Бисен ауылдық округіне қарасты Жиекқұм ауылының тұрғыны



жүктеу 340.02 Kb.

бет3/3
Дата10.09.2017
өлшемі340.02 Kb.
1   2   3

 бисендіктер белсенділік танытуда

Ассамблея жылына арналған ауқымды шаралар біздің ауылда да жалғасын 

табуда.  Ауылдық  кітапхана  мен  мектеп  кітапханасында  ұлттар  достығына 

көрмелер  жасақталып,  қабырға  газеттері  шығарылды.  Ашық  тәрбие 

сағаттары, концерттік бағдарламалар өткізілді. «Салтанат» балабақшасының 

бүлдіршіндері  әр  ұлттың  салт-дәстүрін  бейнелеп,  сайысқа  түссе,  мектеп 

оқушылары ұлттық билер байқауын өткізді. Интернат ұжымы да әр ұлттың ме-

рекелерін дәріптеп, дастарқанын жайып, дәм ұсынды. 

Ауылда  өткізіліп  жатқан  мәдени  шаралардың  бірі  –  ауылдық  кітапханада 

«Біз қазақстандықтармыз» деген атаумен өтіп жатқан «дөңгелек үстел». Онда 

әр  мекеме  әр  ұлттың  өкілі  болып  шығып,  сол  тілде  ән  айтып,  биін  биледі. 

Қазақстанда тұратын 130-дан астам ұлттың салт-дәстүрлерін сақтай отырып, 

тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқаны жыр етілді. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» де-

мекші ауызбіршілігіміз жараса бергей деген тілек айтады бәрі де.

Осынау игі шараның соңы ауылдық Мәдениет үйінде Қазақстан халқы бірлігі 

күні түйінделмек.



*   *   *

Көктем келіп, күн жылынсымен-ақ ауыл адамдары малдарын өріске айдап, 

қора-қопсыларын, ауласын тазалап, күл-қоқыстарды шығарып жатса, мектеп 

оқушылары  ауыл  сыртын,  көшелерді  тазалауда.  Мекемеде  істейтіндер  де 

бұл  шараға  белсене  араласып,  ағаштар  отырғызып,  түптерін  ақтауда.  Бір-

лескен  қимылдың  нәтижесінде  саябақтар  тазаланып,  зираттар  қоршалды. 

Мал дәрігерлік учаске ұжымы ескі мал моласының қасынан жаңасын қазып, 

ауылдың  іші-сыртындағы  мал  өлекселерін  жинап,  өртеп,  көмді.  «Ардагер-

лер саябағы» жас көшеттермен толықты. Үйлер әктеліп, қақпалар сырланды. 

Ауылда  өтіп  жатқан  осынау  сенбілікке  тұрғындар  да  біркісідей  атсалысуда. 

Ауыл әкімінен бастап, балабақшадағы бүлдіршіндерге дейін сенбіліктен шет 

қалмауда. Яғни, аудан бойынша жарияланған санитарлық-экологиялық айлық 

Бисен ауылында қарқынды өтіп жатыр.

Екатерина МӨКЕШЕВА.

Бүгінгі күннің тақырыбы

Талап пен тазалық 

ажырамас егіз ұғым

Бір ауылдан екі хабар



21 cәуір 2015 жыл

6

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Орда – өнерлілер өлкесі

Асау арман

...Бала  кезінде  бойынан  аса  бір 

ерекшелік  байқала  қоймаған  Самал 

Қадерұлы  табиғатпен  етене үндесті. 

Бисен  ауылында  жарық  дүние  есігін 

ашқан  қара  баланың  тұйық  мінезі 

оны  ортасында  елеусіздеу  қалыпта 

көрсететін.  Самал  мектепте  оқыған 

кезінде  соңғы  партаға  отырып 

алып,  бар-жоғы  білінбейтін  оқушы 

болғанымен,  оның  жан  дүниесінде 

сезімтал  сыр  бұғып  жататын.  Ата-

аналары  ауылға  іргелес  жерде  мал 

баққандықтан,  былайғы  кезде  суы-

рылып  сөйлей  қоймайтын  балақай 

дала  төсіне  табан  іліндірісімен  ән 

салып,  әр  түрлі  күлдіргі  әзілдерді 

аяқасты тауып айтып, екінші тынысы 

ашылғандай, өзгеріп сала беретін-ді. 

Жусан иісі жан сарайына сезімтал сыр 

ұялатып,  бөктерлерден  қып-қызыл 

қызғалдақтар  мен  сарғалдақтарды 

теріп әрі оларды қылқалам құдіретімен 

ақ  қағаз  бетіне  түсіретін.  Ат  үстінде 

даланы  басына  көтере  емін-еркін 

ән  шырқайтын.  Өнбойын  құштарлық 

кернеген  арманшыл  бала  сол  кезде 

өнердің  белгісіз  соқпағына    жол    са-

лып алғанын түсіне қоймаған-ды.

Осылайша  көкірегіне  ой  жиып 

өскен  Самал  ауылда  жүріп,  жан-

жақты  қабілеттілігімен  таныла  бас-

тайды. Алдымен сурет салуға ынтасы 

ауып,  «Шіркін,  суретші  болсам  ғой» 

деп  қиялға  берілетін.  Өзі  табиғат 

үніне  елтіп  өскен  жеткіншек  мысық, 

қой,  ешкі  сынды  үй  жануарларының 

кескінін  айнытпай  салып,  тіпті, 

олардың дауыстарын да айна-қатесіз 

қайталайтын.  Мектеп  қабырғасында 

жүргенде  өзінің  Нұрболат,  Нұрлан 

ағаларынан шахмат ойнауды үйреніп, 

кейін  аудандық,  облыстық  сайыстар-

да  бас  жүлдені  қанжығасына  бай-

лап,  шеберлер  санатына  іліккені 

де  бар.  Мектеп  партасында  миына 

шахмат  тақтасы  кіріп  кеткен  бозба-

ла  қалай  жеңудің  айла-тәсілдерін 

ойлап,  бас  қатыратын.  Сөйте  жүріп, 

«алтын  ұяны»  жақсы  деген  бағамен 

бітіреді.  Фотоға  түсіруді  де  қызық 

көріп, әуестенген ол ән-жырға  да  ден 

қояды. Бойында ұяңдық сезімі басым 

болған  бала  Самал  көбірек  үнді  ки-

ноларын  тамашалап,  ертегі  тыңдап, 

санасына  қияли  әлемнің  түсініксіз 

бояуымен сурет сала бастайды. «Он 

бір жыл бойы үндемей келдім», -деп 

өзі  айтқандай,  табиғат  көріністері 

оны    жиі    қызықтырып,  әдебиет  пен 

ішкі дүниесі үйлесім тапқан жас талап 

бойындағы  әртістік  қабілеті  арқылы 

көпшілікке танылады. 

Алғашқы роль

...Ол  кезде  Бисен  ауылына  да 

республиканың 

түкпір-түкпірінен  

әртістер  гастрольдік  сапармен  келіп, 

атасы  Әбу  мен  әжесі  Сақып  оларды 

үйлеріне қабылдайтын сәттер жиі бо-

лып тұратын. Өнер майталмандарының 

киім  киістері  мен  образға  еніп  ой-

нау  шеберліктеріне  тәнті  болған 

балақай  оларға  қызығушылықпен 

қадала  қарайтын.  Оқушылық  өмірден 

соң,  Ш.Жексенбаев  атындағы  орта 

мектепте  бейнелеуден  сабақ  беріп 

жүргенде  Ұялы  ауылының  клуб 

меңгерушісі  Сайлаубек  аға  Мұхтаров 

оны  көркемөнерпаздар  үйірмесімен 

бірге концерт қоюға шақырады. Алғаш 

ауыл 

сахнасындағы 



қадамдары 

жоғары  бағаланып,  тұрғындардың 

риясыз  алғысына  бөленеді.  Осы  бір 

қолпаштауға  көңілі  өскен  жеткіншек 

өзін кішігірім жұлдыз санай бастайды. 

Көзінде ұшқыны бар қабілетті баланың  

бұлқынған  асау  арманын  дер  кезінде 

байқаған  Сайлаубек  ағасы  қиын  да 

қызықты  өнер  жолына  бағыт  сілтей-

ді.  Көңіліне  үкілі  үмітін  қонақтатқан 

бозбала  Дәулеткерей  атындағы  өнер 

институтының  режиссерлік  бөліміне 

оқуға  түседі.  Комиссия  мүшелерінің 

сұрауы  бойынша  қойдың  маңырауын 

айнытпай  салып,  шығармашылық 

сынақтан да мүдірмей өтеді. Институт 

қабырғасында  Халық  әртісі  Гүлнар 

Жақыпова,  Амантай  Сұлтанғалиев, 

режиссер  Жамбылбек  Есенбеков, 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 

Мұрат  Ахманов,  Айман  Қуатова  сын-

ды    танымал  шеберлерден  дәріс 

алады.  Сәкен  Жүнісовтің  «Аман-ай 

мен  Заман-ай»  шығармасы  бойынша 

дипломдық  жұмысын  қорғайды.  1997 

жылы аталмыш институтты бітіріп, ар-

ман асуына қадам басады.

Көп  кешікпей,  актер  болуға 

ынтыққан  жастың  еңбек  жолы  Ба-

тыс  Қазақстан  облыстық  қазақ  дра-

ма  театрында  басталады.  Ең  алғаш  

«Сотанайдың  соңғы  үйленуі»  спек-

таклінде  Қоқайдың  рөлін  сомдайды. 

Театр  тарландарының  ортасында 

сүйікті  мамандығы  бойынша  қызмет 

етіп  жүріп  әскер  қатарына  алы-

нады.  Отан  алдындағы  борышын 

Алматы  қаласында  Б.Момышұлы 

атындағы полкте өтеп, театрға қайта 

оралғанымен  сол  жылы  қысқаруға 

ұшырап,  Серке  Қожамқұлов  есімін 

иеленген  Жезқазған  сазды  драма 

театрына  жұмысқа  қабылданады. 

Жан  дүниесімен  үндесер  өз  орта-

сын  сағынған  албырт  жас  мұнда 

халық  әртісі  Досжан  Жанботаев, 

Қазақстанның  еңбек  сіңірген  әртісі 

Серік  Бұлғақбаев,  Қоныс  Бекайда-

ровтармен  бірге  қызмет  етіп,  терең 

тағылым алып, білімін тәжірибесімен 

толықтырады.  Бұл  мәдени  орта-

да  Әлімбек  Оразбековтің  «Бір  түп 

алма  ағашы»  қойылымында  Тұрсын,  

т.б.  рөлдерді  сомдап,  көрермен 

ықыласына  бөленеді.  1999  жылы 

отбасылық  жағдайға  байланысты 

Батыс Қазақстан облыстық қазақ дра-

ма  театрына,  яғни,  қара  шаңыраққа  

қайта  оралады.  Мұнда  өзінің  курста-

сы  әрі  досы  Мұқанғали  Томановтың 

«Бес бойдаққа бір той», «Қиқарлар», 

«Қошқар мен теке» қойылымдарында 

ойнайды. 

Мұқанғали 

екеуі 

тәжірибелерімен  бөлісіп,  режис-



серлік  қызметтің    қыр-сырына  елти 

түседі.  Жан-жақты  талпынысын  мо-

лайтып,  әдебиетпен  үндесер  ішкі 

шығармашылық  қуатын  халық  ал-

дына  ұсынуға ұмтылады.  Өзіне  сын 

көзімен  қарайтын  ол    режиссура  са-

ласын терең меңгеру үшін 2009 жылы  

Б.Бейшеналиева  атындағы  Қырғыз 

Мемлекеттік өнер институтының дра-

ма  режиссері  бөліміне  оқуға  түсіп, 

оны 2013 жылы бітіреді. Мамандығын 

шынайы  сүйген  Самал  Әбуов 

шыңдалу мектебінен өтіп, 40-қа жуық 

рөлді  және  4  қойылымды  жарыққа 

шығарады. Өзіне қатаң талап қоятын 

театр  режиссері  көрерменге  жан-

жақты  дайындалған  дүниені  ғана 

ұсынуды мұрат етеді.



Шеберлік

«Санасы  бос  адамның  алдында 

ойнағанша,  бос  орындықтың  алдын-

да  ойнаған  жақсы»,-деп  ағылшын 

халқының  танымал  актері  Алек  Гин-

нес  айтқандай,  актер  үшін  көрермен 

ықыласынан асқан бақыт жоқ. Самал 

Қадерұлы «Мен таңдаған мамандық» 

бағдарламасына  берген  сұхбатында: 

«Көрерменді күлдіру мақсат емес, ең 

бастысы,  шынайы  ойнау  керек»,-деп 

ұстазы Мұрат  Ахмановтың сөзіне жан 

бітіріп, «Комедия жанры өзіме жақын 

әрі  ондағы  кейіпкерлер  образын 

айналамнан  аламын»,-деп  ағынан 

жарылады.  Ішкі  әлемінде  қайнаған 

қуатын көптің алдына шығарып, олар-

ды  жан  дүниесімен  үндестіру  актер 

үшін үлкен бақыт. Әр қилы образдар-

ды  сомдағанда  кейіпкердің  жанын 

терең  зерттеп,  зерделеп  барып  қана 

көрерменге  ұсынуды    жөн  көреді. 

Әбден санада қайнап, көкіректе піскен 

дүниенің қашанда бағы басым болары 

анық.  Самал  Қадерұлы  сахналаған 

қойылымдарды  көрерменнің    жылы 

қабылдауы  сөзіміздің  дәлелі.  Жусан 

иісін  сағынатын  ол  өзінің  кіндік  қаны 

тамған  Бисен  ауылын,  киелі  туған 

өңірін  жан-жүрегімен қабылдап, ішкі 

әлемнің  тұңғиық  ойлары  арқылы  

асау  арманға  құлаш  жүзіп  өскен.  Ат 

үстінде  бар  дауысымен  айғайлап  ән 

салған  болашақ  режиссердің  ізденісі 

сол сағым жүгірген сары даладан бас-

тау алғаны анық. 



Өнерді сүйген 

шаңырақ

Кейіпкеріміздің сүйген жары Эльмира 

Мақашева  да  облыс  көрермендерінің 

жоғары  бағасын  алған  актриса.  Қос 

жұптың  еңбек  жолы  облыстық  Қазақ 

драма  театрында  тоғысқан.  Отба-

сында, қызметте де тек театр жайын-

да  әңгімелейтін  олардың  ойлары 

мәдениет пен әдебиет жайында өрбіп, 

ортақ  арнаға  бұрылып  отырады. 

Эльмира  мен  Самалдың  театрдағы 

басым  рөлдері  комедия.  Талғампаз 

көрерменнің  бағасын  алып  үлгерген 

образдары  екеуінің  де  бұл  жанрға 

жақындығын байқатады. Тірліктегі ірілі-

ұсақты қақтығыстар әртіс шеберліктері-

мен  көрініс  тауып,  күлкіден  көзге  жас 

үйірсе,  енді  бірде  айтар  ойды  уытты 

тілмен көкіректен сорғалаған ащы мұң 

арқылы жеткізу актер мамандығының 

құдіретін  елге  танытады.  Бақытты 

жұптың  шаңырағында  Гүлдана  есімді 

бүлдіршін  де  ата-аналарының  жолын 

қуып,  осы  бір  салаға  бөтен  емесін, 

тіпті, 

бойында 


шығармашылық  

ұшқыны  маздап  жатқанын  байқатқан. 

Ол  Мұрат  Жәкібаевтің  продюс-

серлік  орталығында    «Жеңіс  та-

рихы»    циклі  негізінде  түсірілген 

«Қарыздар  ұрпақтан»  атты  деректі 

фильмде  Халық  Қаһарманы  Хиуаз 

Доспанованың  балалық  шағын  сәтті 

бейнеледі.  Киноны  тамашалаған 

апамыз:  «Болашақ  сахна  батыры 

болады»,-деп,  алыста  отырып-ақ, 

балауса  қыздың  ойнына  үлкен  баға 

берген  екен.  Өздері  сұхбаттарында 

айтатындай, бес айлықтарынан театр 

кереметін  кішкентай  жүрекпен  сезініп 

өскен  Гүлдананың  алар  асуы  әлі 

алда. Қазір ол Қазақ ұлттық өнер уни-

верситеті  жанындағы  балет  мектебін-

де  оқиды.  Гүлдананың  артынан  бұл 

шаңырақта Оралхан, Досхан атты қос 

батыр  өсіп  келеді.  Мақсат-мұраттары 

бір отбасының тірегі Самал Қадерұлы 

Әбуовтің ендігі арманы – киноға түсу. 

Яғни,  үлкен  экраннан  көріну.  Құм  На-

рында    дүние  есігін  ашып,    образда-

ры  арқылы  өнердің  інжу-маржанда-

рын  жарқырай  көрсетуге  талпынған 

режиссер  бейнесі  қашанда  көптің 

көңілінен  шығып,  халық  ортасында 

өз  бағасын  ала  берері  хақ.  Мара-

паттардан  кенде  емес  кейіпкеріміз  

жақында  Халықаралық  театр  күніне 

орай, Мемлекеттік және Жастар одағы 

сыйлықтарының лауреаты, профессор 

Тұңғышбай Жаманқұловтың  «Құрмет 

грамотасына»  ие  болды.  Сондай-ақ, 

жерлесіміз,  облыстық  қазақ  драма 

театрының  режиссері  Самал  Әбуов 

гастролдік  сапарымен  таяу  уақытта 

туған  жерінде  болады  деп  күтілуде. 

А.Атымтаеваның  «Кім  патша?»  ер-

тегісі  мен    (қоюшы  режиссер  Самал 

Әбуов)  С.Балғабаевтың  «Ең  әдемі 

келіншек»  (мелодрама)  қойылымын 

(қоюшы режиссер Қазақстанның еңбек 

сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің ие-

гері  Мұрат  Ахманов)  бөкейордалық 

көрермен назарына ұсынбақшы. 

Ардақты  ағайын,  сіздер  де  сол 

қойылымға келіңіздер, көріңіздер!



Гүлнар ҚАДЫРОВА,

Қазақстан Журналистер 

одағының мүшесі.

«Сотанайдың соңғы үйленуі»



Самалды сахнада алғаш танытты

Бөкей  ордасы  ауданының    мәдениет,  тілдерді  дамыту, 

дене  шынықтыру  және  спорт  бөлімінің  мұрағатшысы    –  1 

бірлік.

Конкурсқа  қатысушыларға  қойылатын  талаптар:  білімі  

-  жоғары  немесе  ортадан  кейінгі,  мамандығы  бойынша:  құқық: 

юриспруденция,  халықаралық  құқық,  құқық  қорғау  қызметі; 

әлеуметтік  ғылымдар,  экономика  және  бизнес:  мұрағаттану, 

құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік және 

жергілікті басқару; білім: құқық және экономика негіздері; компью-

терде жұмыс істей білуі.

Кәсіби  біліктілігі:  Қазақстан  Республикасының  заңнамалық, 

өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу, ұйымда мұрағат іс-

терін жүргізу бойынша әдістемелік және нормативтік-техникалық 

материалдарды,  құжаттарды  мұрағатқа  қабылдау  және  тапсы-

ру,  оларды  сақтау  және  пайдалану  тәртібін,  іс  жүргізу  жүйесін, 

құжаттарды тұрақты және уақытша сақтау сипаттамаларын және 

құжаттарды жою туралы актілерді жасау тәртібін, істерді рәсімдеу 

және  оларды  сақтау  мен  пайдалануға  дайындау  тәртібін,  есеп 

жүргізу және есептілікті жасау тәртібін, техникалық құралдарды 

пайдалану  ережелерін,  еңбек  заңнамасын,  ішкі  еңбек  тәртібін, 

өрт қауіпсіздігі талаптарын білу.

Қызметтік міндеттері: кәсіпорында мұрағат ісін жүргізу бойын-

ша жұмысты жүзеге асырады. Мұрағатқа келіп түсетін құжаттарды 

сақтауды  және  сақталуын  қамтамасыз  етуді  ұйымдастырады. 

Мекемеге  сақтауға  келген,  іс  жүргізумен  аяқталған  құжаттарды 

қабылдайды  және  тіркейді.  Іс  номенклатураларын  әзірлеуге 

қатысады,  олардың  мұрағатқа  тапсыру  кезінде  қалыптасуының 

және  ресімделуінің  дұрыстығын  тексереді.  Қолданылып  жүрген 

ережелерге  сәйкес  сақтау  бірліктеріне  шифр  береді,  істерді 

жүйелендіреді  және  орналастырады,  олардың  есебін  жүргізеді. 

Тұрақты  және  уақытша  сақтау  мерзім  бірліктерінің  тізімдеме 

жинағын, сонымен қатар құжаттарды мемлекеттік сақтауға беру, 

сақтау  мерзімі  өткен  материалдарды  есептен  шығару  мен  жою 

үшін  актілерін  даярлайды.  Құжаттар  бойынша  анықтама  ап-

паратын  құру  бойынша  жұмысты  жүргізеді,  олардың  ыңғайлы 

және тез іздестіруін қамтамасыз етеді. Мұрағаттық құжаттардың 

ғылыми  және  тәжірибелік  құндылығының  сараптамасы  бойын-

ша  жұмысқа  қатысады.  Мұрағат  жайларында  өрт  қауіпсіздігі 

ережелерінің  сақталуын  бақылайды.  Келіп  түскен  сұрауларға 

сәйкес  мұрағаттық  көшірмелерді  және  құжаттарды  береді, 

мұрағат  құжаттарында  бар  мағлұматтардың  негізінде  қажетті 

анықтамалар жасайды, мұрағат жұмысы туралы есептілікті даяр-

лау үшін мәліметтерді әзірлейді.

Конкурсқа  қатысуға  қажетті  құжаттар:  түйіндеме,  өтініш, 

кадр  есебі  жөніндегі  жеке  іс  парағы,  білімі  туралы  құжаттың 

нотариалдық  шандырылған  көшірмесі,  еңбек  кітапшасының 

көшірмесі  (болған  жағдайда),  медициналық  кітапша  немесе 

анықтама (086).

Конкурсқа  қатысуға  тілек  білдіруші  азаматтар  қажетті 

құжаттарын  хабарландыру  жарияланған  күннен  бастап  15 

күнтізбелік күннен кешіктірмей тапсыруы қажет.

Құжаттар  мына  мекен-жай  бойынша  қабылданады: 

БҚО, 

Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі, 27 

үй.  Бөкей  ордасы  ауданының    мәдениет,  тілдерді  дамыту, 

дене шынықтыру және спорт бөлімі. 

Анықтама телефондары: 8-711-40-21-6-96.

Газет  жарияланымдарындағы  автор  пікірі  редакцияның 

түпкілікті көзқарасы болып есептелмейді. Редакция оқырман 

хаттарына жауап бермейді, оны қайтармайды. Деректердің 

дәлдігі үшін автор жауапты. 

Мекен-жайымыз:  090200  Батыс  Қазақстан  облысы,  Бөкей 

ордасы ауданы Сайқын ауылы, Ғ.Әзербаев көшесі, 10/1 үй. 

Телефондар: Редактор: 21-5-30 (факс). Тілшілер: 21-8-42

Біздің электронды поштамыз: too-orda@bk.ru

ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есеп-

телінеді.

Меншік иесі:

«Жайық Пресс» ЖШС

Бас директор 

Жантас Сафуллин

«Жайық Пресс» ЖШС

Бөкей ордасы филиалы

«Орда жұлдызы» Бөкей ордасы 

аудандық қоғамдық-саяси газетінің 

директор-редакторы:

Бисенов Бауыржан  Махутұлы

Газет  БҚО  Әділет  департа-

менті,  Бөкей  ордасы  аудандық 

Әділет 


басқармасында 

09.01.2012 жылы тіркелген. Тіркеу  

№7-1926-15-ф-л.

Газет  Бөкей  ордасы  аудандық  «Орда 

жұлдызы»  газеті  редакциясында  компью-

терлік әдіспен теріліп, беттелді.

«Жайық  Пресс»  ЖШС  баспаханасында 

басылды. 

Орал қаласы, Мұхит көшесі: 57/1

Газет аптасына 1 рет сейсенбі күні шығады.

Көлемі 2 баспа табақ. Тапсырыс: 18

Таралымы: 1755 дана.

Корректор: Раушан Бақытова. 

Газетті 


есепке 

қою 


тура-

лы  №12259-Г  куәлікті  2012 

жылғы  19  қаңтарда  Қазақстан 

Республикасының  Байланыс  және 

ақпарат  министрлігінің  Ақпарат 

және мұрағат комитеті берген. 



21 cәуір 2015 жыл

7

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Сала басшысы сөз алады

Еске алу

Орда  ауылдық  округіне  қарасты 

Сейітқали 

ауылының 

тұрғыны 

болған 


Құрмашев  Рахметолла 

Зинешұлының  өмірден  озғанына 

1  жыл  толды.    Ардақты  жанды 

қабырғамыз қайыса еске алып, оның 

рухына жыр жолдарын  арнаймыз.

Көз ашқаннан иіскеп, еміреніп,

Қанатыңның астында 

 

 

 тайраңдадым.



Қабақ түйіп көрмедің, күңіреніп,

Аппақ кеуде, 

 

   ақ жүрек жайраңдадың.



Сезіндірмей суықтық шуақ шашып,

Күн түскенде көлеңке, сая болдың.

Еркелікпен есіріп құлап, қашып,

Түскен жерге көк майса, мая болдың.

Кеттің бе шын көрместен қызығымды,

Қуаныштар алда еді ғой, әлі талай.

Қарайлап қой, биіктен бұзығыңды,

«Жақсы жолда жүр ме деп, халі қалай».

Жалған өмір әкетті-ау қайығымды,

Ескегіңді ұстап қалдым жағалауда.

Өз орнымен тарттым-ау айылымды,

Шамам жетпес жазмышты бағалауға.

Тамырыңнан нәр алып бұла қайың,

Жасылданды, жадырап арман дала.

Келмес жолға қарайлап жыламайын,

Қайтем, енді, ол күндер арман ғана.

Ізің өшпес, құлының бар артыңда,

Сара жолдар сол бұрынғы қалпында.

Жүрегімде орның бөлек сақталған,

Жан әкешім, бір өзіңсің, нар тұлға!



 Сағына да сарғая еске алушылар: ұлы Исатай, 

бала-келіні Нүркен-Әсем, қыз-күйеуі Гүлшат-

Үсен, немере-жиендері, әкесі Зинеш, зайыбы 

Айман және барша жанашыр ағайындары.

*     *     *

Сайқын 


ауылының 

тұрғыны 


болған  ардақты  асқар  тауым, 

әкем 


Тәңкібаев 

Меңдіхан 

Сатыбалдыұлының 

дүниеден 

өткеніне  20  жыл  толды.  Қымбатты 

жанды  сағына  еске  ала  отырып, 

жатқан  жерің  жарық,  топырағың 

торқа, иманың жолдас болсын дей-

міз.

Бұл дүниенің білсең үлкен азабы,



Әкеңе өлең арнау екен азалы.

Бүгін жаны толқып, тасып, 

 

 

           тербеліп,



Құлының сізге арнау жырын 

 

 



            жазады.

Тірі болсаң шығар ең бір белеске,

Мейірімді бейнең қалды 

 

 



      мәңгі есте.

Арамызда тірі жүрсең бүгінде,

«Қызым менің адам болды»,- демес пе ең.

Тұрасың әркез көңілдің шынарында,

Аллаға аян сағынып жылармын да.

Жазмыштың салғанына шара бар ма?

Болғайсың о дүниенің жұмағында.

Сағына еске алушы: қызы Тұрсынгүл. 

Жыл  басында  күшіне  енген  салық  ко-

дексіндегі  өзгерістердің  ішінде  шаруа 

қожалықтарына қатыстысы мыналар:

– 

Егер  бұрын  арнаулы  салық  ре-



жимін  қолданатын  шаруа  қожалығының 

негізгі  қызметіне  жатпайтын  жұмыстар 

(қызметтер)  түрлері  бойынша  табыстар 

мен  шығыстардың,  мүліктің  бөлек  есеп-

ке  алынуы  қолданылса,  биылдан  бастап 

олар бұл құқықтан айрылды. Яғни, шаруа 

немесе  фермер  қожалықтарының  арнау-

лы салық режимін қолдануға құқығы жоқ. 

Олар басқа арнаулы немесе жалпыға бір-

дей салық режиміне көшуге міндетті.

– 

Арнаулы салық режимін қолдану 



құқығы  жер  көлемімен  шектелген.  Біздің 

аудан көлемінде ол 3500 га-дан аспайтын 

жері бар қожалықтарға ғана рұқсат етіледі, 

ал  одан  асып  кететін  қожалықтар  басқа 

салық режиміне көшуге міндетті.

– 

Басқа  салық  режиміне  ауысты-



рылса  да,  шаруа  қожалықтарының  көлік 

салығына бұрынғы жеңілдіктер сақталады, 

бірақ,  сенімді  басқаруға  немесе  жалға 

берілген көліктерге жеңілдік жүрмейді.

– 

Арнаулы салық режимін қолдану 



құқығы ҚҚС төлеушілеріне де берілмейді.

– 

Арнаулы 



салық 

режимін 


қолданатындар  эмиссия  төлемінен  боса-

тылады.


– 

Егер  бұрын  бірыңғай  жер 

салығының  мөлшері  жайылымдық  және 

шабындық  жерді  бағалау  құнының  0,1 

пайыздық мөлшерінде болса, енді 0,2-мен 

есептелінеді.

– 

Ауыл 


шаруашылығы 

үшін 


алынған  жерлер  жер  заңнамасына  сай 

пайдаланылмаған  жағдайда,  оның  жер 

салығы  биылдан  бастап  (атқарушы 

органдардың  ұсынысы  негізінде  өкілетті 

органдардың шешімімен) жер салығының 

базалық  ставкалары  10  есеге  дейін 

ұлғайтылуы мүмкін.

– 

Ауылшаруашылық  жерлерінің 



жер  салығының  ставкалары  5  есеге 

өсірілді.  Мысалы,  бұрын  1000  га  жерге 

жалпыға  бірдей  режимдегі  қожалық  1680 

теңге  төлеген  болса,  биылдан  бастап  ол 

8400 теңге төлеуге тиіс.

Жеке  кәсіпкерлікке  қатысты  тоқталсақ, 

бұрын 

жеке 


кәсіпкерлер 

қызметін 

тоқтатып,  кәсіпкерлігін  таратқан  кезде, 

салық  органына  өтініш  беріп,  соған  сай 

оның кәсіпкерлік қызметіне талап ету мер-

зімі  шегінде  камералдық  бақылау  жаса-

латын болса, биылдан бастап таратудың 

оңайлатылған  тәсілі  қолданылады.  Яғни, 

егер  кәсіпкерлердің  салық  міндеттеме-

лері  орындалған  болса,  салық  органы 

оны  3  күннің  ішінде  есептен  шығарады. 

Таратудың  оңайлатылған  тәсіліне  же-

келенген  қызмет  түрлерімен  айналыса-

тындар  (жанар  май,  алкоголь  сататын), 

бірлескен  кәсіпкерлік,  ҚҚС  төлеушілері, 

тексеру  жоспарына  енгізілгендер,  бере-

шегі бар кәсіпкерлер жатпайды.

Сонымен  қатар,  патент  негізіндегі  ар-

наулы  салық  режимін  қолданатын  және 

патенттің қолданылу мерзімі өткен неме-

се қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған 

күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішін-

де  патент  құнының  кезекті  есеп-қисабын 

табыс етпеген;

-  салық  есептілігін  табыс  етуді  тоқтата 

тұрған  және  қызметті  тоқтата  тұру  кезеңі 

аяқталғаннан  кейін  осы  кодексте  белгі-

ленген салық есептілігін табыс ету мерзімі 

өткен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн 

ішінде  салық  есептілігін  табыс  етпеген 

жеке  кәсіпкерлер  қызметін  оңайлатылған 

тәртіппен тоқтата алады. Ескеретін жайт, 

кәсіпкерлік тоқталғанмен, уақтылы патент 

алуға,  жұмысын  тоқтата  тұруға  өтініш 

берілмегені үшін жауаптылық сақталады.

Салық  төлеушінің  салық  органдары-

мен тікелей байланысын барынша азайту 

– салық органдарының қызметкерлері та-

рапынан  сыбайлас  жемқорлық  пен  құқық 

бұзушылықтарды  болдырмау  әдістерінің 

бірі. Осы мақсатта биылдан бастап лицен-

зия беру, салық берешегі туралы анықтама 

алу  халыққа  қызмет  көрсету  орталығы 

арқылы  жүзеге  асуда.  Сонымен  қатар  әр 

түрлі  хабарламалар  «Салық  төлеушінің 

кабинеті»  ақпараттық  жүйесі  арқылы 

салық төлеушілерге жеткізіліп отыр.

Егер сіз мемлекеттік кірістер органының 

қызметшілері  тарапынан  сыбайластық 

әрекеттерін немесе әрекетсіздігін көрсеңіз 

Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекет-

тік  кірістер  басқармасына  сенім  телефо-

ны,  арыз-шағым,  ұсыныс-пікір  жәшіктері 

арқылы  жеткізуге  болады.  Сол  бойынша 

тиісінше  тексеру  жүргізіліп,  шара  алы-

нады.  Сыбайлас  жемқорлықпен  күресте 

бірыңғай  құқықтық  амалдардың  тиімділігі 

жеткіліксіз.  Осы  күресті  күшейтудің  кей-

бір  саяси  және  әлеуметтік  амалдарының 

бірі  –  жариялылық.  Оның  мүмкіндіктерін 

пайдаланып,  осы  күрес  барысымен 

халықты  тұрақты  хабардар  ету,  заңның 

негізгі  тұжырымдарын  насихаттап,  осы 

қылмыстың  қоғамға  келтірер  кері  әсерін 

аша түскен жөн. Қоғамдық өмірдің әртүрлі 

саласындағы  жемқорлық  қылмыстың  көп 

болатын аймағын, оны тудыратын себеп-

тер  мен  жағдайларды  барынша  анықтау, 

алдын алу маңызды мәселе.

С.ЖАДЫРАЕВ, 

аудандық мемлекеттік 

кірістер басқармасының 

басшысы. 

Оқырмандар есіне

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар 

бөлімінің Бисен ауылдық округі бойынша мүгедектермен, 18 

жасқа дейінгі мүгедек балалармен жұмыс жасайтын әлеуметтік 

қызметкерге (1 бірлік – бос жұмыс орны) жарияланған ашық 

конкурсы  газетіміздің  26-наурыздағы  («О.ж.»  №14)  санын-

да  жарық  көрген  еді.  Сол  конкурс  техникалық  себептермен 

газетіміздің  7  сәуірдегі  санында  қайта  жарияланып  кет-

кен.  Бірақ,  мұның  еш  күші  жоқ  екенін  оқырмандарымыздың 

қаперіне  бере  отырып,  жарнама  беруші  мекемеден  кешірім 

сұраймыз.  Бұл  іске  тікелей  жауапты  редакция  қызметкеріне 

тиісті шара алынды.



Бөкей ордасы ауданының  мәдениет, тілдерді дамыту,  

дене шынықтыру және спорт бөлімі бос азаматтық 

қызмет лауазымына ашық конкурс жариялайды 

Салық заңнамасы: 



өзгеріске көңіл бөл

ж


1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал