«Бірлігіміз жарасқан» 2-бет №17 (526) сейсенбі, 24 ақпан 2015 жыл



жүктеу 186.19 Kb.

Дата15.05.2017
өлшемі186.19 Kb.

«Бірлігіміз 

жарасқан» 

2-бет

№ 17 (526)  СЕЙСЕНБІ, 24 ақпан 2015 жыл        

Қазақ хандығына 550 

жыл

3-бет

Ізгілікке бастар 

жол

4-бет

2010  ЖЫЛДЫҢ  1 ҚАҢТАРЫНАН  БАСТАП  ШЫҒАДЫ 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі 

мүшелерінің ҮНДЕУІ

  Біз,  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы  Кеңесінің 

мүшелері, болашақ алдындағы 

жауапкершілігімізді 

сезіне отырып, Қазақстан 

Республикасының Президенті, 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевтың жақтастары 

әрі Отанымыздың патриот-

тары ретінде халыққа үндеу 

жолдаймыз.

Қазақстан  халқы  Ассам-

блеясына еліміздің барлық 

өңірлерінен Қазақстан Ре-

АСТАНАДА  1  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ 

ИМАМДАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Ақпан айының 19 жұлдызында еліміздің 

бас қаласы-Астанадағы Бейбітшілік 

және келісім сарайында Қазақстан 

мұсылмандары  діни  басқармасы 

тұңғыш рет 1 Республикалық имамдар 

форумын өткізді. Форумға Қазақстан 

мұсылмандары діни басқармасының 

еліміздің  түпкір-түпкірінен  кел-

ген 500-ге жуық имамы, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің 

мүшелері, елімізге танымал дін ғалымдары, сонымен 

қатар, форумның қонағы ретінде ҚР Парламенті Сенаты 

мен Мәжілісінің депутаттары, бірнеше шет мемлекеттің 

ислам діни ұйымдарының басшылары, Қазақстан халқы 

Ассамблеясы, Қазақстан Православ шіркеуі, Рим-Католиктік 

шіркеуі өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты. ҚР 

Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВТЫҢ осы 

форумға қатысушыларға арнап, оның жұмысына табыс 

тілеген жылы лебізді құттықтауын ҚР Президенті Ап-

параты Басшысының орынбасары Бағлан Асаубайұлы 

Майлыбаев жеткізді. Бұл форумға біздің өңір имамдарымен қатар, Бородулиха ауданының бас имамы Әріпжан Қожанұлы 

делегат болып қатысып қайтты. Салтанатты ашылған форумда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, 

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы форумға қатысушы қонақтар мен имамдарды құттықтады. Осы жиында «Ислам-

бейбітшілік пен келісім діні» туралы көлемді баяндама жасады. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның 2020 жылғы қызметін дамыту 

Тұжырымдамасы, ҚМДБ Тұғырнамасы, ҚМДБ Имамның тұлғалық келбеті-қызметкерлердің этикасы, Шынайы мұсылманның 

тұлғалық бейнесі туралы құжаттардың дайындалғанын және өткізілетін форумда талқыланып, тапсырылатындығы айтылды. 

Келелі форумда ҚМДБ-ның беделін арттыру, Қазақстан халқының діни ұстанымдары, салт дәстүрі, Отанды сүю, отбасы 

мәселесі, білім алу туралы келелі мәселелер айтылып, діни қызметтің сапасын арттыруға арналған 4 бағыт бекітілді. Атап 

айтсақ:1-көркем уағыз,2-жат ағымның жетегінде кеткен жастармен жұмыс, 3-қайырымдылық іс- шаралар, 4-халықты діни 

сауаттандыру. Осы құжаттардың басты мақсаты – ел мұсылмандарын қазіргі заман талабына сәйкес жан-жақты білімді 

болуға, ізгілікке, зайырлы мемлекет құрылымына құрметпен қарауға шақыру, түрлі ағымдарға бөлінуіне жол бермеу, өзге 

діндердің өкілдерімен бейбіт, ынтымақта тіршілік етіп, этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты-бейбітшілік 

пен келісімді сақтаудағы отандық тәжірибені одан әрі нығайтуға үлес қосу болып табылады. Осы форумға қатысуға баруға 

атсалысып, демеу көрсеткен ауданымыздың зиялы азаматтарының бірі- «Е. Зайтенов» ЖШС басшысы Ерлан Әмірбекұлы 

Зайтеновке алғысымызды білдіреміз. 

Бородулиха аудандық мешітінің баспасөз хатшысы

спубликасы Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу 

туралы көптеген азаматтар өтініштері келіп түсуде.

 Қазақстан халқы Ассамблеясы осы маңызды мәселе бойынша 

ұстанымын білдіруді өзінің азаматтық борышы деп санайды.

Әлемдік экономикалық дағдарыс пен күрделі халықаралық жағдай 

орын алып отырған тұста сайлау өткізу туралы жалпыхалықтық 

бастаманың көтерілуі уақыт талабы болып табылады.

 Елімізді жаһандық сын-қатерлер кезеңінен алып шығу үшін 

еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа жалпыхалықтық 

сенім мандаты берілуі қажет.

  Әлемде  тұрақсыздық  орын  алған  күрделі  кезеңде  еліміз 

стратегиялық  бағытынан  айнымай,  Қазақстанды  жаңғырту 

және дүние жүзінің озық 30 елінің қатарына енуі үшін Елба-

сы Н.Ә.Назарбаевқа сенім білдіру қажет.

 Сонымен қатар Елбасына жаңа сенім мандатын білдіру арқылы 

әлемдік дамудың жаңа кезеңінде халқымызды біріктіріп, мемлекетті 

дамытудағы маңызды мәселелерге ден қоюға мүмкіндік аламыз.

 Бүгінде «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» бағдарламасын 

және «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясын жүзеге 

асыру үшін бар күш-жігерімізді біріктіруіміз керек.

Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясат төңірегінде топтасу 

арқылы еліміздің одан әрі қарқынды дамуы мен азаматтардың 

әл-ауқатын арттыруға қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз.

 Сондықтан осы күрделі кезеңде біз барша қазақстандықтарды 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төңірегінде топтасуға шақырамыз.

Президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу арқылы экономика 

өсімін нығайту, жүргізіліп отырған саясаттың сабақтастығын 

қамтамасыз ету маңызды. Бұл бастамаға шын мәнінде басқа 

балама жоқ.

 Сонымен бірге ендігі 2016 жылы президенттік және парламенттік 

сайлаулар бір мезгілге сәйкес келеді. Конституция нормаларын 

бұлжытпай орындау мақсатында екі сайлауды әртүрлі уақытта 

өткізген жөн.

 Қазақстан халқы Ассамблеясы Отанымыздың орнықты дамуы 

мен алға жылжуына бағытталған бастамаларды қашанда қолдап 

келді және болашақта да солай бола бермек.

 Осы жалпыхалықтық бастаманы көтере отырып, қазақстандықтар 

тарапынан да, халықаралық қауымдастық тарапынан да қолдауға 

ие боламыз деген сенімдеміз, өйткені біз халқымыз бен еліміздің 

биік мүддесін көздеп отырмыз.

 Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

 Қазақстан жылдан жылға гүлденіп, әлемнің белді әрі беделді 

мемлекетіне айнала берсін!

 Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелері, Қазақстан 

Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі Қазақстан халқы 

Ассамблеясының депутаттар тобын Қазақстан Республикасы 

Президенті сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастама 

көтеруге шақырамыз.

 Қазақстандықтар еліміздің әлемнің ең озық отыз экономикасы 

қатарына енуіне мүмкіндік беретін «Қазақстан-2050» Страте-

гиясын жалғастыруды қалайды!

  Қазақстандықтар  «Нұрлы  жол  —  болашаққа  бастар  жол» 

бағдарламасын қолдайды!

 Қазақстандықтар ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуды, одан 

әрі дамуды қалайды!

 Біз барша Қазақстан халқын, саяси партияларды, азаматтық 

секторды және еліміздің патриоттарын Қазақстан Республи-

касы Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы 

бастаманы қолдауға шақырамыз!



Астана, 2015 жылғы 14 ақпан.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ 

Г.ГОЛОВКИНДІ ЖЕҢІСІМЕН 

ҚҰТТЫҚТАДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге WBA, 

IBO және WBC тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар 

арасындағы бокстан әлем чемпионы атағын қорғауына 

байланысты құттықтау жеделхатын жолдады деп ха-

барлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Жеделхатта Мартин Мюрреймен жекпе-жектегі жеңіс 

мақсаткерліктің, қажырлы еңбек пен жоғары шеберліктің 

кезекті жемісі екені айтылған. Мемлекет басшысының 

атап өткеніндей, Г.Головкин осы қасиетінің арқасында 

планетадағы ең мықты боксшылардың бірі деген атаққа 

лайықты екенін дәлелдеді.

«Қазақстандықтар  сенің  әрбір  табысыңа  қуанады. 

Біз сенің келесі жекпе-жектерің де отандық спорттың 

мәртебесін асырып, бұдан да жоғары деңгейге көтеретініне, 

өскелең ұрпаққа үлгі болатынына сенімдіміз», – делінген 

жеделхатта.

Соңында  Елбасы  қазақстандық  боксшыға  мықты 

денсаулық және жаңа жеңістер тіледі.  

ЖАСТАР ҰСТАНЫМЫ 

АЙҚЫН

«ҚазМедиа» орталығында ҚХА Кеңесінің мерзімінен бұрын 

президенттік сайлау өткізу туралы бастамасына орай, кезекті 

брифинг ұйымдастырылды. Оған «Қазақстан жастары Конгресі» 

бірлестігінің атқарушы директоры Ғани Сұлтанұлы, атқарушы 

директордың орынбасары Айдын Сәбитов, сондай-ақ, бірлестіктің 

өкілдері Ерлан Қыстаубаев пен Әлия Сәрсекеева және Данияр 

Медетов қатысты.

«Қазақстан  жастары  Конгресі»  еліміздің  алдыңғы  қатарлы 

жас тар ұйымдарының бірі ретінде ҚХА-ның мерзімінен бұрын 

президенттік  сайлау  өткізу  туралы  бастамасы  бойынша  өз 

ұстанымын білдіруді маңызды деп есептейді. Елімізде саяси-

әлеуметтік тұрақ тылық, этнос аралық және кон фессия аралық 

келісім сақта лып келеді. Еліміз дің мықты экономикалық іргета-

сы қалыптасқан. 2014 жылғы әлемдік дағдарысқа қарамастан, 

экономикалық өсім 4 пайызды құрайды. Азаматтардың әл-ауқа ты 

күннен-күнге артып келеді, жаңа жұмыс орындары ашылуда, 

өңірлерде де экономикалық өсім байқалуда, деп бастады өз сөзін 

Ғ. Сұлтанұлы. Сондай-ақ, ол әлемде күрделі жағдай қалыптасып 

келе жатқанына, бұл, ең алдымен, дүниежүзіндегі экономикалық 

жүйенің тұрақсыздығынан туындап отырғанына, қазіргі таңда 

жұмыссыздық деңгейі көп елде артқанына, оның ішінде жастар 

арасындағы жұмыссыздық жиі байқалатынына тоқталып өтті.

Бұл – алға қойған міндеттерді тиімді іске асыру, тұрғындардың 

әл-ауқатын арттыру үшін маңызды қадам. Бұл сайлауды өткізу 

«Қазақстан-2050» Стратегиясының басым бағыт тарын іске асыруды 

қамтамасыз етер еді. Сондықтан, «Қазақстан жас тары Конгресі» 

әрдайым  елі міздің тұрақты дамуы мен өркен деуіне бағытталған 

баста ма ларды, соның ішінде жастар ға жағдай жасауға, олардың 

өмі рін жақсартуға бағытталған бас тамаларды әрқашан қолдауға 

дайын екендігін білдіреді, деді «Қазақстан жастары Конгресі» 

бірлестігінің атқарушы директоры.

Атқарушы директордың ор ын басары Айдын Сәбитов те дү ние-

жүзіндегі экономикалық жағ дай тербелмелі күйде тұрған дықтан, 

сарапшылардың баға лауынша, оның салқыны бірнеше жылға 

созылатынын тілге тиек етті. «Сон дықтан, мұндай жағдайда 

ел дегі саяси-экономикалық тұ рақ тылық пен қоғамдағы бірлікті 

сақтау үшін дұрыс саяси бағдар ұстану айрықша өзекті болар 

еді, деді А.Сәбитов.

БАҚ беттерінен


Аудан тынысы

2

№ 17 (526) 24 ақпан 2015 жыл

Билік және халық

БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН

Бақы ауылдық округінің Коростели ауылдық клубында мәдени қызметкер Т.Джансаринованың жетекшілігімен 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты дөңгелек үстел өтті. Ко-

ростели орта мектебінің мұғалімдері С.Қалиева, С.Алинов, О.Мухаметовалар баяндама жасады.

Дөңгелек үстел барысында ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Баяжинов, әйелдер кеңесінің төрағасы Т.Бурлакова, 

дәрігерлік амбулаторияның қызметкері А.Жиенханова, бастауыш сыныптарының мұғалімі Ж.Бодеевалар сөз сөйледі.

Коростели ауылы үшін ұлтаралық және этносаралық келісім тақырыбы өте жақын. Өйткені, сол алыстағы 

50 жылдары біздің округімізге теміржолдық эшелонмен еліміздің түпкір-түпкірінен алғашқы тыңшылар келе 

бастаған. Сол кезден бастап «Коростелевский» тың совхозы құрылды. Мұнда орыстар мен қазақтар, украин 

мен немістер, шешендер мен болгарлар татулық пен келісімде тұрып жатыр. Бір бірімізден үйренеріміз өте көп, 

әрқайсымыздың мәдени және жан байлығымыз өте зор. Сондықтан дөңгелек үстел қатысушылары өз пікірлерін 

ашық жеткізіп дәлелдей білді. 

Біздің округімізде әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған отбасылар да көп. Олар: Краузе, Байсымаков, Амергали-

ев, Дюсенхан Кубаевтардың балалары және басқалар.Осындай шаралар мемлекеттілігімізді, береке-бірлігімізді 

қамтамасыз ете түседі. Және де жастардың патриоттық тәрбиесіне де зор ықпалын тигізеді.

Н.КӨРПЕТАЕВА

Қаулының жобасы

Шығыс Қазақстан облысы 

Бородулиха ауданының 

шалғайдағы елді мекендерінде 

тұратын балаларды жалпы білім беретін 

мектептерге тасымалдаудың 

сызбасы мен тәртібін бекіту туралы

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 

2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 3-тармағының 

3-1), 4) тармақшаларына сәйкес, Бородулиха ауданының 

әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Осы  қаулының  1,2  қосымшаларына  сәйкес,  Бо-

родулиха  ауданының  шалғайдағы  елді  мекендерінде 

тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге 

тасымалдаудың сызбасы мен тәртібі бекітілсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің 

орынбасары Р.А. Атаеваға жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 



Г.АКУЛОВаудан әкімі

Бородулиха ауданы әкімдігінің 

2015 жылғы «___» ___________ 

№___ қаулысына 1 қосымша

Бородулиха ауданының шалғайдағы елді мекендерінде 

тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге 

тасымалдаудың сызбасы

Шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жал-

пы білім беретін мектептерге тасымалдауды (бұдан әрі - 

тасымалдау) ұйымдастыру туралы ауданның жергілікті 

атқарушы органдарымен қаулылар қабылдау 

Қауіпсіз тасымалдауды ұйымдастыру бойынша іс-

шараларды ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 

растау (ішкі істер органдарымен бірлескен іс-шаралар 

жоспары, балалармен, ата-анлармен, мұғалімдермен 

нұсқамалық өткізу, тасымалдаушы және көлік туралы 

мәлімет, балалардың тізімі, тасымалдауға бөлінген 

бюджеттік қаражат туралы мәлімет, тасымалдауға 

жауаптыларды анықтау)

Жалпы білім беретін мектептерге отырғызу орнынан 

балаларды бекітілген заңнамалық тәртіпте тасымалдау-

ды іске асыру

Бородулиха ауданы әкімдігінің 

2015 жылғы «___» ___________ 

№___ қаулысына 2 қосымша

Бородулиха ауданының шалғайдағы елді мекендерінде 

тұратын  балаларды  жалпы  білім  беретін  мектептерге 

тасымалдаудың тәртібі

1. Жалпы ережелер

 

1. Бородулиха ауданының шалғайдағы елді мекендерінде 

тұратын  балаларды  жалпы  білім  беретін  мектептерге 

тасымалдаудың осы тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) «Қазақстан 

Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және 

өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 

жылғы  23 қаңтардағы Заңына, «Автомобиль көлігі тура-

лы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі 

Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1), 4) тармақшаларына 

сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 

жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысымен бекітілген Автомобиль 

көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасына 

(бұдан әрі – Қағида) сәйкес әзірленген (бұдан әрі – Ереже). 

2. Балаларды тасымалдау тәртiбi

2. Балаларды тасымалдау Қағиданың талаптарына сәйкес 

жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және 

әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге 

асырылады. 

 3. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық 

жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi 

мен мерзiмдерi, жабдықтары Қазақстан Республикасының 

заңнамасымен белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.

 4. Автобуспен тасымалданатын балалар мен ересектердiң 

жалпы саны осы көлiк құралы үшiн белгiленген және отыру 

үшiн жабдықталған орындардың санынан аспайды.

 5. Тапсырыс берушi сондай-ақ оларға ұқсас қызмет көрсету 

мүмкiндiгi ұсынылған жағдайда тасымалдаушының функ-

цияларын дербес орындайды.

 Бұл жағдайда тапсырыс берушi Қағиданың тасымалдаушыларға 

қатысты талаптарын орындайды.

  6.  Тапсырыс  берушi  тасымалдауды  орындау  алдында 

бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы 

шешiмдi ресiмдейдi, онда лауазымды адамдардың, топтар 

бастықтарының,  бiрге  ерiп  жүрушiлердiң  мiндеттерiн, 

маршрутын, мезгiлдерiн, дайындау және жол жүрудi өткiзу 

тәртiбiн, балалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi 

iс-шараларды регламенттейдi.

 7. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде 

тасымалдаушы  жергiлiктi  атқарушы  органдармен  және 

оқу  орындарының  әкiмшiлiгiмен  бiрлесiп  маршруттарды 

және  балаларды  отырғызудың  және  түсiрудiң  ұтымды 

орындарын белгiлейдi.

 8. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, 

олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi 

үлкен болуы тиiс. 

 Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болады және 

жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты 

тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек 

орналасады. 

 Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде 

жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы 

болуы тиiс. 

  Күзгi-қысқы  кезеңде  алаңдар  қардан,  мұздан,  кiрден  та-

зартылуы тиiс.

 9. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші 

балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін 

тұрақты түрде (айына кемінде біррет) тексереді.

 10. Балалардың топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін 

автобустармен тасымалдауға, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз 

жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр) жол берілмейді.

  Тасымалдау  қауiпсiздiгiне  қатер  төндiретiн  жол  және 

метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, 

автобустардың  қозғалысын  уақытша  тоқтату  туралы 

қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда 

тасымалдаушы  рейстi  алып  тастауға  және  бұл  туралы 

тапсырыс берушiге дереу хабарлауға тиiс.

 11. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен 

тапсырыс берушi келiседi.

 Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар 

кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, 

бұл  жағдайда  жүргiзушi  кестеге  сәйкес  жылдамдықты 

жоғарылатпай  жүре  алмайды),  кесте  жылдамдықты 

төмендету  жағына  (қозғалыс  уақыттарының  артуына) 

түзетiлген болуы тиiс. Кестенiң өзгеруi туралы тасымал-

даушы тапсырыс берушiге хабарлайды, ол балаларды дер 

кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.

  12.  Тапсырыс  берушi  балаларды  тасымалдайтын  әрбiр 

автобусқа балалармен оларды жеткiзу орнына дейiн алып 

жүретiн, тапсырыс берушi-ұйым қызметкерлерiнiң немесе 

ата-аналарының iшiнен жауаптыларды белгiлейдi.

 13. Балаларды жаппай тасымалдау және балаларды алыс 

қашықтықтарға тасымалдау тасымалдаушы, балаларды 

оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 

балаға бiр ересек адам) алып барған жағдайда орындалады.

 14. Балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде 

тасымалдаушы тапсырыс берушiден патрульдiк автомобильдi 

лектерге iлесiп жүруге бөлу туралы жол полициясы органдарының 

мiндеттi белгiлеу бар жазбаша өтiнiмдi ұсынады. Аталған 

белгiсiнсiз автобустар тапсырыс берушiге ұсынылмайды. Өз 

кезегiнде тасымалдаушы балаларды жаппай тасымалдауды 

жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ маршруттың қозғалысын 

бақылауды күшейту бойынша шаралар қолдану үшiн жол 

полициясы органдарын хабардар етедi.

 15. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлер-

ге  балаларды  тасымалдауға  дайындық  кезiнде  тасымал-

даушы тапсырыс берушiмен бiрлесiп балалардың жиналу 

пунктiнде  және  келу  пунктiнде  автобустардың  аялдауы 

үшiн алаңшалардың болуын, отырғызу алаңшаларының бо-

луын тексередi. Отырғызу және түсiру орындары автобус 

тұрағынан кемiнде 30 метр қашықтықта орналасады.

 16. Балаларды жаппай тасымалдау үшiн автобустарды 

бөлу кезiнде тасымалдаушы лектердiң (үш және одан да көп 

автобус кезiнде көлiк құралдарының қозғалыс қауiпсiздiгiне 

немесе пайдалануға жауапты адамдардың санынан, ал екi 

автобус кезiнде – осы автобустардың жүргiзушiлерiнiң са-

нынан; үлкенi болып тағайындалған жүргiзушiнiң автобу-

старда кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлi) үлкенiн тағайындайды.

 17. Балаларды алып жүруi үшiн тапсырыс берушi белгiлеген 

адамдар  балаларды  автобуспен  тасымалдау  қауiпсiздiгiн 

қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқама алады.

 18. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз 

етуге  немесе  тасымалдаушыға  тиесiлi  көлiк  құралдарын 

пайдалануға жауапты адам жүргiзедi.

  19.  Балалардың  тұрақты  тасымалдауын  жүзеге  асыру 

кезiнде тапсырыс берушi мынадай мәселелер кiретiн, ар-

найы бағдарлама бойынша балалармен тұрақты сабақтар 

өткiзудi ұйымдастырады:

 1) жиналу орындарында және автобусты күту уақытында 

қауiпсiздiк тәртiбiнiң ережелерi туралы;

 2) отырғызу және автобустан түсiру тәртiбi туралы;

 3) автобустың қозғалу уақытындағы және аялдауы кезiндегi 

тәртiп ережелерi туралы;

 4) тасымалдау кезiнде қауiптi немесе төтенше жағдайлар 

туындағандағы тәртiп туралы;

 5) зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету тәсiлдерi 

туралы (ересек балалармен сабақ өткiзу кезiнде).

 Сабақты өткiзу кезiнде жол қозғалысы процесiнде және та-

сымалдау уақытында туындайтын iс жүзiндегi жағдайларды 

талқылау үшiн көрнектi құралдарды пайдалану көзделуi тиiс.

 20. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге 

рұқсат етiледi:

 1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы 

жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес 

жұмыс өтiлi бар;

 2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл 

үздiксiз жұмыс өтiлi бар;

 3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн 

өрескел бұзбаған.

 Балаларды тасымалдауға жiберген ұйымдағы жүргiзушiнiң 

жұмыс өтiлi үш жылдан кем болмауы тиiс.

 Сыйымдылығы 41 орынды автобустармен балаларды тасымалдауға 

тағайындалған, сондай-ақ қалааралық қатынастағы балаларды 

басқа да тасымалдаудағы жүргiзушiлердiң автобустардағы 

жұмыс өтiлi кемiнде 5 жыл болуы тиiс.

 21. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне 

мыналарға тыйым салынады:

  

1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;

  

2) жүру маршрутын өзгертуге;

  

3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен 

балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, ба-

гажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;

  

4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде 

балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан 

шығуға;

  

5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген 

автобусты басып озуға;

  

6)  автобуспен  артқа  қарай  қозғалысты  жүзеге 

асыруға;

  

7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын не-

месе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау 

шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк 

құралын қалдыруға.

 22. Балаларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргiзушiлер 

балаларды отырғызу (түсiру) және бағыт бойынша қозғалу 

кезiнде автобус бойынша ерiп жүрушiлердiң нұсқауларын 

орындайды, егер олар Жол қозғалысы ережелерiне, Қағида 

талаптарына,  жол  қозғалысы  қауiпсiздiгiнiң  өзге  де  та-

лаптарына қайшы келмесе және егер осы нұсқаулар ерiп 

жүрушiлердiң құзыретi аясына кiретiн болса (балалардың 

тәртiбi, олардың денсаулығы және қауiпсiздiгi).

 23. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, 

автобус қозғалысы кезiнде, аялдау уақытында балалар ара-

сында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.

 24. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiнiң басшылығымен 

және жүргiзушiнiң бақылауымен (жаппай тасымалдаған кезде 

одан басқа тасымалдауды ұйымдастыруға жауаптының 

байқауымен) автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу 

алаңында жүргiзiледi.

 Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың 

оның  алдынан  жүгiрiп  шығуына,  жүру  бөлiгiнiң  шетiнде 

топтануына жол бермейдi.

 25. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан 

тәртiпте  (кiшi  балаларды  –  екi-екiден  сапқа  тұрғызып) 

жеткiзедi.  Отырғызу  автобустың  алдыңғы  есiгi  арқылы 

жүргiзiледi.

 26. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар 

бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн 

жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын 

бастауға рұқсат етiледi.

3. Қорытынды

 27. Осы шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды 

жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдау тәртібімен 

реттелмеген  қатынастар  Қазақстан  Республикасының 

қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттелінеді.

Аудан тынысы

3

№ 17 (526) 24 ақпан 2015 жыл

Біз және қоғам

ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ: Қасым хан 

(Басы  өткен нөмірде)

Әзірлеген: Ә. СҰЛТАНОВ

Осындай Қазақ хандығы үшін қалыптасқан 

қолайлы сәттерді шебер пайдалана білген 

Қасымхан Жетісуда толығымен сыр 

өңірінде, Қазақ хандығының билігін 

орнатады. Мұнда бір ескеретін жай- бұл 

аталған аймақтар ешбір ұрыссыз қазақ 

халқының этникалық территориясына 

енеді. Себебі мұндағы тайпалар қазақ 

халқының этникалық компоненттерінің 

бірі болатын. 

Салыстырмалы түрде айтсақ, дәл осы 

жылдары орыс халқынын этникалық 

территориясының қалыптасу үрдісі, 

сонымен  қатар,  саяси  үрдісі  бір 

орталыққа бағындырылған мемлекеттің 

құрылып жатқан кезі болатын. Бірақ 

та бұл прогрессивті процестер кейбір 

княздықтардың қатты қарсылығына 

тап болып, қырғын соғыстар арқылы 

жүрді.

Ал XVI ғасыр басындағы Қасым ханның 



билігі тұсында қазақ халқының этникалық 

территориясының қалыптасуы үрдісінің 

Жетісу, Сыр өңірлерінде бейбіт өтуі 

бірнеше мән-жайды ашады. Біріншіден, 

этникалық процестің біртұтас этнотерри-

торияда жүруі этникалық компоненттердің 

этнопсихологиялық жағынан жақындасуын 

тездетеді. Сол себепті де Жетісу мен 

Сыр өңіріндегі этникалық топтар са-

яси  кедергілер  жойылғаннан  кейін 

өзінің негізгі этникалық ұйтқысына 

қосылады. Екіншіден, мұндай күрделі 

үрдістің қырғын-соғыссыз етуіне өз 

заманының ұлы қайраткері — Қасым 

хан тұрды. Жеке адамдардың тари-

хи кезеңдердегі тарихи рөлін Қасым 

ханның атқарған рөлі арқылы түсінуге 

және түсіндіруге болады. Түбінде бо-

латын объективті тарихи үрдіс — қазақ 

халқының этникалық территориясының 

қалыптасуы — мүмкін басқа хандар 

тұсында басқаша жүрген болар ма еді. 

Немесе орыс тарихындағыдай соғыстар 

арқылы жүрген болар ма еді. Нақты 

оқиғалы кезеңдерге жеке тұлғалардың 

араласуы, ол үрдісті не тежейді, не 

тездетеді, бірақ тоқтата алмайды. Біз 

бұл арада қазақ халқының этникалық 

территориясының қалыптасуы Қасым 

хан тұсында бейбіт түрде және тез 

жүргенін көрдік. Қасым ханның қазақ 

тарихындағы тарихи рөлдерінің бірі 

осында.

Қасым хан қазақ халқының террито-



риясын қалыптастырумен қатар, оның 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де 

күш салады. Оған дәлел — 1513 жылғы 

оның Ташкентке жорық жасауы бол-

ды. Осы жылдары Ташкенттің Қазақ 

хандығына өтуі бірнеше мәселені шешкен 

болар еді. Біріншіден, Ташкентті алу 

арқылы Сырдың орта ағысы бойындағы 

қалалар мен елді мекендердің бейбіт 

өмірін  сақтау,  хандықтың  оңтүстік 

шекарасын қауіпсіздендіру және бір 

саяси кеңістіктегі Дешті Қыпшақ пен 

оңтүстігінде Сайрамға дейін Сыр өңірінің 

этникалық тұтастығын қамтамасыз ету, 

дамыту болды. Екіншіден, дәл осындай 

мақсаттар Жетісуға да қатысты болды. 

Мауреннахр тарапынан Жетісуға және 

Сыр өңіріне апаратын қысқа және төте 

жол—Ташкент арқылы өтті. Сондықтан 

да қаланың қазақтарға өтуінің әскери-

стратегиялық маңызы болды. Үшіншіден, 

Қасым  хан  алдында  саяси  міндет 

1513 жылдың басынан қайта күшейе 

бастаған шайбанилық сұлтандардың 

күшін, Ташкент аймағындағы ықпалын 

әлсірету болды. Міне, осындай маңызды 

мақсаттар Касым Ташкент аймағындағы 

ықпалын әлсірету болды. Міне, осындай 

маңызды мақсаттар Қасым ханды Ташкентті алуға итермеледі. Жорықтың 

басталуына  Сайрам  қаласын  өз  еркімен  Қасым  ханға  берген  Қатта-бекті 

њсыкысы турткі болды. Бірақ та Қасым ханның Ташкентке жасаған 1513 

жылғы жорығы сәтсіз аяқталады. Кейін шегінген қазақ әскері Ташкенттің 

солтүстігіндегі қала — Сайрамға келіп тоқтайды. Уақытша болса да бұл қала 

әскери — стратегиялық маңызға ие болды.

1513 жылдан кейін қайта бірігіп, күшейген Мауреннахрдағы шайбанилық 

сұлтандар Қазақ хандығының Сыр өңіріндегі ықпалын жою мақсатымен 

1516/17 жылдың қысында жорық ұйымдастырады. Шайбанилық тарихшылар 

жорықтың ұйымдастырылуы туралы қанша марапаттаса, жорықтың немен 

аяқталғандығы туралы сонша аузын ашпайды. Яғни, біздің ойымызша тағы 

да бір ірі жеңілісті жазуға олардың дәтібармаған. Бұл жолы да қазақ ханы 

Қасым хан жаудан айласын асырып, шайбанилықтарға күйрете соққы береді. 

1516/17 жылғы оқиғадан соң Қасым хан қайтыс болғанға дейін Сыр өңірі мен 

Жетісу аймағындағы саяси талас-тартыс аяқталып, бейбіт өмір қалыптасады.

Қазақ хандығының оңтүстік пен оңтүстік - шығыс бағыттардағы сыртқы 

саясатын сәтті аяқтаған Қасым хан 1517 жылдан бастап күш- жігерін батысқа 

Жайық, Еділ бағытына жұмсайды. XVI ғасыр басында екі өзен аралығындағы 

Ноғай Ордасы ауыр-саяси дағдарыста болатын. Мырзалар ру-тайпа көсемдері 

билік  үшін  өзара  күресте  мемлекетті  толығымен  ыдыратып,  бір-біріне 

бағынбайтын, дербес иеліктерге бөлініп кеткен еді. Ноғай мырзаларының 

өзара күресінен әбден шаршаған ру-тайпалар өздерінің этникалық ортасы, 

этникалық кеңістіктегі құрамдас бөлігі- қазақ этносына қосыла бастайды. 

Этникалық бірігу саяси тұрғыдан қолдауға ие болды. Қазақ ханы Қасым хан 

мұнда да көрегендік танытып, қазақ халқының этникалық территориясының 

қалыптасуы үрдісін соғыссыз, бейбіт түрде жүзеге асырады. Тарихшы А. Исиннің 

зерттеулерінде кейбір ноғай мырзаларының 1519 жылы Еділдің оң жағалауына 

ығыстырылғандығы жөнінде айтылады. Ал сол жағалауда Қазақ хандығының 

билігі жүре бастайды да, ол енді Астрахан хандығымен шектеседі. Өз кезінде 

бұл жағдай Қазақ хандығына Алтын Орда ыдырағаннан кейін, оның батыс 

бөлігіндегі саяси қарым-қатынастарға белсене араласуға мүмкіндік береді. 

Және де Қазан, Астрахан, Қырым, сондай- ақ Москва княздықтарымен осы 

тұста Қасым хан кезінде дипломатиялық қатынастар орнатылады.

Алтын Орданың мұрагері болуға ұмтылған Қазан, Қырым және Астрахан 

хандықтары бір- бірімен күресте өздеріне мықты одақтас іздестіреді. Москва 

княздығы бұл кезде әлі де болса қуатты емес еді. Сондықтан да күшті одақтас 

Қасым хан деп танылады. Орыс деректерінде 1520 жылы Қырым хандығында 

қазақтардан елші келгендігі айтылады. Жазба деректер бұл жөнінде мардымды 

ештеңе айтпаса да, осы жылдардағы үздіксіз болған байланыстар халық ауыз 

әдебиетінде жақсы сақталған. Тарихи, батырлык, жырларда Қырым, Казан 

хандықтарына  байланысты,  жекелеген  батырларға  байланысты  көптеген 

оқиғалар баяндалады.

Бұрынғы Жошы ұлысы, одан кейінгі Алтын Орда жерінде XVI ғасырдың 

басында ең қуатты мемлекет — Қазақ хандығы болды. Оның ханы — Қасым 

хан. Дәл осы кезде Москва княздығы Қазақ хандығымен байланыс орнатуға 

ұмтылады. Бұл байланыс арқылы Москва қазақтар туралы, Қазақ хандығы 

және Қасым хан туралы көп мәлімет алуға тырысты. Өйткені енді-енді Алтын 

Орда езгісінен құтылған Москва княздарының есінде кешегі күн елестері 

көп еді. Олар Алтын Орда территориясында жана қуатты мемлекеттің пайда 

болуынан қатты сескенді. Мұрагерлікке таласқан үш хандықтың өзара күресі 



Жастарға көмек

Москваға өте тиімді болатын. Бірақ та 1519 жылдан бастап Қазақ хандығының 

бұл іске араласуы Москваға өте қауіп туғызды.

Сондықтан да Москва байланыс орнату арқылы қазақтар туралы көп білмек 

болды. XVI ғасырдын 70-ші жылдарында құрастырылған патша архивінің 

тізімінде: «38-жәшік. Онда Қасым хан тұсындағы қазақтар туралы қағаздар 

бар». Өкінішке орай, бұл қағаздар бізге дейін жетпей өртеніп кетті. Москваның 

Қасым ханға жеке көңіл аударуы, біріншіден Қазақ хандығының қуаттылығына 

байланысты болса, екіншіден оның мемлекет қайраткері ретіндегі рөліне 

байланысты туындаған деп санаймыз.

Ортағасырлық  тарихшылар  қазақ  хандары  ішінде  Қасым  ханнан  басқа 

ешкімге көп баға берген емес. Бұл жай — оның тарихи тұлғасының сол кездің 

өзінде-ақ көпшіліктің танығандығын көрсетеді. Ал ол туралы қалың қазақ 

жұрты біле ме екен? Ірі тарихи тұлғаның 550 жылдық тойына байланысты 

замандастырының ол туралы пікірін тыңдап көрелік. Захир ад-дин Бабыр: 

«Жұрттың айтуына қарағанда, қазақ хандары мен сұлтандарының бірде-бірі 

бұл халықты дәл осы Қасым хан сияқты бағындыра алмаса керек. Оның 

әскерінде 300 мың адам болған», —  десе, Мұхаммед Хайдар мырза Дулати: 

«Ол Дешті Қыпшаққа толық билігін таратты, оның халқы миллионнан асты. 

Жошы ханнан кейін бұл жұртта дәл мұндай күшті хан болған жоқ», — деп 

жазады. Ал Қадырғали Жалайыри болса, «Жәнібек хан ұлдары ішінде аса 

белгілі болғаны Қасым хан еді. Ұзақ уақыт атасының ұлысына патшалық 

етті. Төңірегіндегі уалаяттарды өзіне қаратты», — дейді «Қасым хан Дешті 

Қыпшақ аймақтарында өз билігін күшейткені соншалық, оның әскерінде 200 

мыңнан аса адам болды», — деп Махмуд ибн Уәли баяндаса, Хайдар Рази: 

«1515-16 жылдары Қасым хан Жошы ұлысын тәртіпке келтіргендігі сондай, 

бұдан артықты көз алдыңызға елестету мүмкін емес, оның халқының саны 

миллионға дейін жетті», — деп хабар береді. Ал Гафари деген тарихшы 

«Қасым хан Дештінің ханы болды. 

(жалғасы келесі нөмірде)

2015 жылдың 17 ақпанында 

Дмитриевка ауылдық округі 

тұрғындары  алдында  2014 

жылдан бастап жүзеге асқан 

«Өрлеу» пилоттық жобасының 

мақсаты мен жолдары жөнінде 

кездесу  өткізілді.  Кездесуге 

жұмыспен қамту және әлеуметтік 

бағдарламалар бөлімінің бастығы 

Д.Бергенев, жұмыспен қамту 

орталығының 

директоры 

Ю.Хасанов, жұмыспен қамту 

және әлеуметтік бағдарламалар 

бөлімінің мамандары З.Атамбекова, 

Ю.Оленникова,  әлеуметтік 

жұмыстар бойынша кеңесшісі 

А.Мандрыкалар келді.

Аталған кездесуге Дмитри-

евка ауылдық округінің әкімі 

Ж.Жолдыбеков, әкім аппаратының мамандары, «Өрлеу» пилоттық 

жобасы бойынша ассистент А.Әшімжанова, ауыл тұрғындары, 

шаруа қожалық басшылары қатысты.

Жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімінің 

бастығы  Д.Бергенев  жұмыспен  қамту  бағдарламасы  жөнінде 

баяндамасын оқып, жұмыспен қамту орталығының директоры 

Ю.Хасанов мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмысқа орналасу 

жөнінде түсіндіріп өтті. 

Кеңесші  А.Мандрыка  Бородулиха  ауданы  бойынша  «Өрлеу» 

пилоттық жобасы іске қосылғаны жөнінде, жобаның мақсаты, 

кедейшілік деңгейінен қалай шығу жөнінде түсіндіріп өтті.

Топ мүшелеріне шаруа қожалық басшылары және ауыл тұрғындары  

әлеуметтік жұмыс орындары жөнінде сұрақтар қойды. Жұмыспен 

қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары барлық 

түскен сұрақтарға тиісті жауаптарын берді.

Осы іс – шараның  соңында қатысушыларға ақпарат материал-

дары таратылды.



Д.ИМАМБАЕВА, жетекші маман 

ҚҰРМЕТТІ ШЫҒЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

2015 жылы аталып өтілетін мерейтойлы мерекелердің ішінде 

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы айрықша жалпы 

халықтық  сипатқа  ие.  Жеңіс  мейрамы  қазіргі  және  келешек 

ұрпаққа өз Отанына шексіз беріліп қызмет етудің жарқын үлгісі 

ретінде, қазіргі кездегі қиын мәселелерді шешудегі парасатты 

және сенімді кеңесші ретінде аса қажет.

Жеңіс күніне дайындық қоғамдық бірлестіктердің, жастардың, 

бизнестің, шығармашыл интеллигенцияның күшін біріктіруде, 

осы ретте Сіз де немқұрайлылық танытпай, ортақ іске үлес 

қосып, қолдау көрсетесіз деген сенімдеміз.

Осы орайда қаржылай қолдауларыңызды облыстық Ардагерлер 

кеңесінің арнайы есеп шотына аударуға болатындығын, ол ар-

дагерлерге, олардың шығармашылық бастамаларын қолдауға 

жұмсалатындығын хабарлаймыз. Өз үлестерін қосқан ұйымдар 

туралы  ақпарат  барлық  электронды  және  баспа  бұқаралық 

ақпарат құралдарында жарияланады.

Облыстық ардагерлер кеңесі аталған қаражаттың жұмсалуына 

есеп жүргізуді өз міндетіне алады, осы мақсатта құрамына беделді 

ардагерлер, ақсақалдар, ардагерлердің қоғамдық ұйымдарының 

өкілдері қатарынан арнайы ревизиялық комиссия құрылды.

«Ардагерлер ұйымы» РҚБ ШҚОФ

БИН – 970241005806, КБЕ 18

ИИК – KZ316010151000052349, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ

БИК - HSBKKZKX

Облыстық Ардагерлер кеңесі                                                                                                 

Орайы келген кездесу

2015   жылдың  13   ақпанында   ШҚО   Бородулиха   ауданының 

сот төрағасы Д.Жексекеновтың Новопокровка ауылдық округінің 

тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесуге кәсіпкерлер, бюджеттік 

ұйымдардың қызметкерлері, қоғамдық кеңестердің мүшелері, 

зейнеткерлер және округтің басқа тұрғындары қатысты. Кездесуді   

жиналғандарға   аудандық сот төрағасы Даурен   Зайнелқанұлын   

таныстырып ауылдық округ   әкімі Т.Жаймухамедов ашты.  

Содан соң, Даурен Зайнелқанұлы сөз сөйлеп қатысушыларға 

оның іс-сапарының мақсаты ауылдық округ тұрғындарымен 

кездесу және азаматтарды жеке сұрақтармен   қабылдау   болып   

табылатындығын айтты. Өзінің сөз сөйлегенінде Д.Жексекенов 

қылмыстық, әкімшілік және азаматтық заңдылықтарға қатысты 

сұрақтарға тоқталды. Оның сөз сөйлегенінен кейін тұрғындардың 

оларды мазаландыратын сұрақтарды залда немесе азаматтарды 

жеке қабылдау барысында қоюға мүмкіндіктері болды. 

Жеке қабылдауда Даурен Зайнелқанұлы 2 тұрғынды қабылдап 

аталған тұлғалар өздерінің сұрақтарына жауаптар алды. 



Новопокровка а/о әкімінің аппараты 

E-mail: borodulihapuls@mail.ru

Газет    аптасына  2    рет    шығады.  Жарияланған  материалдардағы  деректердің 

дәлдігі үшін автор жауап береді. Басылған материалдардағы пікір редакциянікімен 

сәйкес келмеуі мүмкін. Хаттар мен қолжазбалар қайтарылмайды. Жарнама мен 

хабарламаның дәлдігі үшін редакция жауап бермейді.

Газет “Шығыс-Ақпарат”

ЖШС - нің баспаханасында басылады.

Өскемен қ., Космическая 6/3

Көлемі 2 баспа табақ

Редакцияның мекен-жайы: 070400, ШҚО

Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік к. N 69

Тел/факс 8(72351) 2 16 60 ТАП: 5792

Таралымы 4010 оның ішінде «Аудан тынысы»880

Директор-бас редактор 

Екатерина БОЙЧЕНКО 

«Аудан тынысы» - «Пульс района» ЖШС 

басқарушы органы «ШҚО ішкі саясат басқармасы» 

ММ болып табылады

Газет ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркеліп, 

аудандық «Аудан тынысы» - «Пульс района» газеттерінің 

тіркеу туралы N 12375-Г куәлігі (05.03.2012) берілген



Директор-бас редактордың орынбасары,

Мейрамгүл АТАЕВА

Аудан тынысы

4

№ 17 (526) 24 ақпан 2015 жыл

ІЗГІЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ

Оқушылардың өз-өзіне адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым-

қатынастары айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілділік та-

ныту қабілеттерін  ашу мақсатында 3-ші ақпаннан 12 ақпан аралығында «Т.Аманов 

атындағы орта мектеп» КММ-сінде Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне 

байланысты өзін-өзі тану пәнінің апталығы өтті.

 Мектебімізде ұйымдастырылған іс-шаралар және ашық сабақтар оқушыларға 

адамгершілік өзін-өзі тану арқылы өзгелерді әлемді және адамзатты танып-білу 

өмірдегі орнын түсіну өзін жақсы көру арқылы өзгелерге  жақсылық жасау, олардың 

бойындағы жақсы көру сезімін құрметтеу негізінде жүргізілді.

Атап айтсақ өзін-өзі тану апталығына арналған 1-11 сынып аралығында салтанатты 

лездеме өтсе, 9 сынып мұғалімі Н.Ясавина «сөзбен ойдың қуаты» атты ашық сабағын 

өткізді және де бастауыш сынып мұғалімі А.Андрейцева «Мейірімділік туралы» 

ашық сабағын өткізді, әр ұстаз өз өткізген іс-шараларын ашық сабақтарының 

мазмұнын аша білді. 10 сынып Н.Кисс «Интернет әлеміндегі адам» атты ашық 

сабағын өткізсе, 5 «А» сыныбында музыка және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, 

жас ұстаз «Сенім-менің серігім» атты ашық сабағын өткізді.

  Л.Стасюк  оқушыларды  жұмылдыра  ұйымдастырған  «Бірінші  ханшайым 

С.Назарбаеваға  жасанды  сыйлық»  атты  конкурс  өткізсе,  ал  кітапханамызда 

«Жүрегімізді  балаларға  арнаймыз»  атты  тақырыпта  көрме  ұйымдастырылды. 

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері А.Аманжолов және Е.Лавреновтер спорттық 

эстафеталық жарыстар ұйымдастырды. Әр сынып мұғалімдері «Жақсылық жа-

саудан жалықпа», «Мейірімділік әлемді қорғайды», «Махаббат өмір тірегі» атты 

тәрбие сағаттарын өткізді.

 Осы өткізілген әрбір іс-шараны қорытындылау мақсатында «Менің сезімдік 

әлемім» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Осындай іс-шаралар күнделікті 

өмірде нақты мәселелерді шешуде адамгершілік нормаларына сәйкес алға қойған 

мақсаттарға жетуге, туған жерді құрметтеуге, сөзі мен іс-әрекеті үшін жауапкершілік 

сезімдерін дарытуға, өз достарына сыныптастарына тату болуға жол салады деп 

ойлаймыз.



А. БУХАРИЕВА 

АУЫРУДЫ БАСАТЫН ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ 

ҚАУПІН БІЛЕМІЗ БЕ?

Әдетте басымыз ауырып,  балтырымыз сыздағанда, немесе дене қызуымыз 

көтерілгенде біз арзан дәрілерді қабылдап, солардан шипа тапқандай бола-

мыз. Дәрігердің кеңесіне жүгінбей-ақ, дәріханалардан қап-қап арзан дәрі-

дәрмектерді сатып аламыз. Алайда олардың пайдасынан зиянының көп 

болатындығын білмейміз. Ауыру сезімін  басатын химиялық дәрілер оны 

уақытша тыйғанмен, себебін жоймайды. Мына төмендегі мәліметтерді 

оқып, осыған көз жеткізуіңізге болады.

1. Парацетамол. Сарапшылардың айтуы бойынша, бұл дәріні дәріханалардағы 

еркін айналымнан шығарып қана қоймай, дәрігер кеңесі бойынша қолдануына 

да тыйым салу қажет. Дәрілік заттың рұқсат етілген тәуліктік доза-

сы, яғни 4 г мөлшері адамда ауыр  уланулар туғызуымен қатар бауырды 

зақымдауы мүмкін. Ал егер аталған мөлшер екі еселенсе, адамда тіпті 

үдемелі бауыр жетіспеушілігі асқынып, бірнеше күннің ішінде өлімге әкеп 

соғу қаупі басым.

2. Аспириннің ауруды басатын  әсері небары бірнеше сағатқа созылады. 

Ал қанның сұйылтылуы керісінше, бірнеше күнге барады. Сондықтан егер 

денеңіздегі жеңіл жарақаттан пайда болған жаралар қанап, ұзақ уақыт 

жазылмай қойса, бұл аспириннің кері әсері болып табылады. Дәрігерлер 

аспиринді атеротромбоздың, жүрек ауруларының, тіпті обырдың  алдын 

алу үшін қабылдауға кеңес береді. Алайда зертттеулердің қорытындысы 

бойынша, аспиринді инсультке шалдыққан адамдарға ғана ішуге кеңес беріледі.

3. Суық тигенде ішетін жарнамасы айқайлаған «Колдрекс», «Терафлю», 

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖАРЫС

  Ақпан айының 13 жұлдызында Новопокровка 

ауылында  қазақ  күресінен  1998-1999  ж.т.,  2000 

ж.т. және одан кіші жастағы жасөспірімдер ара-

сында « Бородулиха БЖСМ» КММ-нің,Ұлы Отан 

соғысы Жеңісінің 70-жылдығына арналған ашық 

біріншілігі өтті.

  Бұл жарысқа Бородулиха, Новопокровка, 2-ші 

Пятилетка ауылдарының және Жезкент кентінің жас 

балуандары қатысты. Осы біріншілік 25-28 ақпан 

аралығында Аягөз қаласында жасөспірімдер ара-

сында қазақ күресінен өтетін ШҚО Чемпионатына 

іріктеу  жарысы  болды.  Тартысты  белдесулердің 

нәтижесінде өз салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз 

атанғандар: С.Әбілов, Е.Сембаев, Т.Құсайынұлы, 

Ұ.Рамазанов, Д.Көпжасар (Бородулиха), А.Асанов, 

А.Кәрменов, А.Меари, Д.Нұрахметов, А.Айдарұлы, 

Д.Фаизов, Ә.Бауыржанов (Жезкент), И.Олжабай, 

Б.Айтқазин, Н.Рахымбаев, Д.Әуелбеков (Новопо-

кровка). Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері 

Бородулиха  БЖСМ-нің  мақтау  қағаздары  және 

медальдармен марапатталды.

  Жас балуандардың алдағы үлкен жарыстарда 

жеңіс тұғырынан көріне бірулеріне тілектеспіз.



Ә.БОЗАЕВ, БЖСМ ОІМ

БАСКЕТБОЛ ЖАРЫСЫ

Ақпанның 10 және 16-сы арасында Бородулиха ауылының 

Қазақ мектебі спорт кешенінде аудан орталығы ұйымдарының 

арасында баскетболдан жарыс өткізілді. Осы турнирге: 

Бородулиха  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты,  АІІБ, 

Қазақ мектебі, Колледж және Абай мектебі, «Жастар» 

командалары қатысты. Командалар қажырлы әрі әдемі 

ойын көрсетті. Жүлделі орындар үшін өткен ойындар 

дүбірлі  өтті.  Қорытындысында  Бородулиха  ауылдық 

округі әкімінің аппараты командасы 3 орын, «Жастар» 

командасы  2  орынды  иеленсе,  ал  1  жүлделі  орынды 

Колледж және Абай мектебі құрама командасы алды. 

Ойыншылар номинациясы бойынша «Үздік шабуылшы» 

- Ф.Асхадуллин, «Үздік қорғаушы» - Е.Төлеубаев екеуі 

Колледж және Абай мектебі құрама командасынан, «Үздік 

шабуылшы» - А.Ежов, «Пайдалы ойыншы» - Қ.Есимбеков 

екеуі «Жастар» командасынан. Барлық командалар және 

ойыншылар  марапаттау  қағаздары  мен  медальдармен 

марапатталды.

Бородулиха ауылдық округі әкімінің аппараты

«Фервекс» секілді «танымал» дәрілік препараттардың 

құрамында  парацетамол,  аскорбин  қышқылы  мен 

химиялық дәмдеуіштер бар.Олар аурудан құлан-таза 

айықтырмайды. Тек бірнеше сағатқа ауыру белгілерін 

жасырып қояды. Асқорыту жүйесіне кері әсер етеді.

4.  Ауруды  басатын,  қабынуға  қарсы  стероидты 

емес аспирин,  ибупрофен, кетопрофен, диклофенак  

дәрілік заттары өсу гормонының синтезіне кері әсер 

ететіндіктен,  бұл  дәрілерді  қабылдағаннан  кейінгі 

бірнеше күн бойы дене шынықтырумен машықтануға 

тыйым салынады.

5. «Алька-зельтцер» дәрілік затының құрамында аспи-

рин, ас содасы және лимон қышқылы  бар. Ішімдікке 

салынған  адамдардың  жай-күйін  жақсартады  деп 

саналатын бұл дәрінің ағзаға тигізер пайдасы жоққа 

тең. Ішімдікпен уланған ағзаны одан сайын ұлаудың 

қажеті жоқ.

6. «Қауіпсіз» дәрілік заттар. Мамандар қауіпсіз пре-

параттар қатарына жатқызатын «Нурофен», «Адвил», 

«Солпафлекс» дәрілерін аспирин мен парацетамолдың 

орнына ішуге кеңес береді.  Олардың пайымдауынша, 

бұлар  бастың    ауыруы  мен  жоғары  температура-

ны аз уақытта басады.  Дегенмен, ұзақ уақыт ішке 

қабылданғаннан кейін аталған дәрілік заттар асқазаннан 

қан кету қаупін арттырады.

7. Бас  ауруынан құтқаратын химиялық дәрілік заттар 

ауыруды уақытша тежегенімен, одан айықтырмайды.

Қазіргі кезде ауырудың кез-келген түрін оңай әрі тез 

басатын дәрі-дәрмектерді  дәріханалардан еш қиындықсыз 

әрі арзан бағаға сатып алып жүрміз. Бірақ олардың 

қолжетімділігі денсаулығымыздың жақсаруына сеп 

болмайды. Керісінше,  зиян келтіретінін ескере жүрейік. 

«Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ»  демекші, 

денсаулығымызға сақтықпен қарайық. Дәріханаға ат-

танардан бұрын  дәрігермен кеңескен дұрыс.

Дайындаған: А.ТЛЕУҒАЗИН

 Үй сатылады. Мекен-жайы Бороду-

лиха ауылы Восточная көшесі 71/1. 

ХАБАРЛАНДЫРУ

Су құбыры тартылған, жер учаскесі, 

сарай, моншасы бар. Мына телефонға 

хабарласа аласыздар. 2-14-20

Бородулиха аудандық ішкі істер 

бөлімінің  әкімшілік  полиция 

бөлімшесінде 23-27 ақпан аралығында  

“Қауіпсіз жол” атты жедел алдын алу 



ЖҰРТ НАЗАРЫНА!

іс-шарасы өткізіледі. Осы өткізілетін 

іс-шарада ЖЖЕ бұзғандардың жолын 

кесу, оларды анықтау және рейдтік 



іс-шаралар өткізіледі.

АІІ бөлімінің ӘП бөлімшесі

АЗАМАТТАР НАЗАРЫНА!!!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 

министрлігі  хабарлайды.

Контакт-Орталығына ақысыз бірыңғай 1411 шағын нөміріне қоңырау 

шалып, Сіз өзіңізге мүдделі келесідей мәселелер жөнінде кеңес ала аласыз:

• Еңбекқатынастары;

Халықтыжұмыспен қамту;

• Зейнетақымен қамсыздандыру;

• әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру.

Сіз, қалалық  және ұялы телефон аркылы қоңырау шала аласыз. 

Қоңырау шалу – тегін.

• Бұдан басқа, Контакт-Орталыққа   электрондық пошта ( е-mail 

-  info@info.mintrud.kz)  немесе интернет (Web порталы: www. info.

mintrud.kz) арқылы өтуге болады. Жұмыс іздеп жүрсіз бе? 1411 нөміріне 

ақысыз SMS хабарламаны жолдап, өзіңіздің елді мекеніңізде  бос жұмыс 

орындары  бойынша ақпарат алыныз.  

Сұрау салғаннан кейін, сіздің ұялы телефоныңызға қажетті мамандық 

бойынша бос жұмыс орындары  бар жұмыс берушілер жөніңде ақпарат 

жіберіледі. SMS хабарламаның үлгісі:  *жұмыс* қала коды *мамандық#

              Мысалы: *жұмыс*7172*жүргізуші#  

 *работа*7282*мұғалім#  

 *работа*72834*дәрігерлік бикеш#  

SMS хабарламаны  жiберу  және қабылдау тегін.  




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал