Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос. Абай



жүктеу 0.51 Mb.

бет3/5
Дата10.03.2017
өлшемі0.51 Mb.
1   2   3   4   5

Теміртаулықтар Григорий Григориади есімін ұмытқан жоқ. Ол қаламызға 

өткен ғасырдың 60-шы жылдары келді. ҰОС-на қатысқан ардагер 

денсаулығының кемдігіне қарамастан металлургтер шаһарының барлық 

мәдени-рухани өміріне белсене араласты. Ең бастысы өзінің қуатты да құнарлы 

жырларымен шапағатшы болды. Бірнеше кітаптары жарыққа шықты. 

тапқаны сондай қаладағы қоғамдық 

ұйымдар мен оны сүйіп оқитындар 

Григориади  отбасы  тұрған  Дими-

тров  көшесіндегі  №  86  үйдің  сыр-

тына  естелік  тақтайша  орнатқан. 

2  қараша  күні  ақынның  туғанына 

90  жыл  толуы  құрметіне  оның  та-

лантына  табынушылар  әлгі  үйдің 

қасына  жиналып,  еске  түсіріп,  зи-

рат  басына  барып  гүл  шоқтарын 

қойды. 


Ақын  тек  жыр  жазумен  ғана 

айналысқан  жоқ  өзіне  жас  кезінен 

серік  еткен  самолет  модельдерін 

жасауды  да  жалғастырып,  бұл 

өнерін 

жастарға 



жалықпай 

үйреткен.  Ол  бірнеше  жыл  бойы 

қалада  авиамодельшілер  үйір ме-

сіне жетекшілік етті.

Қалалық 

мұражайдың 

аға 

ғы лыми  қызметкері    Т.Хмелева 



ақынның  өмірі  мен  шығармалары 

жөнінде  аса  тартымды  әңгіме-

леді,  сонымен  бірге  қыздар 

гимназиясының  бірнеше  оқушысы 

ақынның  өлеңдерін  жатқа  айтып 

берді. Ал  кезінде етене араласып 

жырларынан  сусындаған  Рома-

шихина,  Фетько  сынды  ақындар  

ақынның  жалынды  жырларымен 

ұлағатты өмірінің кейбір сәттері ту-

ралы қызғылықты әңгімелеп берді. 

Г.Григориади 

шығармаларының 

бір нешеуін  қала мыз дың  танымал 

ақыны  Қасым  Ботанов  қазақшаға 

аударған  болатын.  Соның  бірі 

«Крылья» өлеңі ақын тәржімасында 

былай делінеді:

Албырт едім ұшу үшін жаралған,

Тоқсан жолдың торабына аттанып.

Қанатымның қауырсынын тарамдап,

Баптаудай-ақ баптадым.

Әлі күнге самғар едім биікте,

Көкке жұртты тамсандырып қаратып.

Қанатым жоқ, шәкірттерім іріктеп,

Алып кеткен таратып.

Өкінбеймін үзілмейді күдерім,

Жанды жеген арыламын күдіктен.

Түлеп ұшқан шәкірттердің біреуін,

Көре қалсам биіктен.

Иә  ақын  өзі  жазғандай  оның 

жырлары  биікке  сам ға ған  тың-

дау шыларының, 

шәкірт тері нің 

кө  кейінде,  аузында,  олай  болса 

ақынның өзі өлсе де оның жырлары 

Теміртау аспанында мәңгі қалықтап 

жүр. Мұражайдағы басқосу осыған 

айғақ.

Серікгүл АлтАйБАЕвА

Суретті түсірген:



Қарлығаш БЕйСЕнҚызы

Өнер


Бұл  жерде  үйірме  деуіміз 

тым  тар  ұғым.  Олардың  біразы 

әлдеқашан  шағын  дайындық  то-

бынан  асып  үлкен  өнер  ұжымына 

айналғанын  көріп  жүрміз.  Соның 

бірі қазақ балалары өнерпаздарын 

біріктіретін «Мирас» ансамблі. Оған 

қалаға  танымал  әнші  сазгер,  ҚР 

композиторлар  одағының  мүшесі, 

Абай,  Естай  әндерін  дәріптеуші 

Құралай Шәймерденова жетекшілік 

етеді.


– Біздің «Мирас» ансамблі биыл 

өзінің  отыз  үшінші  оқу  жылын  ба-

стап кетті. Бұл мерзімде бізде өнер 

баспалдағын  аттаған  ұл-қыздар 

оның биік шыңына да көтерілді. Бір 

«Мирас» ансамблі

«Мирас» ансамблі

отыз үшінші оқу жылын бастады



«Əлем» балалар мен 

жасөспірімдер орталығында 

мектептен тыс уақытта түрлі 

үйірмелер мен курстарға

қатары еліміздегі үлкен өнер сахна-

сынан көрініп жүр, ал біразы басқа 

саланы  таңдады.  Өткен  жылы 

ғана  мектеп  бітірген  3  оқушы  осы 

өнердің  жолын  қуып  жоғарғы  оқу 

орындарына түсті. Мәселен Қазбек 

Есмұрзаев,  Құралай  Нұғазадай 

Астанадағы  қазақ  ұлттық  өнер 

университеті  студенттері  атан-

ды.  Ал  әнші-домбырашы  Айза-

да  қызым  Қарағандыда  дизай-

нер  мамандығына  оқуда,  –  деген 

Құралай  Жүнісқызы  «Мирастың» 

бүгінгі  жағдайы  жөнінде  әңгімесін 

жалғастырды.

«Әлем» балалардың нағыз өнер 

орталығы  деуге  болады,  онда  әр 

ұл-қыз өзін болашақ тұлға ретінде, 

елдің  бір  кірпіші  боларлықтай 

дамытуға  мол  мүмкіндік  таба-

ды.  Биылғы  ұстаздар  мерекесі 

күні  осы  орталық  директоры  И.А. 

Тихомированың  қала  әкімінің  Ал-

тын  белгісіне  ие  болуы  мұндағы 

жұмыстың жоғарғы деңгейде екенін 

көрсетсе  керек.  Балаларға  қамқор 

бола  білген  үлкен  шаңырақтың  әр 

оқушысы  мектептен  тыс  уақытта 

өз  талантының  жаңа  қырын  ашып 

тәлім-тәрбие алады.

Ұлағатты ұстаз жетекшілік ететін 

«Мирас» ансамблінде қазір 30 бала 

бар,  олар  2  топ  бойынша  апта 

сайын  дайындалып  қазақтың  дом-

быра  өнеріне  және  қазақ  әндерін 

нақышына 

келтіре 


орындауға 

машықтанып жүр. Бір айта кетерлігі 

қазақ  ұл-қыздары  қатысатын  бұл 

өнер ұжымы «Әлемдегі» ең көп ба-

ланы қамтыған ансамбль. Орындау 

шеберліктері  де  жоғары.  Соның 

бір  айғағы  ретінде  ансамбльдің 

«М  –  steil»  деп  аталатын  4  ұлдан 

құралған квартеті осындағы мақтау 

тақтасына ілінген. 

Сол сияқты № 5 орта мектептің 

6 сынып оқушысы Қуат Мәнібеков, 

3  сынып  оқушысы  Назар  Нури-

ден,  №  8  орта  мектептің  9  сы-

нып  оқушысы  Гүлзат  Есмұрзаева 

сияқты  әншілер  мен  №  15  мектеп 

гимназия  оқушылары  Ерсұлтан 

Ділдәбек,  Еркін  Таңатар  дом бы-

ра ның  құлағында  ойнап,  күйді 

төгілте  тартып  тыңдаушылардың 

шын  ықыласына  бөленіп  жүр. 

Олар дың  әрқайсысы  жөнінде  ан-

самбль  жетекшісі  болашақ  сахна 

жұлдыздары  ретінде  жалықпай 

әңгімелеп  беруге  әзір.  Өнерді 

құрметтейтін  өзінің  бойындағы 

талантын  жас  ұрпаққа  үйретуге 

асығатын  ұстаз  алдынан  өткен 

оқушылар  өнердің  бағасын  біліп, 

оны  үнемі  жалғастыратыны  сөзсіз. 

Өйткені  нағыз  баланың  бағын 

баптаған  ұстаз  ғана  осылайша 

бір  ғана  шағын  өнер  ұжымын 

отыз  жылдан  артық    тәрбиелеп, 

дамытып  металлургтер  қаласы 

шығармашылығының  бір  тармағы 

ретінде жалғастыра беретіні сөзсіз. 

Отыз  үшінші  оқу  жылын  бас та-

ған  «Мирасқа»,  оның    тамаша 

жетекшісі  Құралай  Жүнісқызына 

және  өнерпаз  ұландарға  толағай 

табыс тілейміз.



Өз тілшімізден

қызығушылыққа байланысты дайындықтарға 

қатысуға мол мүмкіндік жасалған. Қазір бұл өнер 

ордасында елуден аса үйірме жұмыс істейді.

Жәдігерлер мұражайға қайдан келеді? Туған туыс, таныстарды, 

жақын  ауылдарды аралап іздеу жұмысы барысында жиналады. Көбіне 

қала тұрғындары өздері мұражайға ата – әжемнің көзі, отбасымның 

тарихы, тастауға дәтім бармайды деп әкеліп тапсырып жатады. Әрине, 

бұлар кез келген, қолға түскен заттар емес, негізінде  үлкен бір тарихтың, 

болмаса отбасының күнделікті күйбең тіршілігінің үнсіз куәгері болған 

ерекше заттар. Атадан балаға жеткізіліп отырған асыл мұра. Ал кейбір 

жәдігерлер нақты бір кезеңді, болмаса елдің экономикалық, әлеуметтік 

жағдайын сипаттауымен маңызды. Осындай өзіндік ерекшелігі мен 

тарихи оқиғаға толы ғасырлар пернесінен сыр шертетін,  мұражайлық 

құндылықтардың кейбіреуіне тоқталайық. 

1986  жылы  Теміртау  қаласының  тұрғыны  М.А.Оспановадан  топсалы 

білезіктер келіп түсті.Ол кісінің айтуынша, бұл білезіктер Орынбор облы-

сында тұрған арғы әжесі Қуаншалеева Бөпежандікі көрінеді. Шамамен XVIII 

ғ.  соңы, XIX ғ. басында бес күміс тиыннан соқтырылған. Орындалу тәсілі 

жа ғы нан Батыс және Оңтүстік Қазақстан аймақтарында көптеп кездесетін 

әшекейлерге жақын. Конструкциялық негізі көлемді келетін геометриялық 

фигуралардан  (соқпақ,  шеңбер,  үш  бұрыш,  шаршы,  тік  бұрыш  т.б.) 

тұрады. Геометриялық стильде жасалғандықтан ежелгі ғұндар дәуіріндегі 

зергерлік  бұйымдармен  ұқсастығы  айқын  анықталады.  Білезіктің  үстіңгі 

беті мүсіндік нұсқада өсіңкі жасалған және қоңыр  көзі бар. Бұл қоңыр тас 

ақық тас (сердолик) аталады. Ол асыл тастарға жатады. Асыл тастардың 

айрықша  қасиеттілігі  туралы  ұғым  Шығыс  халықтарының  бәріне  кең 

тараған. Асыл тастардың емдік және киелілік қасиеттерін сөз ететін ежелгі 

және  орта  ғасырдағы  минерологиялық  трактаттар  біздің  заманымызға 

дейін келіп жеткен. Бұған дәлел келтіретін болсақ, бұдан мың жыл бұрын 

жазылған «Дәрі-дәрмек қазынасында «ақық тас» жүректің толқуын басып, 

дұшпаныңа сұсты болуыңа игі әсерін тигізеді... Егер жаныңда ақық барда 

жаңа туған айды көрсең, келесі айда бақытқа, сәттілікке кенелетіндігіңнің 

белгісі», - деп айқын анықтама береді. Ақық әшекейдің сәндігі үшін ғана 

емес, оны тақса көз-сұқтан да сақтайды деп түсінген. Білезікті зерттей келе 

жергілікті айырмашылық белгілерінің нышанын, иесінің кім екенін (бай, ке-

дей), жас мөлшерін  көруге болады. 

Жақын  арада  қала  тұрғыны  Михайлов  С.  поляк,  неміс  тіліндегі  көне 

діни кітаптарды мұражайға сыйға тартты. 1881, 1898 жж. басылып шыққан, 

сырты ағашпен қапталған, өрттен аман қалған бұл кітаптардың тарихын 

зерттеу ендігі ретте мұражай ғылыми қызметкерлерінің міндеті. 



Құрметті  оқырмандар!  Сіздерге  айтарымыз,  көненің  көзі  – 

ескіден келе жатқан  заттарыңыз  бар  болса, мұражайға өткізу лер-

іңізге  болады.   Зат туралы толығырақ  мəлімет те қажет. Сіздер 

осы  істеріңізбен  халқымыздың,  қаламыздың,  еліміздің    тарихы 

мен мəдениетін  сақтауға  көмектесесіздер,  оған өз үлестеріңізді 

қосасыздар. 

л. АлИКЕЕвА,

мұражайдың бас қор сақтаушысы

Көненің көзін  қастерлеп



Қ

қ

№ 44 (154) 7 қараша 2014 жыл



7

Тарих толқыны

Зерттеу

Ер Едіге мен тоқтамыс хан

Алтын  Орда  ХІІІ  –  ХІУ 

ғасырларда Ертіс пен Дон өзендері, 

Қазан  мен  Хорезм  қалалары 

аралығындағы ұланғайыр аймақты 

алып жатқан ірі мемлекет болғаны 

тарихтан  белгілі.  Дүние  жүзіне 

аты  әйгілі  Шыңғыс  ұрпағы  Бату 

хан  құрған  Алтын  Орда  мемлекеті 

ХІУ  ғасырдың  екінші  жартысында 

тоқырауға ұшырайды. 

Жәнібек  хан  қайтыс  болғаннан 

кейін  Алтын  Орда  мемлекетінің 

саяси  өмірінде  шиеленіскен  қиын 

жағдай  қалыптасты.  Билік  басына 

келгендердің  Алтын  Ордадай  кең 

көлемді алып мемлекетті басқаруға 

ақыл-ой, парасаты жетпегендіктен, 

ел ішінен ыдырай бастады. Хандар 

жиі ауысты. 

ХІҮ  ғасырдың  аяғында  Едіге 

он  бес  жылдай  (1396-1411  жыл-

дар) Алтын Ордадағы бүкіл билікті 

өз  қолында  ұстады.  Өз  қолымен 

қойған  хандар  арқылы  мемлекетті 

басқара отырып, «Ұлы Әмір» (Әмир 

әл-умара) атағы бар Едігенің билігі 

зор болған және көрші ұлыстардың 

өміріне айтарлықтай ықпал еткен. 

Алтын 


Ордадан 

кейін 


бөлектенген  бірқатар  иеліктерде 

– 

Астархан, 



Қырым, 

Қазан 


хандықтарында  кезінде  Шыңғыс 

ұрпақтарынан  біреуін  хан  көтеру 

үшін  Едігенің  келісімі  алына-

тын  дәстүр  болған.  Атынан 

әлем 

үрейленген 



Шыңғыстың 

ұрпақтарына  осынша  ықпал  ете 

алған Едіге кім еді?

Едіге  туралы  Арабшах,  Әл-

Айни,  Әбілғазы,  Қадырғали  Жа-

лайри  жазбаларында  деректер 

келтірілген.  Сонау  түстіктегі  Шам 

мен  Меккені  билеген  мұсылман 

сұлтандары 

мен 


олардың 

мұрагерлері  түгел  мойындаған, 

ерлігі  жөнінде  «Ер  Едіге»  жыры 

жазылған  Едіге  (1352-1419  жыл-

дары  өмір  кешкен)  –  Оңтүстік 

Қазақстандағы 

көне 

Құмкент 


қаласы  билеушісінің  баласы.  Ол 

ерен  сайыпқыран  ержүректілігінің 

арқасында  әмірлікке  қол  жеткізеді. 

Аты  аңызға  айналған  тарихи 

тұлғаның  ата-тегі  маңғыт  тай-

пасынан  шығады.  Едігенің  есімі 

тарих  сахнасына  Алтын  Орда 

ханы  Тоқтамыс  және  әлемге 

қатыгездігімен  аты  шыққан  Әмір 

Темірмен қатар шығады. 

Енді  Ер  Едіге  қатысқан  тарихи 

оқиғаларға тоқталсақ.

Әмір Темір бұл кезде айбынды 

Алтын  Орданың  әлсіреген  кезін 

пайдаланып,  оның  басшылығына 

өз адамын қойып, өзіне бағынышты 

мемлекет  жасауға  жұмыстанады. 

л қамқоры 

діге

Бұл даланы жат көздерден қызғанған,

Ірілерден өшпейтұғын із қалған.

едіге мен тоқтамыстай тарландар,

Ұлытауға табан тіреп көз жұмған.

                                                  Н.Домбай

Мәдени жорыққа қатысушылар қасиетті Ұлытаудың жүлгеленіп жатқан жо-

таларын тамашалап, кеудеңді ашар саф ауасын құмарлана жұтып, бойымызға 

ерекше қуат алғандай сезіммен Едіге тауына жеттік. 

Етектен көтеріліп, екі сағаттай жүріп, тау басына да шықтық. Əмір Едіге 

мен Тоқтамыс хан рухтарына дұға арнадық. Тау басына жерленген қос тарихи 

қайраткерге қатарластыра орналастырған ескерткіш тастарға әрқайсысының 

деректері жазылыпты. 

Ой үстінде отырмыз. Заманында бір-бірімен жауласып өткен екі тұлғаның бір 

жерге жерленуі ақылымызға қонбай қойды. Бұнда қандай құпия бар?

Тарихтың жазуында Тоқтамыс Едігенің әкесін (бір деректе ағасын) өлтіреді, 

Едіге Тоқтамысты өлтіреді. Тоқтамыстың ұлы Қадірберді Едігені өлтіреді. 

Келесі кезек кімдікі еді? Екеуінің де артында ұрпақтары қалған. Қанды кек 

қашанға созылмақ? Бұл сұрақтардың жауабын тарихи деректерден іздеп көруді 

ұйғардық.

Е

«Іздегенге  –  сұраған»  дегендей, 



осы кезде Ақ Орданың Орыс ханы 

әкесін  өлтіртіп,  өзіне  қауіп  төнген 

Тоқтамыс  (Шыңғыс  хан  тұқымы) 

Әмір  Темірге  келіп  паналайды. 

Мақсатына  жету  үшін  Әмір  Темір 

хан  тұқымы  Тоқтамысқа  әскер 

беріп, Ақ Орданы, кейін Алтын Ор-

даны  басып  алуға  жағдай  жасай-

ды.  Бұл  күресте  сан  рет  жеңіліп, 

жолы  болмаған  Тоқтамыс,  Әмір 

Темірдің  әлденеше  рет  үстемелеп 

берген  әскери  күшінің  арқасында 

1380  жылы  Алтын  Орда  тағына 

отырып,  мемлекетті  1395  жылдың 

көктеміне дейін басқарады. Ол Ал-

тын Орданың ішкі қайшылықтарын 

тәртіпке  келтіреді,  тұрақты  салық 

төлеуін  тоқтатқан  Ресей  княздерін 

күшпен  көндіреді.  Бұл  кезде  Ал-

тын  Орданың  қарулы  күштерінің 

бас қолбасшысы, Тоқтамыс ханның 

оң  қолы  Ер  Едіге  болатын.  Едіге 

жас  кезінде  Тоқтамысты  өлімнен 

құтқарған,  серттескен  достар  бо-

лыпты.  (Орынбай  Жанайдаров 

«Тоқтамыс  хан»    Аруна  баспасы 

2008ж).

Өз  қолымен  Алтын  Орда 



тағына  отырғызған  Тоқтамыстың 

қамқоршысымен 

ақылдаспауы, 

соғыстан 

түскен 

байлықпен 



бөліспеуі,  тіпті  Сырдариядағы 

Сығанақ  қаласы  маңында  1389 

жылы өзіне шабуыл ұйымдастыруы 

Әмір  Темірді  қатты  ашындырады. 

Нәтижесінде  Әмір  Темір  Тоқтамыс 

басқарып отырған Алтын Ордаға 3 

рет (1389, 1391 және 1395 жылдар) 

шабуыл  жасайды.  Үш  жорықта  да 

Тоқтамыс жеңіліс табады. 

Сөйтіп,  билік  пен  байлыққа 

таласқан Әмір Темір мен Тоқтамыс 

хан арасындағы соғыс мемлекеттің 

жәй  жатқан  қарапайым  халқына 

аса ауыр зардабын тигізді. Әсіресе, 

Әмір  Темірдің  соңғы  1395  жылғы 

шабуылы  елді  тұралатып  кетті. 

Әмірдің бұйрығымен әскерлері елді 

тонады, жазықсыз халықты қырды, 

қала,  елдімекендерді  өртеді,  бар 

қазынаны олжалады, халықтың жа-

рамды бөлігі құлдыққа айдалды. 

Әмір  Темірдің  соғыс  тарихын 

жазушы  жылнамашысы  өзінің 

«Сапарнамасында»  бұл  жорығы 

жөнінде  былай  деп  жазыпты:  «...

Әзіреті  сайыпқыран  Әмір  Темір 

Қажы  Тархан  (Астархань)  маңына 

жеткенде  әскерін  екіге  бөліп, 

бірін  Сарай  (Берке  сарайы)  жаққа 

жөнелтті.  Өзі  таң  сәріде  таңдаулы 

шағын  атты  топпен  Қажы  Тар-

хан  жаққа  бет  алды.  Ол  жерде 

жанды  да,  жансыз  заттардың 

бәрін  тонады.  Сол  аймақтың  әкімі 

Мұхаммедиді  мұз  қатқан  судың 

астына батырып жіберді. Жеңімпаз 

әскері Еділ өзенінің мұз қатқан су-

ынан өтіп, Сарай қаласын жаулап, 

өртке  орады.  Далалықтарды  мал-

дарымен  қоса  талан-таражға  сал-

ды. Сарайды ойрандады, қаланың 

тас-талқаны шықты».     (Ислам Же-

меней «Әмір Темірдің әмірі әлемге 

әсерін  тигізді  ме?      «Ақиқат»    №9 

2014 ж) 

Әмір  Темір  Алтын  Орданы 

түпкілікті тұралату мақсатымен эко-

номикасын  талқандады.  Ол  үшін 

Жібек  Жолы  сауда  керуендерін 

қабылдап,  оларға  қызмет  көрсетіп 

тұрған  ірі  сауда  орталықтары  – 

Берке Сарайы, Қажы Тархан, Кафа, 

Азау қалаларын  тонады, талқандап 

өртеді,  халқын  елсіз  далаға  айдап 

салды.  Осы  қырғынды  көре  тұра 

Едіге  халқына  еш  көмек  істей  ал-

мады.  Өйткені,  атақ  пен  билікке 

құмар, 


дүниеқоңыз, 

қанқұмар 

қорқауларды  бір-бірімен  татула-

стыру  мүмкін  емес  болатын.  Си-

васта  4  мың  тұрғындарды  тірілей 

көмдірген, 1387 жылы Исфаханда, 

дұшпандарына  үрей  туғызу  үшін 

70  мың  тұрғынның  әдейі  баста-

рын  шаптырып,  одан  биік  мұнара 

тұрғыздырған 

қанқұмар 

Әмір 


Темірден  жауыздықтан  өзге  не 

күтуге болар еді?!

Тоқтамыс  бұл  жорықтан  да 

аман  қашып құтылады. 



Едігенің елді аман алып қалуы

Кешегі  Алтын  Орданың  салта-

натты  өмірі  жұлынған  гүлдей  сол-

ды, дала мен қала қансырап жатты. 

Қырғыннан  тірі  қалғандардың  да 

тіршілік ету мүмкіндігі өте аз еді. 

Шаруашылығы тұралаған, азық-

түлік қоры жоқ, аштыққа ұшыраған 

Алтын Орда халқын Ер Едіге ажал-

дан  арашалап  қалды.  Аштыққа 

ұшыраған елді тығырықтан шығару 

үшін  Едіге  елде  асыл  тастар  мен 

күміс  өндірісін  жолға  қойып,  олар-

ды көрші елдерден азық-түлікке ай-

ырбастайды.  Халыққа  егін  ектірді, 

малын  өсіртті,  балық  аулатты. 

Соғыста қаза болғандардың жетім-

жесірлерін, асыраушысы жоқтарды 

мемлекет қамқорлығына алды. Осы 

жанкешті ісі үшін халқы Ер Едігені, 

оның  ерлігін  тірі  кезінде-ақ  аңызға 

айналдырып,  «Ел  қамын  жеген 

Едіге» деп атаған. Сөйтіп, халқына 

шын  беріле  еткен  еңбегі  еш  кет-

кен  жоқ,  Едігені  халқы  қолдады, 

көпшілік  болып,  ауызбіршілікпен 

Алтын Орданың күйреген керегесін 

көтерісті,  тіршілік  қалыпқа  келді. 

Нәтижесінде  Ер  Едіге  Алтын 

Орда  елінің  тіршілік  ету  жағдайын 

қамтамасыз  етеді,  өз  қолынан 

қойған  хандар  арқылы  мемлекетті 

он  бес  (1395-1411  жж)  жылдай 

басқарады. 



Борсықтыдағы Едігенің 

теңдессіз ерлігі

Әмір  Темірдің  жойқын  шабу-

ылынан  аман  қашып  құтылған 

Тоқтамыс  қарап  жатпады.  Еңсесін 

жаңа ғана көтеріп, бейбіт еңбекпен 

айналып  жатқан  Алтын  Орданың 

тағын  тартып  алу  үшін  Тоқтамыс 

1398  жылы  қазан  айында  шабу-

ыл  жасайды.  Бұл  жолғы  соғыс 

мүлде  мағынасыз  еді  деп  жазады 

О.Жанайдаров  өзінің  «Тоқтамыс 

хан» еңбегінде, өйткені екі жақтың 

да әскерлерінде өзара ағайындар, 

құда-жекжаттар болатын. Тоқтамыс 

жеңіліп,  Литва  князіне  қашады. 

Литва князі Витовт Алтын Орданың 

әлсіреген  кезін  пайдаланып,  оның 

билігіне  өзі  ие  болу  мақсатымен 

Тоқтамысқа  «көмектесуге»  уәде 

етеді.  Сол  мақсатпен  Витовт  өз 

әскері,  Польша  мен  Батыс  орыс 

княздері  әскерлерінің,  оған  Тев-

тон  ордені  рыцарларының  басын 

қосып,  1399  жылы  Едігеге  қарсы 

жорыққа  шығады.  Борсықты  өзені 

жағасында өткен бұл соғыста Едіге 

батыр  әскерінің  Витовт  қолын 

талқандағанын тарихтан білеміз. 

Едіге  қолының  бұл  жолғы 

жеңісінің тарихи мәні туралы тарих-

шы Б. Нұғыманов  («Едіге» Егемен 

Қазақстан 29 қаңтар 2003 ж) жеткізе 

жазған:

«Едіге  әскерінің  жеңісі  та-



рихи  мәні  зор  үлкен  оқиға 

болды.  Соғыс  тәңірісі  болып 

есептелетін  зеңбіріктері  бар,  оқ-

дәрілі  мылтықтары  бар,  өз  за-

манына  сай  мұздай  қаруланған, 

жауынгерлерінің  саны  жағынан  да 

олқы емес, «жеңімпаз» деп атала-

тын  Еуропаның  біріккен  жасағын 

жалаң  қылыш,  сабау  сап  найза, 

қолшоқпармен  ғана  қаруланған 

Едіге  жасақтарының  күлталқан 

етіп  жеңуі  адам  айтса  нанғысыз 

нағыз  қаһармандық  болды.  Бұл 

әскери  қолбасшының  асқан  айла-

кер  де  тапқыр,  тамаша  талантты 

адам екеніне куә. Қазақ тарихының 

шежіресіндегі  бұл  бір  белес. 

Өйткені Едігенің жеңісі Еуропадағы 

тепе-теңдікті 

сақтап 


қалды. 

Екіншіден, түріктектес халықтардың 

болашағын айқындады»-депті.

Едіге – ноғай Ордасын 

құрушы

Едіге  қанша  күш  жұмсаса  да, 

Алтын  Орданың  экономикасын 

тік  көтере  алмады,  оның  үстіне 

жаугершіліктен,  керуен сарай лар-

дың  қиратылып,  өртелуінен  Жібек 

жолы  сауда  керуендері  жүрісі 

тоқтады.  Едіге  халықты  аштықтан 

ғана  құтқарып  қала  алды.  Алтын 

Орданың  бұрынғы  мемлекеттік 

қуатына  келуіне  мүмкіндік  жоқ  еді. 

Осындай  себептерден  бір  кезгі 

ірі  де  қуатты  мемлекет  ыдырап, 

оның  аумағындағы  Қырым,  Астар-

хан,  Қазан  хандықтары  бөлініп 

шығады.  Олардан  кейін,  Едігенің 

бастауымен Жайық пен Еділ дари-

ялары  аралығында  Ноғай  Ордасы 

мемлекеті бой көтереді. 

Ноғай  Ордасы  ХІУ  ғасырдың 

соңына  қарай  Алтын  Ордадан 

бөлектене  бастайды  да,  Әмір 

Едіге  тұсында  мемлекет  ретінде 

қалыптасуы  жалғасып,  оның  ұлы 

Нұреддиннің  кезінде  (1426-1440 

жж)  аяқталады-делінген  тарих-

та.  Ноғай  Ордасы  мемлекетінің 

орталығы  Жайық  өзенінің  төменгі 

ағысындағы  Сарайшық  қаласы 

болыпты. 

Ноғайлар 

оңтүс тік-

шығы сында  Каспий  мен  Арал 

теңіздері  өңірі,  солтүстік  шығы-

сын да  Батыс  Сібір  ойпаты,  Түмен 

қаласына  дейін,  солтүстік  баты-

сында  Қазанға  дейінгі  аумақты 

иеленген.  Ордада  саны  жөнінен 

үстем  тайпа  маңғыттар  болған. 

Халқының құрамына маңғыттармен 

бірге 

қоңырат, 



найман,қаңлы, 

алшын,қыпшақ,кеңгерес, 

қарлұқ 

және  өзге  де  тайпа  рулардың 



бөліктері енген.

Бұлардың  бәрі  Орта  Азия 

мен  Қазақстанның  кең  аумағына 

ХІІІ  ғасырға  дейінгі  буырқанған 

оқиғалар(шығыстан  батысқа  орын 

ауыстыру, 

кейін 

қыпшақ-оғыз 



қырқысы, оған жалғасатын Шыңғыс 

хан  шабуылы)  бытыратып,  ара-

ластырып  жіберген  түрік  және 

түркітілдес  тайпалар  мен  рулар 

болатын.  Алтын  Орданың  қираған 

тамтығынан  жиналған  Ноғай  Ор-

дасын  мекендеген  тайпалар  қазақ 

халқы  қалыптасуының  күрделі 

процесіне тікелей қатысты. 

Тұрғындар негізінен мал өсіріп, 

оларын көрші елдерге сатумен ай-

налысты.  Ноғай  Ордасы  дербес 

мемлекет болысымен бір кезгі Ал-

тын  Орданың  байлық  көзі  болған 

сауда  керуен  жолын  жолға  қойды. 

Бастапқыда  Ресей,  Хиуа,  Хорезм 

сияқты  жақые  елдерге  шықса, 

уақыт  өте  алыс  шетелдерге  де 

керуендер  жүргізген.  Ұлы  Жібек 

жолы  бойындағы  «Ноғай  жолы» 

деген  атау  осы  кезде  шықса  ке-

рек.  Кезінде  Ресей,  Қырым,  Орта 

Азия  мемлекеттері  де  санасқан 

Ноғай  Ордасын  Ер  Едігенің 

ұрпағы 

Нұреддин-Охас-Мұса-



Жаңбыршылар  басқарып,  эконо-

микасын  дамытты,  қуатты  күшке 

айналдырды. 

Кезінде,  ХІІІ-ХІУ  ғасырлардағы 

шығыстың 

сәулет 


өнерінің 

соңғы 


жетістігімен 

салынған 

Сарайшықтағы 

Хан 


Ордасы, 

ондағы 


сән-салтанаты 

асқан 


ғимараттар 

талқандалды. 

Ер 

Едіге  негізін  қалаған  Ноғай  Ор-



дасы  мемлекеті,  дәлірегі  Үлкен 

Ноғай  Ордасы  ,  оның  астанасы 

болған 

Сарайшық 



қаласының 

талқандалып  тоналуымен  1573 

жылы  өмір  сүруін  тоқтатты.  Еділ 

өзенінің  батыс  бетінде  қалған 

Ноғайлы халқының қалдығы бүгінгі 

күні  Ресейдің  құрамында  Ставро-

поль  өлкесінде,  Дағыстан  жерінде 

және Чечен-Ингушта өмір кешуде. 




1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал