Бисен ауылдық округіне қарасты Жиекқұм ауылының тұрғыны



жүктеу 340.02 Kb.

бет1/3
Дата10.09.2017
өлшемі340.02 Kb.
  1   2   3

21 cәуір 2015 жыл

8

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Бисен  ауылдық  округіне  қарасты  Жиекқұм  ауылының  тұрғыны, 

шаңырағымыздың үлкені, немелерінің абыздай ардақты атасы 



Қабошев 

Васихан Сағындықұлы 75 жасқа толып отыр. Осынау мерейлі белесін-

де әкемізге, атамызға шаңырағымыздың тамыры терең бәйтеректей тірегі 

болып ортамызда жүре беріңіз, деніңіз сау, тірлігіңіз қуаныш пен қызыққа 

толы болсын деп тілейміз. 

Жетпіс бесің жеті белес ортасы,

Асқар таудың сияқтанған жартасы.

Өсіп-өніп, қанат жайсақ бүгін біз,

Әкелікті ақтай білген арқасы.

Құтты болсын жетпіс бестің белесі,

Тоқтамасын өмір-көштің кемесі.

Жамбылдайын жүз жасыңды көрейік,

Мерейтойлар  тойланумен  келесі,  -  деген  шынайы  ақ  тілегімізді 

арнағымыз келеді.

Игі тілекпен: ұл-келіні Ізбасар-Нұргүл, 

немерелері Жанна, Бекзат.

* * *


Сайқын  ауылдық  округіне  қарасты  Шоңай  елді 

мекенінің  байырғы  тұрғыны  бірімізге  адал  жар, 

бірімізге аяулы ана, ардақты әже 

Нұрғаным Халиол-

линаны мерейлі жасымен құттықтап, деніне саулық, 

отбасына амандық, шалтты да бақытты ғұмыр кешіңіз 

дейміз.

Алпыс жасқа толыпсың анам бүгін,



Түрлендірсін ақ тілек өмір гүлін.

Құтты болсын дүниеге есік ашып,

Алғаш рет сәби болып келген күнің.

Орындалсын, анажан, басты арманың,

Жалындатсын нұрыңыз жастар жанын.

Ұлы тойға ұлассын туған күнің,

Жақсылыққа жайылып дастарқаның.

Ізгі ниетпен: ұлы Әлімжан, жұбайы Серік, қыз-күйеулері, 

жиендері және осы тілекке құда-құдағайлары да қосылады.

* * *


М.Мәметова  атындағы  орта  мектептің  10  сынып 

оқушысы 


Қисметов  Сұлтан  Темірболатұлын  16 

жасқа толуымен құттықтаймыз. Дені сау болып, мек-

тепті  ойдағыдай  бітіріп,  қалаған  оқу  орнына  түсуіне, 

халқының қалаулы азаматы атануына тілектестігімізді 

білдіреміз.

Білім қуған баласың,

Сүйсіндірген анасын.

Бағындыр асқар биікті,

Жолыңды Құдай оңғарсын!

Игі ниетпен: нағашылары 

Айтқалиевтер және Бектелеуов 

пен Ғайсиндер отбасы.

* * *


 Сайқын ауылының кішкентай тұрғыны, отбасымыздың 

«тентегі» 



Каримолла  Нұрислам  Қайратұлын  жасқа 

толуымен құттықтап, тәй-тәй басқан қадамына сәттілік, 

шалтты өмір, ұзақ ғұмыр, мол бақыт тілейміз.

Өсе бер, Нұрислам, өркенде,

Нұрлы жолдың қосыл көшіне.

Халқыңның қалаулы ұлы бол,

Өмірді өзіңше көркемде.

Ақ жүректен: ата-әжесі Каримолла-Тал-

шын, әке-шешесі Қайрат-Гүлмира, апала-

ры Айгүл, Алтынгүл, бауырлары Әліби, 

Айжұлдыз.

* * *


Сайқын ауылының кішкентай тұрғыны, бал тілді ба-

лапанымыз 



Есболат Жанайым Баубекқызын бір жа-

сымен құттықтап,

Қашанғыдай қылығың тәтті болсын,

Өмір жолың шуақты, сәтті болсын!

Қамсыз, мұңсыз, еркін өс, Жанайымым,

Сені көрген ел-жұртың бақты болсын!-дейміз.



Шын жүректен: ата-әжесі Есболат-

Әсима, нағашы ата-әжесі Шаяхмеден-

Дариға, ата-анасы Баубек-Нұрлым, кіндік 

ата-анасы Нұрбек-Ақжарқын, ағалары 

Бағдат, Бекнұр, Елнұр, Нұрдәулет, нағашы апа-ағалары 

Нұргүл, Нұрлыбек, Өмірбек, Қайырхан.

Құттықтаймыз!

Кітаппен дос болуға шақырды

Бисен ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылдық кітапханасында «Кітап 

– асыл қазына» атты ертеңгілік оздырылды. 

Оның  адам  өмірінде  алар  маңызы  туралы  кітапханашы  Гүлназ 

Құспанғалиева  оқырман  қауымға  түсінікті  тілмен  баяндап  өтсе,  зейнеткер 

Сәуия  апа  Әкімғалиева  жас  ұрпаққа  кітаптың  пайдасы  жайында  әңгімелеп, 

онымен  дос  болуға  шақырды.  Кітапхананың  тұрақты  оқырманы  Нұргүл  Аб-

долова оқушыларға кітапты көп әрі түсініп оқыңдар деген ниетін жеткізді. 1-4 

сынып  оқушылары,  атап  айтсақ,  Асылжан  Максимов,  Аққайың  Максим,  Ай-

нара  Хажиоллақызы,  Айсұлу  Шүйінішқали,  Рахман  Максим,  Толғанай  Хажи-

олла,  Бибарыс  Асанұлы,  Дильназ  Биболат,  Темірлан  Нұршәлиев,  Назерке 

Жасұланқызы сынды оқушылар оқырман қауымға жырдан шашу шашты. Бұл 

шарада  «Науқас  кітап»  атты  көрініс  көптің  назарына  ұсынылып,  кітап  тура-

лы тақпақтарға да кезек берілді. 4 жасар Айару Ержан «Ханшайым» биімен 

көрермендерді бір серпілтіп тастады. Оқырмандарға естелік-сыйлықтар беріл-

ді.


Г.САЛАХАДЕНҚЫЗЫ.

Аудандық  демалыс  орталығында 

Қазақ хандығының – 550, Ұлы Жеңістің 

–  70,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

мен Ата Заңымыздың 20  жылдығына 

орай  талантты  жастарға  қолдау 

көрсету  мақсатында  «Нарын  жаста-

ры» жастар қоғамдық бірлестігі және 

аудандық  демалыс  орталығының 

ұйымдастыруымен  оқушылар  ара-

сында  «Менің  елім  –  мәңгілік  ел» 

атты  көңілді  тапқырлар  сайысы  оз-

дырылды.  Сәлемдесу,  жаңалықтар 

жаршысы,  үй  тапсырмасы  сынды 

үш  кезеңнен  құралған  бұл  шарада 

командалар  ұтымды  әзіл,  үйлесімді 

қалжыңдарымен  өз  көрермендерін 

риясыз күлкіге бөледі. 

Нәтижесінде  мәметовалық  «Бола-

шақ»  командасы  ІІІ,  бабажановтық 

«Смайликтер» ІІ орынды өзара бөліссе, 

жәнгірхандық «Есте қалар» командасы 

жүлделі І орынды жеңіп алды. 

Ж.ӘШЕНОВ,

аудандық «Нарын 

жастары» жастар қоғамдық 

бірлестігінің төрағасы.

Ауданымыздағы 

«Нарын» 

во-


калды-аспапты  ансамблінің  даңқы 

облысымызға  ғана  емес,  көршілес 

ресейліктерге  де  танымал.  Олардың 

репертуарындағы  әндерді  жұрттың 

бәрі  сүйіп  тыңдайды.  Сол  «На-

рын»  вокалды-аспапты  ансамблі 

жақында  ауылымызға  келіп,  кон-

церт  берді.  Аспапта  ойнаушылар 

С.Рахымжанова, 

Е.Жәрдемов, 

Н.Нұралиев,  Б.Кабиров,  Г.Ахметова, 

әншілер  Р.Машотов,  А.Наурызов, 

күйші М.Насыров жиналған көпшілікке 

өте  жақсы  кеш  сыйлады.  Концертті 

жүргізген  Жоламан  Сейсенғалиев 

сахна  шымылдығын  жыр  жолда-

рымен  төгілте  ашты.  Ансамбль 

репертуарындағы  сағындырған  ескі 

әндерді  көрермен  қосыла  шырқаса, 

қазіргі  әндерді  орындаған  әншілерге 

дуылдата  қол  соғып,  көтермелеп 

отырды.  Жоламан  мен  Сұлушаштың 

дуэттік  орындаудағы  әндері  де 

жүректі баураса, жерлестеріміз Ермек 

пен  Бауыржанның,  Миллаттың  дау-

ыстарын сағынып-ақ қалған екен. Са-

мал  мен  Гүлнардың  орындауындағы 

лирикалық әндерін де көпшілік жылы 

қабылдады.  Тамаша  әндер  мен 

төгілген  күйлерге  еліткен  көрермен, 

көңілді  жадыратар  кеш  сыйлаған 

аудандық  демалыс  орталығының 

көркемөнерпаздарына  алғыс  айтып, 

жиі келіп тұруларын өтінді.



 «Жарқыраған 

жұлдыздар»

Биыл  ауданымызда  «Балдәурен» 

балалар  шығармашылығы  өткізіле 

бастағанына  20  жыл.  Осыған 

орай  ауылдық  Мәдениет  үйінде 

«Жарқыраған  жұлдыздар»  атты  6-

10  жас  аралығындағы  бүлдіршіндер 

фестивалі  оздырылып,  оған  округтің 

Көктерек,  Жиекқұм  ауылдарының 

дарынды  балалары  келіп  бақ  сына-

ды.  Жастарына  сай  әндер  айтып, 

ұлттық, заманауи билер билеп өзара 

жарысқа  түсті.  Қазылар  алқасының 

(А.Мұқанғалиева, 

С.Жәрдемов, 

С.Қалиева, 

Л.Әжіханова 

және 


байқаудың  бас  демеушісі  Әспет 

Ақтарова) шешімімен әр жанр бойын-

ша  озық  деп  танылған  өнерпаздар 

ауданға жолдама алды.

Әспет  Рамазанқызы  қатысқан 

барлық  бүлдіршіндерге  сыйлықтар 

мен  тәттілер  таратты.  Осындай 

игі  шараға  қатысушыларымызды 

алып  келген  Көктерек,  Жиекқұм 

ауылдарының  мектеп  басшыла-

рына,  ұстаздарына  және  автокөлік 

жүргізушісі  Ерен  Мағзомовқа  сүйікті 

газетіміз  «Орда  жұлдызы»  арқылы 

алғыс білдіреміз.



Е.ЖОЛДЫҒАЛИҚЫЗЫ.

Бисен ауылы.

Тәрбиенің қайнар көзі – санаға ұстаз 

сіңірген білімде. Ұрпақ болашағының 

берік  іргетасын  қалауда  мұғалімдер 

қауымының еңбегі өлшеусіз. Осындай 

ерекше  жандардың  бірі  –  аудандық 

психологиялық-педагогикалық  түзеу 

кабинетінің 

әлеуметтік 

педагогі 

Әбілова Зәуре Мұтиғоллақызы.

 Оның шәкіртпен қарым-қатынасы, 

балалармен  тіл  табыса  білуі, 

талапшылдығы  айрықша.  Тәрбие 

саласы 

бойынша 


проблемалық 

тақырыбы  «Дамуында  ауытқуы  бар 

балаларды  тұрмыстық  жағдайда  өз-

өзіне  қызмет  көрсету  қабілеттерін 

дамыту».  Осы  бағытта  өз  бетімен 

жұмыстану  үрдісін  де  жандандырып 

келеді.  Түрлі  өзекті  тақырыптарды 

бір-бірімен  сабақтастырып,  мән-

мағынасы  терең  тәрбиелік  шаралар 

өткізуі, оқушы ой-өрісін өсіріп, ұлттық 

құндылықты  дәріптеуге  баулиды. 

Сондай сабақтарының бірі – «Пайда-

лы кеңестер мен жағымсыз әдеттер» 

атты тәрбие сағаты. 

«Мұғалімнің  әр  сабағының  өзі 

–  ашық  сабақ»  деген  ұстанымды 

басшылыққа 

алатын 


Зәуре 

Мұтиғоллақызы  күнделікті  сабағына 

тыңғылықты әзірлікпен, терең ізденіс-

пен  келіп,  оны  шәкірттерінің  есінде 

қаларлықтай етіп өткізуге тырысады. 

Біз  де  Зәуре  Мұтиғоллақызының 

жұмысына жеміс, шығармашылық та-

быс тілейміз.



Шынар МҰХТАРОВА, 

аудандық психологиялық-

педагогикалық түзеу 

кабинетінің психологі.

Бөкей  ордасы  колледжінде  құқық  бұзушылықтың, 

жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының алдын алу, экс-

тремизмге қарсы күрес туралы ақпарат беру мақсатында 

ата-аналар жиналысы оздырылды.

Оны колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орын-

басары  Н.Омарова  ашып,  жасөспірімдер  арасындағы 

құқық  бұзушылық  туралы  біраз  мәлімет  берсе,  колледж 

психологі  А.Халиоллина  «Суицидтің  алдын  алу  жолда-

ры»  тақырыбында  баяндама  жасады.  Сонымен  қатар 

ата-аналарға  облыстық  білім  басқармасы  ұсынған  діни 

экстремизм туралы фильм көрсетіліп, арнайы жадынама 

да таратылды.

Айта  кету  керек,  ата-ана  өз  баласының  тәрбиелі  де, 

саналы,  мәдениетті,  жүрген  ортасында  сүйкімді  болуын 

қалайды. Ол үшін ең алдымен әрбір ата-ана өзінің қимыл-

қозғалысымен, әр ісімен баласына үлгі-өнеге болуы шарт. 

Өйткені, бала тәуліктің 6 сағатын мектепте болса, қалған 

18-ін отбасында өткізеді әрі тәрбие алады.

М.СЕМІЗОВА,

колледж оқытушысы.

Ата-ана һәм колледж

Жас ұстаз беделі

«Менің елім – мәңгілік ел»

«Нарынның» сазды әндері-ай!


Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады

Апталық  басылым



№18 (6947)    21 сәуір    2015 жыл

Бөкей  ордасы   аудандық  қоғамдық-саяси  газеті

Орда жұлдызы

+11


+1

Сәрсенбі, 22.04.2015

+9

+1

Бейсенбі, 23.04.2015



+14

+5

Жұма, 24.04.2015



+12

+4

Сенбі, 25.04.2015



+8

+2

Жексенбі, 26.04.2015



+7

+4

+12



0

Дүйсенбі, 27.04.2015 Сейсенбі, 28.04.2015

Аудан әкімдігінде

Бұл жолғы әкімдік 

мәжілісін аудан әкімі 

Нұрлан Рахымжанов ашып, 

жүргізіп отырды. Оған 

мекеме, ұйым басшылары, 

ауыл әкімдері мен әкім 

аппаратының жауапты 

қызметкерлері қатысты.

Алдымен,  күн  тәртібіне  қойылған 

«Аудан 

көлемінде 



санитарлық-

экологиялық  айлықтың  өту  барысы 

туралы»  аудандық  тұтынушылардың 

құқықтарын  қорғау  басқармасының 

жетекші  маманы  Е.Жұмағалиевтің 

нақты  деректер  мен  дәйектерге 

құрылған  баяндамасы  тыңдалды. 

Сала  басшысы  емес,  қатардағы 

маманның  өз  ойын  еркін  жеткізіп, 

кәсіби  міндетіне  үлкен  жауапкер-

шілікпен  қарауы  көпке  жылы  әсер 

сыйлағанын  айта  кеткен  жөн.  Әрі 

оның  сөзінің  түйінін:  «Тұтынушылар 

құқықтарын  қорғау  басқармасының 

ең  басты  фукционалдық  міндеті 

–  халықтың  арасында  санитарлық 

ағарту 

жұмыстарын 



жүргізіп, 

тұтынушылардың құқықтарын қорғау, 

эпидемиологиялық 

аурулардан 

сақтандыру, күнілгері қадағалау, жос-

парлы тексерулер жасап, санитарлық 

ереже бұзушыларды тәртіпке шақыру 

болып табылады» деп шегелей түсуі 

де  көңілге  қонымды  шықты.  Бұдан 

әрі  осы  тақырыпқа  сабақтас  хабар-

ламаны  («Аудан  мекемелерінде-

гі  қатты  тұрмыстық  қалдықтардың 

шығарылу  жағдайы  жайлы»)  Бөкей 

ордасы  ауданы  бойынша  өкілетті 

мемлекеттік  экологиялық  инспектор 

Ғ.Бисенғалиев  жасап,  қоршаған  ор-

таны ластамау, қажетсіз қалдықтарды 

тастамау,  газбен  не  сұйық,  қатты 

отынмен  жылытылатын  мекемелер 

арнайы  сүзгіштер  орнату  қажеттігін 

тілге  тиек  етіп,  ауданымыздағы 

тұрмыстық  қалдықтарға  арналған  25 

полигонның 10-ы ғана заңдастырылып 

отырғандығын  жеткізді.  Сондай-ақ, 

Ғарифолла  Қитешұлы  Мұратсайдың 

іргесіндегі  көл  суының  ластануына 

ауыл тұрғындарының да үлестері (ай-

наласына қоқыс тастау, тас соғу, т.б.) 

бар екендігін жасырмады.

Мәжілісте  аудандық  қорғаныс  іс-

тері  бөлімінің  басшысы  Ю.Қауысов 

(«Аудан  бойынша  көктемгі  әскерге 

шақыру  жұмысын  ұйымдастыру  ту-

ралы»), аудандық білім бөлімінің бас-

шысы  Е.Иманбаев  («ҰБТ-ға  әзірлік 

және  2015  жылдың  жазғы  кезеңінде 

балалар мен жасөспірімдердің дема-

лысын,  сауықтыруын  ұйымдастыру 

туралы»)  және  аудандық  тұрғын  үй, 

коммуналдық  шаруашылық,  жола-

ушылар көлігі және автомобиль жол-

дары  бөлімінің  басшысы  Е.Хайыров 

(«2014-2015  жылғы  от  жағу  кезеңінің 

қорытындысы  және  алдағы  жылыту 

кезеңіне дайындық барысы туралы») 

жолдастардың  да  тақырыптық  баян-

дамалары  тыңдалып,  біраз  жайлар 

ортаға салынды.

Өз  кезегінде  Нұрлан  Сағынтайұлы 

талқыланып  отырған  мәселелердің 

маңыздылығына 

тоқталып, 

істі 

ұйымдастыруда әлі де олқылықтардың 



бар екендігіне назар аударды. Шынын-

да  да,  талап  пен  тәртіп  босаңсыған 

жерде  берекелі  істің  болуы  да  екіта-

лай  ғой.  Әрі  жергілікті  жерлерде  не-

гізгі салмақ ауыл әкімдерінің иығына 

түсіп  отырғаны  жасырын  емес.  Ал, 

олардың  бір  іс  қолынан  келсе,  енді 

бір  шаруаның  түйінін  тарқатуына 

аудандық 

деңгейдегі 

мекеме 

басшыларының көмегі ауадай қажет-



ақ.  Осы  жорықта  да  Бисен  ауылдық 

округінің  әкімі  Сапар  Саматовтың 

сөзінен  бұл  жай  айқын  аңғарылып 

тұрды. Тек соған құлақасар жан бол-

са  ғой.  Жалпы,  қай-қай  басшы  да 

сауаттылығына  жауаптылығын  қоса 

серік  етсе,  міндетті  қызметінде  мін 

болмас еді-ау...

Мәжілісте  өзге  де  мәселелер  жан-

жақты сөз болып, тиісінше хаттамалық 

шешімдер алынды.

Сауаттылық та, 

жауаптылық та қажет

Отқа шарпылып, 

тылда тер төккендер

өңірлеріне мерекелік медаль тақты

Аудан әкімі Н.C.Рахымжанов бастаған топ сайқындық 

майдангер Камал Нарболовтың үйіне барды. Ақсақалды 

алдымен мәслихаттың 27 наурыз күнгі «Ұлы Отан соғысы 

ардагерлеріне ауданның «Құрметті азаматы» атағын беру 

туралы»  шешімімен  таныстырған  Нұрлан  Сағынтайұлы 

мен  Ерболат  Қабденұлы  оның  иығына  Бөкей  ордасы 

ауданының  «Құрметті  азаматы»  лентасын  іліп,  өңіріне 

арнайы төсбелгіні тақты. Әрі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына 

арналған мерекелік медальді табыстады. Ал, аудандық 

ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  Серік  Таңатов,  ауылдық 

округ әкімі Бисенбек Насимоллин құттықтау сөз сөйлеп, 

игі тілектерін білдірді.

(Жалғасы 4-5-беттерде).

Елбасы 


Н.Ә.Назарбаевтың 

қатысымен  Астана  қаласындағы 

Тәуелсіздік  сарайында  өткен  жастар 

форумына облысымыздан 60-қа жуық 

жас барса, олардың қатарында ауда-

нымыздан  «Нарын  жастары» жастар 

қоғамдық 

бірлестігінің 

төрағасы 

Жалғас  Әшенов  пен  мектептен  тыс 

тәрбие  орталығының  қосымша  білім 

беру педагогі Нұрмағанбет Мұстафин 

де болды. 

Президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

жиналғандарға  елімізде  атқарылып 

жатқан  ауқымды  істерді  қарапайым 

мысалдармен  жіті  түсіндіріп,  алда 

жүзеге асуы тиіс күрделі әрі маңызды 

мәселелерді атап көрсеткенін, жастар-

ды бір сәтке де босаңсымауға, іскерлік-

ке, табысты еңбек етуге шақырғанын 

екі  жігіт  біздің  редакциямызға  қуана 

жеткізді.  Айта  кетелік,  форумнан 

бір  күн  бұрын  «Жас  Отан»  жастар 

қанатының  ІІІ  съезі  оздырылып, 

«Жастар  ¬–  Отанға»  бағдарламасы 

да қабылданған. 

Біз төменде жерлестеріміз қатысқан 

форумда  түсірілген  суретті  көпшілік 

назарына ұсынып отырмыз.



Г.БАДЕЛОВА.

Саяси науқанға сақадай саймыз

Қазақстан халқы Ассамблеясы  биыл кезектен тыс Президент сайлауын өткізу 

жөнінде бастама көтеріп, оны 6 саяси партия мен 18 республикалық қоғамдық 

бірлестіктің,  500  өңірлік  үкіметтік  емес  ұйымдардың  басын  қосып  отырған 

демократиялық  күштердің  «Қазақстан  –  2050»  жалпыұлттық  коалициясының 

қолдағаны    белгілі.  «Халық  қаласа,  хан  түйесін  сояды»  демекші,  бұқараның 

үніне құлақ асқан Елбасымыз да бұл ұсынысты екшей келе, ағымдағы жылдың 

25  ақпанындағы  Жарлығымен  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  кезек-

тен тыс сайлауын 2015 жылдың 26 сәуіріне тағайындаған-ды. Енді, міне, ол 

күнде таялып қалды.

Ауданымыздағы 24 сайлау учаскесі бұл саяси шараға толық әзір. Кабиналар 

жасақталып, қажетті кеңсе бұйымдары толық жеткізілді. Сайлау комиссиялары 

орналасқан ғимараттардың 23-іне телефон желісі тартылса, біреуінде (Макар) 

радиотелефон орнатылған. Жанар-жағар май мәселелері де өз шешімін тапты. 

Сондай-ақ, аудан бойынша 9814 сайлаушының тізімі тұрғызылып, анықталды. 

Әр отбасындағы сайлаушы сайлау учаскесінің қай жерде орналасқаны, дауыс 

берудің мерзімі жөнінен хабардар. Сондықтан да бөкейліктер өз таңдауларын 

жасап, ұйымшылдықпен дауыс береді деп сенеміз.

Мереке МАХИМОВ,

аудандық сайлау комиссиясының төрағасы.

Ардагерлер – алтын қорымыз

26  сәуір – ҚР Президентін сайлау күні

Жастар форумының делегаттары



21 cәуір 2015 жыл

2

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Табалдырықтан аттап, төрімізге озған жыл 

айтулы мерекелерге толы. Сол мерекелердің 

бірі  –  фашизмді  талқандаған  Ұлы  Отан 

соғысы Жеңісінің 70 жылдығы. Кеңес Одағы 

жауынгерлерінің  Отан  қорғаудағы  ерлігі, 

оның  неміс  басқыншыларынан  өз  террито-

риясын ғана емес, күллі Еуропа елдерін фа-

шизмнен  азат  етуі,  кейін  Жапон  милитарис-

терін  тізе  бүктіруі  заманның  ең  ірі  оқиғасы, 

ел  тарихының  алтын  әріппен  жазылған  бет-

тері,  мәңгі  өшпес  Жеңісі.  Бұл  Жеңісті    түрлі 

ұлт  өкілдерінің  ортақ  тізе  қосқан  тірлігі, 

бауырмалдығы  мен  ерік-жігері,  азаматтық 

пен  әскери  тәртібі,  мықты  рухы  орнатты. 

Осы Жеңіске ерлі-зайыпты Айғали Мұратұлы 

Дәулетәлиев  пен  Мария  Владимировна 

Золотореваның да қосқан үлесі бар.

М.В.Золоторева  Краснодар  өлкесі  Арма-

вир қаласының тумысы. 1919 жылы дүниеге 

келген  ол  осындағы  мектептен  7  кластық 

білім  алады.  30-шы  жылдардағы  аштық 

уақытында  Кубаннан  Сухуми  қаласына 

келіп,  картон  зауытында  жұмыс  істейді. 

Әрі  қаладағы  медбикелер  курсында  оқып, 

оны  соғыстан  бұрын  бітіреді.  1941  жылдың 

желтоқсанында  қайта  пысықтаудан  өтіп, 

мемлекеттік  сынақ  бағдарламасын  үздік 

тапсырған  ол  1942  жылдың  26  ақпанында 

Қара теңіз жағалауындағы №2456 майдандық 

жылжымалы  госпитальға  жіберіледі.  Әскери 

өмір алғашында ауыр тисе де, Мария Влади-

мировна бәріне де үйренеді. Білімі мен білігі, 

төзімі  мен  ерік-жігері  сын  сағатта  сыналып, 

оқ  пен  оттың  арасынан  келген  не  бір  жара-

лы  жауынгерлерді  емдесіп,  талайына  өмір 

сыйлайды. 1945 жылы «Кавказды қорғағаны 

үшін», 1947 жылдың қаңтарында «Ұлы Отан 

соғысы  жылдардағы  қажырлы  еңбегі  үшін» 

медальдарымен марапатталады.

Маған  Мария  Владимировнамен  талай 

мәрте  кездесу  бақыты  бұйырды.    Ол  кісі: 

«...Майданда  Кіші  жерде  болдым.  (Оған 

музей  қорында  сақталған  құжаттар  куә.) 

Л.И.Брежневті көрдім. Біздің бөлімге келді»,- 

дейтін.  Соғыстан  соң  Сухуми  қаласындағы 

құрылыс  батальонында  медбике  болып 

жүргенде  қала  мен  жолды  қалпына  келті-

ру  әскери  бөлімінде  қызметте  жүрген  біздің 

жерлесіміз Айғали Дәулетәлиевпен танысып, 

шаңырақ құрады. 

Айғали Мұратұлы Дәулетәлиев 1917 жылы 

Орда  ауданының  Қарғалы  ауылында  туған. 

Майдан даласында

тағдыр табыстырған қос жүрек

7  кластық  біліммен  «Қызыл  ту»  колхозында 

есепші болады. 1938-1940 жылдары Ленинград 

әскери  округінің  139-зениттік  артиллерия  пол-

кінде міндетті әскери борышын өтейді. Оралған 

соң  Орда  аудандық  қаржы  бөлімінде  салық 

агенті болып істейді. Соғыс басталған жылдың 

тамызында  қайта  әскерге  алынған  Айғали 

ағаның майдан жолы Қара теңіз жағалауындағы 

Сухумида басталады. Бұл Герман әскерлерінің 

Кавказдың  мұнайлы  аймақтарын  басып  алу 

үшін тау жоталарынан асуға ұмтылған кез еді. 

А.Дәулетәлиев 143-ші зениттік артиллерия пол-

кі аэродромында прожекторлы станция бастығы 

болады.  1943  жылы  Краснодар  өлкелік    әуе 

қорғанысы  дивизиясы  саяси  бөлімінен  ВКП(б) 

мүшелігіне  қабылданады.  Бөлімше  командирі, 

сержант А.Дәулетәлиев 1944-45 жылдары Вен-

грияны,  оның  астанасы  Будапештті  азат  етуге 

қатысады.  

Орыс  тіліне  жетік  Айғали  аға  1946-1948 

жылдары 


әскери 

құрылыс 


батальоны 

Сенбі  күні  аудан  әкімі  Нұрлан  Ра-

хымжанов бастаған делегация Ресей 

Федерациясы  Волгоград  облысының 

Палласовка  қаласына  достық  са-

пармен  барып,  өз  өнерлерін  паш 

етті.  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

жылы  аясында  оздырылған  осы-

нау  шара  барысында  арнайы  көрме 

ұйымдастырылып,  қазақтың  ән-би-

лерімен  қоса  өзге  ұлт  өкілдерінің  де 

өнерлері  қамтылып,  Ұлы  Жеңістің 

70  жылдығына  арналған  концерттік 

бағдарлама  ресейліктердің  наза-

рына  ұсынылды.  Құшақ  жая  қарсы 

алған  Палласовка  ауданы  басшысы 

Аноприенко  Владимир  Николаевич 

пен Палласовка қаласының әкімшілік 

басшысы Толмачев Вячеслав Влади-

мирович  бөкейліктерге  алғысын  жа-

удырса,  Ұлы  Отан  соғысының  арда-

герлері  мен  ондағы  қандастарымыз 

мереке  қарсаңында  келіп,  осындай 

баға  жетпес  тарту  жасағандарына 

шексіз ризашылықтарын білдірді. 

Өз  кезегінде  Нұрлан  Сағынтайұлы 

жерлестеріміз атынан естелік сыйлық 

табыстап,  мұндай  жылы  жүздесулер 

одан  әрі  де  жалғасын  табатынына 

сендірді.



А.ҒАЙНОЛЛАҰЛЫ.

басқармасының  ПФС  полкінде  аға  кеңсе  хат-

шысы  болады.  1948  жылы  Қарулы  Күштер 

Министрлігінің  бұйрығымен  жас  отбасы-

лар  әскер  қатарынан  босап,  Ордаға  келеді. 

Олардың  Сухуми  қаласында  дүниеге  келген 

алғашқы  сәбиі  8  айлығында  қайтыс  болады.  

Елде  Айғали  ағаның  анасы  мен  інісі  тұратын. 

Айғали  аға  алғашында  дайындау  кеңсесінде, 

селолық  тұтынушылар  қоғамында  көмекші 

есепші,  инструктор-ревизор,  селпо  төрағасы 

қызметтерінде, одан Орда ауданының тараты-

луына байланысы орман шаруашылығы меке-

месінде бухгалтер болса, Мария Владимировна 

Орда учаскелік ауруханасында медбике болып 

қызметке  тұрып,  зейнеткерлікке  шыққанша 

еңбек  етті.  Ордаға  келген  соң  дүние  есігін 

ашқан екінші қыздары 2 айлығында қайтыс бо-

лады. Тағдыры қазақ жігітімен тоғысқан Мария 

Владимировна    халқымыздың  салт-дәстүрін 

де  мейлінше  жақын  қабылдайды.  Әсіресе,  ау-

рухана басшылығы анасынан айырылған ұлты 

қазақ шарананы балалар үйіне жіберуге жина-

лып жатқанында, осында ұзақ жылдар істейтін 

орыс  санитарканың:  «Мына  баланы  неге  асы-

рап алмайсың? Қазақтарда біреуден бала алып 

өсірсең,  өзің  де  балалы  боласың  деген  ырым 

бар.  Күйеуің  болса  қазақ.  Мына  қазақ  сәбиді 

балалар  үйіне  жібергенше,  бауырларыңа 

салсаңдар,  сендерге  де  нәсіп  болар»,-  деген 

ұсынысын жұбайына жеткізгенде, екеуі де осы 

бір жетім қызға ата-ана болуға ұйғарады. Оған 

бас дәрігердің, басқа да өкілетті  органдардың 

жидектердің  хош  иісі  көшені  алып  кететін. 

Еңбекқор қос майдангер елдің құрметтісі, сый-

лысы  да  болды.  Көбінесе  ауылдағы  орыс  от-

басылармен  жақын  жүріп,  араласатын  Мария 

Владимировна  қазақша  түсінгенмен,  ұдайы 

орысша сөйлейтін. 

Айта  кетелік,  А.Дәулетәлиев  майдан-

да  «Ерлігі  үшін»,  «Кавказды  қорғағаны 

үшін»,  «Германияны  жеңгені  үшін»,  «Кеңес 

Армиясының  30  жылдығы»  медальдарымен 

марапатталып, бейбіт  күнде есімі Орда орман 

шаруашылығы  мекемесінің  «Құрмет  кітабына» 

жазылса,  М.В.Золотореваның  суреті  аудандық 

аурухананың  «Құрмет  тақтасында»  тұрды. 

Қос  майдангер  талай  құрметтің  иесі,  талай 

кездесулердің сәні де болды. Мария Владими-

ровна қартайған енесін  күтіп, соңғы қызметіне 

дейін  атқарғанын  жерлестер  әлі  ұмыта  қойған 

жоқ. 


Балалары  ер  жетіп,  түрлі  мамандық  алып, 

ұядан  ұшты.  Қариялар  кіші  баласы  Олегпен 

(«Орда»  совхозы  прорабы)  тұрды.  Немере-

жиендерін  бағысты.  1987  жылы  Айғали  аға 

дүниеден озды. Уақыт өтіп, жасы жетіп, ауырып 

жүрген Мария Владимировна балаларына өзін 

ауылдағы христиан зиратына емес, жұбайының 

жанына жерлеуді өсиет еткен екен. 1996 жылы 

ол кісі де фәниден өтті. Ауыл адамдары олар 

тұрған  үйді  өздері  жоқ  болса  да,  көпке  дейін 

иелерінің  есімдерімен  айтып  жүрді.  Қоңсы 

болған  көршілері  Дәулетәлиевтерді  әлі  күнге 

«көршінің жақсысы еді» деп еске  алады.

Дәулеталиевтердің  бауырларына  салған 

қызы  Надежда,  ұлдары  Владимир  Алматыда, 

Анатолий  (марқұм)  Таразда,  Наталья  Эстони-

яда,  Олег  Оралда  тұрады.  Натальядан  басқа 

балалары қазақтың қызын алып, қазақ жігітімен 

тұрмыс құрды. Балалары елден кетсе де, бай-

ланыстарын  үзген  жоқ.  Володясы  елге  келіп, 

ата-анасына арнап, ауыл адамдарына ас бер-

ді. 


Тілі басқа болса да, жүректері үндескен май-

дангер  жұбайлар  бар  болмысымен  татулық 

пен  келісімнің  үлгісі,  өркендеген  шаңырақ 

болды.  Кезінде  ауылдағы  соғыс  ардагерлері 

басқосқанда қандыкөйлек азаматтар ортасында 

орамалы желбіреген Мария Владимировнаның 

бейнесі    әлі  күнге  көз  алдымызда.  Ұлы  Отан 

соғысындағы  бүкіл  халықтық  ерлік  шежіресі 

ешқашан көмескі тартпақ емес. Алыстаған сай-

ын  Жеңіс  тарихы  көбірек,  тереңірек  зерттеліп, 

ұйымшылдықпен,  көптікпен  насихатталып, 

атқарыла бермек. 



Г.САПАРҒАЛИЕВА,

Бөкей ордасы тарихи музейі 

кешені ғылыми қызметкері.

келісімін  алады.  Бұл  1950  жыл  болатын.  Осы 

жылдың соңында Дәулетәлиевтердің отбасын-

да  ұл  бала  дүние  есігін  ашады.  Одан  соң  да 

2  ұл,  бір  қыз  сүйеді.  Балалардың  тәрбиесіне, 

оқуына  ден  қойған  олар  ауыл  тірлігінде  мал 

ұстап,  құс  өсіріп,  бау-бақшасын  мәуелетті. 

Үйлерінің  қақпасындағы  қос  жұлдызды  белгісі 

бар  аулада  неше  бір  түрлі  жеміс  ағашы  мен 

бақша  өнімдері  жерлестерінің  қызығушылығы 

мен таңданысын туғызатын. Көктемде гүлдеген  

жеміс  ағаштарының  сәні  мен  сирень,  жиде, 

Өнерлі өлкенің өнерпаздары



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал