Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бəрі бос. Абай



жүктеу 0.49 Mb.

бет5/5
Дата13.09.2017
өлшемі0.49 Mb.
1   2   3   4   5

 ҮНДЕУІ

Құрметті  бауырлар!  Мұсыл­

ман қауымы үшін аса ұлық қасиетті 

Рамазан  айы  мүбәрәк  болғай! 

Оразаға  аман­есен  жет кіз ген  Алла 

тағалаға  сансыз  шүкірлер  мен 

мадақтар болсын!

Жаратушы 

Иеміздің 

жер 

бетіндегі  барша  адам  баласын 



әртүрлі  ұлттарға  бөліп,  жаратуы  – 

Оның  шексіз  даналығы.  Қасиетті 

Құранда: «...

Бір-бірлеріңді тан ып-

білулерің  үшін  сендерді  ұлттар 

мен  ұлыстар  етіп  жарат тық» 

(«Хұжурат»  сүресі,  13­аят),  –  деп 

баяндалған. 

Бәрімізге  жер,  мекен,  ғалам­

шар,  Отан  ортақ.  Бізді  біріктіретін 

ортақ  мақсаттар  көп.  Баршамыз 

Жаратқаннан  деніміздің  саулығын, 

болашағымыздың  жарқын,  өмірі­

міз дің  тыныш  болғанын  тілейміз. 

Осынау  игіліктердің  орындалуы 

бірлікке  байланысты  екені  белгілі. 

Ынтымағы 

ыдырап, 

бірлігінен 

береке  кеткен  елдің  болашағы 

да  бұлыңғыр  болмақ.  Қаншама 

жұрттың жер бетінен жоғалып, тегі 

мен  тұтастығынан  айырылуының 

негізгі  себебі  –  бауырмалдықтың 

болмауы.  Мекке  мен  Мәдина 

халқын  татуластырып,  бір­біріне 

бауырмал еткен Алла Елшісі (с.ғ.с.) 

мұсылмандықтың  іргесін  бірлікпен 

бекемдеген.           

Халқымызда: 

«Байлық  –  бай-

лық емес, бірлік – байлық», – де­

ген нақыл бар. Құдайға шүкір, сай­

ын  даланы  мекендеген  сан  алуан 

ұлт  пен  ұлыстың  тату­тәтті  ғұмыр 

кешуі  –  бұл  халқымызға  Алланың 

имандылық иірімі

ИМАНЫМЫЗ БЕН

 БІРЛІГІМІЗГЕ 

БЕКЕМ БОЛАЙЫҚ!

берген  сыйы,  өлшеусіз  рақымы. 

Ұлт  өкілдерін  бірлікке  бастаған 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев 

дін  қайраткерлерін  де  ынтымақ 

пен  ымыраға  үндеп,  татулық  пен 

тұрақталыққа  шақырды.  Астана 

бейбітшіліктің  алтын  бесігіне  ай­

налды. Бұл – бейбіт жолды басты 

бағдар  еткен  отандастарымыздың 

достығы  мен  татулығының  ар­

қа  сында  нәсіп  болған  басты 

байлығымыз.  Халқымыздың  кең 

пейілі,  қонақжай,  бауырмал,  дар­

хан  мінезі  кең­байтақ  даламыз­

да  достық  пен  бірліктің  ұрпақтан 

ұрпаққа жалғасуына негіз болды.          

Қадірлі 

ағайын! 

Діннің 


мақ саты  –  ізгілік,  береке  мен 

бірлік.  Ислам  діні  мемлекетте, 

қоғамда  тыныштық,  әділдік  бо­

луын  көздейді.  Адамды  соған 

тәрбиелейді. 

Алла  тағала  адамзат  ба­

ласын: 

«Бөлінбеңдер»,  –  деп 

бауырмал 

болуға 

бұйырған. 



Пайғамбарымыз 

Мұхаммедтің 

(с.ғ.с.)  басшыға  бағынып,  бүлік 

шығармауды  үгіттеуінде  үлкен 

мән бар. 

Алла  Елшісі  (с.ғ.с.)  өз 

өсиетінде 

қамшының 

са­

бындай  қысқа  өмірді  рухани 



құндылықтарды  байытуға  ар­

нау  қажеттігін  өсиет  еткен.  Ол 

(с.ғ.с.) 

қоштасу 


құтбасында: 

«Мен  орталарыңнан  кеткеннен 

кейін  баяғы  бітпейтін  ұрыс-

керіске,  дау-дамайға  қайта  бой 

алдырмаңдар», – деген.

Әлхамдулилла,  ата­бабамыз 

сан  ғасырлардан  бері  аңсап  өткен 

Тәуелсіздікке  қол  жеткізудің  ар­

қа сында  асыл  дініміздің  қайнар 

бұлақтарымен  қайта  қауыштық. 

Халқымыз 

дербестікпен 

бірге 

дәстүрлі  мәдениетіне,  тілі  мен 



дініне  толыққанды  ие  болып, 

олар ды  заманға  сай  дамытуға 

мүмкіндік  алды.  Өшкеніміз  жа­

нып,  ұмытқанымыз  жадымызда 

жаңғырды.  Мұның  барлығы  Қазақ 

елінің  бүгінгі  ұстанған  бағыт­

бағдарының  дұрыстығын,  ата­

баба  жолынан  айнымағандығын 

білдіреді.

Енді  ұлт  жадынан  ұмытыла 

бастаған  имани  құндылықтарды 

қайта  жандандырудың  реті  келді. 

Біз  Қазақстан  мұсылмандары  діни 

басқармасының  аясында  2014 

жылды 

«Дін  мен  дəстүр»  жылы 

деп  жарияладық.  Мақсатымыз  – 

ұлттық  табиғатымызбен  сабақтас 

шариғаттағы  мәзһабымыз  бен 

танымдық  мектебімізді  тұғыр­

лап,  асыл  дүниелерімізді,  жау­

һар ларымызды  жарыққа  шы ғару, 

үзілгенімізді  жалғап,  жоғалт қаны­

мыз ды  түгендеу,  сан  ғасырлық 

тарихы  бар  діни  дәстүрлерімізді 

қалпына  келтіру.  Сол  арқылы 

Қазақ  елінің  іргелі  елге  айналуы 

үшін қолдан келгенше үлес қосу. 

Бүгінде  дәстүрмен  сабақтас  ру­

хани  құндылықтарымызды  жаң­

ғыр ту  мақсатында  республика 

деңгейінде  игілікті  іс­шаралар 

ұйымдастырылып келеді.   

Рамазан – тәлім мен тәрбие, 

жасаған жақсылықтардың сауа­

бы еселеніп жазылатын, Жара­

тушы  Иеміздің  жарылқауына, 

рақымына  бөленетін  ай.  Олай 

болса,  Алланың  теңдессіз 

сыйына ізгі де, қайырымды іс­

әрекеттерімізбен қол жет кізу де 

аянып  қалмайық!  Иман ды лы­

ғы мыз ды күшейте түсейік!

Қасиетті 

айда 


күнәға 

же те  лейтін, 

Алланың 

ашуына 


шақыратын  барлық  жаман  істерге 

жол  бермесек  екен.  Қоғамдық 

көліктерде  жол  ақысы  арзан­

датылса,  күн де лікті  тұтынатын 

заттарға 

жеңілдіктер 

жасал­

са, 


асханаларда 

ауызашар 

мезгілінде  қайырымдылық  акци­

ялар  ұй ым дастырылса,  ұжымда, 

кәсіпорындарда,  әсіресе,  құры лыс 

салаларында  ауыз  бекіте  жүріп 

жұмыс  істейтін  бауырларымызға 

құрмет көрсетіліп, түсіністік таныты­

лып жатса, нұр үстіне нұр дер едік. 

Рамазан  айында берілетін Құдайы 

тамақтар  ауызашар  уақытында 

ұйымдастырылса.   

Асыл  дінімізде  әрбір  қайырлы 

амал  –  садақа.  Адасқанға  жол 

көрсету  де  –  садақа,  жабыққанды 

жұбатып, жылы сөз айту да – сау­

апты амал. Рамазан айында осын­

дай ізгі істерге ден қойғанымыз аб­

зал, ағайын!     

Қымбатты  отандастар!  Иман 

бұлағынан  сусындаған  адам  ары­

на  дақ  түсірмейді.  Өйткені,  Ис­

лам  адамгершілік  құндылықтарды 

қастерлеуге  үндейді.  Осы  орай­

да  баршаңызды  қасиетті  Ра­

мазан  айын  мұқтаж  жандарға 

көмектесумен,  жетім  мен  жесірге, 

қарттар  мен  мүгедектерге  мейірім 

көрсетіп,  сауапты  амалдармен, 

ізгі  істермен  өткізуге  шақырамын. 

Алла  тағала  қасиетті  Құранда: 

«

Жақсылықта,  тақуалықта  бір-

біріңе  көмектесіңдер»,  –  деп 

бұйырған («Мәида» сүресі, 2­аят). 

Жарылқаушы  айда  жасаған 

амалдарыңыз  бен  ізгі  ниеттеріңіз 

басқа  да  айларда  жалғаса  бер­

гей!  Алла  тағала  баршамыздың 

екі  дүниеде  де  жүзімізді  жарық, 

әр  қадамымызды  берекелі  еткей! 

Тілегіміз  қабыл,  мұратымыз  асыл 

болғай!  Байлығымыз  –  иманымыз 

бен бірлігімізге бекем болайық!

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни 

басқармасының төрағасы, 

Бас мүфти

ҚҰРМЕТТІ ХАлАйыҚ!

 28 МАУСыМ – ОРАЗА АЙЫНЫҢ 

БіРінші КҮНІ.

23 – 24 шІлдЕ – ҚАДЫР ТҮні.

28 шІлдЕ – ОРАЗА АЙТЫ

ПіТіР-САДАҚАСЫ –

БіР АДАМҒА 200 ТЕҢГЕ.

Аса  мейірімді,  Мейірбан  Алланың  аты­

мен  бастаймын.  Барлық  мадақ  әлемдердің 

Иесі  Аллаға  тән.  Салауат  пен  сәлем 

елшілердің төресіне, оның әулеті мен саха­

баларына болсын!

Құдайға  шүкір,  қасиетті  рамазан  айына 

да  аман­сау  жеттік.  Ұлық  айға  есендікпен 

жеткеннің  өзі  үлкен  нығмет.  Жаратқан  Ие 

баршамызға  осы  айдағы  жауапкершілікті 

лайықты  түрде  атқаруға  медет  берсін, 

жәрдем етсін.

Бұрынғы мұсылмандар осынау мүбәрак 

аймен  қимай  қоштасып,  ал  келесі  жылы 

құдды  қырық  жыл  көрмеген  қонағын 

күткендей  құшақ  жая  қарсы  алады  екен. 

Өйткені бұл ай әрбір жанға иләһи мейірімнің 

бір  сынығын  сыйлайтын  сауабы  мол  мау­

сым.

Алланың Елшісі (с.ғ.с) ұлық айды ерек­



ше бағалап, үмбетіне үлгі қалдырған. Имам 

Ахмад жеткізген риуаятта Пайғамбар (с.ғ.с) 

ражаб  айы  кірген  уақытта:  «Уа,  Алла! 

Бізге  ражаб  пен  шағбанның  берекесін  бер! 

Рамазанға  аман­сау  жеткізе  көр!»  –  деп 

тілек тілеген екен.

Ендеше сол үмбеттің жалғасы болып та­

былатын кейінгі ұрпақ біз де Ұлы Рахманнан 

ұлық  рамазан  айының  берекесін  тілейміз. 

Мейірім  маусымының  исі  мұсылманға 

игілікті  болуын  тілеп  Жаратқанға жалбары­

на дұға етеміз. Аллах тағала Құран кәрімде

«Әй, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға 

Рамазан айының берекеті

парыз  қылғандай  ораза  парыз  қылынды. 

Әрине  сақтанарсыңдар.  Санаулы  күндерде. 

Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы 

болса,  басқа  күндерде  төлер.  Және  сон­

дай ораза күш келетіңдер, (кәрі не аурулар) 

бір  міскіннің  тамағын  төлесін.  Сонда  кім 

ынтығып артық қайыр қылса, ол өзіне жақсы. 

Білсеңдер  сендер  үшін  ораза  ұстауларың 

тағы  жақсы.  Рамазан  айы  сондай  бір  ай, 

ол  айда  адам  баласына  тура  жол  және  (ақ 

пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран 

түсірілді.  Сендерден  кім  рамазан  айында 

болса,  ораза  ұстасын.  Ал  біреу  науқас  не 

сапарда  болса,  басқа  күндерде  санын  тол­

тырсын.  Алла  сендерге  оңайлық  қалайды, 

ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға 

салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын 

толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар».[1]

Осы  аяттарға  зер  салып  қарасақ, 

көптеген жайттарға қанық боламыз.

Алдымен,  ораза  құлшылығы  бізден 

бұрынғы қауымдарға да парыз болғандығын 

білеміз.  Бірақ  ол  қауымдардың  барлығы 

дерлік  жойылып  кетті  де,  бұдан  былай  жер 

бетінде Алла Тағаланың соңғы кітабы – Құран 

Кәрім мен соңғы пайғамбары – Мұхаммедтің 

(с.ғ.с)  сүннетін  негіз  еткен  мұсылман 

шариғаты  ғана  үстемдік  ететін  болды  һәм 

Құдай  Тағаланың  құзырында  осы  шариғат 

бойынша жасалған құлшылықтар ғана қабыл 

алынатын  болды.  Өйткені  мұндағы  қаратпа 

сөз бүкіл адамдарға емес, олардың ішіндегі 

иман келтіргендерге арнайы айтылып тұр.

Оразаның парыз болынған мерзімі сана­

улы күндер, яғни бір ай. Бұл да Жаратқанның 

мүмін  құлдарына  жасаған  бір  ерекше 

жеңілдігі. Жыл­он екі айдың ішінде бір айды 

құлшылыққа арнау кез келген мүмін пенденің 

қолынан келетін іс.

Рамазан  айы  жылына  бір  рет  келетін 

зор  мүмкіндік.  Ғибадат  айында  ерекше 

рухани  атмосферада  іс­амалдарды  елек­

тен  өткізіп,  иманды  жаңартуға,  ізгілік  істер 

арқылы жүректі жұмсартуға болады. Ал осы 

бір  мүмкіндікті  кәдеге  жарата  алмау  нағыз 

дімкәстікті білдіреді.

Әл­Хаким  таратқан  риуаят  бойын­

ша  бірде  Пайғамбар  (с.ғ.с)  сахабаларына 

мінберді әкелуге бұйырады. Сосын әкелінген 

мінберге көтеріліп бара жатып: «Әмин», – деп 

үш рет айтады. Сосын қайтадан төмен түседі. 

Сахабалары  мұның  мәнісін  сұрайды.  Сон­

да  Алла  Елшісі  (с.ғ.с)  былай  дейді:  «Маған 

Жебірейіл  (ғ.с)  көрініп:  «Рамазанға  жетсе 

де,  күнәсі  кешірілмеген  жан  аулақ  кетсін!» 

–  деді.  Мен:  «Әмин»,  –  дедім.  Екінші  мәрте 

көтерілгенімде:  «Сенің  есімің  аталғанда  са­

лауат  айтпаған  жан  аулақ  кетсін!»  –  деді. 

Мен: «Әмин», – дедім. Үшінші мәрте көтеріле 

бергенімде:  «Ата­анасының  екеуі,  не  біреуі 

көз алдында қартая тұра, жұмаққа кіруіне се­

бепкер бола алмаған (ата­анасына лайықты 

қызмет  ете  алмаған)  жан  аулақ  кетсін!»  – 

деді. Мен тағы да: «Әмин» – дедім».

«Ораза  күні  сендердің  ешқайсыларың 

жаман  сөз  айтып,  даусын  көтермесін.  Ал 

егер  біреу  оны  балағаттаса:  «Мен  ораза­

мын, мен оразамын», – десін».[16] Яғни ора­

за ұстаушы қандай жағдайда болмасын ора­

засын  былапыт  сөздермен,  ұрыс­керіспен 

ластамай, сабырлылық танытып, ғибадатын 

мүлтіксіз  түрде  орындауы  керек.  Сонда 

ғана  ғибадаты  кәміл  болып,  Раббының 

дәргейінде қабыл болады. Өйткені ораза тек 

қана ішіп­жемнен тыйылу емес. Сондай­ақ, 

жаман әдеттерден, дөрекі сөздерден, теріс 

мінез­құлықтардан  арылуы.  Ал  күнделікті 

үйреніп  қалған  дағдылардан,  мінез­құлық 

кемшіліктерінен  бірден  арылу  оңай  емес. 

Ол бірте­бірте орындалатын іс.

Аллах  тағала  ораза  айындағы  жақсы 

істерімізді қабыл еткей!

Қанат АНАСҰЛЫ,

қалалық мешіттің бас имамы


№ 25 (135)  20 маусым 2014 жыл

Қ

қ



12

Соңғы бет

МЕншік иЕСі:

 «Құрыш қала» газетінің 

редакциясы» ЖшС

Құрылтайшысы: 

Ақсақалдар алқасы

Бас редактор Руза АлдАшЕвА

Техникалық редактор: 

Қарлығаш БЕйСЕнҚызы

Мақала авторының пікірі редакция көзқарасын білдірмейді, жарнама мәтініне тапсырыс беруші жа уап

 

ты.


 Газетте жарияланған матери алдар мен суреттерді сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.

Редакция мекен-жайы: Теміртау қаласы, Блюхер көшесі, 13 үй, 237 кабинет. 

Телефон: 8 (7213) 44-76-62. Телефон/факс: 8 (7213) 44-67-69 Электронды поштамыз: 



khurysh_khala@mail.ru

Газетті  есепке  қою  туралы  №  13019-Г  куәлікті  2012  жылғы  4  қыркүйекте 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген. 

Газет аптасына бір рет шығады

Тапсырыс 135

Тиражы 1000 дана.

Форматы А-3. көлемі 3 баспа табақ.

Офсетті басылым: 

Газет «Құрыш қала» 

газеті редак циясында теріліп, беттелді. 

Газет «Арко» ЖшС баспаханасынан басылды. 

(Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15 үй). индекс 65023.

Біле жүріңіз

  Жаз  –  «барлық  мәселе 

қалпақта»  деген  әзілді  тіркестің 

өзектілігі  артатын  маусым.  Бас 

киімдер  тек  жазда  ғана  емес, 

жылдың  барлық  маусымында  ер 

мен  әйелдің,  бала­шағаның  гар­

деробынан  маңызды  орын  ала­

тын  аксессуар  саналады.  Алайда, 

қызметі  жыл  маусымдарына  бай­

ланысты,  бірде  суықтан  сақтаса, 

екіншісінде,  ыстыққа  пана  бола­

ды.  Көптеген  қыз­келіншек  өзіне 

қалпақтардың  жараспайтындығын 

айтып  шағымданады.  Бұл  жаңсақ 

пікір, таңдай білген адам өзіне жа­

расымды  қалпақты  міндетті  түрде 

таба  алады.  Осы  күнге  дейін  «өз 

қалпағыңызды»  таппасаңыз,  2014 

жылы  дизайнерлер  ұсынған  ең 

жұмбақ,  ең  романтикалық,  ең  сал­

танатты  қалпақтарға  көз  жүгіртіңіз. 

Тапқан  кезде  жазғы  қалпақтың  кез 

келген  қызды  Күн  қызына  айнал­

дырып  жібере  алатындығына  көз 

жеткізесіз.



Жазғы бас киімдерді таңдау

Қандай  бас  киімді  таңдасаңыз 

да  оны  түбінде  қандай  мақсатта 

пайдаланатыныңызды  ұмытпаңыз. 

Негізгі  міндетінен  басқа,  ол 

қожайынның  бетіне  сай  келіп, 

үйлесім табуы қажет.

1.  Түсі.  Қара  және  өте  күңгірт 

түстер  кез  келген  адамға  жас 

қосып,  оның  бетін  түнеріңкі 

көрсетеді. Ашық түстер – керісінше, 

бетті  жаңартып,  жарқын  әрі 

қуанышты  етеді.  Бұл  жерде  еске­

ру  керек  нәрсе,  тым  жарқын  бас 

киімдерді киген ересек әйел табиғи 

көрінбейді.

2.  Бой  ұзындығы.  Өте  ұзын 

адамдар  ұзын  бас  киімдерден 

аулақ  болсын.  Бас  киім  бірнеше 

сантиметр қосады. Ал бойы аласа 

және  толық  адамдарға  аса  үлкен 

және  пәс  үлгілерді  таңдауға  кеңес 

бермейміз. Олар бойды одан әрмен 

қысқартып, жалпайтып көрсетеді.

3. Мұрын пішіні. Таңдау жасар­

да  мұрын  пішініне  назар  аударған 

абзал.  Егер  мұрын  ұзын  болса 

–    шляпа  немесе  маңдайды  алып 

тұратын  берет  дұрыс.  Маңдайы 

ашық  үлгілер  мұрынның  бұл 

ерекшелігін баса көрсетеді.

4.  Сымбат.  Мүсінді  және  ұзын 

әйелдерге кез келген көлемдегі бас 

киімдер  жараса  кетеді.  Ал  бойы 

қысқа  қыздарға  қонымды  телпек­

тер мен береттер сай келеді. Нәзік 

әрі  кішкентай  әйелдердің  иықтан 

асатын  шляпаларға  жоламағаны 

дұрыс. 

5. Шаш үлгісі. Қалпақ үшін шаш 



үлгісінің  алатын  орны  да  ерек­

ше.  Тік  және  ұзын  шашты  арулар 

ұзынша  жолақты  шляпаларды  не­

месе береттерді таңдасын. Тоқыма 

қалпақ  –  шашы  толқынды  әрі  

иықтан  төмен  төгіліп  тұратын  би­

кештерге  сай  келеді.  Шашы  қысқа 

қыздарға  спорттық  үлгідегі  бас 

киімдер жақсы жараспақ.

Жазғы бас киім түрлері

Жазғы  бас  киімдер  осы­

Егер теріңіз құрғақ болса

1. Екі есе жуыну

Макияж кетіруге арналған 

құ ралдың майлы түрін пай да-

ланыңыз. Оның басқаларына 

қара ғанда әсері мол. Осы рәсімді 

орындаған соң, жуынуға арналған 

көпірткіні қолданыңыз.

2. көзге


көз айналысындағы теріде 

май бездері болмайтындықтан, 

жуынуға арналған құралдарға 

өте сезімтал келеді. Осы аймақта 

әжім мен қатпар пайда болмас 

Ұйықтарда макияжын 

сүртуге ерінетін қыздар үшін

 

Кейде той-томалақтан немесе бастаңғыдан 



шаршап келетініміз соншалық, бетімізге жаққан 

бояуымызды сүртуге ерініп, ұйықтап қаламыз. 

Ертесі адам танымас кейіпке еніп, кетіре алмай 

әлек боламыз. Әрине, заманауи косметиканың 

арқасында барлығын да ретке келтіруге бола-

ды, алайда уақытында сүртілмеген макияждың 

бетімізге әжім түсіріп, терімізді құртатынын 

ұмытпайық. Осындай жағдайда әжім түсуден 

сақтану үшін бірнеше кеңес ұсынамыз:

үшін қоректендіретін крем 

жағыңыз. 

3. Ылғалдандыратын кез

Әдеттегі ылғалдандыратын 

ласьоныңызға қанағаттанбаңыз. 

Сіз бүгін оның үстіне қорек тен-

діретін крем жағуыңыз керек. 

Ылғалдандыру еш уақытта артық 

болмайды.

Егер теріңіз майлы болса

1. Қышқылмен достасыңыз

Макияжды сүртіп болған соң, 

артынша құрамында гликолил 

немесе салицил қышқылын 

пайдаланыңыз. Қышқыл тері 

майы мен шаң-тозаңмен күресуге 

мүмкіндік береді.

2. Эксфолианттарды сақтап 

қалуға тырысыңыз

Өлі жасушалардан арылу 

арқылы өзіңізді жаңа безеу мен 

қара дақтың пайда болуы нан 

сақтандырасыз. Эксфо лиа ции-

дің әсерін күшейтуге арнайы 

механикалық щеткалар көмек-

теседі. Оны өзіңіз тексеріп 

көріңіз.


3. Тереңдей түсіңіз

Тері тесігін бітеп, толықтай 

тазартуға құрамында топырағы 

бар маска көмектеседі.

4. Ақылмен 

ылғалдандырыңыз

Теріңізді ылғалдандыру үшін 

жеңіл эмульсия мен майлылығы 

төмен ласьон пайдаланыңыз.

Әйелдерге 

арналған 

жазғы бас 

киімдер

дан  2­3  ғасыр  бұрын  ханымдар 



гардеробындағы  айнымас  бөлшек 

болды. Бас киім әйелдің қоғамдағы 

орнынан  хабар  беретін.  Ақсүйек 

әулетінен  шыққандар  үкі  тағылған, 

гүлмен,  лентамен  сәнделген  шля­

па кисе, қызметшілер чепец (18–19 

ғасырларда әйелдердің үйде киген 

тақия тәрізді бас киімі) немесе ора­

мал тақты. Бүгін олардың мынадай 

негізгі түрлері бар:

1.  Шляпа.  Үлгілері:    канотье, 

панама,  бретондық  шляпа,  клош, 

терай,  дөңгелек­шляпа,  федора 

т.б.  Биылғы  жылы  бисермен  және 

гүлмен  безендірілген,  аз  ғана 

тюль  түсірілген  шляпалар  сәнде 

болмақ.  Мұнан  басқа  сабаннан 

жасалған,  кең  жиекті,  тоқымалы  

және бақыраш пішінді шляпаларды 

ұялмай киесіз.

Канотье

Сондай­ақ, 



бақташылық 

үлгідегі  және  өрілген  канотье  де 

өзекті  болмақ.  Ерлер  гардеробы­

нан  енген  канотье  тектес  шля­

палар  кешкі  көйлектермен  жа­

расады.  Бұл  әрине,  венециялық 

гондольерлердің  арқасында  сәнге 

енген  канотьеден  басқаша,  де­

генмен,  сол  пішінді  еске  түсіріп 

тұрады.


Клош

ХХ  ғасырда  гангстерлер  киген 

сабан  шляпалар  мен  клоштардың 

заманы  қайта  шарықтайтын  бола­

ды.  Бұларды  сәнді  туникалармен 

немесе  романтикалық  стильдегі 

көйлектермен үйлестіріп киіңіз.

Сабанды шляпа

Кең  жиекті  шляпалар  нағыз 

әйел  киімі,  яғни,  көйлекпен,  бел­

демшемен  дұрыс  келеді.  Егер 

шалбарды  қосқыңыз  келсе,  олар 

ұзын, кең болу керек. Айта кетейік, 

кей  жиекті  шляпа  каблук  кигенде 

бойы  160  сантиметрден  аспай­

тын  әйелдерге  болмайды.  Каблук 

демекші, олар кең жиекті шляпаның 

айнымас серігі болу керек.

Тюльді шляпалар

Шляпа бүкіл бетті жауып тұрса, 

ағаттық емес, керісінше, бұл – сән. 

Бұрын кең жиекті шляпа мен күннен 

қорғайтын  көзілдірікті  тағып  жүру 

ерсі  көрінсе,  бүгінде  көрген  көзді 

ынтықтырады.  Бұл  шляпалардың 

тюлі  дәстүрлі  де,  әсіреленген 

де  бола  алады.  Декорға  келсек, 

оларда  көбіне  ашық  және  ұзын 

лента  болады.  Гүлдің  немесе 

басқа  да  кретивті  бұйымдардың 

қойылғаны  дұрыс,  бірақ  шляпа 

гүл  бағын  еске  түсірмеуі  керек. 

2014  Douglas  Hannant  кең  жиекті 

жазғы  шляпаларға  гүлдер  өте 

сәтті қойылған. Бір қарағанда жаңа 

ашылған қызғалдақты еске салады, 

егер,  сізге  бұл  үлгі  ұнамаса,  гүлді 

көйлекке немесе жейдеге қадап қоя 

аласыз. 

Кең жиекті, гүлді шляпа

Costume  National  бренді  2014 

жылғы  жаз  маусымына  флоппи­

шляпаны  ұсынып  отыр.  Бұлар 

бақташылардың 

атақты 

бас 


киімдеріне  ұқсас  болғанымен, 

сәндері өзгеше келетін бас киім.

Флоппи­шляпалар

Жазғы  қалпақтардың  арасын­

да  ерекше  көзге  түсетіні  –  назды 

тюрбандар.  MCGM  сәнді  маркасы 

ұсынған  үлгілер  тіптен  ерекше. 

Азиялық  даңғазалық  еуропалық 

үлгілермен араласқанда ықшамды, 

қызға тән аксессуар пайда болған. 

Жас  қыздарға  өте  жарасымды 

келеді.


Тюрбандар

2. Кепеш. Бұлардың көз үстінде 

күнқағары  болады.  Шляпадан 

айырмашылығы бірыңғай жиек бол­

майды.  Олардың  университеттік, 

бейсболға  арналған,  бретондық, 

классикалық, 

бесқылыштық, 

сегізқылыштық түрлері бар. Арасы­

нан белсенді ханымдарға арналған 

бас  киімдерді  бөліп  алуға  болады. 

Жазғы  костюмдермен  бірге  мақта 

кепешін киіп жүруге болады.

Ерекше  атап  өтеріміз  –  сабан­

ды  кепештер  туралы  еді.  Биылғы 

жылы 


сабанды 

шляпаларға 

қарағанда,  сабанды  кепеш  өзекті 

болмақ. 


Жастарға 

арналған 

Assembly, Karen Walker, Rag & Bone 

сынды бірнеше сәнді марка сабан­

ды  кепештердің  бірнеше  үлгісін 

ұсынып үлгерген.

3.  Тоқылған  бас  киім.  Дәстүрге 

сай,  бұл  бұйымдар  ілгекпен  то­

қылған  (панама  және  шляпалар). 

Шебер қыз­келіншектеріміз бұл бас 

киімдерді өз қолдарымен тоқып ала 

алады.


4.  Байлағыш  материалдардан, 

бандандардан,  орамалдардан  өз 

қиялыңызды  қоса  отырып  ерек­

ше  бас  киім  жасауға  болады.  Тіпті 

болмай жатса, сәлдеге ұқсастырып 

басты  орап  аласыз.  Бұл  мақсатта 

пареоны  да  пайдаланып  көріңіз. 

Парео – жазғы гардеробтың әмбе­

бап мүшесі. Сіз одан бас киім ғана 

емес,  көйлек,  белдемше,  шорты 

жасай аласыз.

Парео


Мамандар  2014  жылы  ақ,  кө­

гіл дір,  алқызыл,  сары,  көк  түсті, 

жо лақты, екі түс үйлескен бас киім­

дердің  сәнде  болатынын  айтып 

отыр.

Барлық  қажетті  ақпаратты 



алған  болсаңыз,  дүкенге  қарай 

асы ға  беріңіз!  Жаздың  жайдарлы 

күндері әлі алда!

Көзді демалдырудың 4 амалы

 Бірінші, көз қарашығын әрекеттендіру. Жоғары-төмен, оңға-солға 

қарау, мұнда ең маңыздысы басты емес, көзді әрекеттендіру.

Екінші,  көзді  жыпылықтату.  Басты  жоғары  көтеріп  көзді  ашып-

жұмып машық жасау. Бұл көз айналасындағы қан айналысының жақсы 

болуына септігін тигізеді. Бұл әрекетті 2-3 рет қайталау керек.

Үшінші,  ыстық  пен  суықты  кезек-кезек  өткізу.  Екі  орамал 

дайындаңыз,  оның  бірін  теріні  күйдіріп  кетпейтіндей  ыстық  суға 

шылаңыз, енді бірін мұздай суық суға салыңыз. Сосын алдымен ыстық 

суға салынған орамалды көзге 5 минут қойыңыз, онан соң суық суға 

малынған орамалды көзге 5 минут қойыңыз (ерекше ескерту, ыстық 

судың  температурасы  тым  жоғары  болып  кетпеуі  керек,  көз  терісі 

нәзік болатындықтан ыстық орамал күйдіріп кетуі мүмкін).

Төртінші,  алысқа  қарау.  Алдымен  алыс  жерлерге  3  минут  қарап 

тұру керек, сосын қолдың алақанына 1-2 минут, кейін қайта алысқа 



қарау. Бұл әрекетті бірнеше рет қайталап жалғастыру керек.

(Ғаламтордан алынды)


1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал