Бірінші кітап (роман – диалогия)



жүктеу 2.27 Mb.
Pdf просмотр
бет18/68
Дата05.11.2022
өлшемі2.27 Mb.
#23354
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68
Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”
Вавилондағы ең бай адам, «Балалық шаққа саяхат» Бердібек Соқпақбаев PDF
ҚАРА АРПА
Қайдан шыққанын, қайдан əкелгенін біз қайдан білейік, əйтеуір,
біздің колхоздың қамбасында қара арпа пайда болды. Шамасы, үкімет
берген болар. Соғыс кезінде əлдеқайдан қара арпа тауып беріп жүрген
үкімет те осал емес.
Бірақ бастық айтты: «Бұдан ешкімге бір түйір дəн берілмейді. Бұл
– тұқым!» – деді.
Сөйтті де қамбашыға сенбей, Əбіш атамды қарауыл қойды.
Қарауылға да қарауыл керек екен, Əбіштің қасына жəрбитіп мені
отырғызып қойды. Мен сонда Павлик Морозов болуым керек. Əбіш
атам əлдеқалай ақсақ қамбашы Оспаналымен «ауыз жаласып» кетсе,
мен оларды əшкерелеуім керек.


Бір қызығы, қарауылдар қамбаның сыртынан қорымайды, ішінде
отырады. Сыртымыздан құлыптап кетеді. Қыстың күні күн суық, сірə
содан болар. Мен қайдан білейін?
Айша Жуанқұл бастыққа:
− Жұдырықтай баланы түнгі жұмысқа қойғаның не? – деп
жақтырмап еді, бастық:
− Əй, «халық жауының» қатыны, аузыңды жап! – деді.
«Халық жауы» деген сөз шыққан жерде, қайран Айшаның аузына
құлып салынады да қалады. Тілін тістеп, үндей алмады.
Қамбаның іші қараңғы. Əрине, суық. Əбіш атам көнетоз түлкі
тымағының құлағын түсіріп, бауын байлап алған. Тымақтай көне тоны
бар. Аяғында байпақты пұшық калош. Мен де осал емеспін: басымда
Айша өзі тігіп берген ақ қоян құлақшын. Аяғымда Айша сыртын қара
матамен сырып тіккен киіз байпақ. Үстімде сырмалы күпəйке. Сол
сияқты құрап тігілген мақталы шалбар. Тері қолғабым тағы бар.
Əбіш атамның құлағы тосаңдау. Оның үстіне жұпыны түлкі
тымағын баса киіп, бауын байлап қойған, айқайлап сөйлемесең,
естімейді. Шоң мұрын, қысық көз, сақал-мұрты бурыл, ұзын бойлы,
бірақ бүкіш кісі. Таяғын ұдайы арқасына салып тіреуіш етіп, екі
бүктеліп жүреді. Саған бірдеңе айтардың алдында үн-түнсіз, өз-өзінен
кеңкілдеп күледі. Қазір қараңғыда ол күлгенін көрмейсің, бірақ
сезесің. Маған қарап, сірə, күліп отыр.
− Ə, қызталақ, жаураған жоқсың ба? – дейді.
− Жоқ, ата, – деймін.
− Е - е - е, – дейді.
Одан ары үн жоқ. Сірə, тұрымтайдай баламен не туралы əңгіме
бастауды білмей отырған шығар. Мен де қайбір тақылдап тұрған
дейсің, сөзге жоқпын.


− Бастық енді еңбеккүнді екеумізге бөліп жаза ма? – дейді басқа
сөз таппаған керең қарт.
− Білмеймін, – деймін дауыстап. – Еңбеккүн жазды не, жазбады не
– бəрібір емес пе?
− Е, неге?
− Бəрібір ештеңе бермейді ғой.
Атамның үнсіз күлгенін сеземін. Соңынан:
− Сенікі рас ей, қызталақ, – дейді.
Кейін ойласам, əңгіме еңбеккүнде емес, ол менен еңбеккүнді
қызғанып отырған жоқ. Мəселе басқада екен...
Үлкен ұлы Қайып əскерге кеткен. Хабар жоқ. Үйінен шықпайтын
қара кемпір (Құдай иманын берсін, атын ұмыттым) ине жұтқандай
ішін басып, бұралып отырады. Дімкəс. Менімен жасты Сүлеймені о да
ілмиген, боп-боз. Үнемі тық-тық жөтеледі. Сонда бүкіл үйде бас
көтерер мына бүкір шал ғой. Əулие шатыс адам, тəуіпшілігі бар. Сонда
үйдегі екі масылды бірдеңе етіп асырауы керек қой. Əсіресе
Сүлейменге күшті тамақ керек. Ал үйінде бір уыс қара талқаны
болмаса, өкпе ауруы қайдан жазылады.
Ал Əбіш əкесі бар қамба қара арпаның қасында отыр. Қос уыс
алса, əлгі міскіндеріне талғажау, бірақ қарауыл –- Павлик Морозов бар.
Ол кезде менің қызметім Павлик Морозов екенін қайдан білейін.
Білсем... алпыс үйлі адыр маутанға қара арпаны қап-қабымен таратып
жіберер едім. Ақыры «халық жауының» баласымын. «Халық
жауының» баласы халыққа жақсылық жасар еді. Қайдан білейін.
Бірақ бəрібір мен Павлик Морозов емеспін!
Қараңғы қамбада қамалып, үнсіз отыра берген де қиын болар, Əбіш
атам:


− Əңгіме айт-ей, Барсхан, – деді. Құнжың етіп, иығымды
қиқаңдатып:
− Не айтамын, өзіңіз айтыңыз, – деймін.
Шал тағы да күледі. Не дер екен деп біраз отырдым, үндемейді.
Шыдай алмай:
− Ата, – деймін.
− А - а? – деді созалаңдатып.
− Мұртаза шыннан жау ма?
Шал шошып кеткендей:
− Кім айтты? – деді.
− Кім айтушы еді, Жуанқұл бастық, Тасбет бригадир айтып жүр
ғой.
Байқаймын, күлгенін қойды. «А - а - а» деп бір жері ауырғандай
толғатып отырып алды.
− Мұртазадай бозым жігіт қайда - а - а, – деді. «Бозым» дегенін
онша түсіне бермеймін.
Айтыңызшы, қандай кісі еді? – деймін.
− Оттапты! – дейді Əбіш үні қаттырақ шығып.
− Кім?
− Əлгілер... Солар күні кеше сенің əкеңнен, əсіресе əжеңнен (жаны
жаннатта болғыр), əжең Күнікей бəйбішеден көп қайыр көрген жандар.
О - о - о, – дейді Əбіш ішінен жалын атқандай. – Қайда енді ондай
адамдар! Күнікей бəйбіше – Жолан Жаныстың қызы еді. Төле бидің
ұрпағы. Бердімбет жəкем (Құдай иманын салауат етсін) ерте марқұм
болды да, Күнікей бəйбіше осы бүкіл Маутан, Шектібай, Күшпан


баласын асырап қалды ғой. Бердімбет бай кісі еді... Сол малды Күнікей
бəйбіше осы Мыңбұлақтың бар баласынан аяған жоқ. Күнікей –
Мұртазаның, Əмірқұлдың анасы ғой. Айша шешең айта ма саған
соны?
− Айша ол əжемді көрмепті ғой.
− Е, бəсе, солай екен-ау, Айша келін боп кейін түсті. Сенің əкең
Мұртаза, Мұртазаның əкесі – Бердімбет, Бердімбеттің əкесі Үкібас,
Үкібастың əкесі – Тоқсанбай... Түсіндің бе? Тоқсанбайдың төрт баласы
бар: Үкібас, Шоқыбас, Үсіп, Жылтыр. Қош, Тоқсанбай, Тоғамбай,
Арықбай, Бəйтік – Маттың баласы. Мат – Маутанның баласы. Түсіндің
бе? Мына мен Тоғамбайдың баласы, сен Тоқсанбайдан тарайсың.
Түсіндің бе?
− Түсіндім, ата.
− Түсінсең айтшы, кəне!
Мен Мұртазадан бастап, тақпақтап шықтым.
− Ой, айналайын, ақылдым, – деп, Əбіш мені құшақтап, арқамнан
қағып-қағып қойды.
Енді бұл атам Маутаннан ары қарай ұзақ жолға түседі. Маутан –
Шахаман – Құли – Шілмембет – Бекболат – Шымыр – Дулат... Сонау
Бəйдібекке барып тіреледі. Домалақ ана туралы хикая кетеді...
Ұйықтап қалсам керек, сықыр-сықыр, сылдыр-сылдыр, сыбыр-
күбірден оянғандаймын. Қамбаның құлпы ашылған сияқты,
əлдекімдер қараң-құраң жүрген сияқты. Ұйқым ашылмайды, өң мен
түстің арасы. «Павлик Морозов» екенім есіме түскендей. Қара арпаны
біреулер арбаға тиеп артып жатқандай. Айқайлағым келеді. Үнім
шықпайды. Қайтадан ұйықтап қалыппын.
Таң ата үйге келсем, Айшаның қабағы ашық. Қарындасым мен інім
де қутыңдасып қалыпты. Құрмаш қол диірмен тартып отыр. Қарасам –
қара арпа!


Өзі қара болса да, талқаны аппақ!
Кейін-кейін, Айша айтады ғой: сол түні Оспаналы қамбашы, Айша,
Сүлеймен үшеуі барып, қамбаны ашып, бір-екі пұттай қара арпа алса
керек. Құдай абырой бергенде, Жуанқұл бастық сезген жоқ.
Қара арпа, ақ талқан – тағзым саған.

жүктеу 2.27 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет