Бірлік бар жерде, тірлік бар



жүктеу 320.41 Kb.

бет1/4
Дата21.05.2017
өлшемі320.41 Kb.
  1   2   3   4

Ленге 

р

жаршысы



апталық тәуелсiз газет

№ 47


(483)

8

қараша



2014 жыл

“Бірлік бар жерде, тірлік бар” Төлеби



e-mail: 1lenger@mail.ru

Округ  аумақтарын  көгалдандыру,

тазалық  және  санитарлық  жұмыс

тары  бойынша  іс-шаралар  жоспары

бекітіліп,  сол  бойынша  жұмыстар

атқарылды. 

Ауылдық  округте  аптаның  әр  жұма  күні

«Тазалық» күні деп белгіленіп, елді мекен

тұрғындарын  тазалыққа  шақыратын  бил-

бордтар ілінген. Жұма күндері 4 елді мекен

тұрғындары  мен  бюджеттік  мекемелер

қатысуымен  сенбіліктер  ұйымдастырылу

да. 


Кәспкерлер  мен  қалталы  азаматтардың

демеушілігімен Достық елді мекенінің орта

лығына кіші сәулеттік құрылыс  жұмыстары,

атап айтқанда бүркіттің сұлбасы орнатылып, ол ауылдың сәнін келтіріп, ерекше

сипат беріп тұр. Елді мекендерде санитарлық тазалық жұмыстарын бірқалыпты

жолға қою мақсатында елді мекендерден шыға беріс 7 жерге орынсыз тасталатын

күл-қоқыстарды болдырмау үшін «қоқыс тастауға

арналған» деген сөздер жазылған арнайы жәшік

тер орнатылды. Күл-қоқыс тастайтын жәшіктерді

көрген соң адамдар, ұялса да сол жәшіктерге тас

тайтын болады.  

Округ аумағын Киелітас ауылдық округі бойын

ша тұрғындардың үйлерінен күл-қоқыс шығару

және оны тұрақты түрде арнайы көлікпен жинап

алып кету жақсы ұйымдастырылған. Толығырақ

айтсақ, жеке кәсіпкер Әбенов Асқармен мемо-

рандум түзіліп, аптасына бір рет елді мекен ішін

күл қоқыстан тазартумен айналысады. Сонымен

қатар,  елді  мекендердің  орталық  көшелерін

«Ленгер  қалалық  көпсалалы  коммуналдық

шаруашылық» мемлекеттік  мекемесі күл-қоқыс

тарды жинап, тазартып тұрады. 

Киелітас ауылдық округі бойынша 32-көше бар

болса, оның ішінде 8 көше ауылдық округ әкімі

нің тікелей атсалысуымен асфальталған. Аудан

дық  бюджет  есебінен  2014  жылдың  қыркүйек-

қазан айларында 12 млн тенгеге «Бірлік» ЖШС

Киелітас  елді  мекенінің  2  көшесі,  атап  айтқанда  Ынтымақ  және  Н.Әлімқұлов

көшелеріне  асфальт  жол  төселіп,  «Бірлік»  ЖШС-нің  көмегімен  Киелітас  елді

мекенінің  Н.Әлімқұлов, Алмалы және Атамекен көшелеріне,  Сұлтанрабат елді ме-

кенідегі  Жалын,    Жыланбұзған,  Ескіқорған,  Бадам,  Шалпая  және  Қызылжар

көшелеріне тас төселіп тұрғындардың жүріп тұруына қолайлы жағдай жасалынды.

2015  жылы  Киелітас  елді  мекенінің  Шойбек  датқа,  Байбұлақ  және  Келітас

көшелеріне асфальт жол салы-

нады деп жоспарлануда. 

Сұлтанрабат елді мекені Қара

жол көшесі күрделі жөндеуден

өтті. Ол жұмыстарды «Береке

А» корпорациясы атқарды. Ке-

лесі  жылы көшені жарықтанды

ру жоспарлануда. Ақайдар елді

мекені Ақорда көшесіне жарық

тандыру  электр  бағаналары

орнатылып, алдағы уақыттарда

іске қосылатын болады.

Достық елді мекенінің Шалқар,

Астана, Қ.Жылқыбаев көшеле

ріне  де  жеке  кәсіпкер  Б.Қалы

баевтың техникаларының көмегімен

көше тұрғындарын ұйымдастыра оты

рып тас төсеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың жүріп тұруына ыңғайлы жағдай

жасалды. Астана көшесіне (ұзындығы 1км) жаяу жүргіншілерге арналып аяқ жол

(тротуар) салынды.

Ауылдық  округте  «Жа

сыл  аймақ»  бағдарла

масы  бойынша  Достық

елді мекені Қ.Жылқыбаев

көшесіне  800  түп  ағаш,

Киелітас 

елді 


мекені

Қожамжар  көшесіне  700

түп  ағаш,  Ақайдар  елді

мекені  Ақорда  көшесіне

950  түп  ағаш  отырғызы

лып,  жаз  айларында  кө

шеттерді аман алып қалу

мақсатында су құю жұмыс

тары ұйымдасты рылды. 

Қазіргі  таңда  «Қыр»  ка-

налы  күрделі  жөндеуден

өткізілуде.  Ақайдар елді

мекенінен  Киелітас  елді

мекеніне баратын «Айланба» каналын күрделі жөндеуден өткізу үшін 2015 жылдың

жобасына енгізілді.

Достық елді мекеніндегі аппатты жағдайда тұрған, облыстық маңызы бар жолда

орналасқан  көпірдің орнына жаңа көпір құрылысы жұмыстары жүргізіліп, аяқталды.

Елді мекендер арасында көлік қатынасы жақсарды. 



Н.ИСМАИЛОВ,

Киелітас ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы

Киелітаста игі істер жалғасын табуда



Сенім телефоны

Төлеби ауданының Әділет басқармасы қызметкерлерінің Қазақстан

Республикасының Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567

Жарлығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасының Президентінің

2011  жылғы  1  сәуірдегі  №1180  Жарлығымен  өзгеріс  енгізілген

Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ар-Намыс Кодексі нормалары

ның талаптарын бұзу фактілері орын алған жағдайда 6-03-20 сымте-

тігіне  хабарласуларыңызға  болады.  Сондай-ақ,  басқарма  ғимара

тында арыз өтініштерге арналған арнайы жәшік орнатылған.

Қош келдің, Алтын күз!



Ленгер  қаласындағы №4 «Бәйшешек» балабақшасында балаға қызық пен қуаныш сыйлаған

«Алтын  күз»  мерекесі  аталып  өтті.  Ақмарал

Тұрғымбекова  басшылық ететін балабақшада күз мей-

рамы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, нағыз бала-

лар  мерекесіне  айналды.  Өйткені,  күздің  берекесі  мен

молшылығын көрсететін көкөніс, жеміс-жидектерден

түрлі зат жасалып, күзгі жапырақтармен әсем безенді-

рілген зал балаларды өзіне еріксіз тарта берді. Балғын

дар қуанышын асқақтатар ұжымдық ойындар ойналып,

кештің көркіне айналған Күз ханшайымы мен Суретшінің

сиқырлап себет толы жемісті балаларға сыйға тартуы

ның өзі керемет тосынсый болды.

Мереке соңы ата-аналар мен кішкентай бүлдіршіндердің «Күз

патшалығына саяхат» атты көрмені тамашалауға ұласты. Ер-

тегі мен мультфильм кейіпкерлері, көк теңізде тулаған дель-

финдер, өрмекші торына шырмалған асқабақ, жайлау төрінде

жайылған аппақ қойлар бейнелері қалдық заттар мен жеміс-

жидек, көкөністерден жасалып, көрген жанды таң-тамаша етті.

Бүлдіршіндер би билеп, ән салып өз өнерлерін көрсетумен

қатар, қолөнер көрмесі мен икебаналар жасап үлкен дайын

дықпен келгендерін байқатты. Ата-аналар «Алтын күз» мере-

кесін даярлаған балабақша тәрбиешісі Айнұр Спатаева мен

Ұлжалғас  Нарымбаеваға,  балабақша  меңгерушісі  Ақмарал

Тұрғымбековаға айтар алғысы шексіз. Аталған мереке барлық қатысушыға көтеріңкі көңіл-күй сый-

лады.


«Ленгер жаршысы»

Кездесуге шақырамыз!

Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД – нің кестесіне сәйкес, Төлеби

аудан тұрғындарымен кездесу өткізу мақсатында Төлеби аудандық

ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында 12 қараша 2014 жылы сағат 11.00

де облыстық ішкі істер департаменті өкілімен және Төлеби аудандық

ішкі істер бөлім бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі

С.Майлыбаевтың  қатысуымен  аудан  тұрғындарының  кездесуі  бо-

лады. Кездесуге аудан тұрғындарын шақырамыз.

Аудандық ішкі істер бөлімі 

Хабарландыру!

Оңтүстік  Қазақстан  облысы  Әділет  департаментінің  орынбасары

Тастанов Орынбасар Зайдинович 12.11.2014жылы сағат 11.00 ден

13.00-ге  дейін  жеке  және  заңды  тұлғалардың  өкілдерін  жеке

қабылдайды.



Ленгер

жаршысы


8

8  қараша 2014 жыл

Ленгер

Редактор

Ботагөз ПЕРНЕҚҰЛОВА

Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет ақпарат және спорт министрлігінде 

2007 жылдың 6 тамызында тіркеліп, №8576-Г  куәлігі берілген.       

      Авторлардың пікірі редакцияның түпкілікті пікірі болып табылмайды. Әдеби

қолжазбалар өңделеді және авторларға қайтарылмайды.

Жарнама үшін жарнама беруші жауапты.

Газет редакцияның компьютер

орталығында теріліп, „АР-принт“ баспаха-

насында  басылды. Мекен-жайы: Шымкент

қаласы, Тәшенов көшесі, 24 үй. 

Редакцияның мекен жайы:  

161100, Ленгер қаласы, Қазыбек

би көшесі, 53/2. Тел: 6-22-24.

  

Тапсырыс: №447

Таралымы:1650 дана.

апталық тәуелсіз газет

Меншiк иесi: “Төлеби -пресс” ЖШС 

Директор

Гулж архын ОМАРХАНОВА

жаршысы


Охранно-сыскное  агентство "Әділет Group Security"  приглашает Вас к

сотрудничеству по   г. Ленгер, ул. Толеби, 286 (напротив СШ №2), кон-

тактные телефоны: 7-82-22, 6-

00-60 – приемная, работает без

выходных, круглосуточно, Наша

компания  “ Adilet Group Security”

предлагает  большой спектр

услуг, а именно: охрана и без-

опасность жизни каждого граж-

данина и его  имущества

(недвижимость).

Уважаемые  земляки!  Звоните  в

любое удобное для Вас время, наши

услуги  Вам  помогут  обезопасить

вашу жизнь  и ваше имущество, мы

оказываем индивидуальный подход

к каждому клиенту на постоянной ос-

нове  с  выгодными  условиями.

Оплату производим после выполне-

ния работы, гарантируем 100 %  ка-

чество  выполняемых  услуг.  Наши

услуги: поиск людей и авто и ценно-

стей, защита вашего дома, сбор ин-

формации 

на 

физические 



и

юридические лица, проверка поме-

щений  на  скрытый  сьем  информа-

ции, установка  различных камер и  видео наблюдения.



Администрация  “ Adilet Group Security”  

Обьявление

ИП  «Әуелбеков  Е.Ә»  зарегистрированное  в  г.Ленгере  28.09.2009  г,  серия  05915,

№0080608 сообщает о прекращении своей деятельности. 

Утерянное  удостоврение  личности  №021960778  на  имя  Шалқарбаев  Серсаулет

Ешенқұлұлы, 03.04.1991 года рождения выданное МЮ РК, 11.04.2008 г, считать не-

действительным. 

Утерянное удостоверение личности №031238731 выданное на имя Медеу Нұрхан

Мұхтарбекұлы, 16.03.2011 года МЮ РК, считать недействительным.

Утерянное удостоверение личности на имя Ваиснина Любовь Алексеевна 22.11.1958

года рождения, выданное в марте 2014 года МЮ РК, считать недействительным. 

Жарамсыз деп табылсын

Бахдат  Есжановтың  атына  берілген  мемлекеттік  сан  белгісі  Х077FUM  ВАЗ  21213

техникалық құжаттың жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

Гузалов Рафик Кузовичтің атына берілген Х955XZM ауди автокөлігінің техникалық

төлқұжаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

Тұрғын үйлердегі өрттердің алдын

алайық


Жыл басынан аудан көлемінде 45 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл өрт оқиғаларының

басым  көпшілігі,  яғни  80  пайызы  тұрғын

үйлерде  орын  алуда.  Тұрғын  үйден

шыққан  өрт  салдарынан  бір  адам  көз

жұмды. 

Тұрғын  үйлердегі  өрттердің  ең  көп



тараған себептері:

-  Отты  пайдалану  кезіндегі  абайсыздық

салдары;

-  Темекі  тарту  кезіндегі  ұқыпсыздық,

әсіресе, мас күйінде темекі тарту және те-

мекі тарту кезінде ұйықтап қалу;

- Балалардың отпен ойнауы;

Төсекте  жатып  темекі  тартпаңыз.  Сіз  бұл  әрекетіңізбен  өзіңіздің  және

жақындырыңыздың өміріне қауіп төндіресіз. Сонымен қатар, темекі тұқылын бей-

берекет  лақтырмаңыз.  Оны  өшіріп,  арнайы  күймейтін  қоқыс  салғыштарға

тастаңыз.

Сіріңкелерді,  оттықтарды,  тұрмыста  пайдаланатын  химиялық  және  басқа  да

қауіпсіз заттарды балалардың қолдары жетпейтін орындарда сақтауды ұмытпаңыз.

Балаларға  отпен  ойнау  қауіпті  екендігін  түсіндіріңіз.  Жас  балалармен,

бүлдіршіндерді үлкендердің қарауынсыз өз беттерінше қалдырмаңыз. 

Құрметті  аудан  тұрғындары!  Сіздің  жеке  қауіпсіздігіңіз,  балаларыңыз  бен

жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұлжытпай

сақтауға байланысты екендігін естен шығармаңыз. 



М.ШАНБАЕВ,

Төлеби ауданының ТЖБ аға инженері

Хабарландыру

Төлеби ауданының мұражай мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнына

шұғыл түрде есепші маманы қажет. Есепші маманына қойылатын негізгі талаптар:

кәсіби  біліктілігі,    халықаралық  МСФО  және  «кәсіби  бухгалтер»  және  1С

бухгалтериялық  бағдарламасында  білім  алғандығы  жөнінде  сертификаттары

болуы қажет. Байлыныс телефондары: 6-15-88. 

Төлеби ауданының мұражайы

Очищайте дымоходы



Новый отопительный сезон в самом разгаре, поэтому дополнительно на-

поминаем домовладельцам, что эксплуатация печи разрешается только при

исправном ее состоянии: заранее прочищенном дымоходе, отсутствии тре-

щин и прогаров, герметичности трубопроводов и приборов местного отоп-

ления,  плотном  закрытии  топочной  дверки.  Печь,  дымовые  каналы  и

особенно труба на чердаке должны быть побелены известковым раство-

ром. 

В местах примыкания сгораемых конструкций к печи должны быть сделаны отступки,

вертикальные или горизантальные разделки. Для защиты пола перед топочной двер-

кой следует закрепить металлический лист размером 70 на 50 см, а перекрытие не-

обходимо  защитить  негорячим  материалом  или  оштукатурить.  Кроме  того,

запрещается для розжига печи на твердом топливе применять легковоспламеняю-

щиеся жидкости, а также сушить дрова, одежду и другие горючие материалы на печах

и возле них, оставлять без присмотра топящуюся печь.

Отопительный сезон опасен не только пожарами из – за нарушения правил эксплуа-

тации печного оборудования, но и случаями отравления угарным газом. Основным

отравляющим компонентом угарного газа является окись углерода. Окись углерода

«СО» - газ без цвета, запаха, вкуса. В чистом виде он имеет очень слабый, обычно

неощутимый запах чеснока. Человек не чувствует его при вдыхании, поэтому отрав-

ление наступает незаметно. Однако предотвратить беду, если вы хозяин частного

дома или дачи, не сложно: надо не допускать образования трещин в горизонтальных

и вертикальных разделках, не закрывать преждевременно печную заслонку и регу-

ляно очистку труб от сажи и следить за исправностью дымоходов.

Уважаемые домовладельцы! Не стоит забывать о том, что халатность в обращении

в печными оборудованием, работающим на твердом топливе, может стать причиной

преждевременной смерти ваших близких. 



М.ШАНБАЕВ,

Старший инженер ОЧС Толебийского района, старший лейтенант 

К Вниманию жителей города и района! 

Хабарландыру

Ленгер  қаласы  Самал  мөлтек  ауданы  №1  көшесіне  Жылқыбав  Дулат

Қуатбайұлының есімін  беру  туралы  аталған көше тұрғындарының жалпы жина-

лысы  қараша  айының  15  –і  күні  сағат  11.00  де  №7  жалпы  орта  мектебі

ауласындағы Тәуелсіздік саябағында өтеді. 

Қ.ӘМІРТАЕВ,

Қала тұрғыны


Ленгер

жаршысы


2

8  қараша   2014 жыл



Жуырда біздің  Ханарық жалпы орта мектебімізде «Шамщырақ» қоғамдық

бірлестігі мен мектеп әкімшілігінің ұйытқы болуымен құқық бұзушылыққа

қарсы  күрес  және  оның  алдын  алу  бойынша  мамандардың  қатысуымен

тақырыптық  кездесу  ұйымдастырылып  өткізілді.  Аталмыш  кездесуге

барлық жоғары сынып оқушылары, олардың ата – аналары, көше комитет-

тер төраға – төрайымдары, ардагерлер, ақсақалдар, әйелдер кеңестері

мүшелері қатысты.

Жиналысты  аудандық  «Шамшырақ»  ұйымы  төрағасы,  мектеп  директорының

тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары  Әлішер  Усманов  ашып,  жүргізіп  отырды  және

«Бала тәрбиесінде ата – ана жауапкершілігі» деген тақырыпта баяндама жасап,

көпшілікті аталмыш тақырып бойынша ортаға ой тастауға шақырды. Ата – аналар-

дан  Саметова  Эльмира,  Рахманов  Мадалхан,  Ибргагимова  Майрам  және  тағы

басқа белсенді ата – аналар құқық бұзушылықтың алдын алу, мектеп мен отбасы

ынтымақтастығы, ауылдағы жастар тәрбиесі мен тәртібі, бала тәрбиесіндегі ата –

ана жауапкершілігі туралы өздерінің ой – пікірлерін білдірді. 

Мәуелі  көше  комитеті  төрағасы  Дилмурат  Гулбаев  мектеп  тарапынан

ұйымдастырылған «Түнгі рейд» профилактикалық кезекшіліктері, мектептегі рейд-

тер, белсенді ата – аналар мен көше комитеттері арқылы жүзеге асырылып жатқан

тәрбие  жұмыстарына  оң  бағасын  беріп,  ата  –  аналарды  мектеппен  ұдайы

ынтымақтастықта жұмыс жүргізуге шақырды. Кездесуге арнайы шақырылған кез-

десу қонақтары, полиция өкілдері  Төлеби АІІБ ӘПБ УПИТ –ның аға учаскелік по-

лиция инспекторы, полиция майоры Қалабаев Асан Райымбекұлы мен  Төлеби АІІБ

ӘПБ ЮПТ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы,

полиция капитаны Батырбеков Бердалы Қаржаубайұлы қазіргі таңда облыс және

ауданымыз көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, азаматтар

арасындағы ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу, жолын кесу, халықтар достығын

нығайту  бойынша  атқарылып  жатқан  жұмыстарға  тоқталып,  кәмелетке

толмағандардың  қатысуларымен  орын  алып  жатқан  қылмыстар  мен  құқық

бұзшулықтар, балалардың қадағалаусыз және қараусыз қалуы мен болып жатқан

оқиғалар туралы, сонымен қатар оқушылардың себепсіз мектепке сабаққа келмей

міндетті орта білім алудан қасақана жалтарғандығы жауапкершілігі туралы айтып,

ҚР Қылмыстық Кодексі және Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексі баптарымен таны-

стырып  өтті.  Жасөспірімдер  арасыда  агроагрессия  әрекеттерді  болдырмау

мәселелеріне тоқталып, кәмелетке толмағандардың кешкі мезгілде ата – анасының

қадағалуысыз  жүргендігі  жауапкершіліктерімен  оқушылардың  түн  тыныштығын

бұзғандығы,  бөтеннің  немесе  мектептің  мүлкін  қасақана  немесе  абайсызда

бүлдіргендігі жауапкершілігімен оларға салынатын айыппұлының өндірілуі ереже-

лерімен таныстырды. 



Ә.УСМАНОВ,

мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

Зейнетақы  жүйесiн  одан  әрi  жаңғырту

тұжырымдамасы Мемлекет басшысының 2013

жылғы 7 маусымдағы Қазақстан халқына зейнет

ақы реформасы мәселелерi жөнiндегi Үндеуiнде

айтылған  тапсырмаларын  орындау  үшiн

әзiрленгенi белгiлi. Оның мақсаты — бiрiншiден,

зейнетақы төлемдерiнiң барлығын реттеу, екiн-

шiден,  зейнетақы  жүйесiнiң  ұзақ  мерзiмдi

қаржылық  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету

болып  отыр.  Жүйенiң  осы  және  басқа  да  құры

лымдық  қырларын  газет  оқырмандарына  жан-

жақты түсiндiрiп беру үшiн бiз Еңбек, әлеумет

тiк  қорғау  және  көшi-қон  комитетi  Оңтүстiк

Қазақстан  облысы  бойынша  департаментiнiң

басшысы  Бейбiт  Сыздықовты  әңгiмеге  тарт

тық.

— Бейбiт Шалдарұлы, айтыңызшы, аталмыш

тұжырымдама қай кезеңнен бастап iске асыры-

латын болады?

— Тұжырымдама 2 кезеңде iске асырылатын болады:

Бiрiншi  кезеңде  (2016  –  2020  жылдары)  зейнетақы

жүйесiн  жаңғыртудың  құқықтық  негiзiн  қалау  және

бастапқы шаралардың iске асырылуын қамтамасыз

ету жоспарлануда.

Екiншi кезеңде (2020 – 2030 жылдары) жаңғыртылған

зейнетақы жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және зейнет

ақы төлемдерiнiң салымшылары мен алушыларының

құқықтарын қорғау механизмдерiн одан әрi жетiлдiру

жөнiнде шаралар қабылданбақ. 

—  Зейнетақымен  қамсыздандыру  жүйесiн  да-

мыту ненi көздейдi? Негiзгi факторлары не?

—  Бiрiншi  кезең  зейнетақымен  қамсыздандырудың

төмендегiдей үш деңгейлi жүйесiн дамытуды көздейдi.

Мемлекет беретiн және бiр жағынан кедейлiктi қысқар

туға, бiр жағынан азаматтардың зейнетақы жүйесiне

қатысуын ынталандыруға бағытталған базалық зейнет

ақыны қамтиды.

Қазiргi уақытта базалық зейнетақы зейнеткерлiк жасқа

жеткен  барлық  азаматтар  үшiн  еңбек  өтiлiне  және

жалақыға қарамастан бiркелкi мөлшерде тағайында

лады.  Бұдан  бөлек  жобада  базалық  зейнетақыны

жүйеге  қатысу  өтiлiне  байланысты  және  азаматтар

жалпыға бiрдей белгiленген зейнеткерлiк жасқа жеткен

кезде тағайындау көзделiп отыр.

Бұл 2017 жылдың 1 шiлдесiнен бастап жүзеге аспақ.

Мәселен, азаматтардың жүйеге қатысу өтiлi кемiнде

10 жыл болған жағдайда, жүйеде оларға ең төменгi

күнкөрiс деңгейiнiң 50%-ына тең болатын әлеуметтiк

зейнетақы берiлетiн болады. Егер жүйеге қатысу өтiлi

20 жылды құраса, онда базалық зейнетақының мөл

шерi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 70%-ын құрайды.

Ал қатысу өтiлi 35 жылды құраса, ең төменгi күнкөрiс

деңгейiне тең болмақ.

Жоғарыда көрсетiлген өзгерiстер зейнетақы жүйесiне

қатысушы барлық үш буынның проблемасын шешуге

мүмкiндiк бередi:

Бiрiншi  буын  —  үлкен  еңбек  өтiлi  бар,  бiрақ  заңна

мамен белгiленген шектеулерге байланысты зейнет-

керлiкке  шығар  сәтте  табысы  туралы  мәлiмет  ұсын

баған, ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер.

Бұл санаттағы зейнеткерлер үшiн зейнетақымен қам

сыздандырудың ынтымақты, сол сияқты жинақтаушы

жүйелерiне қатысу өтiлi ескерiле отырып, 2017 жылғы

1  шiлдеден  бастап  базалық  зейнетақыны  бiржолғы

қайта есептеу жүргiзiлетiн болады.

Екiншi буын – бұл 2043 жылға дейiн

зейнеткерлiк  жасқа  жететiн  және

ынтымақты, сол сияқты жинақтаушы

зейнетақы  жүйелерiне  қатысу  өтiлi

толық емес адамдар. Бұл жағдайда

базалық  зейнетақы  аталған  санат

тағы адамдар жалпыға бiрдей белгi-

ленген  зейнеткерлiк  жасқа  жеткен

кезде, айталық олардың 1998 жылғы

1  қаңтарға  жинақталған  еңбек  өтi

лiне, зейнетақы жарналарын жинақ

таушы  зейнетақы  жүйесiне  1998

жылдан кейiн төленген кезеңге бай-

ланысты тағайындалатын болады.

Үшiншi  буын  –  бұл  зейнеткерлiкке

2043 жылдан кейiн шығатын адам-

дар және олар базалық зейнетақыны

жинақтарының  көлемiне  байланыс

ты  алатын  болады.  Бұл  санаттағы

адамдар  үшiн  базалық  зейнетақы,

олардың зейнетақы жүйесiнiң басқа

құрамдаушыларынан  алатын  зейнетақы  мөлшерi

зейнетақының  белгiленген  әлеуметтiк  қолжетiмдi

деңгейiнен төмен болған жағдайда тағайындалады.

— Бәке, жаңа шартты-жинақтаушы жүйеден бе-

рiлетiн  зейнетақы  дегенiмiздiң  не  екенiн  оқыр

мандарға түсiндiре кетсеңiз?

—  Жаңа  шартты-жинақтаушы  жүйе  дегенiмiз  өз

қызметкерлерiнiң пайдасына жұмыс берушiлердiң 5

пайыздық  жарналары  есебiнен  қалыптасатын  жаңа

шартты-жинақтаушы  жүйеден  берiлетiн  зейнетақы,

зейнетақы жүйесiнiң екiншi компонентi болып табы-

лады.

Жаңа  жүйе  жинақтаушы,  сол  сияқты  таратып  бөлу



қағидаттарын ұсынады, атап айтқанда:

- бiрiншiден, әрбiр жүйеге қатысушы үшiн БЖЗҚ-да

аударылатын  жарналар  сомасы  немесе  зейнетақы

жинақтары белгiленетiн жеке зейнетақы шоты ашы-

лады;

-  екiншiден,  жинақтар  шартты  болып  табылады,



мұраға қалдырылмайды және жүйеге қатысушының

меншiгi болып табылады;

-  үшiншiден,  зейнетақы  азаматтар  жалпыға  бiрдей

белгiленген  зейнеткерлiк  жасқа  жеткен  кезде  және

жүйеге қатысу өтiлi кемiнде 5 жыл болған жағдайда

тағайындалады;

- төртiншiден, зейнетақы мөлшерi зейнетақы шотында

белгiленген  жинақтар  мен  күтiлетiн  өмiр  сүру  ұзақ

тығына қарай айқындалады. Яғни, зейнетақы азамат

тардың еңбек қызметiнiң барлық кезеңi үшiн қалыптас

қан зейнетақы жинақтарының сомасына эквиваленттi

болады;


-  бесiншiден,  зейнетақы  өмiр  бойы  төленедi  және

мұраға қалдырылмайды. Зейнеткердiң жасы күтiлетiн

өмiр сүру жасынан асып кеткен жағдайда зейнетақы

жұмыс  берушiнiң  ағымдағы  жарналары  есебiнен

төленедi;

- алтыншыдан, инфляция деңгейi ескерiлген жарна

лардың сақталуы бойынша мемлекеттiк кепiлдiк шарт

ты – жинақтаушы компонентке қолданылмайды. 



—  Мiндеттi  зейнетақы  жарналары  туралы

қысқаша айтып берсеңiз. 

— Өздерiңiз бiлесiздер, 2013 жылдың тамыз айынан

бастап  елiмiздегi  барлық

жинақтаушы зейнетақы қор

лары  бiрiктiрiлiп,  қазiргi

уақытта Бiрыңғай жинақ тау

шы зейнетақы қоры жұмыс

жасауда. 

Ол  қызметкерлердiң  10

пайыздық  мiндеттi  зейнет

ақы  жарналарының  есебi-

нен қалыптасады. Бұл рет

те алатын зейнетақы төлем

дерiнiң  көлемi  азаматтар

дың  жүйеге  қатысуына

және  ұдайы  жарна  ауда-

руына,  сондай-ақ  зейнет

ақы  жинақтарының  кiрiс

деңгейiне байланысты бо-

лады.  Инфляция  деңгейi

ескерiлген  жарналардың

сақталу  заңдылығы  бо-

йынша  мемлекеттiк  кепiл-

дiк сақталады.

Сонымен қатар, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс

iстейтiн адамдар үшiн 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап

қызметкерлердiң  мiндеттi  зейнетақы  жарналарына

қосымша еңбекақы төлеу қорының 5 пайызы мөлше

рiнде мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ)

енгiзiлдi. Бұл ретте, жұмыс берушiлер МКЗЖ-ны өндi

рiстiң тек зиянды түрлерi бойынша және сонда жұмыс

iстейтiн адамдарға ғана аударады.

Зиянды өндiрiс түрлерiнiң тiзбесiн және онда жұмыс

iстейтiн  қызметкерлер  кәсiптерiнiң  тiзiмiн  Қазақстан

Республикасының Үкiметi бекiттi және ол еңбек жағдай

ларының өзгеруiне қарай кезең-кезеңмен қайта қара

лып отырады.

Бұдан басқа, қазiргi зейнеткерлер үшiн де, сол сияқты

1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде 6

ай  еңбек  өтiлi  бар  азаматтар  үшiн  де  ынтымақты

зейнетақы төлемдерi сақталады. Ынтымақты зейнет

ақыны тағайындау және төлеу базалық, шартты жинақ

таушы  және  жинақтаушы  зейнетақылармен  қатар

қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Сонымен  бiрге,  ынтымақты  зейнетақы  мөлшерiн

қолданыстағы зейнетақы заңнамасының шарттарында

тиiмдi  деңгейде  ұстау  үшiн  олардың  мөлшерi  жыл

сайын инфляция деңгейiнен екi пайызға iлгерiлеп, ин-

декстелетiн болады.

Тұжырымдамада сондай-ақ халықты зейнетақымен

қамтуды кеңейту және жүйенiң тартымдылығын арт-

тыру жөнiндегi шаралар кешенi қамтылған. 



— Тұжырымдамада мүмкiндiгi шектеулi азамат-

тарды әлеуметтiк қолдау мақсатында да шара-

лар қарастырылған шығар...

—  Иә,  осы  мақсатта  Елбасының  тапсырмасына

сәйкес 2015 жылдың 1 шiлдесiнен бастап әлеуметтiк

жәрдемақыларды 25 пайызға көтеру көзделген.

Сонымен бiрге күнкөрiс деңгейiн есептеу әдiстемесi

2017 жылдың 1 қаңтарында қайта қаралса жәрдемақы

лардың мөлшерi тағы да 20 пайызға дейiн көтерiлмек.



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал