғандай  ӛзімнің  сүйікті  газетімді  іздеп ( ол 

-  қазіргі    "Ұлан"  газеті  ).  Белгісіз    бір    күш    мені    180    градусқа    еріксіз    бұрғандай  

жанталаса  поштаға  қарай  жүгірдім. Поштаға  алқын  - жұлқын  кіріп  келіп, ай - шайға  

қарамай:  - Ағай, сонда  менің "Қазақстан  пионерім" қайда ? - дедім.  

Пошта  ішінде  тұрған  бес - алты  адам  маған  үрпиісе  қарады. 

 -  Ӛткен    поштамен    де  жетінші    айдың    нӛмірі    келмеді,  бұл    жолы    да    жоқ.  Мен  

подшипка    жасап    жүр    едім.  Енді    ол    нӛмірді    қайдан    алам?  -  дедім    қара    аспанды  

тӛндіріп. 

 - Балам -ау, бүгін  келмесе, ертең де  күн  бар  ғой. Ертең  келмесе,  ауданға хабарласып  

алып  берермін, осы  бала  қызық -әй! - деді  пошташы  Әлтай, маған таңырқай  қарап.  

 - Онда  ертең  тағы келем,телефон соғып біліңіз, ертең  қолыма  алатын болайын, - 

дедім  мен  нығарлай  сӛйлеп. 

    Сол    күні    пошташы    Әлтай    менің    тапсырмамды    бірден    орындап,  поштадағы  қара  

телефонмен    жоғары    жаққа    хабарласты  ма  екен,  әлде    сүйікті    газетімнің  баспадан  

шығуы  солай  болды  ма  екен, ол  жағы маған беймәлім, ертеңіне "Қазақстан  пионері "  

газетінің  екі нӛмері  қолыма  бірден  тиді. Менің  қуанышымда  шек  болған  жоқ. Күлмің 

- күлмің  етіп, май  иісі  аңқыған  сүйікті  газетімді бауырыма  басып, құшырлана  иіскеп  

қоям.  Менің    бұл    қылығымды    байқаған    пошташы    Әлтай    кӛзінің    қиығымен  қарап, 

миығынан  күліп отыр. 

 - Ағай, сізге  кӛп  рахмет! - дедім  мен  ағымнан  жарылып. 

      Қуанышты  қалпыммен  салқын  үйге  ендім  де, қолымдағы  газетімнің  әр  бетіндегі  

әр сӛзге  мән  беріп  оқып  шығып, соңғы бетті  аударғанда, "Жазғы  лагерь  қызығы" деген  

атпен    шыққан    фотобаяндағы    шат-шадыман    балалардың    жүзін    кӛрдім.    "Жолдың  

қашықтығы  болмағанда,   сендер  де  лагерьге  барар  едіңдер" деген  класс  жетекшімнің  

сӛзі    есіме  түсіп,  ауылдың    шалғайлығына    наразы  болып,  қалада    тұрмағанымызға  

ӛкіндім. 

                                                      Айбалта   қыз 



     Біздің    ауылға    қарай    жолы  түскен  жолаушы  бұл    дүниенің  барлық    құмын  осында  

әкеліп    тӛккен  екен  деген    ойға    қалар,  сірә.  Қолмен  ойғандай    болып  кӛрінетін  күре 

жолмен    жүріп  келе    жатқан    жүк    машиналары    құм-теңіздің    бетінде  жүзген    құм-

кемелері  секілді  еді  маған. Зулаған машинаның соңынан ӛзімен бірге ілесіп  отыратын  

будақ-будақ    ақ    шаңы  ауылға  жеткенше    бір    елі  қалмайтын. Қызылқұмның   қиясында, 

арғы    жағы  Қарақалпақстанмен    шегаралас    орналасқан    ауылымыздың    аты  -  Кекірелі. 



Жетпіс  үйден  асатын  түтін  түтеп  отырған  шағын    ауылдың    атауының    шығу    себебін  

үлкендерден  сұрастыра    зерттегенде,"кекіре"    деген    шӛп  атауына    қатысты    шыққанын  

білдік.  Ауылдың    айналысатын    басты    кәсібі  -  мал    шаруашылығы.  Қармақшы  

ауданындағы  "Жаңақала" ұжымшарының  үшінші  қой  фермасы осында.  

       Әкем    марқұм    менің    үш    жасымда    дүниеден  ӛтіпті.  Маусым    айында    ең    алғаш  

пісетін қырық   күндік   дәмбілшені  қойнына тығып    маған  арнап  әкеп    беретіні,  бір  күні  

бақшаға  ертіп  апарып, үлкен  арықтан  ӛте алмай  тұрған  мені  қолтығына қысып  алып  

аттатқаны    ғана    еміс-еміс  есімде.  Менен  кейін  туылған  сіңілім  Қаракӛз    әкемнен    жеті  

айлық  сәби кезінде қалған. 

 -  Екеуіңнің  де    аттарыңды    әкелерің    қойды  ұйқастырып.  Қолы    қалт  етсе,  сендерді  

қолынан    тастамайтын.  Ол  кезде    әкелерің    түйекеш    еді  ғой,  -  деп  анам  айтқан   

естеліктерден    ғана    сіңілім    екеуміз    әкеміздің    бізге  деген  ыстық    ықыласын,    қамқор  

жүрегін  сезінгендей болатынбыз. 

      Анамның    айтуынша,  мен    дүниеге    келерде    әкемнің    түсіне    аппақ    ұзын    сапты  

айбалта  кіріпті. Қолына ұстап  алып  мәз  болып  жүр  екен. Бес  қарудың  біреуін  қолына  

ұстап  жүрген  соң, әкемнің бұл  түсін ұл  бала дүниеге келеді деп  болжаған  екен бәрі. 

Дүниеге  келетін  он  бірінші  баласы, әрі егде тартып  қалған шағы  болғандықтан  болар  

дәрігерлер анамды  облыс   орталығы   Қызылордаға  қуған  ғой. Менен   бұрын  дүниеге  

келген  онының  біреуі  киіз  үйде, біреуі  ауылдық  ауруханада туылған  соң, "бұл  қалада 

туылған" деп  мені  ерекшелейтін. Бәрі  «менің  кіндік шешем  пәлен, менікі  түген»  деп 

мақтанып    жатқанда,  «менікі    орыс  әйел,  бірақ    атын    білмеймін»    деймін,  ӛзімнің  осал 

тұсымда  даусым  бәсең  шығып. 

     - Босанып  болып, сені  бауырыма  басып  емізіп  отырсам, врач келіп  маған:"Онсызда  

он  балаңыз  бар  екен, егер баламды  тастап кетемін  десеңіз де  еркіңіз бар" демесі бар 

ма?  Мен    бұл    сӛзді    естіп    шошып    кеттім  де:  "Әр    баланың    ӛз    несібесі    бар,  мен  

балаларымды  кӛпсінбеймін. Ӛзіңіз кӛзі  ашық  адамсыз. Мұндай сӛзді  қалай  айтасыз?"- 

деп, врачқа дүрсе  қоя  бердім, - дейді анам үнемі мен  туылған кезді есіне  алғанда.  Анам 

бұл    әңгімені    айтып,  еске    алған    сайын:  "Сол    кезде    мені    тастап    кетсе,  қазір    мен 

бармын  ба,  жоқпын  ба?"  деген  ойға    қалып,  ӛне    бойым  дірілдеп  кететін.Ӛзім    осындай  

ойда  отырғанда  кіші ағам  Бӛлеген:  

-  Апа,  әкем    айбалта    кӛріп,  ұл    туасың    дегенде,  біздің    Бота  қыз    боп    туылды.  Анадай  

әңгімеден  соң  дәрігер осы  қызды  ауыстырып  жіберген  шығар. Сен  ұл  болғаныңда  

ғой,  інім    бар    деп    жүретін  едім  ,  -  дейді    қулана  маған    қарап,  мәселені    одан    сайын  

күрделендіре. 

 - Тәйт, әрі, "қыз, қыз" деп қақылдай бермей, әкең  марқұм "нашар  бала деп  айтыңдар"    

деп үнемі  ескертуші  еді,- деді анам  ағама  ескертіп.  



- Шынында  да,  түрі  кәріске  ұқсайды, қалада не  кӛп  кәріс  кӛп, бұл  бір  кәрістің қызы  

шығар, - деп  болжады, менен үш  жас  үлкен  тәтем  Нұрсәуле. 

    Ӛзімді  "жаман    врачтан"  аман  алып    қалғаны  үшін    анама    риза  болып  отырғанымда, 

ағам  мен  тәтемнің  мына  сӛздері  менің  жүрегімді  одан  сайын  ауыртты. 

 - Кетіңдерш -ей, сендер! Одан  да  мені  «дегдомға» апарып  тастаңдар! - дедім де, ренжіп  

теріс  қарап  отыра  қалдым. Менің  бұл  қылығыма  әуелі бәрі  риза  болып  күліп - күліп  

алды да, сонан соң  барып  үлкен  ағам  Сәкен: - Қойыңдар -әй, кәрістерге  мұндай  бала  

қайда?-  деп,  мені    теріс    қарап    отырған  жерімнен  кӛтеріп    алып:  -  Қой,  ӛкпелеме,  олар  

әншейін  айтады, - деді  мені  жұбатып. 

 - Болды, былшылдай  бермеңдер, менің Ботам ӛзімнің  аузымнан түскен  ғой, - деді анам  

осы  кезде  маған мейірлене   қарап: - Бұларға  бірдеңе айтсаң, құтыртып  жібереді    ғой, 

түге,  -  деп,    мен    туралы    шығармашылық    оймен    айналысып    отырған    бауырларыма  

зекіп  тастады . Манадан  бері  анамнан  күтіп  отырған  сӛзімді  естісем  де, "шынымен де  

мен ауысып  кеткен  шығармын" деген күдікті  ой екі-үш күнге  дейін  сейілмей, санамда  

тұманданып  тұрды  да  қойды. 

Ауырып  қалған  базаршы 

  Анамның  жаздай  жинаған  ақшасын  алып, мен, менен үш  жас үлкен тәтем  Нұрсәуле, 

сіңілім  Қаракӛз    Қызылордаға    барып    базарлап    қайттық.  Қаланың  ығы-жығы  тірлігі, 

зуылдаған  кӛп  машина, қоқыс  тола  жәшіктердің иісі, мектеп  жәрмеңкесіне  жиылған  

ӛте    кӛп    халықтан  басым  айналды  ма,  әлде  барарда  да,  қайтарда  да  "АН-2"  самолетіне 

отырып  келгендіктен бе, басымды  кӛтере  алмай  тӛсекте үш  күн  жаттым. Үшінші  күні  

анам алаулап  батып  бара жатқан  күннің  шапағына қарата  тізерлетіп, жерұшық  беріп, 

үпілеген  соң, ескі ырымның кӛмегі  тиді ме, ертесіне  қалқиып  орнымнан  жеңіл тұрдым. 

Үш  күн нәр сызбай, тек  айранды ғана қорек  еткен  мен  кәдімгідей  сылынып  қалыппын. 

Айнаға қарап,ӛзімнің  күнге күйген  шаршаңқы  жүзімді   кӛрдім. Әншейінде "қара қыз" 

деп мазақтағандарға  іштей ренжуші едім, енді  соған  кӛзім  жетіп, ӛзімнің  қаралығымды  

мойындағандай  болдым. 

    - Тұрдың  ба, Ботам-ау, кел  шайыңды  іш, - деді  анам  мейірлене. - Мектептің  ремонты 

әлі  біткен  жоқ.  Құрылысшы  орыстар  бүгін  -  ертең    бітіреді    дейді,  болса  әктеп, 

тазалауымыз  керек.  Оқуға  да    бір  апта    қалды    ғой    енді,  -  деді    жұмыс    киімін  қалтаға  

салып  жатып.  -  Бұзауға    су    мен    шӛп    беруді    ұмытпаңдар,  түсте    шай  дайындап  

қойыңдар,- деп, жүре  сӛйлеп,  үйден  шығып  кетті. 

       Анам    кеткен    соң    істейтін    істерімді    тізбектей    бастадым:  үй    тазалаймын,  суға 

барамын, бұзауға  су  беремін,  соссы-ын қаладан  әкелінген  су  жаңа  заттарды бір  -бір 

шолып    шығуым    керек.Қалада    жүрген    үш  күнім    мен    ауырып    қалған    күндерімді  

қосқанда  бір  апта    уақытта  дағдылы   әрекеттерімді   сағынып  қалыппын.Бес  бӛлмені 



әндетіп  жүріп  тазалап тастадым  да, ауыл шетіндегі  бұлақтан  су әкелу  үшін қол арбаға  

қырық  литрлік  флягты  іліп  алып  салдырата  жӛнелдім. Біздің үй  мен бұлаққа дейін  

баратын  жолдың  жартысы - тақырлы  жер  де, жартысы - сусыған  ыспа құм.Ыспа  құмға  

жете    бере  ӛз    үйіме    келгендей  аяқ    киімімді  шешіп,  арбаға    тастадым    да,  жалаң  

аяғыммен  құм  үстінде  кӛстеңдей  жӛнелдім. Жып - жылы  құмнан  тұла  бойыма  белгісіз  

бір  күш  жүгіріп, табанымды  қытықтай  жӛнелді.  Ай, рақат -ай, ауылдың ауасы қандай  

таза    еді!?  Кӛкірегім    кеңіп    сала    берді.  Бұлақ  басына    келе    ағып    жатқан    таза    судан 

құшырлана  сімірдім  де, бетімді  мұздай  сумен  қайта - қайта  жуа  бердім, жуа  бердім. 

Жер  шарының  шетінде  болса  да, туған  ауылыңа  ештеңе  жетпесін  енді  білгендеймін. 

                                                       Екіліктің  зардабы 

  Жаз бітіп, кӛптен  күткен  білім  күні де  келді. Жазғы  демалыста ӛз дегенімен  жүріп, 

еркінсіп  қалған  мектеп  оқушылары есейіп, тыңайып қалған. Он бір жылдық болғанымен, 

әр  класта  он  бестен  аспайтын  оқушыдан  тұратын    мектебіміз      шағын  ғана.  Мектептің  

кӛне  бӛлігі  тапалтақтау  да,  жаңадан  қосылған  жағының  еңсесі  биікәрі  тартымды.  Биыл 

біздің  кластың    еншісіне  сол    жаңа    бӛліктегі  математика    кабинеті    тиіпті.  Класс 

жетекшіміз  Тұрсынкүл    апайдың    математика    пәнінен    бергенінің  пайдасы  бұл.  Бұл  

кабинет  -  мектептегі  қол  жетпес  кабинеттердің    бірі.  Сондағысы-    біз  үшін  бейне    бір 

ерекше  құрылғыдай  кӛрінетін әр  партадағы электронды  калькуляторлар.  

    Тұрсынкүл  апай   мектеп   ережесін  қайта  есімізге    салып    ӛтті  де,  ӛзінің  орнатқан  ішкі  

ережесін  хабарлауға  ауысты:  -  Ескерту,  кімде-кім    класта  екілік    алатын  болса,  сол  екі 

жойылғанша  бүкіл  класқа киноға  баруға  рұқсат жоқ, - деді  салмақты үнмен. 

-  Апай,  сонда    қалай,  біреу  үшін  біз  неге  жазалануымыз    керек?  -  дедім    мен  екілік 

алмайтыныма  сенімді үнмен.  

 - Ӛзің  бес  ала  бергенше, сен қыз ана  Күмісбайға да  сабақ  оқыт, - деді  апайым менің  

мойыныма  аса жауапты  тапсырманы  артып. 

 - Туу, біздің апайдың  ойлап  таппайтыны  жоқ екен, - деп  күйіп - пістік үзілісте. 

 - Онсызда кӛріп  жатқан  телевизорымыз  жоқ, апай  бізді  неге  қинай береді  екен, а?  -

деді Арай  күрсініп.  

      Ауыл    клубында    оқушыларға  киноға    кіруге  сенбі    мен  жексенбіде    ғана  рұқсат 

берілген. Екі күн -  біз үшін мереке.Үстеріне барын киіп, ерекше  сәнделген бойжеткендер  

керек пе, кӛңілі қалаған аруын  сыртынан  бақылаған  бозбала  ма, ауылдың ақсақалынан  

енді  тілі  шыққан  балаға  дейін осы  клуб  ішінде. "Пәлен  пәленге хат жазыпты, қара, 

қара,  екеуі  қатар    отыр"  деп,    кино  басталғанша  махаббат  кейіпкерлеріне  шолу 

жұмыстарын  жасап    та  үлгіреміз.  Жарық    сӛніп,  үлкен    ақ    кленканың  бетіне    жазу  

шыққанша, бәрі ысқырып, жер тепкілеп, ойына  келгенін істейді.Осы  сәтті  пайдаланып, 

біреу біреудің бас  киімін зып  еткізсе, енді бірі қолы қышып, алдыңғы баланың  басынан 



не иығынан нұқиды. Экранға жазу шығысымен,  бәрі  де  мәдениетті  кӛрермен  болып, 

мұның    бәрін  сап  тиятын.  Орын  жетпегендер  алдыңғы      жақтағы    еденге  ӛз  үйінде 

жатқандай  шынтақтай    қалатын.  Міне,  осындай  қызықтың    бәрінен  биыл    құр  

қалмақшымыз.  

 - Енді  не  істейміз, а?- деді  Гүлнұр  ойланып. 

  -  Қыздар,  былай,  Күмісбайдың  сабағын    жабылып  оқытайық,  жаттығуды    жаздырамыз, 

есебін  шығартамыз, жаттауын жаттатамыз, - дедім  мен  қызбаланып. 

  - Ол  оқытқанға  оқыса  жақсы, - деді  О.Айгүл  аузын  бұлтитып. 

  - Шақырыңдарш, ана Күмбайды! - деді  Арай  жұлып  алардай. 

  - Бері  кел, әй, Күмбай, - деді Гүлнұр  айқайлап.  

  - Не  керек  сендерге? - деді Күмісбай ӛзінің  үлкен  мәселе тудырғанымен   шаруасы да 

болмай. 


  - Сен  бүгіннен бастап  сабақты  жақсы оқуың  керек,егер  екі алсаң  жігіт емессің,- дедім  

мен  оны  қорқытып. 

  - Оқи  алмасам ..... қалай ...... оқимын  енді... - деді ол күмілжи  міңгірлеп.  

  - Біз  сені  оқытамыз, - деді Арай  сылқ - сылқ  күліп. 

 - Жарайд,оқим...- деді Күмісбай сӛзінің  соңын  жұтып. 

 -  Жәр-рәй-сің, біздің Күмбай  нағыз  жігіт екен!  -  деп  мәз  болыстық   бәріміз Күмісбай 

күнде    бестік    алатындай.  Кластың    қыздарының    арқасында    Күмісбай    екіліктен  бір  

айдай  аман  жүрді. "Бақаны  таққа  отырғызғанмен, шалшыққа  секіріп  түсер" дегендей, 

қанша  тырыссақ  та  біздің қуанышымыз  ұзаққа  бармады. 

     Күн    сенбі    болатын.  Кезекті    орыс  әдебиеті    сабағында  Күмісбай    қоржынына    бір 

екілікті қонжитты. Бәріміздің  тӛбемізден жай түскендей, сілейдік те  қалдық. Ішіміз  удай  

ашып,  қоңырау    соғылса    бітті    Күмісбайды    түтіп    жегелі  отырмыз.Клубқа    үндінің 

"Отбасы" фильмінің  келгенін  естіп, осы  сенбіге зорға  жетіп едік. Күйімізді   сезгендей 

қоңырау да шыр ете  қалды. 

 - Ал, бара  ғой  киноға! - деді  Арай, жұлып  алғандай орнынан атып  тұрып. 

 Үлкен дауылдың  соғарын  сезген  Күмісбайда  үн жоқ. 

 -  Ей,  Елеуов,  кешегі    жаттап  келем    деген  уәдең    қайда?  -  дедім  мен  оны    жеп  қоярдай  

аларып. 


 -  Мен...мен...  жаттап    жаты-ыр-р    едім...кӛззім  ілініп  кетіпті,  -  деп    міңгірледі  Күмісбай  

дауысы  жер  астынан  шыққандай  болып.  

 - Ӛй, ұйқыда  басың  қалғыр,мәубәс  немме! - деді  Арай таусыла ренжіп.  

 - Бұл  не  дау? - деген  дауысқа  жалт  қарасақ, класс  жетекшіміз  біздің айқайымызды  

 сырттан бақылап  тұр екен.  

  - Апай, Күмісбай  екі  алды!- деп  баяндады  Х.Айгүл.  



  - Ай, Күмісбай, Күмісбай, сен  адам  болмассың, - деп, басын  шайқай риза  болып  күлді  

апайымыз.  Апайдың    бұл  күлкісіне  біз  қосылып    күле    алмадық.  Күліп    болған  соң 

"Күмісбайға  бола  сендерді ұстамайын, киноға  барсаңдар бара  беріңдер" дейтін  шығар  

деген  үміт тұрды  бәріміздің кӛңілімізде. Бірақ  үмітіміз  ӛшіп, апайдан ондай  сӛз  ести  

алмадық.  Ендігі  тілегіміз  -  Күмісбай    екілігін    жойғанша    киномеханик  Қожантай  

"Отбасы" фильмін  аудан  орталығына  қайтарып  жібермесе  болғаны. 

    Ақыры    бізге  үндінің  "Отбасы"  фильмін    клуб    үйінің    үлкен    экранынан    кӛру    бұ-

йырмады.  Күмісбайды  тоқпақтап  жүріп    екіден  құтқардық  -ау  дегенде,  орыс    тілінен 

жазған  диктанттан  екінші  екіні  еншіледі.  

       Жаңа  Жыл  қарсаңында    бүкіл    ауыл    телевизор    кӛру    мәртебесіне  ие  болды. 

Кӛретініміз -  жалғыз ғана ОРТ арнасы. Сайраған орысшаның  біріне түсініп, екіншісіне 

түсінбесек  те,    тӛртбұрышты    айнадан    кӛзімізді    алмай    үңіліп,  орыстың    тілін 

құлағымызға    сіңіре  бердік.  Бізге  арман    болған  "Отбасы"  фильмін    теледидардан     

тамашалап, еңіз -теңіз  жылағаным есімде  қалыпты.  




  1   2


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал