Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бəрі бос. Абай



жүктеу 0.49 Mb.

бет2/5
Дата13.09.2017
өлшемі0.49 Mb.
1   2   3   4   5

Серікгүл АЛТАЙБАЕВА

Үздіктер 

марапатталды


Қ

қ

5



№ 25 (135)  20 маусым 2014 жыл

Қоғам және заң

23 маусым – Қазақстан полициясы күні

2014 жылдың 26 мамыры мен 26 маусымы аралығында  қаламыздағы 

№27  орта  мектепте  Теміртау  қаласы  Ішкі  істер  басқармасының  есірткі 

бизнесіне  қарсы  күрес  бөлімі  қызметкерлерімен  есірткі  заттарының 

заңсыз  айналымы  және  есірткімен  күрестің  халықаралық  күніне  орай 

айлық  ұйымдастырылып  өткізілуде.  Айлыққа  қаламыздың  психиа­

трия  диспансері,  наркологиялық  диспансері,  «Салауатты  өмір  салты» 

орталығы қызметкерлері және №27 орта мектептің оқушылары, ұстаздары 

да қатысты. 

Осы  шара  негізінде  есірткі  бизнесіне  қарсы  күрес  бөлімі 

қызметкерлерімен  2014  жылдың  3­5  маусымында  №27  орта  мектептің 

оқушыларына есірткіге қарсы тақырыпта дәрістер оқылды, осы іс­шараға 

65 адам қатысты.

Ал  11 маусымда №27 орта мектеп жазғы лагерінде демалып жүрген 

оқушылар арасында «Алау» әскери­спорттық ойыны және асфальтқа сурет 

салу конкурсы өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Сонымен 

қатар  қала  сыртындағы  «Факел»  және  «Алаш»  демалыс  лагерьлерінде 

демалып жатқан бүлдіршіндер арасында спорттық  сайыстар мен  басқа 

да түрлі конкурстар өткізу жоспарланып отыр. 

Айлыққа  қатысушылар  өскелең  ұрпаққа,  жастарға  алдағы  өмір  жа­

рысында  ұтылмауды,  өмірден  алар  сыбағаларының  мол  болуын  тілеп, 

жанашырлықтарын білдірді. 

Жуырда қаламыздың Ішкі істер 

басқармасының ЖППБ нарядының 

қатысуымен жедел іздестіру 

Қалел  Сарсенбаев  1971  жылдың  10  қазанында  Алматы  облы-

сында дүниеге келген. Қазіргі таңда үйленген, бір қыздың жəне екі 

ұлдың ардақты əкесі. Еңбек жолын 1995 жылы мемавтоинспектор ла-

уазымынан  бастап,  2009  жылы  патрульдік-полиция  батальонының 

командирі  болып  тағайындалған.  Ішкі  істер  басқармасында  жол-

патрульдік полициясы батальонының командирі қызметін атқарып 

жүрген  Қалел  Сарсенбаевпен  қызметі  жайлы  сұхбаттасудың  сəті 

түскен еді.

–  Соңғы  кездері  жол-патрульдік  полициясы  батальоны  қыз-

мет керлері  атына  көп  сындар  айтылып  жүр.  Бұл  туралы  не  ай-

тасыз?

– Иә, оныңыз рас. Бірақ барлық кінәні жол­патрульдік полициясы ба­

тальоны қызметкерлеріне жаба салуға болмайды. Жүргізушілердің өздері 

жол жүру ережесін дұрыс білмейтіндігімен санаспайды. Біздің атымызға 

сын айтатындар қызметіміздің қаншалықты қиын екенін түсінбейді. Күннің 

ыстығына  да,  қыстың  қара  суығына  да  қарамай  қызметтерін  атқарып 

жүрген  жол­патрульдік  полициясы  қызметкерлеріне  түсінікпен  қараған 

жөн.  Біз  қоғамдық  тәртіптің  сақталуын  заң  талаптарына  сай  қадағалап, 

жол  бойындағы  тәртіпті  түзетеміз.  Кейде    жүргізушілер  мен  тұрғындар 

заңды белден баса тұрып немесе оны білмей қайшы әрекеттер жасайды,  

тәртіп  бұзады,  сосын  онысын  мойындағылары  келмейді.  Заңды  білмеу 

ешқандай жауапкершіліктен босатпайды. 



– Жол қауіпсіздік ережелерін бұзғандар қандай жауапкершілікке 

тартылады?

–  Қатаң  әкімшілік  жауапкершілікке  тартылады.  Оның  ішінде  көлік 

құралдарын  мас  күйінде  жүргізгендер  көлік  басқару  құқығынан  айы­

рылады,  жылдамдықты  асыру,  бағдаршамға  өтіп  кету,  ұялы  телефон­

мен  сөйлесу,  көлікте  отырып  сыртқа  қоқыс  лақтырғандар  әкімшілік 

жауапкершілікке тартылып, тиісті айыппұлдарын төлейді. Жылдан жылға  

бұл  талаптар  қатаңданып  келеді,  сондықтан  жаяу  жүргіншілер  де,  көлік 

жүргізушілері де жолда жүру ережелерін сақтағандары жөн. Олар өздерін 

үйде  жақын­жуықтары,  ата­аналары  мен  балалары  күтіп  отырғанын 

естерінен шығармауы тиіс.



– Қазіргі таңда жаңадан жұмысқа қабылданғандардың қыз мет-

тері не деген ынтасы қандай?

–  Жақсы  деп  айтуға  болады.  Қазіргі  жастар  жан­жақты,  талапты. 

Бізге жұмысқа жаңадан қабылданғандар өздері осы қызметті таңдағаны, 

қызметіне адал болатындарын айтып жатады.



– Полиция қызметкері болғаныңызға өкінбейсіз бе?

– Жоқ, осы салада қызмет етуді бала кезімнен армандайтынмын. Бұл 

салада  20  жылға  жуық  қызмет  істеп  келемін.  Ондай  өкініш  жоқ.  Әрине, 

әрбір мамандықтың қиындығы болады, соған төзе білген жан ғана өз ісінің 

шебері  атанады.  Мен  тәртіп  сақшысы  ретінде  жолда  жүру  ережелерінің 

сақталуына, жол­көлік апаттарының болмауына өз үлесімді қосып келемін.



–  Әңгімеңізге  рахмет,  қызметіңізге  сəттілік  тілейміз!  Қоғамның 

тыныштығын бақылауда  ел игілігі үшін еткен еңбегіңіз табысты бол-

сын дейміз.

Бетті дайындаған Гүлден ЖҮНІСОВА,

 ІІБ МТАТ жетекші маманы   

Кез келген жан болашақта кім боларын дәл 

айтпаса да тұспалдары хақ. Сол секілді Қалел 

Жұмағожаұлы  да бала кезінен полиция қызметкері 

болуды армандаған. Бүгінде сол мақсаттың межесі 

бар жас жігіт, полиция подполковнигі, сақа ма-

ман. «Әскерден оралған соң бірден ішкі істер са-

ласына қызметке келдім. Арманым орындалды. 

Тағдырыма ризамын, армандаған армандарым 

орындалып, бүгін де жемісін көріп отырмын», - 

дейді полиция подполковнигі Қалел Сарсенбаев. 

Қаламызда ұры-қарының көз құртына айналған 

темір тұлпарларға қатысты қылмыстар соңғы 

кездері жиі тіркеледі. шетелдік көліктерді ай-

дап әкеткендерден бастап, сәл қараусыз қалса 

бөлшектеп, ішкі-сыртқы қосалқы бөлшектерін 

жымқырып кететін қасқөйлердің әккілігіне Ішкі 

істер органдарының қызметкерлері тосқауыл 

қойып келеді. Бұл сөзімізге төмендегі оқиға желісі 

айғақ бола алады.

Талапты ерге нұр 

жауар

рылар 


заққа

Ұ

шарасын өткізу 



барысында по­

лиция сержанты 

Ә.Мақажанов 

және полиция 

кіші сержанты 

А.Ұзақбаев 

Комсомол 

даңғылының 

бойында үш 

азаматты 

ұстаған, оларды 

тексеру кезінде 

аталған азамат­

тар 31.04.2014 

жылы түнде 

Ш.Уәлиханов 

көшесі №8 

үйдің жанында 

«Фольксваген 

Гольф­3» марка­

лы автокөлігінің 

аккумуляторын 

және құрал­

саймандарын 

жасырын ұрлап 

кеткендері ту­

ралы мойындау 

көрсетпелерін 

берді. Осы 

факт бойынша 

ҚР Қылмыстық 

Кодексінің 

175 бабының 

2­тармағы бойынша қылмыстық 

іс қозғалып, үштіктің бұдан да 

басқа қылмыстарға қатысының 

іс-шара

бар­жоқтығын анықтау үшін олар 



уақытша қамау изоляторына 

қамалды.


Бүгінде тәртіп сақшыларын 

қалта телефондарын ұрлау 

арқылы жасалатын алаяқтық 

деректерінің тым жиілеп бара 

жатқаны алаңдатып отыр. 

Осындай ұрлық 09.06.2014 жылы 

Самарканд су қоймасының 

жағажайында болған. Белгісіз 

біреулер кәмелетке толмаған 

2001 жылы туған баланың ұялы 

телефонын ашық түрде ием­

денген. Қолданылған шаралар 

нәтижесінде полиция сержанты 

Н.Б.Бауымбеков, полицей–

жүргізушісі полиция аға сержанты 

Н.М.Калинмен, қатардағы полицей­

кинологы Д.В.Сергеев кәмелетке 

толмаған екі бозбаланы ұстады. 

Ұялы телефон алынды. Осы 

факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 

178 бабы бойынша қылмыстық 

іс қозғалып, тергеу амалдары 

жүргізілуде. 

Қалталарын біреудің мүлкімен 

қалыңдатқан ұрылардың дәурені 

ұзаққа бармады. Енді қолымен 

істегендерін мойынмен көтеретін 

болады.


Тәртіп күзетінде

бармады


«Жастар – егеменді 

еліміздің ертеңі, олар 

біздің болашағымыз» 

деп жалынды намысты 

желеулетіп жүргенде 

кейбір кері кеткен 

жеткіншектерді көріп, 

көңілің су сепкендей 

басылады. Жастар 

арасында есірткіге деген 

тәуелділіктің алдын алу–

үлкендердің еншісінде. 

Адамзат өміріне қауіпті 

дерттің жолын кесуге 

еліміздің барлық құқық 

қорғау органдары 

жұмылдырылған. 

Есірткі – ел іргесін ірітеді

№ 25 (135)  20 маусым 2014 жыл

Қ

қ



6

Ер есімі – ел есінде

22 маусым – Ұлы Отан соғысы басталған күн

Жыл  сайын  9  мамыр  –Жеңіс 

күні  ретінде  тойланса,    22  мау­

сым –соғыс басталған қаралы күн 

болып есептеледі. Бұл күні біздің 

теміртаулықтар,  яғни  Самарқанд 

поселкесінің  жалындағын  жаста­

ры мектеп бітіру кешін атап өтіп, 

соңынан  сұрапыл  соғысқа  кете 

барғанын  ешкім  ұмыта  қойған 

жоқ.  Ал  арамызда  көздері  тірі  

жүрген ардагерлер қатары да си­

реп барады.

Бұл  соғысқа  сол  кездегі  Ке­



Егер тарих тереңіне үңілер болсақ, 1941 жылғы 22 маусымда 

басталған Ұлы Отан соғысы ауқымы мен алапаты, ең бастысы, бейбіт 

тұрғындар мен әскерилердің құрбандықтары жөнінен жантүршігерлік 

соғыс болғанын ешкім жоққа шығара қоймас. Содан бері сан жылдар 

жылыстады, биыл Ұлы жеңістің 69 жылдығы атап өтілді, алдағы жылы 

70 жылдығы дүркіреп өтпек. 

Мәншүкті жерлеуге 

қатысқан 

Мырзашаев

ң ес  тер  Одағының  түкпір­түкпірінен  мил­

ли ондаған  жауынгерлер  аттанып,  бір 

бөлігі  майдан  даласында  Отан  қорғау 

жолында  оққа  ұшып,  мәңгілік  қалып 

қойса,  екіншілері  фашистік  лагерьлер­

де  тұтқында  болып,  қынадай  қырылды, 

ал  үшінші  тобы  жараланып,  мүгедектер 

қатарын толықтырды. Қалай болғанда да, 

майдандағы  және  тылдағы  ерен  еңбек 

ешқашан  ұмытылмайды.  Бұл  ұрандаған 

жай  сөз  емес,  сондықтан  бүгін  соның  бір 

дәлелі  ретінде  сонау  Өзбекстанның  бір 

қиырында,  қазақтар  қоныстанған  Там­

ды  ауданында  туып,  соғысқа  сол  жер­

ден  аттанған  майдангер  жайында  бір 

үзік  әңгіме  айтпақпын.  Өкінішке  орай, 

тәніндегі оқ тиген жарасы жазылғанымен, 

жанындағы  соғыс  салған  сойқан  өзімен 

бірге  мына  жалғаннан  пәниге  бірге  озып 

кетті...


Тамдылықтар  есімін  жақсы  білетін 

Асанхан  Мырзашаев  1923  жылы  дүние 

есігін ашыпты, өзінен үлкен Егемберді де­

ген ағасы соғыс басталған жылы майданға 

аттанып, ел басына күн туған қиын шақта 

қолына  қару  алып,  Отан  қорғаған,  сөйтіп 

қаза  тапқан.  Ал  1943  жылы  15  қыркүйек 

күні Асанханның өзі де соғысқа аттанады. 

Жастайынан  еңбекқор,  талапшаң  болып 

өскен  ол  Калининград  қаласында  үш  ай 

оқу­жаттығу курсынан өтіп, пулеметші бо­

лады. Сөйтіп, 275­ші атқыштар полкының 

құрамында 1943 жылдан 1945 жылға дейін 

химик­разведчик  болады.  1052  атқыштар 

полкында  атқыш,  бөлімше  командирі 

секілді міндеттерін сержант шенінде мінсіз 

атқарады.  Витебскідегі  қанқұйлы  соғысқа 

қатысады,  кейін  Жеңісті  Берлинде  той­

лайды, бір рет қабырғасынан жараланып, 

госпиталға жатады. 

–  Отағасым  көзінің  тірісінде  теледи­

дардан  соғыс  туралы  киноларды  көріп: 

«Бұл  жай  көркемделген  кино  ғой,    сол 

күндерді Алла басқа қайта салмасын» деп 

отырушы еді жарықтық, – деп еске алады 

майдангердің жары Түймеш Оразымбето­

ва.

Өкінішке  орай,  майдангер  Асанхан 



Мырзашаев  1988  жылы  65  жасында 

өмірден  озған,  сондықтан  көп  жайттарды 

өз  аузынан  емес,  артында  қалған  жесірі, 

«Алтын алқалы» анадан естіп білудің сәті 

түсті. 

–  Бір  күні  кескілескен  айқас  болып, 



екі  жақ  та  өліспей  беріспеуге  бел  буған 

көрінеді. Сонда тек үш пулеметші ғана тірі 

қалып,  өзіміздің  әскерлерге  қарай  келе 

жатса,  алдарынан  бір  топ    жауынгерлер 

шығады.  Содан  олар  «Пароль»  сұрайды, 

бұлар  айтады.  Сөйтіп,  жақындаса,  мерт 

болған жауынгерлерді жерлеп жатыр екен. 

Сол  жолы  «Мәншүктің  қабірінің  басында 

ерлігіне  тағзым  етіп,  аспанға  салют  ат­

тым» деуші еді аталарың, – деген әңгімені 

айтты Түймеш әже.

Егер Кеңес Одағының Батыры Мәншүк 

Мәметованың 

1943 


жыл ғы  7­тамызда  ұрыс 

даласына  келген  күнi 

жазған хатында: «Алма-

тыда  құрылған  бiздiң 

жүзiншi  бригада  қазiр 

Калинин 

облысында, 

Великие Лукиден қашық 

емес,  майдан  шебiнен 

10-12  шақырым.  Қала 

немесе  деревня  көр-

ме генiмiзге 

таяуда 

бiр  жыл  толмақшы, 

деревня 

болса 

да 

түгел  қираған,  халық 

тұр майды. 

Жерден 

қазылған 

жертөледе 

тұ рып 

жатырмыз. 

Көңiлсiз,  бiрақ  күн  сай-

ын  жаттығу  немесе 

қорғаныс  жұмыстары, 

сондықтан 

уақыт 

байқалмай тез өтедi.

Әуелi 

мен 

бри-

гада  штабында  аға 

жазар ман 

(писарь) 

болып  iстедiм,  бiрақ 

қолыма 

қару 

алып 

ұрысқа  тiкелей  қатысқым  келдi,  сөйтiп 

батальонға  ауыстым,  онда  мен  қазiр 

пулеметшiмiн.  Жуықта  өз  арамыздағы 

озық  ретiнде  «Үздiк  пулеметшi»  значо-

гын алмақпын.

Бiздiң  бригадада  қазiр  қазақтар  аз, 

өйткенi  екi  бiрдей  ұрысқа  қатысып 

шыққан ғой.

Әпке, бәлкiм сiзге Алматыда газет ре-

дакциясында iстеген Бәйiшов деген под-

полковник  таныс  шығар,  ол  кiсi  әйтеуiр 

Сiздi  бiледi.  Әпкетай  көп  жазарлықтай 

ештеңе жоқ. Капитан Сиқымбаев Кенже 

штабта химиялық қызметтiң бастығы, 

менiң тiрлiгiм турасында ол Сiзге өзi ай-

тар,  одан  маған  әлденелер  берiп  жiбере 

аласыз...»  деп  жазғанын  ескерсек,  бұл 

әңгіменің  астарында  шындық  жатқанын 

аңғарғандай  боламыз.  Өйткені,  Асанхан 

Мырзашаевтың  қолымыздағы  әскери 

билетінде  тайға  таңба  басқандай  «275 

атқыштар полкі, химическ.развед. 12.1943­

05.1945» деп  жазылған. Ал Мәншүктің ха­

тында  да 



«химиялық  қызметтің»  деген 

сөздер бар. Біз мұны айтып отырғанымыз, 

күмәнмен  қарағандық  емес,  керісінше   

қазақ  жауынгерінің  қаһарман  қызды  жер­

леу рәсіміне  қатысқандығы. 

Соғыстан  1947  жылы  туған  топырағы 

Тамдыға  оралған  майдангер    аудандық 

тұтыну қоғамында, почта бөлімінде есепші, 

автобазада  кадрлар  бөлімінің  бастығы 

секілді  қызметтерді  абыройлы  атқарады, 

сегіз  бала  тәрбиелеп  өсіреді.  Шаруағы 

бейім,  ұсынақты,  әділдікті  жаны  сүйетін, 

ағайынға  қамқор  бола  білген  ол  өмірінің 

соңына  дейін  Ұлы  Отан 

соғысының 

қатысушы 

ретінде  ғана  тиісті  жәр­

дем ақылар  алған,  ал 

жараланғандығы 

жө­


нін де  қолында  барлық 

құжат тары  болса  да, 

«Үкіметтің  беріп  жатқан  зейнетақысы 

жетеді»  дейді  екен.  Мұның  сырын 

сұрағанда  «Соғыстан  аман  қалып,  елге 

ораламыз    деген  ой  болған  емес,  оқ  пен 

оттың  арасында  жүрдік,    жаралансам  да 

аман қалдым ғой, соның өзі Алланың бер­

ген сыйы» дейді екен.

Майдандас 

достарымен 

өмірден 


көзі  кеткенше  хат­хабар  алысып  тұрған, 

1985  жылы  Ұлы  Жеңістің  45  жылдығына 

Мәскеуге барып, қаруластарымен кездесіп 

келген. 


–  Бұрынғының  адамдарының  төл­

құжаттарында нақты туған күні көр сетіл ме­

ген, тек жылы ғана жазылған, отағасының 

да қай күні туғаны белгісіз. Бірақ ол үнемі 

9 мамыр –Жеңіс күнін өзінің туған күні са­

найтын, себебі аман қалғанына шүкіршілік 

ететін,  –дейді  әңгіме  өзегін  жалғай  түсіп 

Түймеш әже.

Асанхан  атаның  соғыста  ,  Берлин­

де  түскен  мына  суреті  және  1946­1947 

жылдары  жазған  күнделіктері  сақталған. 

Ол  орысшаны  соғыста  жүріп  үйреніпті, 

кейбір  арман­тілектерін,  өлеңдерін  орыс­

ша  жазыпты.  Ал    арасында  ана  тіліндегі 

ауылдағы ағайынға, жақын­жуыққа жазған 

хаттары  да  сақталған.  Реті  келгенде  со­

лардан үзінділер келтірейін.

Сағынып хат жазамын атам-анам,

Почтадан хат жазады Асан балаң.

Иманның қуатында барсыздар ма,

Жан Сарам ойнап-күліп ол да жүр ме?

Күтерсіз осы жылдың мейрамында,

Барармын ел-халыққа болсам аман.

Сәлем де жақын-жуық , ағайынға,

Көз  салып  қарап  тұрсын  кемпір-

шалға.

Жан Сарам деп отырғаны өзінен кейінгі 

Бейбісара деген қарындасы екен. Тағы бір 

хатында (қаз­қалпында келтіріп отырмыз):

– Ер жігіт адам болдық осы бүгін,

Еңбегін өтеу керек Отанымның.

Сондықтан бізді алды Армияға,

Бермес деп бір елі жер жауыздарға.

Алған соң  қабыл қылып армияға,

Бергенбіз сөзімізді халық үшін.

Айтылған сөзімізді орындауға,

Соңына сияменен қол қойғанбыз.

Берген соң тәтті сөзді Отан үшін,

Жөнелтті Белорустың фронтына.

Белгілі бәріңізге болу керек,

Қысының  суықтығы  Белорустың  (Ви­

тебск қаласының).

... Немістер сондай жаман рахымсыз,

Минамен күндіз­түні атып тұрды.

Минадан ешқандай сеп болмаған соң,

Әр күні екі­үш рет бомбалады, – бұдан 

әрі жалғаса береді. Міне, бұл жүректен жа­

рып шыққан жалынды жолдар, сондықтан 

қиюы  мен  ұйқасы  жөнінде    бір  ауыз  сөз 

айтудың өзі артық. Қайта сол оқ пен оттың 

арасында  оны  қағаз  бетіне  түсіргеніне 

дән  риза  болдық.  Осылайша,  соғыстан 

жараланып,  елге  1947  оралған  сержант 

А.Мырзашаевтың  омырауында  «Ерлігі 

үшін», «Варшаваны азат етуге қатысқаны 

үшін»,  «Ұлы  Отан  соғысында  Германия­

ны жеңген жеңісі үшін», «Ұлы Отан соғы­

сындағы  ерен  еңбегі  үшін»  секілді  ме­

дальдарымен қатар бірнеше мерейтойлық 

медальдары және «4­ші даңқты Армияның 

ардагері» деген кеуде белгілері , сонымен 

қатар  Бірінші  дәрежелі  «Отан  соғысы» 

орденімен марапатталған. Әрине, «Еңбек 

ардагері»  медалін  зейнетке  шыққанда 

алған. Ал 117­ші атқыштар дивизиясының 

ардагері деген куәлігінің орны ерекше. 

Бүгінде  майдангердің  жары  Түймеш 

Оразымбетова  қаламызда  тұрады,  Ата­

жұрт қа  2003  жылы  көш  артып,  тектілерді 

түлеткен  Теміртаудай  құрыш  қалаға 

қоныс танды.  Ұлдарын  ұяға,  қыздарын 

қияға  қондырып,  немере­шөберелерінің 

қызығын  қызықтап  отыр.  Дегенмен,  осы 

күнге  дейін  Ұлы  Отан  соғысы  ардагерінің 

жұбайы  ретінде  бірде  бір  рет  әлеуметтік 

көмек  немесе  мереке  қарсаңында  еленіп 

көрмепті. Бұл олқылықтың орны толар де­

ген үміттеміз.

Руза АЛДАШЕВА 

Берлин, 1945 жыл

Демалыс үйі, 1988 жыл


Қ

қ

№ 25 (135)  20 маусым 2014 жыл



7

Таразы


Әділет

1991  жылғы  16  желтоқсанда 

қабылданған  «Мемлекеттік  тәу­

елсіз дік  туралы»  Конституциялық 

заңда  мемлекеттік  билік  жүйесі 

үш  тармақта  –  заң  шығару,  атқару 

және  сот  билігі  болып  құрылды. 

Бұл  қағидаттар  1993  жылы 

қабылданған Ата Заңымызда одан 

әрі  нақтыланды.  Мемлекет  бас­

шысы  сот  жүйесін  осылай  дамыта 

беру бағыттарын белгілей отырып, 

әр  жылғы  уақыт  талабына  сай  ба­

тыл  да  жаңа  қадамдар  жасауға 

ықпал етті.

Елбасының  ұйғаруымен  1994 

жылы  «Қазақстан  Респуб ли ка­

сын дағы  мемлекеттік  құқықтық 

реформа  бағдарламасы  тура­

лы»  қаулы  қабылданды.  Бұл 

құжатта  судьялардың  дер бес­

тігі  мен  тәуелсіздігіне  кепілдік 

берілді.  Азаматтардың  құқықтары 

мен  бостандықтарын  сот  арқылы 

қорғаудың  заңдық­құқықтық  ал­

ғышарттары  жасалып,  Қазақс­

тан дағы  сот  жүйесі  бір  арнаға 

тоғысты.  Сөйтіп,  сот  тәуелсіздігі 

заманауи 

реформаларға 

сай 

қамтамасыз  етілді.  Осы  жылдарда 



жаңа  Азаматтық  іс  жүргізу  және 

Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің 

қабылдануы  нәтижесінде  сот  ісін 

жүргізудің алғашқы заңдық тетіктері 

қаланды.

Бұдан  кейін  сот  реформа­

сын  одан  әрі  жетілдіруде  1995 

жыл ғы  Конституцияның  маңызы 

зор  болды.  Мемлекет  басшы­

сы  аталған  Конституцияның  сот 

жүйесін  дамытудағы  рөлін:  «Сот 

әділдігін  шын  мәнінде  әділетті 

және  риясыз  жүргізуге  сот  корпу­

сын  қалыптастырудың  Конститу­

цияда көрсетілген тетіктері септігін 

тигізеді», деп нақты айтып берді.

Осы  Ата  Заңымызда  жергілікті 

жердегі  соттарды  сайлаудың  ор­

нына,  енді  оларды  Президент 

тағайындайтыны,  ал  мұның  өзі 

олардың  тәуелсіздігін  жергілікті 

жерлердегі  әкімшілік  ықпалдан 

қорғайтынын,  ал  Жоғарғы  Сот тың 

судьялары Президенттің ұсы нысы­

мен Парламент Сенатында сайла­

натыны ең жоғары заңдық тұрғыда 

айқындалды. Сөйтіп, еліміздегі сот 

жүйесінің  буынын  бекітіп,  белін 

буып берді.

Президент  1995  жылы  сот 

жүйе сін дамытудың негізін қалаған 

тағы  бір  құжатқа  –  «Қазақстан 

Республикасындағы  соттар  және 

судьялардың 

мәртебесі 

тура­


лы»  Конституциялық  заң  күші 

бар  Жарлыққа  қол  қойды.  Осы 

Жарлыққа  сәйкес,  Жоғары  Сот 

Кеңесі  мен  Әділет  біліктілік 

алқасы  құрылды.  Конституцияға 

сәйкес,  төрелік  соттар  тараты­

лып, 

олардың 


функциялары 

жал пы  юрисдикция  соттарына 

берілді.  Осылайша,  сот  жүйесінде 

мемлекеттік 

билікке 

қажетті 


барлық  атрибуттар  еліміздегі  сот 

төрелігінің  тыңғылықты  қалып­

тас қанын  айқындап  берді.  Ресей 

Федерациясы,  Беларусь  мем­

ле кеттері  соттардың  біріктірілу 

тиімділігін  арада  жиырма  жыл 

өткен соң түсініп, мұндай шешімге 

биыл  ғана  келді.  Осындай  ора­

сан  зор  реформалардың  жемісті 

жүргізілуі  –  Н.Ә.Назарбаевтың 

саяси  көрегенділігі  мен  қажырлы 



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал