Бірінші бөлім КӨсем сөз екінші бөлім



жүктеу 2.96 Kb.

бет1/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.96 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ЗЕЙНОЛЛА ҚАБДОЛОВ
Шығармалары
Жетінші 
том

ЗЕЙНОЛЛА ҚАБДОЛОВ
Бірінші бөлім
КӨСЕМ СӨЗ
Екінші бөлім
МҰЗ ҮСТІНДЕ ОТ ЖАҚҚАН
Махамбет – 200 жыл
ҰШЫНҒАН АҚША
Комедия
ЕЛЕУСІЗ ҚАЛҒАН ЕСІЛ ЕР
Пьеса
Алматы
2014

Академик-жазушының шығармаларының жетінші томына 
«Көсем сөз», «Мұз үстінде от жаққан» (Махамбет – 200 жыл), 
«Ұшынған  ақша»  комедия  жəне  «Елеусіз  қалған  есіл  ер»  пьесасы 
еніп отыр. 
Кітап əдебиетсүйер қауым мен көпшілік оқырманға арналған.
© Қабдолов З., 2014 
© «Қазақ энциклопедиясы», 2014
Қазақстан Республикасы 
Мəдениет министрлігі 
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша шығарылды
ISBN 978-601-7472-62-7 – (Т. 7)
ISBN 978-601-7472-24-5
ҚАБДОЛОВ  Зейнолла.  Шығармалары. – Алматы: 
«Қазақ энциклопедиясы», 2014. 
ISBN 978-601-7472-24-5
Т. 7: «Көсем  сөз», «Мұз  үстінде  от  жаққан», «Аударма 
пьесалары». – 312 бет.
ISBN 978-601-7472-62-7
Қ 13
УДК 821.512.122
ББК 84(5Қаз)
Қ 13
УДК 821.512.122
ББК 84(5Қаз)

Бірінші бөлім
КӨСЕМ СӨЗ


 Бəрі де Отан, Туған жер, Адам туралы

 Еңбек, Бақыт, Парасат –
   сөз зергерінің сүйікті тақырыбы

7
КҮШ-ҚУАТТЫҢ  ҚАЙНАРЫ
Жем мен Жайық арасындағы жалпақ дала бұдан жарты ғасыр 
бұрын  жым-жырт  ұйқыда  жатқан-ды.  Бірлі-жарым  түйе-тайлағына 
тұщы су, ащы шөп іздеп, бұйырғын бұталарынша шашырап кеткен 
қараша үйлердің тірлік тынысы да со бір меңіреу дала табиғатына 
ұқсас бұйығы, баяу, енжар еді.
Даланың  шағылын  орағытып,  адырын  аттап,  бір  қалыппен 
көңілсіз  бұраңдай  беретін  қара  күрең  жолдың  қай  жерден  баста-
лып,  қай  жерде  бітетінін  бұл  өңірдің  қазақтары  білген  де  емес, 
білгісі  келген  де  емес.  Əйтеуір,  сол  ұзын  жолдың  бір  қайқаңын-
да  оқта-текте  жылауық  қоспақтарын  бақыртып,  майсыз  арбала-
рын кейде ыңырантып, кейде қыңсылатып келе жатып, бір-біріне 
беймезгіл қарсы жолығатын:
– Уа, қайдан келесің?
– Үйшіктен*. Аздаған шай-секер алып... Өзің ше?
–  Қызылқоғадан  көжелік  тары-талқан  əкетіп  барамын.  Осы 
бірер  ауыз  сөз  бұлардың  күнкөріс  кəсібін  де  паш  ететін.  Ал, 
ұйқыдағы  алып  дала  бұл  жабырқау  үндер  мен  жұпыны  сөздерге 
селт етіп жаңғырық та қоспаған; сұлық түсіп, тылсымдай тынып 
жата  берген.  Оны  айтасыз,  ымырт  үйіріле  тасқұдықтан  су  əкеле 
жатқан ауыл əйелдері бір бүйірде сұп-суық үрпиіп тұратын мола-
лы дөң үстінен маздап жанған от көріп:
–  Ойбай,  Бекет! – деп  жамырай  шаңқылдаған  үрейлі  айғай-
ларына  қаңылтыр  шелектерінің  даңғырын  қоса  құлап,  құрым 
үйлер  маңын  азан-қазан  еткенде  де  мылқау  дала  міз  бақпаған. 
Бұл  оттың  жер  астындағы  мұнай  мұхитының  белгісі  екенін 
əйелдер  тұрмақ,  сол  ауылдың  тайлы-таяғы  қалмастан  түгел  бас 
қосып, ақыл біріктіргенде де түсіне алмаған. «Аңқау елдін арам-
за  молдасы»  көзін  жұмып,  саусағын  дірілдетіп, «мынау – шай-
тан  оты»  десе,  қараңғы  қазақтар  «астапыраллалап»,  жағаларын 
жұлқылай берген.
* Үйшік – Гурьевтің бұрынғы аты.

8
Бір күні ауыл адамдары тұтас дүрлігіпті:
– Сұмдық-ау, əлдекімдер Бекет əулиенің көрін қазып жатыр!..
Бұл  мұнайлы  Ембіге  оңай  олжа  іздеген  ағылшын  жуандары 
келіп, тұңғыш бұрғы салынған жылғы əбігер екен (оған қазір ат-
тай елу жыл толды).
...Енді бірде ауыл адамдары бида жіп орнына болат темір ұстап, 
əлгі жерді өздерінің «əлдекім» атағандарымен бірге қазысыпты.
Бай  ағылшын,  балпан  ағылшын  қаймана  қазақтың  қайын  ата-
сы емес. Оның ысқырма қамшысының астында жер қазып, біреу 
үшін байлық, қазына іздеу – түйе бағуға да ұқсамайды. Күнкөріс 
қамымен амалсыз озбырлар тырнағына бүріліп қалған жалдамалы 
жұмысшылар күн сайын таңғы жетіден кешкі жетіге дейін жарты 
тəулік жер шұқылап, желонкамен мұнай өндіреді, онысын түйе ар-
бамен тасиды. Ал, алатын жалақысы нан-суына əрең жетеді.
Бұл – еңбек  емес,  азап!  Қатыгез,  сараң  өлкеде  осындай  бір 
қытымыр,  бұғаулы  өмір  болған:  жапанның  ыстығында  аспаннан 
жаңбыр  жаумайды,  азапты  адамдардың  маңдайларынан  тер  там-
шылайды.  Ашулы  даланың  үскірік  аязы  мен  түтеген  боранын-
да  əмірші  ағылшындар  ықпайды,  азапты  адамдардың  кірпігін 
қырау, қабағын мұз басады, қолдарын суық темір қариды... Бірақ, 
олар  қанша  азаптанғанмен  балаларының  алдындағы  қара  көже 
ағармаған, əйелдерінің үстіндегі түйежүн көйлек жаңармаған.
Ал,  даланың  өңі  өзгерген  бе?  Жоқ!  Қара  жұмысшылар  он 
жылға жуық əлектенгенде Ембі даласының «піл сауырынан» жүз 
шамалы ғана шұқанақ қазыпты. Бұл өгіз аяңындай өнімсіз əрекет 
өлкенін  қуаң  тұрмыс-тіршілігін  де  өзгерте  алмады,  манаураған 
жалқау даланы ұйқыдан да сергіте алмады.
* * *
–  Ембіні  Ұлы  Октябрь  оятты.  Бізді  қызыл  революция  қайта 
туғызды. Бізді күніміз Ильич түлетті. Біз – тастүлекпіз. Біз жеңе-
міз, жеңе береміз!..
Осы  сөзді  қырық  екінші  жылдың  жетінші  ноябрінде  Сабыр-
ғали  Зорбаев  айтты.  Қарапайым,  үйреншікті  сөздер...  Бірақ, 
Зорбаев  жолдас  бұл  сөздерді  Доссордағы  мерекелі  митингінің 
мінбесінен  жұртқа  қарап  қатты  тебіреніп,  шын  ықыласымен 

9
көзіне  жас  алып  айтты.  Бұл  даңқты  бұрғылау  шебері,  СССР 
Жоғарғы  Советінің  депутаты,  Ембімен  бірге  жасасқан  байырғы 
қарт жұмысшы орасан бақытты адам еді. Ол бақыттылықтан жы-
лады.  Қалың  қара  мұртының  шалғысын  маршал  Буденныйша 
шоқтап,  шашақтап  өсірген  осы  бір  кесек  бітімді,  келбетті,  қара-
торы кісі еңбекте шыңдалған – емендей тік, болаттай берік еді. Ол 
күштіліктен жылады...
Ембіні Ұлы Октябрь оятты!
Егер  сіз  бүгін  түнде  Оралдан  Аралға  дейін  ұшып  өтсеңіз – 
байтақ  даланың  өңіріне  тағылған  меруерт  моншақтай  тұтаса 
жарқыраған  от  теңізін  кешіп  өтер  едіңіз.  Сонда  айлы  түнгі  жұл-
дыздары  жымыңдаған  қара  көк  аспан  төбемізде  емес,  самолет 
қанатының астында тəрізденер еді.
Жоқ Ембі даласының ояулығы түнде жаинаған бұл от теңізін-
де  емес.  Сол  жаңағы  Сабырғали  сөз  сөйлеген  мереке  күнгі  кеш-
те  (соғыс  кезі  ғой)  Ембі  өлкесі  жылт  еткен  жарық  көрсетпей, 
көзін жұмып жіберді де, өзінің сиымсыз денесін Атраудын батыс 
жағасына таялған жаудан жасырып, түн қойнына тығып тастады. 
Бірақ, бұл Ембінің ұйқысы да емес-ті.
Сіз Ембінің үстімен ұшып өтпей, жерімен жүрсеңіз – қайнаған 
бір  ғажап  өмірге  енесіз  де  кетесіз.  Аспанын  зəулім  мұнай  мұ-
нараларымен  тіреп-тіреп  тастаған  алып  өндірісті  қалалардың 
орны  күні  кеше  ғана  жапалақ  ұшпас  жапан  түз  болғанына  кісі 
сенбейді.  Қалаларда  өңкей  жалын  жүзді,  от  жігерлі  ерлер – 
мыңдаған  Байарыстановтар,  Дөнешевтер,  Оразовтар,  Досбаева-
лар,  Досмұхамбетовтер,  Мухиндер,  Көлбаевтар,  Горбуновтар 
бар.  Бұлар  жеті  қат  жер  астындағы  қайсар  күш-қуатты  суырып, 
бұрқырата  жер  үстіне  шығарып  жатыр.  Қара  алтын  қайнарының 
асау  толқындарын  жалынан  сүйреп  əкеліп,  күні-түні  бірдей  құ-
быр өзегімен өзендей ағызып жатыр. Қазір Ембі маңынан керенау-
лық, енжарлық мəңгіге безіп кеткен. Ол іскер, шымыр; дала жүрегі 
тынымсыз,  дала  көзі  ашық,  дала  көңілді,  қашан  көрсең  де  əн,– 
еңбек əнін салып тұрады.
Міне, Ембінің ояулығы осында.
Бұл – ұлы өзгеріс! Əрине, бұл өзгеріс оңайға түспеген: халық 
өз  бақытын  оқ  астындағы,  от  ішіндегі  шешуші  күрестерде  өз 

10
қолымен тартып алған. Ембінің тұңғыштары Доссор мен Мақат ақ 
бандылардан  жиырмасыншы  жылдың  басында  ғана  тазартылды. 
Бұрыннан  да  бұйығы  даланы  қанды  жорықтар  есеңгіретіп  тас-
тады.  Сонда  бұл  далаға  жан  салу – бүлінген  өндірісті  қалпына 
келтіру  ісін  Ленин  өз  қолына  алды.  Шайқастағы  Россия  Ембінің 
дүние  жүзінде  теңдесі  жоқ  жоғары  сапалы  мұнайына  аса  қардар 
еді. Владимир Ильич жер-жердегі барлық заводтардан екі жүздей 
кеспек жинатып, оған толтырылған жиырма мың пұт мұнайды те-
мір жолға дейін түйелі керуенмен тасыттырады. Бұл уақытша əре-
кет болатын. Ильич Алтайдан Ембіге дала күре тамырындай тұң-
ғыш  теміржол  тарту  ісін  бастатады.  Енді,  Ленин  Ембі  мұнайын 
тиісті  жерге  түйесіз  жеткізу  қамын  ойлайды.  Ол  жер  астымен 
ұзындығы мың шақырымға жуық мұнай құбырын салуды ұсына-
ды.  Кейін  бұл  ұсыныс  іске  асырылып,  мұнай  алыс  шалғайларға 
өзі  жылжып  баратын  болады.  Ғасырлар  бойы  ерні  кезерген  шөл 
даланың  адамдарына  ішер  су  жеткізу  үшін  Жайықтан  үш  жүз 
шақырымға  созылатын,  Одақтағы  ең  ұзын  су  құбырын  салуды 
талап еткен де ұлы көсемнің өзі болатын.
Ембінің өзгеруі осылай басталды.
Қазыналы  өлке  құбылып,  түлей  берді.  Ембі  адамдары  Ком-
мунистік  партияның  бастауымен  күш-қуаттың  қайнары – Мұнай 
көзін  ашу,  оны  өндіру  ісіне  жұмыла  кірісті.  Енді  бұл  далада 
бұрынғыдай тары тасыған некен-саяқ түйе арбалар емес, өндіріс 
орындарына  техника  тасыған  машиналар,  эшелондар  жүйткіді. 
Мұнай  мұнаралары  андыздап,  аңдап  келе  жатты...  Бас-аяғы  бес-
алты  жылда  Ембінің  мұнай  өнімі  тоғыз  есе  өсті.  Ембі  еліміздегі 
төртінші мұнай ошағына айналды.
– Ембінің өндірістік қуаты Бакуге тең! – деп жазды академик 
И.М.Губкин.
Еліміздің бүкіл мұнай өнеркəсібімен бірге Ембі мұнайшылары 
да  бірінші  бесжылдық  жоспарды  екі  жарым  жылда  орында-
ды.  Бұл  тұста  Ембідегі  мұнай  барлау  ісі  революциядан  бұрынғы 
мөлшерден  үш  есе  артты.  Мұнда  жаңа,  жас  алыптар  Байшонас, 
Косшағыл,  Ескене  кендері  ашылды.  Өндіріс  орындары  жаппай 
электрлендірілді.  Екінші  бесжылдықта  электр  қуатын  пайдала-
ну  ісі  бұрынғыдан  алты-жеті  есе  өсті.  Ал,  қырық  бірінші  жылға 

11
дейінгі бұрғылау жұмысы революцияға дейінгі көлемнен он төрт 
есе  асып  түсті.  Осылардың  бəрі  Жайық  пен  Жем  арасының  өңін 
өзгерткен зор құбылыстар еді.
Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  Майкоп  пен  Грозный  жау 
қолында  қалғанда  Ембінің  Бакумен  бірге  елімізді  мұнаймен 
керегінше  жабдықтап  тұрғанын  ескерсек,  мұның  қандай  күш-
қуаттың қайнар бұлағы екенін тани түсеміз.
Ембі  мұнайшылары  тек  соғыс  жылдарының  өзінде  ғана 
үш  үлкен  өндіріс  орталығын – Қошқар,  Комсомол,  Жолды-
бай  кəсіпшіліктерін  ашты.  Ең  жоғары  сапалы  бензин  жасайтын 
Гурьевтегі аса қуатты мұнай өңдеу заводын іске қосты. Соғыстан 
кейінгі  жылдар – Ембінің  жаңа  өрлеу  кезеңі.  Қазір  мұнайшылар 
қара  алтынды  геология  тілінде  пермотриас  деп  аталатын  ең  бір 
терең қабаттардан іздеп тауып жатыр.
Партиямыздың  жиырмасыншы  съезі  Қазақстанда  мұнай  өнді-
руді біржарым есеге жуық, газ өндіруді үш есе арттыру талабын 
қойды. Мұнай өңдейтін екі ірі завод салу міндетін жүктеді.
Ембі  мұнайшылары  бүгінгі  күндерде,  міне,  осы  міндеттерді 
орындау күресіне жұмылып отыр. Олар туған республикамыздың 
тек соңғы үш жылдың ішінде мұнайды бұрынғысынан үш еседен 
артық қажет ететінін жақсы біледі.
Жем мен Жайық арасындағы жалпақ дала қазір дүрілдеп тұр. 
Бұрын бұл өңірдің тұрғындары ұзақ жол үстінде дел-сал жалығып 
келе жатып, ұйқы ашу үшін:
«Жем қайда, Сағыз қайда, Қайнар қайда? 
Жүйрік ат, өткір қылыш жанға пайда...»
деп, ыңырсып əн салатын. Қазір Жемді, Сағыз бен Қайнарды еш-
кім де бөле қарамайды. Бұл маң тұтас бір алып тұлғаға, тегеуріні 
тау үйірер ғажайып күш-қуатқа айналып кеткен. Ал, бұл жердегі 
адамдар  қазір  жүйрік  ат  жайын  емес,  жердегі  темір  тұлпарлар, 
көктегі  болат  сұңқарлар  бабын  ойлайды.  Тұлпарларды  қалай  ір-
кіліссіз жүгірту керек, сұңқарларды қайтып самғай ұшыру керек? 
Міне, Ембіні осы ой бүтіндей баурап алған.
Кешегі түйе арбада мүлгіп-қалғыған қараңғы қазақ бүгінде жер-
көктің  техникасына  жан  бітіріп,  ұшан  далада  дүниені  дүбірлет-

12
кен  сондай  бір  үлкен  жүрек  соқтыратын  құдіретті  күшке  ие  бо-
лып  отыр.  Ол  азаптан  мəңгі  азат,  тағдыр  таршылығынан  мүлде 
арылған.  Ол  өзінің  атамекеніндегі  асыл  қазынаның,  сарқылмас 
шексіз  байлықтың  қожасы.  Оның  тұлғасы  сом,  қайраты  құрыш. 
Ол ер де өр. Оны Ленин осылай баулып түлеткен. Ол өзінің келер 
күніне, шұғылалы Ертеңіне нық сеніммен тік қарайды.
Қызыл  Октябрьдің  қырық  жыл  ішіндегі  қыруар  жеңістерінің 
бір айқын айғағы міне,– осы!..
1957 жыл.
ЖАМАЛ
«Мақтасаң – əйелді мақтайық та, 
құрметтейік те əйелді. Əйел – ана... 
Адамда не қасиет болса, бəрі күннің көзімен  
ананың сүтінен алынған қасиет».
«Өлімді жеңген ана»
Біз  Атырау  жағасында  тұрмыз.  Ұлы  теңіз  көкжал  толқында-
рын  күз  аспанына  күркірете  шапшытып,  тынымсыз  төңбекшиді, 
күрсінеді,  өксиді.  Арғы  жақтағы  əйгілі  қалаға  жау  келген;  елдің 
ер-азаматтары  қара  ормандай  қаптап,  батысқа  аттанып  жатыр. 
Бұлардың ішінде менің əкем де бар. Мен əкемді жауға жөнелткелі 
келдім.
Менімен бірге екі жасар сəбиін құшақтап, көрші үйдегі Жамал 
да  келген.  Бірақ  оның  күйеуі  алдыңғы  эшелонмен  жүріп  кетіпті. 
Сұлу  жүзді  ақсұр  келіншек  көз  шарасын  жасқа  толтырып,  əкеме 
жаутаңдай қарады:
–  Кетерінде  кішкене  ұлын  бір  сүйсін  деп  едім,  кеш  қалдым, 
қайтейін. Мен болып сəлем айта көріңіз...
Қыр  гүліндей  үлбіреген  қызыл  ерін  құр  дірілдейді,  шөлдейді, 
сүйгенін  аңсайды.  Қарлығаш  қанатындай  қиғаш  қас  кең  маңдай-
дан серпіле береді, ұша жаздайды, сүйгенін іздейді. Шебер зергер 
бар өнерін төгіп, піл сүйегінен ойып жасағандай сымбатты мүсін 
сұлық та сынық, аса бір шарасыз күйде: өкініш пе, мұң ба, арман 
ба? Қою кірпіктер арасынан қарақаттай мөлдіреген қара көзді оқыс 
тұнжырата күзгі бұлттай күңгірт сыр тұтасады.

13
Шіркін, адал жанды асыл жар-ай! Ақжүрегін жан серігіне ғана 
арнаған аяулы арудан абзал не бар екен жер үстінде...
* * *
Қоштасу  сағаты  соқты.  Жауынгерлерге  сапқа  тұруға  əмір 
берілді. Əкем мені жерден жұлып алып, бауырына басты. Сөйтті 
де,  жанарынан  жалт  ойнаған  отты  көзін  ашулы  теңізге  тікті.  Өзі 
сияқты сұр шинель киіп, майданда – от ішінде, оқ астында жүрген 
жауынгер ақынның аттанарда айтқан жақсы жырын əкем дəл қазір 
үнсіз қайталап тұрғандай еді:
«Қош, еркін кəрі Атырау толқындары, 
Ақынның қиялындай толқымалы. 
Қалқан қып жүрегімді тостым алға, 
Дабылын соқ майданның, толқы, кəні!»
Кенет... аспан күңіреніп кетті. Əлдеқайдан, өзеннің теңізге құяр 
сағасындағы сарғылт құрақ арасынан зеңбіректер зіркілдей баста-
ды. Кеме гудогі боздап қоя берді. Дүйім жұрт қас пен көздің ара-
сында жағаның жыра-жылғаларына жасырынып, жым-жылас жоқ 
болды. Мені құшақтаған қалпы, терең сайдың бір иініне паналаған 
əкем енді бірде жан ұшыра айғай салып, əлдекімге:
– Қайт, кейін қайт дереу! – деп қалды.
Əкем дауыстаған тұсқа ұмтылып қарап едім, бір əйелдің желге 
дудыраған шашын ғана көріп үлгірдім, көз алдым қара түнек қою 
тозаңға айналды да кетті. Жау самолеті жаңағы біз тұрған жағаға 
бомба тастаған еді.
Бала кезім, көргенімді байыптап түсіне бермеймін.
Əйтеуір əлгі адамдар жау бомбалаған жерге қайта жиналып, оша-
рыла қалғаны есімде: жұрт ортасында ту сырты қанға боялған жас 
əйел екі қолымен жер тіреп, кеудесін зорға көтереді. Əйелдің бауы-
рында сəби бөбек, шыңғыра жылап жатыр. Əкем қалың топты ки-
мелей ұмтылып:
– Əй, не ғып есеңгіреп тұрсыңдар түге! – деді де, шинелі мен 
гимнастеркасын шапшаң шешіп, ақ көйлегін дал-дұл айырып, жа-
ралы əйелдін жауырынын таңды.
Енді аңғардық: жаралы əйел – Жамал екен. Жаңа бұл араға ас-
паннан ажал оғы жауғанда Жамалдың жас баласы жағада жалғыз 

14
қалған-ды. Кездейсоқ тревогаға бағынған жұрт жылға бойлағанда 
Жамал баласына жүгіріп, ажалға қарсы шауыпты. Ол құстай ұшып 
кеп балапанын бауырына паналатып, өлімнен құтқарыпты да, өзі 
оң иығынан ауыр жараланыпты.
Жамал өз басын мүлде ұмытқан, есі-дерті кішкене бөбегі, əл-
сіреген  денесін  əрең  қозғап,  баласын  аймалай  берді.  Нəрестенің 
тірі екеніне көзі жеткенде жаралы ананың талықсып жатып күш-
пен күлімдегенін қайтерсің?
Қайран,  қасиетті  ана  жүрегі-ай!  Бала  десе  тіршіліктен  баз  ке-
шер асыл анадан абзал не бар екен жер үстінде...
* * *
...Ақсұр жүз күнге тотыққан. Жұмыр білекте болат арқан ескен-
дей  қажыр,  қайрат  бар.  Қара  көзден  ар,  жігер  оты  ұшқындайды. 
Көк комбинезонды мығым дене күш-қуаттан қайта құйылғандай. 
Бұл – Жамал.
Жүз құдықта мың метр тереңнен лықсып шығып жатқан мұнай 
қайнарын бір ғана Жамал бақылайды. Оның ендігі мекен-тұрағы 
үй  емес,  мұнай  мұнараларының  іші  тəрізді:  күндіз  де,  түнде  де 
жердің  үстінде  жүріп  тереңін  тергеп,  тексерген  Жамалды  көре-
сің, үйден емес, түзден көресің. Жанды денедей жаппай қозғалып 
тұратын  көк  болат  темірлер  бұл  əйелге  қилы-қилы  сыр  айтады, 
оны  Жамал  қалтқысыз  ұғады.  Темірмен  тілдесу  деген  осы  да!.. 
Адам мен темір қимылы өзгеше бір бірлік, үндестік тапқан.
Күн  батса-ақ  бұл  өңірді  тас  қараңғы  түнек  басады;  Мұнай 
қаласы  көзін  жұмып  жіберіп,  сиымсыз  денесін  түн  қойнына  ты-
ғып,  қымтап  тастайды.  Соғыс  кезі,  жағдай  солай.  Бұл  атырапты 
жау  көзінен  жасырғысы  келгендей  аспандағы  ай  да  ақ  сəулесін 
шымылдықтай жинап алып, бұлтқа кіріп кетеді. Бірақ өндіріс іші 
ояу. Көк болат темір алып жүректей дүрсілдеп, дамылсыз соғады 
да тұрады. Көк болат темір жеті қат жер астынан мұнай тартып, 
дамылсыз шұлғиды да тұрады. Көк болат темір жер бетін əжімдей 
айғыздап,  дамылсыз  жылжиды  да  жатады.  Көк  болат  темір  тау 
өзеніндей сарқырап, ақ қазанға қара көк мұнай тасқынын дамыл-
сыз  құяды  да  жатады.  Бұл  арадағы  бар  қимылдың  тұтқасы  опе-
ратор  Жамалдың  қолында.  Жел  мен  топыраққа  түтіккен  Жамал 

15
жүзінде  бұл  шақта  басқа  бір  шырай  бар  еді.  Ол  енді  жұбайын 
сағынған əйел, ұлын сүйген ана ғана емес, əлгі бір көк болат темір-
дей тегеурінді ер – еңбек адамы! Қысқы үскірік, жазғы ыстық бұл 
əйелге бұйым емес. Мақсат-мүддесі біреу-ақ: жауды жеңу, ол үшін 
мұнай селін ағызу.
Бір жолы Жамал Мұнай қаласындағы кен алаңның мінбесінде, 
көп алдында сөз сөйлеп тұрды:
–  Менің  жарым  майданда,  ұшқыш.  Жауға  аспаннан  ажал  боп 
төніп жүр менің қыраным. Мен оның мұндағы орнын бастым. Мен 
өндірген  мұнай  менің  сүйіктіме  қанат  бітіреді,  оны  бүркіт  ұшар 
биікке алып шығады. Кім биік ұшса, соның мерейі үстем. Менің 
еңбегім батыр ерімнің, ер қорғаған елімнің мерейі үшін!
Ол бұлай деуге əбден құқылы еді.
Əйел!  Еңбегі  елінің  мерейін  көтерген,  дұшпанның  еңсесін 
басқан ер де өр əйелден құдіретті не бар екен жер үстінде...
* * *
Жамалдың  төбесінен  жай  түскендей  болды:  майданда  күйеуі 
қаза  тауыпты.  Ауыр  жылдарда  жас  əйелді  алға  сүйреген  жақсы 
үміт таң кіреукесіндей тарады да кетті.
Алғашқы  бетте  ол  үнсіз,  тілсіз  қалды.  Кейін  ес  жиғандағы 
халі  одан  бетер  қиын  еді:  жан-жүрегінің  сүйген  жарға  деген  бар 
мейірімі қара көзден нөсердей төгілген қасірет жасына айналды. 
Жалғыз  ұлын  қаусыра  құшақтап,  күңірене  берді.  Бөлменің  төрт 
қабырғасына  күйеуінің  əркездегі  əртүрлі  суреттерін  іліп,  бірінен 
соң  біріне  жаудырай  қарап,  зар  қақты.  Кейде  құлазыған  жесір 
төсегінің үстіне оқ тиген киіктей омақаса құлап, ұзақ-ұзақ жылап 
жататын болды.
Бір күні Жамал ине жоғалтқан кісідей жерге қарап, өндіріс іш-
ін  көп  шарлады.  Мұны  көргендер  қайран  қалды.  Мен  шыдама-
дым, қасына жүгіріп бардым да:
– Апатай, не іздеп жүрсіз? – дедім.
Жас  жесір  жауап  қатпады,  маған  суық  қарады  да,  бұрылып 
кетті. Соңынан мен де жүрдім. Ол іздеген нəрсені мен де іздедім. 
Жамал жүзін сонда ғана сəл жылытып, маған:
– Қалқам, əуре болмай-ақ қой, сен таба алмайсың, –деді.

16
–  Жоғалтқаныңыз  не  еді? – дедім  мен.  Ол  солқылдап  жылап 
жіберді:
– Бір əурешілік қой, жаным. Жарымның көп жүрген жері еді, 
ең болмаса басқан ізін табар ма екенмін деп...
Ой, Жамал-ай! Ақылды əйелдің қайғы-қасіретінен ауыр не бар 
екен жер үстінде...
 
* * * 
Дүние  терең  бір  күрсінді  де  дем  алды:  жау  жеңілді,  соғыс 
бітті.  Қаралы  ормандар  қайтадан  қалпына  келе  бастады,  жаралы 
ағаштар жапырақ жамылды. Оқ ысқырған бұтақтарда бұлбұл сай-
рады, тіршілік қайта жайнады.
Біздің  көшеде  де  ғажайып  мереке  болды.  Алаңға  шалқар 
қуанышты  шат  адамдар  ағылды.  Думанды  топ  ішінде  ұлын  же-
тектеп,  Жамал  да  келе  жатты.  Жер  бетіне  қайта  оралған  көктем-
дей жесір əйелдің жүзіне де жаңа бір нұр себездей бастаған екен. 
Оның қайғысын жылжып өтіп жатқан уақыт, жалпы жұртқа ортақ 
бақыт емдеген-ді.
Дəл  осы  қалпынан  кейін  Жамалды  он  бес  жыл  бойы  көрмеп 
едім, күтпеген жерден кеше кездестім. Баласы бүгінде Москвада, 
мұнай  институтында  инженерлік  оқуда  екен.  Өзі  бұрынғыша 
–  мұнайшы,  озат  мұнайшы.  Күн  ұзағына  мен  оған  соңғы  он  бес 
жылдағы өмірін баяндаттым.
Жамал тағдыры – үлкен тағдыр, Жамал өмірі – бай өмір; сырға 
толы, жырға лайық.
Əңгімеміздің  бір  үзілісінде  Жамал  менің  кітапханамнан  «Бо-
тагөз»  романын  алды.  Ол  кітаптың  алғашқы  бетін  аудара  бастап 
еді, мен əдейі сұрап алып соңғы бетін аштым. Біздің көзіміз мы-
нау өлеңге түсті;
«Күн көзіндей жарық бар, 
Ботагөздің көзінде. 
Телегей теңіз тарих бар, 
Ботагөздің сөзінде».
Біз  ойда  отырдық.  Өзгені  қайдан  білейін,  əйтеуір  өз  басым 
осындай  əсем  шумақты  Ботагөздің  Жамал  сияқты  сіңлілеріне  де 
арнауға болар еді-ау деп ойладым.

17
Ертен  съезд – республика  əйелдерінің  съезі.  Астананың  құр-
метті қонақтарының бірі Жамал. Біз оларға қол соғамыз:
– Əйелдер жасасын!
1961 жыл.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал