Бірінші кітап (роман – диалогия)



жүктеу 2.27 Mb.
Pdf просмотр
бет2/68
Дата05.11.2022
өлшемі2.27 Mb.
#23354
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”
Вавилондағы ең бай адам, «Балалық шаққа саяхат» Бердібек Соқпақбаев PDF
ҚЫРАУ ҚАНАТ БАЛАПАН
Қарны тоқ, қайғысы жоқ, киімі бүтін бес жасар ойын баласына
қыстың кешкі аязы қызық та болуы мүмкін. Бес жасар баланың миы
əлі нүкте түспеген ақ қағаздай. Əсерлі оқиға, сұлу сурет сол аппақ
қағазға өшпестей жазылып қалар.
Əлі есімде: темір ұста үйінін іргесінде асық ойнаған балалардың
арасында мен де бармын. Батқан күннің қызылы Талас Алатауының
қарлы шыңдарын балқытып жібергендей еді. Теріскейдегі Қаратаудың
үстінде қызғылт көгілдір құстар түйдек-түйдегімен қалқып тұрғандай


екен. Құстар емес, бұлттар екенін сеземін. Қошқаратаға қонақтаған
қоқиқаздар секілді.
Таулар балқып жатса да, жылуы жоқ. Алаулаған бетіңді сүйер
шымыр аяз тек біздің Жуалыда, Мыңбұлақта ғана болады деседі.
Балалардың ересегі Сейсенбай маған болысып, мен ұтылып қалсам
да асықтарымды өзіме қайтартқызып береді. Менен үлкен бола тұра,
балалар менен ығатын сияқты. Онысы несі екен?
Көз байланып, қас қарая ойын бітіп, үйді-үйімізге тараймыз. Темір
ұстаның жəпірейген үйінің алдында үйме-жүйме соқалар, темір
тырмалар ғана қалады. Олардың үйі осы, олар жаурамайды.
Не көрінгенін білмеймін, аузымнан аяздың буы бұрқырап, үйге
жүгіріп кіріппін. Айша тұтатқан жетілік шырағданның бүйірі
томпайған шынысына түкіріп кеп жіберіппін. Жетілік шиша шырт
етіп, шытынасын да қалсын. Жетілік білтедегі момақан от теңселіп,
шалықтап барып, əйтеуір, өшпей тірі қалды. Бірақ керосин түтінінің
иісі мүңк ете түсті.
Бұл сорақы, сорлы ісімді көріп қойған Айша үн-түн жоқ, онсыз да
аяздан тырсылдап тұрған құлағымның сырғалығын қолымен қыршып
алғандай болды. Құлағым тыз етті. Қанап қалыпты. Ал кеп бақырайын.
Дауысымды естіп, далада жүрген Мұртаза келді. Құлағымнан қан
ағып тұрғанын көріп, Айшаға ал кеп ұрыссын. Ар жағы не болғанын
білмеймін, мен ұйықтап қалсам керек.
Түн ортасы болар, мен Айшаның айқайынан ояндым. Елегзіген
шынысыз шамның сəулесімен сорайып-сорайып бөтен біреулер
көрінеді. Олар Мұртазаны итеріп-итеріп, алдарына салып алып кетті.
Айша айқайлап арттарынан шықты. Дірдек қағып мен де шықтым.
Серейіп-серейіп үш-төрт адам сай жаққа қарай кетіп бара жатыр.
Сайдағы көпір сықырлады. Айша сайдың қабағына дейін қалмай
барып еді, Мұртазаның,даусын анық естідім.
− Қайт! Балалар қорқып қалады! – деді.


Түнгі аяз бұл күнгі дауысты қайталап шыққандай болды. Сықыр –
сықыр дыбыс алыстап, Айшаның аяғының астындағы қар ғана
қаршылдайды.
Айша есіктің алдындағы ербиіп тұрған мені көтеріп алып,
бауырына қысып, аспандағы топ-толық Айға қарап:
− О, Жаратқан басқа-басқа, мына үрпек балапандай үш нəрестенің
не жазығы бар еді? – деді.
Толықсып тұрған Ай бір аунап түскендей болды.
Мен лезде есейіп шыға келдім.
Енді мені қорғайтын Əке жоқ екенін сұңғылалықпен сезіп қойған
сияқты едім.
Жаңа ғана жарқырап тұрған Ай бұлттың ішіне сүңгіп кетті де
жетімдіктің алғашқы дəмін татқандай болдым.
Қорбиып қараңғы түн жан-жақтан қаптап келе жатты.
Айша мені жетім қалған үйге жетектеп кіргізді.
1937-жыл жалмауыз жыл еді.
Қанатына қырау қатқан жас балапан мен едім.
Енді асықтан ұтыла беретін болдым. Бұрынғыша ешкім
болыспайды.

жүктеу 2.27 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет