Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бəрі бос. Абай



жүктеу 0.49 Mb.

бет1/5
Дата13.09.2017
өлшемі0.49 Mb.
  1   2   3   4   5

Қ

қ

1



№ 25 (135)  20 маусым 2014 жыл

Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бəрі бос.

Абай.

Құрыш


қала

Теміртау қалалық қоғамдық газет      20 маусым    жұма   2014 жыл   №  25 (135)

6 - бет


3- бет

khurysh_khala@mail.ru

Мәншүкті 

жерлеуге 

қатысқан 

Мырзашаев

Егер тарих тереңіне үңілер болсақ, 1941 жылғы 

22 маусымда басталған Ұлы Отан соғысы ауқымы 

мен алапаты, ең бастысы, бейбіт тұрғындар мен 

әскерилердің құрбандықтары жөнінен жантүршігерлік 

соғыс болғанын ешкім жоққа шығара қоймас. Со-

дан бері сан жылдар жылыстады, биыл Ұлы жеңістің 

69 жылдығы атап өтілді, алдағы жылы 70 жылдығы 

дүркіреп өтпек. 

Сәт сапар, 

мектеп бітіруші!

Қазақ халқында  туабітті  дана, көре келе кемеңгер болған жандар көп, солардың 

бəрі  де  арғы-бергі  заманда  оқу-білімді  жоғары  бағалаған.  Дүниенің    бар  болмысы 

іліммен, біліммен ғана орындалатынын айтып өткен. Халқымыздың даналарының 

бірі, өз заманында маңайына ақылгөй болған Бала би деген кісі халқын жиып «Жер-

ден ауыр не? Судан терең не?» деп сұрақ береді екен. Ешкім шеше алмапты, сонда 

өз сұрақтарын өзі былай деп шешкен екен: «Жерден ауыр дегенім – ақыл-білім. Су-

дан терең дегенім – оқу-ғылым». Адамзаттың ықылым заманнан бергі бүкіл тыныс-

тіршілігі,  бітім-болмысы  оқумен,  үйренумен,  зерттеумен  орнына  келгенін  осы 

даналық сөзден зерделеуге болады. Ал қазіргі  ғылым барыша дамыған, инновациялық 

технологияға жеткен, ғарышты игерген заманда білімсіз тіршілік жоқ екені өзінен-

өзі түсінікті. Сондықтан болар, ата-ана, ұстаз, туыс-туған бəрі де əр ұл-қыздың, 

жас жеткіншектің жақсы оқып, жан-жақты дамуына ерекше маңыз береді. 

Үздіктер 

марапатталды

Талапты ерге нұр жауар

4- бет

5- бет


№ 25 (135)  20 маусым 2014 жыл

Қ

қ



2

Апта-ақпар

Жастарға арналған жәрмеңке

Еңбекпен қамту

Қоғамдық тәртіп

–  Бұрнағы  жылдары  жоғарғы 

сынып оқушыларына институттар 

мен  колледждердің  студенттеріне 

жазғы демалыста уақытша жұмыс 

табу  оңай  емес  еді,  өйткені  жұ-

мыс  берушілер  уақытша    еңбек 

ететіндерден  қашатыны  жасырын 

емес.  Дегенмен  соңғы  жылдары 

бұл  жағдай  оң  бағытта  өзгерді, 

бұған    жуырда  өткен  жәрмеңке 

Ендеше  қаламыздағы  №5516 

әскери  бөлімнің  сарбаздары  да 

енді  бұдан  былай  гвардияшылар 

деген  жоғары  атақты  иемденетін 

болды.  Өткен  аптада  олардың 

қатары толықты, биылғы шақыруға 

орай  жаңадан  жүз  сарбаз  келді. 

Олар  негізінен  еліміздің  Қостанай 

және  Алматы  облысының  азамат­

тары. 

Гвардиялық сарбаздар

Осы жылғы 21 

сәуірде Президент 

жарлығымен Ішкі 

әскерлер ҚР Ұлттық 

гвардиясы деп атала-

тын болды.

Жазғы демалыс жастарға үлкен сын, 

бірқатары сабақтан қолы босап, алаңсыз де-

малуды ұйғарса, көпшілігі жазғы екі-үш айды 

пайдаланып, қаражат табуды ойлайды. Жал-

пы бұл мәселенің жыл сайын түрлі деңгейдегі 

басқосуларда айтылып, проблема ретінде 

көтеріліп жүргеніне қарасақ, жұмыс істеп аз да 

болса қаражат тапқысы келетіндердің басым 

екенін байқауға болады. Өткен аптада Теміртау 

политехникалық колледжінде өткен жастарға 

арналған бос орындар жәрмеңкесі осы мақсатта 

ұйымдастырылды. 

мы сал  бола  алады,  –  дейді  осы 

істің  басты  ұйымдастырушысы, 

жастармен  жұмыс  жөніндегі 

орталықтың  жетекшісі  Айнагүл 

Абдрахманова.

Биыл  қаланың  жиырмаға 

жуық  жұмыс  берушісі  жазғы  ка-

никул  кезінде  жас  жігіттер  мен 

қыздарды  еңбекпен  қамтудың 

бірнеше  жолдарын  ұсынған. 

Мұны  тұңғыш  рет  өткен  жәр-

мең кеден  байқадық.  Бұл  жолы 

жәрмеңкеге  қаладағы  төрт  кол-

ледж,  университет  және  он  алты 

кәсіпорын  қатысып,  өздеріндегі 

бос  жұмыс  орындары  туралы  ха-

бардар  етті.  Сондай-ақ  тағы  да 

жиырма  шақты  фирма  өздерінде 

жиырмаға жуық бос орындар бар 

екенін  айтып,  ұсыныс  жасады. 

Мұның  өзі  жастарға  үлкен  көмек 

болды, жәрмеңкеге келген жастар 

өздерінің  білімдеріне,  ма шық-

тары на  сай  келетін  жұмыс тар ды 

таңдап, бірнеше келісім жасалды. 

Жастар  үшін  арнайы  бос  орын-

дар  жәрмеңкесін  өт кізу  осы  бір 

реттік  іс-шарамен  шек тел мейді, 

бұл  алдағы  уақытта  да  өзінің 

заңды  жалғасын  табатын  болады. 

Ал  жастармен  жұмыс  жөніндегі 

орталық  қала  жастарынан  өті-

ніш тер  қабылдай  беретін  бола-

ды.  Егер  жазғы  демалыс  кезінде 

жұмыс істегісі келген жастар бол-

са,  жоғарыда  аталған  орталыққа 

хабарласып, өтініш беріп, ізденуге 

тиіс.

Бұл жәрмеңкеде қаладағы бір-



неше  оқу  орындары  өздеріндегі 

қабылдауға  байланысты  арнайы 

шығарылған  шақыру  қағаздарын, 

буклеттерді,  жарнамаларды  та-

ратты,  оларда  әр  оқу  орнының 

қандай  мамандықтар  даярлайты-

ны,  уақыты  толық  хабарланған. 

Сондықтан  әр  жастың  жетістікке 

жетуінің  кепілі  –  білім  мен 

кәсіпкерлік  десек,  бұған  баста-

машы  болған  жәрмеңке  алдағы 

уақытта да өз жалғасын табады. 

–  Мен  әскер  қатарына  өз 

еркіммен  келдім,  өйткені  қазір 

жігіттерге әскери мектептен мін дет­

ті түрде өткен жөн, онсыз  ерлерге 

тән  мамандық  алу  да,  қызметке 

тұру  да  қиындайды,  –  дейді 

бөлімге  жаңадан  келген  Түйінбек 

Жақсыкелдинов есімді  гвардияшы.

Әскер 

атауының 



бұлайша 

өз геруі  ондағы  тәртіпке  оң  әс­

ер ін  тигізері  сөзсіз,  енді  жеке 

құрамның 

дайындығына, 

оқу­


жаттығуына 

бұрынғыдан 

да 

ерекше  маңыз  берілетін  бола­



ды.  Қаладағы  бөлімше  сарбаз­

дары  мұндағы  қоғамдық  тәртіпті 

қырағы 

қадағалаумен 



бірге 

өздерінің  азаматтық  келбетімен 

де  басқаларға  үлгі  болуға  тиіс. 

Сондықтан  сарбаздардың  ата­

уы  өзгергенімен,  олардың  міндеті 

бұдан  еш    босаңсымайды,  қайта 

тәртіп  пен  талап  күшейеді.  Қазір 

жаңадан 


келгендер 

бастапқы 

үйрену,  бейімделу  кезеңінен  өту­

де.  Олар  мұндағы  тұрмыстық 

жағ дайға  риза,  тағы  бір  айта 

кетер лігі,  олардың  әскери  киімі 

де  бұрынғыдан  басқашалау  бо­

лады.  Сондықтан  қала  көшелерін 

қадағалайтын 

патрульдердің 

сырт  қы 

бейнесі 


бұрынғыдан 

ерек  шеленсе  оған  еш  таңғалуға 

болмайды.  Бір  сөзбен  айтқанда 

қала  көшелерінің  тыныштығын 

қорғайтын  гвардияшылардың  іс­

әрекеті  де,  киім  үлгісі  де  олардың 

атағына  сай    толық  жаңарған,    әрі  

заманауи болмақ.



Өз тілшімізден

Медицина қызметкерлерінің 

күнін қаламыздағы денсаулық 

сақтау мекемелері жыл сайын атап 

өтеді. 

Биыл балалар ауруханасының 



ұжымы ардагер дәрігерлерді 

құттықтап, оларға ән­жырдан 

шашу шашуды жөн көріпті. Сөйтіп, 

бар саналы ғұмырын  медицинаға 

Ардагерлерге

құрмет


кәсіби мереке

Елімізде  жер-су,  көше  атауларын  өзгертуге  жарияланған 

мораторийдің мерзімі аяқталып, өз күшін жойғанына біраз уақыт 

болды. Қазір барлық әкімшілік-аумақтық бірліктерде, қалалар мен 

аудандарда ономастикалық топтар құрылып, олар өз жұмыстарын 

жандандыра бастады. Бұл жұмыс біздің қаламызда да қолға алын-

ды,  қазір  қалалық  Мәдениет  және  тілдерді  дамыту мекемесі ма-

мандары  осындай  топ  құруда.  Оның  құрамына  қала  тарихын, 

көше  аттарын,  жалпы  осы  аймақтағы  өзгерістер  жөнінде  жақсы 

білетін  мамандар,  еңбек  ардагерлері,  зиялы  қауым  өкілдері  тар-

тылатын  болады.  көшелер  мен  жалпы  нысандарға  жаңа  атаулар 

беру    тәртібінде  де  біршама  өзгерістер  бар,  енді  көше  аттарын 

өзгерту  негізінен  тұрғылықты  халықтың  ұсыныстарына,  арыз-

шағымдарына, өтініштеріне, хаттарына негізделмек. Осыған орай 

қалалық    ақсақалдар  алқасы  және  басқа  да  қоғамдық  ұйымдар 

металлургтер  шаһарындағы  көшелер аттарын саралап, екшеп, өз 

ұсыныстарын дайындамақ. Бұл жұмыстың бәрі де «ҚР ұйымдарды, 

теміржол станцияларын, әуежайларды, физикалық,  географиялық 

объектілерді  атау  мен қайта атаудың және олардың атауларының  

транскрипциясын  өзгертудің  тәртібі  туралы»  ел  үкіметінің  2013 

жылғы 24 сәуірдегі №395 Қаулысына сәйкес жүргізілетін болады.

Өз тілшімізден 

Қала жаңалығы



Ономастикалық 

топ құрылуда

арнаған абзал жандарды бала­

лар ауруханасының шаңырағына 

жинап, оларға ыстық ықыластарын 

білдіріп, естелік сыйлықтар 

тапсырды. Ал осы ауруханада 

ем қабылдап жатқан кішкентай 

бүлдіршіндер шағын концерттік 

бағдарлама дайындап,  ән айтты, 

би билеп, тақпақтар оқыды.



Қ

қ

3



№ 25 (135)  20 маусым 2014 жыл

Мектеп – кеме, білім – теңіз

Түлек – 2014

Жыл сайын он бір жылғы ой­зердесіне тоқыған білімнің қоры­

тындысы  шығатын  Ұлттық  бірыңғай  тестілеу  кезі  артта  қалды. 

Еңбектің  есесін,  төгілген  тердің  қайтарымын  көрсететін  инемен 

құдық  қазғандай  өткізген  жылдардың  қарымын  көрсететін  жау­

апты  шақ  қаламыздағы  мәдениет  сарайында  салтанатты  түрде 

атап  өтілді  сәрсенбі  күні  кеште.  Үстіміздегі  жылы  қаланың  орта 

мектептерін  бітірген  ұлдар  мен  қыздар  өздерінің  ең  соңғы  мек­

теппен  қоштасу  кешіне  жиналып,  баршасына  лайықты  құрмет 

көрсетілді.  Биыл  Теміртау  қаласы  мен  Ақтау  кентіндегі  орта 

мектептерді  786  оқушы  тәмамдаған  еді.  Олардың  ішінен  төрт 

жүзден астамы ҰБТ сынағына қатысып, өздерінің  білім дәрежесін 

сарапқа  салды.  Жалпы  қала  бойынша  25  оқушы  «Алтын  белгі» 

мен үздік аттестатқа үміткер болатын. Соның 8­і өздерінің «Алтын 

белгіге»,  ал  үшеуі  үздік  аттестатқа  лайықты  екендігін  дәлелдеп 

шықты.  Білім  шыңына  ұмтылған  үздіктер  арасында  Т.Әубәкіров 

атындағы гимназия оқушысы Вячеслав Байдаковтың мерейі үстем 

болды, ол мүмкін болған 125­тен 122 балл алып, облыста екінші 

нәтиже көрсетті, ал  сынаққа қатысқандардың  елуден астамы 100 

және одан да жоғары балл жинады. Міне, осылайша біздің қала 

биылғы ҰБТ­да облыс, қала берді республика көлемінде үздіктер 

қатарынан көрінді. 

Білімнің  биігіне  өрлеген  ұл­қыздардың  бұл  жетістігі  жөнінде 

мектеп  бітірушілер  балында  жан­жақты  айтылды.  Қала  әкімі 

Н.Сұлтанов әсем безендірілген, алқызыл сәулелер жанған сахна 

төрінде  биылғы  бітірушілерді  құттықтап,  ыстық  лебізін  арнады,  

жүзден  жүйрік  шыққандарға  «Алтын  белгі»,  үздік  аттестаттарын 

және бағалы сыйлықтар тапсырды.

Бұл салтанатты балдағы ерекше оқиға жоғарыда аты аталған 

Т.Әубәкіров  атындағы  гимназия  түлегі,  «Алтын  белгі»  иегері 

В.Байдаковтың  құттықтау  сөзді  мемлекеттік  тілде  –  қазақша  ай­

туы  болды.  «Талантты  адам  барлық  жағынан  талантты»  де­

ген  осындайда  айтылса  керек,  жас  жігіт  өзінің  жүрек  лүпілін  еш 

мүдірместен жеткізді:

–  Қымбатты  достар,  бүгін  біздің  өмірімізде  үлкен  кезең  ба­

сталды. Мектеп қабырғасында алған білімімізді туған Отанымыз 

–  Қазақстанның  игілігіне  жұмсайық,  баршаңызды  осы  қуанышты 

сәтпен шын жүректен құттықтаймын, –деді ол.

Қалалық  білім  беру,  дене  шынықтыру  және  спорт  бөлімінің 

бастығы  Бақшагүл  Рахимова  «Түлектердің    зерделілері», 

«Түлектердің  мақтанышы»  аталымдары  бойынша    тиісті  мара­

паттарды  тапсырды.  Салтанатты  шара  қала  өнерпаздарының 

ән­жырымен  өрнектелді.  Мәдениет  сарайы  алдында  мектеп 

бітірушілер  аспанға  жүздеген  түрлі  түсті  шарларды  ұшырды, 

«Мектеп бітіруші –2014» деп жазылған алқызыл жазу шарлармен 

бірге аспанға көтеріліп, ашқа бұлттармен астасып биіктей берді. 

Бұл  бүгін  үлкен  өмірге  қадам  басқан  жастардың  жаңа  биіктерге 

ұмтылысындай  бір  көрініс  болды.  Бұдан  кейінгі  салтанат  әрбір 

мектептердің өзінде жалғасты, барлық түлектерге  кәмелеттік ат­

тестаттар табыс етіліп, игі тілектер, ыстық ықыластар легі толас­

тамады.

Серікгүл АЛТАЙБАЕВА

Сәт сапар, 

мектеп бітіруші!

Қазақ  халқында    туабітті    дана,  көре  келе 

кемеңгер  болған  жандар  көп,  солардың  бəрі  де 

арғы-бергі  заманда  оқу-білімді  жоғары  бағалаған. 

Дүниенің    бар  болмысы  іліммен,  біліммен  ғана 

орындалатынын  айтып  өткен.  Халқымыздың 

даналарының бірі, өз заманында маңайына ақылгөй 

болған Бала би деген кісі халқын жиып «Жерден ауыр 

не? Судан терең не?» деп сұрақ береді екен. Ешкім 

шеше алмапты, сонда өз сұрақтарын өзі былай деп 

шешкен  екен:  «Жерден  ауыр  дегенім  –  ақыл-білім. 

Судан  терең  дегенім  –  оқу-ғылым».  Адамзаттың 

ықылым  заманнан  бергі  бүкіл  тыныс-тіршілігі, 

бітім-болмысы оқумен, үйренумен, зерттеумен ор-

нына келгенін осы даналық сөзден зерделеуге болады. 

Ал қазіргі  ғылым барыша дамыған, инновациялық 

технологияға  жеткен,  ғарышты  игерген  заманда  білімсіз  тіршілік  жоқ  екені 

өзінен-өзі түсінікті. Сондықтан болар, ата-ана, ұстаз, туыс-туған бəрі де əр ұл-

қыздың, жас жеткіншектің жақсы оқып, жан-жақты дамуына ерекше маңыз 

береді. 


№ 25 (135)  20 маусым 2014 жыл

Қ

қ



4

Билік және бұқара

Мерекелік салтанат

Қалалық 


мәслихатта

Алған білімі мен білігін  

көп жылдық тәжірибесімен 

ұштастырып, тұрғындардың ыстық 

ықыласына бөлініп келе жатқан 

теміртаулық дәрігерлердің жыл 

сайын өздерінің төл мерекелері 

қарсаңында  бір жасап қалатыны 

бар. Себебі, қала әкімі Нұркен 

Сұлтанов соңғы төрт жылдан бері  

медицина саласының ең үздіктерін 

арнайы сыйлықпен марапаттауды 

дәстүрге айналдырды. 

Биылғы салтанат әдеттегіше 

ескі қаладағы балалар мен 

жасөспірімдер театрында болып 

өтті. Сахна төріне шыққан қала 

әкімінің әлеуметтік мәселелер 

бойынша орынбасары Шолпан 

Мырзақасымова құттықтау сөз 

сөйлеп, қала әкімінің «Жүрек 

қалауы»деп аталатын сыйлығын 

және мақтау громоталары мен 

алғыс хаттарын тапсырды. 

– Сіздер әр күні тұрғындарға, 

науқастарға жылы сөздеріңізбен, 

ем­домдарыңызды сый­

лап, адам жанына араша 

түсесіздер.  Сондықтан сіздердің 

жұмыстарыңыз аса қауырт, 

қиын да  жауапты, өйткені  

ең қиын сәттерде үміт отын 

тұтандырып,  кәсіби біліктеріңіздің, 

білімдеріңіздің, тәжірибелеріңіздің 

арқасында өмір сыйлайсыздар. 

Сондықтан бүгінгі медицина 

қызметкерлерінің күнімен шын 

Сессияда сөз сөйлеген қала әкімі Нұркен Сұлтанов осы жылдың екінші 

жартысында бұған дейін бекітілген бюджетті қайта қарауды ұсынды. 

– Биыл қазынаға 1 млрд. 600 млн теңге белгіленгеннен кем түсетін түрі 

бар,  оған  негізінен  кейбір  кәсіпорындардың  облыстық  бюджет  қарауына 

кетуі себеп болып отыр, –деді әкім.

Шынында  да  қала  аумағында  жұмыс  істеп,  қазақша  айтқанда  жерді 

жайлап, суды лайлап отырған «Нұрқазған» кеніші, Қаргрэс­1, Қарағанды 

қалалық  салық  төлеушілер  қатарына  қосылып  үлгерді.  Енді  Теміртау 

электрометаллургиялық  заводы  да  құжаттарын  дайындап  жатыр. 

Кәсіпорынға жаңа қожайын  келуіне байланысты «олар заңды тіркелу орны  

облыс орталығында» дегенді желеу етіп, салықты Қарағандыға төлемек. 

Әзірге қала басшыларының  сөзі өтер емес. 

Әкім  тағы  бір  энергетика  компаниясын  біздің  қалаға  тіркеу  жөнінде 

сөйлесіп  жатқанын  жеткізді.  Бұл  енді  табысы  тұрақты  компаниялардың 

бірі,  егер  бізге  қараса  бюджетті  толтыруға  біраз  көмек  болар  еді.  Жал­

пы  қала  бюджетінің  азаюына  әсер  ететін  себептер  жалғыз  бұл  емес 

екен. Биыл  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндірісінде жұмысшылардың 

саны біраз азайды, ал бюджеттегі үлесі өте үлкен бұл компанияда орын 

алған қысқарту бюджетің азаюының басты себептерінің бірі. Әр өндірістің 

өзіндік бизнес­жоспары бар, оны өзгертуге жергілікті билік тым қауқарсыз. 

Сондықтан  комбинаттағы  қысқарту  бюджеттің    бүйірін  жұқартып  кетіп 

отыр.  Әрине,  қала  басшылығы  бюджетті  толтырудың  жаңа  жолдарын 

Бойындағы ерік-жігері мықты, адам өміріне 

деген жауапкершілігі мол маман ғана ақ желеңді 

абзал жан бола алатыны анық. Бұл қызметтің 

қызығынан гөрі қиындығы басым екені де белгілі, 

сондықтан әрбір дәрігер өз мамандығын жан-

тәнімен сүюмен қатар оған адал болуы талап 

етіледі және жасаған емі ақ жүрегімен, жарқын 

мінезімен, жылы сөзімен де қатар жүруі тиіс.

жүректен құттықтаймын, –деді әкім 

орынбасары.

Әрине, әр жылы оза шауып, 

үздіктер қатарынан көрініп жүрген 

дәрігерлер қатары толығуда, биыл 

да отыз медицина саласының 

майталмандары үміткер атанып, 

солардың ішінен іріктелген он үші 

жоғарыдағы атаққа ие болды. Со­

нымен «Ең үздік хирург» аталымы 

бойынша Игорь Моловичко, «Ең 

үздік акушер­гинеколог» – Алек­

сандра Десятниченко, «Ең үздік 

терапевт» – Батима Аханова,  «Ең 

үздік басшы» – №4 емхана  дирек­

торы Арғын Бидайбаев атанды. 

Мұнан соң мақтау грамоталары 

өз иелерін тапты, атап айтқанда 

Л.Еликовая, Т.Артюховская, 

Е.Желудова, В.Мосин және 

орталық аурухана директоры 

С.Мартынов жұртшылық алдында 

мерейлі болды. Сонымен қатар 

бұл күні алғыс алғандардың да 

қатары көп болды, олар: №4 

емхана дәрігері Е.Попандопуло 

және осы емхана медбикесі 

С.Толстяная,   туберкулезге қарсы 

диспансер лаборант­бактериологы 

Р.Якимова, №2 емхана дәрігері 

Максим Пономарев.

Әрине, теміртаулық дәрігерлер 

өздерінің ерен еңбектерімен тек 

қаламызда ғана емес, облыс пен 

республикада да талай мәрте 

жоғары марапатқа ие болып 

келеді. мысалы, ұзақ жылдардан 

бері білікті хирург атанып, талай 

адамның өмірін құтқарған орталық 

аурухананың травматология 

бөлімінің меңгерушісі Валентина 

Морозова ҚР Денсаулық сақтау 

министрлігінің мақтау грамотасы­

мен марапатталды. Айта берсек, 

осындай майталман дәрігерлер 

мен кіші медицина қызметкерлері 

баршылық. 

Әрине, мереке сәні ән мен 

би, қаламыздағы «Вдохнове­

ние», «Алау», «Глория» секілді 

үлгілі ән­би ансамбльдерінің 

өнерпаздары жарқын нөмірлерімен 

жиналғандардың көңіл­күйлерін 

көтерді.

Р.ЖАҚЫПҚЫЗЫ

Бюджеттің орындалуы қаралды

Теміртау 

өндірісті қала, 

шаһарда мыңнан 

аса үлкенді-кішілі 

кәсіпорын және 

сонша шағын және 

орта бизнес нысан-

дары жұмыс істейді. 

Олардың бәрі де  

салық төлеушілер 

қатарында, 

сондықтан бо-

лар бюджетті 

толықтыру, 

белгіленген 

қаражатты 

қазынаға түсіру  

аса қиындық  

келтірген емес. 

Алайда биылғы  

–2014 жыл біршама 

кедергілерге тап 

болғалы тұр.

Мәселенің 

мәнісі жуырда 

өткен қалалық 

мәслихат сессия-

сында талқыланды. 

Былтырдың өзінде 

бюджеттің кірісі 

мен шығысы 

артығымен 

орындалған, қала 

қазынасы биыл  

біршама ортаятын 

түрі бар. Оның 

себебі не? шағын 

қала есебіне еніп, 

республикалық 

бюджеттен де 

қомақты қаржыға 

ие болып отырған 

қаламыз биыл 

бюджетті толтыра 

алмай қиналса, 

белгіленген ша-

ралар қалай 

орындалмақ?  

Бұл сауалдар 

билікті де, халық 

қалаулыларын да 

ойландырып отыр.

іздестіруде,  оның  бірі  жұмыс  орындарын  құру,  жаңа  нысандар  ашу  бо­

лып  табылады.    Жуырда  ғана  «Қарцемент»  өндірісінде    екі  жаңа  жүйе 

іске  қосылды,  бұған  115  адам  жұмысқа  қамтылады.  Мұның  сыртында 

«Теміртау кірпіші», «Алау­жалын», «Қазарматура»  өндірістерін  іске қосу, 

сөйтіп  тағы  да  екі  жүзге  жуық  жаңа  жұмыс  орнын  ашу  көзделіп  отыр.  

Жыл басынан бері қалада екі жүз елу жұмыс орны ашылған, бұл әрине 

Теміртаудай  180  мың  халқы  бар  қала  үшін  теңіздегі  тамшымен  бірдей. 

Сондықтан  шағын  және  орта  бизнес  нысандарын  көбейту  қажет.  Биыл 

оларға  300­дей  адамды  жаңа  жұмыс  орнымен  қамту  тапсырмасы  бар.

Егер бұл міндеттер орындалса қала бюджетіне бірқатар қосымша табыс 

түсері анық. Дегенмен бүгінгі күнгі ақиқат қала бюджеті жоғарыда аталған 

ірі  өндірістердің  кетуі салдарынан  бір жарым млрд. теңгедей қаражатты 

кем алуда. Ал біздің қаламыз қаражат жөнінен донорлардың қатарында, 

яғни  түскен  пайданың  бір  бөлігі  облысқа  беріледі.  Сондықтан  облыстық 

мәслихат бұл мәселені де саралап, ойластырып, Теміртаудың табысының 

біраз бөлігін осында қалдыруды шешсе, жағдайды аз да болса түзетуге 

болар еді. Қалай дегенде де биылғы жылға белгіленген кіріс­шығыс толық 

орындалуы керек. Олай болмаған жағдайда қала шаруашылығы зардап 

шегеді, сондықтан бұл мәселе тек қала билігін ғана емес, облысты да ой­

ландырар деп сенеміз.



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал