Бірлік пен ынтымақты ту еткен төле би нұржанова Қ.Қ. Түсіпбекова Э.Қ



жүктеу 34.65 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі34.65 Kb.

БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚТЫ ТУ ЕТКЕН - ТӨЛЕ БИ 

 

Нұржанова Қ.Қ. 

Түсіпбекова Э.Қ. 

 

 



Төле  би  Әлібекұлы  (1663-1756)  қазіргі  Жамбыл  облысы,  Шу 

ауданының  Жайсан  жайлауында  дүниеге  келген.    Қазақ  шежіресінде: 

Дулаттан  Жаныс,  одан  Жарылқамыс,  Жарылқамыстан  Жанту  би,  одан 

Жайылмыс  би,  одан  Құдайберді  би  («Тоғыз  ұлды  Құдайберді»  деп  те 

аталады).  Сол  тоғыз  ұлдың  бірі  Әлібектен  Төле  би  туады.  Көптеген 

деректерде Төле жастайынан  ескіше оқып, сауатын ашып, арабша, парсыша 

тарихи  кітаптарды,  аңыз,  хисса-хиқаяларды  көп  оқығаны  жайлы  жазылған. 

Сонымен қатар, Төле би жас кезінен қазақтың аңыз-әңгіме, өлең-жырларын, 

шежіре-тарихтарын ел арасынан тыңдап, өзінен бұрынғы өткен шешен билер 

мен  хандар,  әсіресе  өзінің  бабалары  Жанту,  Жарылқамыс  билердің  кесімді 

тапқыр  өнегелі  нақыл,  шешен  сөздерін  ойында  сақтап  өскендігі  жайлы 

айтылады. 

 

Сәрсенбі Дәуіттің «Төле би» атты еңбегінде Төле би жасынан аса зерек



тапқыр,  қара  қылды  қақ  жарған  әділ  болғандығы,  өзінің    мінезімен  аулына 

ұнап,  бірте-бірте  қауым-халайыққа  сүйкімі  артып,  қылығы  жаққандығы 

жайлы  айтылған.    «Ата  көрген  оқ  жонар,  ана  көрген  тон  пішер»  дегендей, 

әкесі  Әлібек  бидің  мінезі  жас  Төлеге  қаз-қалпында  дарыған  екен  деседі  ол 

жайында дерек қалдырушылар: «Төленің халық арасындағы қадір-қасиетінің 

хан-сұлтандардың  артық  болғандығын  орыс  зерттеушілері  мен  шет  елден 

келген саяхатшылардың жазбаларынан оқуға болады», делінген 

1, 3 бет



.  


Төле  би  қазақ  халқының  шешендік  өнерінің  дәстүрлерін  жастайынан 

бойына  сіңіріп  өскен,  зерделі,  сауатты  болған.  Ол  15-20  жасынан  билердің 

бас  қосқан  жиналысына  қатысып,  өзінің  әділдігі  мен  шешендік  өнері 

арқасында танылады.  

Төле  жас  кезінен  талай  жақсы  үлкен  атақты  абыз  билердің    алдынан 

өтіп батасын алады. 

Бірде бала Төле әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі 

ынтымақ ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырған екен. Төле әкесінен «Қалай 

еткенде бірлік болады, оның  күші  қандай  болмақ?» дегенді сұрайды.  Сонда 

әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдық шыбық алдырады: 

-

 

Балам,  мынаны сындырып көрші? 



Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды. 

-

 



Енді  сол  шыбықты  біртіндеп  сындыршы?  –  Төле  ортасынан  

буылған  шыбықты  шешіп,  біртіндеп  пырт-пырт  етіп  оп-оңай 

сындырып береді. Әлібек би: 

-

 



Бұдан не түсіндің, балам? -  дейді. 

Сонда Төле бала: 

-

 

Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі 



мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ  жейді» 

демекші,  бірлігі,  ынтымағы  жоқты  жау  да,  дау  да  оп-оңай  алады» 

дегеніңіз гой. 

-

 

Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел болу үшін алдымен елді 



ауыз  бірлікке,  ынтымаққа  шақыра  біл.  «Бақ  қайда  барасың 

ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы, - депті 

2, 106 бет



Тәукені хан етіп,  үш жүздің ұлыстарын бір ортаға бағыттауға, сөйтіп, 



бірегей  қазақ  хандығын  нығайтуға,  жоңғар  шапқыншылығына  қарсы 

бауырлас  халықтардың  жауынгершілік  одағын  құруға  бағытталған 

шаралардың жүзеге асырылуына Төле бидің қосқан үлесі зор екенін білеміз.  

Тәуке хан Төле биді ұлы жүздің бас биі еткен. Төле би Қазыбек бимен 

және  Әйтеке  бимен  бірлесе  отырып,  қазақ  халқының  дәстүрлі  әдет-ғұрып 

заңдарының  жинағына  ат  салысты.  Орда  басы  жиыны  кезінде  Төле  би 

басшылық  жасап,  жоңғар  басқыншылығына  қарсы  бүкілхалықтық  тойтарыс 

беруге ұйтқы болды. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен 

қытай  секілді  екі  алпауыт  мемлекет  арасында  оңтайлы  саясат  жүргізген 

Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Төле бидің 

қызметі орасан 

3, 466 бет



Тәуке  хан  өлімінен  кейін  Қазақ  хандығы  ыдырай  бастады.  Ұлы  жүзді 



басқарып  отырған  Төле  би  жоңғар  басқыншыларына  біраз  уақыт  кіріптар 

болады.  Оларға  салық  төлегеніне  қарамастан,  Төле  би  саяси  басқаруды  өз 

қолына  алды.  Қазақтардың  басын  біріктіріп,  оларды  жоңгар  бұғауынан 

құтқаруда Төле би маңызды рөл атқарды. Кейбір мәліметтер бойынша, Төле 

би,  Орта  жүздің  бас  биі  Қазыбек  Келдібекұлы  және  Кіші  жүздің  бас  биі 

Әйтеке  Байбекұлы  үшеуі  Әз  Тәукенің  бас  кеңесшісі  болғаны  жайлы 

айтылған. 

Сонымен  бірге,  Төле  би  Ұлы  жүз  бен  Ресей  арасында  байланыс 

орнатып,  дамытуға  көп  еңбек  сіңірген.  1749  жылы  Орынбор  губернаторы 

И.И.Неплюев Ресей қоластына өтуге дайын екендігін мәлімдеген.  

Тәуке  ханның  тұсында  Төле  би  «Билер  кеңесінің»  мүшесі  ретінде 

мемлекеттік  істердің  оң  шешілуіне  айтарлықтай  үлес  қосқан,  жыл  сайын 

өтететін  бүкіл  халықтық  жиынды  ұйымдастырушылардың  бірі  болған.  Ол 

Орта  жүздің  төбе  биі  Келдібекұлы  Қазыбекпен,  Кіші  жүздің  төбе  биі 

Байбекұлы  Әйтекемен  бірге  Тәукенің  Түркістан  қаласын  орталық  етіп,  үш 

жүз  ұлыстарын бір орталыққа  бағындыруға,  сөйтіп  бірегей  Қазақ  хандығын 

нығайтуға,  жоңғар  шапқыншылығына  қарсы  бауырлас  қырғыз,  қарақалпақ, 

өзбек халықтарының одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға 

белсене қатысады.  

Бұл  Қазақ  пен  Жоңғар  хандықтарының  арасы  шиеленісіп  тұрған  кез 

болатын.  

Жер  мен  жесір  дауында,  жалпы,  қазақ  тарихының  қилы  кезеңдерінде 

Төле би әлсізге болысуды, әділ болуды, қиянатқа қарсы тұруды адалдықтың 

парызы  деп  түсінген.  Төле  бидің  шығарған  шешімінде,  билік  үкімінде 

адамның  өміріне  деген  құрмет  те,  адамгершілік  сезім  де,  ел-жұртты 

ықыласқа,  ізгілікке,  имандылыққа  тәрбиелеуді  мақсат  тұтқан  аталық 

даналығы да бар.  


Той-тамашада  бір  жас  келіншек  төңірегінен  именіп,  өлең  айта  алмай 

отырады.  Еріне  жаутандап  қарай  береді.  Күйеуі  жайсыз,  оған  өлең  айтуға 

тиым салып қойған екен. 

-  Қыз  кезінде  жан  салмайтын  әнші  еді,  енді  суға  түскен  тауықтай  боп 

отырғаны, – дейді Төлеге жақын отырған біреу сыбырлап. 

- Тұзаққа түскен бұлбұлдан, еркін жүрген торғай артық, –дейді би. 

- Ол не дегеніңіз, Төке? 

- Торға түскен бұлбұл қайдан сайрасын? 

Мұны естіген әлгі келіншектің күйеуі Төле бидің алдына келіп, кешірім 

сұрайды. 

-Биеке,  түсіндім  сөзіңізді.  Бұдан  былай  бұл  мінезімді  тастайын. 

Келініңіздің беті ашық! 

2, 112 бет



Төле би заманы қиын кезеңде жаугершілікте өткен. «Ол кезде қазақ пен 



жоңғар  хандықтары  ұдайы  жауласуда  еді.  Тауке  ханнан  кейін  қазақ 

хандығының ыдырай бастауына байланысты Төле би ендігі жерде Ұлы жүзді 

билеп,  жоңғар  басқыншыларына  тәуелді  болды.  Оларға  алым-салық  төлеп 

тұрғанымен  Төле  би  саяси  билікті  өзінше  жүргізді.  Қазақ  қауымдарын 

біріктіріп,  оларды  жоңғар  феодалдары  езгісінен  азат  етудегі  оның  қызметі 

айтарлықтай.  Кейбір  деректерге  қарағанда,  Абылай  сұлтанның  көтерілуіне 

Төле би ықпал жасаған. («Қазақ совет энциклопедиясы» ІІ том, 123-б.). 

Бір төре кедей адамға егін ектіріп, ақы төлемей, өзі пайдаланып жүреді. 

Кедейге  бала-шағасын  асырау  қиын  болыпты.  Келесі  күзде  егін  жақсы 

шығып, кедей егінді төреге айтпай жинап алыпты. Төре кедейді ұрып, басын 

жарыпты.  Таяқ  жеген  кедей  Төле  биге  арыздана  барыпты.  Төле  кедейдің 

жағдайын естіген болса керек. Төрені шақыртып алып: 

Таласқандарың қара жер, 

Төрем болдың босқа тер. 

Егіншімен айтысып, 

Қор болмасты ойласаң, 

Мүсәпірдің  қақын  бер,  -  деген  соң  әлгі  төре  ұялып,  кедейдің  ақысын 

беріп риза қылыпты 

2, 119 бет



 Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталған. Оның 



атымен байланысты айтылатын нақыл сөздер, мақал мәтелдер, билік кесімдер 

де ел арасына кеңінен тараған.  



  

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал