Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық



жүктеу 0.8 Mb.

бет1/5
Дата15.01.2017
өлшемі0.8 Mb.
  1   2   3   4   5

2

 

Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы



Н. Ә. НАЗАРБАЕВ:

БАУЫРЛАРЫМЫЗҒА ҚҰШАҒЫМЫЗ АШЫҚ

***


Бүгінгі күн – ерекше күн. Орта толды деген 

осы. Дәл осынау сәтте өзін қазақпын деп сезінетін 

әрбір адам жүрегі лүпілдеп, атамекеніне, тәуелсіз 

Қазақстанның астанасы Алматыға көз тігуде. 

Өйткені мұнда дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі 

исі қазақ атау лының өкілдері тұңғыш рет баста-

рын қосып, алқалы жиын, салтанатты мәжіліс 

– Құрылтайға жиналып отыр. Күні кеше ғана 

мұндай болады деген ой көбіміздің қиялымызға 

кірмеген шығар. Енді, міне, аңсаған арманның 

тағы біріне қол жеткіздік. Сан ғасырға созыл-

ған отаршылдықтың бұғауынан босанып, 

таяу да ғана тәуелсіздік алса да, қысқа мерзім 

ішінде бүкіл айдай әлем түгел мойындап, абы-

ройы асып үлгірген Қазақстан жұртшылығы 

сіздерді, ардақты ағайын, туған жерде құшақ 

жая қарсы алып жатқанын өздеріңіз көріп 

отырсыздар.

Мен Республика Президенті ретінде бәріңіз-

ді Дүниежүзі қазақтары Құрылтайының сал-

танатты ашылуымен шын жүректен құттық-

таймын! Баршаңызға: «Туған жерге қош 

келдіңіздер!» - деймін.

Дүниежүзі қазақтарының 

қауымдастығы дүниеге келген  

20 жыл ішінде әлем қазақтарының 

төрт құрылтайы өтті.

Осы құрылтайлардың бәрінде 

Қауымдастық Төралқасының 

төрағасы, Қазақстан 

Республикасының Президенті 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 

жүрек тебірентерлік сөз сөйледі.

Төменде Елбасының осы 

Құрылтайларда сөйлеген 

сөздерінің ықшамдалған нұсқасын 

назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Алтын бесік - АТАМЕКЕН


3

***


Бүгінгі құрылтайдың басты 

мақсаты – бүкіл әлемдегі қазақ 

қауымының болашағы жөнінде 

ойласу, ұлтымыздың тарихындағы 

осынау ерекше белестің тұсында 

ендігі тағдыр-талайымыздың 

қалай өрілетінін талқылау. 

***


Қазақ диаспорасының қалып-

тасуы – зерделі жанды таң қал-

дыратын құбылыс. Әрбір үш 

адамның біреуі атамекенінен 

жырақта жүрген қазақтан басқа 

халықты атау қиын шығар. Қазір 

әлемнің 40-тан астам елінде 

төрт жарым миллиондай қазақ 

өмір сүріп жатыр. Қытайда, 

Моңғолияда қазақ ұйысып отыр, 

ағайындарымыз Түркияда, Иран-

да, Ауғанстанда көп, Еуропада 

да аз емес. Америкада, Канадада, 

тіпті алыстағы Австралияда да 

бар. Әрқайсысының тағдыры, 

тұрмыс халі әртүрлі. Құбатөбел 

күн кешіп жүргендері де 

баршылық, дәулеті тасып, айбыны 

асып тұрғандары да табылады. 

Бірақ бәріне тән, бәріне ортақ 

нәрсе – сағыныш, атамекенді 

аңсау. Шетелдік сапаларға 

шыққанда отандастарымыз іздеп 

келіп, ой-арманын, мұң-мұқтажын 

айтып жатады. Сырласа қалсаң, 

сай-сүйегің сырқырайды, арман-

тілектерін тыңдасаң, жан-жүрегің 

елжірейді.

Шеттегі қазақтардың 

халықтық дәстүрлерді сақтауы 

сүйсінтеді, тәнті етеді. Өткен 

жылы Түркияға сапар кезінде 

Стамбул әуежайында жиналған 

ағайындардың «Ақсарбас!», 

«Ақсарбас!» - деп қол жайып, 

бірден үш ақсарбас шалғаны бізді 

қатты тебірентті. Мұндай ықылас-

пейілді мен күні кеше Германия 

мен Франция барған сапарым 

кезінде де көрдім.

Атамекеннен алыстағы 

бауырларымыздың ана тілін 

қадірлеуі, қандай жағдайда да 

ұмытпағаны – біздің ұлт болып 

мақтан тұтар нәрсеміз.

***


Осы Құрылтайдың барысын-

да құрылған әлем қазақтарының 

орталығына бұл райда көп міндет 

жүктелмекші. Ол ұлт өмірін 

жан-жақты зерттеп, қазақтардың 

әлеуметтік-экономикалық, мәдени, 

рухани тыныс-тіршілігіндегі 

ең өзекті деген мәселелерді 

терең талқылай отырып, тиісті 

орындарға нақты ұсыныстар 

жасауы керек. Ұлт бірлігін 

нығайтудың ұйытқысы болуы 

керек. Шетелдердегі қазақтардың 

өзіндік ерекшеліктері, талайғы 

тарихы арнайы зерттеуді қажет 

етеді. Бізде жер бетіндегі қазақ 

ұлтының тарихы кешенді түрде 

зерттеу арқауы болып көрген емес. 

Жалпы, бізде қоғамды дамытудағы 

тап күресінің орны тым асыра 

бағаланатын да, ұлт идеясының 

мән-маңызы кемітіліп көрсетілген.

***

Қазақстан Республикасы – бу-



ыны жаңа беки бастаған жас мем-

лекет. Осы бір жылдың ішінде-ақ 



Менің елім - ҚАЗАҚСТАН

мемлекет құрудың қандай қиын, 

қандай күрделі іс екеніне көзіміз 

анық жетті. Шүкіршілік етейік. 

Бүгінде Қазақстан әлемдік аяда 

экономи калық қуаты үлкен, бола-

шағы зор республика ретінде ғана 

емес, қоғамдық-саяси ахуалы 

тұрақ ты, болашағы сенімді мемле-

кет ретінде сый-құрметке бөленіп 

отыр.

Біз ұлы жолға шықтық, ар-



ман ды сапарға аттандық. Қолы-

мызда – тәуелсіздіктің көк Туы, 

Елтаңбамызда – бар халықтың 

басын біріктірер киелі шаңыра-

ғымыз, арманымызды алға апарар 

қанатты пырақтарымыз бар.

Үлкен жолдың үстінде бізді 

ата-бабаларымыздың аруағы же-

леп-жебеп жүре берсін.


4

 

Екінші құрылтай,  



 2002 жыл, Түркістан

Н.Ә. НАЗАРБАЕВ:

БҰЛ ҚҰРЫЛТАЙ – ҚАЗАҚ 

ХАЛҚЫ НЫҢ ЖАҢА 

МЫҢЖЫЛДЫҚҚА БІР ТҰТАС 

ҰЛТ РЕТІНДЕ НЫҚ ҚАДАМ 

БАСҚАНЫНЫҢ БЕЛГІСІ

***


Бүгінгі күн – жұмыр жердің 

бетіндегі қазақ атаулы үшін ай-

тулы күн екені күмәнсіз. Төрткүл 

дүниеге тарыдай шашылған қан-

дас тарымыздың 400-ге жуық 

өкіл дері әлем қазақтарының 

екінші құрылтайына жиналып 

отыр. Міне, көңілдері Атажұрт 

деп алып ұшқан киелі Түркістан 

төрінде мәре-сәре күйге бөленген 

тамаша мерекенің куәсі болуда. 

Қуаныштарыңыз құтты болсын, 

бауырлар!

***


Мемлекеттің бір күнде ор-

намайтыны және оны бір ғана 

ұрпақ құра алмайтыны белгілі. 

Қазақ мемлекеттілігін құруға сан 

ұрпақтың сан ғасырлық ғұмыры 

мен күш-жігері кетті.

Бірақ тарих жолы қашанда 

тайғанақ. Тарихта талай дәуір-

леген кездеріміз де болған. Та-

лай басымыздан бақ ауып, кері 

кетірген кер замандарға да кез 

келгенбіз.

...Шын мәнінде толыққанды 

тәуелсіздік пен толыққанды 

мемлекеттік орнату абыройы 

біздің ұрпаққа ғана бұйырғанын 

мақтанышпен айта аламыз.

Ата-бабаның арманы болған 

осы тәуелсіздікті ойдағыдай 

орнықтыру үшін қыруар шаруа 

тындыруға тура келеді.

***


Біз қазақ халқы – мемлекеттің 

негізін құрушы, оның тағдырына 

жауап беруші, ішіміздегі өзге 

ұлт өкілдеріне өнеге көрсететін, 

барлық істе бастамашы болуға 

тиісті ұйытқы халықпыз. Сон-

дықтан үлкен ұлтқа тән төзім мен 

сабырлы мінез көрсете білген жөн...

***

Дүниеде қазақ деген ұлт біреу, 



демек оның ұлттық болмысы, 

салт-санасы, әдет-ғұрпы – барша 

қазаққа тән, оның ғажайып мол 

рухани қазынасы да бөліп-жаруға 

жатпайтын ортақ байлық.

Сондықтан сырттағы қазақтың 

әдебиеті, мәдениет, өнері, 

Қазақстандағы қазақтың әдебиеті, 

мәдениеті өнері деген қолдан жа-

салатын шекара болмауға тиіс.

Тағдырдың жазуымен туған 

топырақтан шеттеп кетуге мәжбүр 

болған ата-бабаларымыз бен олар-

дан тараған ұрпақ жасаған мол 

рухани қазынаны шашпай-төкпей 

жинап алуымыз, оны атажұртта 

және барша әлемге таныстыру аса 

маңызды шаруа. Тәуелсіздікке ие 

болған кезден бері қарай бұған на-

зар аударыла бастады.

Қазақтар тығыз мекендеген 

Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркия, 

Моңғолия тәрізді елдердің халық 

арасындағы, мұражайларындағы 

қазақтың тарихына, мәдениетіне, 

әдебиеті мен өнеріне қатысты 

қазына-байлық барша халқы-

мыздың игілігіне қызмет етуі керек.

Бұл орайда Дүниежүзі қазақ-

тары қауымдастығы қолға алып, 

жүзеге асырған істер кеңінен 

қолдауға тұрарлық.

***

Мен Елбасы ретінде Қазақ -



станның ішкі-сыртқы жағ дай-

ларына байланысты туындап 

жататын көптеген мұрат-мақсат-

тарды орындау мүддесіне сай 

Еуропа мен Азияның, Америка 

мен Африканың бізбен саясат 

пен экономиканың әр саласында 

ынтымақтастық орнатқан белді-

белді елдеріне ресми сапарларға 

жиі-жиі шығып тұрамын.



Алтын бесік - АТАМЕКЕН

5

1992 жыл


*** 

29 қыркүйекте Алматыдағы Абай атындағы 

академиялық опера және балет театрында 

Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайы 

жұмысын бастады. Құрылтайға Түркия, 

Германия, Франция, Швеция, Норвегия, 

Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Түркіменстан, 

Өзбекстан (барлығы 33 елден), сондай-ақ 

Қазақстан облыстарынан 800-ден астам кісі 

қатысты. 

Мәжілісті Дүниежүзі қазақтары Құрылтайын 

ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Қазақстан 

Республикасы Премьер-министрінің орынбасары 

Мырзатай Жолдасбеков ашты. 

Мәжілісте Республика Президенті Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары 

қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы 

ұсыныс бір ауыздан қабылданды. Қазақстан 

Жазушылар Одағы басқармасының бірінші 

хатшысы, белгілі жазушы Қалдарбек Найманбаев 

төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды. 

Дәлелхан Жаналтай, Мырзатай Жолдасбеков, 

Алтынбек Сәрсенбаев – Төралқа мүшелері болды.

Кешкілік Республика сарайында құрылтайдың 

салтанатты мәжілісі өтті. Мәжілісте Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың тарихы мен 

тағдыры туралы тебірене толғанған баяндама 

жасады.


Құрылтай құрметіне Алматы облысының 

Дегерес жайлауында дүбірлі той өтті.

Құрылтай кезінде алыстан келген ағайындар 

Жезқазған, Ұлытау және Түркістанды аралап, 

аруақтарға тағзым етті. 

***


Құрылтайдан кейін Дүниежүзі қазақтары 

қауымдастығын заңды тұлға ретінде  

ҚР Әділет министрлігінен тіркеуден өткізу 

қолға алынды. Соған орай Қауымдастықты 

құрушы ынталы азаматтар тобына Мырзатай 

Жолдасбеков, Қалдарбек Найманбаев, Өзбекәлі 

Жәнібеков, Алтынбек Сәрсенбаев, Серік 

Сейдуманов, Сұлтанәлі Балғабаев, Халифа 

Алтай, Ескендір Қазақ, Имамуддин Полад, 

Кешенай Ермиш, Зейнеләбиден Рүстемұлы,  

Баян Мұқатова,Аятқан Тұрысбек кірді.

***


2 қараша күні Дүниежүзі қазақтары қауым-

дастығы республикалық қоғамдық бірлестік 

ретінде Әділет министрлігінен тіркеуден өтіп, 

тіркеу туралы куәлік алды. Қауымдастық 

төрағасының бірінші орынбасары Қ. Найманбаев-

тың бұйрығымен С. Балғабаев Қауымдастық 

төрағасының орынбасары болып бекітілді.

Менің елім - ҚАЗАҚСТАН

Осындай сапарлар барысында қазақ диаспо-

расы бар елдерде өз ағайындарымызбен кездесу 

мүмкіндігін әркез пайдаланып жүрмін. Жүздесулер 

кезінде диаспора өкілдері өздерін толғандырып 

жүрген мәселелерін алға тартады.

Әсіресе, олардың соңынан ерген ұрпақтың ата-

мекенде оқып, білім алуына, тіл мәселесіне қатты 

алаңдап жүргендерін сезінемін. Бұл – өте-мөте зәру 

мәселе. Мұны ықтияттықпен шешуіміз керек.

***

Біз шетелдегі ағайындарымыздың алдағы 



уақытта да қазақ халқының құрамдас бір бөлігі 

ретінде өсіп-өркендей беретіне күмәнданбаймыз...

...Көп мәселе шетеледе тұратын ағайындары-

мыз дың өзіне тікелей байланысты деп ойлаймыз. 

Сіздердің қай жерде жүрсеңіздер де, ата-бабамыз-

дан дарыған асыл қасиетімізді, салт-дәстүріміз 

бен ана тілімізді аялап сақтайтындарыңызға біз, 

Қазақстанда тұрып жатқан қазақтар кәміл сенеміз.

Шетелдерде тұратын қазақтардың өсіп келе 

жатқан жас ұрпағы, жастары орта білімді бол 

сын, жоғары білімді болсын, жалпы оқу-білімін 

Қазақстанда алуға ұмтылатынын мен жақсы 

білемін. Бұған қолдан келгенше жағдай жасап жа-

тырмыз, жасай беретін де боламыз. Келгендерінің 

ешқайсысын қайтарған жоқпыз. Сол жастар бір 

тілде сөйлеп, бір тәрбиемен өседі деп сенемін. Олар 

да біздің ұлттың болашақ тірегі. 

***


Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы өзі 

құрылғаннан бергі он жылдың ішінде шетелдік 

ағайындармен өмірдің сан-салаларында қарым-

қатынас орнату жөнінде көптеген игі шаралар-

ды іске асырды. Қауымдастықтың халықаралық 

байланыстырға атсалысуға, шетелдегі мемлекеттік 

мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен тікелей 

жұмыс істеуге де мүмкіндіктері бар. 

Болашқта бұл мүмкіндіктердің барынша 

нәтижелі іске асырылатынына сенімдіміз.

Қазақстан Республикасының Президенті ретінде 

шетелде тұрып жатқан қандас бауырларға екі нәрсе 

үшін өзімнің ризашылығымды білдіремін:

Біріншіден, атажұрттан алыста жүрсеңіздер 

де, қазақтың тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін 

ұмытпай, ұлттық сипатты жоғалтпай, бүгінгі 

рухани тірлігімізді төл қазына көріп, байытып, 

өздеріңіздің Отанға деген сағыныш сезімдеріңізбен 

ұлттық патриотизмге жаңа серпін беріп 

отырғандарыңыз үшін сіздерге рахмет айтамын!

Екіншіден, қазақ халқының бойындағы 

ұлттық қасиеттердің бірі далалық кеңпейілділік, 

ақылға жүгінген шыдам мен сабыр болса, Сіздер 

сол қасиеттерді көтеру арқылы өздеріңіз қазір 

тұрып жатқан елдеріңіздің саяси тұрақтылығына, 

ұлтаралық келісіміне үлестеріңізді қосып жүрсіздер 

деп білемін және сол үшін Сіздерге өзімнің ақ 

алғысымды арнағым келеді.



6

 

Үшінші құрылтай,  



2005 жыл, Астана

Н. Ә. НАЗАРБАЕВ:

ҚҰРЫЛТАЙҒА ҚОШ 

КЕЛДІҢІЗДЕР, ҚҰРМЕТТІ  

БАУЫРЛАР!

***


Қазақстан қазір әлем сыйлайтын, 

әлем санасатын елге айналды.

Туған жердің төсінде қуаныш-

пен табысқан мерейлі күніміз 

құтты болсын! 

Бүгінгі құрылтай – үшінші 

құрылтай.

Алғашқы құрылтайымыз 

сонау 1992 жылы, тәуел-

сіздігіміздің таңсәрі шағында, 

егемендігіміздің елең-алаңын да 

азаттығымыздың алтын бесігі – 

Алматыда өткізілгені естеріңізде. 

Келесі, екінші құрылтай 2002 

жылы дініміздің дала төсіндегі 

діңгегі – қасиетті Түркістанда 

ұйымдастырылғаны да баршаға 

белгілі.


Үшінші құрылтайымыз 

еліміздің жаңа байтағы – бү гінгі 

қарыштап өсіп, қарқындап даму 

жолына түскен туған Қазақ станы-

мыздың символы Астанада ашы-

лып отыр.

***

Мемлекеттің мемле кет тілігі 



оның өз тағдырына қатысты ең 

маңызды мәсе лелерді өз бетінше 

шеше алуы нан танылуға тиіс. 

Еуразия жүрегіне, қазақ жерінің 

кіндігіне Ақордасын тіккен Аста-

на – Қазақ елінің өз қалауымен 

жасаған дербес таңдауы. Біз оны 

осы байтақ даланың шын иесі кім 

екендігін алыстың да, жақынның 

да есіне салу үшін жасадық. 

Бұл арқылы біз қазақтың осы 

бір құйқалы өңіріндегі ұлттық 

дәстүрді, тілді, өнерді, әдетті, 

әдепті шайылудан, жойылудан 

сақтап қалу үшін жасадық. Біз 

оны болашақ ұрпақ үшін, еркін 

еліміз үшін жасадық. 

Ел астанасы Арқа төсіне 

ауысқалы бері мемлекетіміздің 

өмірінде жаңа белес – 

жасампаздық белесі басталды. 

Астана құрылысы бүкіл Қазақстан 

экономикасын алға сүйреген 

локомотив сияқты болды. Қазір 

бүкіл еліміз Астанаға қарап бой 

түзеуде...

Біз әлемнің дамыған 50 

мемлекетінің қатарына қосылуды 

мақсат етіп отырған елміз. Құдай 

бұйыртса, қосыламыз да...

***

Бұл заман – тек күштіні, 



бірлікті мойындаған заман. Бұл 

заманда әлем тек экономикалық 

жағынан мықты, ішкі тұтастығы 

берік, ауызбірлігі күшті мемле-

кеттермен ғана санасады, сондай 

елдерді ғана сыйлайды. Қазақстан 

қазір әлем санасатын, әлем сый-

лайтын сондай елге айналды...

Қазақстан Республикасы 

шетелдердегі қандастарымызды 

отанға оралтудың кешенді 

бағдарламасын жасап, жүзеге 

асырып келеді. Тәуелсіздік жыл-

дарында, яғни 1991 жылдан 

биылғы 1 шілдеге дейін елімізге 

барлығы 110 мың 591 оралмандар 

отбасы қоныс аударды. Сөйтіп, 

еліміздегі қазақтардың саны алты 

жүз мыңға жуық адамға көбейді. 

Соңғы кезде көші-қон квотасының 

жыл сайынғы мөлшерін 15 мың 

отбасына жеткізіп, оған қажетті 

қаржыны мемлекеттік бюджет-

тен толық бөліп отырмыз. Осы 

қаржының тиімді пайдалануын 

қадағалау қажет.

***

Тағы бір ерекше назар ауда-



ратын мәселе: әлемдегі әрбір 

үшінші қазақ шетелдерде тұрады. 

Сондықтан олардың бәрін бір 

мезгілде туған Отанына көшіруге 

мүмкіндік жоқ екенін ашық айтуға 

тиіспін. Ресей, Қытай, Өзбекстан, 

Моңғолия басшыларының қазақ 

бауырларымызға көрсетіп отырған 



Алтын бесік - АТАМЕКЕН

7

Менің елім - ҚАЗАҚСТАН

1993 жыл


***

17 наурыз күні Отандастармен мәдени 

байланыс және қарым-қатынас жөніндегі Қазақ 

қоғамының ("Қазақстан" қоғамы) кезектен 

тыс V конференциясы болды. Конференция 

"Қазақстан" қоғамын Дүниежүзі қазақтары 

қауымдастығының құрамына қосу туралы шешім 

шығарды. Бұл шешім Дүниежүзі қазақтары 

қауымдастығы тарапынан да мақұлданды. 

Осыған сәйкес Дүниежүзі қазақтарының 

қауымдастығы "Қазақстан" қоғамының заңды 

мұрагері болды.

***

Қазан айында Қауымдастық "Қазақстан" 



қоғамының ғимаратына (Алматы қаласы, 

Зенков көшесі, 50 үй) көшіп келіп орналасты. 

Қаржыландыру мәселесі шешіліп, штат бөлінді. 

Осыдан бастап Қауымдастық өз Жарғысында 

көрсетілген міндеттерге байланысты белгілі 

жоспармен жүйелі жұмыс істеуге кірісті.

***

Қауымдастықта Дүниежүзі қазақтарының 



Бірінші құрылтайының өткеніне бір жыл 

толуына орай дөңгелек үстел мәжілісі болды.  

Бас қосуға шетелдерден келген бір топ 

азаматтар қатысты. Олардың арасында дін 

қайраткері, "Алаш" сыйлығының лауреаты 

Халифа Алтай, моңғолиялық ғалым-жазушы 

Қаржаубай Сартқожаұлы, Қауымдастықтың 

жұмысына араласып жүрген басқа да белсенді 

азаматтар болды.

***


17 желтоқсанда Дүниежүзі қазақтары 

қауымдастығының тұсаукесер салтанаты 

өтті. Оған Қытай Халық Республикасындағы 

қандастарымыз бен басқа да шетелдегі қазақ 

диаспорасының өкілдері қатысты.

М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық 

драма театрында өткен бұл мәжілісте Елбасы, 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 

төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қонақтар 

алдында сөз сөйлеп, жиналғандарды осы 

салтанатпен құттықтады. Шетелдегі 

отандастарымыздың тыныс-тіршілігне 

байланысты проблемаларға жан-жақты 

тоқталып, оларды шешудің жолдарын көрсетті. 

Осы жиында Халифа Алтай, Мұстафа 

Өзтүрік сынды бірнеше азаматқа Қазақстан 

азаматы деген куәлікті Президент өз қолымен 

тапсырды.

қамқорлықтары үшін ризашылығымды білдіремін. 

Және бұл екі ел арасындағы достықтың белгісі деп 

білеміз. Бұл елдерде тұратын қазақтардың құқығы 

ешқашан бұзылған емес және тәуелсіз Қазақстан 

тұрғанда бұзылмайды да. 

***


Қазіргі кезде шетелдегі қазақтармен байланыс 

жасайтын еліміздегі ең басты ұйым – Дүниежүзі 

қазақтарының қауымдастығы. Осы орайда 

Қауымдастық ұйымдастырған түрлі бас қосулар, 

конференциялар, «дөңгелек үстел», мәжілістері, 

өнер ұжымдарының сапарлары, әр түрлі көрмелер, 

әсіресе бірнеше елде өткізілген кіші құрылтайлар 

арқылы шеттегі ағайындар Қазақстанның қанатты 

қамқорлығын талай рет сезіне алды. Мысалы, 

Германияның Кельн, Берлин, Швецияның Весте-

рос, Түркияның Ыстамбұл қалаларында, Ресейдің 

Алтай Республикасындағы Қосағаш ауданында 

өткізілген кіші құрылтайлардың бәрінен де үнемі 

хабардар болып, Елбасы ретінде, Дүниежүзі 

қазақтары қауымдастығының төрағасы ретінде 

құттықтау жолдап отырдым.

***

Алдағы кезде Қауымдастықтың мәртебесі, 



әсіресе, оның қаржыландыру тетіктері туралы 

да ойласатын жайлар жеткілікті. Үкіметке осы 

мәселені жан-жақты қарап, нақты шешім қабылдау 

жөнінде ұсыныс дайындауды тапсырамын.

***

Құрылтайда айрықша қозғалатын мәселенің 



бірі шетелдегі ағайындарымызға оқу-білім жөнінен 

көмек көрсетудің жайы болады деп білемін. 

Шетелдік қазақ жастарына арналып жыл сайынғы 

мемлекеттік білім грантынан екі пайыздық орын 

бөлінуі, олар үшін жоғары оқу орындарының жа-

нынан дайындық бөлімдерінің ашылуы – осындай 

қамқорлықтың нақты үлгісі.


8

 

Төртінші Құрылтай,  



2011 жыл, Астана 

Н. Ә. НАЗАРБАЕВ:

ҚАЗАҚСТАН – ДҮНИЕДЕГІ  

 ӘР ҚАЗАҚТЫҢ 

ҚАСТЕРЛІ ҚҰБЫЛАСЫ

Ардақты әлеумет!

Төрткүл дүниедегі қазақты 

туған жердің төсінде қауыштырған 

осы құрылтайға келіп отырсыз-

дар. Бүкіл еліміз сіздерді құшағын 

ашып, шын жүректен, қуанышпен 

қарсы алуда.

Осы күні еліміздің ақпарат 

құралдары, зиялы қауым, жа-

стар – барлығы да сіздердің 

келгендеріңізден хабардар. 

Жолдарыңыз ақ болсын, қош 

келдіңіздер деген қуанышымызды 

білдіргім келеді.

Баршаңызды қасиетті қазақ 

жерінде қарсы алып отырғаныма 

мен де зор қуаныштымын.

Еуразия төріндегі ұлан-ғайыр 

атажұртқа сіздер әлемнің 35 

елінен келіп отырсыздар.

Туған топыраққа 

сағыныштарыңызды арқалап 

жеткендеріңіз үшін шын жүректен 

алғысымды білдіремін.

«Қасиетті қазақ жеріне, 

жерұйық мекен Астанаға келген 

«қадамдарыңыз құтты болсын, 

ағайын!» деп тағы бір рет айтқым 

келеді.


Қымбатты бауырлар!

Құрылтай – тойласу үшін емес, 

ойласу үшін шақырылатын жиын 

екенін баршаңыз білесіздер.

Бабаларымыз ел тағдыры 

таразыға түскен тұста, жаңа беле-

ске қадам басар шақта құрылтай 

шақырып, кеңес құрған.

Біз бүгін сол игі дәстүрдің 

ізімен жиналып отырмыз.

Тағдыр талайымен төрткүл 

дүниеге тарыдай шашылып кеткен 

ағайынның атамекенде басқосуы 

бәрімізге зор қуаныш.

Десек де, биылғы 

құрылтайымыздың жөні бөлек, 

жолы ерек, маңызы айрықша.

Өйткені, біз тәу етер Тәуелсіз-

дігіміздің 20 жылдығы тұсында 

жиналып отырмыз. Сондықтан, 

бүгінгі құрылтайдың «Қазақ елі» 

монументі жанындағы мынау біз 

отырған Тәуелсіздік сарайында 

өтуінің өзіндік мәні бар!

Бізді бүгін осы салтанатты 

ғимаратқа ортақ ниет, ортақ 

мақсат жинап отыр.

Ол – елдіктің жайы, ел болудың 

қамы.

***


Құрметті қандастар!

Биыл тәуелсіздікпен бірге 

атамекенге атбасын бұрған Ұлы 

көшке де 20 жыл толды.

Бүгінгі құрылтай осындай 

мерейлі белеспен тұспа-тұс келіп 

отыр. Сондықтан, биылғыдай 

баталы жылы біздің бастамалары-

мыз жемісті болуға тиіс.

«Елге ел қосылса – құт» дейді 

дана халқымыз.

Азаттықтың елең-алаңындағы 

күрделі кезеңге қарамастан, 

Алтын бесік - АТАМЕКЕН

көшіміз көлікті болды. Содан 

бері ұлы көш бір сәтке толастаған 

емес.


Ат қазығын байлар атамекенге 

20 жыл ішінде 300 мыңға жуық 

отбасы көшіп келді. Осылайша 

ел халқының саны 1 миллионнан 

астам қандасымызбен толықты.

 Халқымызда: «Ел-елдің 

бәрі жақсы, өз елің бәрінен 

жақсы», деген ұлағатты сөз бар. 

Сондықтан қай қиырда жүрсек 

те «Қазақстан» ұғымы біздің 

жүрегіміздің түкпірінде сақталуы 

тиіс. Сіздер «сүйегім атажұртымда 

жатса» деп тілеген аталар амана-

тын арқалап келіп отырсыздар. 

Шеттегі бауырларымыздың та-

банына кірген шөңге, біздің жан-

жүрегімізді де сыздатуы керек.

Менің Жарлығыммен 2008 

жылдан бастап қандастардың 

жыл сайынғы көшіп келу квота-

сын 20 мың отбасыға көтердік. 

Елге ағылған ағайынның көшін 

жүйелеу мақсатында «Нұрлы 

көш» бағдарламасын қабылдадық.

***

Атажұртын аңсап келген 



ағайын!

Бүгінгі алқалы жиында 

қандастарымызға қолдау көрсетіп, 

қамқорлық жасаудың нақты 

жолдарын айқындап алуымыз 

керек. Сондықтан, алдағы мақсат-

міндеттерді бірлесіп белгілеп 

алғанымыз жөн.

Біріншіден, Парламентте 

«Халықтың көші-қоны туралы» 

заң жобасы қаралуда.

Кеңінен талқыланып



9

Менің елім - ҚАЗАҚСТАН

1994 жыл


***

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 

қазіргі кезеңдегі қызмет ауқымының кеңеюіне 

және шетелдердегі іскер қазақтармен 

байланысты барынша нығайту қажеттігіне 

орай Қауымдастық құрамында бизнес орталығы 

құрылды. Алдағы уақытта Қауымдастықтың 

Баспа орталығын, имандылық-тәрбие 

орталығын, құжат бөлімін құру мүмкіндігі 

қарастырылсын деген ұйғарым жасалды.

Сондай-ақ шетелден келіп жатқан қазақ 

жастарының жоғарғы оқу орындарына түсуіне 

жағдай жасау үшін дайындық бөлімдерін ашу 

мәселесі де көтерілді. 

***

Наурыз айында Қауымдастық Алматыда 



білім алып жатқан шетелдік қазақ жастарының 

басын қосып "Наурыз" мерекесін өткізді. Мереке 

кезінде жиырма студентке Қауымдастықтың 

стипендиясы табыс етілді.

***

Сәуірде Қауымдастықтың ұйымдастыруымен 



"Достық" үйінде үш күн қатарынан шетелдік 

қазақ іскерлері мен қазақстандық кәсіпкерлердің 

семинары өтті.

***


Мамыр-маусым айларында шетелдік 

қазақтар үшін қажетті құжаттар дайындауда 

көптеген қиындықтардың туындап отырғанына 

байланысты оларды Білім министрлігіндегі 

жауапты қызметкерлермен, жоғары оқу 

орындарының басшыларымен бірлесіп шешу 

мәселелерін қолға алды. 

***


Қазан айында Қауымдастық төрағасының 

бірінші орынбасары Қалдарбек Найманбаев 

бастаған Қауымдастық делегациясы Түркияда 

болып, Стамбул, Салихлы қалаларында 

жергілікті билік орындарының және осы өңірдегі 

қазақтардың белсене араласуымен ұлы ақынымыз 

Абай күндерін өткізіп қайтты. Түркияның 

баспасөзі мен радио-теледидарының әділ 

бағалағанындай, аталмыш күндер туысқан екі 

халықты бір-біріне кеңінен таныту ісіне қосылған 

үлкен үлес болды.

қабылданатын жаңа заң қандастарымыздың 

жағдайын жақсартуға септігін тигізеді деп 

есептеймін. Ол қандастарымыздың құжат тапсы-

руда, тіркеуге тұруда, азаматтық алуда кездесетін 

түрлі кедергілерді жоюы тиіс. Бұл орайда бір 

нәрсені қаперде ұстаған жөн. Соңғы кездері 

белгіленген квота толмауда. Туған елге табан 

тіреймін, көшіп келемін деушілерге қашанда 

есігіміз ашық екенін мен тағы да қайталап айта-

мын. Бұл орайда, қандастарымызды Отанға оралту 

жұмысын жүйелей түсу керек.

Екіншіден, шетелден келген құрылтай 

қонақтарының басым көпшілігі –  60 пайызы жа-

стар екен.

Жастар – біздің болашағымыз.

Біздің әлемдегі барша қазақ жастарының сапа-

лы білім алуына тиісті жағдай жасауымыз қажет. 

Қазақстанда біз оны жүзеге асырамыз. Осыған 

байланысты Білім және ғылым министрлігіне 

қандастарымызға бөлінетін гранттық квотаны 

нақтылап, жастармен жүйелі жұмыс жүргізуді тап-

сырамын.

Қадірлі қауым!

Қазақстан – дүниедегі әр қазақтың қастерлі 

құбыласы!

Қазақстан – әлемдегі барша қазақтың құтты 

қарашаңырағы!

Қазақ баласы дүниенің қай түкпірінде жүрсе 

де тұтас қазақ халқының бір бөлшегі екенін біз еш 

уақытта ұмытпауымыз керек.

Алаштың айбыны, бар қазақтың ортақ Отаны – 

Тәуелсіз Қазақ елі мәңгі жасасын!


10

 

Алтын бесік - АТАМЕКЕН

***

Қазіргі  кезде  алыс  және  жақын  ше-



телдерде  тұ ра тын  қазақтар  жал пы  қазақ 

ұлтының үш тен бірін, яғни 5 миллионнан 

астам адамды құрайды. Олар дүниежүзінің 

қырықтан  астам  елінде  тұрып  жатыр. 

Бұл  ағайындардың  басым  көпшілігі 

Қазақстанмен  шекаралас  мемлекеттер-

де  орналасқан.  Соңғы  статистикалық 

мәліметтер  бойынша  Өзбекстанда  1,5 

миллион,  Қытайда  1,5  миллион,  Ресейде 

1  млн-ға  жуық,  Түркіменстанда  80  мың, 

Моңғолияда  140  мың,  Қырғызстанда 

45  мың  қазақ  бар.  Қазақтар  топтасып 

отырған  мұндай  жерлер  Ауғанстан, 

Иран,  Түркия  сияқты  елдерден  бастап 

Еуропаның  Алмания,  Франция,  Швеция, 

Дания  сияқты  алыс  мемлекеттеріне  дейін 

созылып  жатыр.  Жасыратыны  жоқ,  кейде 

шетелдегі  осы  ағайындарымыздың  бәрі 

кезінде  Қазақстанды  тастап  кеткен  дейтін 

әңгімелер  де  айтылып  қалады.  Бірақ  бұл 

атүсті, жаңсақ пікір. Әрине, әртүрлі қуғын-

сүргіндер салдарынан атамекеннен қол үзіп, 

шетелдерге қоныс аударған ағайындарымыз 

да  аз  емес.  Дегенмен,  шетелдегі  қазақ 

диаспорасының  басым  көпшілігі  өздерінің 

ежелгі мекендерінде отыр. 

Міне,  осы  сан  миллион  ағайындары-

мыздың бәріне ортақ айрықша бір қасиеті, 

жан сүйсінтер жақсы ерекшелігі бар. Ол – 

атамекенді  аңсау,  атамекенге  деген  мәңгі 

сөнбес сағыныш. Яғни, шетелдегі қазақтар 

қай  жерде  жүрсе  де,  қай  елде  тұрса  да 

туған  халқының  шежіресі  мен  тарихын 

жақсы  біледі;  қазақтың  салт-дәстүрін, 

әдет-ғұрыпын  шексіз  құрметтейді;  ана 

тілін  ардақтайды.  Және  олардың  бәрі 

де  атамекенді  ерекше  қадір  тұтады, 

әрқашан аңсап, сағынып жүреді. Көпшілігі 

Қазақстанға  біржолата  қоныс  аударуға  да 

ынталы.  Тіпті,  ең  болмаса  атажұртты  бір 

көріп, топырағына аунап-қунап қайтсақ деп 

армандайды. Бірақ, кешегі Кеңес Одағы ның 

тұсында бұған мүмкіндік барынша шектеулі 

болды. Әсіресе, алыс шетел дегі қазақтардың 

атажұртқа келуі өте қиын еді. Соның салда-

рынан қаншама қандастарымыз ата мекенді 

бір көрсек деп аңсап, сағынумен дүниеден 

өтті. 


Шетел  қазақтарының  Қазақстанмен 

тығыз байланыс жасасақ деген арманы тек 

1991 жылы, Қазақтан тәуелсіздік алғаннан 

кейін ғана жүзеге асты.

Бұл  ретте  Қазақстанның  Тұңғыш 

Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшан-

теңіз  зор  еңбегі  бар  екендігін  атап  айтуға 

тиіспіз. Яғни, Елбасы тәуелсіз мемлекеттің 

тізгінін қолына ұстаған алғашқы күннен ба-

стап халқымыздың ежелгі асыл мұраларын, 

қадір-қасиетін  қайта  жаңғыртып,  ұлт 

ретінде түлетіп, жаңа деңгейге көтеруге бар 

күш-жігерін жұмсады. 

Сондай-ақ, Елбасы әлемнің әр түкпірінде 

шашырап  жүрген  ағайындардың  басын 

қосып, атажұртқа көшіріп әкелуге айрықша 

көңіл бөлді. 

***


Міне,  жоғарыда  айтылған  осындай 

игі  істердің  нәтижесінде  өткен  ғасырдың 

тоқсаныншы жылдарының басынан бастап 

Талғат МАМАШЕВ,

Дүниежүзі қазақтары 

қауымдастығы

Төралқа төрағасының 

бірінші орынбасары

10

 


11

сырт жерлердегі ағайындар Қазақстанға ағылып келе 

бастады.  Әсіресе,  Моңғолия  мен  Өзбекстаннан,  Ре-

сей мен Түркіменстаннан қоныс аударушылар бірден 

көбейді.  Оларға  ілесе  Түркия,  Ауғанстан,  Иран 

қазақтары да атажұртқа ат басын бұрды. Көп ұзамай 

бұл  көшке  Қытай  қазақтары  да  қосылды.  Соның 

нәтижесінде,  тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  кезеңде 

атажұртқа бір миллионға жуық қандастарымыз қоныс 

аударды.  Бұған  қоса  еліміз  шетелдегі  ағайындармен 

тұрақты  байланыс  жасап,  оларға  мәдени-рухани, 

оқу-білім  жөнінен  қолдау  көрсету  жұмыстарын  да 

үздіксіз  жүзеге  асырып  келеді.  Бұл  іс-шараларды 

жүзеге  асыруда  биыл  құрылғанына  20  жыл  толып 

отырған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының да 

қосар үлесі ерекше. Қауымдастықтың 1992 жылы Ал-

маты қаласында Елбасы ның тікелей қолдауымен өткен 

Әлем қазақтарының тұңғыш құрыл тайында құрылғаны 

баршаға  мәлім.  Бұл  құрылтайда  Қауым дас тықтың 

Төралқа Төрағасы болып Қазақстан Республикасының 

Тұң ғыш  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  бір  ауыз-

дан  сайланған  еді.  Осы  құрылтайда  Қауымдастық 

төрағасының бірінші орынбасары қызметіне көрнекті 

қаламгер,  белгілі  қоғам  қайраткері  Қалдарбек  Най-

манбаев  сайланып,  ол  кісі  бұл  қызметті  өмірінің 

соңына дейін жемісті атқарды. Ал 2004 жыл дан бері 

Елбасының тікелей сенім білдіруіне орай Дүниежүзі 

қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірін-

ші  орынбасары  қызметі  маған  жүктелгені  көпшілік 

ағайынға жақсы мәлім.

Дүниежүзі  қазақтары  қауымдас тығы  өзі  құрыл-

ғаннан  бергі  жиырма  жыл  ішінде  сырт  жерлердегі 

қазақ  диаспорасымен  тұрақты  байланыс  жасай-

тын  еліміздегі  ең  негізгі  ұйымға  айналды.  Қазіргі 

кезде  бүкіл  жұртшылық  Қауымдастықты  ше-

тел  қазақтарының  мәдени-рухани,  оқу-білім,  ана 

тілі,  экономикалық  жағдайы  және  демографиялық 

өсіп-өнуі  жөніндегі  бүкіл  мәліметтерді  бір  ортаға 

жинақтап,  жүйеге  түсіріп  отырған  ұйым  ретінде 

жақсы  біледі.  Сондай-ақ,  Қауымдастық  алыс-

тағы  ағайындардың  ұлттық-рухани  жә не  көші-қон 

жөніндегі  мұң-мұқтаж дары  мен  өтініш-тілектерін 

Қазақстан  үкіметіне,  басқа  да  тиісті  орындарға 

жеткізіп,  олардың  шешілуіне  ықпал  жасап  отыруға 

да айрықша көңіл бөледі. Соған орай, шетелдегі қан-

дастарымыз  Дүниежүзі  қазақ тары  қауымдастығын 



Менің елім - ҚАЗАҚСТАН

1995 жыл


***

28 наурызда Стамбулда (Түркия) 

Дүниежүзі қазақтарының кіші Құрылтайы 

өтті. Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, 

Ауғанстан, Иран, т.б. – барлығы 17 елден 

келген өкілдер шетелдегі қазақ диаспорасы мен 

Қазақстанның арасындағы мәдени-рухани, 

оқу-білім, көші-қон саласындағы байланыстар 

туралы ой-пікірлерін ортаға салды. 

***


22 сәуірде Дүниежүзі қазақтары 

қауымдастығы төралқасының кеңейтілген 

мәжілісі болды. Оған алыс және жақын 

шетелдердегі қазақ мәдени орталықтарының 

жетекшілері мен өкілдері (15 елден) 

шақырылды. Мәжіліске Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаев қатысып, сөз сөйледі. Онда Елбасы 

Республикадан тысқары тұрып жатқан 

қандастардың қазіргі жай-күйіне тереңірек 

тоқталып, кейбір түйіні шешілмей жүрген 

мәселелердің мәнін ашып берді. 

***


Қауымдастық өкілдері ҚХР-дың Үрімжі, 

Іле, Күйтін, Шәуешек қалаларын аралап 

ондағы қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесулер 

өткізді.


***

Қауымдастықтың ұйымдастыруымен 

Алматыда әлемдегі қазақ жастарынан 

құрылған футбол командалары бас қосып, 

жарыс өткізді. Шешуші кездесуде "Намыс" 

командасы жеңімпаз атанды.

***

Қауымдастық Түркістан қаласында 



"Қазақ диаспорасының бүгіні мен болашағы" 

атты халықаралық симпозиум өткізді. 

Оған Түркия, Алмания, Моңғолия, Ресей, 

Өзбекстан және Қазақстан ғалымдары 

қатысты.

***


Қауымдастықта шетелдегі отандастарды 

қолдаудың мемлекттік бағдарламасының 

алғашқы нұсқасы дайындалып арнаулы 

үкіметтік комиссияға жолданды.

11


12

 

Алтын бесік - АТАМЕКЕН

өздерінің  қа сиет ті  қара  шаңырағы 

санайды.  Қауым дастықтың  мұндай 

дәре жеге  жетуі  Елбасының  тікелей 

қолдауы 


мен 

қамқорлығының 

нәтижесі  екендігі  де  даусыз.  Яғни, 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 

өз  жұмысын  Төралқа  төрағасы 

ретінде  Президентіміздің  белгілеп 

берген  бағыт-бағдары  мен  міндет-

тапсырмаларына сүйеніп жү зе ге асы-

рады.  Бұл  жұмыстардың  ара сында 

әлем  қазақтарының  құрыл  тайларын 

ұйымдастырудың  алар  орыны  ерек-

ше.


Бұл  ретте  1992  жылы  өткен 

тұңғыш  құрылтай  туралы  айрықша 

айта  кеткеніміз  жөн.  Жер  жүзіндегі 

бүкіл  қазақтың  басын  қосатын 

мұндай жиын біздің елімізде бұрын-

соңды  болмаған  еді.  Соған  орай 

кезінде  бұл  алғашқы  құрылтай 

ойдағыдай  өз  дәрежесінде  өтіп, 

алға  қойған  мақсатын  толық  орын-

дай  ала  ма  деген  мәселе  жұрттың 

көбін  ойландырғаны  да,  алаңдат-

қаны  да  даусыз  еді.  Бірақ,  кезін-

дегі  жан-жақты  дайындық  пен 

ұйымдастыру  жұмыстарының  ой-

дағы  дай  болуының  нәтижесінде 

әлем  қазақтарының  тұңғыш  бас 

қосуы кең ауқымды, жан-жақты тар-

тымды  бағдарлама  бойынша  табы-

спен өткізілді. 

Құрылтайда  Тұңғыш  Президен-

тіміз  Нұрсұлтан  Назарбаев  халқы-

мыздың  бүгіні  мен  болашағы  тура-

лы  жүрек  тебірентерлік  баяндама 

жасады.  Соған  орай,  бұл  бас  қосу 

қазақ  елінің  шынайы  тәуелсіздікке 

қол  жеткізуінің  айқын  бір  көрінісі 

болды. Тұңғыш құрылтай шетелдегі 

сан миллион қазақтардың атажұртқа 

деген ынта-ықыласын барынша арт-

тыра түсті.

***

Міне,  осыдан  кейін  де  еліміз-



де  әлем  қазақтарының  және  үш 

Құрылтайы  өтті.  Бұл  құрылтайлар-

дың  бір-біріне  ұқсамайтын  өзіндік 

ерек шеліктері болды. Мысалы, 2002 

жы лы  Түркістан  қаласында  өткен 

құрылтай,  негізінен,  Қазақстан 

Республика сының  тәуелсіздік  алған 

он  жыл  ішіндегі  қол  жеткізген  та-

быстарын саралап-сараптауға арнал-

ды.  Сондай-ақ,  бұл  жиында  жалпы 

қазақ  халқының  алдағы  уақыттағы 

әлеуметтік-экономикалық,  мәдени-

рухани,  оқу-білім  саласындағы 

өсіп-өркендеуі  жөніндегі  маңызды 

әңгімелер  қозғалды.  Ана  тілі  мен 

демография, көші-қон мәселелері де 

назардан тыс қалмады.

Әлем  қазақтарының  үшін ші 

Құрылтайы 2005 жылы республика-

мыз дың  жаңа  елордасы  –  Астана 

қаласында  өтті.  Бұл  басқосудың 

бұрыңғы  құрылтайлардан  ең  ба-

сты  ерекшелігі  –  барынша  іскерлік 

бағытта  өткізілуінде  болды.  Соған 

орай,  салтанатты  мәжілістен  кейін 

төрт  мәселе  бойынша  секция лық 

мәжілістер  өткізілді.  Бұл  мәжіліс-

терде мәдениет, оқу-білім, бұқаралық 

ақпарат  құралдары  және  көші-

қон  салалары  бойынша  шетелдегі 

қазақтармен  байланыс  жасаудың 

өзекті мәселелері талқыланды.

Түркістан мен Астана қала ларын-

да өткен екі Құрылтайда да Қазақстан 

Республикасының Президен ті, Дүние-

жүзі қазақтары қауым дастығы Төрал-

қасының 

Төрағасы 

Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев арнайы баянда-

ма жасады. Елбасы бұл баяндамала-

рында шетелдегі қандастарымыздың 

бүгіні  мен  болашағына  қатысты 

ең  өзекті  мәселелерді  ортаға  са-

лып,  осыған  орай  Қазақстан  та-

рапынан  жасалуға  тиіс  қолдау-

қамқорлықтардың  бәрін  бір  жүйеге 

түсіріп, нақтылап берді.

Сондай-ақ,  Елбасы  бұл  Құрыл-

тайларда  Дүниежүзі  қазақтары 

қауым дастығының  жұмысына  оң 

ба ғасын  беріп,  оның  қызмет  ауқы-

мын  кеңейтуге  қатысты  нақты  тап-

сырмалар  да  берді.  Бұл  жағдай 

Қауымдастықтың  жұмысын  нәти-

желі жүргізіп, жаңа деңгейге көтеру-

ге өз септігін тигізді.

Ал  төртінші  Құрылтай  2011 

жылдың  25-27  мамыр  аралығында 

Астана  қаласында  өтті.  Құрылтайға 

әлемнің 35 елінен 400-ге жуық рес-

ми  өкілдер  келді.  Қазақстанның 

өзінен зиялы қауым, қоғамдық және 

саяси  ұйымдардың  жетекшілері, 

Президент  әкімшілігі  мен  үкімет 

басшылары,  Сенат  және  Мәжіліс 

депутаттары,  түрлі  министрлік  пен 

барлық облыстардың, Астана, Алма-

ты  қала ларының  өкілдері  қатысты. 

Бұл  құрылтайда  жастар  мәселесіне 

айрықша көңіл бөлінді. Соған орай, 

шетелден келген қонақтардың алпыс 

пайызын жастар құрады.

Төртінші құрылтайда бірінші ке-

12

 


13

Менің елім - ҚАЗАҚСТАН

зекте шетелдегі қазақ диаспорасы мен оралмандардың 

ең мұқтаж мәселелері жан-жақты айтылды. Басқосуға 

Ішкі істер, Сыртқы істер, Білім және ғылым, Мәдениет, 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Байланыс және 

ақпарат,  Ауыл  шаруашылығы,  Спорт  және  туризм, 

Экономикалық  даму  және  сауда  министрліктерінің 

басшылары  қатысты.  Дөңгелек  үстел  кезінде  алыс-

жақыннан  келген  ағайындар  көкейде  жүрген  бүкіл 

мәселелерін  ортаға  салып,  іштеріндегі  шерін  түгел 

ақтарып, кең отырып әңгіме-дүкен құрды.

Құрылтай  бағдарламасы  бойынша  арнайы  халық-

аралық  футбол  турнирі  өткізілді.  Ресей,  Өзбекстан 

Қытай,  Моңғолия,  Түркия,  Қазақ стан  және  Еуро-

па  елдерінен  келген  кілең  қазақтардан  тұратын  8 

командасының  жасыл  алаңға  шығып  жарыс  өткізуі 

халқымыздың тарихындағы бұрын-соңды кездеспеген 

үлкен уақиға болды.

ҚР  Президенттік  мәдени  орта лықта  қазақ  диаспо-

расы  мен  оралман  жастардың  арасында  қыл  қалам 

шеберлерінің  көрмесі  ашылып,  жыр  мүшәйрасы 

ұйымдастырылды.  Оған  әнші  мен  бишілер  өнерден 

шашу шашты. Бұл салтанат жастардың думанды ән-би 

кешімен жалғасты. 

Бұл  Құрылтайда  да  Елбасы  дүниенің  төрт 

бұрышынан  келген  ағайындардың  алдында  арнайы 

баяндама  жасап,  шетелдердегі  қазақ  диаспорасы  мен 

оралмандарға  қолдау  көрсетудің  барлық  тетіктерін 

айқындап,  бұл  жөнінде  алда  тұрған  5  міндеттерді 

белгілеп берді. 

Құрылтай  өтісімен  Қазақстан  Рес публикасы  Пре-

зидент Әкімшілігі Елбасының осы жиында белгілеген 

міндеттерінің  негізінде  алдағы  уақытта  шетелдегі 

қазақ  диаспорасына  қолдау  көрсетуге  байланысты 

жүзеге  асырылуға  тиіс  іс-шаралардың  жоспарын  жа-

сап,  бекітті.  Бұл  жоспарда  қазақ  диаспорасы  мен 

оралмандарға қатысты ең өзекті мәселелер қамтылып, 

тиісті  министрліктер  мен  мекемелердің  міндеттері 

нақты көрсетілді. 

***


Алыстағы  ағайындармен  тұрақты  байланыс  жа-

сап,  оларға  қолдау-қамқорлық  жасаудың  және  бір 

тиімді  жолы  –  қазақтар  тұратын  шетелдерде  Кіші 

құрылтайлар,  басқа  да  түрлі  басқосулар,  мәдени  іс-

шаралар  өткізу.  Мұндай  бас  қосулар  қазақ  халқының 

біртұтас  ұлт  ретінде  өсіп-өркендеуіне  үлкен  ықпал 

жасайды.  Өйткені,  қазақ  қай  жерде  жүрсе  де,  қай 

елде  тұрса  да  өзінің  ана  тілін,  ұлттық  мәдениеті  мен 

салт-дәстүрін  сақтай  білуге  тиіс.  Осы  тұрғыдан  кел-

генде,  сырттағы  қазақтар  арасында  соңғы  уақытта 

біраз  күрделі  мәселелердің  қалыптасып  отырғаны 

да анық. Яғни, олардың жас толқынының ана тілінен 

алыстап, ұлттық ерекшеліктерінен ажырай бастағаны 

байқалады.  Бұл  жағдайдың  алдын  алу  үшін  не  істеу 

керек?!.  Осы  тұрғыдан  келгенде  кіші  Құрылтай 

сияқты  басқосулардың  маңызы  айрықша.  Яғни,  сырт 

жерлердегі  ағайындардың  ұлттық-рухани  мәселелері 

ең  алдымен  осындай  жиындарда  жан-жақты 

талқыланып,  ортаға  қойылуға  тиіс.  Қазіргі  кезде  Еу-

ропа  елдерінің  көбінде  Қазақ  мәдени  орталықтары 

құрылып,  ойдағыдай  жұмыс  істеуде.  Қауымдастық 

осы  орталықтармен  бірлесіп,  жыл  сайын  бір  рет  Еу-

ропа  қазақтарының  спорт  және  мәдени  мерекелерін 

ұйымдастырады.

1996 жыл

***


11 қаңтарда Алматы қалалық аумақтық 

мемлекеттік мүлікті басқару комитетінің 

Шоқан Уәлиханов көшесі, 43-а мекенжайдағы 

ғимаратты Дүниежүзі қазақтары қауым дас-

тығына беру туралы қаулысы шықты. Осыдан 

кейін бұл ғимаратты Қауымдастыққа арнап 

қайта салу жұмысы қолға алынды.

***


21 наурызда М. Әуезов атындағы 

театрда шетелдерден келіп оқып жатқан 

студенттерге арналған "Туған елдің төрінде" 

атты кеш өткізілді. Басқосуға Алматы 

жоғары оқу орындарындағы студенттермен 

қатар Талдықорған, Қаратау, Түркістан 

қалаларында оқып жатқан оқу озаттары да 

арнайы шақырылды. 

***

Мамыр айында Алматыдағы "Достық" 



үйінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 

мен Республиканың Еңбек министрлігі көші-қон 

департаментінің ұйымдастыруымен "Көшіп 

келген мен көшіп келетіндер" тақырыбында 

мәжіліс өткізілді. Онда Еңбек министрінің 

бірінші орынбасары Ә. Бәйменов пен Қауым-  

дас тық төрағасының бірінші орынбасары  

Қ. Найманбаев осы маңызды мәселелер туралы 

өз ойларын алға тартты.

***


С. Балғабаев бастаған Қауымдастық 

делегациясы ҚХР Шыңжан -Ұйғыр автономиялы 

өлкесінің орталығы Үрімжі қаласына барып 

қайтты. 


***

20 желтоқсанда Алматыда "Мұстафа 

Шоқай және шетелдегі қазақ зиялылары атты" 

халықаралық ғылыми-теориялық конференция 

ашылды. Оны Дүниежүзі қазақтары қауым дас-

тығы мен Қазақстан Ұлттық Ғылым акаде-

миясы Ш. Уәлиханов атындағы тарих және 

этнология институты бірлесіп ұйымдастырды. 

***

Қауымдастық жанынан қазақ диаспорасын 



зерттейтін ғылыми орталық құрылды. Сондай-

ақ, шетелдегі қазақ жастарына ана тілін 

үйрететін оқулықтар жасау мәселесі де қолға 

алынды.


13

14

 

14



 

Мұндай  кіші  Құрылтайлардың 

бірі биыл Еуропаның теріскейіндегі 

Дания елінің Аархус қаласында өт ті. 

Бұл  кіші  Құрылтайға  Қазақ станнан 

Дүниежүзі  қазақтары  қауым дас-

тығының  атынан  арнайы  делегация 

барып  қатысты.  Делегация  құра-

мында  Парламент  Мәжілісінің  де-

путаты  Оразкүл  Асанғазы,  «Егемен 

Қазақстан»  газетінің  Президенті 

Сауытбек  Абдрахманов  және  басқа 

да  қоғам  қайраткерлері  мен  өнер 

жұлдыздары болды. 

Кіші  Құрылтайдың  ойдағыдай 

өтуіне  Қазақстанның  Даниядағы 

елшілігі де үлкен үлес қосты. Құрыл-

тай кезінде Қазақстаннан барған де-

легацияны  Қазақстанның  Германия 

Федеративтік Республикасы мен Да-

ния  корольдігіндегі  Төтенше  және 

өкілетті  Елшісі  Нұрлан  Онжанов 

қабылдап,  Қазақ станның  Еуропа 

қазақ тарымен  байланысын  одан  әрі 

нығайта  беру  жөнінде  өз  ойларын 

ортаға салды. 

Қазақ  диаспорасының  мұндай 

кіші  құрылтайлары  Тәжікстан,  Ре-

сей,  Моңғолия,  Түркия  сияқты  ел-

дерде де өткізіліп келеді.

Сондай-ақ,  Қауымдастық  шетел-

дерде кіші құрылтайлардан да басқа 

түрлі  мәдени  шаралар  өткізуге  де 

айрықша көңіл бөледі.

Бұлардың  арасында,  Қауым дас -

тық, әсіресе, шетелдегі қазақ жас та ры-

ның Қазақстанда оқып, білім алуы на 

бай ланысты  да  көп  жұмыс  жүргі-

зіп  ке леді.  Бұл  ретте,  Қауымдастық 

шетел дік қазақ жастарына арналған 

дайындық  курстарының  ашылуы-

на  тікелей  ат  салысты.  Соған  орай, 

қазір  Әль-Фараби  атындағы  Қазақ 

ұлттық  университеті  мен  басқа  да 

жоғары  оқу  орындарында  бірнеше 

дайындық курстары жұмыс істейді. 

Қауымдастық  этникалық  көші-

қон  туралы  түрлі  дөңгелек  үстел 

мәжілістерін  өткізіп,  бұл  саланың 

қазіргі  жағдайы  мен  болашағы  ту-

ралы баспасөз бетінде үнемі мәселе 

көтеріп келеді.

***

Қауымдастық  өзінің  күнделікті 



жұмыстарын  ҚР  Президент  әкім-

шілігінің  Ішкі  саясат  бөлімімен, 

Мәдениет және ақпарат министрлігі 

және оның Тіл комитеті, Білім және 

ғылым  министрлігі,  Ішкі  істер 

министрлігі, Сыртқы істер министр-

лігімен тығыз байланыста жүргізеді.

Қауымдастық  шетелдік  қазақ-

тармен  байланысты  сол  елдердегі 

Қазақстан  елшіліктерімен  және 

қазақ  Мәдени  орталықтарымен  бір-

лесіп  жүзеге  асырады.  Қазір  қазақ-

тар  көп  тұратын  елдердің  басым 

көпшілігінде заңды түрде құрылып, 

әділет  мекемелерінен  тіркеуден  өт-

кен  қазақ  мәдени  орталықтары 

бар.  Мысалы,  Түркия,  Германия, 

Франция,  Австрия  сияқты  елдер-

де  мұндай  орталықтар  ежелден 

жұмыс істейді. Өзбекстандағы қазақ 

мәдени орталығы да жемісті жұмыс 

істеп  келеді.  Ол  елдің  көптеген  об-

лыстары  мен  Қарақалпақстанда 

Рес  публикалық  Қазақ  Ұлттық  мә-

дени  орталығының  бөлімшелері 

кұрылған.  Ресейдің  Мәскеу,  Санкт-

Петербург  сияқты  үлкен  қала лары-

нан  бастап,  Астрахань,  Орын бор, 

Омбы,  Самара,  Саратов,  Челябі, 

Түмен  облыстары  мен  сонау  алыс-

тағы Саха Республикасында да казак 

мәдени  орталықтары  бар.  Балтық 

жағалауы елдерінде де қазақ мәдени 

орталықтары  шаңырақ  көтере  ба-

стады.  Қауымдастық  осы  мәдени 

орталықтармен тікелей байланысып, 

бірлескен  бағдарламалар  негізінде 

көптеген  шараларды  іске  асырып 

келеді. 

Қауымдастық  Моңғолия  сияқты 

елдерде  өз  бөлімшесін  ашып,  он-

дағы  қазақтармен  байланысты  сол 

бөлімше арқылы жүргізуде. 

Кейбір  елдерде  Қауымдастық  ол 

елдегі қазақтармен байланысты жеке 

тұлғалар,  жеке  мәдениет  ошақтары 

арқылы жүзеге асыруда.

Шетелдегі ағайындармен тікелей 

байланыс ты  барынша  жақсартып, 

тиімді  жүргізу  үшін  Қазақстан-

ның  Павлодар,  Атырау,  Оңтүстік 

Қазақстан,  Алма ты  сияқты  шека-

ралас  облыстары  мен  Астана  қала-

сында Қауымдастықтың бөлімшелері 

ашыл  ған.  Бұл  бөлімшелер  өздеріне 

жақын, көршілес елдегі қазақ тармен 

бай  ланыс жасау ісімен айналысады.

Сондай-ақ, Қауымдастықтың жа-

ны нан  қазақ  диаспорасын  зерттеу-

мен айналысатын ғылы ми сараптама 

орталығы құрыл ған. 

Қазақстанның  шетелдегі  қазақ-

тар мен байланысы ның ең басты бір 

бағыты – көші-қон мәселесі. Әрине, 

көші-қон  жұмыстарының  әлде  де 

ойласатын,  жан-жақты  қолға  алып, 

жүйелі түрде шешетін мәселелері аз 

емес. Қауымдастық бұл жұмыстарға 

да  өз  үлесін  қосуға  айрықша  көңіл 

бөліп келеді.

Қауымдастықтың негізгі жұмыс-

тары ның  бірі  –  шетелдегі  қазақ 

диас порасына  ақпараттық  қолдау 

көрсету.  Бұл  жұмыстың  мүмкіндігі 



Алтын бесік - АТАМЕКЕН

15

15

мен  болашағы  өте  үлкен.  Өйткені,  бес  миллион-



нан  астам  қазақ  диаспорасының  тоқсан  пайызға 

жуық  бөлігі  елімізбен  шекаралас  мемлекеттерде 

орналасқан. Шекараға жақын болғандықтан ол елдер-

ге Қазақстанның радио және телехабарларын жеткізу 

барынша  оңай.  Бұл  елдерге  Қазақстанның  газет-жур-

налдары мен кітаптарын таратудың да мүмкіндігі мол. 

Сондай-ақ, қазір бұл жөнінде арнайы веб-портал ашу да 

қолға алынды.

Яғни,  Қазақстан  Республикасы ның  ақпараттық 

кеңіс тігін  әлдеқайда  кеңейтіп,  аудиториясын  ұлғай-

тудың  тиімді  бір  жолы  –  шетелдегі  отандастарға 

арналған  радио  және  телехабарлар  мен  түрлі  басы-

лымдарды  көбейту.  Елімізде  бұған  толық  мүмкіндік 

бар. Осыған орай, Қауымдастықтың жанынан «Алтын 

бесік» журналы мен «Туған тіл» альманағы да жарық 

көріп,  шетелдердегі  ағайындарға  таратылады.  Бұл 

басылымдардың  жарық  көруіне  ҚР  Мәдениет  және 

ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті 

мен Тіл комитеті нақты қолдау жасауда.

Еліміздің  экономикалық-әлеу мет тік  өсіп-өркен-

деуінде  Елбасының  жыл  сайынғы  дәстүрлі  жолдауы-

ның  алар  орны  ерекше.  Жолдауды  барша  қазақстан-

дықтармен  бірге  шетелдегі  ағайындар  да  айрықша  

ынта-ықыласпен  асыға  күтеді.  Соған  орай,  Қауым-

дастық Елбасының жолдауын шетелдегі отандастарға 

жеткізіп,  жан-жақты  насихаттауға  да  айрықша  назар 

аударады. Қазір Қауымдастық Жолдауды түрік, моңғол 

тілдеріне  аударып,  оның  төте  жазумен  шығатын  нұс-

қасын дайындап алыстағы ағайындарға жеткізіп жүр.

Қауымдастық  шетелдегі  қазақ  диаспорасының 

демо гра фиялық  және  әлеуметтік  жағдайының  бүгіні 

мен  болашағы  жөнінде  арнайы  экспедициялар  ұйым-

дастыруды  да  қолға  алып  келеді.  Осы  жұмыс тардың 

нәтижесінде  «Өзбекстандағы  қазақ тар»,  «Қытайдағы 

қазақтар», «Ресей дегі қазақтар» деген монографиялық 

жинақтар жарық көрді. 

Жалпы,  Қауымдастық  шетелдегі  қазақ  қалам-

герлерінің  шығарма ла  рын  жинап,  жарыққа  шығарып 

наси хаттауға айрықшы назар аударады. 

Шетелдегі қазақтар жас ұрпаққа ана тілін үйретуге 

өте  қүштар.  Соған  орай,  арнайы  мұғалім  жіберу  ту-

ралы да жиі өтініш айтады. Бірақ қазір заман өзгерді. 

Бүгінгі  таңда  тіл  үйренуді  техниканың  көмегімен  де 

оңай жүзеге асыруға болады. Соған орай Қауымдастық 

шетел  қазақтарына  арнап  қазақ  тілін  үйренудің 

компьютерлік  бағдар ламасын  жасады.  Сондай-ақ, 

Қауым дастықтың  «kazaktar.kz»  вебсайты  да  тұрақты 

жұмыс істейді.

Алыс  және  жақын  шет  елдер дегі  қазақ  мектеп-

тері  мен  қазақ  мәдени  орталықтарын  оқулық тар  және 

оқу-әдістемелік  құрал дар мен  қамтамасыз  ету,  олар ға 

түрлі кітап тар, журналдар тасымалдап жеткізіп беру де 

тұрақты түрде жүргізіледі.

Бір  сөзбен  айтқанда,  Дүниежүзі  қазақтарының 

қауым дастығы Ел басы  ның шынайы қолдауы мен қам-

қорлығының  нәтижесінде  шетел  дегі  қазақ  диаспора-

сымен байланыс жасауды барынша нығайтып, жиырма 

жыл  ішінде  үлкен  белестерге  көтеріліп,  айтарлықтай 

табысқа жетті. 

Қауымдастық  бұл  жұмыстарын  алдағы  уақытта 

қазіргіден  де  жаңа  деңгейге  көтеріп,  жан-жақты  әрі 

жүйелі түрде жүргізе беретін болады. 



Менің елім - ҚАЗАҚСТАН

1997 жыл


***

22 наурызда Стамбулда Дүниежүзі қазақ-

тарының кіші Құрылтайы өтті. Құрылтайға 

Қазақстаннан Қауымдастық төрағасының бірінші 

орынбасары Қ. Найманбаев бастаған арнайы 

делегация барды. 

Бұл бас қосуға Түркия Республикасы Премьер-

министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі 

Тансу Чиллер қатысты. 

***


16 сәуірде Алматыда Түркияда шыққан 

"Мұстафа Шоқай және Мәрия Шоқай" атты 

кітап жұртшылыққа таныстырылды. 

***


Павлодар облысының әкімшілігі, Білім және 

мәдениет министрлігі және Дүниежүзі қазақтары 

қауымдастығы бірлесіп "Қазақстан Республикасы 

және қазақ диаспорасы" атты ғылыми-практи-

калық конференция өткізді. 

Конференция шетелдегі отандастарды қол-

даудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру 

мәселелерін талқылады.

***

Қауымдастық Қытай Халық Республикасының 



Үрімжі қаласынан Хамит Ысқақ, Дәлелхан, 

Надия Асатқызы бастаған бір топ әнші, 

бишіле ді шақырды. Олар Алматыда, Оңтүстік 

Қазақстан, Қызылорда облыстарында бірнеше 

концерт қойды, меймандардың шығармашылығына 

арналған телехабар жасалды.

***

Үрімжідегі "Халық" баспасы бас редактордың 



орынбасары Найманғазы Сапанұлы Алматыда 

бір ай болып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 

"Ғасырлар тоғысында" кітабын Қытайда шығару 

үшін автордың арнайы рұқсатын алды. 

***

Мамыр айында Омбы қаласында "Мөлдір" 



қазақ мәдени орталығы мен Дүниежүзі 

қазақтарының қауымдастығы бірлесіп Ресей 

қазақтарының кіші Құрылтайын өткізді. Оған 

Ресейдегі қазақ ұлттық мәдени қоғамдары мен 

орталықтарының өкілдері қатысты.

***


Шілде айында Моңғолияның Баян-Өлгий 

аймағында қазақтардың кіші Құрылтайы 

және М. Әуезовтың туғанына 100 толуына 

байланысты салтанат өткізілді. Оған Қауым-

дастықтың ұйымдастыруымен Қазақстаннан  

30 кісі барды. Олардың арасында Ш. Мұртаза,  

Қ. Жұмаділов, М. Мағауин, Р. Нұрғалиев,  

А. Сейдімбеков секілді ғалым-жазушылар болды. 



16

 

Қазақстан – Жерұйық,  



МӘҢГІЛІК ЕЛ

Әлемнің әр қиырындағы ағайындармен байланыс жасайтын Дүние жүзі қазақтары 

қауымдастығының шаңырақ көтеріп, нәтижелі жұмыс істеуі ең алдымен Қазақстан 

Республикасының бүгінгідей өсіп-өркендеуіне тікелей байланысты екендігі даусыз. 

Яғни, тәуелсіздік алған жиырма жылдан сәл-ақ асатын уақыттың ішінде еліміз бұрын-

соңды болмаған ерен табыстарға жетті. Енді осы жөнінде сөз қозғайық...



Алтын бесік - АТАМЕКЕН

17

Тәуелсіздігіміздің ең басты идеялық мақсаты – 

Қазақстанды Жерұйыққа айналдыру. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жа ңа 

экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүм-

кіндіктері» деген Қазақстан халқына Жолдауында: 

«Болашаққа белгіленген ұлан-ғайыр міндеттерді 

біріктіруші ұлттық стратегиясыз жүзеге асыру 

мүм кін емес. Егер біз табысқа жеткіміз келсе, онда 

әрқайсысымыз мынадай қағидаттарды негізге алуға 

міндеттіміз: 

Бірінші – бәрінен бұрын біздің Отанымыз, 

Тәуел сіз Қазақстан!» деп айтылған болатын. 

Біздің ұлттық идеямыз да, ұлттық идеологиямыз 

да биік адамзаттық құндылықтарға негізделген 

ұлттық келісім рухы негізінде құрылып, Тәуел-

сіздік құндылығын ұлықтауы тиіс. Ал сол айтыл-

ғандардың барлығын өз бойына сыйдыратын, 

қысқа да нұсқалығымен бағалы идея – «Жерұйық 

Қазақстан» болмақ. 

Идеялар тарихында Жерұйық идеясы ақиқатқа 

айналып отыр. 

«Жерұйық идеясын қазіргі Қазақстанның ұлттық 

идеясына айналдыруға негіз жетерлік. Таратып ай-

тар болсақ, Жерұйық идеясы халықтың архаикалық 

санасымен астасып жатқандығымен құнды», – 

дейді философия ғылымының докторы, профессор 

Ақтолқын Құлсариева. Мәдениеттанушы, ғалым 

одан әрі «Қазіргі геосаяси сахнаның менмін деген 

«ойыншылары» АҚШ, Ұлыбритания, Франция, 

Жапония, Қытай, Ресейдің болсын ұлттық идея мен 

идеологияға қатысты рәміздік әлемінде, тіпті саяси 

институттарының бүгінгі тыныс-тіршіліктерінде де 

архаиканың алар орны зор. АҚШ Конституциясын-

да аркаика жеткілікті, ағылшындардың әлемдегі 

ең ірі колониялар солардікі болғанына қарамастан 

өздерін «Мейірімді қартаң Англия» деуі, фран-

цуздардың «Әсем Франциясы», жапондардың 

«Күншығыс елі», Ресейдің «Киелі Русінен» бастап, 

қазіргі «Ұлы Ресейіне» дейін, Қытайдың «Аспан 

асты империясы», «Айдаһарлар елі»... – барлығы 

да тұнып тұрған архаикалық бейнелер. Оларға 

қарап ешкім архаикалық рәміз-сөздер оларды артқа 

тартты демесі мәлім. Ендеше, неге бізге «Жерұйық 

Қазақстан» бейнелі атауын мәдени-саяси дискурсқа 



(зерттеу объектісі, авт.) салмасқа?!» дейді.

Жалпы, Жерұйық түсінігінде мәңгілік деген 

ұғым жатыр. Өйткені, қазақтардың өзінің туған 

жеріне деген құрметі орасан зор мәнге ие. Оны 

БҰҰ-ның сарапшылары айтып отыр. 

Бұдан біраз уақыт бұрын БҰҰ-ның сарапшы-

лары болашақта әлем бойынша жойылып кетуші 

елдердің тізімін жариялады. Зерттеу қортындысы 

бойынша келешекте тұқым-теберігі құрдымға 

кететін елдердің қатарында Гонконг, Макао, Босния 

және Герцеговина, Мальта, Словакия, Сингапур, 

Македония, Румыния, Венгрия елдері аталыпты. 

Жойылушы елдердің тізімінің соңында Франция, 

АҚШ, Тунис, Оңтүстік Корея, Австралия, Норвегия 



Менің елім - ҚАЗАҚСТАН

1998 жыл


***

Қаңтарда Қауымдастық қызметінің 1998 

жылға арналған жоспарына сәйкес Еуропа 

елдерінде (Германия, Австрия, Франция, 

Англия, Норвегия, Швеция, Голландия, Дания, 

Швейцария) тұратын қазақтардың мәдени 

орталығын құру туралы тоқтам жасалды.

***


Қауымдастық 11 наурызда шетелден келіп 

Қазақтың қыздар педагогика институтының 

дайындық курсында оқып жатқан студенттердің 

қатысуымен дөңгелек үстел мәжілісін өткізді. 

Мәжілісте шетелдегі қазақ жастарының 

Қазақстанға келіп оқып, білім алу мәселелері 

талқыланды.

***


Моңғолия Президентінің Қазақстанға 

сапары кезінде (наурыздың 12-14-і) сол елден 

келген делегация құрамындағы бауырларымыз – 

Парламент депутаттары Сандалхан, Сұлтан, 

Баян-Өлгий аймағының әкімі Мейрам, белгілі 

бизнесмен Мұрат Қауымдастықта болды. 

Кездесуде Моңғолия мен Қазақстан арасындағы 

ежелгі достық байланыстарды нығайту, ол 

жақтағы туысқандардың атажұртқа қоныс 

аудару жайы әңгіме арқауына айналды.

***

18-20 маусым айында Қауымдастық 



Астанада "Қазақстан" – 2030 және шетелдегі 

қазақ диаспорасы деген тақырыпта конференция 

өткізді. 

Басқосуда Дүниежүзі қазақтарының 

қауымдас тығы төрағасының бірінші орынбасары 

Қалдарбек Найманбаев баяндама жасады.

***

Қауымдастықта Елбасы Н. Назарбаевтың 



"Қалың елім, қазағым" атты кітабы баспаға 

дайындалды.

***

Қауымдастық Қытайдағы қазақ әдебиетінің 



көрнекті өкілдері Омарғазы Айтанұлы 

мен Қалибек Манапты еске алу кешін 

ұйымдастырды.


18

 

және Әзірбайжан елдері тұрған 



көрінеді. 

Сарапшы зерттеушілер сон-

дай-ақ мәңгілік жасайтын елдер-

дің тізімін жасапты. Олар дың 

қатарына Қара құрлық, Таяу 

Шы ғыс (Ираннан басқасы). 

Орта лық Азия, оның ішінде 

Қазақстан, Кавказ елдерімен бірге 

Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, 

Моңғолия, Индонезия, Филиппин 

мемлекеттерінің аты аталыпты. 

Сан миллиондаған халқы бар ірі 

мемлекеттердің ыдырауына аграр-

лы мәдениеттің заман талабына 

сай төзе алмауы себеп болатын 

көрінеді. 




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал