Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бəрі бос. Абай



жүктеу 469.78 Kb.

бет1/5
Дата09.01.2017
өлшемі469.78 Kb.
  1   2   3   4   5

Қ

қ

1



№ 48 (158) 5 желтоқсан 2014 жыл

Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бəрі бос.

Абай.

Құрыш


қала

  Теміртау қалалық қоғамдық газет    5 желтоқсан  жұма  2014 жыл   №  48 (158)

khurysh_khala@mail.ru

7 - бет


Киноэпопеяның жаңа 

тарауын тамашалады

Тұңғыш Президент күні қаламызда өткен мәдени-

көпшілік шаралардың  қызықтыларының бірі – 

тарихи-мәдени орталықтағы Елбасы үзеңгілестері мен 

студенттердің жылы жүзді кездесуі болды.

Облыс әкімі 

жастар арасында

2 - бет


Қоныс тойы 

тойланды

2 - бет


Ж

аны

айсаң

ақсы аға

Мына жалғанда  өзінің елеулі 

еңбегімен ел есінде қалатын 

тұлғалар баршылық. Əрине, ол 

үшін мықты ғалым, атақты 

ақын-жазушы немесе ел бастаған 

қолбасшы болу шарт емес. 

Керісінше, адал еңбегімен, өмірлік 

ұстанымдарымен өмірден өз 

орнын тауып, отбасында бірлік 

пен береке салтанат құрса, ұрпақ 

өрбітіп, перзенттеріне ардақты 

ата-ана, қазыналы қария бол-

са да жеткілікті. Мұны айтып 

отырғанымыз, ұлылықтың ең 

шыңы – қарапайымдылық екенін 

тағы бір рет дəлелдеу. Себебі, 

талай тектілерді түлеткен 

Теміртаудай құрыш қалада осын-

дай дара жандар баршылық. 

Сондай ел-жұртына қадірлі 

қариялардың бірі марқұм Мəжит 

Қажыбеков болатын. Бар ғұмырын 

игілікті іске арнап, қоғамда ойып 

тұрып орын алған асыл жан көзі 

тірі болса 7 желтоқсанда жүз 

жасқа толады екен. Мəселе оның 

басында емес, атқарған істерінде 

болғандықтан бүгін сағынышпен 

еске ала отырып, сол асыл жанның 

өмірі мен еңбек жолына бір сəт 

үңілгенді жөн көрдік.

№ 48 (158)  5 желтоқсан 2014 жыл

Қ

қ



2

Апта­ақпар

Тұрғын үй

Кездесу


Бұл дәстүрлі жиын немесе естелік түрінде емес,  Президенттің 

өмірі  туралы  кім  көп  білетінін  анықтайтын  сұрақ­жауап  әдісімен 

өткізілді.  Жиналғандар  екі  командаға  бөлініп,  Нұрсұлтан 

Әбішұлының  еңбек,  өмір  жолы,  тіпті  қызығушылықтары  туралы 

қамтылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу кезінде интерактивті 

тақтадан  Президенттің  өмірінен  бейне­баяндар  да  көрсетілді. 

Ұйымдастырушылар  осындай  шара  арқылы  Елбасының 

қаншалықты қарапайым, сонымен бірге білімді, парасатты адам 

екендігін көрсетуге ұмтылған. 

– Бұл  Президенттің өмірбаяны ғана емес, оның адам ретіндегі 

мінез­құлқын  да  жастардың  танып  білуі  үшін  ұйымдастырылған 

кәдімгі  тірі  журнал  деп  айтар  едік.  Сұрақ­жауап  барысында 

Нұрсұлтан Әбішұлының біздің Теміртау қаласында жұмыс істеген 

шағы және осында басталған достықты өмір бойы ұмытпай келе 

жатқандығы да қамтылды, – дейді қала әкімінің орынбасары Шол­

– Бұл үй 57 отбасын 

мемлекеттік қордан пәтермен 

қамтамасыз етуге мүмкіндік 

беріп отыр. қазірдің өзінде 

кезекте тұрған қырық адам 

қолдарына кілт алды. Баспа­

налы болғандардың басым 

көбі, яғни отызы жетім ба­

лалар, қазіргі заң бойынша 

олар бірінші кезекте үй алуға 

толық құқығы бар, – дейді 

қаламыздағы тұрғын үймен 

айналысатын мемлекеттік 

мекеменің сектор жетекшісі 

В.Губарь.

Пәтер мемлекеттік қордан 

берілгенмен, оны жалға алу 

әдісіндей ай сайын пәтерақы 

төлеп тұрады. Бірақ баға 

мүлде арзан, мәселен, бір 

бөлмелі пәтерде тұратындар 

айына мың теңгеден сәл 

артық, ал екі бөлме үшін екі 

мың теңге төлейтін болады. 

Облыс әкімі 

жастар 

арасында

Тұңғыш Президент күні 

қаламызда өткен мәдени-көпшілік 

шаралардың  қызықтыларының 

бірі – тарихи-мәдени орталықтағы 

Елбасы үзеңгілестері мен 

студенттердің жылы жүзді кездесуі 

болды.

пан Мырзақасымова.

Кездесуге қаланың құрметті азаматтарымен қатар облыс әкімі 

Нұрмұхамбет Әбдібеков те қатысты. Ол алдымен «Жас ұлан» жа­

стар қанатына қабылданған жаңа мүшелердің салтанатты антын 

тыңдады, мұражай жәдігерлерін тамашалап көрді. 

–  Егер  жастар  біздің  Президентіміз  алға  қойып  отырған 

міндеттерді  бұлжытпай  орындаумен  бірге  Елбасының  жеке 

өмірінен  де  тағылым  алып,  еңбек  етсе  Қазақстанның  келешегі 

кемелді  болары  анық.  Мен  сіздерге  табыс  тілеймін,  аға  ұрпақ 

жастарға сенеді, – деді өз сөзінде аймақ басшысы жиналғандарды 

тұңғыш Президент күнімен құттықтау сөзінде.

Соңында сұрақ­жауапқа асқан тапқырлық көрсеткен жастарға 

сыйлықтар тапсырылды, жастар облыс әкімімен естелік үшін су­

ретке түсті.

Тұңғыш Прези-

дент күні қарсаңында 

мемлекеттік қордан 

абспана алуға үмітті 

жүздеген теміртаулық 

отбасылары 

қуанышты қоныс 

тойын тойлады. Бұған 

дейін ескі қаладағы 

Мектеп көшесінің 

№ 55 үйі күрделі 

жөндеуден өткізіліп 

жатқанын жазған 

едік. Енді осы айтулы 

мереке қарсаңында 

құрылысшылар оны 

толық аяқтап, мере-

кеге үлкен сый-сияпат 

жасады. 

Қоныс тойы 

тойланды

Перзентханада

Мамандар үстіміздегі жылы 

мемлекеттік қор есебінен бас­

аяғы 140 отбасы баспаналы 

болатынын жеткізді. 

Тұңғыш Президент күні 

қарсаңында жаңа пәтердің 

кілтін алып қуанған жұрттың 

мәз­мейрам кейпін көріп, 

шынында да «Үй болмай – күй 

болмайды» деген аталы сөздің 

растығына ой жүгірттік. Баспа­

налы болғандардың арасында 

11 бала тәрбиелеген батыр ана 

Аманбала Сыздықова өзінің 

қуанышымен бөлісті. 

– Мен кезекте біраз 

жыл тұрдым, тіпті үмітім де 

үзілгендей уақыт өтті. Соған 

қарамастан Елбасының 

мерекесі қарсаңында осын­

дай қуанышқа блөленгенім 

мен үшін үлкен бақыт. Зей­

нетте болсам да тұңғыш 

Президенттің сарабдал саяса­

ты арқасында осындай нарық 

заманында тегін пәтер алып 

отырмын. Бұл көп балалы 

анаға деген үлкен құрмет, биік 

мәртебе, – дейді алтын алқалы 

ана.


Қазір осындғы Тольятти 

көшесі бойындағы тағы бір 

үй күрделі жөнделуде, жыл 

соңына дейін пайдалануға 

беріледі.

Адамның бір қызығы ...



Тұңғыш Президент 

мерекесінің таңғы 

шуағы қалалық 

перзентханаға нұрын 

молынан төккендей, 

бұл күні сегіз сәби 

жаңа өмірдің есігін 

ашты. Олар ескерусіз, 

елеусіз қалған жоқ., 

айтулы мейраммен 

қатар дүниеге кел-

ген нәрестелерді, 

олардың анала-

рын құттықтауға 

келгендердің қатары 

көп болды. 

– Бүгінгі Елбасы мейрамы 

күні біздің перзентханада сегіз 

сәби дүниеге келді. Олардың 

бесеуі ұл бала. Аналардың 

бірі баланың атын Сұлтан 

деп атады.Өткен жылы дәл 

осы мереке күні он бес сәби 

өмірге келген еді, онда да бір 

ана өзінің баласының атын 

Нұрсұлтан деп атаған бола­

тын, – деп қуанышын жеткізді  

перзентхана басшысы Сәуле 

Аманжолова.

Бұл күні аналар мен 

балаларды құттықтауға қала 

әкімінің әлеуметтік мәселелер 

жөніндегі орынбасары 

Шолпан Мырзақасымова 

өзі келген еді. Қаламыздағы 

кәсіпкерлер, шағын және 

орта бизнес өкілдері мереке 

күні өмірге келген сәбилерге 

әдемі сыйлықтар ұсынды. 

Оның ішінде  сәнді киімдер, 

жаялықтар, сондай­ақ жұмсақ 

ойыншықтар бар. Қаладағы 

балалар киімін сататын 

дүкендердің бірі он пайыз 

жеңілдікпен сауда жасауға 

болатын сертификат ұсынды. 

1 желтоқсан қалалық 

перзентханада үлкен думан, 

қызықты мейрам ретінде 

тойланды. Өмірге келген 

нәрестелер, бақытты ана­

лар тұңғыш Президент күні 

шапағатын осылайша сезінді.



Қ

қ

3



№ 48 (158) 5 желтоқсан 2014 жыл

Іс­сапар


Ел және Елбасы

–  Нұрсұлтан  Әбішұлы  бұл 

Жолдауда  әдеттегідей  нақты 

тапсырмалар  жүктеп  отыр, 

оның  ішінде  орындалмай­

тын  міндет  жоқ.  Тек  бәріміз 

бір  кісідей  ортақ  мақсаттарға 

жұ мылуымыз  қажет,  –  деді 

Мәжіліс депутаты өз сөзінде.

Биылғы  Жолдауда  Елба­

сы  Қазақстанның  әлемдегі  ең 

бамыған  отыз  елдің  қатарына 

қосылуы  үшін    бірінші  кезекте 

атқарылатын жеті міндетті тал­

дап, айтып берді. Оның біріншісі 

–  көлік  жолдарын,  яғни  Аста­

на  мен  барлық  облыстардың, 

қалалар  мен  аудандардың 

аралығындағы автожолдардың, 

  «АрселорМиттал  Теміртау»  кәсіпорнында  болған  кезде  салынып 

жатқан конвертор цехының құрылысын аралап көрді. Құны 130 млн. дол­

лар тұратын бұл жоба негізінен еңбек өнімділігін арттырумен қатар ауаға 

таралатын шаңды барынша азайтуға бағытталған. 

Министр  мен  оның  жанындағы  түсіндіру  ақпараттық  топ  мүшелері 

өндірістің  көлемін  арттыру,  шетелдік  инвестицияларды  белсенді 

тарту,  жаңа  кәсіпорындардың  жобалық  қуатын  тездетіп  игеру  елді 

индустрияландырудың бірінші кезекті міндеттері екенін айтып берді. Бұл 

Елбасының  биылғы  Жолдауының  негізгі  бағыттары.  Қазақстан  Үкіметі 

индустриялық аймақтарды ынталандырудың жаңа тетіктерін жасап жатыр. 

–  Іс  жүзінде  индустриялық  аймақтар  бұл  жергілікті  биліктің  тікелей 

атқаратын жұмысы, алайда үкімет қосымша қаржыландыру шығындарын 

өтеу үшін жаңа тетіктер іздестіруде. Сондықтан мұны жергілікті атқарушы 

билік,  сондай­ақ  кәсіпкерлер  ерекше  назарда  ұстап,  барлық  қаражатты, 

күш­жігерді  жұмылдыруы  керек.  Индустриялық  аймақтар  сұранымға  ие 

болуға тиіс, олар бос тұрса ешбір кіріс те, өнім де болмайды, –деді Әсет 

Исекешев.

Еліміздің барлық аймақтарында елуден аса индустриялық  аймақтар 

құру жөнінде жобалар жасалып жатыр, олай болса, келешек индустрия­

ландыру  арқылы шешіледі. Бұл болашақтың үлесінде. 

«Кеңестің  бүгінгі  кеңейтілген 

отырысы  еліміздегі  айтулы  мем­

ле кеттік  мереке  –  Қазақстан  Ре­

спубликасы  Тұңғыш  Президентінің 

күні  қарсаңында  өтіп  отыр.  Бұл 

мерекенің  Қазақстан  халқы  үшін, 

оның  ішінде  елдегі  бірлікті  бекем­

деуге  еңбек  сіңіріп  жүрген  сіздер, 

яғни  Ассамблея  мүшелері  үшін 

мәні  мен  маңызы  ерекше  деп 

білемін.  Өйткені,  Қазақстанның 

бүгінгідей жаңа тұрпатты мемлекет 

ретінде  қалыптасуына  және  ішкі 

тұрақтылық  пен  халықтың  бірлігін 

нығайтуда  Тұңғыш  Президентіміз, 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

тарихи рөлі өлшеусіз екені сөзсіз», 

Халық қалаулысы

Жолдауды түсіндірді

Қалалық мәдениет сарайында өткен басқосуда 

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі де-

путаты Андрей Бегенеев Елбасының Жолдауының 

негізгі ұстанымдарын жан-жақты түсіндірді. Ол 

өз сөзінде «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» 

Жолдауын табысты орындау әр адамның еңбегіне 

тікелей байланысты екенін айтты. 

«Біз жалпыұлттық 

идеямыз – 

Мәңгілік елді 

басты бағдар етіп, 

тәуелсіздігіміздің 

даму даңғылын 

Нұрлы жолға 

айналдырдық. 

Мәңгілік ел –елдің 

біріктіруші күші, 

ешқашан таусылмас 

қуат көзі»

Елбасы Жолдауынан

сондай­ақ  теңіз,  әуе  қаты­

на сы ның 

жақсаруы 

және 


индустриялық,  энергетикалық, 

тұрғын  үй,  әлеуметтік  инфра­

құрылымдарды 

нығай тып, 

дамыту,  шағын  және  орта 

бизнесті,  іскерлік  белсенділікті 

қолдау  ел  алдындағы  елеулі 

міндеттер.  Бұл  мақсаттарға 

ұлттық 

қордан 


бөлінген 

қаржыны ұтымды пайдаланып, 

әр  тиынын  есептеп  жұмсау 

қажет.  Міне,  сонда  ғана  осы 

жаңа  экономикалық  саясаттың 

арқасында  дамудың  ауқымды 

қадамы  жасалып,  озық  отыз 

елдің  қатарына  кіру  мүмкіндігі 

жақындайды.  Нәтижесінде  әр­

бір қазақстандықтың әл­ауқаты, 

өмір сапасы жақсарады. Бүгінгі 

Жолдаудың түпкі мәні міне, осы. 

Олай болса, «Нұрлы болашақ » 

үшін осы «Нұрлы жол » жолда­

уын табысты жүзеге асыру бас­

ты міндет.



Инвестициялар мен даму жөніндегі министр 

Əсет Исекешев жуырда қаламызда болып, 

кәсіпкерлермен, еңбек ұжымдарымен кездесті.

Министр 

қаламызда болды

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»



Қазақстанның бүгінгідей 

жаңа тұрпатты мемлекет 

ретінде қалыптасуына және ішкі 

тұрақтылық пен халықтың бірлігін 

нығайтуда Тұңғыш Президентіміз, 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

тарихи рөлі өлшеусіз екені сөзсіз. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы 

кеңесінің кеңейтілген отырысында 

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара 

Əбдіқалықова осындай пікір 

білдірді. 

Тұңғыш Президенттің тарихи рөлі өлшеусіз

­ дейді Г.Әбдіқалықова. 

Мемлекеттік 

хатшы 


атап 

өткендей,  Елбасы  ешбір  мемле­

кетте  болмаған  бірегей  қоғамдық 

институт  –  Қазақстан  халқы  Ас­

самблеясын  құрып,  этносаралық 

қатынастарды  жетілдіруде  жемісті 

істерге жол ашты. 

«Президенттің жақында ха лық­

қа арнаған «Нұрлы жол – болашаққа 

бастар  жол»  атты  Жолдауының 

рухани  тереңдігі  және  әлеуметтік 

жүгі  де  аса  ауқымды.  Бұл  бағытта 

Мемлекет  басшысы  2015  жылы 

бүкіл  халық  боп  атап  өтетін 

ауқымды  іс­шараларды  айқындап 

берді.  Келесі  жылға  белгіленген 

қазақ  хандығының  550  жылдығын, 

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен 

Конституциямыздың 20 жылдығын, 

Ұлы жеңістің 70 жылдығын жоғары 

деңгейде  ұйымдастырып,  елдің 

тұтастығын  одан  әрі  бекіте  түсу 

баршамыздың  міндетіміз»,  ­  деді 

ол. 


«Сонымен  бірге,  2015  жыл 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

жылы  деп  жарияланды.  Яғни, 

алдағы  жылы  ұйымдастырылатын 

жалпы халықтық 

іс­шаралардың 

дені  елдің  тұрақтылығы  мен  бір­

лі гіне,  халықтық  татулығы  мен 

тыныштығына бағытталмақ», ­ деп 

түйіндеді Г.Әбдіқалықова.

3 желтоқсанда Орталық Коммуникациялар қызметінде  26­27 қарашада 

өткен  Астанадағы  2015­2019  жылдарға  арналған  25­інші  Энергетикалық 

Хартия  конференциясының  сессиясының  қорытындысы  бойынша 

баспасөз­брифингі болды.  

Энергетикалық Хартия түсіністікке негізделгенін атап айтқанымыз жөн.  

Осы арқылы барлық тараптар энергетикалық сектордағы ынтымақтастық 

балансын ұтады. Табиғи ресурстарға бай мемлекеттер энергетикалық ре­

сурстарды қайта өңдеу мен қамтамасыз ету саласына инвестиция тартудың 

қосымша әдістерін алатын болады. Энергетикалық Хартия Конференция­

сы Еуразияның 50­ден астам мемлекетін біріктіретін Энергетикалық Хар­

тия Келісімінің жоғарғы басқару органы болып табылады.

Вице­министр Ұ.Қарабалиннің айтуынша, импорттаушы мемлекеттер 

елге энергетикалық инвестиция қорғанысына қол жеткізеді.  

– Энергетикалық Хартияның басты мақсаты – энергетика саласындағы 

халықаралық ынтымақтастық механизмін  құратын құжаттарды дайындауға 

қатысуды талқылау. Қазақстан үшін энергетикалық ресурсты дамыту мен 

сауда жайы алаңдатпақ, ­ деді ол.

Сонымен  қатар  еліміздің  осы  Конференцияға  төрағалық  етуі 

республиканың  Еуразия  кеңістігіндегі  энергия  ресурстарын  ірі  өндіруші 

және тасымалдаушы ретінде маңызды орында екендігінің дәлелі.

Үстіміздегі  жылы  еліміз  Энергетикалық  Хартия  бойынша  Кон ферен­

цияға төрағалық етуін аяқтап, эстафетаны Грузияға береді.



Өз тілшімізден

Күн тәртібінде – энергетика

№ 48 (158)  5 желтоқсан 2014 жыл

Қ

қ



4

Қайырымдылық

Шапағат

Қариялар азайып бара жатыр...



Бұл  мейрам  осыдан  6  жыл 

бұрын  «Бөбек»  қайырымдылық 

қорының 

президенті, 

көңілі 

алаң  балалардың  анасы  Сара 



Алпысқызының 

бастауымен, 

шуақты,  қуанышқа  толы  дәс­

түрі мен  өмірге  келген  еді.  Міне 

содан  бері  оны  бүлдіршіндер 

асыға  күтеді.  Әсіресе  өзін  өмірге 

әкелген  ата­ананың  мейіріміне, 

махаббатына зәру сәбилерге ол бір 

ертегідей жылу сыйлайды. Жуыр­

да қаламыздағы «Облыстық отба­

сы үлгісіндегі балалар үйі» КММ 

осы мерекені ерекше көңіл­күймен 

тойлады. Желтоқсанның ызғырық 

аязына қарамастан балалар үйінің 

есігін  ашқаннан    жылу  шуағы 

есіп  жүре  берді.  Әдем  саз  үніне 

жүздері  қуанышты  сәбилердің 

қонақтармен  сәлемдескен  көңілді 

дауыстары  қосылып  олардың 

бақытты екенін паш еткендей. 

Тәрбие  ошағының  үлкен  акт 

залы мерекедегідей безендірілген, 

төрде  сәнді  оралған  сыйлықтар,  

бірнеше  қымбат  кір  жуатын  ма­

шина,  үтік,  шәй  қайнататын  тер­

мопот,  шаңсорғыш,  әйтеуір  бала­

лар  үйінің  күнделікті  тіршілігіне 

қажетті  тұрмыстық  заттар  лықа 

жиналған.  Директордың  орынба­

сары  Әсел  Берікқызы  Рымтаева 

бүгін  мұнда  дәстүрлі  ризашылық 

күні тойланып оған демеушілердің 

бірқатары  қатысатынын  жет­

кізді.  Міне,  көптен  күткен  мере­

келік  сәт  басталып  алдымен 

Сара  Алпысқызының  балаларды 

құттықтаған  жеделхаты  оқы­

лып,  одан  кейін  облыстық  оқу 

Бар жақсылық – 

балаларға



«Ризашылық» – «Қайырымдылық балалар 

игілігіне» деп аталатын ерекше мереке ізгілікке, 

мейірімділікке бастайтын жол.

басқармасы өкілі Ольга Токубаева 

және осы тәрбие орнының дирек­

торы  Серік  Әмірханов  балалар­

ды  жыл  сайын  тойланып  жүрген 

ризашылық  күнімен  құттықтады. 

Ал  Халық  банкі  өкілі  Диана 

Байділдинова  мейірімділік  пен 

ізгілік  мерекесі  күні  сәбилерге 

сыйлық беріп көңілдерін марқайту 

өздерінің  бір  дәстүрлі  ісі  екенін 

тілге тиек етті.

–  «Балалы  үй  –  базар»  дейді 

халқымыз,  сондықтан  сіздердің 

қызықты 

өмірлеріңізді 

одан 

әрі    жақсартып  өз  тарапымыз­



дан  қолдан  келгенше  сый­сияпат 

жасауды  жөн  көрдік.  Мына 

төрде  тұрған  заттардың  бәрі 

сіздерге  қызмет  ететін  болады. 

Бұл  отбасылық  үлгідегі  тәрбие 

үйінің  бүлдіршіндері  сабақта 

озат, спорт пен өнерде үнемі алда 

екенінен  хабардармыз,  келешекте 

де  туған  Отанға  лайықты  азамат 

болатындарыңа  сенеміз,  –  деді 

Диана Абылайханқызы.

Салтанатты  сәттің  келесі 

бөлігінде 

балалар 


өздерінің 

өнерлерін  ортаға  салды,  олар­

дың  мың  бұрала  билеген  билері, 

әуелеген  әндері  осы  бақытты 

мекеннің  шаңырағын  шалқытып 

жүректерге  нұр  болып  құйылып 

жатты.  Осыдан  12  жыл  бұрын 

ашылған  «Айналайын»  бала­

лар  үйі  қазір  бөбектердің  туған 

ошағынан  бір  кем  емес  олардың 

әрқайсысының  жүзінде  күлкі, 

көңілдерінде 

қуаныш 

лебі 


байқалады.  Мұны  отбасы  анала­

рымен,  тәрбиешілермен  әңгіме­

лес кенде де анық сездік. 

–  Бізде  қазір  5  отбасы  бар, 

оларда  49  бала  өсіп  жатыр,  әр 

отбасында  9­10  бала  бар.  екі  от­

басы  бірыңғай  қазақ  тілінде 

тәрбиелейді,  –  деген  әлеуметтік 

педагог 

Айгүл 


Әлкееваның 

әңгімесін  басқа  аналар  да  іліп 

әкетті.  Фанзиля  Үкітаева  білім 

беру саласында жиырма жыл пси­

холог  болып  еңбек  еткен.  Мұнда 

келгеніне төрт айдың жүзі болып­

ты.  Отбасылық  тәрбиенің  нағыз 

үйдегіден  айырмасы  жоғына  

сенімді.  Оның  отбасындағы  11 

баланың  ең  кішкенесі    үшінші, 

ал  ересек  екеуі    тоғызыншы  сы­

ныпта оқып жүр.  Мұнда қазақша 

тәрбиеге  үлкен  мән  берілетіні 

сондай  отбасындағы  апалы­інілі 

Галя мен Трофим № 5 қазақ орта 

мектебінің оқушылары екен.

Әлеуметтік  аналар,  тәрбие­

ші лер  деген  лауазымдық  қыз­

мет теріне  қарамастан  олардың 

қай­қайсысы болса да әр бала ту­

ралы  сағаттап  әңгімелеп  беруге 

әзір.  Бірінің  оқуға  ынталылығын, 

бірінің 

спортқа 


бейімділігін 

мақтан  етеді,  тіпті  осы  балалар 

үйіне сәби кезінде келіп мектепті 

бітіріп үлкен өмірге қадам басқан 

қыз­жігіттердің  де  қазіргі  өмірі 

алаңдататынын, 

олардан 

да 


үнемі  көз  қырын  алмайтынын 

сөздерінен байқадық.

– Туған ата­анасынан қол үзсе 

де олар біз үшін өзіміздің балала­

рымыздан еш кем емес. Мәселен, 

Елубай екі жастан, Самат үш жа­

стан бастап қолымызда, көз алды­

мызда  өсті.  Сондықтан  олардың 

ешқайсысы  маған  бөтен  емес  тек 

сабағы,  тамағы,  тәрбиесі  ғана 

емес,  тағдыры  да  бізге  байла­

нысты  екенін  жауапкершілікпен 

көтеріп келеміз, – дейді осында 14 

жылдан бері еңбек ететін Гүлшат 

Аманжолқызы.

Ризашылық  –  қайырымдылық 

балалар 

игілігіне 

айналатын 

дәстүрлі  мереке  сәтінде  отба­

сы  лық  үлгідегі  балалар  үйі 

ұжымының  елуге  жуық  ұл­қызға 

туған  ошағындай  болып  отыр­

ғанын  көзбен  көріп,  көңіліміз 

қуанды.



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал