Бірінші кітап (роман – диалогия)



жүктеу 2.27 Mb.
Pdf просмотр
бет6/68
Дата05.11.2022
өлшемі2.27 Mb.
#23354
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”
Вавилондағы ең бай адам, «Балалық шаққа саяхат» Бердібек Соқпақбаев PDF
ҮШ ЕШКІНІҢ ҚАЙҒЫСЫ


О, сіздер біздің Жуалының боранын білмейсіздер ғой. Дүниені бір
тарының қауызына сыйдырып жіберетін боран – сол. 1943 жылдың
ақпанында сол сұрапыл қаһарланды. Əр сайдың басында бүрісіп-
бүрісіп отырған үйлер бір-біріне бара алмай қалды. Шақпақ тауы неге
долданды – бір Жаратушыдан басқа жан білмейді, Орха, Ноха деген екі
арысын бірдей соғысқа жіберген Мамыт шалдың өзі бұл азапқа шыдай
алмай:
− Мұндай сұмдықты көргенше, сол соғысқа мен де кеткенім дұрыс
еді ғой! – депті дейді.
Қара нардай қайыспас қартыңның өзі солай деген соң, əлі əлжуаз,
жап-жас үш балалы жесір Айшаның күні не болмақ?
Түйені жел шайқаса, ешкіні көктен ізде демеуші ме еді.
Жазда жоғалып табылған қара ешкінің егіз жағал лақтары
кəдімгідей шыбыш болды.
Айша:
− Құдай бұйыртса, келер жазда сүтке жаримыз, – деп қоюшы еді.
Енді сол ешкілер аш. Ала жаздай колхоздың жұмысында күндіз-
түні жүрген Айшаның анда-санда түнделетіп, арқалап алып келіп,
түкпір тамға жинаған шөбі ақыр-тақыр ада болды. Жем жоқ. Жем
табылса, өзіміз жемекшіміз. Ұраға ұрлап тыққан екі-үш қап қант
қызылшасы бар еді, оны өзіміз шоққа пісіріп қорек қылып отырмыз.
Азынап бақырған ешкілердің азабына шыдай алмай Айша əлгі
қызылшадан там-тұм талғажау етіп, турап береді.
Жұмырларына жұқ болмайды. Тағы да бақырады. О, аш ешкінің,
бақырғанын Құдай сізге естіртпей-ақ қойсын. Ал ешкі албастыдан
айнымайды: сақалдары сапсиып, көздері шақшиып, адамның өзіне
шапшиын деп тұрады. Еуропалықтар шайтан суретін ешкі бейнесінде
салатыны тегін емес болуы керек.


Қатарынан алты күн соққан ақ, боран жетінші түнге қарағанда
тыншиын деді. Тіпті аспан тесіліп, сол аспаннан қораланып, ауpy
көздей кілмиіп, Ай көрінеді.
Сонда Айша төсекте жатқан маған:
− Тұр! – деді. – Киін! – деді.
Айшаның ашуын сіздер білмейсіздер. Арланынан айырылған
қасқыр – құртқа да бір, Айша да бір.
Екеуміз екі қап, екі арқан алып, далаға шықтық. Жым-жырт. Тіпті
иттер де үрмейді. Ақ кебін жамылған аш ауыл.
Қара жолдың үстінде, төскейде колхоздың жалғыз маясы бар.
Жазда Молдарайым шал жоталап жинаған мая ғой. Бұл төңіректе
Молдарайымнан асқан шебер маяшы жоқ. Тіпті бұзуға көзің қимайды.
Сəтін салса, қар қатқыл екен. Апта бойы соққан сұрапыл дауыл
қарды нығыздап, таптап тастапты. Əйтсе де, анда-санда күртікке күмп
беріп, омбылап қаламыз.
Бұл Айшаға ұнамайды.
− Із қалатын болды-ау, – деп қояды. Аңшы қуып, артында құралайы
қалып қойған ақбөкендей бұрылып, маған қарап-қарап қояды.
− Менің ізіммен жүр, – дейді. – Қос із түспесін, – дейді.
Ал Айшаның адымы ұзын. Айша – бойшаң. Жас келін боп
түскенде, зипа бойлы қыз екен. Əкеміз Мұртаза жарықтық, жаның
жаннатта болғыр, тапалдау кісі еді. Құрдастары:
− Ана қатыныңды кəйтіп сабайсың-ей? Сені екі бүктеп, көтеріп
алып кететін көрінеді ғой, – деп күледі екен. Иə, Айша қарулы. Өзі
жесір əрі əлжуаз болса, қайтіп күн көреді бұл заманда?
Сондықтан Айшаның адымына менің адымым жетпейді. Аяғымды
алшаң тастап, əрең ілесемін. Маяға жеткенше, қара сорпа болып


терледім.
Мая кеміріліп, кеуектеніп қалған екен. Кеуегіне қар кептеліпті.
Алдымен сол қарды қолымызбен əрең аршып, өліп-талып, таза шөпке
де жеттік-ау. Шөпті қолмен суырып, қанар қапқа тыққыштап
жатырмыз.
Жарықтық біздің Төскейдің шөбі-ай... Қозы қарынға құйып
пісірген уыздай екен. Амал жоқ, мал емессің, əйтпесе асап-асап жегің
келеді. Хош иіс бұрқ ете қалды. Қақаған қыс емес, жайраңдаған жаз
оралды. Киікоты аралас бидайық пен майлы шытыр, көдесі мен қызыл
изені, иіс майлы қылшасы мен жусаны, қызыл жоңышқасы, гүлқайыр
мен көкемаралы сол қалпында тірі күніндегідей сиқырлы. Əттең, шама
жетсе, маяны түгел көтеріп əкетсе...
Маяның осы қуысына жата қалып, тырп етпестен ұйықтасаң ғой,
шіркін... Бірақ Айша айтты:
− Арқаңды əкел! – деді.
Екі қапты аяғымызбен тепкілеп,нығыздап толтырып, арқанмен
шандып тастадық. Бір қапты Айша менің арқама салып,
кеудемді.арқанның ұшымен таңып тастады. Өз қабын бұйым ғұрлы
көрмей, оз арқасына лақтыра салды.
Сөйтіп, келген ізбен кері қайттық. Алты күн соққан ақ боран аз
болғандай, Айша:
− Борасындатып, ізімізді көміп кетсе жақсы болар еді, – деді.
Сөйтіп, аспанға қарады. Қораланған Ай мұңайып тұр екен.
Аспанда Ай мұңайса, жерде жыбырлаған біз пақырға не шара? Бір
Құдай өзі жар болсын. Тасбеттің қаһарынан сақтасын.
Тасбет біліп қойса, Айшаны, бəлкім, мені де соттап жібереді.
Онсыз да «халық жауы» деген қара таңбамыз бар.


Өткен жазда Сартай дейтін өлесі шал сотталып кетті. Өзі
Бауыржанның (Момышұлының) жақын туысы еді.
Бар жазығы-жалғыз есегін жаздай Тасбет алып қойып, элеваторға
бидай тасытқан ғой. Сартай:
− Нe менің есегім құрымады, не осы өкімет құрымады, – деген ғой.
Күйінген де. Тасбет милицияға айтып, айдатты да жіберді. Содан бері
ұшты-күйді жоқ.
Дəл қазір оз басымда үрей жоқ, жадыраған жаздың бір қап нұрын
арқалап келе жатқан адам уайымсыз болады екен. Ал Айша қорқады.
Қайта-қайта Айға қарайды.

жүктеу 2.27 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет