Бисен ауылдық округіне қарасты Жиекқұм ауылының тұрғыны



жүктеу 340.02 Kb.

бет2/3
Дата10.09.2017
өлшемі340.02 Kb.
1   2   3

ресейліктердің де қошеметіне бөленді

21 cәуір 2015 жыл

3

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Адам. Қоғам. Дін

Заңгер түсіндірмесі

Отырысты  кеңес  төрағасы,  аудан 

әкімі Н.С.Рахымжановтың өзі жүргізді. 

Күн  тәртібіндегі  «Аудандағы  діни  ах-

уал. Аудандық ақпараттық насихаттық 

топтың  діни  экстремизм  мен  тер-

роризм  идеологиясы  таралуының 

алдын-алу 

бойынша 


атқарған 

жұмысы»  туралы  аудандық  ішкі  сая-

сат  бөлімінің  басшысы  А.Әжіғалиев, 

«Сайқын  ауылдық  округі  бойын-

ша  жергілікті  мешітпен  атқарылып 

жатқан жұмыстар» хақында округ әкімі 

Б.Насимоллин,  «Білім  беру  мекеме-

лерінде  жастарды  радикалды  діни 

ағымдар  мен  секталардың  әсерінен 

қорғау»  жөнінде  аудандық  білім 

бөлімінің  бас  маманы  Н.Сәлімова, 

Бөкей  ордасы  колледжіндегі  осы 

мәселе  жөнінде  колледж  директоры 

Б.Лұқпанов хабарлама жасады. 

Хан 

Жәнгірдің 



кезінде 

Ор-


дада  үш  жүзге  тарта  молда 

болғанын  тілге  тиек  еткен  дін  іс-

тері 

облыстық 



басқармасының 

басшысы  ауданымыздағы,  жалпы, 

облысымыздағы дінге деген көзқарас, 

діни ахуал хақында баяндап, ата-ба-

баларымыз  ұстанған  дәстүрлі  дін 

мен  дін  пердесін  жамылғандардың 

айырмашылығы, бұқараның діни сау-

атын жетілдіру, ауыл молдасы бейнесі 

төңірегіндегі ойларын ортаға салды.

Кеңес 


отырысын 

Нұрлан 


Сағынтайұлы  қорытындылап,  хатта-

ма қабылданды.

* * * 

Сол  күні  облыстан  келген  осы 



қонақтармен 

М-С.Бабажанов 

атындағы  орта  мектептің  акт  за-

лында  аудан  орталығындағы  екі 

орта  мектептің  жоғары  сынып 

шәкірттері  және  Бөкей  ордасы 

колледжі 

студенттерінің 

кезде-

суі  ұйымдастырылды.  Оған  білім 



ұяларының  басшылары,  ұстаздар, 

аудандық білім бөлімі қызметкерлері, 

үкіметтік  емес  ұйымдар  жетекшілері, 

еңбек ардагерлері де қатысты.

Кездесуді  аудан  әкімінің  орын-

басары 


Лариса 

Қайырғалиева 

қысқаша 

кіріспе 


сөз 

сөйлеп 


ашқаннан  кейін  жиналғандар  наза-

рына  «Арбалғандар»  атты  бейне-

ролик  ұсынылды.  Оқу  іздеп  қалаға 

аттанған  жастардың  жат  ағымның 

арбауына  түскені,  Сирияға  барып 

соғыспақ 

болғандары, 

қаражат 


жинамақ  болып,  банк  тонағандары, 

кейін ұсталып, үстерінен іс қозғалып, 

темірторға  тоғытылғаны  баяндала-

тын  бұл  бейнетаспадағы  кейіпкер-

лер  тағдырына  дін  істері  облыстық 

басқармасының  дін  мәселелерін 

зерттеу орталығы басшысы Ж.Аханов 

тереңірек  үңіліп,  олардың  адасу  се-

бептерін  залдағыларға  қарапайым 

тілмен  жатық  түсіндірді.  Дінді  са-

яси 

ойындардың 



бетпердесіне 

айналдырушылардың 

жымысқы 

әрекеттерін  байыппен  саралап  бер-

ді.  Атаулары  әр  түрлі  болғанымен 

мақсаттары  өзектес  діни  ағымдарға 

тоқталды.

Дін істері басқармасының бас мама-

ны Н.Стамбакиев имам ағзам Әбу Ха-

нифа масхабын ұстанған қазақтардың 

кеңес  өкіметі  орнағанға  дейін  діни 

сауаттары  жоғары  болғанын  Абай, 

Шәкәрім,  Ахмет,  Мағжан,  Машһүр 

Жүсіп  шығармаларымен  дәлелдеп, 

атеизмнің  салқыны  дінді  дұрыс 

түсінбеуге,  ата  діннен  ауытқуға, 

адасуға  соқтырғанына  мысалдар 

келтірді.  Ол  да  дін  туралы  түсінікті 

тек мешіттің имамынан алу керектігін 

атап көрсетті.

Зейнеткер-ұстаз  Ноқаш  Қадымов, 

аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы 

Серік  Таңатов,  тарихшы  Лаура 

Мұқанова  өз  ойларын  ортаға  салып, 

сұрақтар  қойды.  Сұрақтарға  жауап 

берген Талғат Рахымұлы 2011 жылы 

қабылданған «Діни қызмет және діни 

бірлестіктер туралы» заңға сай еліміз-

де  17  конфессия  мен  3400  діни  бір-

лестік жұмыс істеп жатқанын, дәстүрлі 

діннің артықшылығын жеткізді.

–Жөргегінен ата салт-дәстүрді, ата 

дінді  бойына  сіңіріп  өскен  адамның 

жан дүниесі таза, сенімі нық болады. 

Оны ешкім азғырып, арбай алмайды. 

Сондай  ұрпақ  өсіруге  ұмтылайық!-

деді құрметті мейман.

Кездесуді  Лариса  Тельманқызы 

қорытындылады.

К.ҒАЙСИН. 

Ата дін, ата дәстүр 

адастырмайды

Құқықтық мемлекетті қалыптастыру 

жолында  тәуелсіздік  алғалы  бері 

Қазақстанда  көптеген  іргелі  істер 

жүзеге  асты.  Елдің  стратегиялық 

бағыттарын  айқындап,  сан  сала-

лы  заң  тармақтарын  дұрыс  түзеуде 

Елбасының жыл сайынғы Жолдаула-

ры жол нұсқаушылық роль атқаруда. 

Құқықтық    құрылымның  күн    сайын 

заман    көшінен  қалмай  жасарып, 

жаңарып  отыруы  да  елдегі  берік 

ұстанымдар жемісі. Биылғы Жолдау-

да  шағын  және  орта  бизнесті  дамы-

ту  мәселесі  тағы  да  көтерілді.  ΧΧI 

ғасырдағы Қазақстанды индустриялық 

және  әлеуметтік жаңғыртудың басты 

құралы  –  шағын  және  орта  бизнесті 

дамыту  екендігін    атап  өткен    Елба-

сы,  Қазақстан  бизнесті  жүргізуге  ең 

қолайлы  жағдайы  бар  елдер  тобына 

кіруі  керектігін,  бизнесті  дамытуға 

кедергі  келтіретін  барлық  енжар 

құқықтық  нормалардың  күшін  жою 

қажеттігін  баса  айтты.  Осы  орайда, 

шағын  және  орта  бизнестің  дамуы-

на  әділет  органдары  да  өз  үлесін 

қосып  келе    жатқандығынан  аудан 

оқырмандарын  хабардар  еткім  ке-

леді.


Қазақстан Республикасының «Кей-

бір заңнамалық актілеріне Қазақстан 

Республикасында  кәсіпкерлік  қызмет 

үшін  жағдайды  түбегейлі  жақсарту 

мәселелері  бойынша  өзгерістер 

мен  толықтырулар    енгізу  туралы» 

2014  жылғы  24  желтоқсандағы  № 

269    Заңы  шеңберіңде  өзгерістер 

енгізілді.  Бұл  заң  кәсіпкерлікті 

дамытуға  жол  ашып,  рұқсат  беру 

жүйесін  барынша  жеңілдетті.  Сон-

дай-ақ,  заңды  тұлғаларды  тіркеу 

мерзімдерін  қысқарту  мақсатында 

жұмыстарды  жетілдірді.  Шағын  және 

орта  кәсіпкерлік  субъектілері  үшін 

құжаттар  тізімі  азайып,  www.egov.kz 

«Электрондық  үкімет»  веб-порталы 

арқылы тіркеу мерізімін өтінішті бер-

ген  кезден  бастап  жұмыс  күнінің  бір 

сағатына  дейін  қысқартты.  Сонымен 

қатар,  шағын  және  орта  кәсіпкерлік 

субъектілерін  мемлекеттік  тіркеу 

және қызметін тоқтатуын тіркеу кезін-

де  тіркеу  алымы  алынып  тасталды. 

Ал, 15 күнде алуға болатын (тіркелген 

заңды  тұлға,  филиал  немесе  өкілдік 

туралы;  тіркелген  заңды  тұлғаның 

филиалдары мен өкілдіктері туралы; 

заңды  не  болмаса  жеке  тұлғаның 

басқа заңды тұлғаға қатысуы туралы) 

анықтамаларды да порталмен жедел 

(1 күнде) алуға мүмкіндік туды. Мұның 

бәрі еңбек етемін деген адамға жаса-

лып  отырған  шынайы  қамқорлықтың 

көрінісі дер ек.

Асхат АТАЕВ,

аудандық әділет 

басқармасының басшысы. 

Аудан  әкімдігі  жанындағы  әйелдер  істері  және  отбасылық-

демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысын оның 

төрайымы,  аудан  әкімінің  орынбасары  Лариса  Қайырғалиева 

ашып, жүргізіп отырды. 

Алғашқы кезекте аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Әжіғалиев 

комиссияның  ағымдағы  жылғы  жоспарымен  таныстырса,  аналар  мен 

балаларға медициналық қызмет көрсету барысы жайында аудандық аурухана 

басшысының орынбасары Айжан Сабырова, әйелдер мен жастарды жұмысқа 

тарту,  орналастыру  бағытындағы  шаралар  төңірегінде  аудандық  жұмыспен 

қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанғуат Еркеғалиев 

хабарлама жасады. Аудандық «Нарын шуағы» әйелдер қоғамдық бірлестігінің 

төрайымы Гүлжан Бисекенова да өз жұмысынан есеп берді.

Отырыста тиісті хаттамалық шешім қабылданды.



* * *

Осы  күні  өткен  аудан  әкімдігі  жанындағы  үкіметтік  емес  ұйымдармен 

ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі консультативтік кеңес отыры-

сында да (төрайымы Л.Т.Қайырғалиева) аудандық ішкі саясат бөлімінің бас-

шысы А.Әжіғалиев кеңестің жылдық жұмыс жоспарымен таныстырып, аудан-

да тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың жұмысынан мәлімет берсе, Сайқын 

ауылдық округінің әкімі Б.Насимоллин округ жанындағы кеңестің атқарған іс-

тері жөнінде мәлімдеді.

Жиынды Лариса Тельманқызы қорытындылады.

Жемқорлықтың 

жолы жіңішке

Сыбайлас  жемқорлық  қоғамға  және  қоғамның  мүшелеріне  саяси, 

материалдық және басқалай да зиянын келтіреді. Сыбайлас жемқорлық тек па-

рамен шектелмейді. Оның өршуіне алдымен жерлестік, тамыр-таныстық бай-

ланыстар ықпал етеді. Сана-сезімі, білімі, жауапкершілігі төмен лауазым ие-

лері сол байланыстардың шырмауына ілініп, жемқорлықтың туындауына жол 

ашады. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіретінің 

шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуі тиіс.

Аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлықтың 

белгілерін байқасаңыз, ішкі істер бөлімінің басшысына, яғни, сенім телефоны-

на (21-2-74) хабарласыңыз. Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық фак-

тісі  туралы  хабарлаған  немесе  өзге  түрде  жәрдемдесетін  адам  мемлекеттің 

қорғауында болатынын біле жүріңіз.

Бағдат ДӘУЛЕТОВ,

АІІБ-нің аға инспекторы

полиция аға лейтенанты.

Жолдаудан жол 

тартқан жеңілдіктер

Комиссия және консультативтік 

кеңес отырыстары

Өткен бейсенбі күні 

оздырылған аудан 

әкімдігі жанындағы діни 

бірлестіктермен байла-

ныстар жөніндегі кеңестің 

кеңейтілген отырысына БҚО 

дін істері басқармасының 

басшысы Нығметов Талғат 

Рахымұлы, сол басқарманың 

«Дін мәселелерін зерттеу 

орталығы» мемлекеттік 

коммуналдық мекемесі 

басшысы Аханов Жарас 

Исбергенұлы, басқарманың 

бас маманы Нұржан Стамба-

киев және теолог Сәлімгерей 

Дінішев қатысты. 


21 cәуір 2015 жыл

4

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Соғыс және тыл ардагерлерін Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекелік 

медалімен  марапаттау  рәсімі  Хан  ордасы  ауылында  да  оздырылды. 

Мұнда  алғашқы  құрмет  қанды  қырғынды  басынан  өткерген  майдан-

гер  Нәсіпқали  Жұмағалиевке  көрсетілді.  Ақсақалға  ауданымыздың 

«Құрметті азаматы» лентасы мен төсбелгісі қоса табысталды. 

Ардагерлер – алтын қорымыз

Отқа шарпылып, тылда тер төккендер

өңірлеріне мерекелік медаль тақты

Бисен  ауылдық  Мәдениет  үйінде  де    соғыс  және  тыл  ардагерлеріне  мерекелік  медаль  табыс  етуге 

арналған  салтанатты  шара    өтті.  Оған  қатысқан  аудан  әкімі  Н.Рахымжанов  жиналғандарды  мерекемен 

құттықтай келе, ауылдағы жалғыз соғыс ардагері Қалмияр Сисенғалиевке ауданымыздың «Құрметті аза-

маты» лентасы мен төсбелгісін және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік медальді табыстады. 

Мерекелік медальге округтегі 35 тыл ардагері де ие болды. Олардың құрметіне жайылған дастархан басын-

да сұрапыл жылдар еске алынып, аға ұрпақ бейбіт күннің қадірін терең түсінуді тапсырды. 

Шара соңы концертке ұласты.

Мұратсай ауылдық Мәдениет үйінде Ұлы Отан соғысы жылдары тылда еңбек еткен ардагерлерді мара-

паттау рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева қатысты. Ол өз сөзінде Отан үшін отқа 

түскендер  өмірі  кейінгі  толқын  үшін  үлгі-өнеге  екенін,  қиын-қыстау  кездерді  бастан  кешкен  адамдардың 

ерен  еңбегі  ұмытылмайтынын,  сол  кездің  балалары  да  еңбек  майданынан  табылғанын  атап  көрсетіп, 

алғашқы  награданы  ел-жұртына  сыйлы  азамат  Қабылхан  Биарыстанов  пен  еңбек  ардагері  Уазира  әже 

Бисенғалиеваға ұсынды. 

Аудандық  «Нарын  шуағы»  әйелдер  қоғамдық  бірлестігінің  төрайымы  Гүлжан  Бисекенова  ақыл  мен 

парасаттылықты жандарына серік еткен аға-апаларымыздың еңбегі қандай сыйға да лайық екенін тілге 

тиек етіп, ардагерлерді бейбіт күнгі марапаттарымен құттықтады.

Шараға  жиналғандар  ауыл  өнерпаздарының  концертін  тамашалады.  Сақыпжамал  Әшенованың 

орындауындағы «Кестелі орамал», Айнаш Ғалымова тамылжыта шырқаған «Анашым», Сымбат Қапезова 

әуелеткен «Смуглянка» әндері көптің көңіліне әдемі әсер сыйлады.



Іс-шаралар атауы

Өтетін орны

Уақыты

Жауаптылар

1.

Оқушылардың «Жалау» атты әскери-патриоттық жарысы

Сайқын ауылы

24 сәуір


«Нарын жастары» ЖҚБ

2.

Аудан ардагерлерінің Волгоград қаласына экскурсиясын ұйымдастыру



Волгоград қаласы

28 сәуір


Аудан әкімшілігі

3.

Соғыс  ардагері  Ә.Менеевтің  мемориалдық  тақтасы  мен  Б.Жәнекешев 



атындағы орта мектептегі ауыл тарихына арналған мұражайды ашу

Бисен ауылы

2 мамыр

Бисен ауылдық округ әкімшілігі



4.

«Жеңіс  күні  –  Ұлы  күн»,  «Жеңіс  туы,  желбіре»,  «Ерлер  есімі  ел  есінде», 

«Отан үшін от кешкендер» атты кітап көрмелері

Барлық ауылдық округ 

кітапханаларында

4 мамыр


Ауылдық округ кітапхана 

қызметкерлері

5.

Студенттер арасында волейболдан жарыс



Сайқын ауылы

4 мамыр


Бөкей ордасы колледжі

6.

«Мың тағзым сіздерге, майдангерлер», «Ерлікке тағзым» атты тақырыптық 



кештер

Барлық ауылдық округ 

кітапханаларында

5 мамыр


Ауылдық округ кітапхана 

қызметкерлері

7.

«Ер – елдің қорғаны» атты тәрбие сағаты



Сайқын ауылы

5 мамыр


Аудандық балалар саз мектебі

8.

Патриоттық әндерді орындаушылардың Отан қорғаушылар күніне арналған 



аудандық байқауы

Бөрлі ауылы

6 мамыр    

сағат 15:00

Аудандық демалыс орталығы

9.

«Отан үшін отқа түс, күймейсің» тақырыбында ашық тәрбие сағаты



Сайқын ауылы

6 мамыр


Бөкей ордасы колледжі

10.


«Ел қорғаны – ер жігіт» /ұландар байқауы/

Сайқын ауылы

6 мамыр

М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ



11.

Отан  қорғаушылар  күніне  орай  волейболдан  ауғандық  ардагер  Зүлзала 

Жиеналиев атындағы аудандық турнир

1.  Турнирдің  ашылуы.  2.  Ескерткішке  гүл  шоқтарын  қою.  3.Ұлы  Отан 

соғысына қатысушы ардагерлерге арналған ескерткіштің ашылу салтанаты

Бисен ауылы

7 мамыр

Ауыл әкімшілігі



Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту

дене шынықтыру және спорт бөлімі

12.

Әжен, Тайғара, Мұратсай командалары арасында волейболдан жарыс



Мұратсай ауылы

7 мамыр


А.Құсайынов атындағы ЖОББМ

13.


«Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты мерекелік концерт

Сайқын ауылы

7 мамыр

сағат 16:00



Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, 

дене шынықтыру және спорт бөлімі, 

аудандық демалыс орталығы

14.


7  мамыр  Ұландар  мерекесіне  орай  әскери  патриоттық  әндерді 

орындаушылардың байқауы

Мұратсай ауылы

7 мамыр


Ауылдық мәдениет ұжымы

15.


Соғыс жылдарындағы әндердің мектепішілік байқауы

Сайқын ауылы

7 мамыр

Аудандық балалар саз мектебі



16.

Ауыл командалары арасында волейболдан жарыс

Бисен ауылы

8 мамыр


Б.Жәнекешев атындағы ЖОББМ

17.


Студенттер арасында үстел теннисінен жарыс

Сайқын ауылы

8 мамыр

Бөкей ордасы колледжі



18.

«Отты жылдар жырлайды» атты әдеби-сазды кеш

Мұратсай ауылы

8 мамыр


Ауылдық кітапхана ұжымы

19.


«Менің Отаным – Қазақстан!»  патриоттық әндер байқауы

Сайқын ауылы

8 мамыр

М-С. Бабажанов атындағы ЖОББМ



20.

Патриоттық әндер конкурсы

Бисен ауылы

8 мамыр


Ауылдық мәдениет ұжымы

21.


196  Гатчинск  дивизиясы  жауынгерлері  зиратына,  «Қару  аманаты», 

М.Мәметова ескерткіштеріне   гүл-шоқтарын қою

Сайқын ауылы

9 мамыр


сағат 8:30

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, 

дене шынықтыру және спорт бөлімі, 

аудандық демалыс орталығы

22.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» 



атты театрландырылған шеру

Сайқын ауылы

9 мамыр

сағат 9:00



Аудандық демалыс орталығы

23.


Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған дала қызықтары (бәйге, қазақ күресі, 

гір тасын көтеру, сырыққа өрмелеу, арқан тарту)

Сайқын ауылы

9 мамыр


сағат 10:30

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, 

дене шынықтыру және спорт бөлімі, 

аудандық демалыс орталығы

24.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған халық серуені



Сайқын ауылы

9 мамыр


сағат 20:00

Аудандық демалыс орталығы



Ұйымдастыру алқасы.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 70 жылдығын 

мерекелеуге арналған аудандық іс-шаралар жоспары

Бөрлі  ауылындағы  тыл  ардагерлеріне  мерекелік 

медаль  тапсыру  салтанатында  алғашқы  болып 

сөз  алған  аудан  әкімінің  орынбасары  М.Зұлқашев 

жиналғандарды 

аудан 

басшысының 

атынан 

құттықтап, «Алғыс хат» пен мерекелік медальдарды 

өз иелеріне табыс етті.

21 cәуір 2015 жыл

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Отқа шарпылып, тылда тер төккендер

өңірлеріне мерекелік медаль тақты

Шалғайдағы Саралжын ауылдық округіндегі тыл ардагерлері де мерекелік марапаттаудан құр қалмады. 

Аудандық  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімінің  басшысы  Жанғуат  Еркеғалиев  пен 

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Арыстанбеков бастаған топ 

12 ардагерге наградаларын ауылдық Мәдениет үйінде, ал, 84 жастағы қария Тасқали Төлешевке үйіне ба-

рып табыстады. Мына суретте осынау еңбек ардагерлерінің бірі Жұмақия Күселбаеваның марапатталу сәті 

бейнеленген.

Жиын соңында құрметке бөленгендер барша атүстіндегі азаматтарға шексіз ризашылық сезімдерін жет-

кізгенін де айта кетелік.

Аудандық  Мәдениет  үйінде  аудан  әкімі  Н.С.Рахымжанов  ел  басына  күн  туған  заманда  қабырғалары 

қайысып, еңбек еткен сайқындық тыл ардагерлеріне мерекелік медаль табыс етті. Cоциалистік Еңбек Ері 

Ескендір ата Есімов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Таңатовтар да марапат иелерін қызу 

құттықтады. 

Шара соңы аудан көркемөнерпаздарының «Ардагерлерді ардақтаймыз» атты концертіне ұласты.

Ұялы ауылдық Мәдениет үйінде өткен «Еңбегімен – ел есінде» атты 

осындай мерекелік кеште аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік 

бағдарламалар  бөлімінің  басшысы  Ж.Еркеғалиев  пен  «Нұр  Отан»  

партиясы  аудандық  филиалы  төрағасының  бірінші  орынбасары  

Т.Арыстанбеков  жиналғандарға  аудан  әкімі  Н.Рахымжановтың  ізгі 

тілегін жеткізсе, ауыл әкімі Б.Оразғұлов та бұл күнгі марапат иелеріне 

жылы лебізін білдірді.

Ардагерлер  сол  бір  сұрапыл  жылдардың  қиыншылықтарын 

әңгімелеріне арқау етіп, жастар тартымды концерт қойды.

Аудан  әкімдігі  мәжілісінің  2015 

жылғы  31  наурыздағы  №10  хат-

тамасы  негізінде  ауданымызда 

санитарлық-экологиялық  айлық  жа-

рияланды.  Осыған  орай  әр  округ-

те  сенбіліктер  ұйымдастырылуда. 

Күні  бүгінге  дейін  500  тоннадай 

күл-қоқыстар  шығарылып,  100-ден 

астам  көшет  отырғызылды.  Жеке 

және  заңды  тұлғалармен  келісіліп, 

сенбіліктерге  техникалар  тұрақты 

тартылуда.

Ауданымызда  7  ауыз  су  құбыры 

бар.  Оның  біреуі  мемлекеттің,  екін-

шісі  «Ұялы»  ЖШС-нің  қарауында. 

Қалған бесеуі сенімгерлік басқарумен 

жеке  кәсіпкерлерге  берілген.  Ол 

жеке  кәсіпкерлер  аудандық  ТҚҚБ-

дан  санитарлық-эпидемиологиялық 

қорытынды  алуы  қажет-ті.  Алай-

да,  олар  оны  әлі  күнге  алған  жоқ. 

Ауылдық  округ  әкімдерінен  осы 

заң  бұзушылықты  жоюға  және  су 

құбырларын мерзімінде жуып-шаюға 

ықпал етулерін сұраймыз.

Аудандық 

тұтынушылар 

құқықтарын қорғау басқармасы 2015 

жылға  арналған  жоспарларына  сай 

жұмыстанып  та  келеді.  Жұқпалы 

және  тері  аурулары  бойынша  апта 

мен  ай  сайын  мониторинг,  талдау 

жасалып, жағдай туындаған жерлер-

ге шығылып, ошақтарды жою шара-

лары  да  жүргізіледі.  Туберкулездің, 

бруцеллездің, жіті ішек жұқпасының, 

вирусты  гепатиттің,  бүйрек  қан 

безгегінің алдын алу да солай. Биыл 

жіті ішек жұқпасы, дизентерия, саль-

монеллез,  тері  ауруы  (трихофития) 

фактілері  болған  жоқ.  12  желше-

шек,  10  ішек-құрт  (энтеробиоз),  1 

битшеңдік, 1 созылмалы гепатит ау-

рулары  тіркеліп,  эпидемияға  қарсы 

шаралар 


жүргізілді, 

ошақтарда 

әңгіме өткізілді. 

Жасыратыны  жоқ,  жылдан  жылға 

мал арасында бруцеллез бен құтыру 

ауруларының  өсуі  алаңдатушылық 

туғызуда.  Құтырған  малмен  қарым-

қатынаста  болған  4  адам  ем-ша-

раларын  алды.  Мал  арасында 

бруцеллезбен  150  ошақ  тіркеліп, 

қарым-қатынаста болған адамдардан 

серологиялық  реакцияға  қан  алын-

ды, нәтижелері болымсыз. Және бір 

тоқталарлық жайт, ағымдағы жылдың 

3 айында 17 адам итке қабылып, 1-ін  

мысық  тырнаған,  1  адам  жылқыға 

тістелген.  Антирабиялық  вакцина-

сын  барлығы  да  уақытында  алып, 

емделді.  Ошақтарға  санитарлық-

гигиеналық  шаралар  жүргізілді. 

Профилактикалық  егу  жұмыстары 

да жоспарлы жүргізіліп, орындалды. 

Олардың  4-еуі  жоспарлы,  2-уі  жос-

пардан тыс.

Қазақстан 

Республикасы 

Президентінің 

«Қазақстан 

Рес-

публикасында  кәсіпкерлік  қызмет 



үшін  жағдайды  жақсарту  жөніндегі 

түбегейлі 

шаралар 

туралы» 


2014  жылғы  27  ақпандағы  №757 

Жарлығының  2  тармағына  сәйкес, 

шағын және орта кәсіпкерлік субъек-

тілеріне 2015 жылдың 1 қаңтарынан 

жоспарлы тексерулер жүргізілмейді. 

Бірақ,  сауда  нүктелерінен  мерзімі 

асып  кеткен  немесе  сапасыз  тағам 

анықталса, біздің мекемеге жазбаша 

түрде  арыз,  шағым  беруге  болады. 

Ол  үшін  сатып  алынған  тауардың 

чегі болуы шарт.

Тұтынушылар 

құқықтарын 

қорғау  басқармасының  ең  бас-

ты  функционалдық  міндеті  – 

халықтың  арасында  санитарлық 

ағарту 

жұмыстарын 



жүргізіп, 

олардың 


құқықтарын 

қорғау, 


эпидемиологиялық 

аурулардан 

сақтандыру,  қадағалау,  тексеру-

лер  жасап,  санитарлық  ереже 

бұзушылықтарды  тәртіпке  шақыру. 

Сіздер  өз  құқықтарыңызды  заңға 

жүгіну  арқылы  қорғай  аласыздар, 

жерлестер.



Ерлан ЖҰМАҒАЛИЕВ,

аудандық ТҚҚБ-ның 

жетекші маманы.

Әкімі бастап, 

бүлдіршіндері қостап



1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал