Бірінші кітап (роман – диалогия)



жүктеу 2.27 Mb.
Pdf просмотр
бет30/68
Дата05.11.2022
өлшемі2.27 Mb.
#23354
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68
Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”
Вавилондағы ең бай адам, «Балалық шаққа саяхат» Бердібек Соқпақбаев PDF
САНДУҒАШ САНДЫҚ
Қазақтың басты байлығы − мал. Малдың басын құрап, көзін тауып,
ерінбей-жалықпай еңбек еткендер бай болды. Еңбекпенен құт келеді.
Құт келген үйден жұт кетеді.
Бірақ құт пен жұт − күн мен түн сияқты көне күндес. Бірін-бірі
кейде жығып, кейде жығылып, аңдысып келе жатқан жуыспас, туыспас
құбылыс.
Бабамыз Бердімбет бай мен арғы анамыз Күнікей бəйбіше құт
қонған жандар екен. Жұтқа ұшырады ма, ұшырамады ма - о жағы


маған беймəлім.
Бірақ селдіреген байлықтың шетін жас бозбала əкеміз Мұртаза мен
оның інісі Əміреқұл көрсе керек. Міне, бұлар шын жұтқа ұшырады.
Табиғаттың толағай, толайым жұты емес. Жо - жоқ. Дөрекі, зорақы
жұт.
Бірінші рет − Кеңес өкіметі орнаған жылы бір сыпырған. Екінші
рет − жиырма сегізінші жылы басталған кəмпеске. Бұл жолы тəркілеу
тұлдыр қалдырмай кеткен де, əкеміз жүген ұстап, қара жаяу қалған.
Бақ пен сордың арасы бір-ақ қадам деген сонда болған.
Дегенмен үрлеп ішіп, шайқап төккен байлықтың сарқыт-
сарқыншағын мен өз көзіммен көріп, өз қолыммен ұстадым. Соңғысын
өз қолыммен қираттым. Ол былай болды.
Мұртаза мен Əміреқұл соңғы кəмпеске жалмауыз шегірткедей
жайпап келе жатқанда, бір киіз үйді, бір əбдірені (сандықты), бір
кебежені, бір тігін мəшинесін Бегалының бұзылған қорасының іргесіне
көміп, жасырып үлгеріпті.
Мал болса, жерге көміп жасыра алмас едің. Көрдіңіз бе, дүние-
жиһазды басқа елдердің байлары неге көп жиятынын? Мысалы,
жанымызда отырған өзбек байлары малды мыңдап, мыңғыртып
бақпайды. Тіллə! Тіллə, яғни алтын жинайды. Əуелі − жай салады.
Бау-бақша өсіреді. «Сарт байыса, там салады, қазақ байыса, қатын
алады» деген сөз содан қалған.
Сонымен, əлгі бізге, Айша мен үш жетімге мирасқа қалған алты
қанат ақ киіз үй, былғарымен оюлап қаптаған кебеже, киім тігетін аяқ
мəшине жəне зерлі əсем сандық не болды дейсіз ғой?..
Киіз үйді Жуанқұл тартып алып, тракторшыларға қос тігіп беріп, ақ
киізді қара май тулаққа айналдырды. Кебежені Айша жан қысылғанда
бір қап тезекке айырбастады.
Ендігі қалғаны – зер сандық пен аяқ мəшине. Мəшинені Айша
шөптің арасына құрым киізге орап, тығып тастайды. Бізге көйлек-


көншек тігерде ғана, түнделетіп шығарады. Ал сандық төрде тұр. Бірақ
жарқыратып қоймайды. Оны да көнетоз алашамен жабулап, жасырған
болады.
Киіз үйден басқасын, Ұзын Дембай деген бай саудагер атамыз
баяғыша Ресейден ба, əлде Хиуа, Бұхардан ба – алыстан алып келген.
Өйткені ол жаққа Бердімбет байдың малын айдап барып сатқан ғой.
Мені қызықтыратын − сандық еді. Алашаны түріп қойып, бетіндегі
түрлі-түрлі оюларына, суреттеріне, зер жалатқан сызықтарына қарап,
саусағыммен сипалап отырар едім. Əсіресе кішкентай кезімде.
Сондықтан бетіндегі ою, суреттерден түсінгенім: өсімдіктің жасыл
жапырақтары, сол жапырақтар арасындағы кішкентай əдемі құстар.
Кейін ойласам; сірə, бұлбұл болар.
Ал кілт бұралғанда шығатын саз − сол бұлбұл үні.
Сандықтың сыртқы əдемілігінен өзге тағы бір сыры бар. Мен
білмеген, мен еш жерден естімеген күй тартады. Айша кілт салып
ашқанда ғана, құлаққа жағымды нəзік музыка ойнап сала береді. Бірақ
кілт менің қолыма тимейді. Тие қалса, сол сиқырлы музыканы тыңдап
отыра берер едім. Кілті де үлкен, басын оюлап тастаған, тістері қисық-
қыңырлау. Оны Айша бұрымының ұшына байлап жүреді. Айшаның
қазіргі шолпысы − сол кілт.
Бұрын бұл сандықтың ішінде қымбат заттар сақталған шығар. Оны
мен көрмедім. Менің көргенім: қазір бұл сандықтың ішінде азын-аулақ
құрт бар. Содан кейін тəтті бар. Қант дейтін қант емес, науат дейтін
науат емес. Екеуінің арасындағы дүбəра. Бірақ шырын.
Күзде қызылша жиын-теріні біткенде, колхоз еңбекақыға бір
қапшықтың дəресіндей құмшекер берген. Құрғақ құмшекерді шайға
сала бергеннен гөрі, тиімді деп, бұл ауылдың қатындары, əлгі
құмшекерді қазандағы сүтке салып қайнатып, қатырып алады. Яғни,
қатырма шекер. Сірə, бұл үнемді, тиімді болса керек. Оны сандыққа
салып қояды. Айшаның кілтті бізге ұстатпайтыны сондықтан.


Сандықтың тек суретіне ғана емес, сиқырлы күйіне ғана емес,
əсіресе ішіндегі тəттісіне құмармын.
Шіркін, сол əбдіре сақталғанда, қазір ол ең беделді мұражайдың
сəні болуға жарар еді. Амал не... Кім білген оның қадірін. Бабамнан
қалған көз еді деп, ата тегіңді ұмытпас едің ғой. Ата тегін ұмытқан
имансыз мəңгүрттер қайдан шығады? Атадан қалған мұраны
қастерлемеуден шығады. Бірақ біздің заман, біздің мектеп, біздің
университет бізге білім беруден гөрі, сол ата-бабаны мүлдем
ұмыттырып жіберуге тырысып-ақ бақты ғой.
Шатақ сандықтан емес, сандықтың ішіндегі қанттан шықты. (Егер
«қант» деуге жараса). Сол баяғы Мұса тоғайы. Тамыздың аяғы. Тал –
дарақ ұзатылатын қыздардай сыланып, жасыл желегін желбіреткен кез.
Каникулге шығардың алды. Каникулде басқа жердің балалары
сияқты пионер лагеріне бармаймыз. Лагерь дегеннің не екенін де
білмейміз. Біз колхоздың жұмысына барамыз. Тасбеттің қамшысының
астында қаламыз.
Сірə, балалар ақылдың тасқындығынан емес, тірі жан түйсігінің
түртпегімен, «біз əлі баламыз ғой, балаға тəн заңдылықпен ойын
ойнайық та» деген тығылма түйсік арқылы Мұса тоғайға жиналғанбыз.
Кейін ойласам, бұл бабалардың бабалары бізге қалдырған өсиеттің
бір түрі екен. Ойын арқылы: «сен болашақ азаматсың, от басыңның
иесісің немесе алтын діңгегісің, болашақ анасың, болашақ əкесің»
деген ұғым білдіреді екен. Əсіресе қыз бала жағы бетегеден бойы
аспай жатып, неге шиден қуыршақ жасап, оны киіндіріп, оған сүт
беріп, ұйықтатып, неге сонша əлек болады? Ол мұның ойын екенін
ұмытып кетіп, ынты-шынтысымен, жан-тəнімен беріліп істейді. Үш-
төрт жастағы қыз балаға мұндай түйсікті кім береді?
Күркешеміз түйежапырақ. Бүлдіршіндей əдемі Əсем иман –
жапыраққа топырақ илеп, «нан» пісіреді. Меңдуананың қауашағын
тазалап, тостаған жасайды. «Шəй» дайын, «нан» дайын.
− Қап, қант болмай тұрғаны-ай, − дейді Əсем.


− Міне, құмшекер, − деймін мен арықтан бір уыс құм əкеліп.
Əсем қолымды қағып жіберді. Құм бетіме шашырады.
− Осындай да шекер бола ма екен? − деді.
− Е, неге болмайды? Сенің «нан» деп пісіргенің балшық, «шəй»
дегенің − жай су. Сонда құм неге шекер емес?


− Тəттінің жөні бөлек. Ол шын тəтті болуы керек.
Сонда ойыма сарт ете түсті: оу, біздің сандықта тəтті бар ғой.
Аздап, əшейін ойын үшін аздап алсам, Айша сезе қоймас. Бірақ кілт
жоқ қой. Кілт Айшаның бұрымының ұшында. Өзі қызылшада. Дəл
қазір жұдырықтай бір қант сындырып əкелсем, мына қыздың алдында
кəдімгідей кісі болып қалар едім-ау.
Жанымда тұрған бір түп меңдуананың қауашағын үзіп алып,
қақпағын ашып, ішіндегі əлі піспеген дүмбілез дəнін алақаныма
салып:
− Міне, шекер! − дедім Əсемге жерден жеті қоян тапқандай.
Қыз бетіме қарап тұрды да, өз саусағымен өз шекесін бұрғылап:
− Есің дұрыс па? Меңдуана − у ғой, − деді.
Аздаған абыройдан əбден айырылып қалғандаймын. Енді бұл қыз
мені жек көріп кетсе, Жолдасбек арам қутыңдап қолына түсіріп алуы
оп-оңай.
Жолдасбекті ойлағанда, ішіме шоқ түсіп кеткендей селк еттім. Бұл
асау қызға қайтсем жағамын?
Тəуекел!
− Мен қазір... − деп, үйіме қарай тұра жүгірдім. Абырой болғанда,
Құрмаш пен Батырхан Баянның үйі жағында жүр екен.
Келе салып, бір жуан шеге тауып алып, алашаны түріп тастап,
сандықтың кілттігіне əлгі темірді сұғып жіберіп, ары-бері ырғап
көрейін. Шеге музыкалы тілшілікке тиіп, сыңғыр-сыңғыр етеді, бірақ
нағыз кілт салғандағыдай сайрамайды. Шеге бір кедергіге тірелгендей
болады, бірақ одан ары жылжымайды.
Ай, қара терге түстім-ау. Мұса тоғайға құрқол кайтып бару мен
үшін өліммен тең. Əсем: «Неге кеттің, неге келдің?» − деп сұраса, не


деймін?
Сандықтың аузын балтамен ұрып, талқандағым келіп кетті. Онда
шын өлгенім. Айша тірі болса, кешке үйге келеді.
Жүгіріп барып, қобдишадан кемпірауыз тістеуікті алып, шегені
сонымен бұрай бастадым. Күйші тілшік «зың-зың» етті де, бір кезде
бірдеңе шарт етіп, сынды да кетті. Шегені тағы салып, ары-бері ырғып
едім, дыбыс жоқ. Бұрынғыдай сыңғырламайды.
Сөйтсем, сорлы басым, сандуғаш сандықтың тілін жұлып
алыппын. Болат тілшік сынып кетіпті. Сандуғаш мəңгі-бақи үнсіз
қалды. Сайрамайды.
Ойында нем бар? Қызда нем бар өле алмай жүріп?!
Сандықтың тілі емес, өзімнің тілім жұлынғандай болып, сол қызға
кайтып бір ауыз сөз айта алмадым. Өсе келе де сол мінезім қалмады-ау
деймін. Əйел баласына сөз айтуға келгенде, ойымдағы небір əдемі
сурет, əсем теңеу аузымнан шыққанда қожырап, əсерсіз, əрсіз, өңсіз,
өлі балықтай былқ-сылқ етеді де қалады.
Сандуғаш сандықтың жазыры шығар...

жүктеу 2.27 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет